Қаржылық жоспарлау



Жоспар

4.1.Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары мен әдістері.
4.2. Қаржы жоспарларының жүйесі.
4.3. Қаржылық көрсеткіштер.
4.1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары мен әдістері.
Қаржылық жоспарлау мен болжау – бұл қаржы механизімінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамассыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материялдық-заттай элеменнтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндірісте белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шарушылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процес тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микро деңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс). Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгілінітін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, құралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған прцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болп табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.
Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

4.1.Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары
мен әдістері.
4.2. Қаржы жоспарларының жүйесі.
4.3. Қаржылық көрсеткіштер.

4.1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары
мен әдістері.
Қаржылық жоспарлау мен болжау – бұл қаржы механизімінің қосалқы
жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементерінің бірі және
әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың
үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық
кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс
өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамассыз етуге, халықты әлеуметтік
қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол,
бұл жоспарлау өндірістің материялдық-заттай элеменнтері турасында,
ақшамен қоғамдық ұдайы өндірісте белсенді ықпал жасау турасында ақша
қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында
жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді
ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шарушылықты
жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын
ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процес тәртіпті (реттілікті)
анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді
жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын
қолдануды қажет етеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп
дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық
жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар
экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде
қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды
бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микро деңгейлерде қаржы
ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс).
Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгілінітін болжамдар нақтыланады,
нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске
асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін
әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу,
құралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге
бағытталған прцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты
құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды
және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері
мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары
мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы
жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болп табылады. Әрбір жоспарда
белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит
жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.
Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен
айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі
мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің
резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар
арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және
басқалары.
Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық
құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды
түсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге
жетудің қажетілігін білдіреді) сипаталады.
Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелермен пайдаланылады:
а) автоматтық өткен жылдың деректері келесі жылға
көшіріледі.инфляция кезінде деректер инфляцияның коеффиценттеріне
көбейтіледі.бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және,
әдеттегідей,уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып,өткен жылдардың
санына бөледі);
б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі
тиіс бұл әдіс нақтылы қажетіліктерді есепке алады және оларды
мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы
ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға
бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны
жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада
айрбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді
өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды
тану (мойындау) жүзеге асырылады.
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен
өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны,
бағаны, құн заңын, сүраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің
механизімі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс
пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың
элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды
жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың
күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру
және пайдалану.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса
маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың
органдары, мекемелер және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырылады.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдйында қаржылық жоспарлау
шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші
көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде
жүргізіледі.
Қаржылық болжау – мемлекеттік мүмкіндік болатын қаржы жағдайын
алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу
(дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл ) және ұзақ мерзімді (10
жылдан астам ) болуы мүмкін. Қаржалақ болжау қаржы жоспарларыни жасау
стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған
қаржы саясатынның тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты –
болжаған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын,
оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады.
Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен
жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандарымен
әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:
экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары
көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді
жасау;
Корреляциялық – регрессиялық талдау;
Тікелей сипаттамалық бағалау әдісі.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге
индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалар) жоспарлау пайдаланылады; ол
ақпараттық – үйлестіруші рөлдіорындайды және қаржы қызметінің
субъектілеріне экономикалық реттеушілер арқылы экономиканы мемлекеттік
ретеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда
маңызды орын алады, мұның процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың
бүкіл шегі анықталады.
Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады.
Оны жасау барысында батыс Еуроппа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері
негізі алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағыиндикативті (жылдық)
жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстарын қалыптасты.
Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кездегі басты ерекшелігі
зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан-жақты
сараптама жасау арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың нысандары
көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақтылы белгіленеді.
2001-2005 арналған индикативтік жоспардың * басты мақсаты – экономикада
бәсекелестікті арттыру.
Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік
қаржылықжоспарлау болып табылады., бұл жоспарлаудың басты мақсаты –
болжаған дамуды қамтамассыз ету үшін қаржы ресупстарының шамаланған
ауқымын және олардың бағытын анықтау.
Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекетік секторда ғана міндетті
сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік
сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді – реттелетін бағаны,
субсидияларды, кредиттерді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін,
жеделдетілген амортизация және басқалардыпайдалану арқылыжетеді. Аса
маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляцияның
болжанңан деңгейі, Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері,
амортизациялық аударымдардың нормалары.
Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау
белсенді рөл атқарады. Қаржы жоспарлаудың әзірлеу кезінде өндірістік
тапсырмалардың қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның
сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғұрлұм толық
пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығасыларды
қысқарту резервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтуді мүмкіндіктері
анықталады. Өндірісте қолда бар материялдық ресурстарды айналым
қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын
төмендетуді, басқару аппаратын ұстау шығындарын қысқартуды және т.б.
ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары
қарастырылыды. Сөйтіп, қаржылық жоспарлау, бір жағынан, қаржыны
басқарудың құралы, басқа жағынан қоғамдық өндірістің процесіне ықпал
жасаудың белсенді құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға
негізделеді:
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің
үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) –
орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы
барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. орталықтандырылған қаржылық
жоспарлау мемлекетке біріңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет
ауқымында қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысаналы басқаруға
мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік
бөліністер мен биліктің жергілікті органдарының нақтылы жоспарлар жасап,
олардыорындаудағы, өндірісті өркендеудің және оның нәтижелілігін
арттырудың резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға
жәрдемдеседі.
Биліктік жергілікті органдары бюджеттерінің олардың аумағында
орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілері қызметінң нәтижесіне
тәуелділігін белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде
аймақтардың қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен
маңызға ие болып келеді. Сонымен бір мезгілде жалпымемлееттік қаржыларды
жүйелі түрде нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің
тұрақтылығының, қоғамдық өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын
күшейтуде, тиімділікті арттыруда оның рөлін арттыру қажет;
бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік
жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуетділігіне көрініп
білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму
жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық
жоспарлаудың барысында объектісінің дамуының белгіленген параметрлері
дәлелденіп анықталады, экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке
элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстарытексеріледі. Қаржылық
жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің
тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғарғы ұйымдардың қаржы жоспарларының
көрсеткіштері оған қарасты субъектілердік жоспарлы жобаламаларын
кіріктіреді.Мемлектік деңгейде жасалыатын қаржы жоспарлары (мемлекеттік
бюджет) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының
қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді;
жоспарлаудың үздіксіз қағидаты перспективалық және жылдық
(ағымдағы) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуінің шамалайды, бұған
перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық
жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны
жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және перспективлық жоспарлаудың
арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылықжүргізуші субъектілерді, олардың
нақтылы даму перспективаларын анықтай отырып, дұрыс бағыттауға мүкіндік
береді; бұл қағидат шығыстардың көпшілігі үшін, әсіресе мемлекет қаржысын
бөлуді есептеу кезінде қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік-түрлендірме
әдісі – жоспарлау, бағдарламалау және бюджет жасау:
жоспарлау өзіне мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруды және
баяндауды кіріктіреді;
бағдарламалау деп мақсатқа жету үшін пайдаланылатын құралдардың
қолда барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсінеді;
бюджат жасау – жалпы көпжылдық бағдарламаларды қаржы жылдары
бойынша жылдық бюджеттік цифрлар тіліне аудару процесі. Бұл дәстүрлі
бюджеттік топтастыру бойынша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл
жиынтығын бөлу процесі.
Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге
асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылыры
1. Экстраполяция (немесе коеффиценттер) әдісі. Оның мағынасы
қаржалық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда
болады. Есеп-қисаптар есепті кезеңінен жетістіктерді және оларды өсудің
немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде
жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:
мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтерді анықтауды есепке
алмайды;
материялдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсеретеді,
өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай
анықталады.
2. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер
белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.
3. Математикалық үлгілеу әдісі: процестің үлгісін құру және оны
қаржы саласына көшіру.
4. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін,
қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік және
қаржылық көрсеткіштердің қаржылық көрсеткіштердің өззара үйлесуін
қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, саланың,
бюджеттердің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының
арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға: ұлттық
шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға:
ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге
мүмкіндік берді.
5. Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің
параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың тәжірибесін
пайдалануды қажет етеді.
Объективті талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды
ұйымдастыру оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді.
Отандық экономикалық әдебииеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын
анықтауда әр түрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл
стадиясының негізгі ережелері ретінде дамытудың барлық дәуірі, кезендері
үшін бірдей болады. Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды
іске асырудың механизмі, өндіргіш күштердің, ғылымның және көптеген басқа
факторлардың даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді.
Қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты:
ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік – мақсаты. Ведомстволық
және салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның
қатаң, әміршіл әдістерімен) кезеніне сипатты болды.
Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық және предметтік-мақсатты
қағидаттар кенінен қолданылатын болады. Аумақтық қаржылық жоспарлау
әкімшілік-аумақтық бөліністердің қаржы рессурстарын анықтауға мүмкіндік
береді; рессурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді
қылып қоюға көмектеседі; объективті себептер бойынша рессурстардың
тапшылығы жағдайында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету
үшін оларды орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін.
Қаржылық жоспарлауда предметтік-мақсатты қағидат белгілі бір
экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және басқа бағдармаларды
қамтамасыз ету үшін қаржы рессурстарын нақтылы қалыыптастыруға және
пайдалануға бағытталған.
Қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші
кезеңде есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің
орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау
өндірістік мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі
қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың
тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкішаруашылық резервтерді табуға
мемкіндік береді.
Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен
бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың
нақтылы түрлерінің есеп-қисаптары жасалады.
Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары
үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы
тапсырмалар ақша ресурстармен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен
қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді
пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке
түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.

4.2. Қаржы жоспарларының жүйесі.
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаттары болып келетін қаржы жоспары
шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы
мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістерді) мен қорланымдарын құрудың және
пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың
ресурстарымен қамтамассыз етілуін көрсетеді.
Басқарудың барлық деңгейлеріндет жасалынатын саны көп қаржы
жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша
сыныптаған орынды. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа
бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.
Жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік қаржы ресурстарының
қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта
бөлу процестерін белгілейді.
Нысаны бойынша олар әрқашан жиынтық жоспарлар болап табылады, бірақ
бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге министірліктердің,
ведомостволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ
олар қаржы ресурстарының қозғаластан тек нақтылы саланың, ведомствоның
шегінде ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. Жиынтық
қаржы жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың объектісімен
және сферасымен, жоспарлау әдістерімен және арналымымен ерекшеленеді.
Қазіргі кезде жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік, салалық,
аумақтық жоспарларды кіріктіреді. Мыналар жалпымемлекеттік болып
табылады: мемлекеттің жиынтық қаржы балансы, мемлекеттік бюджет,
бюджеттен тыс қорлар.
Жиынтық қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге
арналған дамудың жалпы мемлекеттік болжамының қаржылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық жоспарлау және болжау
Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау мен болжамдау
Қаржылық жоспарлау процесі
Қаржылық жоспарлау мен болжаудың теориялық негіздері
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қағидалары
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың объектісі
Жоспарлау мен болжаудың түсінігі
«АУРА» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖОСПАРЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлар жүйесі
Кәсіпорында қаржылық жоспарлау жүргізу
Пәндер