Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясының жағдайын, Мұстафа Кемал Ататүріктің түрік тарихында сондай-ақ халықаралық сахнадағы орнын танып білу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ КЕЛІСІМДЕР КЕЗЕҢІ
1. 1 Соғыс қорытындысы Мондрос келісімінің жасалынуы . . . 9
1. 2 Елде орын алған жаулаушылық соғыстар . . . 13
1. 3 Басқыншылық кезіндегі Ыстамбұл үкіметі . . . 16
2 ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСТЕР КЕЗЕҢІ
2. 1 Ұлттық топтардың ортаға шығуы . . . 24
2. 2 Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің құрылуы . . . 36
2. 3 Басқыншылыққа қарсы ұлттық майдандар күресі . . . 40
3 БЕЙБІТШІЛІК КЕЗЕҢІ
3. 1 Мудания келісімі және Сұлтандық биліктің жойылуы . . . 51
3. 2 Лозанна бейбіт келісімі . . . 53
3. 3 Түркия Республикасының жариялануы . . . 56
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 61
ҚОСЫМШАЛАР . . . 63
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі. Биылғы жыл Түркия Республикасының құрылып, тәуелсіздік алғанына 92 жыл толып отыр. Бірінші дүниежүзілік соғыс Осман империясының Антанта елдері арасында бөліске түсуіне себепші болды. Осман империясының территориясын басқыншылардың басып алуындағы Ыстамбұл үкіметінің іс-әрекеттеріндегі жіберілген қателіктерді және 1918-1923 жылдар аралығында мемлекеттегі орын алған жағдайларды танып білу тақырыптың диплом жұмысының өзектілігі болып табылады.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі орын алған жаулаушылық соғыстарға қарсы түрік халқының азаттық күресінің тарихта алатын орны ерекше. Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы халықаралық дипломатия және саясатта жаңа жолдың басталуына түрткі болды. Соғыста «жеңгендер» мен «жеңілгендер» арасында дипломатиялық шиеленістер мен қайшылықтар төңірегінде саяси «ойын» басталып, Осман империясының территориясыны бөлісіп алуға жан-жақты тырысты.
Осман империясы бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жерінің елеулі бөлігінің басып алынуын, басқыншыларға қарсы ұлт-азаттық соғысын, сұлтандық жүйеден толық ажырау мен империяның күйреуін бастан кешірді. Осман империясы соғыс пен ішкі қарама қайшылықтар әлсіреткен мемлекет еді. Соғыстың кесірінен алып Осман империясы шығыс Анатолияның барлығы дерлігін, Месопотамияны, Сирияны, Палестинаны жоғалтты. Әскерге үш миллиондай ерлер шақырылды, соның салдарынан экономикамен ауыл шаруашылығы күрт құлдырады. Осы жылдары жаңа Түркияны құру қажеттілігі қалыптаса бастады. Тіпті бірінші дүниежүзілік соғыс барысында Осман империясының территориясыны бөліске салған Ыстамбұл келісімі, Лондро келісімі, Сайкес-Пикот келісімі және Мек Махон келісімі сияқты құпия келісімшарттар жасалынып Осман империясының күш қуатын әлсіретуді көздеді [1, 3] .
Соғыс аяқталғаннан кейін жеңіліс тапқан мемлекеттермен жеңген мемлекеттер арасында жеке-жеке келісішарттар жасалынды. Осман империясымен жасалынған келісімшарттар империяның біртұтастығын жойды. Осман империясы 1918 жылдың 30 қазанында өте ауыр шарттарды өз ішіне алған Мондрос келісіміне қол қоюына тура келді. Бұл келісімде Англия, Франция, Италия мемлекеттері мен соғыста жеңіске жеткен мемлекеттердің теңіз флоттарына бұғаздардың ашылуы, Осман теңіз флоттарының жеңген мемлекеттерге қайтарып беруі, Осман әскерлерінің тез арада демобилизациялануы, байланыс пен ақпарат құралдарының жеңген мемлекеттердің бақылауына өтуі тиісті екендігі және осы сияқты көптеген ауыр үкімдер шығарылды.
Сөйтіп, Мондрос келісімі жасалынып парламентте талқыланған кезде, сыни бағаланды. Мемлекет бұл кезеңде әскери және саяси күш-қуаты жағынан елдің тәуелсіздігін қорғай алмайтындай жағдайда болып, Ыстамбұл үкіметінің
Одақтас елдерге қарсы шығуға дәрменсіздігін көрсетті.
Мондрос келісімінен кейін елде орын алған жаулаушылық соғыстарға қарсы жер-жерде қозғалыстар басталды. Анадолыға әскери топтардың бет алуынан аймақтық әрекеттерінің қатысуымен ұлттық күресу әрекеті қалыптасты. Басқыншылыққа қарсы қоғалыстарды басынан аяғына дейін сәтті жүргізген Мұстафа Кемал Паша болды. Мұстафа Кемалдың 1919ж 25 мамырда Хавзаға баруы тәуелсіздік жолындағы жаңа талпыныстың пайда болуына себепкер болды. Амасия жарлығы ұлттық күрестің іргетасы, мақсат пен басқаруды алғаш рет бекіткен тәуелсіздік жолындағы алғашқы жарлық болды. Ұлттық күрес мақсаттары Эрзурум және Сивас конгрестерінің қарарларында анықталды. 1920ж 23 сәуірде Анкарада жаңа атпен «Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі» деген атаумен мәжіліс құрды, ең маңыздысы тарихта алғаш рет «Түркия» атауы осы мәжіліс арқасында дүниеге келді. Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі өзін елдегі жалғыз заңды билік деп мәлімдейді. Оның төрағасы Мұстафа Кемал болды. Анкарада ТҰҰМ-нің ашылуымен түрік ұлтының тарихында жаңа мемлекеттің іргетасы қаланды. Бұл мемлекет Осман жүйесіне мүлдем ұқсамады. 1920 жылғы 10 тамызда Севрде Антанта державалары мен Сұлтан үкіметінің арасында бейбіт шартқа қол қойылып, келісім ауыр шарттарды өз ішіне алды. Елдегі орын алған басқыншылықта түрік халқы бірлесу қажеттілігіні түсініп ұлттық күрес жолына түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі орын алған бұл соғыстар кезеңінде Шығыста армяндар, Оңтүстікте француздар және Батыста гректермен күрделі соғыстар жүрді. Шығыстағы және Оңтүстегі күрестер ұзақ уақытты алмады. Батыс майданында болса, соғыс ұзақ уақытқа созылып нәтижесінде Грекия толық талқандалды. Түрік әскери күштерінің жеңісінен кейін Антанта елдері түріктермен жаңа келісім жасауға асықты. Бұдан кейінгі орын алған жағдайлар Мудания келісімімен жалғасып, келісім бойынша Түркия территориясында қалған грек әскери күштері бір ай ішінде шығарылатын болды [2, 27] .
Лозанна бейбіт келісімшартының тарихи маңызы аса зор. Бұл келісім Осман империясының жойылғанын заңды түрде көрсете отырып, қазіргі Түркия аумағын белгілеп, Түркияның жаңа шекараларын бекітті. Дегенмен шешімін таппай қалған мәселелерде болды. Түркия Республикасы жарияланып, шешімін таппаған мәселелер Мұстафа Кемал Ататүріктің мемлекетті басқару кезеңінде өз шешімен тапты, тек Хатай жері Ататүріктің қайтыс болуынан кейін Түркия құрамына өтті. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясында орын алған жағдайларға байланысты көптеген тарихшылар пікірлер айтып еңбектер жазған болатын.
Дегенмен өткен күндерге тарих биігінен қараған сайын, біз зерттеу тақырыбы етіп алып отырған мәселеге жаңа қырынан қарау, қайта тарих елегінен өткізу қажеттілігі туады, диплом жұмысының өзектілігі де осы қажеттеліктермен анықталып отыр.
Зерттеу жұмысының нысаны. 1918-1923 жылдар аралығындағы Осман империясының ыдырау процесін, Түркия Республикасының құрылуын, Мұстафа Кемал Ататүріктің сіңірген еңбегін қарастыру,
талдау болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні - соғыс барысында жасалынған Вильсон принциптері, Мондрос келісімшарты, Амасия жарлығы, Эрзурум, Сивас конгрестері, Амасия келіссөздері, Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің құрылуы, Севр келісімі, Мудания келісімі, Лозанна бейбіт келісімі дипломатиялық күрес пен қайшылықтар, оның механизмдері мен ерекшеліктері, сонымен қатар оның негізгі кезеңдері мен эволюциясы.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысын жазуда алдымызға қойған мақсатымыз - бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясының жағдайын, Мұстафа Кемал Ататүріктің түрік тарихында сондай-ақ халықаралық сахнадағы орнын танып білу болып отыр. Мұнда соғыстан кейінгі ұлы державалардың Осман империясымен жасасқан келісімшарттарының Осман империясы үшін тиімсіз жасалынғандығына мән береміз. Сонымен қатар Мұстафа Кемал Ататүріктің Түркия Республикасын құру жолында жасаған жиналыстар мен күрестерді анықтау басты мақсаттарымыз болмақ.
Осындай күрделі мәселерді қарастыру жағдайында алдымызға мынадай міндеттер қойдық:
- Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жеңімпаз елдердің Осман империясымен жасаған келісімшарттарын талдау;
- Бұл келісімшарттардың Осман империясы үшін тиімсіздігіне анализ жасау;
- Осман империясының территориясын жеңген елдердің бөлісуі соғыс барысында жасалынған Вильсон принциптеріне сәйкес келместігін талқылау;
- Мұстафа Кемал Ататүріктің басшылығымен шақырылған Сивас, Эрзурум конгрестерінің жұмыстарына баға беру;
- Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ашылуының негізгі мақсатын көрсету;
- Тәуелсіздік жолындағы күрестер мен соғыстарды талдай отырып, маңызын анықтау;
- Түркия Республикасының тәуелсіздігін бекіткен Лозанна бейбіт келісімшартының маңызы мен қорытындыларын талдау;
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Диплом жұмысын жазуда көптеген арнаулы зерттеулер мен оқу-құралдары, деректік материалдар мен мерзімдік басылымдар, арнаулы зерттеулер пайдаланылды.
Бұл бітіру жүмысын жазуда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясының жағдайына қатысты жазылған бірқатар деректерді мысалға келтіре кетсек болады. Айта кету керек, диплом жұмысына тікелей қатысты конференция келісімдерімен құжаттар: «Mondros ve Mudanya Mütarekelerinin Tarihi» [3], «Erzurum Kongresi» [4], «Sivas Kongresi» [5], «Amasya Protokolünün Tam ve Gerçek Metni» [6], «Sevr Dosyası» [7] және «Lozan Barış Konferansı» [8] тағы басқа көптеген еңбектер жарық көрген. Осы құжаттық еңбектер негізінде бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясымен жеңімпаз елдер арасындағы жасалынған келісімшарттар жайлы және ұлттық күрес жылдарында түрік зиялылары тарапынан тәуелсіздік жолында жасаған іс-әрекеттері туралы көптеп мағлұматтар алуға болады.
Сондай-ақ, бұл еңбекетерде бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жеңімпаз мемлекеттермен жасалынған келісімшарттардың үкімдерімен толық танысуға болады. Ал енді арнаулы зерттеулерге жеке-жеке тоқталып өтетін болсақ, Осман империясының бірінші дүниежүзілік соғыстағы жеңілісімен алдағы өміріні бекітіп берген Мондрос келісімі жайлы Тевфик Бийиклиоғлу [9], Фахир Армаоғлу [10] еңбектерінің орны ерекше. Бұл ғылыми зерттеулерде Осман империясының ХХ ғасырдағы саяси жағдайы айтылған. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ахуалына кең тоқталып, Мондрос келісімшартының жасалуында ағылшындармен түріктер арасындағы дипломатияда қайшылықтар туындағандығын, әр екі тараптыңда өз ұсыныстарын енгізуге тырысуы осындай қайшылыққа әкеп соқтырғандығына анықтама жасаған. Сонымен бірге Мондрос келімсімшарты толығымен Осман империясының территориясын жаулап алу мақсатында жасалынғандығы, әсіресе келісімшарттың 7-бабы жеңімпаз мемлекеттердің бүтін Осман империясының территориясын болып алуға мүмкіндік бергендігі, азшылықты құрайтын ұлттардың тәуелсіз мемлекет құруға жол ашқандығын талдаған. Дегенмен, келісімшарттың күшке енуімен орын алған басқыншылыққа қарсы Ыстамбұл үкіметінің дәрменсіздігі де, жеңімпаз елдердің өз ойларын іске асыруына жол ашып бергендігі айқын көрініс тапқан. Осы мәселе жөнінде ғалымдар Сина Акшин [11], Ихсан Гунеш [12], Тулай Алим Баран [13], Хусейн Казым Кадри [14] ғылыми еңбектерінің орны ерекше. Авторлар өз ғылыми еңбектерінде басқыншылық кезеңінде Ыстамбұл үкіметінің үнсіздігіне, айрықша ұлттық күресті басып жаншуға тырысқан Дамат Ферит үкіметінің жіберген қателіктеріне үлкен мән берген. Шындығында да, олардың әрекеті өз ұлтымен халқына жасаған қастандығы іспеттес болды.
Дегенмен ұлттық күреске қарсы бағытталған іс-әрекеттерге қарамастан ұлттық топтың ортаға шығуымен Мұстафа Кемал төңірегіне жиналып конгрестерге белсене қатысуы түрік халқының тәуелсіздікке деген сенімінен көрініс тапты. Бұл жөнінде: З. Туная [15], А. Афетинан [16], Ж. Дұрсыноғлу [17], Ф. Кырзыөғлу [18], Т. Ф. Ертан [19], У. Игдемир [20], М. Т. Гөкбилгин [21] сынды ғалымдар өз еңбектерінде баян етеді. Бұл зерттеулерден өз елін басқыншылырадан азат ету жолын іздестірген түрік зиялыларының бүкіл халықты бірігіп басқыншыларға қарсы күресуге шақырғандығын, осы мақсатта конгрестер ұйымдастырып жалпыхалықтық үндеулер тастағаны қарастырылған. Әр конгресте алдағы жасалынатын қауіп-қатердің алдын алу басты мақсат болды. Сонымен қатар Ыстамбұл үкіметініде жат жерлік басқыншыларға қарсы күш жұмылдыруға шақырды. Авторлар еңбектерінен тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық күрестің бастамасынан көптеп мағлұматтар алуға болады. Осындай белсенді әрекеттердің арқасында Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі құрылып, елдегі жалғыз билік екендігін жариялады [22] . Анкарада Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ашылуымен түрік ұлтының тарихында жаңа мемлекеттің іргетасы қаланды. Сонымен қатар Атазаңмен мемлекет тұтастығын бекітті [23] .
Тәуелсіздік жолында ұлттық майдандар құрылып басқыншыларға белсене қарсы тұрды. Шығыста армяндармен, оңтүстікте француздармен және батыста гректермен күрделі соғыстар жүрді. Бұл майдандардың ішінде әсіресе Батыс майданындағы басқыншыларға қарсы күрес ұзаққа созылды. Жалпы алғанда Ұлттық майдандардағы соғыстар жайлы А. Эндер [24], М. Кемал Өке [25], Я. Акюз [26], Б. Йавуз [27], Й. Актар [28], Ф. Белен [29], И. Сөйсал [30], Й. Өзкая [31], В. Акын [32] ғылыми еңбектерінен қарастыруға болады.
Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі. Дипломдық жұмыстың мерзімдік шегі 1918-1923жылдар аралығын қамтиды. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі Осман империясының территориясын жеңімпаз елдердің жаулап алу күресімен басталып, Мұстафа Кемал Ататүріктің төңірегіне түрік халқының бірігуінің арқасында жат жерлік басқыншылардан өз елін азат етіп, Осман империясының орнына Ататүрік принциптеріне негізделген Түркия Республикасының құрылуына дейінгі мерзімді диплом жұмысының хронологиялық шеңбері ретінде алынды.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері. Жүйелеу, сыни-талдау, логикалық қорыту, тарихи-салыстыру, проблемалық-хронологиялық әдістерін қолдану мәселені зерттеуде объективтілікке қол жеткізудің басты шарттары ретінде алынды. Аталған ғылыми-теориялық әдістер проблеманы терең қарастыруға, объективті қорытынды жасауға зор мүмкіндік берді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- Жеңімпаз елдердің Осман империясымен жасаған келісімшарттарының Осман империясы үшін тиімсіздігіне анализ жасалды;
- Осман империясының территориясын жеңген елдердің бөлісуі соғыс барысында жасалынған Вильсон принциптеріне сәйкес келместігі талқыланды;
- Мұстафа Кемал Ататүріктің басшылығымен шақырылған Сивас, Эрзурум конгрестерінің тәуелсіздік жолындағы жасалынған, бүкіл халықты бірігуге шақырған конгресс деген баға берілді;
- Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ашылуындағы негізгі мақсаты Тәуелсіз Түркия мемлекетін құру екендігі дәлелденді;
- Түркия Республикасының тәуелсіздігін бекіткен Лозанна бейбіт келісімшартының тарихи маңызы зор құжат екендігі талқыланды;
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, үш тарау, тармақшалар, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде жұмыс тақырыбының өзектілігі және тарихнамаға шолу жасалды.
Бірінші тарауда - бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясының жағдайы, Мондрос келісімінің жасалынуы және күшке енуімен орын алған жаулаушылық соғыстар, басқыншылық кезіндегі Ыстамбұл үкіметінің Одақтас елдермен бірлесе жұмыс атқару мәселелелері қарастырылды.
Екінші тарауда - Тәуелсіздікке қол жеткізу мақсатында ұлттық топтардың ортаға шығуымен жасалынған конгрестер және бұл конгрестердің мақсаттары, Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің құрылуы, тәуелсіздік жолындағы соғыстар жан-жақты қарастырылды.
Үшінші тарауда - Тәуелсіздік жолындағы соғыстардың нәтижелері, Сұлтандық биліктің жойылуымен мемлекеттің біртұтастығын бекіткен Лозанна бейбіт келісімімен Түркия Республикасының жариялануы қарастырылды.
1 БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ КЕЛІСІМДЕР КЕЗЕҢІ
1. 1 Соғыс қорытындысы Мондрос келісімінің жасалынуы
1914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен Германия жағында соғысқа кірген Осман империясы жаңа бір қараңғы кезеңге аяқ басты. Төрт жылға созылған бірінші дүниежүзілік соғыс Осман мемлекетінің біртұтастылығын жойды. Осман империясының бірінші дүниежүзілік соғысқа кіруі Англия мен Франция кемелері неміс кемелеріне (Бреслав, Гобен) қарсы күрескен кезде, неміс кемелері Чанаккале бұғазынан өтіп, Ыстамбұл аймағына келуімен басталады. Осы кезде Англия Осман империясынан неміс кемелерін тапсыруды талап етеді, Осман империясы бермеу мақсатында кемелерді сатып алғандығын айтады. Кемелер капитаны Шансон соғыс министрі Енвер пашаның жасырын бұйрығымен екі ел арасында одақ құру түралы құпия келісім жасалынып Осман әскери күшімен бірігіп соғысады. Соғыстан Осман империясының одақтастарымен жеңіліске ұшырап шығуымен Англия мен Франция Тракияда жеті дивизиядан тұратын әскери күш жинауға тырысып жатты. Бұл күштердің Ыстамбұл және бұғаздардан өтуіне кедергі жасауды қалаған осы кезеңде Ыстамбұл үкімтін басқарған Иззет Паша келісім жасау жұмыстарыны жеделдетті. Тіпті, 1918ж 5 қазанда бейбіт келісім жасау мақсатымен Америка Құрама Штаттарының президенті Вудро Вильсонға хат жібереді, алайда жағымды жауап алмайды. Ахмет Иззет Паша 1918ж 19 қазанда Мәжілісте оқыған үкімет бағарламасында жасалынатын келісім негізін талқылайды. Ахмет Иззет Паша: «Америка мемлекет басшысы тарапынан жарияланған теңдік құқықпен әділетті негізге ала отырып бейбітшілікті адал ниетпен қабылдаймыз» - деп, Вильсон принциптері негізінде бейбіт келісім жасай алатындығын жеткізеді. Ахмет Иззет Паша үкіметі келісім жасау жолдарын іздестірді [3, 48] .
Ағылшын Генералы Товнсхенд бірқанша уақыттан бері танитын Әскери Флот басқарушысы Рауф Бейге хат жолдайды. Ол Осман мемлекетінің Англиямен келісім жасаған кезінде Осман үкіметіне көмектесетіндігін айтады. Ағылшын генералының былай айтуы Осман үкіметі үшін қайта келмейтін бір мүмкіндік ретінде көрініс тапты. Өйткені үкімет келісім жасау үшін әртүрлі жолдарды қарастырғанымен де, бірде бір жағымды нәтижеге қол жеткізе алмаған болатын. Мондрос келісімі бойынша делегация төрағасы Әскери флот басқармасында қызмет атқарған Рауф Бей ағылшын генералы Товнсхендпен келісім шарттарын талқылайды. Бұл бойынша Осман мемлекетінің бейбітшілік шарттары мынадай:
- Ағылшындармен достасуды қалаған Осман мемлекеті бұл мемлекеттің қамқорлығын қалайды;
- Ағылшындарға қарсы әскери әрекетін тез арада тоқтатады;
- Ыстамбұл үкіметінің Одақтас елдермен бірлесе жұмыс атқару мәселелелері қарастырылды;
- Осман үкіметі Антанта елдерінің оккупациялануына дейінгі аймақтарда Зати Шахапе құқығы негізінде автаномия берілуі қарастырылады;
- Түркия қаржы және саяси тәуелсіздікке ие болады;
- Қажеттілік жағдайларында мәселелерді шешу үшін Түркияға қаржылай көмек беріледі;
Бұл шарттарға қарсы Генерал Товнсхенд мынадай шарттарды алға тартады:
- Чанаккале бұғаздарының ағылшын кемелеріне ашылуы;
- Ирак пен Сирияға автономия берілуі;
- Еуропа мен Түрік шекараларының тіпті 1913 жылдағыдай етіп өзгертілуі;
- Ағылшын тұтқындарының босатылуы;
Бұл шарттар Рауф Бей тарапынан келісілінеді. Ал, бас уәзір Иззет Паша қорқыныш үреймен қарсы алады. Товнсхенд 1918 жылдың 20 қазанында ағылшындардың Ақ теңіз эскадросының командирі Адмирал Галтроп пен кездеседі. Адмирал Галтроп келісімнің өкілдігіне ие болғандықтан келісімшарттарды көру мақсатымен Түркияға телеграф арқылы хабар жіберіп, түрік делеганттарымен кездесуді ұйымдастырады. Осылайша, Рауф Беймен бірге Харижийе Мустешари Хикмет және Курмай подполковник Садуллах Бейлер делегант ретінде жіберіледі.
Түрік делеганттарына мынадай нұсқаулар мен тапсырмалар беріледі:
- Бұғаздардан Мармараға енген соғыс кемелері бұл жерлерде екі күннен артық қалмауы тиіс;
- Келісімге қол қойған күннен бастап аймақтардағы агрессия тоқтатылады;
- Осман мемлекетінің басқаруына араласпау және Түрік территорияларына әскер түсірмейді;
- Англия, Франция, Италия мемлекеттері Түркияға қаржылай көмектесуге әрекет жасайды;
- Келісімнен кейінде еркін сауда жасалына береді;
- Ұлттық намысына теріс әсер тигізетін ешбір нәрсе қабылданбайды;
Делеганттар 1918ж 26 қазанда Измирден жолға шығады. Адмирал Галтроп келісімшартқа кейбір шарттар енгізуді қалайды, алайда түрік делеганттарының өз тапсырмалары бойынша келсімшартқа өзгертулер енгізуге тырысуына байланысты екіжақты мәселе туындайды. Бұл орайда түрік делеганттарыда Адмирал Галтроптың өзгертулерінің дұрыс еместігін айтады. Одақтас мемлекеттер атынан ұсынылған мәтін шарттарының өте ауыр болғандығына қарамастан ағылшындар түрік делеганттарының өзгертулерін қабылдамауынан шарттарды мойындауға мәжбүр болды. Адмирал Галтроп келісімге 1918ж 30 қазанында не қол қоюды, не бас тартуды талап етеді. Бес отырыс негізінде болып өткен кездесулер нәтижесінде 1918ж 30 қазан жұмыс аяқталынып Мондрос келсімі «Агамемнон» ағылшын крейсерінің портында кешкі сағат 20. 00 де қол қойылды. 1918ж 30 қазан Антанта мелекеттері атынан Адмирал Галтроп пен Осман мелекеті атынан Рауф Бей, Сыртқы істер министрі Решат Хикмет және подпалковник Садуллах Бейлердің қол қойған Мондрос келісімі 25 баптан тұрды. Бірінші дүниежүзілік соғысты аяқтаған бұл келісім шын мәніндеде өте ауыр шарттарға және Осман империясыны әлсіретуге бағытталған келісім болды. Әсіресе, Мондрос келісімінің 7-бабы жеңімпаз мемлекеттердің бүтін Осман империясының аумағын бөліп алуына мүмкіндік берді [9, 15] .
Мондрос келісімшартының негізгі талаптары:
1-бап. Чанаккале, Ыстамбұл бұғаздарының ашылуы, Қара теңізге еркін енуді және Чанаккале мен Қара теңіз қамалдарының жеңімпаз елдер тарапынан жаулап алынуын қамтамасыз етілуі;
2-бап. Осман теңіздеріндегі барлық өзі жүретін су асты миналары мен патрон гильзалардың орналасқан жерлерін көрсетуі және бұларды сүзіп отуы сондай-ақ тоқтатылуы үшін көмек көрсетілуі;
3-бап. Қара теңіздегі өзі жүретін су асты миналары туралы мәлімет берілуі;
4-бап. Одақтас мемлекеттердің барлық тұтқындары, армян тұтқындарына мән бермей Ыстамбұлда қайтарып берілуі;
5-бап. Шекаралардың тыныштығы және ішкі қауіпсіздіктің қамтамасыз ету мақсатында Осман әскері тез арада демобилизацияланауы;
6-бап. Осман соғыс кемелері қайтарылып берілуі және Осман порттары бақылауға алынуы;
7-бап. Жеңген мемлекеттердің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайға дейін жеткен Түркия аумағындағы кез келген стратегиялық бекетті басып алуға құқылы болуы;
8-бап. Осман темір жолдарынан Одақтас мемлекеттерінің пайдалануы және Осман сауда кемелері одақтас мемлекеттердің қолында болуы;
9-бап. Одақтас мемлекеттер Осман империясының порттарындағы құралдарды пайдалануға;
10-бап. Торос тунеллдерінің Одақтас мемлекеттер тарапынан жаулап алынуы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz