Араб монархтарының басқа араб мемлекеттерімен қарым-қатынасы. АҚШ-тың араб әлеміне ықпалының даму тенденциясы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау: Америка Құрама Штаттарының әскери
қозғалыстарын қолдаушылар

1.1 ХХ ғаырдың 80.90.шы жылдардағы Парсы
шығанағындағы соғыстардағы АҚШ.тың ролі ... 8
1.2 Парсы шығанағындағы қауіпсіздік мәселесі ... ..24

ІІ тарау: АҚШ.тың әскери қозғалыстарына сын айтушылар

2.1 Таяу Шығыстағы ислам мәселесі ... ... ... ... ... ... 32
2.2 Араб мемлекеттерінің ішкі саясатындағы мұнай
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі ... ... ... ... 50
Аталмыш дипломдық жұмыстың өзектілігі – Ирактағы АҚШ-тың қаруланған әскерлеріне араб монархтарының көзқарасы. Әлемдегі мұнай қорының 80 пайызы орналдасқан аймақ арабтардың ертеден мекендеген аумағы еді. Ұзақ жылдар бойы Батыс Еуропа мемлекеттерінің езгісінде болған арабтар Батысқа деген өкпе мен кек сақтап қалды. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін отар болған арабтар біртіндеп тәуелсіздігін ала бастады. Осы кезде Британдық үлгідегі билік, яғни, жергілікті халықты көсемші топқа иек артып, билеу және батыстық үлгідегі карольдік монархияны одан әрі қолдау, немесе панарабистік және исламистік радикализм бағытын таңдау мүмкіндігіне ие болған арабтар көбінесе, панарабистік (либералды демократия) бағытты ұстанды. Бір бөлігі монарх билігін сақтап қалды. Араб монархтары байлықтың көзін аша отырып, нұр үстіне нұр дегендей, жер астындағы мұнайды экспорттау арқылы байлыққа кенеле түсуі принцтерін (балаларын) батыс мемлекеттеріне оқуға жіберіп, экономиканы батыстық үлгіде дамытады. Иран-Ирак соғысы жылдарында Ирактың Кувейтке қарсы экспанциясында өздерінің биліктерін сақтап қалу мақсатында батыс мемлекеттерінің геосаяси мақсаттарына қарамастан, олардың әскери көмегіне жүгінген болатын. Исламистік революцияның таралуына және Ирактың панарабистік идеологияға негізделген агрессияшыл Иракқа қаросы шығу үшін Парсы шығанағындағы серіктестік кеңесі құрылды. Бірақ, аталмыш кеңестің мүшелері біржақты саясат ұстанбады. Сол себепті де, оның әскери блогі ретінде қарастырылса да айтарлықтай әскери күшке ие болмады. Қару-жарақ сатумен және әскери көмек көрсетуге дайындығымен, көзге түскен АҚШ-тан батыс монархтары жәрдем сұрады.
1. Олимпиев А.Ю. Ближний и Средний восток.– М., 2004.
2. АлександровА.А.Монархииперсидского залива: этап модернизации. – М., 2000.
3. Алиев С.М. Нефть и общественно-политическое 1. Олимпиев А.Ю. Ближний и Средний восток.– М., 2004.
2. АлександровА.А.Монархииперсидского залива: этап модернизации. – М., 2000.
3. Алиев С.М. Нефть и общественно-политическое развите Ирана в XX веке. –М., 1985.
4. Аль- Масри М.К. Между урегулирование и капитуляцией // Египетские записки. – № 1. – Бейрут, 1974.
5. Ал-Мурхидж Бассам М.В. ООН и кризис миротворчества в Арабском заливе. – М., 1998.
6. Аль- Рафии М.А. Проблема безопасности Персидского залива и образивание Совета сотрудничества арабских государств Персидского залива.
7. Беляев И.П., Примаков Е.М. Египет: время президента Насера.– М., 1974.
8.Ближний Восток: проблемы региональной безопасности. – М., 2000.
9. Бодянский В.Л. Современный Кувейт: Справочник. – М., 1971.
10. Валькова Л.В.Саудовская Аравия. Нефть, ислам, политика. – М., 1987.
11. Движение неприсоединения в документах и материалах. – М., 1979.
12. История Ирана. – М., 1977.
13. Кузьмин В.И. К вопросу о модели региональной базопасности на Ближнем Востоке. – М., 2003.
14. Маликов Б. Совет сотрудничества арабских государств персидского залива. – М., 1994.
15. Малышева Д.Б. Религиозный фактор в вооруженных конфликтах современности. – М., 1991.
16.Маркарян Р.В. Зона Персидского залива. Проблемы,перспективы. – М., 1986.
17. Медведко Л.И. Ветры перемен в Персидском заливе. – М., 1973.
18. Медведко Л.И.К востоку и западу от Суэца. – М., 1980.
19. Медведко Л.И. Этот Ближний бурлящий Восток. – М., 1985.
20. Международные отношения на Ближнем и Среднем Востоке на рубеже 80-90-х г.г. – М., 1992.
21. Новые тенденции в международных отношениях в Азии. – М., 2002.
22. Перес Шимон. Новый Ближний Восток. – М., Прогресс, 1994.
23. Примаков Е.М. Восток после краха колониальной системі. – М., 1982.
24. Рейган Р. Жизнь по-американский. – М., Новости, 1992.
25. Саудовская Аравия: история, цивилизация и развитие // Эр-Рияд, министерство информации, 1989.
26. Слинкин М.М. Ирано-иракская война 1980-1988 г.г: борьба на море. – Симферополь, 2001.
27. Континент. – А.
28. Тимохин П.П. Военно-силовая политика США. – М.:Воениздат,1987.
развите Ирана в XX веке. –М., 1985.
4. Аль- Масри М.К. Между урегулирование и капитуляцией // Египетские записки. – № 1. – Бейрут, 1974.
5. Ал-Мурхидж Бассам М.В. ООН и кризис миротворчества в Арабском заливе. – М., 1998.
6. Аль- Рафии М.А. Проблема безопасности Персидского залива и образивание Совета сотрудничества арабских государств Персидского залива.
7. Беляев И.П., Примаков Е.М. Египет: время президента Насера.– М., 1974.
8.Ближний Восток: проблемы региональной безопасности. – М., 2000.
9. Бодянский В.Л. Современный Кувейт: Справочник. – М., 1971.
10. Валькова Л.В.Саудовская Аравия. Нефть, ислам, политика. – М., 1987.
11. Движение неприсоединения в документах и материалах. – М., 1979.
12. История Ирана. – М., 1977.
13. Кузьмин В.И. К вопросу о модели региональной базопасности на Ближнем Востоке. – М., 2003.
14. Маликов Б. Совет сотрудничества арабских государств персидского залива. – М., 1994.
15. Малышева Д.Б. Религиозный фактор в вооруженных конфликтах современности. – М., 1991.
16.Маркарян Р.В. Зона Персидского залива. Проблемы,перспективы. – М., 1986.
17. Медведко Л.И. Ветры перемен в Персидском заливе. – М., 1973.
18. Медведко Л.И.К востоку и западу от Суэца. – М., 1980.
19. Медведко Л.И. Этот Ближний бурлящий Восток. – М., 1985.
20. Международные отношения на Ближнем и Среднем Востоке на рубеже 80-90-х г.г. – М., 1992.
21. Новые тенденции в международных отношениях в Азии. – М., 2002.
22. Перес Шимон. Новый Ближний Восток. – М., Прогресс, 1994.
23. Примаков Е.М. Восток после краха колониальной системі. – М., 1982.
24. Рейган Р. Жизнь по-американский. – М., Новости, 1992.
25. Саудовская Аравия: история, цивилизация и развитие // Эр-Рияд, министерство информации, 1989.
26. Слинкин М.М. Ирано-иракская война 1980-1988 г.г: борьба на море. – Симферополь, 2001.
27. Континент. – А.
28. Тимохин П.П. Военно-силовая политика США. – М.:Воениздат,1987.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І тарау: Америка Құрама Штаттарының әскери
қозғалыстарын қолдаушылар

1.1 ХХ ғаырдың 80-90-шы жылдардағы Парсы
шығанағындағы соғыстардағы АҚШ-тың ролі ... 8
1.2 Парсы шығанағындағы қауіпсіздік мәселесі ... ..24

ІІ тарау: АҚШ-тың әскери қозғалыстарына сын айтушылар

2.1 Таяу Шығыстағы ислам мәселесі ... ... ... ... ... ... 32
2.2 Араб мемлекеттерінің ішкі саясатындағы мұнай

мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 45
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі ... ... ... ... 50

Кіріспе

Аталмыш дипломдық жұмыстың өзектілігі – Ирактағы АҚШ-тың қаруланған
әскерлеріне араб монархтарының көзқарасы. Әлемдегі мұнай қорының 80 пайызы
орналдасқан аймақ арабтардың ертеден мекендеген аумағы еді. Ұзақ жылдар
бойы Батыс Еуропа мемлекеттерінің езгісінде болған арабтар Батысқа деген
өкпе мен кек сақтап қалды. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін
отар болған арабтар біртіндеп тәуелсіздігін ала бастады. Осы кезде
Британдық үлгідегі билік, яғни, жергілікті халықты көсемші топқа иек артып,
билеу және батыстық үлгідегі карольдік монархияны одан әрі қолдау, немесе
панарабистік және исламистік радикализм бағытын таңдау мүмкіндігіне ие
болған арабтар көбінесе, панарабистік (либералды демократия) бағытты
ұстанды. Бір бөлігі монарх билігін сақтап қалды. Араб монархтары байлықтың
көзін аша отырып, нұр үстіне нұр дегендей, жер астындағы мұнайды экспорттау
арқылы байлыққа кенеле түсуі принцтерін (балаларын) батыс мемлекеттеріне
оқуға жіберіп, экономиканы батыстық үлгіде дамытады. Иран-Ирак соғысы
жылдарында Ирактың Кувейтке қарсы экспанциясында өздерінің биліктерін
сақтап қалу мақсатында батыс мемлекеттерінің геосаяси мақсаттарына
қарамастан, олардың әскери көмегіне жүгінген болатын. Исламистік
революцияның таралуына және Ирактың панарабистік идеологияға негізделген
агрессияшыл Иракқа қаросы шығу үшін Парсы шығанағындағы серіктестік кеңесі
құрылды. Бірақ, аталмыш кеңестің мүшелері біржақты саясат ұстанбады. Сол
себепті де, оның әскери блогі ретінде қарастырылса да айтарлықтай
әскери күшке ие болмады. Қару-жарақ сатумен және әскери көмек көрсетуге
дайындығымен, көзге түскен АҚШ-тан батыс монархтары жәрдем сұрады.
Вашингтон өз кезегінде мұнай қорларына және мұнай экспортына монополиялық
билік ету үшін Таяу Шығыстың саяси және экономикалық қатынастарына
араласуына белсенді. Мұнайдың маңыздылығы күннен-күнге арта түскен мына
заманда мұнайға иелік еткен держава бүкіл әлемге өз айтқанын істете алатын
еді. Араб монархтарының мұнайға ықпалын азайту мақсатында АҚШ басқа да
мұнай шығатын аймақтарда мұнай өндірісін дамытуға тырысты. Парсы
шығанағындағы шиеленістер нәтижесінде өзінің әскери күшін көрсете білген
Вашингтон 2003 жылы 20 наурызда жүргізген Үрей және қорқыныш операциясы
сәтті аяқталса да, Саддам Хусейнсіз қалған Ирактың Вашингтонға бағынуы
ресми түрде дәлелденсе де, іс жүзінде бәрі керісінше болды. Ирактық
қақпанда қалған Буш әкімшілігі мұнай және газ қорларын тастап кете алмай,
соғысты аяғына дейін апара алмай, араб халқы арасында антиамерикандық көңіл-
күйді жеңбей демократиялық құндылықтарды орната алмай, өзінің беделін
түсіріп жіберді.
Араб монархтары Ирактағы Саддам Хусейн билігінен алынып тастағанына
қуанды. Одақтас әскерлердің Иракта ұзақ мерзім бойы шоғырланған
американдықтарды қолдайтын мемлекеттерге қарсы лаңкестік актілерін көбеюі
араб монархтары арасында екі бағыт ұстанушыларды тудыртты. Мұнайға бай
монархтық мемлекеттер: Сауд Аравия, Кувейт, Катар, Бахрейн, Оман және
Біріккен Араб Әмірліктері Ирактағы АҚШ-тың әскери қозғалысын қолдағандарға
жатады. Себебі, панарабистік және исламистік экстремистік ағымдардан
қауіптенген монархтар, монархтық үкіметтің құлауына жоғарыда аталған
ағымдар әсер етеді деп сескенді. 1990-шы жылдардағы Ирактың агрессиясының
қайталану мүмкіндігі, Саддам Хусейннің атом қаруына ие болуы және оның
басқа террористік топтарға таралу қаупі, мұнай экспортына әсер етуші және
өздерінің қорғаушысы АҚШ-қа қарсыласпауға ұйғаруы, араб монархтарын АҚШ-тың
әскери қозғалыстарын қолдауға итермеледі. Жауларын АҚШ-тың президентті
Буш арқылы жеңбекші болған араб моннархтары, соғыстың созылып кетуін және
мұндай жағдайда Буш әкімшілдігінің шарасыздығын ескермеді.
Парсы шығанағында бірде-бір Батыс мемлектінін өкілін болмауын,
монархтық биліктін құлауын, оның орнына демократиялық немесе исламистік
үкімет орнағанын талап еткен ағымдар монархтық билігі бар мемлекеттерде:
Иордания, Судан және Мароккада антиамерикандық көзқарас кең жайлап кетті.
Диплом жұмысының мақсаты – араб монархтарының көзқарасын анықтау.
Аталмыш мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді алдыға қойдым.
– Араб монархтарының билігінің қалыптасуын зерттеу.
– Араб монархтарының басқа араб мемлекеттерімен қарым-қатынасын қарастыру.
– АҚШ-тың араб әлеміне ықпалының даму тенденциясын анықтау.
Жоғарыдағы міндеттерді орындау кезінде Қазақстанда шығатын Континент
жұрналы, А.Ю. Алимпиевтің Влижний Средний восток монографиясы,
И.П.Беляев, Е.М. Примаковтардың Египет: Время президента Насера кітабы,
А.А. Александровтың Монархи Персидского залива: этап модернизации
монографияс, Б.Маликовтың Совет сотрудничество арабских государств
Персидского залива кітабы және У.З. Шариповтың Персидски залив: Нефт,
политика и войны кітабы мен үшін аса құнды әдебиет және деректер көзі
болып табылды.
Екі аптада бір рет шығатын Континент жұрналы қазіргі таңда болып
жатқан әлемдегі саяси жағдайларды сараптап және нақты дәйектер келтіретін
қазіргі қоғамдағы белсенді баспасөз құралдарының бірі.
Араб монархтарының билігінің қалыптасуын, АҚШ-тың Парсы шығанағындағы
соғыстарындағы рөлін айқындап, деректер келтірген А.Ю.Алимпиевтің Ближний
средний восток монографиясы дипломдық жұмысты жазуда негізгі көмекші құрал
ретінде алынды.
Панарабистер ұғымын анықтауға және оның қандай күшке ие екенін көрсетуде
Биляев пен Примаковтың Египет: время президента Насыра атты еңбегі зор.
Араб монархтарының Батысқа деген көзқарасын анықтауда А.А.Александровтың
Монархи Персиидского залива: этап модернизации атты еңбегі үлкен рөл
атқарды.
Аталмыш дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және
пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімінен тұрады.

І тарау: АҚШ-тың әскери қозғалыстарын қолдаушылар
1.1 ХХ ғасырдың 80-90-шы жлдардағы Парсы шығанағындағы соғыстарда АҚШ-тың
ролі
XX ғасырдың 80-ші жылдары АҚШ парсы шығанағындағы соғыстарға араласа
бастады. Иран- Ирак соғыс жылдарында (1980-88ж.ж.) АҚШ-тың әскери теңіз
күштері Парсы шығанағында әрекет етуі мен қатар, исламдық Иран
республикасына қарсы барлау қызметтерін американдық арнайы бөлімшелер
көрсетті. 1978 ж. Исламдық иран республикасының құрылуының нәтижесінде АҚШ
өзінің тек Ирнаға ғана емес, бүкіл Парсы шығанағысаясатын өзгертуге бел
буды. Әсіресе, американ әкімшілдігін ирандық төңкерістің басқа араб
мемлекеттеріне тарап, анти-американдық көңіл-күйдің өршуіне алып келуі
қатты алаңдатты. Шахтық дәуір кезінде тегеранда орналасқан американдық
барлау орталығын аятолла Хамейни бастаған жаңа ридикалдық үкімет оны жауып
тастады. Орталық баралу Басқармасынан айырылған АҚШ Тегерандағы басты
оперативтік баралу орталығын ғана емес, парсы шығанағы және орталық Азияда
барлау қызметін атқаратын органна айырылды.
Жоғарыда айтылған шығындардың нәтижесінде Вашингтон, АҚШ-тың аталмыш
аймақта өзінің позициясын күшейту үшін, бұл аймақтың ішкі және сыртқы
мәселелеріне тікелей және қатаң түрде араласу туралы шешімге келді. Осындай
қарым-қатынаста 80-ші жылдардағы иран-ирак соғысын ұзартуға әбден
атсалысқан АҚШ, исламдық Иран республикасының күйзелісіне итерді.
Иран және Ирак ғасырлар бойы шекаралық дауды шеше алмай келуде.
Қазіргі таңда бұл мәселенің қайта өршуіне отаршыл державалардың, әсіресе,
Ұлыбританияның рөлі зор еді. 1975 жылы Алжирде Иран және Ирак мәселесін
шекера мәселесін шешкендей еді. Қазіргі мәселе түйіні Шатт-әл Араб өзені
болды. Тегеранның күші басымырақ болуы нәтижесінде, бұл аймақтың көп
бөлігі Тегеранға тиесілі болды. Ал Тегеран өз негізінде Бағдатқа бір елі
ауданды беруге және ирактық күрдтерді қолдаудан бас тартатынын айтып,
келісімге келді. Шахтық үкімет құлағаннан кейін ИИР әскери жағынан
әлсіздік танытуы, Ирак өз кезегінде араб монархтарының қолдауына ие болып,
әскерлер саны мен сапасын көбейтіп, шекера мәселесін қайта шешуге бел буды.
Оның үстіне шииттер билеген Иранда әскерлер екіге бөлініп, әскерлер бардаг
жоққа айнала бастады. Тегеран Бағдаттан ирактық шииттердің билеуші
органдарда көп болуын талап етсе, ол бағдат Тегеранның демаркациялық
сызықтың бұзылуыменайыптауымен қатар, Парсы шығанағына шығатын жалғыз жолы
– шатт-әл- Араб өзенінде ирактық кемелердің жүзуі мүмкіндігі азайтылғанын
және бұл жағдайдың өзгеруі талап етті. Сол себепті, 1980 ж. 17 қыркүйекте
Бағдат алжирдік келісімшарттан бас тартып, 22 қыркүйекте
тегеранға
қарсы соғысты бастады.* Соғыстың басталуы АҚШ тарапынан
қолдау тапты. Бірақ алғашқы дипломатиялық жақындасуды күтті. Тез арада
басып, жаныштау іске аспағандықтан, ИИР
*Бодянский В.Л. Современный Кувейт: Справочник. – М., 1971. Б.-21.

тарапынан біріңғай қарсылықтың күшеюінен соғыстың ұзаққа созылуынан қаржы-
қаражат тапшылығынан, ИИР-ді жалғыз жеңе алмайтынын түсінген Саддам
Хуссейн панарабизм және антиамерикандық саясатынан бас тартуына әкеп
соқты. Араб монархтары ирандық революцияның өздеріне қауіп төндіретіндігін
және Иранның понарабизмді яғни, араб мемлекеттерін біріңғай біріктіріп, өзі
көшбасшы болу идеологиясынан бас тартқанын түсініп, Иракқа қаржылай көмек
көрсетуге ұайғарды. Тек 1981-1987 ж. ж. жалпы араб монархтарының бірегей
қаржы көмегі 45 млрд. доллапрды құрады. Оның ішінде Сауд Арабиясы 26
млрд., кувейт – 12 млрд. БАӘ – 5 млрд. қалғандары 2 млрд. доллар.** Үлкен
қаржылай көмек алған Саддам Хуссейнге және ИИР-ге БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі
қару-жарақ сатуға тыйым салған болатын. Сонла ла антиамерикадық және
исламистік фундаменталистік бағыт ұстаған Тегеранға қарсы Вашингтон
келісімге келетін бағдатқа қару-жарақ сатуға кіріседі. Қаржыланған және
қаруланған Саддам Хусейннің өндірістік және ауылшаруашылық жағынан дамыған
Аятолла Хомейниге күші жетпеген Саддам Хусейн танкерлік соғысты бастады.
Парсы
шығанағында интернационалды әсіресе, АҚШ-тық әскери теңіз күшінің әскери
кемелерінің шоғырлануы араб мемлекеттерінің мәселелеріне тікелей араласуына
әкелді.

**Слинкин М.М. Ирано-иракская война 1980-1988 г.г: борьба на море. –
Симферополь, 2001. Б.-41.

Танкерлік соғысты бастаған Саддам Хусейн,интернационалды күштердің
араласуына мұқтаж болды.Араб және батыс мемелкеттері арасында Бағадаттың
жақтастары көп болған кезде Тегеранда жаулары сондай-ақ көп еді. Бағдат пен
Тегеран бір – бірінің мұнай шығаратын аймақтарын бомбалап, танкерлерін
теңізге батырып, өздерін-өздері қатты шығандатты. АҚШ және араб монархтар
исламдық ИИР бұл соғысты әлсірегенін қалады. Әлсіреген және қалжыраған
Тегеран, бойындағы бар күшін жинап, Бағдатқа қарай бет ала бастауы, Араб
монархтарын үрейлендәрдә. ИИР-дің соғысты жеңуі аса қиын жағдайға лдушар
етуі мүмкін болатын. Вашингтон өз кезегінде, Бағдатқа барынша көмектесті.
Технологиының жаңа түрлерін, атом бомбасын дамыту өндірісін, биологиялық
қаруларды Бағдатқа беру арқылы оны күшейтті.
1980 жылы басталған соғыс 1988 жылы инренационалды күштерінің араласуы
нәтижесінде аяқталды. Иран – Ирак соғысында елдің экономикалық әлеуметтік
деңгей қатты құлдырап кетті. Саддам Хуссейн бастаған Ирактың да жағдай мәз
емес еді. Бірақ, қаржыланған және жаңа үлгідегі қарулармен жабдықталған
Ирак әскерлері араб мемлекеттері арасында ең беделді күшке айналды. Бағдат
та Тегеран да сыртқы күштердің көмегіне зәру болды. Бұл фактор АҚШ-тың және
араб монархтарының позицияларын күшейтті. Иран-Ирак соғысы жылдарында араб
монархтары өздерінің биліктерін сақтап қалып, одан әрі күшейтті. Сонымен
қатар, Батыс тарапынан үлкен одақтастыққа ие болды. Кейін де қандай дақиын
заман туғанда батыстың көмегіне иек артуды жөн көрген. Араб монархтары
батысқа әскери-теңіз базаларын салуға рұқсат берді. АҚШ-тың негізгі әскери-
теңіз күштерінің базасы Бахрейнде орналасты, Омандағы Салале, Сибе,
Туруганте және Хасебе, сонымен қатар, Масир аралындағы базаларды ағылшындар
мен американдықтар бірегей қолданды. Иран-Ирак соғысы, АҚш-тың Парсы
шығанағындағы әскери-теңіз базаларының шоғарлануына, олардың әскери іс-
қимылдарына араб монархтары тарпынан қолдауға ие болуына себепші болды.
Жүз мыңдаған әскері бар Саддам Хуссейн, араба монархтары және бастыс
мемлекеттерінің қолауы нәтижесінде Парсы шығанағандағы алпауыт күшке
айналып, арабтардың өздеріне қарсы қауіпке айналды. Иран-Ирак соғысында
экономикалық жағына қажыған Ирак әскерін біріңғай ұстап тұру қиынға
соқты. 80-ші ж. соғыста Саддам Хуссейн 100 млрд. долардан астам қаржы
жұмсады. Қаржы тапшылығын шешу жолдары шешім таптырмады. АҚШ-тың және араб
монархтарының қолдарында шоқпар ретінде сезінген Саддам Хусейнге соғыс
біткеннен кейін қарж және саяси көмек тоқтатылды. Ирактың қаржф мәселесін
шешетін Кувейтті жаулап алынуы деп түсінді. Егер Ирактың мұнай бағалары
көтерілмесе, Кувейт тарапанан мұнай бағаларының төмендетілмесе, Иракқа кең
көлемде несие берілмесе, Куветте өзінің 19- шы провинциясы ететінін
мәлімдеді. 1961-жылы Ұлыбритания кувейтегі өзінің құықытарынан бас тартып,
оған тәуелсіздік сыйлады. Сол кезде, Ирактың президенті Керим Касем ұлттық
мүдде туралы сөз айтты. Кувейт мұрагерлік бойынша Иракқа тиесілі болатын.
Себебі, Осман империясына кірген бұл аумақ Ирактың бір бөлігі ретінде
қарастырылған болатын. Ирак президентінің бұл жолдауы Кувейттің билеуші
династиясы ас- Саббах әулеті Ұлыбританиядан көмек сұрады. Тезарада көмекке
келген британдықтар өздерінің әскерлерін Кувейтте орналастырды. Бұл іс-
әрекет Касемнің ойынан арылуы ықпал етті. Екі жылдан кейін Кувейттің
тәуелсздігін мойындады.
Жоғарыда айтылғандардың себептерінің бірі етіп, мұнайдың бағасынң
түспегенін және бұл ажағдай Ирактың экономикасына етріс әсер еткендігін
сылтау етіп, 1990 жылы екінші тамызда Ирак Кувейтке соғыс ашады. Кувейт
паршы шығанағындағы ең кішкентай мемлекет бола тұра ең бай мемлекеттердің
бірі еді. Кувейтті жаулап алған Ирак, оны 19-шы провинциясы деп жариялап,
барынша тонауға кірісті. Мұқтаждықтарын басуға жететін Кувейттің байлығы
айтарлықтай зор еді.* Саддам Хуссейн өзіні іс-әрекетіне қолдаушылар іздеп,
бай мен кедей тактикасын, яғни, мұнайдан түскен ақша теңдей бөлінуі
туралы ой-пікірлерді алға тартты. Ирактықтар араб халықтары арасынан кең
түрде қолдауға ие болды. Себебі, көптеген араб мемлекеттерінің әлеуметтік
жағдайытөмен болды. Олар: Алжир, Судан, Йемен

* Олимпиев А.Ю. Ближний и Средний восток.– М., 2004.Б.-43
және тағы басқа Саддам Хуссейннің куветті жаулап алуы тек осындай ғана
қолдауға ие болы. Исламдық Иран Республикасының революциялық ағымының
тарауынан қорыққан араб монархтары өздері иранға қарсы қалқан ретінде
қолданылған Ирак, өздеріне қылыштай тиді. Сауд Аравияның монархы Иракқа
қарсы жалғыз өздері тұра алмайтынын түсініп, АҚШ-тың көмгіне жүгінудіжөн
көрді. Оның үстіне бүкіл әлем Иранның агрессияшылактісіне қарсы шығып, оны
айыптады. БҰҰ-ның қпуіпсіз кеңесі 1990 ж. 28 қарашадағы № 6678 қаулысы АҚШ-
қа Ирак-Кувейт соғысына араласуға рұқсат етті. Яғни, АҚШ-қа бұл аймақта
әскериәскери іс-әрекетін еркін жүргізуге болады. КСРО-ның АҚШ-ты қолдауы
оның басты қателігі десе де болады. Себебі, парсы шығанағында және Орталық
Азияны қолдаушылары көп АҚш беріп қойды. Араб монархтары Иран-Ирак соғысы
кезінде АҚШ-тың шын ниеттес одақтас екеніне көзі жетіп, АҚШ-қа одан әрі бұл
аймаққа араласуға яғни, өз дегенін орындатуға итермеледі. Ал, АҚШ өз
кезегінде аянбады. АҚШ Сауд Арабияға бірлескен мемлекеттерді 250 мыңдық
қарулы күшін шоғырландырды. Кувейттің Иракты жаулап алынуы батыс пен
Кеңестік одақиың Иракқа деген қарым-қатынасын түбегейлі өзгертті. Араб
мемлекетерінің билеушілері Иракты Иран-Ирак соғысында қолдағанына
қарамастан өздеріне шабуыл жасағанына қатты ызаланды. АҚШ ирактың
агрессияшыл актісін қатаң жазалауға ұйғарды. Ирактың одан әрі соғыс
жүргізуін ауыздатқысы келді. Себебі, Саддам Хусейннің авантюристік
мінезінен сескенді.
Біріккен әскерлер мәселелері тудырды. Себебі, әрбір тарап Ирактың
агрессиясын әр түрлі пайымдады. Бәріне ортақ шешім ретінде Кувейттің
тәуелсіздігін орнату депа қарастырылды. Ирак –Кувейт соғысы бейбіт жолмен
шешу жолдары және тікелей соғыс қимылдары жүргізілген кезде соғысты тез
арада біріту мәселелері алға қойылып, талқыланып, жатқан кезде Саддам
Хусейн осы сәтті пайдаланып,Кувейттегі шетелдіктерді ұстап қамауға алады.
340-тай шетелдіктерді Иракқа жіберіп, бомбаланатын аймақтарға
орналастырады. Саддам Хуссейн Ирак және Кувейттегі шетелдіктердің кетуіне
жол бермеумен қатар егер АҚШ тарапынан шабуылданатын болса, Сауд арабиядағы
мұнай шығаратын жерлерді және Израильге қарсы соғыс ашатынын мәлімдеді. Ол
Американың одақтастары арасында іріткі тудырып, арабтар мен мұсылман
арасында антиамерикандық көңіл-күйді өрбітуге тырысты. Кейін, Саддам Хусейн
шетелдіктерді ұстап отыру саясатынан бас тартты.*
1990 жылдың 29 қарашасында БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі 1991 жылдың 15
қаңтарында Кувейттегі Ирактың әскерлерін күшпен қудалауға рұқсат етті. КСРО
Иракқа Кувейтті тезарада босату туралы кеңес берді. Ал Қытай болса бейтарап
саясатын ұстанды. КСРО-ның кеңесіне құлақ аспаған Саддам Хуссейн соғысуды
жөн көрді.**
*Ал-Мурхидж Бассам М.В. ООН и кризис миротворчества в Арабском заливе. –
М., 1998. Б.-27. Б.-28.**Тимохин П.П. Военно-силовая политика США. –
М.:Воениздат,1987. Б. -417
АҚШ-тың Вьетнамда жүргізген әскери іс-қимылдарын
сынаған Саддам Хуссейн, АҚШ-тың
соғыс іс-қимылдары жөнінде ауыз толтырп айтарлықтай ештеңке жоқ екеніне
сенді.
Кіші Азиядағы әскерлерін АҚШ-қа іс-әрекетсіз ұстап тұру қиын
болғандықтан, белгіленген мерзімнен кешікпей соғысқа кірісті. Алғашқыда-ақ,
кім жеңіліп, кім жеңетіні белгілі болды. Сол себепті, адам шығынын
азайтуды, жаңа технологияларды қолдануды жөн көрген АҚШ үкіметі алты апта
көлемінде ауада соғыс жүргізді. Яғни, Ирактың ірі әскери қосындарын, қару-
жарақ қоймаларын, әскери әуежайларын бомбалаумен айналысты. Ирак үлкен
шығынға батты. 700 жыл ішінде мұндай жеңіліске душар болмаған Бағдаттың
жеңу туралы ойдан арылып, жан сақтау туралы ойлары басымырақ болды. 23
ақпанда әуе соғысы жермен жалғасын тапты. Бірақ бұл соғыс қимылдары
көбінесе кешкі қыдыруға ұқсады. Бір аптаға созылған бұл соғыс тәсілі шөл
даладағы боран операциясының финалы еді. 1991 жылдың 17 қаңтарынан 28
ақпанына дейін созылған аталмыш операцияның нәтижесі төмендегідей:
– Ирак әскрі толығымен дерлік талқыланды;
– Оңтүстік Ирак одақтас мемлекеттердің әскерлері тарапынан оккупацияланды;
– Кувейт босатылды;
– Ирак 100 мыңдай әскерден айырылса, одақтастар әскерінің шығыны 1 мыңға
жуық.

– 65 мың ирактық тұтқынға түсті;*
1991 жылдың басында өткен соғыста американдық бизнес жеңіске жетті деп
толық сеніммен айтуға болады. Соғыстан кейін американдықтармен Кувейттің
билеуші династиясы ас-Саббах,600 млн. долларды құрайтын 100- дей контракт
жасалынады. Соғыста жеңілген Ирактың солтүстігінде күрдтер, ал оңтүстігінде
Ирак тарапынан қолдауға ие болған шииттер бас көтерді. Бірақ та бұл екі
көтеріліс Саддам Хусейннің әскерімен басып, жанышталынады. Соғыстың саяси
және экономикалық бағасы орасан үлкен болды. Парсы шығанағындағы со,ыс АҚШ
үшін 100 млрд. долларды құрады. Оның бестен төртін араб монархтары төледі.
Саяси бағасына келетін болсақ, әскери іс-қимылдар Ираннан мароккоға дейін
антиамерикандық көңіл-күйдің өрбуіне әкеп соқты. Аталмыш соғыс араб-израиль
дау-дамайын шеше алмады. Кувейттің тоналуы, араб монархтары үшін мысал
ретінде емес, қорғанысты күшейту туралы ойларын басымдырақ еткізді. Қару-
жарақ сатып алумен қатар, олар өздеріне сенімді одақтас АҚШ-ты өзіне
жақындастырды. АҚШ бұл аймақтың қорғаушысы ретінде танылып, экономикалық
жеңілдіктерге ие болумен қатар саяси дивиденттерге кенелді. Таяу және Орта
Азия аймағына ену Вашингтон және оның еуропалық одақтастары үшін қыйын
болатын. Себебі, бұл аймаққа батыстық саяси және экономикалық енуіне
қарсылыстық зор еді. Сонда да АҚШ бұл аймаққа экспансиялық саясатын
*Тимохин П.П. Военно-силовая политика США. – М.:Воениздат,1987. Б. – 87.
жүргізуде. Бұған себеп болған мұнай және Индиядан Атлант мұхитына дейінгі
аумақты игеру. 60-70 жылдары Парсы шығанағында Батыстың достық сыңай
танытқан шахтық Иран менен арабтың монархтар болса да ислам діні кең
жайлаған бұл аймақ мұсылмандар қауымының көңіл-күйінің тез ауытқуынан
қауіптенді. Оның үстіне АҚШ еврейлердің қорғаушысы ретінде танылуы
жағдайда одан әрі ушықтырып жіберді. Сол себепті тек саяси экономикалық
және т.б. түрде қарым-қатынас жасаспай, әскери жағынан үлкен мүмкіндікке не
базалардың орнатылуы аса қажет еді. Қару-жарақ сату екі елдер арасында
сенім болса да әскери түрде ені қиынға соқты. Бұл аймақта АҚШ-тың базалары
мен оның жалғыз әскери
одақсаты әрі мұсылман мемлекеті Түркияда орналасуы аздық етіп отырды.
Ауғанстанның Демократиялық Республикасымен және Исламдық Иран
Республикасына қарсы жүргізілген соғыста Сауд Арабия, Израильмен Түркиядан
кейінгі АҚШ-тың аталмыш аймақта үшінші тірегі ретінде қарастырылды. Иран-
Ирак соғысы жылдарында араб монархтары қару-жарақ сатып алуды күшейтсе,
парсы шығанағындағы соғыс іс-қимылдары кезінде одан сайын өрбітіп жіберді.
Араб монархтары Ауғанстан, Ирак және Кувейтте болған жағдайларға байланысты
АҚШ-тың өздерінің жерлеріне одан енуіне рұқсат етілді. Уақыт өткен сайын
батыс үшін мұнай факторы маңыздылығын арта түссе, араб монархтары үшін
қауіпсіздік мәселесі ең басты рөлге шықты. АҚШ және Араб монархтары өзара
өте жоғарғы деңгейдегі дипломатиялық кездесулерді өткізе отырып, бір-біріне
қатты байланысуы керектігін түсінді. Араб монархтары қауіпсіздігін бірлесіп
қорғау үшін 1981 жылы 25 мамырда Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің
серіктестік кеңесі құрылды (ССАГПЗ).* Аймақтық одақ міндеттері жағынан
Азиядағы әскери блоктарға ұқсады (СЕНТО және СЕАТО). Аталмыш одаққа саны
жағынан аз кіші және орта Парсы шығанағының араб монархтарының халқы
кіретін. Олар: Кувейт, Сауд Арабия, Бахрейн, Катар, Біріккен Араб
Әмірліктері, Оман. Бұл ұйым исламдық Иран Республикасына қарсы бағытталуына
байланысты АҚШ тарапынан қолдауғ ие болды. ССАГПЗ оның қандай да шешіміне
және іс-әрекетіне АҚШ гарант қарастырылды. Арабтың зерттеушісі әл-
Мурхидж Б.М. бұл қатынасқа байланысты былай деген: батыстық әсер ету
аймақтарында емін-еркін әрекет етуге мүмкіндік алған араб монархтары, АҚШ-
тың одақтастарына айналды. ССАГПЗ ұйымында бәрі де біріңғай
шешілмеді.кувейт пен Біріккен Араб Әмірліктері кеңестің
назарын азаматтық мәселелерге бұруға тырысса, Сауд Арабия
және Оман әскери жағынан тезірек бірігіп, кеңес кеңес туының астында
біріккен арабю әскерлерін ұйымдастыруға асықты. Осындай крітіртпаның
нәтижесінде экономикалық

*.Аль- Рафии М.А. Проблема безопасности Персидского залива и образивание
Совета сотрудничества арабских государств Персидского залива. Б.-12.
мәселелердің шешілуі жарты жылға, әскери міндеттерді орындау туралы
шешімдер қабылдау 3 жылға шегерілді. (1984 жылдың қарашасы). Сонда да
ССАГПЗ-ның басты қызметі
әскери аумақта болды. Ал, қалғандары екінші орынға қалдырылды.
Парсы шығанағында болған оқиғалардан кейін, АҚШ Араб монархтарының
назарын батыстағы Израильге емес, Шығыстағы исламдық Иран Республикасы
және Саддам Хусейн бастаған Иракқа аудартты. Еврейлерге деген кекті
кейінге қалдырып, өзара кикілжіңге сала білген АҚШ. Араб монархтарына қару-
жарақ сатуды ұлғайтып, әскери-теңіз базаларын нығайтып, әскери аумақта
ынтымақтасуын үдете түсті. ССАГПЗ-де Сауд Арабия бүкіл билікті өз қолдарына
қаратуынан қорыққан басқа да араб монархтары шынайы әскери блок құра
алмады. Парсы шығанағында тепе-теңдік сатап тұру үшін АҚШ әскери кемелер
мен десанттарын сақадай сай қылып, ұстап отырды. Араб монархтары тек қана
батыстан емес, басқа араб мемлекеттерінен қолдау іздеді. Олар АҚШ-тың
әскери күштерінің бұл аймақта орналасуын дұрыстығын дәлелдеумен болды. Ал
АҚШ өз кезегінде Араб монархтарының қауіпсіздігін және одан әрі баюын
қамтамасыздандырды. Араб монархтары өздерін-өздері қорғай алмайтындықтан
АҚШ-тың араласуына жол беріп, мұндай саясатты арабтар арасында 1981 ж.
Амманда (Иордания) өткен жиналыста құптады. Ирактың Кувейтке шабуыл жасап,
оны басып алуы, АҚШ-тың бұл аймақта одан сайын әскер санын көбейтуге алып
келді. Шиеленісті ушықтыра отырып, әскери жағынан қатысып, оны өз
пайдасына шеше білген АҚШ-тың басты мақсаты – мұнай болатын. Иран-Ирак
соғысы жылдарында АҚШ соғысқа тікелей араласпаса да оның бағдарын және
бағытын өзгертуге және соғыстың қалай аяқталатынын пайымдауға иелік етті.
Ирактың Кувейтті жаулап алуы, Кувейттің билеушісі әс-Саббах АҚШ-тан әскери
жәрдем сұрауы, бұл соғысқа кететін шығындардың ақталатынына кәміл сенген
Вашингтон шиеленіс басталған тұста 250 мың әскерді, 1990 жылдың аяғында
тағы да 200 мың әскер жіберді.* Мұншама әскерлерді Сауд Арабия
шоғырландырған Вашингтон, соғыс іс-қимылдарын басталуын күтіп жатты. Саддам
Хусейннің шабуылынан қорқып, жатқан Сауд Арабия қауіпсіздігі үшін қатты
алаңдап, жаты. Сол себепті АҚШ әскерлерінің көп мөлшерде болуын талап
етті. Вашингтонға сол да керек еді. Кувейтті Ирактықтардан босатқаннан
кейін, американдықтар бұл аймақтан кету керек еді. Себебі, антиамерикандық
көңіл-күйі өрбіп кетті. 450 мыңдық әскердің енгізудің өзі бұл аймақта кім
билік ететінін көрсеті еді. Жалпы араб әлемінің қорғаушысы бола тұра,
израильдің де одақтасы болу ойға сыймас еді. Шөл даладағы боран
операциясы АҚШ кез келген мәселені шеше алатынын және ирандық синдромды
жеңгенін, яғни, одақтас
монархтардың билігінің құлдырау мүмкіндігі батыс мемлекеттерін үзбей
мұнаймен қамтамасыз етті. Антиамерикандық көңіл-күйдің көбеюіне байланысты
одақтас
*Тимохин П.П. Военно-силовая политика США. – М.:Воениздат,1987.Б.-29.
мемлекеттердің шиеленіс аяқталған кезде кетіп қалды. Тез келіп,тез кету
себебі де осы болатын. Иран-Ирак соғысы кезіндегідей шиеленісті создыртып
отыра алмады. Бұл жерде АҚШ өзінің әскери күшін көрсеткісі келді. Ендігі
жерде Эмбаргоны күшейту арқылы Саддам усейннің билігін құлату жоспарланды.
Алайда, Эмбарго шынайы түрде жүргізілсе, Ирактың әскери күші ыдырамастан
бұрын өзінің ахуалы тым төмен болыпр кетер еді. Өйткені, Ирактың ең әлсіз
жері бидай импорты болатын. Бидайға деп жылына 2 млрд. доллардай қаржы
жұмсалатын. Бірақ, Ирак Шығыстағы шиеленістіңкөзі ретінде сақтап қалуға
тырысқан Вашингтон, кейін де өз әскерлерін алып келуді жоспарлады. Араб
монарзтары Шығыстан шығатын қауіпті Иракпен біраз әлектендіріп, батыстағы
еврейлер мәселесінен ауытқытуды басты мақсат еткен АҚШ, іс жүзінде саясатын
іске асырды. Ирак кейін де, парсы шығанағында шиеленістер ұйымдастырып,
араб монархтарын өзінің күшіне яғни АҚШ-қа сыйынуға мәжбүрледі. Еврейлер
мәселесіне келетін болсақ, көбінесе еврейлерді қолдайтын АҚШ, ал араб
монархтары палистиндіктерді қолдайтыны екі елді қарама-қайша қоятын. Мұндай
кикілжіңде АҚШ өзінің бірде бір саясатын іске асыра алмасы анық.
Орыстардың Бөл де билей бер саясатын орнықты қолданудың арқасында
мұнайдың ең көп шоғырланған аумақты өзінің әсер ету аумағы етуге әбден
мүмкіндік жасалында. Иранның тұрақсыздығы исламистік радикализмнің күшеюі,
антиамерикандық көңіл-күйдің өрбуі нәтижесінде XXI ғасырда Парсы
шығанағында шынайы іс-әрекет жүргізуге әкелді.

1.2 Парсы шығанағындағы қауіпсіздік мәселесі

2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік, аталмыш аймақта АҚШ шынайы
іс-әрекет жүргізуді жоспарлады. Ұшақтарды ұрлап, оларды АҚШ-тың қаржы,
әлеуметтік, экономикалық және маңызы үлкен және халқы көп шоғырланған
жерлерге соқтыстыруы Американың 3 мыңға жуық азаматын өлтіріп кетті. Мұндай
лаңкестікті ұйымдастырған Усама Бен Ладен бастаған әл-Қайда ұйымы деп
айыпталды. Аталмыш ұйымды қолдаушылар тікелей АҚШ-тың қас жауы деп танылды.
Усама Бен Ладен паналап жатқан деген пайымдаумен Ауғанстан солардың
алғашқысы ретінде 2002 жылы алатмыш мемлекетті аккупациялады. Бұл
мемлекетті билеген талибтер биліктен алынды. Оның орнына американдық
саясатты қолдайтын Хамид Карзай бастаған үкімет келді. Бұл операция әскер
шығын жағынан да, сәтті өтуіне де саяси мақсаттар біртіндеп, орындалуын де
өте қолайлы жағдайда өтті. Кек қайтару стратегиясының тізімінде екінші
боп Ирак қарастырылды. Қоймадан бұл аймақ 2003 жылдың наурызында
американдықтар араб монархтарының жерлері мен порттарын және өздерінің
әскери-теңіз базаларын пайдалана отырып, Иракқа бір ай ішінде ойсырата
жеңіліс әкеліп, Саддам Хуссейнді тақтан құлатып, өзін және жақындастарын
кінәсіз күрттер мен шииттерді аяусыз қырғаны үшін 1990 жылы Кувейтке баса
кіргені үшін және т.б. кіналары үшін соттады. Ауғанстанды әлемдегі нөмірі
бірінші террористті жасырғаны үшін бомбаласа, Иракты өздері енгізген атом
қаруын жасырын түрде жасауда деп айыптады. Егер де атом қаруы
террористтердің қолына түссе, әлемді қасіретке душар ететін еді. Мұндай
жағдайдың алдын алу үшін Вашингтон Үрей және қорқыныш операциясын
қолданып, қанатты ракеталарын жаңбырдай жаудырып, 100 мыңдай әскерімен
Иракқа басып кіргеннен кейін үш айдың ішінде аталмыш операция кезінде
көбірек шығынға батты. Әскер санының көптігі бұл жағдайды шешеді деген
үмітпен, әскер саны көбейтіле түсті. Алайда бұл жағдайдың одан сайын
ушықтыруына алып келмесе, пайда алып келмеді.
2003 жылы 20 наурызда АҚШ Иракқа қарсы соғыс ашып, шабуылдайды. Үш
апта ішінде американдықтар Кувейттен Бағдатқа жетеді. Нағыз Бицириктің
өзі. Қарсыласқан жауын көріп тұрған АҚШ –тың әскерлері соғысты жүргізудің
неше түрлі тактикасын қолданып, оны жеңбей қоймайды. Тәртіпті сақтау үшін
әскерлер қанша дайын әрі соңғы технологиялармен жабдықталса да, көрінбейтін
жаумен арпалысу қиынға соқтығары даусыз. Билеушісіз қалған мемлекеттің
ішінде бүлік тууының нәтижесінде әрбір тарап, жеке-жеке болғысы келуі АҚШ-
ты да, араб монархтарын да бұл аумақта біріктіру саясатын қатаң түрде
жүргізуге бел будыртты. Партизандық тәсілге сүйенген ирактықтар оңай
олжадан гөрі қол жетпес олжаға айналды.
Екіншщі Вьетнам болған Ирактағы соғыс іс-қимылдарын жүргізу тәртібі
тұп-тура Вьетнамдағыдай еді. Басты күш әскери кемелер және ұшақтарға
шоғырлануы оның .үстіне 1990 жылдары жауынгерлердің саны 30 пайызға
төмендетілуі одан сайын жағдайды қиындатып жіберді. Керісінше жоғары
технологияларды дамытуға үлкен көлемде қаржы жұмсаған Пентагон жағдайдың
мұндай болуын күтпеген еді. Мысалға, жаңадан жоспарланып жатқан F -22
ұшағы 72 млрд. доллар, ракеталық шабуылға қарсы қорғаныс ұлттық жүйесі – 53
млрд. доллар, су астында жүзетін Вирджиния атты сүңгуір қайық – 80 млрд.
доллар тұрды. Оның үстіне АҚШ-тың жауынгерлері тек бір жақты саясат
ұстанды. Олар жауға қарсы соғысу тәсілін жетік меңгергенімен, бейбітшілік
кезінде қандай іс-әрекет жүргізуді білмеді. АҚШ әскерлерінің офицерлері
жиі-жиі ауысып тұруына байланысты әскери тәртіп айтарлықтай мықты болмады.
Қойшы көп болса, қой арам өледі демекші, АҚШ-тың әскерінде офицерлер аса
көп болды. Мысалға, жаяу әскерлердің үш бригадасында 3700 полковник, флотта
болса, 359 кемеге 3500 капитан келетін. Бұл деректерге сүйенсек, әскери
қызметтен әскери шендердің 10-15 есе көп екенін анық байқауға болады.*
Барлау қызметі барынша жаңа технологияларды қолданса да, жергілікті халық
пен террористтердің айырмашылығы бір туған егіздей еді. Ажырата білу үшін
сол жерде ұзақ уақыт тұрып, жергілікті шейхтер мен муллалармен көптеген
кесе шәй ішу керек деп айтқан бригадалық генерал Д. Фрейтас ғарыштағы
серіктердің көмегі түк пайда бермейтінін мәлімдеді. АҚШ-тың
* Тимохин П.П. Военно-силовая политика США. – М.:Воениздат,1987.Б.-58.

партизандық соғысқа дағдыланбауы, тек әскерлерге ғана емес, жергілікті
бейбіт халықта құраған үйлер астында қалуда еді.
Лаңкестік акттер тек Иракты ғана емес, бүкіл әлемді жайлап, өршіп кетті.
Лаңкестердің жасаған іс- әрекеттері күнделікті жағдайға айналып кетуі бұл
елде қауіпсіздік мәселесін жоғарғы дейгейге көтерді. Бағдаттың көшелерін
күзетуге шыққан жауынгерлер кейде қайтпай қалу көбірек кездесетін. Тіпті
АҚШ әскери-теңіз базаларында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хатшылық және Халықаралық ислам
Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ) құрылымдық жүйесі
Египет және Таяу Шығыста қалыптасқан геосаяси жағдай
Жетекші Араб мемлекеттерінің саяси ұстанымдары
Түркияның Орта Азия мемлекеттермен дипломатиялық қарым қатынастары
Палестина мемлекетінің тарихи кезеңдерде дамуы
Қазақстан Республикасының ұйымдармен ынтымақтастығы
Ядролық әріптестік мәселелері
Қазақстанның сыртқы саясаты жайлы
Қазақстанның саясаты
Пәндер