Әлеуметтанудың қалыптасу тарихы


Әлеуметтанудың қалыптасу тарихы
Әлеуметтану ғылымының даму тарихын үшке бөліп қарастыруға болады: 1) Ежелгі дәуірдегі социологиялық көзқарастар 2) Орта ғасыр мен жаңа дәуiр социологиясы 3) Қазіргi заманғы социология
Ежелгі дәуірдегi социологиялық көзқарастар грек философтары Платон (б. з. б 428/427- 348/347) мен Аристотель (б. з. б. 384-322) есiмдерiмен байланысты. Бұл ойшылдар әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлердi, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды корытып, қоғамды одан әрi жетiлдiруге бағытталған практикалық ұсыныстары бар бағдарламалар түздi.
Платонның «Мемлекетi» жалпы социология саласындағы алғашқы еңбек больп саналады. Оның негiзгi тұжырымы әлеуметтiк проблемаларды сыни талдаулардан өткiзiп, қоғамды жетілдіруге бағытталған саяси ұсыныстар жасаумен аяқталатын ғылымның көмегімен жетiлген мемлекеттi негiздеп құруға болады дегенге саяды. «Қоғам басшысынан бастап бұзылады» деп бiлген Платон зиялылардан адамгершiлiк тазалықты талап етеді. «Қоғамды билеудің негізгі құралы билік жасау емес, бедел». Платонның ойынша, мемлекеттiң ойдағыдай өмiр сүруiн қоғамның негiзгi үш құрамдас бөлігінің (өндірушілер, әскерлер, билеушілер) үйлесімді ықпалдастығы қамтамасыз етедi. «Тек осындай мемлекетте ғана бай адам алтынға емес, қайырымдылық пен парасатқа билiк жасайды».
Сөйтіп, Платонның әлеуметтік тұжырымдамасында мемлекеттік құрылысты түсіндірудің кілтін адамның болмысынан, ал мемлекеттің сипатын саяси қайраткерлердің типтік белгілерінен іздеу керек деп саналып келді. Мемлекеттегі қоғам мен қайраткер идеялары Аристотель шығармаларында одан әрі дамытылды. Аристотельдің пікірінше, мемлекеттің негізгі мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттілкке жету болып табылады. Бұл орайда әділеттікке белгілі бір заңдар мен билік құрылымдарына негізделген берік мемлекеттік ұйымдар арқылы ғана жету мүмкін екендігі ескеріледі. Билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот жүйесіне бөлу әділеттілік орнатуға септігін тигізеді.
Оның көзқарасы бойынша, мемлекеттік құрылым дегеніміздің өзі мемлекеттік басқару тәртібі. Ал мемлекеттік құрылым үш жақсы үш жаман болып 2 түрге бөлінеді. Біріншісіне монархиялық билік (жеке дара билік), ақсүйектер билігі (қоғамның ауқатты топтарының жоғары бөлігінің билігі) және полития (көпшіліктің парасатты билігі) жатады, ал екіншісіне тиранды (бір адамның заңсыз билігі), олигархияны (қоғамның ауқатты топтарының төмен бөлігінің билігі) және демократияны (халықтың билігі) жатады. Сонымен мемлекет, Аристотельдің айтуынша, адамдарға үстемдік етіп тұратын тұтастық.
Орта ғасырларда Аврелий Августин (354-430) мен Фома Аквинскийдің (1225-1274) еңбектері ерекше мәнге ие болды. Августин құдайға сүйіспеншілік идеясын өз тұжырымдарының өзегі етіп алып, саясат пен қоғамдық прогреске теологиялық тұрғыдан түсінік берген. Ал Ф. Аквинский болса, адамды саяси тұлға ретінде қарастырады. Ол сол заманғы мемлекеттік биліктің шіркеуге тікелей тәуелді екендігіне қарамастан, шіркеу ғана емес, мемлекет те жаратқанның туындысы деп дәлелдеді. Әлемдік өркениет тарихындағы қайта өрлеу кезеңінің идеялық өзегі - адам құндылығын, оның бостандық пен бақытқа ұмтылу құқықтарын мойындайтын көзқарастар жүйесі, яғни гуманизм болды. Гуманизмнің алғашқы өкілдерінің бірі - Италия ойшылы Данте Алигьери (1265-1321) . Ол «Құдіретті комедия» және «Халық сөзі туралы» деген шығармаларында жаңа гуманистік көзқарастың негізін қалады. Онда Данте құдай мен жаратылысты бір-біріне қайшы келмейтін, бір-бірін толықтырып тұратын тең құқылы екі шындық деп уағыздады. Гуманизмнің атасы атанған Франческо Петрарка (1304-1374) ежелгі дәуір мәдениетін зерттеп, адам мәселесін қоғамдық ойдағы негізгі мәселеге айналдырды. Ол антропоцентризмді теоцентризмнен арылу үшін қолданды. Адам туралы жаңа көзқарас бірсыпыра әлеуметтік-саяси мәселелерді дұрыс шешуге ықпал етті. Италия ойшылы Никколо Макиавелли (1469-1527) «Тита Ливияның алғашқы он күндігі туралы ойлар», «Елбасы», «Флоренция тарихы» сияқты трактаттарында адамның белсенділік идеясын дамытты.
Жан Боден (1530-1596) «Мемлекет туралы алты кітап» атты трактатында мемлекет отбасы негізінде пайда болып, жеке меншікті нығайтуға қызмет етеді деп жазды.
Томас Мор (1478-1535) «Утопия аралығындағы мемлекеттік құрылыстың тамаша үлгісі туралы шын мәніндегі асыл әрі пайдалы, әрі жұбаныш кітапшасы» атты шығармасында, Томазо Кампанелла (1568-1639) «Күн қаласы» атты еңбегінде мемлекеттің әлеуметтік-саяси құрылымы проблемалары, меншік мәселесіне хақында толғанды.
Материализмнің алғашқы өкілдерінің бірі Томас Гоббс (1588-1679) қоғам туралы натуралистік тұжырымдаманың дамуына өзіндік үлесін қосты. «Левиафан немесе материя, шіркеулік және зайырлық мемлекеттің түрі мен билігі» атты еңбегінде адам мен мемлекет табиғаты туралы баяндай келе, мемлекеттік билік қоғамды жаңа сапалық күйге ауыстырады деп көрсетті.
Әлеуметтік саяси ілімдердің дамуындағы келесі қадамды Джон Локк (1632-1704) жасады. Ол «Табиғат заңдары туралы зерттеу», «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат» атты еңбектерінде буржуазия мен дворяндықтың арасындағы өзінше бір келісімпаздық ретінде ағылшын либерализмі идеясын қолдады. XVIII ғасырдың жартысындағы әлеуметтік-философиялық ой-пікірдің өкілдерінің бірі Шарл Лук Монтескье (1689-1755) «Заңдардың рухы туралы» деген еңбегінде адам табиғаты мен әлеуметтік-саяси құбылыстар туралы жаңа идея көрсетті.
Социология ғылымының негізін салушы Француз ойшылы Огюст Конт (1798-1857) деп табылады. О. Конт «Позитивтік философия курсы» атты еңбегінде социология терминін алғаш рет ғылыми айналымға енгізді. Конт социологияны әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика деп екі үлкен тарауға бөлді. Әлеуметтік статика қоғамдық жүйенің өмір сүру шарттары мен заңдарын, ал әлеуметтік динамика қоғамдық жүйенің даму және өзгеру заңдарын зерттейді.
Әлеуметтік статика - қоғамдық тәртіп, ұйым, үйлесім теориясы. Конт қоғамды барлық бөліктері өзара тығыз байланысты, бір-бірімен берік бірлікте ғана тануға болатын органикалық тұтас дүние ретінде қарастырады. Конт заңы бойынша, адамзат қоғамы дамудың теологиялық, метафизикалық және позитивтік үш сатысын басынан өткереді. Ағылшын позитивизмінің негізін қалаушылардың бірі Герберт Спенсер (1820-1903) дамудың жаңа идеясын - эволюциялық даму теориясын жариялайды. Ол эволюцияның жалпы идеясын байланыссыздықтан байланыстылыққа, біртектіліктен көптектілікке, белгісіздіктен белгілілікке өту деп түсіндіреді. Қоғамдық құрылысты ерекше организм ретінде қарау және оның дамуын эволюция идеясы тұрғысынан сипаттауы Спенсерді социологиядағы организмшілдік пен эволюцияшылдық бағыттарының негізін салушы ретінде танытты. Людвиг Гумплович (1838-1909) қоғам организмінің негізгі құрамдас бөлігі жеке адам емес, топ деп білді. Оның пікірінше, социология ғылымының нысаны әлеуметтік топтар мен олардың өзара қарым-қатынастарын зерттеу болып табылады. Француз социологы Габриэл Тард (1843-1904) қоғамды клеткалары индивидтердің миы болып табылатын үлкен миға теңейді. Ол қоғамдық өмірді, ондағы процестерді еліктеу түріндегі жай психикалық механизмдердің әсері деп түсіндіреді. Француз социология мектебінің негізін қалаушы Эмил Дюркгейм (1858-1917) социологияны қоғам туралы басқа ғылым салаларынан ажыратып, жеке ғылым етіп негіздеуге, қоғамдық өмірдің барлық құбылыстарын тек социология тұрғысынан түсіндіруге ұмтылды. Ол «Социология» деген еңбегінде фактілер категориясы өзіне ғана тән ерекшеліктерімен айқындалатындығын, ал олардың индивидтен тысқары, күштеумен тағылатын ойлау, іс-әрекет, сезіну тәсілдерімен байланысты екендігін жазады. Сондықтан да оларды елестер мен әрекеттерден тұратын органикалық құбылыстармен де, жеке саналарда не солар арқылы өмір сүретін психикалық құбылыстармен де шатастыруға болмайды. Демек, бұл жаңа құбылысты әлеуметтік деп атау керек екендігін жазып көрсетті. Макс Вебердің (1864-1920) теориясындағы өзекті мәселе: адамдардың өзара күрделі қарым-қатынастары жүйесінің салдары болып табылатын әлеуметтік әрекеттерді қоғамдағы индивидтер мінез-құлқының қарапайым түрлерінен бөліп қарастыру болды. Оның ілімі бойынша, қоғам әрқайсысы өздерінің мақсаттарына жету үшін әрекеттенуші индивидтердің жиынтығынан тұрады. Жекелеген индивидтердің іс-әрекеттері бірігіп, соның негізінде қоғам пайда болды. Вебер жиырмасыншы ғасырдағы бірінші дүниежүзілік соғыс, сана-сезім дағдарысын мәдениеттің дағдарысы, гуманитарлық ғылымдар дағдарысы екендігін түсіндіру барысында өзінің жаңашылдығын, өзектілігін танытып, социология ғылымдарының негізін қалаушылардың бірі болды.
Питирим Сорокин (1889-1968) эмпириялық социологияны тар тақырыптылығы, әлеуметтік мәселелерді кеңінен қамти алмайтындығы үшін сынады. Ол қоғамдағы өзгерістерді түсіндіруге көмектесетін теориялық тұжырымдамалардың авторы ретінде де танымал. Солардың бірі әлеуметтік мәдениет динамикасы тұжырымдамасы болса, екіншісі қоғамның интегралдық типі тұжырымдамасы. Сорокин әлеуметтік мәдениет динамикасы тұжырымдамасы арқылы қоғамның әлеуметтік өзгерістері мен даму диалектикасының қайнар көздері мен қозғаушы күштерін талдай түсіндіруге тырысты. Сорокиннің пікірі бойынша, әлеуметтік ғылымдар тарихында социологияға қатысты бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі көзқарасты байқауға болады. Бірінші көзқарас бойынша, социология ғылымы қоғамдық құбылыстар әлемін зерттейтін жекелеген ғылым салаларының жиынтығы болса, екінші көзқарас бойынша, социология басқа ғылым салалары қарастырмайтын өзіндік зерттеу нысаны бар әлеуметтік ғылымның дербес бір саласы болып табылады. Міне, социология ғылымының қалыптасу тарихы осындай кезеңдерді өткере отырып, ХІХ ғасырдың екінші жартысында социология жеке әлеуметтік пән ретінде қалыптасты.
Әлеуметтанудың зерттеу нысаны мен пәні
Әлеуметтану - қоғамның тұтас әлеуметтік жүйе ретінде даму және қалыптасу заңдылықтарын, қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестерді, адамдардың әлеуметтік әрекеттері мен қарым-қатынастарын оқытатын ғылым.
Социологияның зерттеу нысаны - қоғам және оның өмір сүру, даму заңдылықтары, яғни индивидтердің қауымдастығы, олардың өзара қарым-қатынастарының ортасы түрінде қарастырылатын қоғам.
Нысан ретінде әлеуметтік өмірдің бір бөлшегін социологияның зерттеу пәні етіп алу проблемалық жағдайдан, яғни кейбір әлеуметтік қайшылықтарды бөліп қарастыру қажеттілігінен туындайды. Проблемалық жағдай зерттеу пәнін құрайды, ал әлеуметтік өмір құбылыстарындағы проблемалық жағдайды шектеу - зерттеу нысанын бөліп алуға онтологиялық негіз болады.
Әлеуметтік нысандардың даму және өмір сүруінің объективті заңдылықтарын анықтау мақсаты алға қойылған теориялық - бағдарлық әлеуметтік зерттеулердің пәні эмпириялық шындықтың елеулі қасиеттері мен өзара байланыстарын теориялық анықтамалар мен ұғымдар түрінде түсіндіреді, ал мақсаты әлеуметтік жүйелер мен процестерді іс жүзінде басқару болып табылатын қолданбалы социологиялық зерттеулердің пәні ұғынылған нысаннан өмір шындығына жету түрінде болады.
Социология қоғамдағы жеке адам, әлеуметтік топтар, жіктер мен қауымдастықтар, институттар мен процестер тіршілігі мен қызметінің барлық проблемаларын түгел қамтуға тиіс.
Социология - тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйелердің дамуының, өмір сүруінің өзіндік заңдары мен заңдылықтары, жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың, халықтардың өміріндегі осы заңдардың әрекет ету механизмдері мен көріну формалары туралы ғылым.
Әлеуметтану ғылымының құрылымы мен қызметтері
Әлеуметтану ғылымының әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттеу деңгейлері әртүрлі болуына қарай оның құрылымы да күрделі, көп деңгейлі болып келеді.
Социология ғылымының құрылымы жалпы қоғам дамуын, ондағы әлеуметтік институттар мен қауымдастықтардың ықпалдасуын, жеке индивидтердің өзара қарым-қатынастарын зерттеуге байланысты мынандай бөліктерден тұрады:
а) макросоциология - социумның өмір сүруі мен даму заңдылықтарын анықтауға негізделген;
ә) орта деңгейдегі социология - арнайы әлеуметтік теориялармен бірге салалық социологияларды (әлеуметтік топтар, қала, ауыл, білім, саясат, құқық, насихат, отбасы, мәдениет, еңбек социологиясы т. б. ) қамтитын, әлеуметтік жүйенің жекелеген бөліктерінің әрекеттері мен өзара ықпалдасу заңдылықтарын, орта дәрежедегі қауымдастықтарды зерттеуге бағытталған;
б) микросоциология - әлеуметтік құбылыстар мен процестерді жеке адамдардың іс-әрекеті, өзара ықпалдастығы, тәртібі, мінез-құлқы тұрғысынан зерттеуге негізделеді.
Социология ғылым ретінде теориялық және эмпириялық зерттеу әдістерінің органикалық бірлігіне, өзара әсеріне негізделеді. Теориялық және эмпириялық зерттеу әдістерінің арақатынасы проблемасының ғылыми танымда функционалдық және генетикалық жақтары бар.
- функционалдық - ғылымның теориялық аппараты мен эмпириялық негіз арасындағы арақатынасқа қатысты;
- генетикалық - теориялық аппараттың, оның ішінде ғылыми теорияның қалыптасуына, эмпириялық кезеңнен теориялық кезеңге өтуге байланысты.
Әлеуметтік теорияларды бағытына қарай іргелі және қолданбалы деп екіге бөлуге болады.
- іргелі теориялар - ғылыми проблемаларды шешуге, әлеуметтік ілімнің, социологияның тұжырымдамалық аппаратының қалыптасуына, әлеуметтік зерттеу әдістерін айқындауға бағытталған.
- қолданбалы теориялар - қоғамның алға қойған практикалық мақсаттарына қол жеткізу құралдарын іздеуге көмектеседі.
Қолданбалы социологияда теориядан гөрі практикалық мүдде басым, осыған орай социология пәні өзгеріп, әлеуметтік құрылым одан әрі бөлшектене түсті.
Қолданбалы зерттеулерде теория бағдарлама жасауға, негізгі ұғымдарды түсіндіруге, алынған мәліметтерді талдауға, құжаттарды есеп беруге дайындауға қолданылады, ал эмпириялық зерттеу жүйесі бастапқы эмпириялық мәліметтер жинауды қамтамасыз етуге арналады.
Жалпы социология мен әлеуметтануды айыра білу керек. Әлеуметтану экономика, құқықтану, халықтану, мәдениеттану, этнология, психология т. б. қоғамдық ғылымдарға қатысты қолданылады. Ал, социологиялық зерттеулер әлеуметтік зерттеулердің негізін құрайды.
Социологияның негізгі қызметтеріне гносеологиялық, болжамдық, праксеологиялық, идеологиялық міндеттер жатады.
Гносеологиялық қызмет ғылымның танымдық құралдары жүйесінде жүзеге асады. Бұнда тұтас қоғам, оның жекелеген бөліктерінің өмір сүру, даму заңдарын ашатын жалпы және арнаулы теориялар қолданылады.
Таным құралдарына эмпириялық деректер жинаудың жолдары мен тәсілдері, мәліметтерді өңдеу, логикалық және математикалық фактілерді сипаттау және түсіндіру, яғни жаңа әлеуметтік білімдерді қалыптастыру жатады.
Болжамдық қызмет әлеуметтік жүйенің болашақтағы мүмкін боларлық келбетін сипаттау, қоғамның немесе оның жеке буындарының әлеуметтік дамуын ғылыми тұрғыдан болжау арқылы жүзеге асады.
Праксеологиялық қызмет әртүрлі басқару құрамдарына қатысты социологтар ұсынатын практикалық ұсыныстар ретінде қолданбалы социологиямен тығыз байланыста жүзеге асады. Бұл ұсыныстар басқару шешімдерін қабылдауға негіз болып, социология қоғамдық өмірге белсене араласа түседі.
Идеологиялық қызмет қоғамдағы әртүрлі топтардың әлеуметтік мүдделерін білдіре отырып, ғылыми зерттеулердегі әлеуметтік себептердің зерттеу авторларының саяси бағыттарының принциптеріне байланыстылығын, саяси идеяларды теориялық жағынан негіздеуді қарастырады. Социологияның қызметін теориялық және қолданбалы деп бөлуге болады. Теориялық (іргелі) социология басқа да ғылымдармен бірге әлеуметтік зерттеулердің методологиялық негізі болатын көзқарастық қызмет атқарады. Теориялық социология осы ғылымның пәнін зерттеуге қажетті ұғымдар мен түсініктер аппатарын жасайды, әлеуметтік заңдар мен заңдылықтарды ашып зерттейді, әлеуметтік дамудың теориясы мен тұжырымдамасын негіздейді. Қолданбалы социология теорияға сүйене отырып, түрлі тарихи жағдайлардағы әлеуметтік заңдардың өмір сүру формалары мен әрекет ету механизмдерін іс жүзінде тікелей зерттейді. Сонымен, қазіргі заманғы социология - бір-бірімен тығыз байланысты және бәрі қосылып біртұтас ғылым құрайтын теориялар мен білім түрлерінің көп деңгейлі жиынтығы.
Қоғамдық сана мен индивидтердің іс-әрекеттерін, олардың экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани қарым-қатынастар жағдайындағы өзгеру тенденцияларын талдау қазіргі заманғы социология ғылымының негізгі зерттеу міндеттерінің бірі болып саналады.
Әлеуметтанудың қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.
Социология жеке дара емес, басқа әлеуметтік ғылымдармен тығыз байланыста дамып отырады. Ол әлеуметтік философия, тарих, саясаттану, экономика, психология сияқты ғылымдармен тығыз байланысты.
Енді осы ғылымдардың өзара байланысы мен ерекшеліктерін жеке дара қарастырайық.
Социология да, әлеуметтік философия да қоғамды тұтастай, жүйе-жүйесімен, оған енетін бірліктердің жай қосындысы бола бермейтін интегральды құрылым ретінде қарастырады. Әлеуметтік философия қоғамды әлемдік жаратылымның ерекше бір бөлігі ретінде кең ауқымда қарастырып, оны ортақ ұғымдардың, заңдардың, категориялардың көмегі арқылы сипаттайды. Әлеуметтік философия қоғам дамуын табиғатта, қоғамда, адамның ойлауында өмір сүретін жалпы философиялық заңдардың осы процестегі өзінше көрінісін таба отырып талдайды. Ал социология қоғамның жалпы философиялық заңдардың, категориялардың, ұғымдардың ауқымына сия бермейтін өзіндік ерекше әлеуметтік байланыстары мен әсері, қырлары, жақтары мен ерекшеліктерін зерттейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz