Мектеп оқушыларына арналған жеңіл атлетика жаттығуларының әдістемесі, ұйымдастырылуы және қауіпсіздігі


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Жеңіл атлетика - бұл дене жаттығуларының біріккен түрі болып саналады. Спорттық жүру, жүгіру, секіру, көпсайыс. Жеңіл атлетика сонымен қатар ғылыми дәлелденген пән болып саналады. Өзінің даму тарихы, ілімі, техникасы, тактикасы, үйрету әдістемесі және жаттығулары бар іргелі пән. Жеңіл атлетика олимпиадалық спорт түрі және спорттың төресі болып есептеледі. Бұл спорт түрімен біздің елімізде мыңдаған адамдар шұғылданады.

Жеңіл атлетика өзінің құрылымы жағынан дене тәрбиесінде бірінші орын алады. Бұл спрот түрінің сауықтыру жақтары мол, өйткені жеңіл атлетика таза ауада, табиғат аясында өткізіледі. Жеңіл атлетика жаттығулары адам ағзасының тыныс алу жолдарына, жүйкесіне, барлық бұлшықеттерге, қозғалыс апараттарына өзінің пайдалы әсерін тигізеді. Осы жеңіл атлетика жаттығулары арқылы адамды жан - жақты үйлесімді дамытуға болады. Жеңіл атлетиканы дене тәрбиесінде қолданудың эстетикалық маңызы зор.

Мектеп оқушыларының анотомиялық, физиологиялық дамуы.

Балалар мен жасөспірімдердің қозғалыс қабілеттері олардың морфофункцияналдық негіздерімен тығыз байланысты. Оқушылардың дамуы үздіксіз, бірақ бәрінде бірдей емес. Әрине мектеп оқушыларының өсуіне негізгі жүгіру, секіру сияқты дене жаттығулары белсенді әсер етеді.

Мектеп оқушыларының дамуын үш кезеңге бөлуге болады:

  1. Төменгі мектеп жасында
  2. Орта мектеп жасында
  3. Үлкен мектеп жасында

Төменгі мектеп жасында балалардың өсуі интенсивті бір қалыпта болады. Бұл кезде сонымен қатар өзгерістер болуы мүмкін. Бір жылда бойы - 1 см., салмағы - 1, 2, 3 кг. өседі. Осы кезеңде ұлдар мен қыздардың өсуі бірдей болады, қаңқаларының түгел еттеніп болуға көп уақыт бар екенін көрсетеді. Мысалы: 7 - 8 жаста жамбастың жаңа жетілуі басталады. Бұлкезде жамбасқа күш түсетін жаттығуларды жасатпауды естен шығармаған жөн. Дене бұлшық еттерінің дамуы өте нашар болады.

Орта мектеп жасында жасөспірімдерде морфофункционалдық, жыныстық өзгерістер пайда болады. Бұл кезеңнің соңына қарай бойдың, салмақтың тез өсуі байқалады.

Үлкен мектеп жасында бірдей даму кезеңі болып табылады. Бірақ қыздарға қарағанда ұлдарда тез өсу, даму болады

Кіші мектеп оқушыларына жеңіл атлетика жаттығуларының әсері.

Оқушылардың дене қасиеттерінің үйлесімді, жан - жақты дамуына жеңіл атлетика жаттығуларының әсері зор. Жүгіру, секіру, лақтыру, жүру әрбір сабақтың қатардағы жаттығу болып есептеледі. Сыныптан тыс спорттық үйірмелерде, жазғы демалыс орындарында көп қолданылатын спорттың түрі жеңіл атлетика болып табылады. Көбіне жеңіл атлетика жаттығуларын табиғи жаттығулар немесе таза ауада орындалатын жаттығулар деп атайды. Жеңіл атлетика жаттығулары негізгі қозғалыс қасиеттеріне тәрбиелейді, дененің функционалдық қасиеттерін дамытады. жеңіл атлетика жаттығуларымен шұғылданған адамдардың денесінде тек даму, өсу пайда болады.

Жаттығу техникасын орындау кезінде қателер көрініс берсе, оқушы мұғалімнің көмегімен өз қатесінің мәнін міндетті түрде түсінуі керек. Осыдан кейін мұғалім қимыл техникасының берілген бөліктерінің дұрыс құрылымын оқушыға түсіндіріп көрсетеді. Қандай да болмасын жаттығуды үйрену үшін алдын ала жаттығуды жасап көру керек. Жеңіл атлетика жаттығуларын орындау кезінде сыртқы қозғалыс пен ішкі органдар арасында тығыз байланыс болады. Сондықтан жеңіл атлетика жаттығулары оқушылар ағзасына тек дамытушылық әсерін тигізіп отырады.

Жеңіл атлетика сабағын өткізу алаңынын және саймандарды дайындау.

Мектептің срорт залы, спорт алаңы жеңіл атлетика талаптарына сай жабдықталған болуы керек.

Жеңіл атлетика сабағы өткізілетін жер біріншіден, тегіс, таза болуы керек, екіншіден, алаңда бөгде, артық заттар болмауы қажет. Жеңіл атлетика негізінен таза ауада, теректі жерлердің алаңқайларындағы алаңдарда өткізілсе өте жақсы болады.

Жеңіл атлетика сабағында қолданылатын құралдарға келсек, олар лақтыру саймандары, секіретін орындар және жүгіру алаіңдары. Қандай сайманда бомасын жаттығу орындағанда қауіпсіздік ережелерін және сақтандыру техникасын қатаң сақтаған жөн. Келеңсіз жағдай болмау үшін мұғалім оқу жылының басында, әр тоқсан басында қауіпсіздік ережелерімен таныстарып отыруы шарт.

Жеңіл атлетика жаттығулары.

Жүгіру.

Ертедегі Греция жарыстарының бірінен осыдан 2500 жалдай бұрын жазылған: «Егер күшті болғың келсе - жүгір, егер әдемі болғың келсе - жүгір, егер ақылды болғың келсе - жүгір» деген жазу табылған.

Дұрыс әрі ұзақ жүгіру үшін кеудені сәл еңкейтіп, екі шынтақты бүгіп, аяқтың аттау қозғалысына қарай екі қолды кезекпен сармеп жүгіру керек. Жүгіру кезінде саусақтарды бүгіп, басты сәл еңкейте ұстаған дұрыс.

Шапшаң жүгіру үшін аяқты тез - тез қозғап, кең адымдап жүгіру керек.

Шапшаң жүгіру ең алдымен адымды кең ашып жүгіруге байланысты болады. Адымды барынша кең ашып жүгірген адам жүгіріп өтуге тиісті қашықтықты белгіленген уақытта толық жүгіріп шығады. Адым кең ашылмаса, қанша тез жүгіргенмен, уақыт жағынан ұтылады. Яғни, белгілі бір қашықтықты көрсетілген уақыт ішінде жүгіріп өте алмайды.

Жүгірудің қашықтықтары мынадай:

Қысқа қашықтық - 30-400 метр

Орта қашықтық - 500-2000 метр

Ұзақ қашықтық - 3000-1 метр

Дұрыс жүгіруді меңгеру үшін мына жаттығуларды меңгеру керек:

  • Ені 30 см., ұзындығы 20 м болатындай екі сызықтың арасындағы жолдан ықпай жүгіруге дағдалану;
  • Жылдамдықты біртіндеп арттыра отырып жүгіруге дағдылану.
  • Тізені барынша жоғары көтере орташа екпінмен жүгіріп келе жатып, жылдам жүгіруге ауыстыруды үйрену.

Ұзындыққа секіру.

Ұзындыққа секіру мынандай жаттығулар жиынтығынан тұрады. Олар: екпіндей жүгіру, секіру сызығынан серпіле көтерілу, қалықтаудан жерге түсу.

Серпіле көтерілу жүгіру қарқынынан бәсеңдетпей, екпіндеп келген қалыпта орындалады. Серпілген кезде жоғары сілтеген екі қолдың қанат қаққан сияқты қозғалысы секіруге көмегін тигізеді. Секірер алдындағы ең соңғы адым оның алдындағы адымнан қысқылау болуы керек. Серпіле көтерілген кезде тізе жазылып, қол сермелген аяқпен бірге жоғары және алға қарай созылады. Серпілуге дейінгі қадам саны тақ болатындай болса, жүгіруді серпілтетін аяқтан, ал жұп болса, алға сермейтін аяқтан бастаған жөн. Бұл ереженің биіктікке секіру кезінде зор пайдасы тиеді. Ескеретін нәрсе - екпіндей жүгірген әр оқушының адымының ұзындығы әртүрлі болады. Дұрыс секіруді меңгеру үшін алға сермейтін аяқтың тізесін кеуде тұсына жеткізе көтеріп, сонан соң алға соза секіруге жаттығу қажет, екі аяқпен түсу керек.

Лақтыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіл атлетика: айналмалы жүгіруді, кедергіден өту мен секіру жаттығуларының әдістемесі
Олимпиада ойындарының тарихы және жеңіл атлетика жаттығуларының әдістемелік негіздері
Дене шынықтыру пәнінің әдістемесі: жеңіл атлетика және оның түрлері
Мектептегі жеңіл атлетика: мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесі
Жеңіл атлетика: түрлері мен жаттығу әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларына арналған саусақ жаттығуларының әдістемесі мен ойын түрлері
Жеңіл атлетика: тарихы, әдістемесі және дене тәрбиесіндегі маңызы
Жеңіл атлетика сабақтарында арнайы дайындық жаттығуларын қолданудың әдістемесі
Мектептегі жеңіл атлетика: орны мен мәні, жас ерекшеліктері және оқу-жаттығу жұмысының ұйымдастырылуы
Мектептегі жеңіл атлетика: мазмұны, ұйымдастыруы және әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz