Қазақ тіліндегі жалқы есімдер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І ОНОМАСТИКАДАҒЫ СЕМАНТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР . . . 6

ІІ ТОПОНИМДІК ЖӘНЕ ЭТНОМӘДЕНИ КЕҢІСТІКТІҢ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 33

2. 1 ТОПОНИМДІК КЕҢІСТІКТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТЫ . . . 33

2. 2 ҚАЗАҚ ТОПОНИМИЯСЫНЫҢ КОНЦЕПТУАЛДАНУ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 50

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 63

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Әлемді тіл арқылы танудағы жалқы есімдердің орны мен маңызын ескерсек, ономастикалық тілдік бірліктердің ментальді-когнитивтік сипаттарын айқындай қазақ тіл білімінің қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қазақ ономастикасының алғашқы даму кезеңінде қазақ тіліндегі жалқы есімдер тілдік тұрғыдан зерттеліп, қазақ онимдерінің этимологиясы, лексика-семантикалық топтары, мағынасы, топонимикалық жүйелердің регионалдық ерекшеліктері айқындалды. Қазақ ономастикасы тарихындағы екінші кезеңде жалқы есімдердің этнолингвистикалық, лингвомәдени сипаттары, көркем мәтіндердегі қызметі, кумулятивтік функциялары зерделене бастады. Бүгінгі таңда қарқындап дамып келе жатқан когнитивтік лингвистика тұрғысынан қазақ онимиясын бағамдай келсек, жалқы есімдердің тек тілдік сипаттарын қарастыру жеткіліксіз болып көрінеді. Жалқы есімдердің бойындағы рухани және материалдық мәдениетті ұлттың танымдық тәжірибесімен сабақтастыра отырып, ментальді-когнитивтік түрде таңбаланғанын қарастырумен ерекшеленеді. Қазақ жалқы есімдерінің табиғатын, сипатын, қызметін жан-жақты қарастыру бүгінгі таңда қазақ ономастикасының өзекті мәселесі болып саналады, себебі қазақ этносының танымдық, когнитивтік болмысы қазақ ономастикасының материалдары негізінде әлі зерттелмеген. Мәдени, рухани мәнділік пен құндылыққа ие жалқы есімдерді қазақ этносының ішкі және айнала қоршаған болмысы туралы ғасырдан ғасырға жинақталған білім тәжірибелерінің, қоры ретінде арнайы зерттеу аса қажет деп тілеміз. Когнитивтік лингвистика мен лингвоканцептология арналарында қарастырылған жалық есімдер ұлттық рухани әлемді суреттейтін, терең мағыналық этномәдени мазмұнға ие мәдениет кеңістігінің ерекше құрылымы екенін көрсету тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Топонимдік жүйенің онтологиялық болмысын оның менталды табиғатынан бөлек қарастыруға болмайды, өйткені онтологиялық болмыс менталдық жүйе арқылы іске асады, біз оның онтологиялық қалпын қатар танып жатамыз. Сонымен қатар бұрын қолға алынбаған ономастикалық, оның ішінде ұлттық топонимдік концептінің когнитивтік құрылымын модельдеу мәселесі, ұлттық топонимикон мен ұлттық сананың шарттылығы, өзара байланысының мәдени парадигмада қарастырылып келуі, алайда топонимдік бірліктер мен деректердің этнобірегейлік, ұлттық бірегейлік маркерлері, оларды айқындаушы тілдік таңба ретінде осы жұмыс шеңберінде алғаш рет проблема ретінде қойылуы ғылыми жұмыстың өзектілігін айқындай түседі.

Зерттеу нысаны. Қазақ топонимдері мен жалқы есімдерінің халықтық географиялық атауларда, аңыздарда, батырлық эпостарда, көркем шығармалардағы тілдік көріністері, халық танымында орын алған ментальді-когнитивтік, концептілік құрылымдарына сйкес тілдік көріністері.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері . Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ дүниетанымының ономастикалық концептілердің дүниенің тілдік бейнесінің этномәдени ерекшеліктерін айқындаушы құрылымдар ретіндегі орнын, ұлттық когнитивтік базадағы және оның өзегіндегі құрылымдық элементі - топонимдік кеңістіктегі қазақ халқының жер-су атаулары жөніндегі білімдері мен түсініктерін жүйелеу, анықтау.

Соған сай біраз міндеттерді шешу көзделді. Ономастикалық тілдік бірліктердің когнитивтік, лингвомәдени, семиотикалық аспектілерін көрсету; ономастикалық концептілердің негізгі ерекшеліктерін анықтау; ономастикалық концептілердің кумулятивтік қызметінің ерекшеліктерін нақты дәйектік негізде дәлелдеу.

Ұлттық топонимдік кеңістіктің категориалды аймақтарын, идеографиялық мазмұнын айқындау, топонимдік ақпараттардың жіктемесін жасау, ұлттық онимдердің негізгі айырымдық белгілерін айқындау; топонимдік номинацияның лингвокогнитивтік негіздері мен психолингвистикалық механизмдерін анықтау; топонимдік жүйедегі тілдік бірліктерді ұлттық бірегейліктің, этникалық бірегейліктің сипаты ретінде қарастыру.

Зерттеудің ғылымилығы мен жаңашылдығы. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер когнитивтік лингвистика мен лингвоконцептология тұрғысынан арнайы зерттелді; зерттеу барысында когнитивтік ономастика теориясының негіздеріне қатысты теориялық тұжырымдар жасалды; зерттеудің барысы мен нәтижесі ретінде когнитивтік ономастиканы дәйектеп дәлелдейтін ономастикалық лингвоконцептология негіздері анықталды, ғылыми негізде тұжырымдалды.

Ұлттық топонимдік кеңістіктегі атаулар когнитивтік базаның халықтың топонимдік білімдер жүйесін құраушы, сақтаушы, таратушы элементі ретінде а кешенді сипатта қарастырылды, қазақ ономастикасында топони мдік ақпарат түрлерінің жіктемесі жасалды, қазақ онимдік атауларының мәртебесі, олардың тілдік, танымдық әлеуетін білдіретін параметрлер мен белгілер айқындалды.

Топонимдік концептінің когнитивтік матрицасының моделі құрылымдалды, көркем мәтіндегі репрезентация ерекшеліктері сипатталды, қазақ тілі топонимиконы мен ұлттық сана байланысы атаулар жүйесінің ұлттық бірегейлік көрсеткіші ретінде қарастырылды.

Зерттеу материалдары. Қазақ жалқы есімдерінің когнитивтік, лингвомәдени, семиотикалық аспектілерін ономастикалық лингво-концептология мен когнитивтік ономастика арналарында қарастыру үшін ақын-жыраулардың шығармаларынан, ауыз әдебиеті үлгілерінен, қазақ шежірелерінен, қазақ халық композиторлары әндерінен, көркем әдебиеттерден, мерзімді баспасөзден, ғылыми дереккөздерде жиі қолданылатын жалқы мен жалпы атауларға қатысты тілдік деректер пайдаланылды. Лингвистикалық, топонимдік, энциклопедиялық сөздіктер, анықтамалықтар мен ғылыми-көпшілік әдебиеттер, фразеологиялық сөздіктер, Қазақ әдеби тілінің сөздігі Қазақ тілінің сөздігі пайдаланылды.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы. Қазақ тіліндегі ономастикалық жүйе осы зерттеуде қазақ когнитивтік ономастикасы мен ономастикалық лингвоконцептология арналарынада зерделеніп, соған сәйкес теориялық тұжырымдар жасалды. Зерттеу барысында қол жеткен ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар когнитивтік лингвистика, жалпы лингвоконцептология, салыстырмалы лингвоконцептология, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, ономастикалық семиотика т. б. ғылыми пәндерінің нысанасындағы өзекті мәселелерді айқындауға және теориялық тұрғыдан ары қарай дамытуға жәрдемін тигізеді. Зерттеудің нәтижелерін теориялық және практикалық зерттеулерде, жоғары оқу орындарына арналған ономастика, топонимика, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, әлеуметтік лингвистика пәндері бойынша өткізілетін арнайы курстар мен семинарларда қолдануға болады. Ғылыми жұмыстың негізгі материалдары мен теориялық тұжырымдарын жоғары оқу орындарында когнитивтік ономастика, когнитивтік лингвистика, аталым теориясы, психолингвистика, биолингвистика салаларынан дәрістер оқуда, арнайы семинарлар мен курстар жүргізуде, оқулықтар мен оқу құралдарын жасауда пайдалануға болады

Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеуде қолданылған сипаттама жасау, жүйелеу, бақылау, салғастыру, түйіндеу, жіктеу, талдау әдістері, талданатын материалдың когнитивтік - лингвистикалық, , , семиотикалық сипаттамалар беруге көмектесті. Зерттеу барысында таза лингвистикалық зерттеу әдістерімен қатар өзге ғылымдардың зерттеу инструментарийлері де қолданылды, олар: сипаттама жасау, жүйелеп салғастыру, түйіндеу, жіктеу, концептілік талдау, компоненттік талдау әдістері. Сонымен бірге концептінің когнитивтік матрицасын модельдеу барысында концепт фреймдеріндегі топонимдік, мәдени ақпараттар мен деректерді мәтінді сызба түрінде формалдау - фреймдік модельдеу әдіс-тәсілдері, психолингвистикалық процедуралар мен ассоциативтік сауалнама, диаграмма, кесте, сызба түріндегі статистикалық-жиілік әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ОНОМАСТИКАДАҒЫ СЕМАНТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Бүгінгі таңда қарқындап дамып келе жатқан когнитивтік лингвистика тұрғысынан қазақ онимиясын бағамдай келсек, жалқы есімдердің тек тілдік сипаттарын қарастыру жеткіліксіз болып көрінеді. Жалқы есімдердің бойындағы рухани және материалдық мәдениетті ұлттың танымдық тәжірибесімен сабақтастыра отырып, ментальді-когнитивтік түрде таңбаланғанын қарастырумен ерекшеленеді. Жалқы есімдердің лингвомәдени ауқымы ұлттық мәдениеттің және рухани құндылықтардың тілдегі көрінісі әдебиет, фолклорда берілуі арқылы кеңи түсетіні байқалады. Әлемдік және отандық тіл білімінің қазіргі таңдағы дамуы лингвистикалық зерттеулердің антропоцентристік бағытталуымен сипатталады, тілді ішкі жүйелік талдаудан антропоцентристік талдауға көшу ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы тіл білімінің есте қаларлықтай ерекшеліктерінің бірі болып табылады, өйткені тілдік құбылыстарды зерттеуде лингвистика адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы дыбыс, сөз құрамы және грамматикалық тәсіл жүйесімен шектеліп қала алмайды.

В. А. Маслованың пікірінше: «Абай және тіл» когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселесіне айналып отыр. «Когнитивтік лингвистика лингвистикалық зерттеулердің шеңберін кеңейте түсетін қазіргі антропоцентристік парадигмалар шегіндегі когнитивизм негізінде туындайды» [1. 9] .

Антропоцентристік парагдима өз шеңберінде этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология тәрізді жаңа бағыттарға жол ашады. Антропоцентристік бағыттағы 2зерттеулер ең алдымен қабылдау (восприятие), ойлау (мышление), тіл (язык), есте сақтау (память), әрекет ету (действие) тәрізді адамның когнитивтік құрылымына ерекше мән беріп, ден қоя бастады.

Когнитивтік лингвистика - адамның танымы мен білімі, дүниені қабылдау және ұғыну механизмі туралы ғылым. Когнитивизм - адамның ойлау әрекетін тереңінен танытатын, трансформациялауда маңызды рөл атқаратын таңбалар жүйесі ретінде қарастырылатын лингвистикалқ бағыт» [2, 53] . Когнитивтік лингвистика когнитивтік құрылымдарды қарастырумен қатар адам санасында тілдік және тілдік емес ақпараттарды игеру, өңдеу, қолдану тәрізді әрекетттердің жүзеге асуын қарастырады. Сондай-ақ тілдік таңба арқылы қодқа салынған ақпараттарды ашу немес ақпараттарды кодқа салу тәрізді әрекеттер когнитивтік лингвистиканың құзыретіне жатады.

Когнитивтік лингвистика жалқы есімдерді зерттеуде жаңа бағыттарға жол ашады, бұл дегеніміз бұған дейінгі этнолингвистикалық, дәстүрлі, жүйелі-құрылымдық, лингвомәдени, әлеуметтік лингвистикалық парадигмалары жоққа шығармайды, қайта керісінше ономастикалық процестерді жаңа тұрғыдан көрсету мен ұғынуға ұмтылыс жасалады. Когнитивтік лингвистика жеке лингвистиканың аумағынан шыға отырып логика, психология, әлеуметтану, философия пәндерімен байланыс жасауға мүдделі болмақ, ал мұның өзі осы саладағы ғылымның ауқымын кеңейтеді.

Қазақ дәстүрі ономастикасында қазақ тілінің жалқы есімдері негізінен семантикалық, құрылымдық әдіс тұрғысынан жүйелі түрде зерттелді, мұнда ономастикадағы семантикалық және құрылымдық қатынастардың типологиясына назар аударылды. Қазақ ономастикасында, сондай-ақ бүкіл тіл білімінде таным шарттары мен құралдары ретінде тілдің рөлі мен трансформациялаудағы тілдің таңбалау жүйесі екенін айқындауға көп көңіл бөлінді. Дегенмен, қазақ онимдерін номинациялау мен функциялауда адамның танымдық және ментальдік қызметі толық шамада лингвистикалық зерттеу пәні болып қалыптаса қойған жоқ.

Е. Ә. Керімбаев қазақ ономастикасының белгілері мен қасиеттерін когнитивтік сипатта төмендегіше көрсетелді: «Қазақ халқының түсінігінде дүние моделі болып анықталатын қазақ онимиясы тілдік қызметте, өзінің тілдік функциясында іске асырылады»; «Тілдік тұлғаның жеке ономастиканының функциялану сипатынг айқындау қажет, ол лингвокогнитивтік, уәждік деңгейлеріне тәуелді болады, тұлғаның тезаурусы тілдік таңбаларды қолдану деңгейлерінің бейнесі мен көрінісі болып табылады» [3. 176] .

Г. А. Брутян, Р. И. Павиленис т. б. философтар, Ю. Н. Караулов, Г. В. Колшанский, В. И. Постолова, Г. В. Рамишвили, Б. А. еребренников, В. Н. Телия сияқты лингвистер тарапынан дүниенің концептілік және тілдік бейнесі ажыратылып көрсетіледі. Тілдік формада берілген дүние туралы білімдердің жиынтығы түрлі тілдік концепцияларда бірде «дүниенің тілдік көрінісі», бірде «дүниенің тілдік моделі», бірде «дүниенің тілдік бейнесі», бірде «тіл аралық дүние» деп көрсетіліп жүр. Егер дүниенің тілдік бейнесі түрлі деңгейдегі тілдік бірліктерде дүниенің ұлттық бейнесін көрсетсе, онда ономастикалық деңгейдегі жалқы есімдер дүниенің ұлттық, тілдік бейнесінің фрагменті болып табылады да, дүниенің ономастикалық ұлттық бейнесін құрай алады деп қисынды түрде айтуға болады.

Осыған орай қазақ ономастикасының ұлттық болмыс концептілерін жасауға қатысты тіл мен таным процестерінің ара қатынасын көрсету тіл қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді деуге болады. Дүниенің тілдік бейнесі, ұлттық болмысы әр этноста әр түрлі болуы этностың тәжірибесі, білімімен байланысты. Өйткені тілдік таңбаның таңбалаушы қызметі сыртқыдүниемен байланысында ғана емес, адамның өмірден көрген-білгені, көңілге түйгені білімінің негізі болып табылады. Оның тілдік бейнесі, ұлттық рухани болмысы әр халықта әр түрлі. Дүниенің ономастикалық бейнесін, дүние туралы білімдердің жиынтығын, тілдің дара бірліктерінде нақты тілдік қауымдастықтың ұлттық тарихи-мәдени және әлеуметтік тәжірибесі ретінде елестетуге болады. Адамдардың қандай да бір лингвомәдени қауымдастығының құнды тәжірибесі, дүниені тануы мен түсінуі итілде жалпы есімдер арқылы ғана емес, сондай-ақ жалқы есімджер арқылы да беріледі. Жалқы есімдер мәдениеттің басты концептілерін суггестивтік формада бере отырып, айқын түрдегі кумулятивтік функцияға ие. Жалқы есімдер онимдер арқылы тілдік таңбаларға, тілдік бірліктерге айнала отырып, дүниенің ономастикалық моделі немесе бейнесі адамның дүние туралы түсініктерін және дүниені тану қасиеттерін бейнелейді, сол себепті болса керек, адам тілінің антропоцентристігі сияқты олар да антропоцентристік қасиетке ие. Ұлттық дүниетанымды, мәдени-тарихи әлеуметтік құндылықтарды түсіну үшін жалқы есімдердің антропоним, топоним, зооним, этноним т. б. түрлі категорияларына сүйену арқылы антропонимиялық, топонимиялық, этнонимиялық, дүниенің басқа да бейнелері құрылады. Дүниенің антропонимиялық бейнесі дегенді қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі, әл-ауқаты, хал-жайы, тіршілік тұрмысы жайындағы ақпаратты алу, оны қайта өңдеп халыққа беру деп түсіну керек. Ал, дүниенің топонимиялық бейнесі адам өмір сүріп, тіршілік еткен шаруашылығы мен танымдық қызметі іске асатын географиялық орта туралы ойлау, сөйлеу ақпаратын бекітеді. Қазақ топонимиясы - георафиялық жалқы атаулардың жай ғана жиынтығы емес, ол ментальдік факторларды көрсететін ономастикалық деңгейдің лексикалық бірліктерінің жүйесі. Мәселен, көшпелі қазақ пен малшы табиғатқа және географиялық ортаға өзінің шаруашылық қажеттігіне орай қалыптасады, сондықтан да топонимдерде тек табиғат пен географиялық объектілер ғана емес, осы табиғат пен оның объектілерінің қабылдануы бейнеленеді.

Қазақ халық терминологиясын зерттеуші Г. К. Қонқашпаев « . . . өмірдің өзі оны (малшыны) қандай да бір жайылымның ерекшелігін жан-жақты білуді ғана мәжбүрлеп қойған жоқ, (әсіресе жер бедерін, ауа райы, өсімдіктер, су және бұлақ көздерін, оларды пайдалану мерзімдерін, әр түрлі малдарға пайдалануға жарамдылығы т. б. ) сонымен қатар малды ыңғайсыз ауа райынан қорғау үшін көшіп бара жатқанда бағыт-бағдар алуға қызмет ете алатын ландшафтың барлық ұсақ ерекшеліктерін де белгілеп отыруға тәуелді етті» [4. 39] - деп нақты түрде атап өтті.

Когнитивтік лингвистикада да дүниенің тілдік бейнесі концептілерді бөлу мен ішкі танымдық коды (репрезентация) негізінде зерттеледі, концептіге ұғым енгенімен, ол ұғыммен шектеліп қалмайды, концепт қайта сөзге қатысты барлық ақпараттарды қамтып отырады. Сөзде сөздің алуан түрлі ассоцациялық байланыстарын бейнелейтін денотативті және коннотативті мазмұн болмақ, олар өз ішіне көптеген лексикалық бірліктердің мағыналарын жинақтайды. Концептіде әрбәр тәілдік тұлғаның мәдени деңгейі іске асады, концептінің көрінісі сөзде ғана емес, сондай-ақ сөз тіркестерінде, дискурста сөйлеуде, мәтіндерде де жүзеге асырылады.

Жалқы есімдер жүйесі ономастикалық деңгейде қазақ мәдениетінің негізгі концептілерін тілдік тұрғыда жаңғыртып көрсетуге қабілетті. Қазақ мәдениетінің инегізгі концептілерінде бекітілген тілден тыс аялық білімдерді тіл арқылы көрсетуді жалқы есімдердің материалдары негізінде ғана емес, сондай-ақ фразеологизмдер, дискуртар, мәтіндер матералдары негізінде де байқауға болады. Біз жұмысымызда негізінен концептілдердің ономастикалық тұрғыдан вербалдануын қарастырамыз. Концептілердің ментальдік құрылымдарының мән-жайын ашып көрсету үшін ономастикалық мәтіндер: фольклорлық мәтіндер мен ритуалдар, жалпыға бірдей қалыптасқан қоғамдық дәстүр, әдет-ғұрып, түрлі формадағы адамның іс-әрекеттері, әлеуметтік институттар, материалдық мәдениет ескерткіштері, дүниенің таңбалық моделін іске асыру ретінде ұғынылатын басқа да семиотикалық мәдени мәтіндер пайдаланылатын болады.

Қазақ жалқы есімдерінің жүйесін зерттеуге арналған концептологиялық бағыт қазақ ономастика бойынша жинақталған бай иллюстрациялық және теориялық материалдарға жаңа тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді, мұның өзі қазақ ономастикасындағы когнитивтік зерттеулердің ауқымын кеңейтіп, әрмен қарай жалғасын табуға негіз болады.

Қазақ жалқы есімдерінің ноимнативтік қызметіндегі аспектілер. Егер қазақ жалқы есімдерін зерттеудегі когнитивтік әдісте «жалқы есім» және «ойлау, білім» қатынастары негізге алынатын болса, қазақ онимдерін зерттеудегі әдісте мәдени-ұлттық сана мен оның таңбалық белгісі аралығында жалқы есімдер мен мәдениеттің қатынасы, өзара әрекеті басты назарға алынады. Кез-келген тілдік, соның ішінде ономастикалық құбылыстың табиғатын тек тілдік заңдылықтарына сүйеніп қана қоймай, сонымен қатар халықтың дүниетанымына, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына назар сала қарау лингвомәдениеттану пәнінің үлесіне тимек.

Қазақ есімдерінің осындай лингвомәдени типтері семантикалық маңызға ие белгілі бір әдет-ғұрып және ритуалдармен байланысты болып келеді. Анторпонимдердің мұндай типтерінің лингвомәдени семантикасына белгілі қазақ ономасты, профессор Т. Жанұзақов жан-жақты сипаттама береді: Мұндай түрдегі есімдер барлық түркі тілдерінде келесі нұсқаларда кең тараған: « . . . қазақша Тоқтасын, Тұрсын, Тоқтар, Тоқтамыс, Ұлтуар; түркіменше Турсун, Турды, Иектер, (жетер) ; өзбекше Турсун, Тохта; құм. Олмес, Қалсын. Егер отбасында бірнеше қыз дүниеге келіп, бр де бір ұл тумаса, ең соңғы қызына ендігіде қыз туылмауы үшін Қызтумас деген есім беретін. құм. Қыстаман - қызтумау немесе Улангерек - ұл керек; қырғ. Бурулгу-бұрылшы, Тоқтобубу - тоқта бибі» [5. 9-10] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемнің тілдік бейнесі – ағылшын және қазақ антропонимдерінде
Ертегі кейіпкерлерінің есімдеріне тілдік талдау
Қосарланған зат есімдер
Бастауыш сыныпта зат есімді оқыту
Қазақ және түрік тілдеріндегі антропонимдердің ерекшеліктері
Ағылшын және қазақ тіліндегі лакуналар мен жалқы есімдерді баламасыз лексика ретінде қарастыру және олардың аудару кезіндегі ерекшеліктерді анықтау
Зат есімнің көптік тұлғада қолданылуы
Қазақ антропонимдерін зерттеудегі тіл мен мәдениет сабақтастығы
Ономастика және әдеби ономастика
Қазақ тілі мен әдебиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz