Пунктуация туралы жалпы түсінік
І. Кіріспе:
Пунктуация туралы жалпы түсінік.
ІІ. Негізгі бөлім:
а) Сөйлем соңында келетін тыныс белгілерінің қабаттасып қолданылатын орындары.
ә) Пунктуацияны оқытуға байланысты жүргізілетін жұмыстар.
б) Пунктуациялық қателердің түрлері және оларды түзету жолдары.
в) Пунктуациялық қателер туралы.
ІІІ. Қорытынды:
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Пунктуация — бір нәрсені жазғанда, оқығанда, айтқанда ойды басқаға түсіндіру, сондай-ақ бөгде біреудің ойын түсіну үшін қолданылатын тыныс белгілері ережелерінің жиынтығы. Тыныс белгілерін дұрыс қолданудың негізгі жолдарын, сөйлемнің синтаксистік ерекшелігін және сөйлемдегі кейбір сөздердің мағынасын, сөйлемнің интонациясы тақырыптарын оқытқанда, тыныс белгілерін жете меңгерту үшін, біріншіден, қандай грамматикалық заңдылықтарға байланысты қандай тыныс белгілерінің қойылатындығын және соған байланысты ережелердің барлығын; екіншіден, қандай тыныс белгілерінің мазмұнға байланысты қойылатындығын; үшіншіден қандай тыныс белгілерінің интонацияға ғана негізделетіндігін білгізу қажет.
Сөйтіп, қазақ тілінің пунктуациялық жүйесі, негізінен, үш принципке — грамматикаға, сөз мағынасына және интонацияға негізделе оқытылатындығы, осы принциптердің не екендігі оқушыларға жеке-жеке түсіндіріледі.
Грамматикалық принципке байланысты оқушылар алдын ала сөйлемнің құрылысы мен құрамын және оның түрлерін үйде қайталап келулері керек. Сонан кейін мұғалім оқушыларға сөйлемді жазарда оның құрылысы мен құрамы және түріне қарап, қандай тыныс белгілерін қою қажеттігін грамматикалық ережелерге сүйеніп, ойлап отыруы керек екенін айтады.
Тыныс белгілерінің көбі, негізінен, грамматикалық ережелерге сүйеніп қойылатындығын жай сөйлем, құрмалас сөйлемдердің түрлерінен және оқшау сөздері бар сөйлемдерден бірнеше мысал алып, оқушыларға тақтада орындатып, соларға байланысты ережелер мен қағидаларды еске түсіру арқылы түсіндіруге болады.
Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің мазмұнын білмеген оқушы оларға қажетті тыныс белгілерін дұрыс қоюы мүмкін емес. Сондай-ақ салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің әр түрінің мазмұнын (себеп-салдар, қарсылықты, талғаулы, шарттты, т. б.) білмейтін оқушылар да олардың компоненттерінің арасына қандай тыныс белгілерін қоятынын ажырата алмайды.
Осыған орай, мұғалім оқушыларға белгілі бір синтаксистік тұлғаның мағынасын біліп алмайынша, тыныс белгісін сауатты қою мүмкін еместігін мысалдармен түсіндіруі керек.
Ол үшін мағынаға негізделе қойылатын нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі және тырнақша, сонымен бірге күрделі сөйлемдерде қолданылатын үтір, қос нүкте, сызықша, нүктелі үтір, т. б. әрқайсысына жеке-жеке мысалдар келтіріп, оқушылардың көзі жеткізіледі. Қазақ тілінің пунктуациясы сөйлемнің интонациясына, дауыс ырғағына да негізделеді. Сөйлемді ондағы сөздер мен сөз тіркестерін, айту паузасын дұрыс қоя алмаған адам, біріншіден тыныс белгісін орынды қоя алмайды; екіншіден, соған орай, сөйлемдегі ойды бұрмалап жіберуі де мүмкін.
Оқушыларды пунктуацияның интонациялық принципіне дағдыландыра білу әдеби тілдің нормасына сай дұрыс та мәнерлі сөйлеуге баулумен қабысып жататынын ескерген жөн. Сондықтан бұл қағидаға жүргізілетін жұмыстар екі түрлі мақсатты көздейді: біріншісі — ойды дұрыс түсініп, тыныс белгілерін саналы түрде қою; екіншісі — оқушыларды сөйлем мен сөз тіркестерін сазына келтіріп, тіл мәдениетінің нормасына сай мәнерлі айтқызуға үйрету.

1. Қазақ грамматикасы. 2003.
2. Қазақ тілінің грамматикасы. I. Морфология. 1967.
3. Қазақ тілінің грамматикасы. II. Синтаксис. 1967.
4. Қазіргі қазақ тілі (Лексика, фонетика, грамматика) 1954.

Жоспар:
І. Кіріспе:
Пунктуация туралы жалпы түсінік.
ІІ. Негізгі бөлім:
а) Сөйлем соңында келетін тыныс белгілерінің қабаттасып қолданылатын
орындары.
ә) Пунктуацияны оқытуға байланысты жүргізілетін жұмыстар.
б) Пунктуациялық қателердің түрлері және оларды түзету жолдары.
в) Пунктуациялық қателер туралы.
ІІІ. Қорытынды:
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе
Пунктуация — бір нәрсені жазғанда, оқығанда, айтқанда ойды басқаға
түсіндіру, сондай-ақ бөгде біреудің ойын түсіну үшін қолданылатын тыныс
белгілері ережелерінің жиынтығы. Тыныс белгілерін дұрыс қолданудың негізгі
жолдарын, сөйлемнің синтаксистік ерекшелігін және сөйлемдегі кейбір
сөздердің мағынасын, сөйлемнің интонациясы тақырыптарын оқытқанда, тыныс
белгілерін жете меңгерту үшін, біріншіден, қандай грамматикалық
заңдылықтарға байланысты қандай тыныс белгілерінің қойылатындығын және
соған байланысты ережелердің барлығын; екіншіден, қандай тыныс белгілерінің
мазмұнға байланысты қойылатындығын; үшіншіден қандай тыныс белгілерінің
интонацияға ғана негізделетіндігін білгізу қажет.
Сөйтіп, қазақ тілінің пунктуациялық жүйесі, негізінен, үш принципке —
грамматикаға, сөз мағынасына және интонацияға негізделе оқытылатындығы, осы
принциптердің не екендігі оқушыларға жеке-жеке түсіндіріледі.
Грамматикалық принципке байланысты оқушылар алдын ала сөйлемнің құрылысы
мен құрамын және оның түрлерін үйде қайталап келулері керек. Сонан кейін
мұғалім оқушыларға сөйлемді жазарда оның құрылысы мен құрамы және түріне
қарап, қандай тыныс белгілерін қою қажеттігін грамматикалық ережелерге
сүйеніп, ойлап отыруы керек екенін айтады.
Тыныс белгілерінің көбі, негізінен, грамматикалық ережелерге сүйеніп
қойылатындығын жай сөйлем, құрмалас сөйлемдердің түрлерінен және оқшау
сөздері бар сөйлемдерден бірнеше мысал алып, оқушыларға тақтада орындатып,
соларға байланысты ережелер мен қағидаларды еске түсіру арқылы түсіндіруге
болады.
Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің мазмұнын білмеген оқушы оларға
қажетті тыныс белгілерін дұрыс қоюы мүмкін емес. Сондай-ақ салалас,
сабақтас құрмалас сөйлемдердің әр түрінің мазмұнын (себеп-салдар,
қарсылықты, талғаулы, шарттты, т. б.) білмейтін оқушылар да олардың
компоненттерінің арасына қандай тыныс белгілерін қоятынын ажырата алмайды.
Осыған орай, мұғалім оқушыларға белгілі бір синтаксистік тұлғаның
мағынасын біліп алмайынша, тыныс белгісін сауатты қою мүмкін еместігін
мысалдармен түсіндіруі керек.
Ол үшін мағынаға негізделе қойылатын нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі
және тырнақша, сонымен бірге күрделі сөйлемдерде қолданылатын үтір, қос
нүкте, сызықша, нүктелі үтір, т. б. әрқайсысына жеке-жеке мысалдар
келтіріп, оқушылардың көзі жеткізіледі. Қазақ тілінің пунктуациясы
сөйлемнің интонациясына, дауыс ырғағына да негізделеді. Сөйлемді ондағы
сөздер мен сөз тіркестерін, айту паузасын дұрыс қоя алмаған адам,
біріншіден тыныс белгісін орынды қоя алмайды; екіншіден, соған орай,
сөйлемдегі ойды бұрмалап жіберуі де мүмкін.
Оқушыларды пунктуацияның интонациялық принципіне дағдыландыра білу әдеби
тілдің нормасына сай дұрыс та мәнерлі сөйлеуге баулумен қабысып жататынын
ескерген жөн. Сондықтан бұл қағидаға жүргізілетін жұмыстар екі түрлі
мақсатты көздейді: біріншісі — ойды дұрыс түсініп, тыныс белгілерін саналы
түрде қою; екіншісі — оқушыларды сөйлем мен сөз тіркестерін сазына
келтіріп, тіл мәдениетінің нормасына сай мәнерлі айтқызуға үйрету.
Тыныс белгілерінен терең білім, берік дағды беру үшін, негізгі үш
принципке — грамматикалық, мағыналық және интонациялық принципке байланысты
мына секілді жұмыс түрлерін жүргізуге болар еді:
1) пунктуациялық талдау;
2) жаттаған өлеңдердің немесе қысқа әңгіменің тыныс белгісін дұрыс қойып
жазғызу;
3) тыныс белгілеріне арнап құрылымдық сызбалар жасау;
4) диктант, мазмұндама, шығарма жұмыстарын жазғызу;
5) магнитофонға жазылып алынған көркем мәтіндердің интонациясына көңіл
аудару.
Нүкте, Нүкте қойылатын орындар, Сұрау белгісі. Сұрау белгісі
қойылатын орындар, Леп белгісі, Көп нүкте тақырыптарын оқытқанда,
нүкте, негізінен, біткен ойды білдіретін хабарлы сөйлемнің соңына
қойылатынын, ал хабарлы сөйлем мазмұны — хабарлау, баяндау, бейнелеу болса,
оның түрлері де біркелкі болатынын сызбаға түсіріп, жинақтап, төмендегі
секілді көрнекі құрал жасап алуға болар еді.
Нүктенің мұнан да басқа қойылатын орындары бар. Оны жинақтап, мына секілді
кестемен түсіндіру — анағұрлым тиімді әдіс
Қатар Нүкте қойылатын орындар Мысалдар
саны
1. Хабарлы сөйлем. Соңгы сөздер Әбішті толқытты.
2. Адам, кітап, газет, журнал
аттарының тек басқы әріптеріненА. С. Пушкин, Л. Н. Толстой, А. М.
қыскартылып алынған түрлері: Горький — орыс халқының ұлы
Сөйлем басында цифрлар аркылы жазушылары. С. Қ.,
3. таңбаланатын санамалы Қ. П., Л. Ж.- республикалық
нөмірлерден кейін: Тағы газеттер. Мұғалімдер Қ. М.
басқалар, тағы сол сияқтылар журналын үзбей оқиды.
4. қысқартылып алынса: Жай сөйлем екі түрлі болады:
1.Жалаң сөйлем.
2. Жайылма сөйлем.
Октябрь революциясынан кейін
Казақстанда Карағанды, Балқаш,
Қарсақпай, Теміртау, т. с. с.
ірі-ірі өндіріс қалалары салынды.
Мына бір жайларды ескере кеткен жөн:
а) Сөздің басында келетін санамалы цифрлардан кейін жақша келсе, одан
кейін нүкте қойылмайды. Мысалы, Сөйлем сазына қарай үш түрлі болады:
1) хабарлы сөйлем;
2) сұраулы сөйлем;
3) лепті сөйлем.
ә) Белгілі бір автордан цитата алынғанда, сол автордың аты-жөні жақшаға
алынса, нүкте жақшаның ішіне қойылады. Мысалы, Ауылда артель құрылды. (Б.
Майлин, Таңдамалы шығармалары, 1958 ж. 711-бет.)
Көп нүктенің қойылатын орындарын оқушыларға үйрету он-шалықты қиындық
келтірмейді. Оқулықтардағы көп нүктеге арналған жеке-жеке пункттердің
әрқайсысына түрлі жаттығу жұмыстары орындатылса, көп нүктеге байланысты
дағды қалыптасады.
Бір ескертетін жай — оқушылар көп нүкте дегенді жолдың аяғына дейін
қойылатын сансыз нүктелер деп түсініп, аяқталмай қалған ойдан кейін жөнсіз
көп нүкте қойып қоятындығы бар. Көп нүктенің саны үшеуден артпайтындығын
ескерткен жөн.
Сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілерінен теориялық білім бергеннен
кейін, берік есте сақтау үшін, мына секілді жұмыстар жүргізіледі:
1) бірнеше оқушыға хабарлы сөйлем, лепті сөйлем және сұраулы сөйлемдерге
мысалдар айттыру;
2) алдын ала тыныс белгілері қойылмаған бірнеше сөйлемді кеспе қағаздарға
жазып келіп, оқушылардың өздеріне тыныс белгілерін қойдырып талдату;
3) оқушыларға бір-біріне сұрау қойғызып, жауап бергізу және ондағы тыныс
белгілеріне көңіл аударту;
4) магнитофонға оқушылардың оқыған сөйлемдерін жазып алып, соңынан
оқушылардың бәрін қатыстыра отырып талдау;
5) оқушыларға төтенше бір оқиғаға қатысты қысқа сөйлемдерден шағын мәтін
жаздыру;
6) оқулықтағы және басқа жаттығу жинақтарынан түрлі мазмұнды жаттығу
жұмыстарын орындату.
Сөйлем соңында келетін тыныс белгілерінің қабаттасып
қолданылатын орындары
Әрі сұрай, әрі таңырқай (я шаттана, я назалана) айтылған немесе әрі
күдіктене, әрі таңырқай айтылған я керісінше айтылған сөйлемнің соңынан
сұрау белгісі мен леп белгісі немесе леп белгісі мен сұрау белгісі
қабаттасып қолданылады. Мұны автордың өзі белгілейді.
Кейде сұраулы немесе лепті сөйлемдер аяқталмай үзіліп қалғанда, не
болмаса әрі сұрау, әрі леп белгісі қабаттасып келген сөйлемдер аяқталмай,
үзіліп қалғанда, көп нүкте қойылады. Бірақ олардың саны екеуден артпауы
керек. Оқулықтарда сөйлем соңында келетін тыныс белгілерінің қабаттасып
қолданылатын орындарына арнаулы жеке-жеке пункттер берілген, оларды талдай
отырып түсіндірген дұрыс.
Үтір. Үтір туралы мәлімет.
Үтір, Үтір туралы мәлімет, Бірыңғай мүшелер арасына үтір қойылатын
жағдайлар тақырыптарын оқытқанда, үтірдің негізінде грамматикалық
ерекшеліктерді ғана емес, сонымен қатар сөздер мен сөз тіркестерінің
мағыналық жақтарын да туғызатын белгі екеніне назар аударған жөн. Сондай-ақ
үтірдің сөз бен сөз тіркестерінің интонациясына да қатысты екенін қыстырма,
одағай, қаратпа сөздер мен оңашаланған мүшелерге, құрмалас құрамындағы жай
сөйлемдерге де байланыстыра түсіндірген дұрыс. Үтір қойылатын жерлерді
үйреткенде, көбінесе жаттығу жұмыстарын жүргізе түсу керек. Мәселен,
жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын орындата отырып, үтірдің қандай жағдайда,
қандай грамматикалық заңдылыққа байланысты қойылатынын оқушыларға айтқызу
арқылы, олардың үтірден алған білімін жинақтап, жүйеге келтіреді.
Оқушылардың бірін тақтаға шығарып, мына секілді бірнеше сөйлем
жаздырылады:
1. Абай Әбіштен, Мағаштан, Күлбаданнан қай сөздердің орысшасын сұрап
көрді (М. Ә.).
2. Балалар, аманбысың, шырактарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым (Ж. Ж.).
3. Өзім көргемін жоқ, көргендердің айтысына қарағанда, ар жақтағы
партизандар ауыр жаралы екі командирдің бірін жөнелткен екен (Ә.Ә.).
4. Уа, құрметті ұлы күн, жарық берген таңымсың! (Ж. Ж.).
5.Бізге, қарттарға, жастар сияқты өмір сүруге тура келеді (Н. 0.).
6. Дауылпаз даусы саңқылдап қанат қағады, найзағай жарқылдайды, оттай
зымырап бұлтқа енеді, қанатымеп толқынндардың көбігін көкке ұшырады
Бұл сөйлемдерден сөйлемнің бірыңғай мүшелерін, қаратпа, қыстырма, одағай
сөздерді және айқындауыш мүшелерді табу арқылы оқушылар мұндағы үтірлердің
қойылуы жайындағы заңдылықтарды еске түсіреді.
Ең соңғы сөйлемде оқушылар құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай
сөйлемдер бір-бірінен үтір арқылы ажырайтындығын еске түсіреді.
Осылайша үтір қойылатын жағдайларды еске түсіріп, қайталап алғаннан
кейін, үтір қойылатын орындарды жинақтап, келесі беттегідей кесте жасап
алуға болады.
Үтір қойылатын объектілерді, шамамен, осылай белгілеп алғаннан кейін,
бұлардың әрқайсысына жеке-жеке арнайы тоқтап, ондағы үтірдің қойылу
себептері мен мақсаттарын айқындап, ақырында оқушылардың үтірден берік
қалыптасқан дағдысы болу үшін, әр түрлі жаттығу, жазба жұмыстары
жүргізіледі. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері арасына қойылатын үтір белгісін
жеңіл де саналы игерту үшін, мына секілді сөйлемдер талдату қажет:
1. Аралас өлген қойлар, сиырлар, жылқылар, түйелер табындап кездеседі
(С М).
2. Жайна, елім, гүлде, көгер, шырқа, әнге сал,
Дүкен құр, өмір жаса бір тәтті бал! (Ж. Ж.).
3. Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ,
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ (Абай).
4. Абай осы кеште болған халін бұл түнде де, ертеңіне де түсіне
алмай кетті (М. Ә.).
Осы сөйлемдерді мұғалім оқушыларды қатыстыра отырып талдау үстінде:
біріншіден, мұндағы бірыңғай мүшелердің бәрінің бір ортақ сұраққа жауап
беретіндігін; екіншіден, мұнда көрсетілген бірыңғай мүшелердің барлығы бір
формада (тұлғада) келетіндігін; үшіншіден, мұндағы бірыңғай мүшелердің бәрі
бір ғана сөйлем мүшесімен байланысатындығын; ақырында, бірыңғай мүшелердің
жалғаулықты да, жалғаулықсыз да болып келетіндігін анықтайды.
Бұлай талдау, біріншіден, оқушылардың есіне бірыңғай сөйлем мүшелерін
түсіреді, екіншіден, жалғаулық арқылы байланысса немесе да, де мәнді
жалғаулықтары қайталанып келсе, олардың арасына үтір қойылатынын есте
мықтап сақтауына мүмкіндік береді.
Жалғаулықтардың түріне де бірнеше мысал келтіріп талдауға болады. Соның
нәтижесінде бірыңғай мүшелердің әрқайсысымен қайталанатын жалғаулықтардың
ыңғайлас, кезектес, талғаулы болып келетіндігін де түсіндіру қажет.
Сондай-ақ әрбір бірыңғай мүшелер әр түрлі жалғаулықтармен келсе, олардың
арасына үтір қойылмайтындығы да жаттығу жұмыстарын орындату үстінде
түсіндіріледі. Оқшау сөздердің мәнін түсіндіріп жатпайақ, әрқайсысына мына
секілді кесте әзірлеп, олардағы үтірдің қойылу ережелерін бірден
әңгімелеуге де болады.
Қаратпа сөздер келетін орындар
Қаратпа сөз 1. Жолдастар, қуанышты хабар
сөйлемнің әкелдім.
басында келеді:
2. Көрі тарланым-ай, әлі ширақ
екен.
Қаратпа сөз 1. Ұялма,қалқам, бір сайра, біз
сөйлемнің де алалық үлгіні.
ортасында келеді:
2. Көктей түс, Отанымның шаттык,
бағы, кел ұшып, сайрай түсші
бұлбұл тағы! (Ж. Ж.)
Қаратпа сөз 1. Айта беріңіз, ана! (Ә. Н.)
сөйлемнің
соңында келеді:
2. Сөйлей бер, ақ домбырам!
Осы ізбен қыстырма, одағай сөздерге де көрнекі құрал жасап, олардың
үтірлеріне көңіл аударылады.
Мұнда ескеретін жай — одағайларға байланысты тыныс белгісінің екі түрі
бар: бірі — үтір; екіншісі — леп белгісі. Мысалы: Ой, тәйір-ай, жеріне
жетпей Кәкітай жығылмайды (М. Ә.). Ұлжалғас, ей, Ұлжалғас! Тұр, қазан ас!
Оңашаланған мүшелерді жоғарыдағы ізбен, берілген сөйлемдерден тауып,
ондағы тыныс белгілеріне көңіл аударылады.
Мысалы: 1. Біздер, яғни мектеп окушылары, сабақты жақсы оқуымыз керек.
2. Мені, жас кадрды, өсірмек болған.
3. Түнде, сағат 12-де, поезд жүреді.
Бұл сөйлемдерден оңашаланған айқындауыш өзі айқындайтын сөзінен кейін
келетіндігі; оңашаланған сөйлем мүшелерінің бәрін айқындайтындығы, ақырында
оңашаланған айқындауыш әр уақытта басқа сөйлем мүшелерінен, негізінен, үтір
арқылы ажырайтындығы көріну керек.
Енді бір ескеретін жай: иә, жоқ сөздері сөйлемнің басында келгенде, пауза
жасалынады да, олардан соң үтір қойылады. Мысалы:
- Сіз менің айтқанымды түсіндіңіз бе?
* Иә, түсіндім.
* Жоқ, мен неғылайын... Абай ағам өзі бірдеңе етер (М. Ә.).
Пунктуацияны оқытуға байланысты жүргізілетін жұмыстар.
Мектептерде пунктуациялық жұмыстар, яғни оқушыларға тыныс белгілерінен
берілетін мәліметтер, синтаксиспен тығыз байланысты, синтаксистік
категорияларды оқыту процесінде жүргізіледі. Оның себебі белгілі:
пунктуациялық ережелер тілдің құрылымына, атап айтқанда, синтаксистік
категориялардың ерекшеліктеріне негізделіп жасалынады. Сондықтан да
пунктуация — синтаксистің негізгі бір бөлімі.
Морфологияны жақсы білмей, сөйлем мүшелерінің қай сөз табынан
жасалғандығын, олардың бір-бірімен байланысу жолдарын ажырату мүмкін емес.
Сол сияқты синтаксиске жетік емес, оны шала-шарпы ғана білетін адам тыныс
белгілері ережелеріне де жетік бола алмайды. Сөйлемнің бастауыш, баяндауышы
мен басқа мүшелерінің қандай формада тұрып, қай сөз табынан жасалғанын
білмейінше, ол сөйлемнің құрылысын да, оның тыныс белгілерін де ажырату
мүмкін болмайды. Ендеше, сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс қоюды үйрену
үшін, тек қана синтаксисті емес, морфологияны да жете білу қажет.
Оқушыларға, белгілі бір пунктуациялық ережені айтпас бұрын, объектіге
алынып отырған сөйлемдегі тыныс белгілерін байқатып алған дұрыс. Мұндай
байқаулар кездейсоқ, жай ғана көру ретінде болмай, белгілі бір тыныс
белгісінің қолданылу себебі мен жолдарын саналы түрде аңғара алатындай болу
жағын қарастырған жөн. Оқушыларды қызықтыру және олардың белсенділігін
арттыру үшін, оқытушы кейде талданып отырған сөйлемдегі тыныс белгілерінің
қолданылуы жөнінде аңғарғандары мен байқағандарынан оқушылардың өздеріне
ереже, тұжырым шығартуына болады. Мәселен, қаратпа және қыстырма сөздер
сөйлемнің басқа мүшелерінен үтір арқылы ажыратылатыны, т. б. жөнінде
мысалдағы жағдайларға қарап отырып ереже шығарту пәлендей қиындыққа
түспейді. Бірақ ол үшін оқушылар синтаксистік категорияның ерекшеліктерін
жете таныған және олардағы тыныс белгілерін алдын ала байқаған болулары
керек.
Бұдан мысалға қарап отырып, тыныс белгілері ережелерін үнемі оқушылардың
өздеріне айтқызу керек екен деген сияқты бір жақты ұғым тумауға тиіс. Кейде
мысалдарға қарап пунктуациялық ережелер шығару оқушыларға ауыр тиеді.
Мәселен, төл сөздердің, сөйлемнің бірыңғай мүшелерінен кейін келетін
жалпылауыш сөздердің тыныс белгілері ережелерін, т. б. мысалдарға қарап
оқушылардың өздеріне айтқызу буынсыз жерге пышақ ұрумен бірдей болар еді.
Сондықтан бұл сияқты категориялардың пунктуациялық ережелерін оқытушының
өзі айтқаны дұрыс.
Тыныс белгілерін үйрету жолындағы бірінші баспалдақ — оқушылардың
синтаксистік құрылыс пен сөйлемдегі ой желісін ұстай білуін қамтамасыз ету.
Мұғалім оқушыларды ең алдымен осы жағдайларға үйретуі керек.
Екінші жағдай: оқушылар сөйлемнің тыныс белгілерін сол сөйлемді әбден
көшіріп (я жазып) болғаннан кейін емес, соны жазу үстінде қоя білетін
дәрежеге жеткізуге тиіс. Мұның өзі жұмыстың алғашқы түріне — сөйлемнің
құрылысы мен ондағы ой желісін алдын ала түсініп алуға байланысты болады.
Ал ондай дәрежеге жету үшін, сөйлемді ойша бірден, өте тез талдай білу
қажет.
Тыныс белгілерінің белгілі бір синтаксистік құрылыстарда қол-данылуын
оқыту жаңа сабақ өтудің қалыпты жолымен жүргізіледі. Сондықтан оған, бір
сабақтың үлгісіне, тоқталып жатудың қажеті жоқ. Ал сол өтілген ережелерді
оқушыларға меңгерту үшін, жүмыстың бірнеше түрін қолдануға болады. Олардың
басты-бастылары мыналар: пунктуациялық ережелерге байланысты жүргізілетін
жаттығу жұмыстары, талдау жұмыстары, пунктуациялық қателер және оларды
түзету, болдырмау жолдары, т. б.
Пунктуациялық жаттығулар мен талдаулар.
Оқушылардың пунктуациядан сауатсыз болуы немесе оны жете білмеуінің
себебін олардың пунктуациялық ережелерді құр жаттап алғандығынан немесе
синтаксистік құбылыстардың ерекшеліктерінің өзін жеткілікті дәрежеде ұғына,
қабылдай алмағандығынан деп қана ойлау — бір жақтылық болады. Көп санды
оқушының пунктуациялық жүйеге жетік еместігі немесе оқыған, білетін
ережелерін іс жүзінде қолдана алмаушылығы сияқты кемшіліктер дер кезінде,
яғни оқу, оқыту процесінде пунктуациялық жаттығулардың не өте аз
жүргізілгендігінен, не методикалық жақтан дұрыс ұйымдастырылмағандығынан да
болады. Жаттығу жұмыстарының рөлі айрықша. Жаттығу жұмысы іздеп отырған
грамматикалық форманы бірден, ә дегеннен көзге түсетіндей етіп құруға
болмайды; онда оқушылардың таңдауына, басқа өзі сияқты формалармен
салыстыруына, соның ішінде тауып алуына мүмкіндік туғызылуы керек. Мұның
өзі оқушыларды ойландыруға, жұмысты саналы түрде, түсініп істеуге үйретеді.
Жаттығу материалын және оның түрін таңдағанда, алға қойылған мақсат не,—
соны айқындап алу керек. Ол мақсат оқытылып отырған формаларды кейіннен
окушылардың өздері өз тәжірибесінде, өз сөздерінде еркін және дұрыс қолдана
алатындай болу жағын, жазуда олардың емлелік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz