Маңғыстау туризмін дамытуды алға тарта отырып, осы аумақтағы ерекшеліктерді туристік нысан ретінде көркейту және осы арқылы Қазақстанның туризм саласының дамуына үлес қосу мәселелері


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

I. Кіріспе . . . 3

II. Негізгі бөлім . . . 6

1. Қазақстан туризмінің тарихы . . . 8

2. Маңғыстау өлкесі . . . 11

2. 1. Табиғаты . . . 14

2. 2. Туристік нысандары . . . 19

2. 3. Маңғыстау туризмін дамыту . . . 23

III. Қорытынды26

IV. Пайдаланған әдебиеттер . . . 29

I. Кіріспе

I. Жалпы сипаттама:

Маңғыстау кездейсоқ келушіге алғашқы көзқарасқа түссіз-тақыр, аңызық желден басқа ештеме көрінбеуі мүмкін. Алайда, жіті қарап, көңіл қойсаң бұрын соңды көрмеген ғажап әрі таңқаларлықтай мекенге тап болған сияқтысың . Жасыл, қоңыр түске боялған дала және осы даладағы көп жылдық тарихы бар мекендер мен ескерткіштер адамды ерекше күйге бөлейді. Маңғыстаудың әрбір тасында осы жерді мекендеген халықтардың тарихының жасырын жұмбағы жатыр. Бұл өлке табиғатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді: құмды шөлдердің арасында көтерңкі тау жоталарының бой көтеруі, жазық әрі ұлан-байтақ даланың батысқа қарай дүние жүзіндегі ең үлкен Каспий теңізіне ұласуы, шығысқа қарай көз тартарлық ғажайып тілімделген Үстіртпен ұштасуы. Осындай табиғи факторлардың барлығы Мағыстаудың туризмін одан әрі дамытуды алға тартады.

Жобаның міндеттерінде айтылғандай, бұл жұмыста Маңғыстау облысының географиялық, тарихи, мәдени, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, Маңғыстау туризмінің қаншалықты дами алатындығы және тиімділігі зерттеліп, тұжырымдалады.

II. Мақсаты:

Маңғыстау туризмін дамытуды алға тарта отырып, осы аумақтағы ерекшеліктерді туристік нысан ретінде көркейту және осы арқылы Қазақстанның туризм саласының дамуына үлес қосу.

III. Міндеттері:

1. Маңғыстау облысының дамыған туристік орын болатыны оның тарихи-географиялық жағдайымен қаншалықты үйлесетінін анықтау.

2. Маңғыстау туризмің осы облыстың эканомикалақ жоспары мен әлеуметтік тұрғысына ықпалы

3. Осы туризм саласында жұмыс атқаруға қабілетті, білікті кадрлер дайындау, турфирмалар құру мен қатар Маңғыстау туризмін жарнамалауды сипаттау және саралау.

4. Маңғыстау облысы мұнай-газ торабы түйіскен экалогиялақ қауіпті аймақ болғандықтан, бұл өңірде туризмнің қаншалықты дами түсетінін айшықтау.

5. Маңғыстау туризмі қаншалықты қазақ жерін таныта алатыны жайында нақты дәлелдер келтіру.

IV. Өзектілігі:

Бүгінгі таңда туризм арқылы дүние жүзіне өзінің көркем жерлері мен әсем табиғатын, тарихы мен мәдениетін танытып отарған Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Люксембург т. б. сияқты мемлекеттер қаншама. Аталған елдер туризмді дамыту арқылы әлемге әйгілі болып қана қоймай, жылсайын мемлекет қазынасын миллиардтаған АҚШ долларымен толтырып отыр. Ал бұл ел экономикасына елеулі ілгерістер қосатыны айтпаса да түсінікті. Қазақстанның көңілге қонымды қоңыржай ауасы мен басқа елдерге қарағанда ұлан-байтақ аумағы және өзіндік ерекше сипатқа ие табиғаты туристік орындарды ерекшелей түседі. Бір сөзбен айтқанда қазақ даласы туризмді дамытуға таптырмас орын болып саналады. Осы себепті Маңғыстау сияқты әсем жерлерді ел назарына ұсыну мен туризмі дамыта түсудің ел экономикасында да, мәдениетінде де алатын орны ерекше.

V. Жаңалығы:

Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасының басымды бағыттарының бірі ретінде туризмді дамыту қажеттілігін ерекше атап өткен болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша Маркетингтік сараптамалық зерттелім орталығы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен американдық консалтингтік компаниясы «Қазақстан экономикасының қызмет көрсетіп отырған бәсекеге қабілетті және потенциалды перспективті секторларына баға беру және олардың дамуы жөнінде үсыныс» жобасы іске асырылды. Жобаның мақсаты - Қазақстан экономикасының болашағы бар салаларының бәсекеге қабілеттілігін көтеру. Сарапшылардың қорытындысы бойынша Қазақстанның бәсекелестік басымдылығы оның таңғажайып мәдениетінде (мәдени-танымды), бай табиғи әлеуетіне (экологиялық туризм), қызмет белсенділігінің өсуіне байланысты қызмет туризмімен, сонымен қатар демалыстың белсенді түрімен, мысалы, спорт және сол сияқты басқа да туризм түрлерімен айналысуға болатындығымен ерекшеленеді. Туризм 2011 жылға дейінгі мемлекеттің экономикалық дамуының басым секторларының бірі деп атап көрсетілді.

Осыған байланысты Үкімет туристік кластерін құру және дамыту бойынша іс-шаралар қабылдауды Туризм және спорт министрлігінің алдына қойды. Үкімет туристік кластердің қүрылуының маңыздылығын ескеріп, Қазақстан аумағында туристік мүмкіндіктерге маркетингтік зерттеу жүргізу үшін 65 миллион теңге көлемінде қаржы бөлді.

Қазақ даласындағы қазақи нақышты әлемге паш ете алатын тарихи-мәдени мекендердің бірі- Маңғыстау өлкесі . Маңғыстау өзінің не бір қайталанбас көрікті жерлерімен ғана емес, тарихи ескерткіштердің қайнар көзі орналасқан жер болып саналатыны мәлім. Бірақ та, бүгінгі күнде осындай қайталанбас орындарда шетел азаматтарын қоя тұрғанда өз халқымыз рухани-мәдени және танымдақ мақсатта болып көрмегені жасырын емес. Әрине халықтың жыл сайын ағылатын «Анталия теңіз курорты», «Дубай қаласы» немесе «Гавай аралдары» сияқты танымал емес. Мұның бірден-бір себебі: ел тәуелсіздігіне 20 жыл толса да туризм саласының артта қалуы. Бұл жобаның тиімділігіне тоқталатын болсақ:

Біріншіден: жер бетіндегі әр-бір туристік орындардаң өзіне тән ерекшеліктері болады. Маңғыстау өлкесі өзінің айрықша, көз тартарлық ландшафтымен әлем халқын қызықтырса, ал оның қазақтың қойнау тарихынан сыр шертерлік ескерткіштері ешкімнің назарынан тыс қалмайды. Осы арқалы қазақ даласының әсемдігін көрсете отырып, Қазақстанның әлемдегі беделін айқандай түсуге болар еді.

Екіншіден: Маңғыстау өлкесінің тек сыртқы туризм үшін ғана емес, осынау тарихи-мәдени өлкедегі қазақ халқының этникалық, әдеби және тарихи мұраларын келешек ұрпақтың тәрбиесі мен танымының кеңеюі үшін пайдасы зор

Үшіншіден: жалпы Қазақстан бойынша туризм саласы кәсіпкерлер қызметі арасында енді-енді ғана жанданып келе жатқан сала. Туризм қазіргі заманда Қазақстан экономикасының ең перспективті саласы болып табылады. Аталған сала дамудың дұрыс өзгерістерінен өтсе, онда ол саудаға да, мемлекттік бюджетке де үлкен кіріс алыпкелер еді.

II. Негізгі бөлім

2. Маңғыстау өлкесі

Маңғыстау - Қазақстанның оңтүстік -батыс бөлігінде орналасқан. Бүкіл Жер шары көлемінде алып қарасақ, Еуропа мен Азияның түйіскен тұсында. Бұл аймақтың жан-жақпен экономикалық қарым-қатынас жағдайы да өте тиімді. Өйткені облыстың батысы мен солтүстігін қоршай орналасқан Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түрікменстан, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстан, солтүстігі мен солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстарымен шектесіп, күнбе-күнгі түрлі экономикалық байланыс мүмкіндігі жақсы жолға қойылған.

Қазақстанның кең дүниеге ашылған теңіз қақпасы - Ақтау халықараралық теңіз сауда порты дүниежүзілік деңгейде теңдесі жоқ стратегиялық маңызға ие. Ол арқылы Иран, Әзірбайжан, Түрікменстан және Ресейге, одан әрі мұхитқа шығуға мүмкіндік туып отыр. Тек 2006 жылдың өзінде Ақтау порты арқылы 1млн. тоннадан астам мұнай тасымалданған

2. 1. Табиғаты

Облыс көлемінің бедері әр түрлі. Солтүстік жартысын Желтау (221 м), Мың-суалмас (148 м) және құм алқабы (Қарақұм, Сам және басқалар), көлемді сор (Өліқолтық, Қайдақ, Қаратүлей, Қаракешу және басқа) және Бозашы түбегі орналасқан Каспий жағалауы алып жатыр. Орталық бөлігін Маңғыстау (Ақтау, Қаратау 556 м) таулары, Маңғыстау үстірті жәнеТМД дағы ең терең ойпат (-132 м. ) Қарақия ойпаты орналасқан Маңғыстау түбегі алып жатыр. Оңтүстік батысында Кендірлі-Қаясан үстірті орналасқан, оңтүстігінде - Қарынжарық ойпаты. Облыстың шығысын Үстірт шоқысы алып жатыр.

Маңғыстау облысын ерекше жартылай арал деп осы жерде болған және осы

жерде тұратын халық "Маңғыстаудың аласа таулы шөлі" атайтын болған. Бұл аймақ мұнайдың және газдың, минералдардың туған бай жері болады. Бүгінгі күнде Маңғыстау облысы

мәдени мұраға бай туристік және емделу объектілері бар. Ең қызықтысы Ұлы Жібек жолымен туристік бағыт, Маңғыстау облысы арқылы оңтүстіктен-солтүстікке және одан кейін солтүстік-батысқа қарай Үстіртке Шетпен қақпасы арқылы Каспий жағалауына бағыт жасау.

Адам Маңғышлақта дашашамен 500 мың жыл бұрын пайда болған. Барлық ұлы дәуірдегі адамның тарихи оқиғалары бұл жерді де тыс қалдырмады. Шығыс пен батыс арасында шекаралық территориясы, сонымен қатар әлемнен бөлінген тынышты шөл дала Үстірт, Маңғышлақ бірінен кейін бірі орынды басатын өзінің жеріндегі ұлы өзгерістермен бірге өтетін халқымызды қызықтыратын болған. Массагеттер, алландар, оғыздар, қалмақтар, адайлар. Олар келген, одан кейін басқалар бәрін бұзып кеткен, осы жердің мәдени мұрасы ретінде белгі болатындай із қалдырған. VI ғасырдың ортасында Маңғышлақ арқылы Ұлы Жібек жолы (Ұлы ежелгі жол) өтетін, адан кейін бір-бірінен соң бекіністер, керуен-сарайлар, ежелгі қалашықтар пайда болған. Уақыт пен желдің әсерінен ежелгі ұлы қоныстар мен бекініс қорғаныстарын бұл күнге дейін біраз тоздырды.

2. 2. Туристік нысандары

Мәдениет іздері толық зерттелмегендігіне қарамастан Маңғыстау ауданында сақталды. Бұл жерде ежелгі қоныстың орындары, тастан қашалған мәйіттер мен құдықтар, жүйелер қалдықтары бар. Форт-Шевченко қаласында XIX ғасырда (1850-1857) «жабылмаған түрмеде» шевчен орындары көп украин өкілі отырған. Ұлы украин ақынымен салынған саябақ, ақынның үйі, үстел, ескі заттың қалдықтары бар. Т. Г. Шевченконың мемориалды музей бар.

Археология және тарихи ескерткіштерімен ерекше көзге түсетін Сұлтан - eпe, Бекет - Ата ескерткіштері. Біздің республикамыздың осы облысында ақ таулар және басқа туристерді қызықтырады.

Маңғыстаудың қасиетті жерлерін айтып, Шерқаланы да тыс қалдырмау қажет. VIII-IХ ғасырда араб шапқыншылығы кезінде шыңда жасалған бекініс-қала ретінде белгілі болған. Адаммен жасалған тау, қамалы арыстанды еске түсіретін, сондықтан оны “арыстан-қала” деп атап кеткен болатын.

1925 жылы Қазақ АКСР-і ХКК Форт-Александровск қаласынан украин ақыны Т. Г. Шевченко мұражайын ашу туралы қаулы қабылдады. Сол кезден бастап экспонаттар жинау жөнінде арнайы комиссия құрылып, «Тарас бағы» мен «Тарас жертөлесі» күтімге алынады. Маңғыстау өлкесіндегі мұражайлар тарихы Форт-Шевченко қаласында 1932 жылы ашылған Шевченконың мемориалдық мұражайынан басталады. 1984 жылы Е. Өмірбаевтың қажырлы еңбегі нәтижесінде мұражай ұйымдастырылып, ол 1988 жылы этнография мұражайы ретінде ашылды. 1991 жылы атақты жырау Мұрын Сеңгірбекұлының 130 жылдық мерейтойына орай мұражай ашылып, жұмыс істей бастады. Бұлар 1999 жылы біріктіріліп, «Мұражайлар кешені» деген атауға ие болды. «Мұражайлар кешенінде» 15 мыңнан астам жәдігерлер есепке алынған; ол жылына 3 - 5 мыңдай мұражай келушілеріне қызмет көрсетеді. Бұдан басқа Маңғыстау облысы тарихи-өлкетану мұражайы (1975), оның Жаңаөзенде қалалық және Шетпе кентінде Маңғыстау мен Бейнеу ауданы бөлімшелері жұмыс істейді. Маңғыстау облысында 5 мемлекеттік мұражайға қоса мектеп, өндіріс, мекеме жанынан жасақталған 20-дан астам қоғамдық негіздегі мұражайлар мен мұражай-бөлмелері (мысалы, Есенов атындағы университте геолог-ғалым Ш. Есенов өмірі мен ғылыми еңбегіне арналған мұражай-бөлмесі, «Мейірбике» медициналық колледжіндегі мұражай-бөлме, О. Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай колледжіндегі мұражай-бөлме, т. б. ) бар.

Бекет ата - ескерткіш ғимараттары - Маңғыстау, Үстірт, Жем бойындағы Бекет Ата есімімен байланысты жер асты ғимараттарының ортақ атауы. Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған. Бекет Ата Мырзағұлұлы (1750- 1813) - әулие, халық батыры, абыз көреген, ағартушы, сәулетші. Туып, өскен жері Жем өзені бойындағы Ақмешіт Құлжан, Маңғыстау өңірі. Бекет Атаның білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбексүйгіштік, абыз көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан. Адайлар өзінің ұранына айналдырған. Халық Бекет Атаның өмірін, қысылғанға жар болған ерекше қасиетін, әулиелігін ықыласпен әңгімелеп, ұрпақтан ұрпаққа ұластырған.

Бекет Ата төрт мешіті бар. Оның бірі маңғыстаудан қашық емес, Оғыландыда, екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем бойында, төртіншісі Арал жағасындағы Баялыда» дейді. Бекет Ата бүл мешіт-медреселерде құдайға құлшылық еткен, бала оқытқан. Бекет Ата ескерткішінің бірі - Жем өзені бойындағы Ақмешітте, Құлсары қаласына жақын жерде. Әктасты жартасқа қоржын там етіп ойып жасалған шағын ғимарат. Оның басына кейін қос кесене тұрғызылған. Екіншісі - Ескі Бейнеуде, ұлутасты шатқалға қашалған. Бөлмелері құлап, үгітіліп, байырғы қалпын жоғалта бастаған. Баялыдағы ескерткіш-ғимараттың жай-күйі мәлім емес. Бекет Атаның Оғыландыдағы жер асты ғимараты жақсы сақталған. Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген бір тұмсығының үзіліп қалған шоқысына қашалған. Үш-төрт қанат киіз үй көлеміндей үш бөлме. Бекет ата мүрдесі осы бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Немересі Мұрынньң мүрдесі де осы бөлмеге қойылған. Кіреберіс бөлмеден жоғары шығатын есік арқылы жоғары бөлмеге баруға болады. Онда Бекет Атаның қызы жерленген.

Шерғала (Шерқала) - Шетпе қаласынан алыс емес, Ақтау қаласынан 170 километр жерде ерекше формадағы бір жалғыз тұрған тау. Бір жағынан қарайтын болсақ тау ақ кигіз үйді білдіреді, ал екінші жағынан Шерғала басын табанына салып, ұйықтап жатқан арыстанның бейнесін береді. Сондықтан тауды - Шерғала деп атап, түрік тілінен аударсақ “Тау-арыстан” немес “Арыстанды тау”.

Арыстанды тау аңыздар бүркітпен табылды. Оның әйгілі шыңдары үлкен шатыр құрып, киіз үйдің төбесіне еске түсіреді. Оның үстіне көтерілу үшін арнайы көтерілім қажет. Шерқаланы айналу үшін бір сағаттай уақыт керек. Ал егер көптеген тау үңгірлерін аралап, ежелгі қоныстар орындарын аралап, өркениеттер дәлелі болатын бас сүйектерді іздегіңіз келсе онда бір сағат аз болады. Халықтың ырымы бойынша егер Шерқалaны айналар алдында

арманды жоспарласаң, ол "Шерғала" міндетті түрде орындалады. Бірақ ең бастысы әрбір қийылыстан кейінгі көрініс әр түрлі болып, жаңа жерге түскен сияқты керемет көріністі әсер береді.

Осындай бір үңгірлердің ішінде құдық болған. Жергілікті тұрғындар оның таза суын ішіп, таудың басында орналасқан жаупардан қорғанды. Қазір құдық жабылып қалды. Біз оның тек қалдықтарын ғана көре аламыз. Шерқалa айналасындағы ұсақ тау жыныстарының үлкендігі түрлі болып келеді. Көбі жел әсерінен өзгеріп қалды. Кейбір тастар бұзылып қалды. Ішінде - кішкене қабыршақтың және балықтардың іздері. Тау бөктеріндегі дала гүлденіп, шөптенеді. Шерқалaдан алыс емес жерде көк оазис бар. Бұл Ақмыш кішкене өзені және бұлақ. Бұл жерде көпғасырлы ағаштардың көлеңкесінде құстардың шиқылдауының астында Маңғышлық қалашығы туралы аңыз тыңдау ерекше әсер береді. Ол Бұхарамен және солтүстік жерлерімен жүзжылдай уақытта сауда жүрген керуен жолында құрылды. Бұл қала жүз жылдықты қамтиды. Қамалдың қабырғасымен мың жылдықтағы бас сүйектерді іздеп, ал егер жолыңыз сәтті болса, кішкене моншақтарды тауып, кірпіштерді және ыдыстарды жандыратын үлкен пештерді зерттеп, қоршаған айналаны көруге болады. Осы жерден біз Батыс Қаратау қара-көк таулардың қырларын көре аламыз.

"Қарақия ойысы" Қарақия ойпаты көлемі жағынан бесінші Тәуелсіз Достастық елдерінің ағын сусыз терең ойпаттарының бірі болып табылады. Оның тереңдігі кез келген мектеп оқушысына таныс - 132 м. Оның ұзындығы елу километрге жуық. Қарақия ойпаты Үстірт шоқысының бөлігі болып табылады, ойпаттың сілемі неоген шөгінділерінен құралған. Ойпаттың жоғарғы жағы сарматтық берік ізбестен, орталық жағы - жұмсақ балшық, тез қирайтын тау жыныстарынан құралған. Жаңбыр суының ағындары, жел, өзеннің бұзылған жылғалары ойпаттың жер бедерін қалыптастырады. Ойпаттың биік басынан айналаны тамашалауға - алыста мұнарланған тұман, төселген көкжиек, ал жаныңда деміңді шығармайтындай тұңғиық шыңырау. «Қарақия» түк тілінен аударғанда «қара аңның араны» дегенді аңғартуы тегіннен емес. Айналаның барқыт жамылған адыр төбесі жол-жөнекей өтетін жолаушылардың көзін тамсандыратындай. Қарақия ойпаты өткен алыс жылдарда Каспий теңізінің бір бөлігі болған, теңіз иірімімен толып Қарақия шығанағында бөлініп шығатын болған. Міне, осы күйінде Қарақия шығанағы Шығыс Каспийді зерттеуші-ғалым Александр Бекович-Черкасский құрастырған картаға түсірілген. Қарақия ойпатының солтүстік-шығыс ұшпасында тарихи ескерткіштер, ежелгі адамдардың қоныстанған мекені болған.

8-12 ғасырлардағы орта "Түпқараған"

ғасырлардың араб ғалымдарының жылнамасы осы жерде ежелгі қала болғандығын пайымдайды. Түпқараған көп ғасырлар бойы Шығыс Каспийдің теңіз кеме қатынасының күзет бекеті ретінде қызмет еткен. Осылайша, Түпқараған көптеген тарихи ғасырлардың бесігі болып қалыптасты. Ұлы зерттеуші Александр Бекович-Черкасский Шығыс Каспийдің алғашқы қамалының негізін құруға Қараған ең ыңғайлы орын деп санады. Радионың ойлап тапқаннан кейін екі жыл өткен соң осы жерде, 1909 жылы, тұңғыш рет Қазақстан мен Орта Азияда радио станциясы қондырылды.

"Маңғыстау"

Маңғыстау туризмі- қазақ жерін таныта ала ма?Сейсенбі күні Маңғыстау облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының, Маңғыстау облыстық білім басқармасының, Қазақстан Туристер Ассоциациясының және Бельгиядағы жоғарғы техника мектебінің (Howest) арасында меморандумға қол қойылды. Бұл оқу орыны - Гента (Бельгия) қаласындағы Университеттер Ассоциациясына мүше.

Бельгиялық мамандар Маңғыстау облысында ашылуы тиіс туризм колледжіне кадрлар дайындауда көмек көрсетпек. Келісімшарт негізінде білім беру, зерттеу, жаңа технологияларды қолдану саласында жетістікке жету көзделген. Меморандум оқытушылардың тәжірибе алмасып, студенттердің Бельгияда оқуын жалғастыруына мүмкіндік береді.

Облыс әкімінің орынбасары Жауынбай Қараевтың төрағалық етуімен өткен жиында Howest университетінің таныстырылымы болды. Студенттерді алмастыру халықаралық бағдарламасы бойынша профессор Ян Десменттің айтуынша, университетте 4500-ге жуық студент бар. Оларға 300 оқытушы дәріс береді. Сонымен қатар, 50-ге жуық әкімшілік саласындағы қызметкерлері бар. 20-дан астам адам зерттеу саласына жұмылдырылған.

«Біздің басты мақсатымыз - оқу орынын ұлтаралық университет ретінде қалыптастыру», - деді Ян Десмент.

Бұдан кейін бельгиялық қонақтар үшін Маңғыстау туристік мүмкіндіктерін көрсететін таныстырылым жасалды. Өңірде «Туризм кластерін дамыту» туралы жоспар бекітіліп, оның орталығы ретінде «Кендірлі» демалыс орыны белгіленген.

Қазақстан Туристер Ассоциациясының өкілі, облыс әкімінің кеңесшісі Роза Асанованың айтуынша, ұйымның 300-ге жуық мүшесі бар. Үстіміздегі жылдың 19-мамырында ассоциацияның құрылғанына 10 жыл толады. «Жақында Кендірлі демалыс орынын дамыту туралы инвестормен келісімге қол қойылады. Демалыс орынында жылына 21 мың адамды қабылдауға мүмкіндігі бар 23 қонақүй салынбақ. Ал, оған 10 мыңға жуық адам қызмет көрсетуі тиіс», - дейді Р. Асанова.

Облыстағы лицейлерде 26, ЖОО 72 мамандық бойынша білім беріледі. Бірақ бүгінге дейін туризм саласының білікті, білімді, кәсіби мамандарын даярлау мәселесі күн тәртібінен түспей отыр. Маңғыстау туризм колледжін ашудың қажеттігі осыдан байқалады.

Жалпы, бүгінгі таңда Қазақстанның туристік әлеуеті қандай деңгейде? Тарихи мәліметтерге көз жүгіртсек, Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20-30 жылдарында пайда болған. Ал, бүгінгі таңда республика бойынша 700-ден астам саяхаттық маршрут белгіленіп, туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-сауық, экологиялық, сауықтыру, спорттық, аң аулау мен балық аулау, атпен серуендеу) жүргізіледі.

Қазақстандағы туристік нысандар табиғи-рекреациялық, тарихи-археологиялық және тәуеп ету орындары болып үшке бөлінеді. Мамандардың айтуынша, туризм саласында тарихи-археологиялық ескерткіштердің рөлі зор. Көне қалалардың орыны, қорғандар мен мазарлар, жартастардағы петроглифтер - ештеңеге ұқсамайтын ерекше дүниені іздеп жүрген туристер үшін таптырмайтын орын. Соңғы уақытта әулиеге тәуеп етушілердің саны артып келеді. Әсіресе, бүкіл түркі әлемі, мұсылман қауымы үшін қасиетті мекендер - Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Оғыландыдағы Бекет-Ата мешіті жұртшылық жиі жиналатын жерге айналған. Әулиенің басын ақша табатын орынға айналдыру - менталитетімізге жатпайтыны рас. Бірақ қасиетті орындарды зияраттау үшін жұмсалған қаржы күмәнді ұйымдардың қалтасына кеткеннен гөрі қазынаның қазанына түскені әлдеқайда артығырақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы
ҚР туризм түрлерінің бағдарламалық түрде ұйымдасуы мен жүргізілуін теориялық және тәжірибелік тұрғыда қарастыру
Туристік кластердің дамуын қолдау
Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесі мен оның қажеттілігін, маңыздылығын көрсету
ЭКСТРИМАЛДЫ ТУРИЗМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Туристік қызметті жоспарлау мен ұйымдастыруда территорияның табиғи және мәдени әлеуетін пайдалану
Мемлекеттің әлеуметтік имиджінің туризм индустриясы дамуына әсері
Туристік саланы дамыту перспективалары
Балқаш көлінің географиялық жағдайының туризмге әсері
Туризмді дамыту саласындағы заманауи ақпараттық технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz