Еуразиялық экономикалық қоғамдастық


ЖОСПАР
Кіріспе2
Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық: Қазақстанның қосқан үлесі3
Қорытынды10
Әдебиеттер тізімі13
Кіріспе
XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл - Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В. И. Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.
Бұрынғы Одақтас Республикалардың, өзіндік егеменді мемлекет болып құрылуы экономикалық және әлеуметтік жағынан үлкен қиыншылықтар мен шығындармен жүруде.
Енді жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында күрделі таңдау тұрды. Олар: қол жеткізген тәуелсіздікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу немесе Батыстың шикізат көзіне айналу, ал енді ең соңғысы бірлескен Еуропалық Одақты мысал ете отырып интеграциялық байланыстарды күшейтіп, кеңестік аймақта әлемдік дамуда жаңа бір орталық құру.
Қазіргі таңда жаңа егеменді мемлекеттердің саяси егемендігінің халықаралық - құқықтық құрылу стадиясы аяқталды, сонымен қатар, әлеуметтік - экономикалық және валюталық - қаржы жүйесі де құрылып бітті. Бірақ Кеңестер Одағының ыдырауының артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Солардың бірі Кеңес Одағының ыдырауынан кейін біртұтас халықтың шаруашылық кешен қирады, көптеген сауда - экономикалық және өндірістік - технологиялық байланыстар үзіліп қалды. Бірақ мұның тиімді жақтары да бар, яғни бұрынғы отар елдер әлемдік қауымдастыққа өздерін зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде таныстыруға мүмкіндік алды.
Бұл жұмыс КСРО-ның ыдырауы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуынан кейінгі жағдайлардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастық ролі мен орнын, жаңа құрылымдағы заман талабына сай интеграциялық үрдістің жүру жолдарын және сол үрдістегі Қазақстан Республикасының позициясын қарастырады. Қазіргі уақытта Қазақстан ТМД-да және жалпы әлемдік қауымдастықта демократиялық құндылықтар жолын ұстанушы аймақтың және ғаламдық қауіпсіздікті бекітуде өз үлесін қосуға талпынып отырған мемлекет ретінде әлемге әйгілі.
Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтың субъектісі ретінде өмір сүруінің алғашқы күндерінен бастап, бұрынғы Одақтың республикалар арасында жаңа экономикалық және әлеуметтік байланыстарды, құру міндеттерді белсенді түрде араласты. Қазақстан Республикасының ТМД-ны құрудағы орны мен ролі көпшілікке мәлім. Президентіміздің ұсынысы бойынша, 1991 жылы желтоқсанда Алматы қаласында он бір тәуелсіз мемлекет басшылары жиналып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы жариялаған болатын. Содан бері жаңа бірлестік өз өмірін жалғастыруда.
Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық: Қазақстанның қосқан үлесі
Көпжақты, сондай-ақ екі жақты үлгідегі ТМД елдерінің өзара қарым-қатынастары негізінде экономикалық ынтымықтастық жатыр. Өйткені, Достастық елдерінің экономикасы бұрынғы КСРО-ның бір кезде біртұтас халық шаруашылығы кешенінің құрамдас бөлігі болатын. Қазір ТМД мемлекеттерінің алдында балама тұр: олар бірлесіп индустриалды дамыған елдердің қатарына қосылуды немесе мұнай, газ, арзан жұмыс күшін жеткізушілер ретінде әлемдік экономиканың бір қалтарысында қалады.
Тұтас аймақтар мен құрлықтардың өсе түсіп отырған интеграциясы XX ғасырдың аяғына тән сипат болып табылады. ТМД елдері осы негізгі үрдістен шет қала алмайды. Әлемдік даму жолына тұру үшін Достастық елдерінің ең алдымен экономикалық тұрғыдан интеграциялануы қажет. Кәсіпорындар арасындағы өндірістік техникалық және кооперациялық байланыстар, олардың ұйымдық және халықаралық құрылымдарын құрудың ұқсас жүйесі, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің біртұтас ғылыми технологиялық базасы - олардың бұрынғы біртұтас халық шаруашылық кешенінде болғандығына байланысты туындайды. Істің шын мәнінде осы фактор елеулі деңгейде ТМД-ғы интеграциялық процестердің дамуын айқындайды.
Түрлі жағдайларға байланысты ТМД елдерінің басшылары Достастық мақсаттары мен міндеттерін бір мәнді қабылдай алмады. Біреулерге Достастық КСРО шеңберіндегі республиканың мәртебесінен толық дербестік жолындағы аралық кезең сияқты көрінді. Мұндай елдер ТМД-ғы шартты мүшелігін сақтай отырып, барлық күш-жігерін басқа мемлекеттермен экономикалық және саяси ынтымақтастыққа бейімдеуге бағытталды. Достастық елдер арасындағы қарым-қатынаста сенім білдірушіліктің болмауы белгілі бір деңгейде ТМД-ң тиімді жұмысына кедергі келтірді деп айтуға болады. Ресейдің зор экономикалық, адамдық және әскери әлеуетінің болу фактісі оның басқа мемлекеттермен тең құқықты қарым-қатынас құру ниетінің шынайылығына бірқатар елдердің күмәнін туғызды. Көп жағдайда мұндай күдіктің орын алуына жекелеген ресейлік саясатшылардың жауапсыз, кейде тіпті арандату сипатындағы сөздері себепші болды:
Тәжірибе көрсетіп отырғандай аймақтық экономикалық интеграциялық үрдісі өте күрделі ол өзіне келісім, бағыт, сыртқы сауда, салық, бюджет, кеден және де басқа экономикалық аймақтағы бірлікті қамтиды. Интеграциялық үрдістің дамуы белгілі бір эволюцияны қажет етеді. Экономикалық интеграция жолындағы ең бірінші шешуші адым - қатысушы мемлекеттер арасындағы тауар, қызмет, капитал, жұмыс күші қозғалысы жолындағы кедергілер мен кедендік барьерлерді шектеу. Экономикалық шекаралардың алынып тасталынуының нәтижесінде біртұтас рыноктік кеңістік құрылады, бұл кеңістіктің шеңберінде біраз да болсын еркін, бәсекелестік болады, территориялық және салалық жаңа, әрі эффективті еңбек жүйесі құрыла бастады. Келесі саты жалпы рынок. Мұнда түрлі факторлардың ауысуында өндірістік шектеулер қысқартылады, ал бұл мүше мемлекеттердің экономикалық өзара байланысын күшейтеді. 1
ТМД мемлекеттерінің басшылары Кедендік Одақ құруды, кедендік тарифтерден бірте-бірте босатуды, кез келген тарифтік емес шектеулерді алып тастауды Экономикалық Одаққа барар жолдағы таяудағы міндет ретінде белгіледі. Бұл орайда шаруашылық жүргізудің нарықтық нысандарын енгізуге, келісілген стратегиялық экономикалық реформаларды жүргізуге, белсенді әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға деген ұмтылысты жақтап пікір білдірді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзінде құрылатын Экономикалық Одақ КСРО-да үстемдік құрған СЭВ-тің көшірмесі емес, Еуропалық Қоғамдастыққа ұқсас - егеменді, экономикалық тең құқықтық Мемлекеттердің Одағы болуы тиіс деп атап көрсетті. 2
Бірлескен жұмыстағы келесі қадам деп 1993 жылы қыркүйекте Экономикалық Одақ құру туралы шартқа қол қоюды айтуға болады. Аталған Одақты тиісті мемлекеттердің ерікті түрде қатысуы, егемендікті, аумақтық тұтастықты құрмет тұту, құқықтар теңдігі, сондай-ақ шарттың ережелерін іске асырудағы өзара жауапкершілік негізінде құру жоспарланды. Тұңғыш рет ТМД шеңберінде осы шартқа қатыспайтын бір мемлекеттің немесе бірнеше мемлекеттердің тарапынан Уағдаласушы Тараптардың кез келгеніне қатысты экономикалық агрессия жүзеге асырылған жағдайда позицияларды үйлестіру және шаралар қабылдау мақсатында өзара консультациялар өткізу қажеттігі қуатталды. Экономикалық Одақтың негізгі мақсаттары мыналар:
- Уағдаласушы Тараптар халықтардың тұрмыс деңгейін арттыру мақсатында олардың экономикасын тұрақты дамытуға жағдайлар туғызу;
- Нарықтық қатынастар негізінде кезең-кезеңімен ортақ экономикалық кеңістік құру;
- Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін тең мүмкіндіктер туғызу және кепілдіктер беру, экологиялық мәселелерді бірлесе отырып шешу, сондай-ақ табиғи зілзала мен апатттардың салдарын жою. 3
ТМД мемлекеттердің басшылары Экономикалық Одақ интеграцияны кезең-кезеңімен тереңдету, экономикалық реформаларды жүзеге асыруда іс-қимылдарды үйлестіру арқылы құрылады деп келісті. ТМД-ң он бір елдерінің арасында Экономикалық Одақтастық құру туралы шарт экономикадағы интеграциялық процестерді практикалық іс-қимылға көшіруге негіз қалады. Дегенмен интеграция процесі баяу жүріп жатты. ТМД институттары жеткілікті түрде тиімді жұмыс істемеді. Осы тұрғыда Ресейге тұңғыш ресми сапары барысында Н. Назарбаевтың 1994 жылы 29 наурызда МГУ-ң профессорлық-оқытушылық құрамы алдында сөйлеген сөзі интеграциялық саясатты қисынды түрде дамытуға арналады.
6 қаңтар 1995 жылы Ресей Федерациясы мен Беларусия Республикасы, кейін 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы Кедендік Одақ туралы келісімге қол қойды. 4 Іс жүзінде, үш мемлекет ұйымдық түрде, көптен бері ойлаған нәрселерін бекітті, бірақ мұны Достастықтың барлық 12 мемлекеті жүзеге асырмады. Бұл қадам экономикалық интеграцияны тереңдетудегі келесі қадамды білдіреді. Бұл одаққа 1996 жылы наурызда Кеден Одағына Қырғызстан Республикасы қосылды. 1996 жылы 26 ақпанда Тәжікстан Республикасы оның толық құқықты мүшесі болды.
Кеден Одағының құрудағы басты мақсат болып мыналар жарияланды:
- Шаруашылық жүргізуші субъектілердің еркін экономикалық қарым-қатынасына теріс әсерін тигізетін кедергілерді ысыру жолымен мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық прогресін қамтамасыз ету;
- Тұрақты экономикалық дамуды, еркін тауар айналымын және шынайы бәсекелестікті қамтамасыз ету;
- Жалпы экономикалық кеңістікті құруда жағдай жасау;
- Кеден Одағына мүше-мемлекеттердің әлемдік рынокқа белсенді шығуына жағдай жасау;
Кеден Одағы мынадай қағидаларға негізделетін экономикалық бірлестік ретінде:
а) Кеден Одағына мүше-мемлекеттердің біртұтас кедендік территориясының болуы;
б) Бірыңғайландырылған заң шығару және рыноктық шаруашылығына негізделген, біртипті экономикалық механизмін реттеудің болуы; 5
Кеден Одағында атқарушы органдар ретінде төрт мемлекеттің интеграциясын басқарудың бірлескен органдары - Мемлекетаралық Кеңес пен Интеграциялық Комитет құрылды. Парламентаралық комитет алдына біртұтас экономикалық кеңістіктегі өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін бірегей заңнаманы әзірлеу міндеті қойылды.
Жылдамдығы әртүрлі интеграция үрдісіне тиісті серпін беруге ұмтыла отырып, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының және Ресей Федерациясының Президенттері 1996 жылы 29 наурызда экономикалық және гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдету туралы шартқа қол қойды. Оның басты мақсаты - тауарлардың, көрсетілген қызметтің, капиталдардың және жұмыс күшінің еркін қозғалысына, шаруашылық жүргізуші субьектілердің тікелей байланыстарын нығайтуға, ортақ ақпараттың, білім беру және гуманитарлық кеңістікті құруға қажетті алғышарттар болып табылады. 6
Интеграциялық ынтымақтастық одан әрі 1996 жылы 2 сәуірдегі Беларусь пен Ресейдің қауымдастық құру туралы келісіммен тереңдей түсті. Бұл - келісім жалпы транспорттық және біріккен энергетика жүйесінде қысқа мерзімде іс-шаралар жасау; ақша-кредиттік және бюджет жүйелеріндегі бірыңғайлық, жалпы валютаны енгізуге алғы-шарттар жасау, әлеуметтік жағдайларды бірыңғайлау т. с. с. шарттарды қарастырады. 1997 жылы 2 сәуірде Ресей мен Беларусь арасында Одақтық келісімге қол қойылады, ал бұл өз кезегінде осы мемлекеттер арасындағы интеграцияның жан жақты тереңдеуіне алып келеді.
Атап айтуымыз керек, жалпы ТМД мемлекеттермен экономикалық байланыстарды реттеуде үлкен іс-шаралар жасалынды. Әрине, кейбір келісімдер бірінші кезеңде жүзеге асырылмай өз өмірін тоқтатып жатты. Егер де, екіжақтық келісімдер, әдетте байланыстардың құқықтық реттеуіне қажеттілікпен айқындалса, көпжақты келісімдер, тек өзара қатынастар емес, қалаулы қатынастар үшін жаңа формалар іздеу қажет болды. Осы жерден ТМД мемлекеттері арасындағы экономикалық көпжақты келісімдерге тән теріс сипат: бір келісімнен екінші келісімге бірыңғай ережелер мен декларациялар көшіп жүреді, олар кредитті-қаржы саясаты, сауда - экономикалық дамуға ықпал ету, жағдай жасау т. с. с. Нәтижеде, жылдар бойы ТМД-ғы ынтымақтастық тағы біртұтас экономикалық кеңістік құрудағы прогресс аз байқалады, Достастықтың кейбір мемлекеттері жүктелген міндеттерін өздерінен аулақ ұстауды дұрыс деп шешеді, интеграция саласындағы деструктивті саясат, ішкі рынокты қоршау ұлттық ағымы әлі де күшті. 7 Президент Н. Назарбаев 1998 жылдың басында тағы бір бастамамен шықты, бұл бастама “Қарапайым адамдарға қарапайым он қадам жасайық” атты бастамасы8 осы бағдарламалық құжатта Достастық халықтарының күнделікті өмірін жеңілдетіп, олар бір елден екінші елге өткен жағдайда, азаматтық алғанда, басқа да құқықтарын жүзеге асырған жағдайда проблемалар туғызбайтын шаралар қабылдау туралы әңгіме болды. Мемлекет басшысының ұсынысы шын мәнінде ТМД-да біртұтас гуманитарлық және ақпараттық кеңістік құруға бағытталған болатын. Президент Н. Назарбаев “Қарапайым адамдарға қарапайым он қадам туралы” мәлімдемесі Кеден Одағы үкіметтерінің басшылары қол қойған, келісімдер мен жобалардың оның қамтиды. Мәлімдеменің негізгі мазмұны мыналарды құрайды:
Құжаттардың кейбіреуі практикалық тұрғыдан жүзеге асты. 1998 жылы 24 қарашада Алматыда Кеден Одағына қатысушылардың (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей) кезекті кездесуі болды. “Төрттік” үкіметтерінің басшылары білім, ғылыми дәрежелер және атақтар туралы құжаттардың өзара танылатындығы және барабарлығы туралы, сондай-ақ мемлекеттердің азаматтарына оқу орындарына түсу үшін тең құқықтар беру туралы келісімге қол қойды.
Ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі ұйымдық, техникалық және экономикалық шараларды жүзеге асыруда, телевизия және радио бағдарламаларын өзара тарату үшін қолайлы жағдайлар туғызуда үкіметтер өздеріне міндеттемелер алуға келісті. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі келісілген саясатты жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қабылданған бірлескен бағдарлама салық салу, материалдық өндіріс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларында, сондай-ақ инвестициялық салада шағын бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде жеңілдіктер орындауды көздеді.
1998 жылы сәуірде Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Президенттері саяси шешім қабылдады, осы шешім аталған елдердің интеграциялық бірлестігіне Тәжікстанның кіруіне жол ашты. “Төрттік” кеңеюі оның тиімділігі туралы, демек, осы интеграциялық ұйымның тартымдылығы туралы куәландыратын процесс еді. Кіші аймақтық бірлестіктің ТМД шеңберінде жұмыс істеуі, егер олар о баста оқшаулықты мақсат тұтпаса, интеграцияға теріс ықпал ететін тенденцияларды туғызбайды, қайта керісінше Достастықтың бүкіл жүйесінің тұтастығын нығайтады.
Кеден Одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары 2000 жылы қазанда Астанадағы саммитттің барысында Еуразилық Экономикалық Қоғамдастықты құру туралы мәлімдемеге және шартқа қол қойды. 9 Бұл жаңа халықаралық бірлестік және ол Кеден Одағымен Достастықтағы басқа мемлекеттер мен бірлестіктерден ұйымдық құқықтық айырмашылығы бар. Оларға мыналар жатады:
- Белгілі, дәл механизмнің, бұрынғы міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру. 2000 жылы 10 қарашадағы жаңа құжат - Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықты құру туралы келісім (ЕурАзЭқ) жарияланған мақсаттарды жүзеге асыруды қарастыруды, Қауымдастыққа мүше мемлекеттердің экономикалық интеграциясына және жақындасуына негізделген халықаралық ұйым альянс ретінде құрылады. Қауымдастықтың ақтық мақсаты мемлекеттердің экономикалық дамуы, халықтардың өмір сүру деңгейінің өсу қарқынын жылдамдату және тұрақты даму;
- Жаңа ұйымның анық көрсетілген халықаралық статусы ЕурАзЭқ халықаралық құқықтық субъектік статусы бар ұйым, ал Кеден Одағы болса өзіндік халықаралық ұйым болған емес. ЕурАзЭқ Қауымдастық мемлекеттердің мүдделерін қорғап және өкілдік ете отырып, Қауымдастықты халықтардың сауда рыноктарына шығуға, 3 мемлекеттен, олардың бірлестіктерімен, ДСҰ қосқанда өзара тиімді келісімдер жасауға жағдай жасайды.
- Алдыңғылардан да жақсы, интеграциялық формула. Қоғамдастықта әрбір мемлекет, интеграцияның барлық басқару органдарындағы жұмыстарға қатысады. Шешімдер барлық мемлекеттермен қабылданады. Келісімдер қатысушылардың ішкі мемлекеттік процедуралар жасағаннан кейін ғана өз күшіне енеді. Мұндай шарт біртұтас әдістер, жақтардың халық акт-ды толықтай жүзеге асыруға жол береді және шешімдер ЕурАзЭқ-ң барлық мүшелерге міндетті
- Шешім қабылдаудың жаңа түрі. ЕурАзЭқ-ң құрылу туралы келісім бойынша жағдайдағы орган - Мемлекетаралық Кеңес - барлық шешімдерді консенсус арқылы қабылдайды. Оның құзыретіне интеграцияның стратегиясы, оны дамытудағы бағыттары мен перспективалары мәселелері жатқызылады. Аталған Кеңестің құрамына мемлекеттер және үкіметтер басшылары кіреді. Дауыс беру саны оның экономикалық потенциалына сәйкестендірілген: Ресей - 40%, Белорусь және Қазақстан - 20%, Қырғызстан және Тәжікстан - 10%. Осылайша Ресейдің интеграциялық үрдістегі маңызы есептеледі. Сонымен қатар ол өзінің басқа әріптесіне өз айтқанын жүктей алмайды. Қоғамның басқа мүшелерінің қолдауына арқа сүйеуі керек. Осы схема бойынша Қоғамға қатысушы мемлекеттердің үлесін жарналары;
- Шешімдерді орындауды бақылаудың жаңа жүйесінің құрылуы. Қауымдастығы келісімдер мен шешімдерді орындауды бақылау, бақылау органдардың өз құзыреттерінің шеңберінде ғана жүзеге асырылады;
- Заң шығарудың бірыңғайлылығы мен жақындасуындағы жаңа әдістер.
- Мүшелікке деген жоғары талаптар. Мүшелік өз міндеттерін орындамаған жағдайда Мемлекетаралық Кеңестік шешімімен тоқтатыла алады. Осындай істі жалғастыратын жағдайда Қоғамдастықтан шығарылып тасталады. Бұл жағдайда қоғамдастықтың бюджетін қаржыландыруына байланысты міндеттемелерді орындамағанда да осындай шаралар қарастырылған. 10
Интеграциялық комитет (ИК) - Қоғамдастықтың тұрақты жұмыс істейтін органы, оның құрамына үкіметтер басшыларының орынбасалары енеді. Қоғамдастықтың ағымды жұмысын қатысушы мемлекеттердің басшылары тағайындап, Тараптардың Қоғамдастықтың жанындағы тұрақты өкілдерінің комиссиясы қамтамасыз етеді.
Мемлекетаралық Кеңес пен ИК қызметін ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету. Бас хатшы басқаратын ИК хатшылығына жүктеледі. Қоғамдастықтың жоғары әкімшілік лауазымды тұлғасын - Бас хатшысын - ИК-ның ұсынысы бойынша Мемелекетаралық Кеңес ұйымдарға тағайындалады. 11
2001 жылы 21 ақпанда Алматыда интеграциялық комитет Белорусия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанның интеграциялық комитетінің мәжілісі болды. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін реттейтін негізгі құжаттарды дайындау жобасы туралы мәселе қарастырылады. 12
Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастыққа алып келген құжаттарды сараптай келе, оқиғаның мынадай өрісін көре аламыз: 1. Экономикалық Одақ құру туралы келісім ТМД-ң 11 мемлекеті, ассоциациялық мүшесі Украина. 2. Еркін сауда зонасын құру туралы келісім - 1994. ТМД-ң 12 мемлекеті. 3. Кеден Одағы туралы келісім - 1995. Беларусь, Қазақстан, Ресей. 4. Экономикалық және гуманитарлық саладағы интеграцияны тереңдету туралы келісім - 29 наурыз 1996 жылы Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей. 5. Кеден Одағы туралы және Біртұтас Экономикалық Кеңістік туралы келісім - 26 ақпан 1999. Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан. 6. Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықты құру туралы келісім - 10 қараша 2000 жылы Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан. 7. ЕурАзЭқ-ң құқықтық нормативті құжаттары 31 мамыр 2001 Минск. Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан. 13
ЕурАзЭқ-тің берілуі экономикалық форумы осы жылы, яғни 2003 ж. 19-20 ақпан аралықтарында Москвада өтті. Бұл форумның өтуі өте маңызды. Өйткені бұл форум ЕурАзЭқ тоқтап қалмай дамып келе жатқанын көрсетеді және бірнеше ұсыныстар, шешімдер қабылданды. Соның бірі, бірінші экономикалық форумның декларациясы қабылданды. Бұл декларацияда сауда - экономиканың оң жақтары көрсетілген және биліктің айқын іс-әрекеттері көрсетілген. Қоғамдастықтың мүшелері арасындағы интеграциялық әріптетіктегі іс-әрекеттерін дамытуға бағыт-бағдарлар бар. 14
Иинтеграциялық процестерге қатысты ТМД-ға қатысушыларының позициясы көп жағдайда тиісті елдердегі ішкі саяси және экономикалық жағдайларға, олардың геосаяси шындықтарды бағалауына, сондай-ақ ұлттық экономиканың оңтайлы үлгісі туралы түсінігіне байланысты. Әлемдік тәжірибе мынаны куәландырады: егер мемлекеттер өмірлік маңызы бар қоғамдық институттарды жетілдіруге және әл-ауқатын көтеруге бағытталған, келісілген шешімдерді ұстануға дайындығын білдіріп, интеграциялық процестерге ерікті түрде қосылса, оның оң нәтижесі болары сөзсіз. Сонымен бірге интеграция процесі қатысушы елдердің ұлттық қайта өрлеу және олардың мемлекеттігін қалыптастыру процесімен қайшы келмеуі тиіс.
Қазақстан принциптік тұрғыдан барлық мемлекеттердің экономикалық даму мен халықаралық саясаттың белгілі бір үлгісін таңдаудағы құқығының еркіндігі туралы пікірді ұстанады. “Екеудің” және “Төртеудің” енді міне, “Бесеудің” Одақтары - Достастықтағы интеграциялық процестерге кедергі келтірмейтіні былай тұрсын, қайта оған жәрдемдеседі. Оның үстіне ТМД-ң өмір сүруінің өзі анағұрлым тиімді интеграциялық байланыстардың жолдары мне нысандарын іздестірудегі мүмкіндікті кеңейтті. Оның нәтижесі Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Ресей Федерациясының арасындағы экономикалық және гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдету туралы шартты жасасу ЕурАзЭқ-ты құруға алып келеді. Мұның бәрі ТМД-да осы процеске қатысушылардың интеграцияға қатысты дайындығы мен күрделілігінің түрлі деңгейін ескеруге мүмкіндік беретін ынтымақтастықтың икемді тетіктері қалыптасып келе жатқанын білдіреді.
Қорытынды
ТМД-ның құрылуы, КСРО-ның соңғы жылдары болған оқиғалармен тығыз байланысты. КСРО-ның ыдырауы сыртқы ішкі факторларға байланысты. КСРО-ның ыдырауының бірден-бір себебі, экономикалық, этникалық, саяси-идеологиялық, технологиялық және әлеуметтік дағдарыс, қару-жарақ жарысы және блоктың қарама-қайшылықтар.
1991 жылы 8 желтоқсанда Ресей, Украина, Белорусия үкімет басылары Беловеж келісіміне қол қояды. Бес күннен кейін Ашхабадта Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары жиналып, Славян мемлекеттері құрып жатқан Тәуелсіз Елдер Достастығына қосылғысы келгісі келетіндігін мәлімдеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz