Мемлекттің әлеуметтік саясаты


КІРІСПЕ
«Ұлы тоқырау » салдарынан кейін Батыс елдерінің іс жүзінде стихиялы нарықтық экономиканың қоғамда үлкен кедейшілік аймағына айналдырып, өнірістің күйреуіне әкеліп соққанына көздері жетті. Сондықтан, табысты бөлудің (дифференциалдау) мүмкін мөлшері және әлеуметтік теңділік жөніндегі теориялық айтыс бітпей жатып, іс жүзінде дағдарыстың әлеуметтік салдарын жұмсарту шараларын енгізу басталып кетті. ХХ ғасырдың 40-жылдарының соңында 50 жылдың басында көп елдердің укіметінде ресми доктрина «мемлекет әл-ауқаты» тұжырымдамасы пайда болды. Бұл тұжырымдама кедейлерді әлеуметтік қорғау шараларын ұлғайту (кеңейту) қажеттілігін жариялады. Сонымен, мемлекет елдің азаматтарының төменгі (минималды) өмірлік стандартын қолдауға жауаптылығын жариялады.
Қысқаша, тарихи шолуды қортындылағанда, кедейлік күрделі әлемдік мәселелердің біріне жатады. Сондықтан, әрбір ел өз мүмкіншіліктеріне байланысты әлеуметтік саясат шараларын жүргізеді.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты әлеуметтік топтардың, қоғамның арасында әл-ауқатын, өмір деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін жағдай жасау, әлеуметтік кепілдеме беру, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандыруды қалыптастыру болып табылады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаттың негізгі бағытын төмендегідей топтауға болады:
- қоғам мүшелерінің минималды табысына кепілдігі;
- қоғам мүшелерінің еңбекке қабілеттілігін дамыту және қолдау;
- қоғам мүшелеріне қолайлы әлеуметтік қызмет деңгейін қамтамасыз ету;
- жұмыссыздықтан және инфляциядан қорғауды қамтамасыз ету.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты, әлеуметтік қорғау жүйесі және әлеуметтік кепілдемелер арқылы іске асырылады. Әдетте, әлеуметтік қорғау бүкіл қоғам және оның бөлімдері (звено) болып азаматтардың қоғамдық қалыпты материалдық және әлеуметтік жағдайларын қамтамасыз ету үшін іске асырылатын шаралар жүйесімен анықталады. Ал, әлеуметтік кепілдеме, ол азаматтардың алдында қоғамның белгілі бір деңгейде тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру барысындағы міндеттемелер жүйесі.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаттың ерекшелігі экономиканың орталықтандырылған типінен орталықтандыруға өткен кезеңде шығындарды минимизациялауға бағытталғандығында. Қазақстан Республикасының әлеуметтік кепілдікке мыналарды жатқызамыз: минимальды жалақы, зейнетақы, степендия, жәрдем ақы - оның ішінде уақытша еңбекке жарамсыздар үшін ақы және ақысыз білім алу мен медициналық қызмет көрсету, еңбек жағдайымен байланыстылыған жеңілдіктер, тұрғындар табысын индекациялау, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау құқы, жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы алуға құқылығы, меншікке құқы және одан табыс алу.
І. Табыстар теориясы және тұрғындардың әлеуметтік мәселелері
1. 1 Бөлу теориясы өткені мен бүгіні . Бөлу принциптеріне теориялық
көзқарастардың эвалюциясы
Бөлу қоғамдық ұдайы өндіріс маңызды фазасы болып табылады. Бөлу қоғамдық ұдайы өндіріс маңызды фазасы ретінде өндіріс пен тұтынудың арасында болып, құбылыс түрінде өнімдерді бөлу міндетін атқарады. Алайда, бөлуді жүзеге асыру үшін өнімді бөлуде мынау қажет: біріншіден, қоғам мүшелеріне өндіріс түріне қарай бөлу, өнімді бөлу осы бөлудің нәтижесі болады.
Өнімді бөлу мәселесі ең келелі мәселе болған және бола береді. Себебі ол миллиондаған адамдар мүдделеріне әсер етеді. Оны зерттеуге көптеген экономикалық ойдың әртүрлі мектебі мен бағыттарының өкілдері қатысқан. Олардың әрқайсысы дәуірдің сол кездегі және ертедегі ерекшелігіне қарай өмірлік игіліктерді бөлудің әртүрлі принципін ұсыған. Мысалы, еркін рынок теориясы («либиризм»мектебі) өкілдері - А. Смит пен Д. Рикардоның есептеуінше, жалақы негізін қалыптастырудың принципіне «өмір сүру қажеттілік деңгейі» алуды ұсынған. Себебі бұл «деңгейлік» жұмысшы мен оның отбасының өмір сүруіне қажетті болады.
Д. Рикардоның ойынша, «өмір сүру қажеттілік деңгейі» «еңбек бағасының табиғы нарығы» болып табылады. Еркін нарықты жақтаушылардың бірі - Жан Батист Сэй (1767-1823ж. ж) «Саяси экономия трактаты» (1803ж. ) еңбегінде «өндірістің үш факторы» териясын ұсынды. Бұған еңбек, капитал, жерді жатқызады. Осы факторлардың қызметін қолдағаны (пайдаланғаны) үшін жалақы, пайда, рента төлем ретінде жүзеге асады.
Нарықтық экономиканы реттеу теориясының негізінен салушы «кейнстік» мектебі, Дж. Кейнс «Еңбекпен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегінде (1936ж. ) жалақыны реттеудің принципін өндіріс көлемі және тұрғындардың еңбекпен қамтуына тәуелді екендігін ұсынды.
Нарық жағдайында жалданып жұмыс істейтін адам еңбегі К. Маркстың пайымдауынша, жұмыс күші «құнының» принципімен төленеді. Неміс социалисі Фердинанд Лассаль (1825-1864ж. ж. ), бөлудің тепе-теңдік принципін ұсынды: тең еңбек өніміне әркімнің тең құқықтығы, яғни бұрындары кездескен барлық бөлу принципі оның ойынша, бар мүліктің тепе-теңсіздігіне алып барады. Бұл принцип сынға алынды. өмір игіліктерін тепе-тең бөлу принципі К. Маркстың ойынша, қоғамды деграцияға алып келу мүмкі. Ссондықтан да бұл жағдайда адал жұмыскер де және өз жұмысына немқұрайлы (жалқау, самарқау) қарайтын адам да өз еңбегіне сый-сияпатты тең алуы әбден мүмкін. Оның ойынша, өмірлік игіліктерді бөлудің бірден-бір мүмкін принципі «еңбек бойынша» бөлу болмақ. Аталған принциптің өзіндік кемшілігі бар және әлеуметтік әділеттілік принциптеріне толық жауап бермейді. «Еңбегі бойынша» бөлу тұрғындар табысы деңгейінің теңсіздігіне алып келеді. Бұл теңсіздік былай түсіндіріледі: адамдар өзінің күш-қайратымен ерекшеленеді. Еңбектің сандық (ұзақтығы мен интенсивтігі) және оның сапалық (күрделігі және басқада еңбек жағдайлары) әртүрлілігі, теңсіздігі болады. Бұл принциптің артықшылығы сонда, әрбір адамның еңбек нәтижесіне мүдделілігін қамтамасыз етеді. Өзінің біліктілігін көтеруге мүдделілік ол жеке адамның ғана емес, кәсіпорын, тіпті қоғамның мүддесіне жауап береді.
Аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикаға көшу кезінде «еңбек бойынша» бөлу принципі «құндық эквивалент» принципіне орын бере бастады.
Басқаша айтсақ, бөлудің «капитал бойынша», «меншік бойынша», жұмыс күші «құны» бойынша принципі жүзеге асып, табысты кәдімгідей дифференциялауға, сұраныс төлем қабілеттілігін өсіруге алып келіп, тапшылық пен инфляцияны тежейді. Соғанқарамастан еңбекке қарай болу принципіне негізделген жалақы, әзірше көптеген тұрғындар үшін табыстың басты көзі болып отыр. Шын мәнінде екі қайшылық бетпе-бет селді «еңбекке қарай болу» «және жеке кәсіпкерлік » жағдайында «құндық экивалент», «капитал бойынша», «меншік бойыгша» принципі мен бөлу. Әлументік әділеттілік критериі бұл жағдайда теңгерілген түрге ие болады. Жоғарға және төменгі табыс деңгейінің өз ара алшақтығы пргресивті табыс салығымен реттелғен болажы. Оның өсімі 40 %-дан аспауы қажет, себебі іскерлік белсенділікті ынталандыруы төмендетпеу керек.
Қазақстан Республикасының аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикаға көшуі жолдамалы еңбекті қолдану бағамдап, оның еңбек ақысын реформалауды қатар жүргізіп отырады.
Еңбек ақының жаңа жүйесіндегі мыналар қарастырылған:
- нақты еңбек ақы деңгейі беркелкі тарифтік сетка белгіленген деңгейден төмен болмауы керек.
- жалақы кез келген шектеуді (салықтан басқа) алып тастау;
- жұмыс берушімен жұмыскерлердің арасында еңбек ақыға келісімді шарт принципін қолданады. Әрбір жұмыскер өзінің еңбек құқығын қорғауда кәсіподаққа жүгіне алады. Тарифтік жүйенің белгілі түрлері барлық шетелдерде қолданады.
Жалақыны реттеу үш буындық бағытта өрбиді:
- еңбек рыногының көмегімен;
- мемлекеттің араласуымен;
- ұжымдық келісімдермен;
Тариф бойынша «минимуды» мемлекет белгілейді, мемлекеттің рөлі осы ғана,
ал басқасының барлығы еңбек рыногымен (жұмыс күшіне ұсынысы мен сұраным) реттеледі.
Жалақының колемі төмендегідей белгіленеді:
- жалдамалы жеке келісім деңгейінде;
- мамандар үшін контрактлық деңгейде;
- жүмыс берушімен ұжымдық келісім-шарт деңгейінде.
1. 2 Жалақының мәні, түрлері және жүйесі
Жалақы - еңбек құнының бағасының ақшалай өлшемі. Қазақстан Республикасының аралас әлеуметтік бағытталған рыноктық экономикаға көшу кезеңінде минималды деңгейдегі еңбек ақыны мемлекет кепілдіктерді және жоғарғы деңгейдегі еңбек ақыға шек қойылмайды . Бұл еңбекті материалды ынталандырудың басты құралы болып, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуға ықпал етеді.
Жылақыны дифференциалдау және оның принциптері. Еңбек ақы деңгейлі халық шаруашылығы саласы және аясына қарай өзіндік ерекшелігімен айқындалып, ол бес принципке негізделген. Бірінші принцип - еңбектің күрделігі. Күрделі, біліктілікті (калификацияланған) еңбек жай еңбекке қарағанда молдау құнды құрайды және оған еңбекақы жоғары болуы тиіс.
Екінші принцип, еңбек жағдайына қарай жіктеу. Еңбек жағдайы жеңіл және ауыр; қалыпты және зиянды болу мүмкін. Сондықтан қалыпты жағдайда еңбек еткендерге қарағанда, ауыр әрі зиянды жұмыс істейтіндер жалақыны көп алуы қажет.
Үшінші принцип, еліміздің дамуын байқататын экономиканың ең қажетті салаларында басқаларына қарағанда өсім мен ақы төлеу жоғары болады.
Төртінші принцип, экономикалық аудан мен аймақтың табиғи-климаттық жағдайының өзгешелігімен байланысты. Еңбек ақыға әртүрлі экономикалық аймақтарда аудандық коэффицент белгіленген, жалақыға қосымша түрде қосылады. Қазақстан Республикасында бұл коэффицент 1, 15-ті құрайды. Демек, елімізде барлық салаларда жұмыс істейтіндер жалақысына 15% қосымша қосып алады.
Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 9-шы қаңтардағы «Қазақстан Республикасы экономика саласындағы жұмысшыларға еңбек ақы төлеу туралы» қауылысына сай, жалақыны есептегенде қолданылып жүрген салық, аудандық коэффиценттер размері сақталады. Таулы, құмды және сусыз жерлердегі жұмыс үшін, экономикалық келеңсіз аймақта тұратындарға коэффициенттер сақталады.
Бесінші принцип, жұмыскер өзі еңбек ететін жердегі және жалпы ұжымның еңбек нәтижесімен байланысты.
Жалақыны ұйымдастырудың негізгі принциптері тарифтік жүйеде бейнелеген. Еңбек сыйпатының сандық және сапалығын есепке ала отырып, тарифтік жүйе жалақының ұйымдастырады және реттейді. Тарифтік жүйеге тарифтік - квалификациялық анықтама, тарифтік сетка және тарифтік өсім енеді.
Таифтік - квалификациялық анықтамаға шаруашылық саласының көптеген жұмыс түрлерінің сипаттамасы мен тізімі кіреді. Жұмыстың барлық түрі күрделілігіне қарай разрядқа бөлінеді және жұмыс атқарушының білімі мен орындау іскерлігіне талаптар көрсетіледі.
Тарифтік сетка кез келген саладағы маман еңбегінің біліктілігі мен біліксіздігінің арасын айқындауға қызмет етеді. Сетка белгілі сандық разрядтардан тұрады және оған сай келетін коэффициенттер болуы керек.
Тарифтік ставка жұмыскерлердің разрядка байланысты уақыт өлшемінде (сағат, күн) еңбек ақы размерін айқындауға қызмет жасайды. Тарифтік коэффициент әртүрлі разрядтың ставкасы қанша ретке өскендігін 1-ші разряд ставкасымен салыстыра көрсетіледі.
КЕСТЕ 1
Минималды
жалақы
деңгейі
Ескерту:
а) жұмысшыларға разряд диапазоны 1-ден 8-ші разряд арасында;
б) мұғалімдерге 6-дан 13-ші разряд арасында;
в) жоғарғы оқу орнындағы оқытушыларға 11-ден 21-ші разряд арасында; Үкіметтің 1996 жылғы 9-шы қаңтардағы «Қазақстан Республикасы экономика саласындағы жұмысшыларға еңбекақы төлеу жайлы» қаулысында 1996 жылдың қаңтардан бастап біркелкі тарифтік сетка ендірілген.
Халық шаруашылығындағы жұмысшы және қызметкерлерге кәсіптік -біліктілік топтар (разрядтар) бойынша біркелкі тарифтік сетка.
Қаулыда еңбек ақының минималды мөлшері көрсетілген. Жұмыс беруші жұмыскерлерге одан төмен төлемеуі керек. Біркелкі тарифтік жүйенің (БТЖ) бірінші разрядының ставкасы осы минимумды көрсетеді.
Мемлекеттік емес кәсіпорында тарифтік ставканы, тарифтік коэффициентті және лауазымды қызметкерлердің айлығын кәсіпорын өз шешімімен белгілейді. Мемлекеттік тарифтік жүйе жұмысты тарификациялау процесінде жай бағыт сілтеу үшін керек. Және әртүрлі біліктілігі (квалификациядағы) жұмыскердің минималды жалақының белгілеуге қажет.
Қазіргі кезде барлық әлемдік қауымдастық елдерінде жалақының негізінен екі түрі қолданылады: мерзімді және кесімді. Біздің елдің жағдайында олардың әрқайсысы жүйелерге жіктеледі. Мерзімді жалақы нақты істелген жұмыс уақытының шамасына байланысты төленеді. Кесімді жалақы қажетті сапада шығарылған өнімнің мөлшеріне қарай төленеді. Жұмыскерлердің еңбегінің нормалау мен есептеу қиынға түскенде мерзімді жалақыны қолданады. Шығарылған жеке өнім (табыс) жұмыскердің өзіне ғана емес бүкіл технологиялық процеспен (мысалы, химиялық тұтқаның операторы, ашытқыны шығаратын оператор т. б. ) байланысты болғанда мерзімді жалақы қолданылады. Мерзімді жалақы инженер-техник жұмыскерлерге, қызметкер, краншы, электрик, наладчиктер т. б. төленеді.
Өнімнің сандық мөлшерін өндірістік бөлімше мен операцияларда ұлғайту қажет болғанда кесімді жалақы ендіріледі (кесте 2 қараңыз) .
Номиналды жалақы - жұмыскердің өзінің еңбегіне алатын ақшалай сомасы. Жұмыскер өзінің номиналды жалақысына бүгін және ертең қандай тауарды, қызмет көрсетуді қандай мөлшерде жасай алуын нақты жалақыға жатқызамыз. Осы құбылыс нарыққа өту кезінде және қарқынды инфляцияда қатты сезіледі. Егер ақшалай (номиналды) жалақы өспесе баға өссе, онда ол жалақының төмендеуімен пара-пар. Осындай құбылыс транспорт қызметіне, байланысқа, тұрғын үй-тұрмыс қызметіне баға өскенде және салық өскенде болады.
КЕСТЕ 2
Жалақының түрі
мен жүйесі
ИТЖ-ның жұмыс істеген уақыты үшін,
жұмысшыларға тарифтік ставка бойынша
төленетін жалақы
ИТЖ-ға айлықтан басқа, ал жұмысшыларға
тарифтік ставкадан басқа сыйлықтар беріледі
Тұрғындардың ақшалай табысын индексациялау негізінде оларды әлеуметтік қорғау қажеттілігі туады. «Тұрғындардың ақшалай табысын тұтыну тауарына және қызмет көрсетуге бағаның өсуіне байланысты индекациялау» Қазақстан Республикасының Заңына сайкес, 1991 жылы 1-ші шілдеден бастап, Қазақстан территориясында әрбір квартал айын олардың ақшалай табысы индексациялануы қажет.
Кәсіпорында техникалық, жабдықтау өскенде және дамыған технологияны қолданғанда жалақының қалыптасқан түрін пайдалану азая түсіп, жұмысшының еңбегі кесімді немесе мерзімді ставка бойынша төленеді. Жалақының бұл түрлері жеке жалақы вариантының әр түрімен ауыстырылады. Жеке жалақы да әр жұмыскердің еңбегін бағалау негізінде, оның өзіндік үлесіне, атқарған жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарауы ескеріледі. Мұнда жеке еңбек ақы түрінің «жұмыста аналитикалық бағалау» кең етек алған. Оның мәнісі мынада: жұмысты орындаушы қанағаттану үшін, әртүрлі жұмыс пен талаптардың күрделілігін сипаттайтын, жасалған көрсеткіш шкаласының негізінде сандық, балл бойынша бағаланады. «Антикалық бағалау» негізінде жалақының көптеген жеке ставкасы белгіленеді. Германиядағы «Хукенгем» металлургиялық кәсіпорын коцернде 5 мың жұмысшы бар, онда жалақының 1000-нан астамжеке ставкасы енгізілген.
Жапонияда ірі кәсіпорындар жалақының жасқа әрі стажға байланысты қалыптасқан түрін қолданса, 70-ші жылдардың аяғында жұмыс стажына қосымша мөлшерді жыл сайын азайта бастады. Тіпті жұмыскер 35 жасқа жеткенде, ол қосымша мөлшерді тоқтатып тастады. Жоғарыдағы аталған түрлердің орнына еңбекақы төленудің комбинацияланған түрі келеді. Өзінің қаржы мүмкіндігіне қарай еңбектің нәтижесі үшін, жұмыс стажы мен жасы үшін еңбекақы төлеу.
Көптеген өндірісі дамыған елдерде әртүрлі «пайдаға қатысу», «кәсіпорын жетістігі» жүйелері қолданылады.
Пайдаға қатысу кезінде еңбекақы екіге бөлінеді. Бірінші бөлімі ұжымдық келісіммен белгіленеді, екіншісі - қосымша бөлім, кәсіпорын жұмыскерлері мен әкімшілік арасында арнайы келісім арқылы анықтап жылдың аяғында кәсіпорынның «пайда үлесі» ретінде төленеді.
1. 3 Тұрғындардың табысы және оның құрылымы
Әлеуметтік теңдіктің (теңсіздіктің) деңгейі ең алдымен табыстар жүйесіне байланысты келеді. Соңғысы адамның белгілі бір өмір сүру деңгейіне қажетті материалдық игіліктерге жұмсалатын барлық қаржы-қаражат сомасы, табыстар, заңды түрде - экономикалық қызметтің нәтижесі. Табыстар қалыптасу көзіне қарай жіктеледі. Оларды негізгі және қосымша табыс түрлері деп бөледі. Дамыған нарықтық экономика жағдайында адам, қалыпты түрде, белгілі бір негізгі табыс түрінде ие болады. Жалдамалы еңбек ететіндер үшін бұл еңбеқақы, ал кәсіпкерлер үшін - таза пайда.
Қосымша табыстарға негізгі табыстан тыс түсетін ақшадай немесе материалдық кіріс түрлері жатады. Нарықтық экономика дамыған сайын қосымша табыс табу мүмкіншіліктері кеңейе түседі. Осы табыс түріне құнда қағаздардан, салық төлемдерінің төмендеуінен, мұрагерліктен т. б. түсетін табыстар жатады. Қосымша табыс табуға адамдар екі себептен ұмтылады. Біріншіден, табыс көзін көп тарапты ету (диверсификациялау) негізгі табыстың төмендеуінен сақтандырады. Екіншіден, қажеттіліктің негізгі табыс түрінің өсуінен тұрақты түрде озып отыруна байланысты. Осы екінші жағдай өтпелі экономика үшін маңызды. Мысалы, мамандардың бағалауынша Қазақстанда жұмыскерлердің 50%, зейнеткерлердің 30% осы күндері қосымша табыс табу мақсатында қосымша еңбектенуге мәжбүр екен.
Табыстар формасына қарай ақшалай және материалдық болып та бөлінеді. Ақшалай табыстар еңбекақы, жалақы, сыйақы, зейнетақы, жәрдемақы, материалдық қаражат (субсидия) түрлерінде болады, ал материалдық табыстар - материалдық игіліктер (автокөлік, саяжай, пәтер, жиһаз т. б. ) түрінде болады.
Табыстар құқықтық жағынан алғанда ашық және жасырын түрде болады. Біріншісі табыстың заңды түрі болса, екіншісі заңға сәйкес келе бермейтін түріне жатады. Табыстың жасырынды түрлері негізінен «көлеңкелі» экономика секторымен байланысты болады. Тағы номиналды (брутто) және реалды (нетто) табыстар да анықталады. Номиналды табыс - әр түрлі алым-салықтардан тазартылмаған, жалпы есептелген табыс сомасы. Ал реалды табыс - бұл қолдағы таза табыс, оны адам тобының өз қажеттілігіне жұмсай алады. Реалды немесе нақты табыс бағаның өсу деңгейіне байланысты және ол инфляция жағдайында қысқарады.
Қарастырылып отырған тұрғыдан алғанда әлеуметтік қамсыздандыру көрсеткіштерінің маңызы өте зор. Оны сипаттайтын экономикалық өлшемдердің арасында тұрмыс деңгейінің көрсеткіштері негізгі орынды икемденді. Бұл жерде материалдық игіліктерді тұтыну деңгейі туралы сөз болып отыр. Соңғы жылдары әлем практикасында кең тараған көрсеткіштер отандық статистикада пайдалана бастағанын айтуға болады. Жеке алғанда, бұл «тұтынушылық қоржын» деген ұғымға қатысты. Осы ұғым адам өміріне қажетті ең негізгі материалдық игіліктер мен қызметтер құрамасын білдіреді.
Экономиканың нарықтық үлгісіне көшу кезінде әлеуметтік жіктелу (дифференциациялау) артады. Сондықтан тұрмыс деңгейін өлшемді түрде сипаттайтын «тұтынушылық қоржынды» толықтырудың бірнеше нұсқалық түрлері қалыптасқан. Тұтынудың «рационалды» және «минималды» деңгейлерін есептеу қабылданған. Осы күні отандық статистика мекемелері «тұтынушылық қоржын» құрамы мен оның минималды және рационалды деңгейдерін тұрақты түрде есептеп көрсетеді. Соңғы кездері біздің экономикалық әдебиеттерге «өмір сүру сапасы» деген ұғым да енгізілді. Осы көрсеткіш тұрмыс деңгейін жүйелі түрде өлшеп сипаттайды. Бұл көрсеткіш материалдық игіліктерді тұтынумен бірге әлеуметтік игіліктерді (денсаулық сақтау, білім алу, демалыс, мәдениет т. б. ) пайдалануды да есепке алып, қоғамның тұрмыс деңгейін жан-жақты сипаттайды.
Кез келген ел тұрғындарының табыс деңгейі әрқашан да біркелкі болмайды. Бұл жерде ерекше айта кететін тағы бір жағдай - нарықтың бастапқы даму кезінде табыс деңгейінің алшақтығы өседі, ал нарық қалыптасып жоғары деңгейіне жеткенде жүргізілген әлеуметтік саясаттың арқасында әлеуметтік теңсіздік біршама азаяды.
Табыстардың дифференциациялау деңгейін өлшерде «Лоренц қисығы» деп аталатын графикалық көрсеткіш қолданылады (1-суретті қараңыз) . Бұл график тұрғындардың әлеуметтік жіктерге бөлінуін (5 тең көлемді топқа) және осы топтар арасында табыс қалай бөлінгенін көрсетеді.
20 40 60 80
тұрғындар
1- сурет. Лоренц қисығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz