Абстракция туралы ұғым


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. Абстракция туралы ұғым және оның тарихы

1. 1 Бейнелеу өнері саласындағы абстракция өнерінің даму тарихы . . . 8

1. 2 Бейнелеу өнерінің саласы абстракция техникасының ерекшеліктері . . . 15

1. 3 Шығармашылық жұмыс «Дәстүр жаңғырығы» . . . 22

2 Абстракция өнерін сабақтан тыс үйірме жұмыстарында қолдану

2. 1 Абстракция техникасын бейнелеу өнері сабақтарында қолдану әдістері . . . 33

2. 2 Сабақтан тыс кескіндемеден үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және сабақ жоспарын құру . . . 41

Қорытынды . . . 49

Әдебиеттер . . . 51

Қосымшалар . . . 53

КІРІСПЕ

Зерттеудің көйкестілігі. Қазіргі кездегі өмір тәртібі, адамдардың еңбектік, қоғамдық қарым-қатынастары, айнала қоршаған табиғат баланың эстетикалық дамуының алғы шартын жасайды. Ол әр түрлі халықтардың шығармашылығымен, сурет және мүсін өнерімен, музыка және биімен, қуыршақ театрының спектаклдерімен, мультфильмдерімен және басқалармен таныса отырып, өнер дүниесіне енеді [1] .

Бұл мәселе: Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында -"Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау"- деп көрсетілсе Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында - "орта білім берудің негізгі мақсаты мен міндеті - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке түлғаны қалыптастыру, оқушыларды азамат-тыққа, елжандылыққа, өз отанын сүюге тәрбиелеу және білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдайлар жасау және осы қойылған міндеттерді іске асыру үшін білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін өнер, технология сияқты білім беру салалары арқылы іске асыру қажет . . . " - деп анық айтылған [2] .

Мәдени және рухани мұралар мен көркем өнер арқылы тәрбиелеуде интеллектуалдық мәдениетті дамыту философиялық ой-тұжырымдар арқылы іске асады. Осы себепті қазіргі жаһандану дәуірінде білімнің философиялық мазмұнын жас ұрпаққа проблемалық - қызметтік әдістемелер қолданып үйрету көзделуде. Барлық көркем білім салаларында рухани мәдениет, көркем өнер көздері мен олардың философиялық мәнін ашып көрсету арқылы оқыту ең сапалы біліммен қамтамасыз етеді. Мұнда рухани құндылықтар мен мәдени мұралардың, өнер түрлерінің саналы-сезімдік, философиялық үлгілік мәнімен таныстыру басты орынды иленеді. Мысалы, өнер туындыларының философиялық мән-мағынасын талдап, ашып көрсету, оны оқушылардың өз мүмкіндіктерінше интеллектуалдық тұрғыда жүйелі талдап тұжырымдаулары т. б. Философиялық ой-тұжырым мазмұны қоршаған орта әлемінен мән тауып, оны өз өмір салтында, қызметінде қолдануға талпыну т. б. болып табылады.

Қазіргі жаңа дәуірдегі адам, қоғам болмысының техникалануына сай рухани және моральдық құндылықтарға философиялық ой-тұжырым тұрғысынан қарап, өмірлік мәнділікке жүгінуіне жол ашып, көркем педагогикалық білімдер жүйесінде оң шешім табуы тиіс. Жалпы тұтас педагогикалық процесте оқушымен мұғалім қызметі сана және сезім қатынасы өлшемімен өрнектелуі заңды. Сөйтіп оқушы - мұғалім қызметінде білім мазмұны мен тәрбие көзі ой бейнесі арқылы мағыналы мәндік үрдіске айналады. Сондықтан ой бейнесі шығармашыл асқақ сезіммен қиялды туындатып, білім мен тәрбие сапасын арттырады. Саналы ой бейнесі оқушы шығармашылық қызметі процесінде әсерлі сезіммен қиялды туындата отырып оның көңіл күйін шарықтатып, көркем образ сомдауға мүмкіндік береді.

Бейнелеу өнерін оқытуда оқушының шығармашылық жұмыс орындау творчестволық процесі мен оқытудағы оқушы мен мұғалім арасындағы педагогикалық процесс кезеңдерінің сәйкестігі ұтымды нәтижеге жеткізеді. Мысалы мұғалімнің тақырыпты әсерлі бейнелеп түсіндіруі мен оқушының осы тақырыпты әсерлі мазмұнда көркем қабылдау сәйкестігі. Немесе мұғалімнің орындау әдіс-тәсілдерін көрсетуі мен оқушының бейнені орындауға қажетті тәсілдерді бейне формасына сәйкес елестетіп қолдана отырып жұмыс орындауы т. б.

Бейнелеу өнерінің дамытушы күші сананың бейнелеушілік қабілетіне, яғни адамның өмірді түр, түс, пішін, көлем, кеңістік, уақыт арқылы сезімді-бейнелік қабылдау мүмкіндігінде екендігін адамзат пайда болып даму эволюциясы көрсетіп отыр.

Мұғалімнің - оқушымен сыбайлас көркем шығармашылық қызметі, қызметтестік ізгілік әрекет қалыптастырып баланы еңбекке, өмірге, айналасындағы адамдармен жарасымды қатынасқа бейімдейді. Оқу-білім процесінде өмір шындығын танып, оны игеруде өнер туындысын сомдап, оны қабылдауда оқушы мен мұғалім шығармашылық бірлікте қызмет етуі оқыту әдістемесінің негізгі қағидасы. Мәселен, табиғат құбылыстарын - мұғалім мен оқушы оны бірге тамашалап, оның әсерін, мотивін әңгімелеп талдап сезіне отырып бейнелеу тәсілдерін бірлесе шешіп орындауы. Сабақ және көркем жұмыс мақсатына жетуге бірге тырысуы т. б.

Бейнелеу өнерінің үйірме жұмыстарында оқушыларды абстракция техникасына машықтандырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты: «Бейнелеу өнернің үйірме жұмыстарында оқушыларды абстракция техникасына машықтандыру жолдары. » - деп таңдауымызға негіз болды.

Осының бәрі орта мектептерде бейнелеу өнерінің үйірме жұмыстарында абстракция техникасына үйретудің әдістемесін жетілдіруге жеткілікті зейін аудару керек екендігін негіздейді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Бейнелеу өнерінің үйірме жұмыстарында оқушыларды абстракциялық стильде сурет салуға баулу, білімді өздігінен меңгеруге жағдай жасаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерделеу және оның әдістерін көрсету.

Дипломдық жұмыстың пәні: Жалпы орта білім беретін бейнелеу өнерінің үйірме жұмыстарында мектеп оқушыларын абстракция техникасына машықтандыру арқылы өз елінің салт-дәстүрін сүюге, құрматтеуге тәрбиелеудің ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу барысы.

Дипломдық жұмыстың нысаны: Орта мектепте бейнелеу өнері пәнін оқыту үдерісі.

Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы: Егер, жалпы орта білім беретін мектептерде тек эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, сонымен қатар, дүниетанымын, кеңістік қиялын, ой-өрісін тағы басқа көптеген жақсы қабілеттерін дамытуды көздейді. Бейнелеу өнерінің үйірме жұмыстарында оқушыларды абстракция техникасына машықтандыру оқушылардың практикалық білімі мен көркемдікті түйсіндік үйлесімді ұштастыра білуге шындық пен өнердегі әсемдікті дәл сезіне білуін, шығарманың ынтасына өнерге деген ықыласы мен қызушылығына және материалдық дүние танымының қалыптасуына ықпал етеді. Айналадағы өмір шындығы көріністерін көркем бейнелеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру белсенді шығармашылық жұмыс жүргізу ұтымдылығы артады; сондықтан, бейнелеу өнері сабағында сурет салудың нәтижелері жаңа сапалық көрсеткіштерге көтерілетін болады.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

1. Бейнелеу өнерінің үйірме сабағында абстракция техникасында жұмыс жүргізудің дидактикалық негіздерін айқындау;

2. Жалпы орта білім беретін мектептерде бейнелеу өнері пәні барысында абстракция техникасы арқылы оқушылардың шығармашылықпен іс-әрекет жасауын арттыру мүмкіндіктерін анықтау;

3. Бейнелеу өнері сабағында абстракция техникасында жұмыс жүргізу технологиясын анықтау;

Дипломдық жұмыстың жетекші идеясы: бейнелеу өнерінің үйірме жұмыстары барысында абстракция техникасында жұмыс жүргізу құндылық құбылыс ретінде, әлемдік көркемдік мәдениет жүйемен салыстыра отырып оқыту, нақты белгіленген дидактикалық шарттарды жүзеге асыру нәтижесінде ұтымды болады.

Дипломдық жұмыстың көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, психологтар мен педагогтардың, өнертанушылар еңбектері; ҚР Үкіметінің ресми материалдары (Заңдары, қаулы-қарарлары, баяндамалары және т. б. ), Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттары (білім беру мен тәрбие тұжырымдамасы, т. б. ), абстракция шығармаларына талдау жасау, суретшілердің тәжірибесін зерделеу мен талдау, мұғалім мен оқушылардың іс - әрекеттерінің нәтижелерін талдау, педагогика ғылымының озық тәжірибелері мен жетістіктері, автордың педагогикалық тәжірибесі.

Дипломдық жұмыстың әдістері: қарастырылып отырған мәселе бойынша суретшілер және олардың тамаша шығармашылық туындылары жайлы мәліметтер, дидактиканың негізгі қағидалары, тарихи-этнографиялық мұражайлардағы қазақ қолөнер мұраларына, шет ел бейнелеу өнеріне, көрмелер мен суретшілер шығармаларына, археологиялық, өнертану, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге, әдістемелік құралдарға теориялық сараптау жасау, педагогикалық эксперимент нәтижесіне математикалық статистикалық талдаулар жасап, баға беру.

Дипломдық жұмыстың базасы ретінде тәжірибе жұмысы № 23 жалпы орта мектепте жүргізілді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, пәні, міндеттері, зерттеудің ғылыми болжамы мен әдістері, зерттеу кезеңдері, жетекші идеясы, зерттеу көздері, әдістері, баяндалады.

«Абстракция туралы ұғым және оның тарихы» атты бірінші тарауда бейнелеу өнері саласындағы абстракция өнерінің даму тарихы, абстракция техникасының ерекшеліктері қарастырылады.

«Абстракция өнерін сабақтан тыс үйірме жұмыстарында қолдану» атты екінші тарауда абстракция техникасын бейнелеу өнері сабақтарында қолдану жан-жақты мазмұндалады. Сабақтан тыс кескіндемеден үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және сабақ жоспарын құру берілді.

Қорытындыда зерттеудің нақты тұжырымдары мен ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінен туындаған ұсыныстар берілді.

Қосымшада зерттеу жұмысына қатысты оқу-әдістемелік материалдар ұсынылды.

  1. «Абстракция туралы ұғым және оның тарихы»Бейнелеу өнері саласындағы абстракция өнерінің даму тарихы

Абстракционизм (ағылш. Abstractio- дерексіздік, бөлініс, оқшаулық) - қазіргі заман өнеріндегі қоршаған ортаны бейнелеуде нақты заттарды ескермейтін ағым. Абстрактілі өнер шындықты тiкелей керсетпейтiндiктен, оны кейде «затсыздандырылған», деп айтады.

Абстракция (лат. abstractio) - шартты немесе «идеал» денелерді қарап, нақты дененің қосалқы қасиеттеріне көңіл аудармай оңайлатылған схема арқылы олардың терең негізін, мәнін таный білетін әдіс. Абстракты ойлау алуан түрлі құбылыстарды түсінуге, олардың заңдылықтарын ашуға көмектеседі, яғни белгілі бір құбылыстың мәнін тіке мағынасында емес, жанамалап, бірақ дәл түсіндіруге тырысады. Бұл әдісті әлі де ұғып болмасаңыздар қарапайым ғана мысал: адамның жай суреттерде дәл бейнесін, сыртқы пішімін, түрін, киімін келтіру арқылы бейнелейді. Ал бұл стильде адам денесі толығымен салынбауы мүмкін. Оны ендеше қалай жеткізеді десеңіздер, абстракциялық стильде адамның ойлау, сөйлеу, еңбек ету қабілеттері ескеріліп, суретке сол қабілеттеріне байланысты тіл, ми, қол сияқты дене мүшелері шашыранды түрде, бірақ өзара байланыста көрсетіледі. Ол үшiн бейнеленетiн нерселердiң көркемдiк бiтiмдерi (кеңiстiктегi формалары, аумағы, бояуы, т. б. ) маңызды емес, бiрiншi орынға суреткер-тұлғаның субъектiлiк көңiл-күйi шығады.

Абстракционизм 1910 ж. Мюнхенде, Амстердамда, Мәскеуде шамамен бiр уақытта қалыптасты да, 1930 ж. Париж бен Нью-Йоркте кеңiнен өрicтедi. Абстрокционизмнің эстетикалық бағдарламасын 1910 ж. В. Кандинский «Өнердегi руханилық туралы» еңбегiнде айқындап бердi.

Абстракционизм eкi бағытта дамыды: оқыс бояулар мен кескiндердiң қиюласуын үйлесiмдi етуге ұмтылу жене геометриялық абстракцияларды құрастыру. Бiрiншiсi экспрессионизм және фовизм тәрiздi ағымдармен түбiрлес болып, түcті заттық шындықтан толық ажыратқысы келдi. Осы бағытта Оп-Арт деп аталатын, бояудың қиюластығын елестететiн музыкалық және басқа да ассоциациялардан туатын синестезия идеясына негiзделген aғым пайда болды. Бұл түрдегi абстракционизмнің кубизммен ортақ шыққан тегі бiр болғанымен, одан айырмашылықтары да болды. Абстракционизмнің осы бағытының тармақтары бiрнеше: М. Ларионовтың сәулешiлдiгi, К. Малевичтiң супрематизiмi, Л. Попованың стиль тобы.

1917 жылы Голландияда жаңа пластицизм идеясын ұсынды: геометриялық бiтiмдердiң анықтылығы, айқындылығы және қарапайымдылығы табиғат ретсiздiгiнен жоғары тұрады. Абстракционизмнің кейбiр көpiнicтepi дадаизм мен сюрреализм өкiлдерiнiң кейбiр шығармаларынан байқалады. Eкi дүниежүзiлiк coғыc арасында Францияда әр ұлттың және әр бағыттың өкiлдерiн бiрiктiрген абстракционизм топтары болды: «Нақты өнер», «Шеңбер мен төртбұрыш», «Абстракция мен шығармашылық». 50 жылдан бастап АҚШ-та «абстрактi экспрессионизм» (М. Ротко, Л. Горки, Дж. Поллок т. б. ) деп аталатын, өз әдicтерiн «таза психологиялық автоматизм» деп жариялаған мектептер пайда болды [3] .

Абстракационист - кескiндемешiлер заман динамикасын бiлдiретiн өзiндiк әдicтер мен тәсiлдер қалыптастырды, олар бүгiнгi күні дизайнда, театр, кино мен теледидарда және бөлмелер интерьерi мен қызметтiк офистердi көркемдеуде кең қолданыс тауып келеді. Көркемдік форманың қандай да кқріністерінен (фактура, аумақ, бояу) бас тартқан абстракті өнердің алғашқы үлгілерін Германияда В. В. Кандинский, Францияда Р. Депоне, Испанияда Ф. Пикабия, Ф. Купха, Ресейде К. С. Малевич, М. Ф. Ларионов, Н. С. Гончарова, Нидерландиядағы жаңа пластикалық өнер өкілдері П. Мондариан, Т. ван Дусбюрг т. б. жасады. 1-дүние жүзілік соғыстан кейін Абстракті өнер көріністері дадаизм мен сюрреализм өкілдерінің жекелеген шығармаларынан байқалды. Сонымен бірге архитектурада, безендіру өнерінде бейнесіздікке ұрыну, математикалық және инженерлік талаптарға бағынатын құрылыстар салу бағыты пайда болды (“Стиль”, “Баухауз” топтарының тәжірибесі) . 30жылы басында негізінен Францияда әр ұлттың және әр бағыттың суреткерлерін біріктірген абстракті өнер топтары болды (“Нақты өнер”, 1930 ж; “Шеңбер мен төртбұрыш” 1930; “Абстракция және шығармашылық” 1931 жылы) . Бірақ абстракті өнер ол кезде кең қанат жая алмады, 30 жылдардың ортасында бұл топтар ыдырап кетті. 2-дүние жүзілік соғыс жылдарында АҚШ-та “абстракті экспрессионизм” (кескіндемешілер Дж. Поллок, М. Тоби т. б. ) деп аталатын, өз әдістерін “таза психологиялық автоматизм” деп жариялаған, оқыс бояулар мен кескіндердің қиюласуын дәріптеген мектептер пайда болды. 50 жылдары абстракті өнер көркемөнердегі негізгі түрлердің біріне айналды. 60 жылдардың ақырына дейін Абстракті өнер ресми танылған жоқ, сыңаржақ бағаланды. Қатаң идеологиялық қысымға қарамастан абстракті өнердің әр түрлі бағыттары пайда болды.

Абстракцияның келесі түрлері бар: шеттетуші абстракция-белгілі бір тұтастылықтан құбылысты бөліп алу; жалпылаушы абстракция-құбылыстардың жалпыланған сипатын беру; идеализация-шынайы-эмпирикалық құбылыстарды идеалды схемаға алмастыру.

Жалпы ұғымдар-абстракциялау принципінің нәтижесі. Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды.

Нақтылау-абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой.

Жалпылау дегеніміз-бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек. Жалпылаудың негізінде жаңа ғылыми ұғымдар, заңдар мен теориялар шығарылады. Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі бір принцип бойынша орналастыруды жүйелеу дейді. Жүйелеудің жоғары түрі, топтастыру (классификация) .

Қазақ бейнелеу өнеріндегі соңғы кезеңдегі жаңа бағыт абстракция бағыты. Бұл бағыттағы суретшілер шығармаларының мазмұнының кеңдігі, бір ғана туынды шеңберінде терең мағыналы ойды білдіретін, ауқымды тақырыптарға құрылған сюжетті картиналар мен графикалық туындылар беруде. Бұлардың қатарында кескіндеме шеберлері А. Ниязбеков, М. Қасымбеков, А. Губашев А. Мыңлыбаева, Р. Абдулов, Р. Аспандиярова, С. Сулейменова, А. Есдаулетовтар бар. Бұлардың ішінде М. Қасымбековтың «Көкпар», А. Губашевтың «Арал қасіреті», Р. Абдуловтың кескіндеме туындыларын ерекше атауға болады.

Қазақстан көркем өнерінде бүгінгі күнде дамып жатқан көптеген стильдік ағымдар бұл күнде мәдениеттің - ашық заманауи қоғамның бағыт-бағдарларын білдіреді. Стилистік сантүрлілік, сондай-ақ, жаңа заман тарихына да өз мөртаңбасын басты. Олар заманауи өнер деп аталатын дүниені құрайды. Әрине, барлық айырмашылықтарына қарамастан, эстетика тұрғысында олар белгілі бір ішкі туыстыққа ие. Бүгінгі заманауи қоғамда бірегей стандарттар жоқ, әрбір топ өзінің құндылықтарына, тілі мен стиліне ие. Сондықтан плюралистік қоғамда бір уақытта көптеген стильдер қабаттаса, қосарласа бір тіршілік етуі тиіс. Осы жаңа кезеңде бейнелеу өнері өзіндік үлгілік нәтижелерге де қол жеткізді. Өзінің таза концептуалдық үлгілерімен және өзінің келіскен үйлесімділігімен маңызды қоғамдық резонанс құрып қана қоймай, бізді қызықтыратын мәселелер үшін маңызды теориялық тұжырымдамаларды ортақтастыра да білген туындылар дүниеге келе бастады [4] .

Өнердің жаңа түрінің даму процесі әлі жалғасуда. Ол Қазақстандық суретшілердің шығармшылығындағы әлі де терең талқылауды керек ететін көркемөнерлік ақпараттармен байыуда. Шығармашылық еңбектің табыстарын алқалы топтың алдына тартып, талғамшыл көрерменнің сарабына салып отыру -ол уақыт талабы болып қала бермек.

Абстракционизм туындылары өмірдің формаларынан негіз алады: затсыз композициялар суретшінің субъективті көзқарастары мен қиялын толықтырады, оның санасы бос ассоциацияларды, ой қозғалысын және эмоционалды сезімдерді туғызады.

Абстракционизм бағыт ретінде XXғ. басында бірнеше еуропалық елдерде пайда болды. Абстракционизм пайда болғаннан бастап екі негізгі жолдар туындады. Біріншісі -геометриялық немесе логикалық абстракция, ол геометриялық формаларды, түрлі-түсті жазықтарды, түзу мен қисық сызықтарды үйлестіру жолымен кеңістікті құрады. Екіншісі- лирикалық- эмоционалды абстракция, онда композициялар ағымдағы бос формалармен ритммен ұйымдастырылады, Асия және Қадыржан Хайрулиндер шығармашылығында, жұмысында көрсетілген.

Лирикалық абстракция (екінші атауы - лирикалық-эмоциялық, психологиялық абстракционизм) - абстрактылы өнердің бір бағыты, суретшінің эмоциялық - психикалық көңіл-күйін тура сипаттауға талпынады. Лирикалық абстракционизм - суретшінің фантазиясы мен адамның жан дүниесінің түстерден алған әсерінен пайда болады. Кенжебай Дүисенбаев және оның шәкірттері. Фовизм (фр: fauve - жабайы) «жабайылар» - ХХғ басындағы француз өнеріндегі бағыт лидерлері Анри Матисс болған, жас суретшілер тобының шығармашылығымен көрсеткен.

Посткескіндемелік абстракция (англ. post-painter abstraction) 1960ж. Америка құрама штатында түрлі геометриялық абстракцияның абсракты кескіндеме бағытында пайда болды. Посткескіндемелік абстракция абстрактылы экспрессионизмдегі кескіндеме техникасына қысқартылған сызықты нақты тура контурлар бейнеленді. Қарапайым кескін үйлесімдері композициялы қойылымдарда қайталанды. Кейде геометриялық фигуралар бір кескіндемелік белгіге дейін азайған(үстінен тең бояуға бөлінген жолдар) немесе геометриялық аскетизмнің пайда болуынан - кенеп толығымен бір түсті бояулармен жағылған болды Армад Бектас шығармашылығын көрініс табады.

Геометриялық абстракция басқа атаулары суық абстракционизм, логикалық, ақыл-ой абстракционизмі- әр түрлі геометриялық формалар, түрлі-түсті жазықтар, түзу мен қисық сызықтарды үйлестіру жолымен көркемдік кеңістікті негізіндегі және абстрактілі өнердегі ағымды айтамыз. Геометриялық абстракция заманауи сәулет өнері, дизайнның дамуы, өнеркәсіптік, сәндік-қолданбалы өнердің дамуна үлкен ықпал етті. Бақыт Шилдерханов өз туындыларында көрсеткен.

Абстрактілі экспрессионизм. Суретшілер кенеп бетін ірі жағындылармен бояды. Жазудың бұл экспрессивті тәсілі туындының өзіне қарағанда маңызды болып табылады, сондықтан да картина құру процесі үнемі жарияланып отырды. Көрермендер алдында бүкіл қойылым ойналды, онда суретшінің жесті мен қозғалыстары кенеп бойымен төгіліп жатқан бояу секілді белсенді роль ойнайды. Мұнда сыншыл Харольд Розенбергтің абстрактілі экспрессионализмінің берген екінші атауы- «іс-әрекет кескіндемесі» атауға болады. Ол картина салудың физикалық актін нақты көрсететін анықтама. М. Нарымбетов. [5]

Абстракция үшiн бейнеленетiн нерселердiң көркемдiк бiтiмдерi (кеңiстiктегi формалары, аумағы, бояуы, т. б. ) маңызды емес, бiрiншi орынға суреткер-тұлғаның субъектiлiк көңiл-күйi шығады.

Абстракционизм 1910 ж. Мюнхенде, Амстердамда, Мәскеуде шамамен бiр уақытта қалыптасты да, 1930 ж. Париж бен Нью-Йоркте кеңiнен өрicтедi. Абстрокционизмнің эстетикалық бағдарламасын 1910 ж. В. Кандинский «Өнердегi руханилық туралы» еңбегiнде айқындап бердi.

Абстракционизм eкi бағытта дамыды: оқыс бояулар мен кескiндердiң қиюласуын үйлесiмдi етуге ұмтылу жене геометриялық абстракцияларды құрастыру.

Бiрiншiсi экспрессионизм және фовизм тәрiздi ағымдармен түбiрлес болып, түcті заттық шындықтан толық ажыратқысы келдi.

Осы бағытта Оп-Арт деп аталатын, бояудың қиюластығын елестететiн музыкалық және басқа да ассоциациялардан туатын синестезия идеясына негiзделген aғым пайда болды. Бұл түрдегi абстракционизмнің кубизммен ортақ шыққан тегі бiр болғанымен, одан айырмашылықтары да болды. Абстракционизмнің осы бағытының тармақтары бiрнеше: М. Ларионовтың сәулешiлдiгi, К. Малевичтiң супрематизiмi, Л. Попованың стиль тобы.

1917 жылы Голландияда жаңа пластицизм идеясын ұсынды: геометриялық бiтiмдердiң анықтылығы, айқындылығы және қарапайымдылығы табиғат ретсiздiгiнен жоғары тұрады. Абстракционизмнің кейбiр көpiнicтepi дадаизм мен сюрреализм өкiлдерiнiң кейбiр шығармаларынан байқалады. Eкi дүниежүзiлiк coғыc арасында Францияда әр ұлттың және әр бағыттың өкiлдерiн бiрiктiрген абстракционизм топтары болды: «Нақты өнер», «Шеңбер мен төртбұрыш», «Абстракция мен шығармашылық».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойлау сипаттамасы. Ойлау процесі
Сеченов пен И. П. Павловтың психологиялық зерттеулері
Математика сабақтарында әр түрлі әдістерді қолдану
Жалпы экономикалық теория пәнін зерттеу және оның методологиясы
Педагогикалық жағдайат педагогикалық процестің элементерлық жасаушысы
Педагогикалық үдерістің заңдылықтары
Ойлау туралы жалпы ұғымдар
Жаңа тауарды жоспарлау
Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен симптомдары
Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен симптомдары (Түйсік пен қабылдау, ойлаудың, есте сақтаудың бұзылысы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz