Ғылымның парадигмасы теориясы мен әдіс-тәсілдері


Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Гуманитарлық ғылымдыр факультеті
Білім технологиясы кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ғылымның парадигмасы теориясы мен әдіс-тәсілдері.
Қабылдаған: PhD, доц. м. а. Абдуллина Г. Т
Орындаған: Анарбаева А
Тобы: ММД-411
Жоспары:
- Білім беру парадигмасы туралы түсінік.
- Білім беру парадигмаларының түрлері және олардың сипаттамалары
Білім беру жүйесінің парадигмасы
Парадигма- зерттеу міндетінің шешім үлгісі ретінде қабылданған теория. Жалпы парадигма дегеніміз - ғылымдағы белгілі бір тарихи кезең аралығында орын алатын мәселені қою мен шешімін табудың, зерттеу тәсілдерінің концептуалды моделі немесе сызбасы. Ғылым философиясына бұл ұғымды нормативті методологияны сипаттау мақсатымен Г. Бергман енгізіп, ғылыми революция теориясын сипаттайтын өзінің ұғым жүйесін ұсынған Т. Кунмен дамытылды. Кунның пікірі бойынша парадигмалардың ауысуы ғылыми революцияны білдіреді. Мысалы, Н. Н Еременко келесідей парадигмаларды бөліп көрсетеді.
-жалпы ғылымдық, қызмет түріне, білім саласына тәуелсіз қоғамдық масындалатын;
-жеке(арнайы) , білімнің әртүрлі саласына теориялық негізді қалыптастыратын және саладағы қызметте қолданылатын; -локальді белгілі бір өркениет немесе елдің жеке прадигмаларын қолдану. Парадигма латын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «үлгі» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі заман педагогикасында ол білім берудің концептуалды моделі ретінде қолданылады. И. А. Колесникованың айтуы блйынша «парадигмалардың көп түрлі болуы педагогикалық өркениетпен байланысты, сонымен қатар адамзат табиғи педагогика кезеңдерінен және репродуктивті- педагогикалық өркениетпен өтіп, препродуктивті-педагогикалық өркениетке өтіп жатыр. » Археологиялық, этнографиялық, антропологиялық және де басқа деректерге қарағанда бірінші кезеңде «педагогикалық іс-әрекет» ересек пен бала өмірінің табиғи ағымына кетті деп болжауға болады. Адамдардың әлеммен өзара әрекеттілікке түсінуінің түрлі әдістерін игеру мөлшеріне қарай педагогикалық парадигмалардың қалыптасуы болған және қазір де болып жатыр. Қолданылатын парадигмалардың қай-қайсысы болса да, жақсы немесе жаман болуы мүмкін емес. Олардың әрқайсысы әлемді және педагогикалық объектілердің қабылдауына, оның мәнінің түсіндірілуіне, оқу-тәрбиелік процестің құрылуына жауап береді. Білім беру парадигмалары: Дәстүрлі-консервативтік Бұл жерде «консервативті» сөзі позитивті жағында (яғни білімнің көмегімен мәдениетті тұрақтандыру, сақтап қалу) қолданылады. Рационалистикалық - мәдениеттегі шығармашылық тәсілге сәйкес және адамды мәдениетке бейімдеу үшін қолданылады. Феноменологиялық (гуманистік ) - адамға мәдениеттің басты феномені, білім беру субьектісі ретінде қатынасу.
Парадигмалар біріншіден білім берудің мақсаттарына байланысты, екіншіден, мектептің функциясын түсінуге, мақсатқа жету әдістеріне, педагогикалық өзара әрекет сипатына, білім берудегі оқушының орнына байланысты ажыратылады. Бұл парадигмалардың әрқайсысы білім берудің алдына сұрақтар қояды:
Әлеуметтік институт ретіндегі мектеп функциялары туралы; Білім жүйесінің тиімділігі туралы;
Мектеп басымдылықтары туралы;
Білім берудің мақсатының қоғамдық маңыздылығы неден құралатындығы туралы;
Білімнің, дағдының, тәжірибенің қайсысы немесе қандай түрі құнды және қазіргі заманның білім беру жүйесі қандай болу керектігі туралы:
- Е. А. Ямбургтың жіктеуі бойынша: когнитивті-ақпараттық - бұл парадигма адамзатпен жинақталған барлық білімді, дағдыны, тәжірибені максималды көлемде балаға берудің қажеттілігі туралы тұрақты көзқарастан туындайды; тұлғалық- бұл назар баланың интеллектуалды дамуынан эмоционалды және әлеуметтік дамуына аударылады; мәдениеттілік - тез өзгермелі әлемде тірі қалуға көмектесетін оңтайлы білім мен дағдының балаға керек екендігін қолдай отырып, мұғалімді негізгі міндеті-балалық тұлғасын қалыптастыруға қарай бағытталады. компоненттілік - бұл парадигма когнитивті-ақпараттықтан туындайды, бірақ одан айырмашылығы - ол практикалық бейімделуді күшейтеді, мобильді, дағдылы етуді, оның тек фактілер жинағының иесі ғана емес, сол фактіні алудың әдістері мен технологиясының иесі ретінде де қалыптасуына дайындауға ұмтылады.
Білім беру парадигмаларының түрлері және олардың сипаттамалары
- Эзотерикалық және дәстүрлі-консервативтік парадигмалар
- Технократтық және бихевиористік парадигмалар
- Гуманитарлық және дәстүрлі-консервативтік парадигмалар
Біздің планетамыздағы ең көне білім беру парадигмасы, грек тілінен аударғанда «эзотерикалық» деген сөз құпия, жасырын тек арнайы адамдарға арналған (діни, сиқырлы, мистикалық) ұғымдарын білдіреді. Оның мәні - мәңгілік және өзгеріссіз ретінде болатын ақиқатқа қатынас. Педагогикалық іс-әрекеттің жоғыры мағынасы оқушының ғарышпен байланысына қажетті табиғи күшті босату және дамыту, сонымен қатар оқушының өте терең біліміне керекті табиғи күшті дамыту. Бұл парадигма бойынша, оқу-ақиқатқа апаратын жол, оны оқу мүмкін емес, оған тек қосылуға болады. Осыдан педагогикалық процесс - ғылыми-технократтық парадигмадағыдай хабар емес, гуманитарлық парадигмадағы сияқты қарым-қатынас емес, бірақ ақиқатқа жақындау, оның нәтижесінде «сезіну-күш» түсінігі туындайды. Бұл парадигмада адамның өзі әлеммен ақпараттық өзара әрекеттің негізгі органы болып шығады. Мұндай логика оқушымен жұмыстың ғылыми көзқарас динамикасын немесе бөлек білімді қарастырмайды. Мұнда тәжірибе, жағдай, уайымдау динамикасы басымдылық көрсетеді. Оқушыны табу мен іздеу, дайындау циклі адамның ішкі табиғатын қайта құрудың ұзақ мерзімді жұмысы. Эзотерикалық дайындауда шыңдау, айтқанды орындау сайысы міндетті болып келеді, бұл кезеңде оқушы үндемей, сұрақ қоймай, оқытушының барлық тапсырмаларын орындауға міндетті. Бұл парадигмада бағалау аспектісі «жойылады», себебі бағалау обьектісі болмайды - тұлға. Ол - біртұтастың бір бөлігі ретінде ғана шығады. Экзоретикалық парадигма өркениеттерге белгілі болған: Египет, Вавилон, Индия, Америкаға. Пифагор, Тибет ламасы, проваславтық әулие мектептері осы парадигмаға негізделсе, рухани дәстүрді алып жүрушілер экзотерикалық механиканы игере білген деп көрсетіледі.
Дәстүрлі-консервативтік (білімдік) парадигма Бұл парадигма негізінде «жинақтау» идеясы, яғни мектептің «жинақтаушы», консервативтік идеясы жатыр. Оның мақсаты болып жас ұрпаққа мәдени мұраны, идеалды және құндылықтарды (олардың индивидуалды дамуы мен әлеуметтік тәртіпті сақауы үшін нлес қосатын ) беру мен оны сақтау табылады. Сондықтан мектеп бағдарламаларының мазмұны базалық, уақытпен сыналған білімдерден, дағдылардан тұруы қажет, ол балаға функционалдық сауаттылық пен әлеуметтік қасиет береді. Бұл академиялық бағыт мектепті өмірмен байланыстырмайды. Дәстүрлі-консервативтік (білімдік) парадигма үш постулаты бөлінеді:
- Бірінші постулат - білім берудің негізінде базалық білім және сәйкес дағды мен оқу әдістері, біліктер болуы керек;
- Екінші постулат - білім берудің мазмұнын нағыз маңызды және қажетті білімдер құрау керек. Білім беру жүйесі академиялық сипатта болады, ғылымның базалық салаларына бағытталуы қажет.
- Үшіншісі - гуманистикалық, мұнда баса назарды этикалық, яғни жалпы адамзаттық құндылықтарға аудару қажет.
Технократтық парадигма Бұл парадигма жағдайында оқу-тәрбиелік процесстің нәтижесі «иә-жоқ», «біледі- білмейді», тәрбиелі-тәрбиесіз», «игерген-игермеген» деген жүйеде бағалануы мүмкін. Мұнда дайындық, білімділік, тәрбиелік деңгейіне салыстыратын эталон, идеал, норматив болады. Қарастырылып отырған парадигмадағы философиялық-педагогикалық сезіну деңгейіндегі «ғылым мен білімге махаббат» негізгі орын алады. Ал балаға деген махаббат артық саналып, этикаға сәйкес сыйластық пен танымдылық оның орнын басады деп саналған. Бұл парадигмаға сәйкес оқушы мен ұстаздың еркіндіктері қабылданған стандарттар мен нормативтер шегінде ғана болады. Айтарлықтай теңдік болмайды, себебі барлық уақытша сол параметрлер (жоғарыда айтылған) бйынша барлығы бір-бірімен салыстырылады. Ғылыми-технократтық парадигма алғашында ізденіс мүмкіндіктерінің еңдігіне деген сенімділік логикасына сәйкес құрылған болатын. Осыдан әлемдік педагогикалық мәдениеттегі түрлі сынаулар, білім беру стандарттары туындады. Технократтық логика шеңберіндегі өзара қарым-қатынасты реттеу нормалары сыртқы заңдар аясында жатыр, қатысушыны бағалауға қатысты позицияға жауапкершілік жүгін оқытушыдан белгілі бір дейгейде алып, ал оқушыдан білімнің сапасына деген жауапкершілік алып жасатады.
Алайда бұл парадигма индивидтің мүмкіндіктеріне сенімсіздік негізінде құрылғанымен, адамзат оған көптеген өнімді педагогикалық технологиялары және жұмыстың қызықты түрлері үшін міндетті. Оған трафаратпен жазу, бағдарламалау, компьютерлік ойындар тағы да басқалары, яғни күрделі педагогикалық процесті реттеуге, бағалауға, кері байланысты орнатуға көмектесетіндер жатады.
Бихевиористік парадигма Бихевиористік (рационалистік, тәртіптік) парадигма, оның негізінде білім немесе мәдениет емес, психологиялық бейімделу - бихевноризм жатыр. Бихевноризм - адамның сыртқы ортаның әсеріне реакциясын қарастыратын, тәртіптің психологиялық теорисы: стимул - реакция. Бұл теориямен мектептің рационалдық моделі байланысты, модель мектепті - ортаға бейімделудің білім беру механизмі ретінде қарастырады. Білім берудің басты принципі - процестің сыртқы шарттарын реттеу және оған қатысушылардың кері жауабын реттеу болып табылады. Бұл парадигма мектептегі оқушының тиімді тәртібін қалыптастыру мақсатымен білім алу жолы деп қарастырып, ұстанымы келесідей болыды: «Мектеп - фабрика, ол үшін оқушы - «шикізат»».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz