Visual basic ортасында сағат бейнесін құру программасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
Тарау І. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беруде қолдану ерекшеліктері.
1.1. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... 9
Тарау ІІ. Visual Basic ортасында графика және анимация
2.1 Visual Basic ортасында графика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
2.1. Visual Basic ортасында сағат бейнесін салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30
Қазіргі кезде компьютерлік техниканы пайдаланбай жұмыс жасайтын сала жоқ деуге болады. Ал компьютерді пайдалану технологиясының жұмыс жасауға өзіне тән талаптар қоятыны белгілі. Сондай талаптардың бірі- жұмыс жасауға қажетті берілгендер қорын құру. Күнделікті өмірде біздің кездестіретін нәрселеріміздің барлығы қандайда бір қордың элементтері болып саналады. Берілгендер қорымен жұмыс істей білу бүгінгі таңда компьютермен жұмыс істеудегі маңызды дағдылардың біріне айналды. Сондай-ақ бұл саладағы мамандарға барлық уақытта жұмыс табылады деп айтуға да болады.
ХХІ ғасырда компьютерлер әртүрлі есептерді шешуде қолданылады. Соның ішінде:
- Есептеулерді;
- Статикалық берілгендерді қалыптастыруда;
- Өдірісті автоматтандыруда және т.б.
Бүгінгі Visual Basic – C++, Delphi сияқты дамытылған, визуальды программалау жүйесі. VB құрамында бірнеше жүз кілттік сөздер бар, олар түрлі операторлар (нұсқаулар, командалар), стандартты функциялар және арнайы символдармен толықтырылған. Пайдаланушылар олардың көбін қолдана бермейді де.
Visual Basic’ тің толық нұсқасы және программалау ортасының ықшамдалған нұсқасы Microsoft Visual for Application (қолданбалы Визуал Бейсик) атымен Microsoft Word, Excel, Access және т.б. қосымшалар құрамына кірістірілген.
1. Браун С. Visual Basic 6.0 учебный курс. – СПб.: Питер, 2001.
2. Гарнаев А.Ю. Visual Basic 6.0 разработка приложений. СПБ.: БХВ – Петербург, 2001.
3. Гладких И.Г., Харламов А.И. Изучаем компьютерные телекоммуникации без модема. Информатика и образование, 1999, №8.
4. Моисеева М.В. Программно-методический комплекс “Компьютер в системах передачи информации”. Информатика и образование, 1994, №1.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ИНДУСТРИАЛДЫ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Visual Basic ортасында сағат бейнесін құру программасы

Мамандығы: 0313002 Кәсіптік оқыту

Пәні: Бағдарламалау тілдері

Тобы: ЕТҚ 4 – 62
Орындаған: Турсынбаев Е. Ш.
Қабылдаған: Айтметов Х. И.

Түркістан 2009ж.

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

Тарау І. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беруде қолдану
ерекшеліктері.
1.1. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктері
... ... ... ... ... ... 4
1.2 Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктері
... ... ... ... ... ... 9

Тарау ІІ. Visual Basic ортасында графика және анимация
1. Visual Basic ортасында графика
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1. Visual Basic ортасында сағат бейнесін салу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 28

Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 30

Кіріспе

Қазіргі кезде компьютерлік техниканы пайдаланбай жұмыс жасайтын сала жоқ
деуге болады. Ал компьютерді пайдалану технологиясының жұмыс жасауға өзіне
тән талаптар қоятыны белгілі. Сондай талаптардың бірі- жұмыс жасауға
қажетті берілгендер қорын құру. Күнделікті өмірде біздің кездестіретін
нәрселеріміздің барлығы қандайда бір қордың элементтері болып саналады.
Берілгендер қорымен жұмыс істей білу бүгінгі таңда компьютермен жұмыс
істеудегі маңызды дағдылардың біріне айналды. Сондай-ақ бұл саладағы
мамандарға барлық уақытта жұмыс табылады деп айтуға да болады.
ХХІ ғасырда компьютерлер әртүрлі есептерді шешуде қолданылады. Соның
ішінде:
- Есептеулерді;
- Статикалық берілгендерді қалыптастыруда;
- Өдірісті автоматтандыруда және т.б.
Бүгінгі Visual Basic – C++, Delphi сияқты дамытылған, визуальды
программалау жүйесі. VB құрамында бірнеше жүз кілттік сөздер бар, олар
түрлі операторлар (нұсқаулар, командалар), стандартты функциялар және
арнайы символдармен толықтырылған. Пайдаланушылар олардың көбін қолдана
бермейді де.
Visual Basic’ тің толық нұсқасы және программалау ортасының ықшамдалған
нұсқасы Microsoft Visual for Application (қолданбалы Визуал Бейсик) атымен
Microsoft Word, Excel, Access және т.б. қосымшалар құрамына кірістірілген.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты Visual Basic ортасының графикалық
мүмкіндіктерін зерттеу және жүретін Сағат бейнесін салу болып табылады.
Тарау І. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беруде қолдану
ерекшеліктері.

1.1. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктері
Адамзат бiлiм беру жүйесiнiң дамуын компьютерлендіру кезеңiне, бiлiм
беру сферасында түбегейлi өзгерiстер басталып, оқу процесiнде компьютерлiк
техника нәтижелерiне негiзделген жаңа технологияны пайдалану кезењіне ендi.

Бiлiм беру жүйесiн компьютерлендiру уақыттың негізгі құбылысы болып
табылады және жалпы мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық талабы бар қазiргi
кездегi Қазақстандағы ақпараттандырудың маңызды бағыттарының бiрi. Болашақ
маманның бойынан табылатын бiлiмдiлiк, бiлiктiлiк және қабілеттілігі арқылы
болашақтағы қоғамның даму жолдарын анықтаймыз. Жоғары және жалпы бiлiм
беретiн орта мектептердi компьютерлендiрудiң басты бағыты мен мәселелерiнiң
бiрi оқытуда ақпараттық технологияны енгiзу мен тарату болып табылады.
Бiлiм беру жүйесiн жеделдетiп компьютерлендiру қажеттiлiгiн анықтайтын
негiзгi факторлар:
бiрiншi фактор – есептеу техникасын пайдалану аймағында жоғары бiлiктi
мамандарды дайындаудың кәсiби сапасын көтеру, жалпылама оқытуда жаппай
компьютерлiк оқытумен қамтамасыз ету, яғни оқу процесiнде компьютердi кең
көлемде қолдану негiзiндегi оқып үйренушiлердi қазiргi заманғы жаңа
ақпараттық технологияны меңгеріп, алған бiлiмi мен жұмыс істеу дағдысымен
қаматамасыз ету;
екiншi фактор – (жаппай компьютерлiк сауаттандыру мәселесiн шешу
қажеттiлiгiмен байланысты) интеллектуальды қызметiн күшейтетiн күштi жалпы
құрал болып табылатын, тұтынушының есептеу техникасы мен информатикадағы әр
түрлi құралдарының сапалы ерекшелiктерiн барлық оқушыларда бiлiм деңгейi
мен мамандандырылуына байланыссыз қалыптастыру;
үшiншi фактор – (педагогикалық ғылым дамуы логикасымен анықталатын,
бiлiм беру жүйесiнiң iшкi қажеттiлiгiмен байланысты) оқу-тәрбие процесiнiң
сапасын арттыру қажеттiлiгi, бiлiм беру жүйесiн тиiмдi басқару, ғылыми-
педагогикалық зерттеулердi жетiлдiру, олардың педагогикалық практикаға
әсерiн күшейту.
Бiлiм беру жүйесiн компьютерлендiру мәселесi әлеуметтiк-экономикалық,
философиялық, ғылыми-техникалық деңгейде қарастырылады. Бiрақ компьютерлiк
техника базасындағы әр түрлi педагогикалық есептердi шешуде жаңа ақпараттық
технологияны пайдаланумен байланыстыру шешушi мәселедегi психолого-
педагогикалық, дидактикалық және әдiстемелiк деңгейлердi талдап көрсетуді
игертедi.
Бiлiм беру ортасын компьютерлендiру мәселесiмен тек ғалымдар емес
педагогтар, психологтар, әлеуметтанушылар, әдiскерлер, информатика және
есептеу техникасы мамандары және бiлiм жүйесiндегi қызметкерлер мұғалiмдер,
оқу орындарының басшылары, педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен
университеттердiң педагогикалық мамандықтарының оқытушылары мен студенттерi
де айналысады.
Мәселенi зерттеу мен тәжiрибе жасаудың кең ауқымды ортасы бiлiм беру
ортасына жаңа ақпараттық технологияны енгiзумен байланысты бiрiншi кезекте
бiлiм беру практикасына компьютерлiк концепцияны енгiзудi талап етедi.
Бiлiм беру жүйесiн компьютерлендiру мәселесi жөнiнде жарияланған
жұмыстарда бiздi көбiнесе қызықтыратын мәселе, оқу-тәрбие процесiнде жаңа
ақпараттық технологияны пайдаланудың психолого-педагогикалық мүмкiндiктерiн
жетілдіру жаќтары болып табылады.
Компьютерлер дәстүрлi оқыту әдiстерiнiң тиiмдiлiгiн арттырады және
материалды үйренудiң жаңа жолдарын ашады. Олар оқушылардың оқу, жазу,
арифметика негiзi мен ойлау қабiлетiн дамытуға, тапсырмаларды шешу мен
зерттеудi игеруге көмек бередi. Компьютермен оқыту қиынға соғатын оқушылар
мен кiшкене балаларға және дарынды, оқу үлгерiмi жоғары оқушылар үшін жұмыс
жасап жеңілдіктер көрсетеді. Компьютермен жеке немесе топтасып жұмыс
iстеуге болады. Сонымен қатар компьютерлер оқыту құралы болып табылады,
оның өзi оқушылардың оқитын пәнi екендiгiн көрсетедi.
Жаңа ақпараттық технологияның жетiстiктерiн айта отырып, болашаќтаѓы
орта мектеп сыныптарыныњ оқу зертханаларын бiрнеше көпаппараттық
компьютерлiк құрылғылар мен мен сеттер арќылы байланысќан зертханаларды
видеожүйелiк көрнекi құралдармен, оқу жұмыстарын жеке және топтап
жүргiзумен қамтамасыз ететiн, оқып үйренушiлерге арнап жеке, топтасқан және
жеке арнайы курстарға арналып кiшкене жобалар ұйымдастыратын орын ретiнде
көрсете аламыз. Бұл жердегi мұғалiмнiң ролi барлық процестi басқарып және
қажет көмектi оқушыларға бастапќы компьютерден көрсетуге болатынын
т‰сіндіреді. Американдық зерттеушiлер мұндай сыныптармен жұмыс жасауда
оқушылардың компьютерлiк сауаттылығын ертерек (4-6 сыныптарда) меңгеру
керектігін атап көрсетедi. Видео және телекомуникациялар мұғалiмдерге кең
ауқымды мәлiметтер базасымен және т.б. жұмыс iстеуіне мүмкiндiк бередi.
Оқытуды басқару программасы арқылы бiз оқушылардың бiлiм сапасын жақсы
қадағалай аламыз.
Көптеген педагогика ғылымдарының өкiлдерi мен мектеп және жоғарғы оқу
орындарының оқытушыларының айтқан ойларында, бiлiм беру жүйесiн
ақпараттандыру қоғамдық қызметтегi басқа бағыттарды ақпараттандырумен бірге
жүруі керек. Себебi қоғамдағы барлық әлеуметтiк, психологиялық, жалпы
мәдениеттiлiк, кәсiби ақпараттық, жаңа ақпараттық технологияны қолданудағы
алғы шарттар осы жерден басталады.
Бiздiң елiмiзде бiлiм берудi ақпараттандыру концепциясы жасалған. Онда
қоғамды ақпараттандыру жолындағы бiлiм берудi қайта құру процесiн жетілдіру
жүйесi қарастырылады. Ақпараттандыру жүйесi қоғам мен мемлекеттiң дәстүрлi
материалдық немесе энергетикалық қоры сияқты стратегиялық қоры болып
қалыптасады. Компьютердi пайдаланып ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу,
тасымалдау және көрсету әдiстерiн енгiзудiң бәрi жаңа ақпараттық
технологияның практикалық жұмысына кiредi. Берiлген концепцияны жасаушылар
жаңа ақпараттық технологияны пайдаланудағы әлемдегi және елiмiздегi
тәжiрибелерiн талдай отырып, бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру қоғамды
ақпараттандыру процесiн дамытудың түйiндi шарты болып табылады деп
есептейдi және жетілдіру ресурстарын қамтамасыз ету жолдарын қарастыруды
қажет етедi.
Бiздiң елiмiзде бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың негiзгi бағыттары
практикалық программаға енгiзiлiп жасалған. Олардың құрама бөлiктерi
ретiнде математика, информатика және т.б. тереңдетіп оқытылатын, 8-9
сыныптардағы информатика курсын оқыту программалары кiредi.
Барлық үш буын үшiн оқытудағы компьютерлік технологияны қалай
анықтауға болады?
Алғашқы буынды оқытудағы компьютерлiк технологияға – оқыту түрi мен
әдiсiнiң дәстүрлi мазмұнына негiзделген оқу процесiнiң бiртұтастығы. Ол
классикалық оқулықтар, тапсырмалар және әдiстемелiк құралдардан тұрады. Бұл
жерде алған бiлiмдерiн көрсете білу мен оларды игерудегі тәсілдерін
жақсартуда бақылауды күшейту негізінде компьютер пайдаланылады.
Екiншi буынның компьютерлiк технологиясы оқытудың классикалық және
жаңарту түрлерi мен әдiстерiнiң байланысын жүйеленбеген түрде негiздейді.
Ол дәстүрлi оқулықтар, тапсырма жинақтары мен әдiстемелiк құралдардан және
сонымен қатар қазiргi заманғы компьютерлiк программалары мен бiлiм
құралдарынан тұрады, негiзiнде қазiргi әлем моделiн жан-жақты зерттеу
процесiне бағытталып жасалған. Оқытудағы компьютерлiк технологияның үшiншi
буыны –пәнаралық байланысының дәсүрлi емес мазмұны, түрi мен оқытудың
құралына негiзделген бiртұтас бiлiм процесi. Үшiншi модельдегi компьютер
оқытудың көмекшi құралының ролiн атқармайтын болады, ол белгiлi бiр маңызды
элемент құрамы болады. Мұғалiмге өзiнiң сыныбында компьютердi пайдаланбас
бұрын, оның қандай буында оқытудағы компьютерлiк технологиямен жұмыс
жасауды және не үшiн оны қажет деп санайтындығын анықтап алу қажеттiгi
туады.
Бiлiм берудегi жаңа ақпараттық (компьютерлiк) технологияға қажет
тәсiлдер:
- оқушылардың жеке қабiлеттерiн ашу, сақтау және дамыту;
- өзiн-өзi жетiлдiруге ұмтылдыратын оқушылардың таным қабiлетiн
қалыптастыру;
- жаратылыстану, техникалық, гуманитарлық ғылымдар мен өнер арасыдағы
ажырамас байланыс жасайтын iс-әрекет құбылысының кешендiк оқуын қамтамасыз
ету;
- оқыту мен тәрбие процесiнiң әдiсі мен түрлерiнiң мазмұнын үнемi
динамикалық түрде жаңартып отыру.
Бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру концепциясында оқыту мазмұнына
енгiзiлетiн өзгерiстер де қарастырылады. Оның мәнi қоғамды ақпараттандыру
процесiнiң даму мөлшерiне байланысты ауысатын бiрнеше бағыт бойынша
жүргізіледi.
Бiрiншi бағыт оқушылардың білімін информатика пәні саласы бойынша
жалпы бiлiм беретiн және кәсiби дайындаумен қамтамасыз ететiн оқу
пәндерiмен байланыстыру.
Екiншiсi – барлық бiлiм деңгейiндегi барлық оқу пәндерiндегi пән
мазмұнының өзгеруі.
Үшiншi бағыт оқыту, білім беру мақсатына ақпараттанудың тереңiрек
енгізілу жолдарына байланысты.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып білім беру жүйесінің жалпы
талаптарын қалыптастыруды келесi түрде ұсынуға болады:
- әрбір қоғам мүшесі үшін білім мен мәліметтер қорына қол жеткізу
қажеттілігі;
- жеке тұлғаның парасаттылығы мен шығармашылық қабiлетiн дамыту;
- ынтымақтастық (алмастыру, ынтымақтастық);
- әрбiр қоғам мүшесi өз өмiрiндегi кәсiби қызметi барысында үздiксiз
бiлiктiлiгiн көтеру немесе өзгертiп отыру;
- жалпы бiлiм мен тәрбиенi гуманизациялау;
- бiлiмділікті қамтамасыздандыру;
- ақпараттық технологияны оқып үйрену, жалпы компьютерлiк сауаттылықты
көтеру;
- ақпараттандыру саласындағы бiлiм беру мен оқытуды қарқындату, жаңа
оқу-әдістемелік жолдарын жасау.
Мектептi компьютерлендiру – ғылыми-педагогикалық қаматамасыз етуді
ќажет ететін, бiртiндеп орындалатын, ±заќ процесс, олардыњ негізгісі мектеп
талабын қанағаттандыратын жања аќпараттыќ технологиялар құрылымы, оларды
қолдану әдiсiн жетiлдiру, оқу-әдiстемелiк құрал мен оќыту программасын
жасау, техникалық және педагогикалық кадрлер дайындау мєселесі болады.
Оқу процесiнде компьютердi қолдану екi бағыттан тұрады. Бiрiншi бағыт
- әр түрлi пәндердi байланыстырып оқыту құралы ретiнде, яғни оқып
үйренушiлерге белгiлi бiр бiлiмдi, дағдыны және танымды қалыптастыру,
сонымен қатар олардың жалпы білімге деген қабiлетiн дамыту.

1.2 Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктері

Компьютер және ақпараттық революция көптеген қазiргi заманғы
кәсiптерге ұйымдасқан түрде ендi, яғни мамандардың ойлау қабiлетiн сапалы
деңгейге тез арада оќу процесіне єсер етеді. Маманды дайындау мектеп
қабырғасынан басталады, сондықтан бiздiң елiмiзде жаңа жалпы бiлiм беретiн
“Информатика және есептеуіш техника негiздері” пәнi енгiзiлген.
Ең алдымен бiлiм беру информатикасын мектепте компьютердi қолдану
үшiн, қажет болатын оқу процесiне жаңа ақпараттық технологияны қолданудың
негiзделген тиiмдi әдiстерiн келесi түрдегi iс-әрекеттермен көрсетуге
болады:
- пәндiк қолданыс, яғни информатиканы ғылым ретiнде және компьютердi
оќыту құралы ретiнде оқыту;
- компьютерді оқуға қолдану, ол басқа пәндер мен сабақтарды оқытуда
көмектеседi, яғни мұнда компьютерді белгiлi бiр оқу пәнiн оќытуда арнайы
бағыттағы педагогиканың программалық құралы ретiнде қолданылуы;
- есептеу құрылғылары мен ақпараттық технологияны оқу-танымдық
қызметiнiң әмбебап түрлерi үшiн құрал ретiнде қолдану, яғни ақпаратты
жинау, iздеу, ұйымдастыру, хат жазу, сурет салу, есептеу, телекоммуникация
және т.б.;
- кәсіби бағдар мен еңбектегі қолданыстар, яғни еңбек дағдысын немесе
кәсiбiн меңгеру және әр түрлi кәсiптердi таңдау барысында компьютер мен
ақпараттық технологияны қолдану;
- күнделiктi оқу процесiнен тыс бос уақытындағы тынығуы мен жеке
басындағы қызығушылығын байланыстыратын барлық қолдану түрлерiн қамту;
- дефектологиялық, яғни дамуында жетiспеушiлiк және дефектiсi бар
балаларды компьютерде оқыту;
- жалпы бiлiм беретiн мектептердегi мұғалiмдер мен лицей, колледж және
жоғарғы оқу орындарындағы мұғалiмдердiң оқу процесiн ұйымдастырып,
басқарумен қоса әр түрлi педагогикалық-ұйымдастыру және әдiстемелiк
қызметiнiң жаңа ақпараттық технологияны пайдаланып берудегi қолданысын
жетілдіру;
- ұйымдастырушылық қолданыс – аумақтық, республикалық халықтық бiлiм
беру мекемелерiндегi жұмыстарды қамтамасыз ету үшiн, мектептi және басқа да
оқу орындарын басқару үшiн компьютердi пайдалану, яғни бiлiм беру жүйесiнiң
барлық саласын компьютермен жұмыс істеуді ұйымдастыру және басқару
құрылымдарымен қамтамасыз ету.
Компьютерлендiрудiң бастапқы кезеңi жаппай барлық елдердi сол және
басқа деңгейдегi компьютерлiк сауаттылыққа жетумен байланыстырады. Бұл атау
10-даған жылдар бойы үнемi қолданыста болып келе жатыр және қоғамды
ақпараттандыру процесiнiң даму өлшемiмен анықталады. Компьютерлiк
сауаттылық мазмұнын құрайтын және оқушының меңгеру қабiлетiн анықтайын
негiзгi сұрақтар санына келесi айтылғандар жатады, яғни ЭЕМ iс-әрекетiнiң
принципi, ЭЕМ элементiнiң және микропроцессорлық техниклардың физикалық
негiзi, компьютер шеше алатын есептердiң типi, өндiрiс пен басқарманың
автоматтандыру есептерiн шешуде компьютердi қолданудың тиiмдiлiгi, мәселенi
жалпы тiзбектеп шешудегi компьютердi қолдану аймағының түсiнiгi. Көбiнесе
оқушылардың компьютерлiк сауаттылығын “Информатика және ЕТ” курсы
қалыптастырады. Оларды өте аз көлемде білім алу талабы, компьютерлiк
сауаттылықтың бiрiншi деңгейге жету мәселесiн құрайды, ал үлкен көлемi –
“ақпараттық мәдениетке” тәрбиелейтiн болашақтағы мәселе болып табылады.
Жаңа ақпараттық технологияны педагогикалық салада меңгеруде келесi
мәселелерді негізгі мєселе деп ќарастыруѓа болады, яѓни
компьютерлiк сауаттылық негiзiн меңгеру және жаңа ақпараттық
технологияны практикалық пайдалануда жеке тәжiрибелерiн жинақтау;
оқу процесiнде жаңа ақпараттық технологияны пайдаланудағы жалпы
мәдениеттiлiк және әдiстемелiк дайындықтарды жетілдіру.
Қандай бағыттарда компьютердi пайдалану жақсы қамтамасыз етiлген?
Бiрiншiден, техникалық бағыт, есептеуiш машинаның мүмкiндiктерiн
олардың желi ұйымы немесе топтарын бiрiктiру есебiнен, сонымен қатар жаңа
программалық құралдар мен жаңа жања аќпараттыќ сыртќы құрылғыларды
пайдалану есебiнен де мүмкiндiктерi кеңейюi мүмкiн. Желiнi пайдалану екi
деңгейге бөлiнген, яғни сыныптың жеке желiсi және сыныпты iшкi ортамен
байланыстыруы. Қоғамды ақпараттандырудың қазiргi заманғы кезеңi
компьютерлер базасында компьютердi пайдаланудан ақпаратты желiнi құратын
автономды режимге өтумен сипатталынады. Әлемде жеткiлiктi дәрежеде өте көп
ақпараттық желiлер бар, олардың әрқайсысы белгiлi бiр мәселенi анықтайтын
қызығушылыќтан тұрады және көптеген тұтынушылар санын бiрiктiредi. Бiлiм
беру жүйесiндегi ақпараттық желiлерге шет елдерде ерекше мән берiледi.
Бiздiң елiмiзде ақпараттық желi құруға әлi күнге дейiн аз көңiл
бөлiнiп жүр, сондықтан да бiлiм беру жүйесiне жаңа ақпараттық технологияны
енгiзу мен бiлiм берудi ақпараттандыру процесi баяу жүрiп жатыр. Бұл
қазiргi кезде ерекше бiлiнiп отыр, себебi, бiлiм беру түрi мен мазмұны
жылдам өзгеруiне байланысты көптеген жаңа оқу мекемелерi ашылуда (лицейлер,
гимназиялар) және көптеген пәндердiң сабақ беру әдiстемесi мен мазмұны
өзгерген (физика, математика ғана емес, тарих, әдебиет және т.б.).
Компьютерлiк телекоммуникация желiсi компьютерлердiң әр түрлi типтерiн тез
қабылдайтын телефон, спутник көмегiмен және т.б. белгiлi бiр иерархиялық
құрылымдарды байланыстарумен жасалынады. Соңында, телекоммуникация желiсi
орталығында ақпаратты-анықтама жүйесi құрылады (банк мәлiметтерi) және
басқа мемлекеттердегiдей кез келген абонент өзiне қажет ақпаратқа сұраныс
берiп немесе iздеп, оны алып өз банкiсiне көшіріп жазуына болады.
Телекоммуникация желiсiн құру белгілі бір кезең бойынша жүруi керек және
халықтық бiлiм беру жүйесiнiң мүмкiндiктерi мен практикалық
қажеттiлiктерiне бағытталуы дұрыс. Телекоммуникациялық желi, спутниктiк
байланыс, хабарласу құрылығылары арқылы байланыстар жасалынуы мүмкiн, яғни
атап айтсақ, халықаралық кiтапханалар мен құжаттар орталығымен, сандық
байланыс желiлерiмен (дыбыс, мәлiметтер, видеолар), оқу орталықтары мен
тұрақты мекен-жайы бойынша, жергiлiктi мәлiметтер базасымен, халықтық және
халықаралық желiлермен, педагог компьютерiмен, жергiлiктi есептеу
желiсiмен, оқу орталығы атауларымен толыќтырылады.
Бұл бағытқа енетiндер: программалық құрал – мәтiндi жөндеу құралы,
электрондық кестелер, мәлiметтер базасын басқару жүйесi, сараптау жүйесiн
пайдалануға арналып құрылған әдiстемелiк құралдар, аймақтық құралдар –
компьютердi аудиовизуальды құралдармен байланыстырушы, соның iшiнде ЭЕМ-де
жұмыс iстеушiлер ортасындағы кемiстiгi бар және мүгедек балалар жұмыс iстей
алатын лазерлi дискiлердi пайдалану.
Жаңа ақпараттық технологияны программалы-құрылымдық мүмкiндiктерімен
қамтамасыз етушi құралдарға жататындар, яғни интерактивтi режимдегi жұмыс,
тұтынушылар мен жаңа ақпараттық технологияны жеке пайдаланушылар арасындаѓы
қарама-қарсы байланыс, оқып отырған заңдылықтарды, оның iшiнде нақты өтетiн
процесстердi визуальдау (мысалы, модель, график, диаграмма, кесте түрiнде),
экрандағы әр түрлi объектiлер моделiнiң немесе нақты өтетiн процесстер мен
құбылыстардың кескiндерiн басқару, оқып отырған процесс туралы ақпараттарды
тiркеу, жинау, жинақтау және өңдеу, үлкен көлемдегі ақпараттардың архивте
сақталып, оларға оњай қол жеткізу мүмкіндіктері мен тұтынушының орталық
ақпараттық банктегі мәліметтерімен жұмыс жасауы мен алмасуы, эксперимент
бөлiгiн бiрнеше рет қайталау мүмкiндiктерiн немесе эксперименттiң өзiнiң
нәтижелерiн өңдеу процессiн автоматтандыру.
Гуманитарлық бағыттаѓы білім беру жаѓын қарастырсақ – жаңа ақпараттық
технологияны пайдаланып оқыту теориясыныњ негізі мен мазмұныныњ ќ±рылымы
бойынша оқу процесiн педагогикалық тапќырлыќпен, шеберлікпен µткізуді талап
етеді.
Сонымен қатар модельдеу, орта мектепттердегi әр түрлi пәндердiң
сабақтарында жиi пайдаланылып, олар ойын мен оқу программалары аралығын
қамтиды және т.б.
Оќытудыњ тасмалдау әдiсi есепті шешу жолындағы интерактивті тәртіп
бойынша жүзеге асады, онда оқып үйренушілер көріністі ғана меңгеріп қоймай,
білімді және қабілеттілікті меңгеріп, сонымен қатар өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Visual basic бағдарламалау ортасы
Visual basic-ті оқыту әдістемесі
Visual Basic программалау тілі - Әдістемелік нұсқау
Visual Basic-те стандартты қосымшаларды дайындау
Corel draw векторлық графиканың интерфейсі
Delphi объектілі бағдарлы бағдарламалау тілінің мүмкіндіктері
Ms access-ті үйренуде компьютерді пайдаланудың алғышарттары
Visual Basic ортасында Интернет браузер құру
Visual Вasic ортасында “Мектеп математикасына көмекші есептегіш құрал” дайындау
Ақпараттық (информациялық) қызмет көрсету жүйелері мен компьютерлік технологияны білім беруде қолдану мәселесі
Пәндер