Адамгершілік тәрбиенің теориялық негізі


МАЗМҰН
Кіріспе . . . 2
I. Адамгершілік тәрбиенің теориялық негізі . . . 6
1. 1. Адамгершілік ұғымының мәні мен маңызы . . . 6
1. 2. Ұлттық тәрбиедегі адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың тәрбиелік мақсаты . . . 16
II. Ауыл мектебінде оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселелері . . . 26
2. 1 Қазақ халықының адамгершілік құндылықтарының
ерекшеліктері . . . 26
2. 2 Халық педагокикасының құралдары арқылы адамгершілік құндылықтарды ауыл мектебінің оқушыларында қалыптастыру мазмұны . . . 40
Қорытынды . . . 64
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 67
Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау - масқара болушылық.
Б. Момышұлы
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкстілігі. Халыққа білім беру жүйесінде қазіргі ауыл мектебі оқушыларын адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселесі бүкіл қоғамның дағдарысты ауыл мектеп оқушыларын адамгершілік жағдайынан туындайтыны еліміздің қоғамдық экономикалық өміріне нарықтық қатынастардың енуіне байланысты өзгеріске түскен саяси, экономикалық, әлеуметтік мәдени, рухани жағдайлар ауыл мектептің жас ұрпақтардың тәрбиесінің проблемаларын жаңаша ойластыруды талап етеді.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында «Ауыл мектебі» атты бағдарламасында: «Ауыл дегеніміз -сайып келгенде, халықтың тұрмыс салтын, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары. Біз кез келген ұлттың түп тамыры ауыл жұртында жататынын естен шығармауға тиіспіз. Бәрінен бұрын тұрақтылық пен байсалды эволюциялық дамуға нақ осы жұрттың ықыласты екені де аян. Тәуелсіздік пен қуатты мемлекет мұраттарын айрықша қастерлеп терең сезінетінде осы жұрт, өйткені оның қаны мен жанында бабаларымыздың арманы мен үміті сол қалпында жатыр. Біз білім беру жүйесіндегі істің жағдайын міндет санаймын. Еліміз үшін мұғалім мәртебесін арттыру, ең алдымен, ауылды жерде арттыру ең бір өзекті мәселе» /1/.
Университет түлектеріне әлемдік деңгейде, өркениетті негізде білім, тәрбие беру - дүниежүздік кеңістікте зор мәні бар проблемаға айналып отыр. Осы проблемаға байланысты одан әрі жетілдіру ерекше мән берілуде.
Казіргі кездегі саяси және экономикалық жағдайдың тұрақтылығы мен кемелденеуі, адамгершілік құндылықтардың кемуі, білімге, адал еңбекке деген ұмтылудың азаюы, еңбек етуге, әр адамның, қоғамның, ұлттық және мәдени дәстүрлерден өзін шектеуге жас ұрпаққа теріс ықпалын тигізуде. Осындай кезеңде жас жеткіншектерге құлықтық немесе адамгершілік тәрбие берудің маңызы зор болып отыр. Ұрпақ тәрбиесіндегі адамгершілік тәрбие мәселелері баспа беттерін барлық уақытта орын алып тұрады.
Мысалы: С. Қабдиева, Т. Сламбекова, А. Бүркітбаева, Х. Наубаева, Л. Омарова, Б. Иманбековалардың еңбектерінде орын тапқан /2; 3; 4; 5; 6; 7/. Ауыл мектеп оқушыларын адамгершілік тәрбиесі тікелей моральмен немесе құлықпен байланысты. Ауыл мектеп оқушыларына құлықтық, немесе, адамгершілік тәрбие беру - зерттеудің көкейтестілігін анықтауға жол береді деп есептейміз.
Мектептегі, ұжымдағы, отбасындағы рухани адамгершілік тәрбие баланың Отанға деген сүйспеншілгін, еңбекке деген ұмтылысын нығайтады. Оның нәтижесі, дұрыс жеке тұлғалылық, адамға деген көңіл бөлушілік, өзіне деген талаптылықтан көрінеді.
Ауыл мектебі оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге негіз болатын педагогикалық шарттарын белгілеп алуымыз керек. Жасөспірімдерді рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу -адамдармен достық, мейірімділік, біреулердің қайғысы мен қуанышына ортақтасу, өзгелердің мінез-құлқы мен пікіріне төзімділік таныту кезінде жетіле түседі. Өйткені, біздің ойымызша, тәрбиенің заңдылықтары мен ұстанымдары тәжірибеде іске асады.
Зерттеудің мақсаты:
- Педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді оқып танысу, талдау.
- Ауыл мектеп оқушыларына адамгершілікке байланысты мәтіндермен, әдебиеттермен, халық ауыз әдебетінің құралдарымен таныстыру.
3. Адамгершілік құндылықтарды қалыптастыратын тәрбие сағаттар өткізу.
Зерттеудің міндеттері: Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ұлт тізгінін ұстап жастарымыздың тәрбиесіне мән беру - біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді.
Зерттеу нысаны: Ауыл мектептегі оқушыларда адамгершілік құндылықтар туралы түсінік беру.
Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы: Егерде ауыл мектептің оқушыларына адамгершілік туралы түсінік берсе, олардың адамгершілік құндылықтары асады.
Эксперимент базасы: «Отырар» ауданындағы А. Дәрібаев атындағы орта мектеп
Зерттеу жұмысы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1. Адамгершілік ұғымының мәні мен маңызы
Адамгершілік тәрбие әр уақытта, әр қоғамда болып келген. Яғни, адамгершіліктің кейбір бағыттары заман өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Себебі тәрбие - қоғамдық құбылыс.
Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықталатын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі ұстаздардың арнаулы мақсат көздеген қызметі.
Адамгершілікті мемлекет қайраткерлері, ғалым ұстаздар, көсемдер, небір жақсылар уағыздаған. Олар өз заманына сай ізгілікті парасатылықты, сананы, сезімді, саналылықты, инабаттылықты, салауаттылықты, адалдықты, шыншылдықты т. б. қасиеттерді насихаттаған. Адамгершілік тәрбиесі - біртұтас оқу-тәрбие процесінің негізі болып табылады. Адамгершілік қасиеттер мораль, этика, өнеге арқылы айқындалады. Мораль, этика, өнеге адамгершіліктің күретамыры болып табылады. Сондықтан да біз адамгершілік тәрбиені осылардан бастағанды жөн деп отырмыз.
«Мораль (латыншасы- моралис, құлық) - әлеуметтік шындықтың этикалық саналарын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттік, мінез-құлық, әдет-ғұрып т. б. ) бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі /8/. Мораль дегеніміз - адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымның өмір сүру ережелерінің жинтығы. Мораль дегеніміз олардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қатынастарын анықтайтын адамдардың ортақ тұрмысы мен мінез -құлқының нормалары мен ережелері болып келеді. Бұл нормалар мен ережелерді сақтау, ең алдымен ішкі жан дүние ойысуына байланысты болады.
Моральдың осы ұғымымен екі негізгі мәселе: адамдардың қатынасын реттеп отыратын осы нормалар мен ережелер немен және қалай анықталатындығы, әрі қандай да болсын адамның қылығын белгілейтін және қоғамдағы оның мінез-құлқының бүкіл бағытын анықтайтын ішкі жан дүние ойысуларының қалай қалыптасатындығына байланысты болады.
Мораль қоғамдық сананың ерекше формасы болып саналады. Сөйтіп, мораль таптық болып табылады да, тарихи сипатқа ие болады. Бұл, ең алдымен, сол бір тарихи дәуірде адамдардың сол бір қылықтары мен іс-әрекеттерін түрлі адамдар - түрлі таптың өкілдері - түрліше бағалайды, яғни бір адамдарға олар ізгі, әділетті адамгершілікті, ал екінші адамдарға зұлым, әділетсіз, қисық-қыңыр болып көрінеді деген сөз.
Дәл бір сондай әрекеттер мен қылықтар бір қоғамдық-тарихи формацияда, бір құрылыс тұсында бір бағаны алады, әрі басқа заманда, екінші құрылыс тұсында мүлде басқа бағаны алады.
Бірдей көрінетін моральдық қасиеттерге баға беруге әр түрлі көз-қарасты А. С. Макаренко өзінің еңбектерінде жақсы көрсеткен. Ол былай деп жазды: «Мысалға іскерлік сияқты аса маңызды қабілетті алайық. Буржуазиялық ұғымда да іскерлік дегеніміз жақсы қасиет қой. Бірақ буржуазиялық дүниеде іскерлік қалай ұғынылады? «Сен іскер болуға тиіссің»/9/. Буржуазиялық іскерлік дегеніміз ынжықтарды жану, олардың барлығынан асып түсу болып табылады.
Мұндай іскерлік дегеніміз - қанаудың құралы. Ал бізде әрбір қазақ азаматы іскер болуға тиіс. Бір адамның іскерлігі басқа адамның іскерлігіне кедергі жасай алмайды. Демек, бізде іскерлік дегеніміз адамгершілік қасиеті және іскерлікті талап ету-моральдық талап. Сөйтіп, біз әрбір адамның бойында іскерлікті тәрбиелеуге тиіспіз.
Адам бойындағы бар игі қасиет - мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан, еліміздің ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне мән беру - біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңда мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиеленуге мән бермей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани - адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.
Егер бұрын базалық білім беру ұғымы аясында жас ұрпақтың сауат ашу мен оларға ғылым негізін игеру әрекетін түсіндіріліп келсе, қазіргі бұл ұғым оқушылардың бойындағы адами құндыдықтарды, қайырымдылықты, сүйіспеншілікті дамытуды, сондай-ақ әділдікке зорлық-зомбылық жасамауға, бақытты бағалай білуге тәрбиелей отырып талап етеді.
Білім беру жүйесінің негізін оқушылардың рухани-адамгершілік тұрғысынан кемелденуге назар аудару керек. Жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер үлгісі берер тәлім-тәрбиесі мол болмақ. . Ал оның бәрі адамның бойында жас кезінен бастап қаланса тұрақты қалыптаспақ. Сонда ғана дұрыс бағыт алып, бағдарды ерте айқындаған баланың бойында бұл құндылықтардың қатары көбейіп саны арта түседі.
Тәлім-тәрбие баланың даму кезеңдерінде адамның рухани өзін қоректеуші болып, білімнен бұрын жеткізілуі тиіс. «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» деген Аль-Фараби /10/. Оқушылардың рухани - адамгершілігн дамыта отырып тәрбиелеу - адам бойындағы жағымды қасиеттер мен жағымсыз ойлар бала мен ішкі сезімдік байланыс орнатқанда ғана бір-біріне ауысады. Нәтижесінде өзіндік түсінік пайда болып, қимастық сезім туатындай жағдай туындауы мүмкін. Ондай кезде оқушы сабақтың тез аяқталуын күтпейді, керісінше жағымды қатынас мерзімін ұзартуға тырысады. Мұндай қатынас білім мазмұнын игеруге ең қолайлы сәттердің бірі болып табылады.
Көп бағыттағы әр салалы ұлттық тәрбиенің бір маңызды ұшы экологиялық туған жер табиғатын ойлауға келіп тіреледі. Міне, бала бойына адамгершілік құндылықтарын осындай пәндерді оқыту барысында қалыптастыру қажет. Ұлттық тәрбиенің өркенді мақсатының бірі - қазақстандық патриотизм . Бұл жалпы өмірде сана - сезім, идеология, саясат пен тәрбие үрдісі мен астарлас құбылыс. Жас жеткіншектерге ұлт қаһармандарының бейнесі мен тіршілік әрекеттері қашанда үлгі. Олар еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, айтқан құндылықтарының көрінісін сіңіру - мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Моральдың сипаты экономикалық және қоғамдық құрылыспен анықталады, өйткені оның нормаларынан белгілі бір таптың, әлеуметтік топтың, халықтың мүдделері де қарама-қайшы болады, әр түрлі моральдар қатар өмір сүреді.
Бүгінгі жағдайда бұрынғы кеңестік моральдың кейбір түрлері өзгерді. Мораль барлық қоғамда өмірдің саласында - еңбекте, тұрмыста, саясатта, ғылымда, отбасыда, әр түрлі қатынаста адамның мінезін, іс-әрекетін, қатынасын, санасын рет-тейді. Мораль этикамен байланысты
Этика - бұл философиялық ғылым, қоғамдық сананың формасы, қоғамдық қатынастардың түрі.
«Этика (грек тілінен - әдет, мінез-құлық) - мораль туралы, оның шығуы мен дамуы туралы, адамның өмір сүру салтының аса мәнді жақтарының бірі болып табылатын адамгершіліктің әр түрлі қоғамдық құрылыстардағы сан алуан формалары мен нормалары туралы ілімдер жүйесі»/11/. Этикаға нормативті этика (этикалық норма) және мораль теориясы кіреді.
Этикалық норма - адамдардың ұқсас қылық-мінездерін жалпы ережелер бойынша немесе тыйым салу арқылы реттеп отыратын адамгершілік «Этикалық норма - ешкімнің жарлығымен немесе үкімет шешімімен болмайды, дәстүр, қоғамдық пікір негізінде стихиялы түрде қалыптасатын құбылыс. Этикалық норма жалпы адамзаттық, таптық сипатта болады. Бұл қоғамдық-экономикалық формацияның ауысу кезінде ескі этикалық норма жаңа этикалық норма мен күреске түседі. Этикалық норма және мораль теориясы әрбір адамзатты саналылыққа тәрбиелеуде, адамгершілікке тәрбиесі теориясы мен тәжірибесін дамытуда елеулі орын алады. Этикалық норма мен мораль теориясының негізіндегі моральдың түрлері: ұжымдық, гуманистік, қарекетшіл, белсенді мораль болып бөлінеді.
Кеңес дәуірінде ұжымдық мораль бірінші орында болған. Ол жеке адамды еңбектегі және күнделікті тірліктегі іс-әрекетімен белгіленеді. «Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар», деген қағида осыдан шыққан. Қарекетшіл моральдың екі жағы бар: өзім үшін, ұжым үшін. Әрбір өнегелі азамат қоғам өміріне қайшы жағымсыз құбылыстармен мансапқорлық, алдау, сөзінде тұрмау, кертартпалық, нысапсыздық, әділетсіздік т. б. тікелей күресіп, жағымсыз қылықтарға тосқауыл қоюы керек. Гуманистік мораль шынайы адамгершілік қарым-қатынастары, ынтымақтастықты, ізеттілікті, адалдықты, кішіпейілдікті, қарапайымдылықты, қайырымдылықты, қуаттап уағыздайды. Ұжымдық мораль. Моральдың бұл түрі бүгінгі кішігірігім ұйым, қоғам, серіктестік, жеке қожалық т. б. кездеседі. Шынайы ұжымдық моральдың ұраны «У жесең де руыңмен же», немесе «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін». Мұндай принцип өзімізшілдікпен, менмендікпен, пайдакүнемдікпен сыйыспайды, жалпы халықтық, ұжымдық мүдделерді ұштастырады. Әр қоғамда бүкіл адам баласына тән ұзақ уақыт өзгермейтін моральдық этикалық нормалар бар. Бұл халықтың ұлттық әдеп-ғұрыптары, қалыптасқан дәстүрлер. Осылар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады, жастарға үлкен әсер етеді, ықпал жасайды. Мораль адамның мінез-құлқын, сана-сезімін реттейді, қарым-қатынас мәдениетін жасайды. Бірақ өмірде моральды бұзушылар жеткілікті. Әсіресе мына заманда: нашақорлық, жезөкшелік, алдау, жауыздыққа бару.
Мораль - қоғамдық сананың бір түрі. Ол адамдардың ара-қатынасынан туындайды: адамгершілікке жататын немесе адамгершілікке жатпайтын қылықтар арқылы белгіленеді. Немесе біз оны өнегелі, өнегесіз қылықтар дейміз.
Адамгершілік, өнегеліліктің өзі: өнегелілік сана, өнегелілік идеал деп бөлінеді.
Өнегелі немесе адамгершілікті сана - адамның қарым-қатынасынан, эмоционалдық іс-әрекетінен, мінез-құлқынан көрінеді. Өнегелілік баланың жас күнінен бастап, ата-ананың үлгісінен басталып ағайын-туыстың, жора-жолдастың ықпалымен, мектептің тікелей басшылығымен қалыптасады. Өнеге - адамның бір-біріне, қоғамға деген міндеттерімен қарым-қатынастарын анықталғанда көрінетін, олардың тәлім-тәрбиелілігі, үлгілігі, саналылығы, ережелерінің жиынтығы.
Өнегелік сезім ұяттан, ардан басталады. Сезімі, ар-ұяты бар адам адамгершіліктігін жоғалтпайды, қашанда да өнегелі болуға тырысады. Ондай адамның өнегелі идеалы (мұраты, мақсаты) болады.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекетінен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойына жастайынан мінез-құлық ережесі етіп қалыптасыру тәрбиеге байланысты. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды от басында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабатылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған. Ер балаларға ауылдың үлкендеріне қос қолдап сәлем беруді, қыз балаларға инабалық жасап, үлкендерге жол беруді, олардың алдын кесіп өтпеуді уағыздаған.
Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі - қайырымдылық, достық . Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай қатар салыстыра суреттеген. Еліне қайырымды, бойындағы бар қасиетті халыққа жақсылық жасауға адамды «Ел қамын жеген - ер», - деп дәріптеген.
Қазақстан Республикасы Парламентінің (27 маусым, 2000 ж) әлем парламентарияларына жолдаған «ХХI ғасыр - Бейбітшілік пен Адамгершілік ғасыры» қаулысында басты көзделген міндет - еліміздің тыныштығы мен ұрпақ тәрбиесіндегі әлемдік рухани ынтымақтастық, асқақ адамгершілік сияқты асыл қасиеттерімізді санаға сіңіріп, адамгершілік тұрғысынан болмасты түсіндіре отырып руханилыққа тәрбиелеу /12/.
ХХI ғасырдың табалдырығынан аттаған Қазақстан әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына, жалпы әлемдік, саяси-қоғамдық, әлеуметтік- экономикалық және әлеуметтік-мәдени құрылымдарға кіруге бет алды. Сондықтан, еліміздің туын биікке көтерер келер ұрпақтың білімді, білікті, ұлтжанды, жоғары мәдени, биік адамгершілік пен рухани қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу - адамзат алдындағы ең басты міндет.
Педагогика ғылымында баланы тәрбиелеуде бірнеше бағытта басшылыққ алады, олар: қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие, рухани-адамгершілік, салауатты өмір салты, экологиялық, экономикалық, эстетикалық және отбасылық мәдениет. Көп жылдық педагогикалық тәжірибе көрсеткеніндей, тәрбиенің толып жатқан түрлерінің нәтижесіз болуы оның рухани тәрбиемен байланыспауы. Ендеше тәрбиенің барлық салалары бір арнаға тоғысуы керек.
Қазіргі кезеңде ұстаздар қауымының алдында қойылатын міндет - жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру және осы мақсатта ұлтымыздың ұлы мұраларын жаңғырту, яғни, ұлттық құндылықтарымызды басшылыққа алу. Қазір мектеп жасындағы балалардың шылым шегуі, ішімдік ішуі, есірткі қолдану, т. б. келеңсіз көріністер жасыратын жағдай емес. Қылмыстың ең ауыр түрлеріне баратын жастар аз емес. Бұл қиындықтан шығудың жолын табу - ата-ана, педагогтердің алдында тұрған шешімі қиын міндеттердің бірі.
Е. Ильиннің: «Оқушылардың рухани дүниесін дамытпай, білім беру қажетсіз дүние. Мұғалімнің зерттеу нысаны - оқушының жеке жан дүниесін қалыптастыра отырып рухани-адамгершілікке тәрбиелегенде ғана олардың өздігінен жетілуіне мүмкіндік жасалады«, - дегені мәлім /13/. Оның идеясы бойынша, мұғалім жеткіншектің рухани қалыптасуына ықпал жасау арқылы оның өздігінен жетілуіне мүмкіндік жасайды екен.
Елбасы Н. Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегіндегі «Мағжанның жүрек тебірентерлік мөп-мөлдір лирикасы, Мұхтардың эпикалық көркем прозасы, Шоқанның барша әлемді таңқалдырған жаңалықтары, ұлы Абайдың түпсіз терең философиялық толғаулары сияқты осынша мол ұлттық құндылықтарымыз әрбір адамның ішкі жан дүниесін рухани байытып, сана-сезімін шарықтата көтеретініне күмән келтіре алмайсың », - деген салиқалы сөздер біз көтеріп отырған мәселені шешуде ұлттық құндылықтарды тиімді пайдалану керектігін көрсетеді /14/.
Демек ұлттық құндылықтарды игерген, рухани бай, өресі жоғары, білімді, ел болашағын ойлайтын тұлға қалыптастыру мәселесімен жұмыс істеу керек. Ең бастысы - тәрбиеге ерекше көңіл бөліп, білім беру. Мәселен, ғұлама ұлы бабамыз Әл-Фараби: «Тәрбиесіз қолға білім салма« десе, А. Байтұрсынов «Біз әрқашанда білімге ұмтыламыз. Негізінде, ең бірінші тәлімге ұмтылуымыз керек. Бізге тәлімді рух, тәрбиелі білім қажет» /15/, деп білімнен бұрын тәрбиеге көңіл аудару керектігін, тәрбиесіз адамға берілген білімнен ешқандай пайда жоқтығын атап өтеді. Ендеше осы қағидаларды біз арқашан жадымызда ұстауымыз керек. Ең алдымен, таза-жанды, иманды, арлы, намысты, ұлты мен ұлттық құндылықтарды сыйлайтын, сүйетін тұлға тәрбиелеуге тырысуымыз қажет.
Өшпес мұра қалдырған ойшылдарымыз Баласағұн, Қашқари, Ясауи, т. б. еңбектері - қазіргі ұрпақ тәрбиесі үшін теңдесі жоқ қазыналар. Сондай-ақ, Асан-қайғы, Ақтамберді сияқты ақын-жыраулардың толғаулары мен дана өсиеттерінің қазіргі жастардың тәрбиесі мен біліміне берер пайдасы, қосар үлесі қаншама?! Абай мұрасының, оның педагогикалық көзқарастарының алар орны тіпті ерекше. Жарық жұлдыздарымыз Шоқан, Ыбыраймен қатар ХХ ғасыр басында тәлімдік ой-пікірлерімен барша қазақ даласын дүр сілкіндерген Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек, Мағжандардың педагогикалық, психологиялық тұжырымдары қазіргі заман талабымен үйлесіп жатыр.
Біз ауызекі сөйлеу тілімізде де, әдеби тілімізде де «рухани-адамгершілік», «рухани бай», «рухани байлық», «рухани дүние», т. б. сөздер мен сөз тіркестерін жиі қолданамыз. Алайда, көпшілігіміз сол «рух» деген сөздің түпкі мағынасына мән бермейміз. Философиялық сөздікте «рух» көбінесе «идеалды», «сана», «ойлау» сияқты тірі түсініктер ретінде пайдаланылады. Философия жоспарындағы рухтың негізгі сұрағы материяға қарсы тұрады. Яғни, дінге сүйенетін болсақ, Хижра сүресіне рух туралы сөз қозғалған. Рух - таза және пәк әлемнің тамшысы. Оны адамның денесіне әкеліп салады. Денесінде рух салынған сәби ана құрсағында сол сәттен бастап қимылдай бастайды. Ол адамның жүрегінде мекендейді. Әр адамда екі қуат бар: біріншісі - тән, екіншісі - рух. Ж. Аймауытов бұл туралы өзіңнің еңбегінде: «Тәрбие екі түрлі: дене тәрбиесі және рух тәрбиесі. Хайуан көбінесе денесін тәрбиелейді, ал адам баласына дене тәрбиелеумен бірге рухын, ақылын, сезімін, жігерін, мінезін тәрбиелеуі керек. Дене мен рухы бірдей тәрбиеленген кісі сыңаржақтау болады» деп жазады /16/.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz