Айналадағы әлеммен таныстыру сабағында қимылды ойындар арқылы бала белсенділігін арттырудың педагогикалық ерекшелігі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Айналадағы әлеммен таныстыру сабағында қимылды ойындар арқылы бала белсенділігін арттырудың педагогикалық ерекшелігі

Жоспар

Кіріспе

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың белсенділік қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары мен іс-әрекет бағыттары. Балалардың белсенділік қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары. Балалардың белсенділік қабілеттерін дамытудың іс-әрекет бағыттары.
  2. Айналадағы әлеммен таныстыру сабағында қимылды ойындар арқылы бала белсенділігін арттырудың педагогикалық ерекшелігі. Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшелігі. Айналадағы әлеммен таныстыру сабағында қимылды ойындар арқылы бала белсенділігін арттыру жолдары. Балалардың танымдық ойлау қабілетін әуенді қимыл-қозғалыс ойындары арқылы қалыптастыру. Мектеп ал даярлық балаларының ойын тілін дамыту.

1 Мектеп жасына дейінгі балардың белсенділік қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттарымен іс-әрекет бағыттары

1. 1 Балалардың белсенділік қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңының негізгі міндеттерінің бірі баланың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды міндеттесе, Қазақстан Республикасының дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетіп дамыту концепциясы шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған білім беру кеңістігін туғызуды талап етеді. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының білім саласындағы нормативті-құқықтық құжаттары адамның шығармашылығын дамытуды басым бағыттардың бірі ретінде қарастырады. Сондықтан жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлауын әрбір адамның жаңа білімді игеруіне, интеллектісі мен ойлау қызметінің артуына қажетті ықпал ретінде дамыту өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

Өйткені, қоғамның алға қарыштап дамуы шығармашыл адамдарға байланысты. Бүгінгі күнде оқытудың жаңа технологиялары баладардың шығармашылық қабілеттерін дамыту негізінде білім беруді көздейді. Бұл мектепке дейінгі кезеңнен бастап баланың шығармашылық ойлауын, шығармашылық қиялын дамытуға көп көңіл бөлуді міндеттейді. Осы орайда біздің мектепке дейінгі мекемеміздегі шығармашылықты дамыту жұмыс бағыты төмендегі моделге сәйкес жүзеге асырылады.

Ғалымдардың айтуынша "шығармашылық қабілет" түсінігіне еніп тұрган бар қасиеттер кешенін бір мезгілде қамту мүмкін емес.

Бұл мақсатты түрде ұзақ мерзімде жүзеге асатын жұмыс болғандықтан, эпизодты түрде қолданылатын шығармашылық тапсырмалары біз күткендей нәтижені бере бермейді. Сондықтан мектепке дейінгі мекемеміздегі педагогикалық ұжымымыз танымдық тапсырмаларды бір жүйеде құрып, балалардың әр бағыттағы интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытып қалыптастыратындай жұмыс бағытын ұстанып отырады. Сонымен қатар, педагогтар репродуктивті, формальді-логикалық іс-әрекет түрін шығармашылық іс-әрекетке айналдырып қолдануды жұмыс тәртібіне енгізген. Балалардың таным кызығушылықтары мен белсенділіктерін, шығармашылықпен ойлауын дамыуда педагогтар алдына мынадай шарттар қойылады:

Таным қызығушылығын дамыту шарттары:

- интеллектуалдық қысым және интеллектуапдық тартыстар жағдайын туғызу;

- шығармашылық және зерттеу іс-әрекеттері бар сабақтар ұйымдастыру;

- өзіндік таным мен зерттеу дағдыларының қалыптасуына ықпал ету;

- балалардың танымдық бастамалары мен өз бетінше жұмыс істеулеріне қолдау көрсету немесе мақтау, мадақтау.

Таным белсенділігін дамыту шарттары:

- әрбір бала үшін даму жұмысының траекториялары;

- әрбір баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға қолдау көрсетудегі жоғары педагогикалық іс-әрекет;

- білім беру үрдісінің ерекше формалары мен білім берудің спецификалық мазмұнының сипатын беретін арнайы педагогикалық жағдайлар.

Шығармашылық ойлауды дамыту шарттары:

- шығармашылықтың тууына ішкі кедергілерді жою;

- жұмыс істеу барысында бала зейінін ақыл-ойға шоғырландыру;

- қиял ширақтығын қолдау;

- жалпы шығармашылық іс-әрекетке бағыт-бағдар беру.

Психологиялық және педагогикалық зерттеулер мен мектепке дейінгі мекемелер жұмысының тәжірбиесі балалардың шығармашылық қабілетін ойын негізінде мектепке дейінгі кезеңнен бастап дамып қалыптасатынын дәлелдейді.

Ойын барысында балалардың қиялдары дамып, шығармашылық қабілеттері белсенді т үрде артады. Сондықтан қандай да болмасын ұйымдастырылған іс-әрекет мекемемізде ойын негізінде жүзеге асырылады.

Өз жұмысымыздың барысында төмендегідей шығармашылық ойындарды пайдапанып отырамыз.

Жоғарыда аталған подагогикалық іс-әрекеті бағыттары ең алдымен педагогтың өзінің шығармашыл болуын талап етеді. Педагогтың жеке шығармашылығы ең алдымен оның озін-езі танытуға деген қажеттілігімен сипатталады. Яғни ол педагогтың кәсіби іс-әрекеттегі мүмкіндігін толық аша білуге ұмтылысынан туындайды. С. Л. Рубинштейн айтқандай, адамды жеке тұлға ретінде танытатын оның бойындағы бар қасиеті ғана емес, сонымен қатар оның өзін танытуға деп қойған мақсатына ұмтылысы да ерекше қасиеттерінің бірі болып табылады. . Осы орайда педагогтың шығармашылық кәсіби іс-әрекетке деген қажеттілігінің туындауына ықпал ететін мынадай шарттарды атауға болады:

- өзіне-өзі іс-әреквттің субьектісі ретінде қарау;

- қайшылықтарды жеңе білу;

- рефлексияға қабілеттілік;

- өзінің жеке тұлғалық кәсіби қасиеттерін танып білу;

- іс-әрекеттің біріккен түрін қолдана білу,

Баланы мектепке даярлауда, оны жеке тұлға ретінде қалыптастыруда, ойлау қабілеттерін дамытып, қызығушылыкдары мен икемділіктерін арттыруда ата-аналар мен балабақшаның бірігіп жұмыс істеуі балабақшамыздың негізгі міндеттерінің бірі. Соған сәйкос бала шығармашылығын дамытуда да ата-аналардың атқаратын рөлінің ерекше екендігі мекемедегі әрбір іс-әрекетімізде ескеріліп отырылады.

Шығармашылыққа негізделген тапсырмалар үлгісі

(мектепке даярлық тобы үшін)

Мектепке дейінгі тәрбие факультетінде маман кадрларды даярлауда негізгі ролді мектепке дейінгі педагогика пәні аткарады. Бірнеше жылдар бойы мектепке дейінгі педагогика пәнінің бағдарламасына елеулі өзгерістер жасалған жоқ дәлірек айтсақ дәстүрлі тақырып таңдау, оның мазмұны, сағат саны, сабақтардың логикалық байланысы өзгеріссіз келе жатыр. Қазіргі жағдайда заман ағымының өзгеруіне орай мектепке дейінгі педагогика пәнінің(курс) бағдарламасына жаңа материалдар мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындап отыр. Мұнда басты назарды негізгі мәні бар мәселелер мен педагогиқалық құнды идеяларға аудару қажет.

Халық мұрасына тән халықтық педагогиканың өзіндік ерекшеліктерін ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан барлық жағынан прогресшіл идеяларды басшьшыкқа ала отырып зерттеп, соның негізінде ғылыми нсгізделген ұсыныстарды талдап енгізу қажет-ақ топырағында тұңғыш педагогика, психология ғылымдары саласында құнды ғылыми зерттеу еңбектерін жазған көрнекті қайраткер, ғалым Жусіпбек Аймауытов бала тәрбиесіне туған елдің әдет-ғұрпы мен салт-санасының да белгілі мөлшерде әсер ететінін дәлелдей келе: "Ойын-сауық, өлең-жырды естіп өскен елдің баласы, өнерге бейім болады. Жастайынан кемдік, қағажу, жоқшылық көріп өскен бала жасқаншақ, бұйығы болады; "баланы бұзуға" немесе түзеуге себеп болатын бір шарт жас күнде көрген өнеге. Ол өнеге әке-шешесінің тәрбиесі арқылы қальштасады. Ата-ананың берген тәрбиесі баланың мінезіне салған ізге байланысты. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" дегендей балаға қайырымдылықты, кішіпейілділікті, адалдықты, ұқыптьшықты, өтірікшілікті, күйгелектікті беретін ата-ана өнегесі, тәрбиесі", -деген құнды тұжырым жасайды.

Сондай-ақ ең көкейтесті мәселе ретінде ескеретін нәрсе ірі-ірі тақырыптарды оқытуда педагогика ғылымы саласында казақ топырағында дүниеге келген үнемі дамып, жетіліп отыруға тиіс, өзіндік үлесі бар, ұлттық педагогиканың шамшырақтарын, олардың еңбегін болашақ әрбір маман біліп шығуы керек. Сондықтан да педагогика, дидактика ғылымы саласында бүгінгі уақыт талабына сай болып жатқан жаңалықтарды, жаңа зерттеулер нәтижелерін әрбір оқытушы педагог өз ісінде тиімді пайдалана білгені абзал.

  1. Балалардың белсенділік қабілеттерін дамытудың іс-әрекет бағыттары.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойындар үйретудің балалар өміріндегі рөлі
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру
Мектеп жасына дейінгі балалардымен ұйымдастырылатын дене жаттығулары
Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері жайлы ақпарат
Білм беруде ойын технологиясын қолдану
Мектеп жасына дейінгі балалардың ағылшын тілі сабағында ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларына ойындарды қолдану арқылы белсенділікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары мен тиімді жолдарын айқындау
Ағылшын тілі әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz