Түркі тілдерінің, оның ішінде қыпшақ тілдерінің, әсіресе, қазақ тілінің сөздік қоры ғасырлар бойы қандай жолдармен дамығанын зерттеу
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН
ЗЕРТТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.1 ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ОРТА ТҮРКІ ТІЛІДЕРІНДЕГІ
СӨЗ МАҒЫНАЛАРЫНЫҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... 19
1.2 ОРТА ТҮРКІ ТІЛІҢДЕГІ ЛЕКСИКА .
ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2 КЕЙБІР ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ
ФУНКЦИОНАЛЬДЫ. ТАРИХИ СЕМАНТИКАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 61

Тілдің жүйелілігі ғалымдар тарапынан күмәнсіз мойындалған акиқат болып табылады. Сондықтан да тілді зерттеу барысында ең әуелі неғұрлым жалпыға мәлім және сипаты жағынан қарама-қайшылықсыз элементтер назарға алынады. Алайда, сол тілдік құрылымды тереңірек тексерген сайын меңзеген жүйеге сыймайтын, немесе нысанадағы жүйені теріске шығаратын да дерек көздерінің бары анықталды. Бұл секілді деректердің ұшырасуы тілдік жүйенің де қатып қалған стереотип еместігін, оның да үнемі даму, өзгеру үстіндегі процесс екеңдігін көрсетеді. Сол себепті тілді тек жүйе деп қана емес, сол жүйені қалыптастырып, ұдайы қозғалысқа түсіріп, жаңартып отыратын процесс деп те есептейміз.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Көне, орта ғасыр жазба ескерткіштерінің жазылу уақыты қазақ тілінің ұлт тілі ретінде қалыптасу кезеңімен сай келеді. Ал аталмыш ескерткішттер лексикасының өзара айырмашылықтарынан гөрі ұқсастықтары мол, бір жазба дәстүрге негізделген, сондықтан біртұтас жүйе ретінде қазақ тілімен сабақтастырыла зерттеу көптеген тың тұжырымдарға жетелейді, орта түркі тілі лексикасын қазақ тілі лексикасымен сабақтастырып кешенді түрде зерттеу жұмыстың өзектілігін танытады. Қазіргі қазақ тіл білімінде сөз тудырушы, сөз түрлендіруші және сөз байланыстырушы тұлғалардың қазіргі және тарихи даму деңгейлеріндегі семантикалық-функциональдық эволюциясын анықтау осы жұмыстың өзектілігін белгілейді. Жеке қосымшалар өздері жалғанатын сөздердің мағыналық топтары санының өсуіне орай олардың дерексіз (тиянақсыз) грамматикалық мағыналарының да ұлғая беретінін байқатады. Бұның өзі өз кезегінде көрсеткіштердің бір ғана түрінің әр түрлі семантикалық топқа жататын сөздерге ғана емес, басқа грамматикалық сөз таптарына жататын сөздерге жалғануына мүмкіндік береді.
Ендеше дерексіз мағынаның қалыптасуы әржақты жұмсалымдық пен тіркесімділік процесімен тығыз байланысты болса, қосымшалардың семантикалық эволюциясы түбір мен сол қосымшаның мағыналарының өзара ықпалының нәтижесі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Түркі тілдерінің, оның ішінде қыпшақ тілдерінің, әсіресе, қазақ тілінің сөздік қоры ғасырлар бойы қандай жолдармен дамығанын, қалай қалыптасып, қалай жетіліп келе жатқанын ашу, шетелдік, отандық түркітанудың филологая ғылымыңда қалыптасқан жазба ескерткіштерді кешенді түрде зерттеудің негізгі әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, белгілі жәдігерліктер лексикасының қазақ тілі лексикасымен сабақтастығын анықтау зерттеу жұмысының негізгі мақсаты болып табылады. Зерттеудің осы негізгі мақсатына жетуде мынадай міндеттерді шешу көзделді:

1 Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Жалын, 1998. – 160 б.
2 Реформатский А.А. Введение в языковедение. – М.: Наука, 1996. – 224 с.
3 Қалиев Б. Қазақ тілінің көкейтесті мәселелері. – Алматы: Арыс, 1997. – 255 б.
4 Каплан М. Ортак дил, К‰лт‰р дили вэ илми теримлер. – Стамб±л: Хисар, 1990. – 321 б.
5 Тимурташ Ф.К. Уйдурма олан вэ олмаян ени келимелер сµзл‰г‰. – Стамб±л: Умур китапчылык, 1976. – 555 б.
6 Кµкл‰г‰л А. Батыдан гелен сµздж‰клер. – Стамб±л: Т‰рік дили 22, 1970. – 228 б.
7 Общее языкознание. М., 1974.
8
9 Өмірәлиев Қ. ҮІІІ-ХІІ ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштері. – Алматы: Мектеп, 1985. – 127 б.
10 Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. — Алматы: Мектеп, 1988. - 261 б.м.
11 Қайдар Ә. Қыпшақтанудың бір бүтағы - тіл // ҚР БҒМ-нің, ҮҒА-ның хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. — Алматы, 2002. №3. — 3-56.
12 Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. – Алматы: Санат, 1994-160б.
13 Кұрышжанов А.К. Язык старо-кыпчакских письменных памятников ХІІІ-ХІҮ вв.: Афтореф. дис. докг. — Алматы, 1973. — 55 с.
14 Құрышжанов Ә., Ибатов А. Ежелгі түркі жазба-ескерткіштері жайында // Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары. — Алматы: Ғылым,
1981. - 97-124 б.
15 Блумфилд Л. Язык. — Москва, 1968. — 465 с.
16 Сағындықұлы Б. "һибат-ул хақайиқ" XII ғасыр ескерткіші. — Алматы: Қазақ университеті, 2002. —1846.
17 Сауранбаев Н.Т. Қазақ білімінің проблемалары. – Алматы: Ғалым, 1991-120б
18 Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 319 б.
19 Бернштам А.Н. О деревнейших следах джекания в тюрских языках Средней Азии // Сборник Института языка и мышления АН СССР. – М.-Л., 1938. –С.113-117.
20 Томанов М.К. Малбақов М. Клапрот Т.Ю. Қазақ тілі жайында // Қазақ ССР ҒА хабарлары. Филология сериясы. – Алматы, 1989 N 2. 13-14б.
21 Щербак А. М. Сравнительная фонетика тюркских языков. – М. – Л. 1970. – 204с.
22 Омарбеков С., Жүнісов Н. Ауызекі тіліміздегі дыбыс жүйесі. – Алматы: Ғылым, 1985. -210б
23 Суник А.П. Существительные в тунгусо-маньчжурских языках. - Л.: Наука, 1982.-247 с.
24 Петрова Т.Н. Очерк грамматики нанайского языка. - Л.: Изд. АН СССР, 1960.
Жұбанов А. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.
25 Жүсіпұлы М. А.Байтұрсынұлы және қазіргі қазақ тілі фонологиясы. А., 1998.
26 Касевич В.Б. Морфонология. Л., 1986.
27 Кеңесбаев I., Мұсабаев Р. Қазіргі қазақ тілі (Лексика,фонетика).А., 1962.
28 Қалиев Б. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардын редукциясы. А., 1996.
29 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі. А., 1986.
30 Ломоносов М.В. Российская грамматика 1765 // Полное собрание сочинений. М.-Л., 2003 г.
31 Мартине А. Принцип экономии в фонетических изменениях. М., 2004.
32 Нурмаханова Ә.Н. Қазіргі қазақ тілі. А., 2005.
33 Омарбеков С., Жүнісов Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі А., 2004.
34 Пешковский А.М. Интонация и грамматика // Избранные труды. М., 2002.
35 Реформатский А.А. Фонологические этюды. М., 1999.
36 Қажыбеков Е. Глагольно-именная корреляция гомогенных корней в тюркских языках. - Алматы: Наука, 1986. - 270 с.
37 Ибатов А. , Морфемная структура казахского слова. - Дисс.докт. филол.наук. - Алматы, 1989. - 305 с.
38 Құрманәлиева А.М. Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің табиғаты. ҚДА. - Алматы, 1999. - 25 с.
39 Севортян Э.В. О содержании термина общетюрксқий. -Советская тюркология. - 1971. - №2.
40 Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков (ИМЯ). - Л.: Наука, 1977. - 191 с.
41 Талипов Т. Фонетика уйгурского языка. - Алматы: Наука, 1984.
42 Котвич В. Исследование по алтайским языкам. - М.: Изд.вост.лит. , 1962. -371с.
43 Дмитриев Н.К. Соответствие р/з. - ИСГТЯ. Ч. II. - М.-Л.: Изд. АН СССР, 1956.-452 с.
44 Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии (глагол). - Л.: Наука,
1977.
45 Қашкари М. Түбі бір түркі тілі. - Алматы: Ана тілі, 1993. - 190 б.
46 Сағындықұлы Б. Алтын Орда жазба ескерткіштерінің (ХІҮ ғ.) салыстырмалы лексикасы. – Алматы: Ѓылым, 2006. – 109 б.
47. «Қазақ тілі мен әдебиеті» ғылыми басылым. Алматы. 2007-2011жж.
48. «Ізденіс» ғылыми басылым. Алматы. 2008-2012жж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН
ЗЕРТТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1. ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ОРТА ТҮРКІ ТІЛІДЕРІНДЕГІ
СӨЗ МАҒЫНАЛАРЫНЫҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... .
19
1.2 ОРТА ТҮРКІ ТІЛІҢДЕГІ ЛЕКСИКА –
ГРАММАТИКАЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
1. КЕЙБІР ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ
ФУНКЦИОНАЛЬДЫ- ТАРИХИ
СЕМАНТИКАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 61
КІРІСПЕ
Тілдің жүйелілігі ғалымдар тарапынан күмәнсіз мойындалған акиқат
болып табылады. Сондықтан да тілді зерттеу барысында ең әуелі неғұрлым
жалпыға мәлім және сипаты жағынан қарама-қайшылықсыз элементтер назарға
алынады. Алайда, сол тілдік құрылымды тереңірек тексерген сайын меңзеген
жүйеге сыймайтын, немесе нысанадағы жүйені теріске шығаратын да дерек
көздерінің бары анықталды. Бұл секілді деректердің ұшырасуы тілдік жүйенің
де қатып қалған стереотип еместігін, оның да үнемі даму, өзгеру үстіндегі
процесс екеңдігін көрсетеді. Сол себепті тілді тек жүйе деп қана емес, сол
жүйені қалыптастырып, ұдайы қозғалысқа түсіріп, жаңартып отыратын процесс
деп те есептейміз.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Көне, орта ғасыр жазба
ескерткіштерінің жазылу уақыты қазақ тілінің ұлт тілі ретінде қалыптасу
кезеңімен сай келеді. Ал аталмыш ескерткішттер лексикасының өзара
айырмашылықтарынан гөрі ұқсастықтары мол, бір жазба дәстүрге негізделген,
сондықтан біртұтас жүйе ретінде қазақ тілімен сабақтастырыла зерттеу
көптеген тың тұжырымдарға жетелейді, орта түркі тілі лексикасын қазақ
тілі лексикасымен сабақтастырып кешенді түрде зерттеу жұмыстың өзектілігін
танытады. Қазіргі қазақ тіл білімінде сөз тудырушы, сөз түрлендіруші және
сөз байланыстырушы тұлғалардың қазіргі және тарихи даму деңгейлеріндегі
семантикалық-функциональдық эволюциясын анықтау осы жұмыстың өзектілігін
белгілейді. Жеке қосымшалар өздері жалғанатын сөздердің мағыналық топтары
санының өсуіне орай олардың дерексіз (тиянақсыз) грамматикалық
мағыналарының да ұлғая беретінін байқатады. Бұның өзі өз кезегінде
көрсеткіштердің бір ғана түрінің әр түрлі семантикалық топқа жататын
сөздерге ғана емес, басқа грамматикалық сөз таптарына жататын сөздерге
жалғануына мүмкіндік береді.
Ендеше дерексіз мағынаның қалыптасуы әржақты жұмсалымдық пен
тіркесімділік процесімен тығыз байланысты болса, қосымшалардың семантикалық
эволюциясы түбір мен сол қосымшаның мағыналарының өзара ықпалының нәтижесі
болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Түркі тілдерінің, оның
ішінде қыпшақ тілдерінің, әсіресе, қазақ тілінің сөздік қоры ғасырлар
бойы қандай жолдармен дамығанын, қалай қалыптасып, қалай жетіліп келе
жатқанын ашу, шетелдік, отандық түркітанудың филологая ғылымыңда
қалыптасқан жазба ескерткіштерді кешенді түрде зерттеудің негізгі әдіс-
тәсілдерін пайдалана отырып, белгілі жәдігерліктер лексикасының қазақ тілі
лексикасымен сабақтастығын анықтау зерттеу жұмысының негізгі мақсаты болып
табылады. Зерттеудің осы негізгі мақсатына жетуде мынадай міндеттерді шешу
көзделді:
Ескерткіштер лексикасы мен қазіргі қазақ тілі лексикасының
ұқсастықтарын, диахрондық тұрғыдан байланыстылығын, айырмашылықтарын
саралау; жазба ескерткіштер лексикасы бірінші рет қазақ тілімен
салыстырылып ұқсастықтар мен айырмашылықтар деңгейі анықтау; ортақ
сөздердің бойындағы дыбыстық өзгерістер айқындалып, лексикалық яки
грамматикалық мағыналары бірдей, бірақ сыртқы тұлғасында өзгешелігі бар
жарыспалы элементтер түзетін дыбыстық сәйкестіктер анықтау;
Грамматикалық тұлғалардың семантикалық дамуын олардың алғашқы,
қарапайым қалпынан күрделіге, конкретті мағынадан абстракті мағынаға өту
принципі негізінде анықтау.
Зерттеу жұмысының материалы. Зерттеу жұмысының материалы ретінде
сөздіктер (Көне түркі сөздігі (Ленинград, 1969); М.Қашқаридың "Түрік
сөздігі" (Алматы, 1997); Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (Алматы, 1986);
Диалектологиялық сөздік (Алматы, 1996, 1999); Э.В. Севортянның Түркі
тілдерінің этимологиялық сөздігі (М., 1974, 1978, 1980); мұнан басқа
Э.Наджиптің, А.Боровковтың, А.М.Щербактың еңбектері және т.б. сөздіктер)
пайдаланылды.
Зерттеудің ғылымилығы мен жаңашылдығы. Орта түркі тілі лексикасы
ретінде қазақ тілі лексикасымен сабақтастырылып, кешенді түрде
зерттелгенін айтпақпыз. Сондай-ақ, қазақ тілімен салыстырылып ұқсастықтар
мен айырмашылықтар деңгейі анықталды; ортақ сөздердің бойындағы дыбыстық
өзгерістер айқындалып, лексикалық, грамматикалық мағыналары бірдей, бірақ
сыртқы тұлғасында өзгешелігі бар жарыспалы элементтер түзетін дыбыстық
сәйкестіктер анықталды; жазба жәдігерліктер өз заманында қатаң жазу
дәстүрімен жазылса да, олардың тілінен орын алған қыпшақтық дыбыстық,
орфографиялық ерекшеліктер көрсетілді. Түркі негізді қосымшалардың тарихи
функциональды - семантикалық сипатын, даму барысы мен қалыптасуын көне
түркі және қазіргі түркі тілдері денгейінде тарихи-салыстырмалы тұрғыдан
кешенді түрде қарастырылды.
Қазіргі омонимдес тұлғалар қатарында саналып жүрген есім,
етістіктің сөз тудырушы, сөз түрлендіруші қосымшаларының дені -
этимологиялық жағынан көпмағыналылық құбылысының кәрінісі екендігі
анықталды;
Ежелгі тілімізде өмір сүрген жинақтық-қөптік көрсеткіштерінің
тілімізде есім, етістік категорияларына жататын бірнеше дербес
грамматикалық тұлғалардың қалыптасуына негіз болғандығы анықталды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Орта түркі
тілінің біртұтас жүйе ретінде қазақ тілі лексикасымен сабақтастырыла
зерттелуі жұмыстың теориялық маңыздылығын белгілейді. Түркі тілдерінің баю,
өзгеру жолдарын, даму заңдылықтарын анықтау бағытында ең алдымен өлі түркі
тілдері, яғни, жазба ескерткіштер тілін қазіргі тірі түркі тілдерінің
фактілерімен тарихи-салыстырмалы әдіс бойынша зерттеу жұмыстың теориялық
маңыздылығын танытады. Жұмыстың теориялық маңыздылығы қазақ тіл білімінде
функционалды-семантикалық негізде зерттелуінің тұжырым-түйіндері мен
қорытындысы қазақ тілі тарихы, функционалды грамматика, тарихи семасиология
мен морфология салаларына өзіндік теориялық үлес қоса алады.
Зерттеу материалдары жоғары оқу орындарында қазақ тілінің тарихи
грамматикасы, қазақ әдеби тілінің тарихы, тарихи лексикология, семасиология
бойынша ғылыми курстардан дәріс оқуда, арнайы курстар мен арнайы семинарлар
өткізуге, студенттерге арналған көмекші оқу құралдарын жазуға септігін
тигізеді.
Зерттеу әдістері. Жұмыста зерттеудің лингвистикалық әдіс
-тәсілдерінің бірнеше түрлері қолданылады. Олардың ішіндегі негізгілері
-тарихи-салыстырмалы әдіс пен морфемдік талдау. Қосымшалардың құрылымын,
мағынасындағы өзгерістерді анықтау мақсатында көне түркі, орта және қазіргі
түркі тілдері деректеріне сүйене отырып, семасиологиялық, тарихи -
семантикалық, этимологиялық талдаулар мен тәсілдер де пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе бөлімнен, екі тараудан,
қорытынды бөлім мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ
Түркітану – түркі халықтарының тарихы мен әдебиетін, тілі мен
әдебиетін зерттейтін кешенді ғылымдардың бірі. Түркітану ғылымы Еуразия
аумағында дүниеге келді. Түркітану шығыстану ғылымының бір тармағын
құрайды. Шығыстану – шығыс елдерінің тарихын, экономикасын, тілін, дінін
т.б. зерттейтін ғылым. Түркітануға кіріспе пәнінің негізгі мақсаты –
білімгерлерге түркі тілдерінің зерттелу тарихынан, олардың топтастырылу,
жіктеліну принциптері жайынан мәлімет беру, әрбір түркі тілінің өзіндік
ерекшеліктерімен таныстыру, олардың бір-бірінен алыс-жақындығын ажырата
білуге үйрету. Түркі халықтарының этникалық құрамы мен құрылымы туралы
мәлімет бере отырып, олардың тарихи дамуын тіл тарихымен байланыстыра
анықтауды, тілдік сыбайластықтың тарихи сырын анықтай білуді, салыстыра
анықтай білуді мақсат етеді. Түркі халықтары Орталық Азия даласынан шыққан.
Түркітанушы С.Е.Маловтың пікіріне сүйенсек, түркі халықтары біздің
жылсанауымызға дейінгі V ғасырдың өзінде қазіргі қоныстанған жерлерін,
тіпті одан да үлкен территорияны билеген. Яғни, көне дәуірде түркі
халықтары Қытайдан Дунайға дейінгі аралықты жайлаған. Түркітану ғылымының
негізгі зерттеу обьектісі – түркі халықтары. Бірақ бүгінгі түркітану ғылымы
түркі халықтарының тілі мен оның жазба ескерткіштерін талдауға бағытталған.
Дұрысына келсек, түркітану ғылымы тек түркі халықтарының тілін зерттеумен
шектелмеуге тиіс. Бұл ғылым түркі тілдес халықтардың тілі, діні, тарихы мен
этнографиясын, рухани дүниесін зерттейтін сан алуан мамандарды біріктіреді.
Түркітану дербес ғылым ретінде 18ғ. пайда болды. Осы кезеңнен бастап өзінің
зерттеу обьектісінің ауқымын белгілеп, зерттеу принциптерін қалыптастырды.
Ал 19ғ. Түркітану дамып,, басқа ғылымдармен терезесі теңесті. Оның
қалыптасуына есімдері әлемдік ғылымға алтын әріптермен жазылған М.Казем-
бек, В.Радлов, В.Бартольд, С.Малов сияқты ғалымдар еңбек етті.
Түркі халқының өзіне тән көне тарихы бар, бірақ күні кешеге
дейін Кеңестер елінде ұстанған саясат бойынша олар туралы ашық айтуға тыйым
салынған еді. Орыстан басқа Шығыс халықтарының өз тарихы жоқ, мәдениеті
төмен ел деген көзқарас қалыптасты. Қазір егемендікті алған түркі халықтары
өз тарихын іздеп, түріктердің көне тарихын ашық жазуға кірісті. Қазірге
дейін сол материалдардың негізінде түркілердің де көне тарихы болғандығы,
дүние жүзіндегі мәдениеттің ірге тасын қалаған халықтардың бірі екендігі
айқындала бастады. Тарихта бұрыннан белгілі қытай халықтарымен иық тіресіп
өмір сүрген тайпалардың ішінде қазақ халқының негізін құраған көне үйсін,
қаңлы, қыпшақ т.б. тайпалардың болғандығы ашық айтыла бастады. Түркі
тайпалары тарихқа өз атымен ҮІ ғасырда(545ж.) кіргендігі айтылып келеді.
Ертеде жазылған жылнамалар, саяхатнамаларда түркі тайпаларының аты, заты
өзгертіліп берілді. Мысалы, Қытайдың солтүстігінде біздің жылсанауымыздан
бұрын 20ғ.жасаған түркі тайпаларының бірін қытай жалнамашылары жундар,
екіншісі-хундар, үшінші тобын-дунхулар деп атап келді. Ал дунху сөзі көне
қытайша дун-шығыс, ху- жабайы дегенді білдіреді. Яғни шығыстағы жабайылар
мағынасын береді. Еділ бойындағы түркі тайпаларының аттары да осындай өз
атымен аталмай, аудармасымен немесе этностың кейбір белгілерімен аталады.
Түркі тайпалары туралы деректер заманымыздан бұрын да болған, бірақ олардың
тілі мен әдебиеті, қоғамдық құрылымы туралы жүйелі мәлімет берілмеген.
Сондай-ақ, ХІ ғасырларда түріктер өздері өз тарихынан мәлімет беретін
жазбаларын қалдырған. Түркі тайпалары туралы алғашқы мәлімет Қытай
жалнамаларында берілген. Біздің жылсанауымызға дейінгі жазылған
ескерткіштерде Қытайдың солтүстігінде өмір сүрген көшпелі тайпалар туралы
мәліметтер бар. Аталған жылнамаларда Қытайдың солтүстігінде сюнну, дунху,
сушэнь тайпалары өмір сүргендігі айтылады. Соңғы кезде бұл көшпенді
тайпаларды түркі, монғол, тұнғұс тілдес тайпалар деп атап жүрміз. Түркі
тайпаларының тілі, әдебиеті, этникалық құрылымы туралы толық мәліметті
түріктердің өздерінен артық ешкім берген емес. Қазірше түркі тайпаларының
өз тарихы мен тілін анықтауда Орхон-Енисей жазба ескерткіштері мен
М.Қашқаридің сөздігінен артық еңбек жоқтың қасы. Х ғасырдан бастап түркі
тайпалары туралы деректер орыс жылнамаларында кездесе бастайды. Бұған гун
тайпаларының Еділден өтіп, Дон жағалауына жетуі, славян тайпаларымен
тікелей қатынас жасай бастауы себепші болған.
Түркі көшпелі тайпаларының ішіндегі ең күштісі, әрі соңғысы қыпшақтар
болған. ІХ-Х ғасырларда олар Балқаш пен Ертіс бойларында Қимақтар қағанатын
құрды. Бұл қағанаттың батыс қағанатында қыпшақтар болған. Қыпшақтар орыс
шежіресінде куман немесе половецдеген атпен белгілі. Қыпшақтардың
күшейіп, көршілеріне тізе батыра бастаған кезі –ХІ ғасыр. Түркі
терминінің төңірегінде айтылып жүрген бірнеше пікірлер бар. 1)
А.Н.Кононовтың пікірінше бұл этноним түркі және монғол тілдерінде саяси
термин ретінде қалыптасқан. Бұл термин алғашқыда түркі тайпаларының ақсүйек
тайпаларының отбасы мүшелерін атау үшін қолданылған. 2) Көне қытай
жазбаларындағы деректерге сүйенсек, түркі сөзі күшті,берік ұғымын берген.
3) Түркі этнонимінің түркі тілдерін белгілеуге ыңғайлылығын алғаш таныған
В.Радлов болды және өз еңбектерінде батыл қолданды. ҮІІ-ҮІІІғғ. Бастап
арабтар Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аудандарын басып алғандығы
тарихтан мәлім. Арабтар өздері бағындырған түркі халықтары арасында Хғ.
Ислам дінін таратып, олардың тарихын, тілін зерттей бастады. Түркі
халықтарының тілін, әдебиетін арнайы зерттеу тарихы көне заманға бармайды,
орта ғасырлардан басталынады. Біздің қолымызға келіп жеткен деректерге
қарағанда, алғашқы түркі тілін зерттеген ғалымдар – араб ғылымымен, араб
мәдениетімен байланысты болғандар. Араб мәдениеті, араб ғылымы деген
түсініктің дүние тарихына орнығуына, оның қол жеткен табысының мол болуына
тек арабтар ғана ат салысты деу дұрыс емсе. Мысалы, Араб халифатында ғылым
мен мәдениеттің ең дамыған алтын дәуірі Аббиситтер билеген дәуірге сай
келеді. Ағылшынның атақты шығыс зерттеуші ғалымы Е.Браунның айтуынша, осы
алтын дәуірде дүниеге танылған 45 араб ғалымының 30-ы ұлты араб емес
басқа халықтардың өкілі болған. Солардың қатарында біздің бабаларымыз Әбу
Насыр әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Махмуд әл-Хорезми, Әбу Райхан әл-Бируни
т.б. бар. Түркі халықтарының тілі қай дәуірден бастап зерттеліне бастағанын
нақты көрсету қиын. Бірақ бізге жеткен ең көне түркі тілдеріне байланысты
пікір айтқан еңбек қараханидтер дәуіріне сәйкес келеді. Түркітанудың ғылыми
негізін салған, оны дамытқан, қажетті материалдармен байытқан түркі
халықтарының өз перзенттері және араб саяхатшылары. Грек саяхатшылары түркі
сахарасын зерттеп, жазған кезеңі Шыңғыс жорығынан кейінгі дәуірге жатады.
Бұл туралы ғылыми кітаптарда: Түркі халықтарының тарихы туралы алғашқы
мәліметті Орхон-Енисей жазба ескерткіштері берсе, олардың тарихы мен тілі,
мәдениеті мен педагогикасы, философиясы т.б. бойынша біз толық мәліметтерді
біз Жүсіп Хас Хажибтің Құтадғу білік еңбегі мен М.Қашқаридің Диуани
лұғат-ит түрк атты еңбектерінен табамыз делінген. Расында осы кезеңге
дейін бұл мәлімет тура болатын, дегенмен Қытай мемлекетінде сақталған
деректерде түркі халықтарының өмірі, тұрмысы, тарихы туралы осы аталып
отырған қытай жылнамаларынан таба аламыз. Орхон жазба ескерткіштерінде
Сібір түркілерінің тарихы, тілі туралы мәліметтер берілсе, соңғы екі
еңбекте қарахандар өмірі, Қытайдан Румынға дейінгі түркі халықтарының
тұрмыс жағдайы мен тарихы, тілі мен әдебиеті, пәлсапасы мен мәдениеті
туралы мәліметтер берілген. Кей ғалымдардың М.Қашғариды энциклопедист деп
атауы сондықтан.
Түркі халықтары – бір-бірінен бөлініп, жеке-дара өмір сүрген халықтар
емес, қайта өзара тайпа-тайпа болып, жіті араласып, тығыз қарым-қатынаста
бірге жасап келе жатқан, кейде өзара жауласып, кейде одақтасып отырған
этникалық топтар. Сондықтан да болар, көп жағдайда олардың тарихы,
әлеуметтік жағдайы, мәдениеті,салт-дәстүрі, діні, тілі ортақ болып келеді.
Түркі тілдері ең алдымен араб елдерінде зерттеліне бастады. Ондай
зерттеулер алғаш рет 7ғ. қалыптасқан арабтардың орта ғасырлық феодалдық
мемлекеті- Араб халифатында пайда болды. Араб халифаты 7ғ. 1жартысында Иран
мен Сирияны, Иракты, ал 8ғ. Орта Азия мен Кавказды жаулап алып, осы
аймақтарда ислам дінін, араб жазуы мен тілін таратты. Арабтар сол елдердегі
білім, ғылымға құштар таланты адамдарды өз қалаларына шоғырландырды. Соның
нәтижесінде Басра мен Бағдад әлемдік өркениетке үлкен үлес қосқан
Білімділер мен дарындылардың қаласына айналды. Міне, осындай жерлерде түркі
тілдері туралы еңбектер дүниеге келді. Жергілікті түркі тілдес халықтардың
арасында араб тілі мен ислам дінін тарату үшін ол халықтардың тілін білу
қажеттілігі туды. Ондай жұмыстармен арабтармен қатар Арабияда оқып, білім
алған түркі халықтарының өз өкілдері де айналысты. 1. Солардың бірі-
М.Қашқари. 11ғ. Жарық көрген Диуани лұғат-ит түрік сөздігі түркі тілдері
бойынша жарық көрген тұңғыш еңбек. Сөздікте 11ғ. Түркі халықтарының тілдері
туралы құнды материалдар, этнографиялық деректер, топонимикалық атаулар
берілген. Бұл сөздік әлемдік лингвистикадағы салыстырмалы әдіс бойынша
жазылған тұңғыш зерттеу. Екінші орынға Әбілқасым Махмұд ибн Омар
Замахшаридің Муккадимат әл- араб атты парсыша-түрікше-монғолша сөздігі
жатады. А.Н.Кононов бұл сөздікті 12ғ. туындысы дейді. Жамал ад-дин Ибн
Муханнаның Тіл шеберлігі және оны баяндау атты шығармасы. Мелиоранский
13ғ туындысы деп есептей отырып бес вариантын біріктіріп бастырған. Әбу
Хайян Китаб әл-идрак ли-лисан әл-атрак (Түркі тілдері туралы жазылған
түсіндірме кітап) 1312ж Каирде жазылған. Автор түркі тілдерінің біртұтас
грамматикалық жүйесіне талдау жасаған. Еңбекте қамтылған 3мыңға жуық түркі
сөздерінің 875-і қазақ тілдерінің сөздеріне өзгеріссіз сәйкес келеді.
Түркі тілі туралы жазылған ерекше сыйлық (Аттухфа) 1-бөлім- кіріспеден, 2-
қыпшақша-арабша сөздік, 3-қыпшақ тіліне грамматикалық талдау. 15ғ
туындысы. Халил ибн Мухаммад ибн Исуф ал-Коневидің Китаб –и меджму
тержуман турки ва аджами ве моголи ва фарси сөздігі. Мелиоранский оның
тілін Кодекс куманикустің тіліне өте жақын деген. Китаб ат-тухфа аз-
закийа фи-л-лугат ат-туркийа ХІҮғасыр түркі тілі туралы жазылған құнды
еңбектің бірі.
ХҮІІІ-ХІХғғ. Орал-Алтай тіл білімінің дамуына байланысты
түркітанушылық проблемалар Батыс Еуропа ғалымдары Т.Страленберг, В.Шотт,
И.А.Кастерн, Г.И.Рамстед, В.Томсен т.б. еңбектерінде зерттелінді.
1.Еуропада түркі халықтары мен олардың тілдері туралы алғашқы пікір айтқан
тұтқын швед офицері Ф.Табберт Страленберг болды. Ол тұңғыш рет Енисей
бойынан түркі халықтарының рун алфавитімен жазылған, тасқа қашалған көне
ескерткіштерін табушы. Сондай-ақ, Әбілғазы Баһадур ханның Шежіре түрік
атты еңбегін орыс, неміс тілдерінде жариялаған Т.Страленберг. 1893ж 15
желтоқсанда Дания королі ғылыми қоғамының мәжілісінде В.Томсен баяндама
жасап, бұл жазуды керісінше, оңнан солға қарай оқу керектігін, онда 38
таңбаның қолданылғандығын, түркі халқының көне төл жазуы екендігін толық
дәлелдеп шықты. А.фон Габен – көрнекті неміс түркітанушысы, Еуропада жарық
көрген көне түркі тілдері грамматикасының авторы. Т.Дерфер – алтай тілдері
бойынша күрделі зерттеулер жасаған. Иоганнес Бенцинг-алтай тілдерін
зерттеуші неміс ғалымы. Өз өмірін қыпшақ тілдерін зерттеуге арнаған [1,15].
Түркі тілдерінің Ресейде зерттелуі. Шығыстану ғылымының жаңа
белеске көтерілуі І Петрдің қызметімен тікелей байланысты. Ресейдің
келешегі Шығыспен байланысты екеніне көзі жеткен. Сондықтан ол орыс
казактарының Сібірдегі басып алған жерлеріне орналасуына жағдай жасап, Орта
Азияға ену жолын іздей бастайды. 1696, 1698, 1700, 1707 жылдары үздіксіз
экспедиция жібереді. Академик П.С.Палластың басқаруымен Барлық тілдер мен
наречиелердің салыстырмалы сөздігі деп аталатын 4томдық еңбек шықты. Онда
19 түркі тілі мен наречиесінен лексикалық иатериалдар қамтылған. Ресейде
алғаш Ғылым академиясының ашылуы І Петрдің есімімен тікелей байланысты.
Шығыс тілдерін үйрену, зерттеу мәселесіне ерекше көңіл бөлген еді. Бұл
жобасын іске асыру үшін ол академияға көптеген атақты шығыстану және
түркітанушы ғалымдарды тартты. Түркі тілдерін жан-жақты зерттеген ел Ресей
–шын мәніндегі түркітану ғылымының алғашқы бесігі саналады. Сөйтіп, ХІХғ.
60-жылдарынан бастап түркітану жеке ғылым саласы ретінде қалыптасты. Оған
сол кездегі Петербург мектебінің көрнекті өкілдері В.Радлов,
П.М.Мелиоранский, т.б. ХХғ. Басындағы Мәскеу, Қазан мектептерінің өкілдері
В.Гордлевский, А.Н.Самойлович, С.Е.Малов, Н.Ф.Катанов, Н.И.Ашмарин,
В.А.Богородицкий т.б. зор үлес қосты. Олар бірқатар жалпытүркілік сөздіктер
мен күрделі зерттеулер қалдырды. Зерттеушілер: 1. 1804ж неміс шығыстанушысы
Генрих Клапрот С-Петербургке шақырылып, Орыс ғылым академиясының құрамына
кірді. Ресейде болған 7жыл ішінде ол көне ұйғыр алфавитіне назар аударып,
Бабыр-наме, Кодекс куманикус секілді тарихи жазбаларды зерттеулермен
айналысты. Бабыр-намеден үзінділер аударды. Ол тұңғыш рет қазақ
лексикасын салыстырмалы түрде зерттеуге тырысты. Академик В.Радлов Берлин
университетін бітіргесін, түркі тілдерін зерттеу мақсатымен Россияға
келеді. 12 жыл бойы Алтай өлкесін мекендеп, түркі халықтары экспедицияға
шығып тұрады. Алтай кезеңінде жинақталған материалдарын қорытып, түркі
тілдері бойынша тамаша еңбектер жариялайды. Оның ең маңыздысы- Түркі
тайпалары халық әдебиетінің нұсқалары. Осының негізінде 10томдық еңбегін
жарыққа шығарады. Тағы бір сүбелі еңбегі – Опыт словаря тюркских наречии.
Еңбек 4томнан тұрады. Бұл еңбек бүгінге дейін өзінің маңызан жойған жоқ. Ол
негізінен көне түркі ескерткіштері тілін зерттеумен айналысты(Кодекс
куманикус, Құтты біліг). Қазақ тілінің зерттелу тарихында түркітанушы
В.Радловтың еңбектері ерекше орын алады. Өзінің 60жылдық ғылыми қызметінде
түркітанудың барлық саласында дерлік қызмет етті. Автор Солтүстік түркі
наречиелерінің фонетикасы еңбегінде солтүстік түркі тілдеріндегі дауысты,
дауыссыз дыбыстарды өз ішінен салыстыра жіктеп, жасалу жолдарына жан-жақты
талдау жасаған. Мысалы, дауыстылардың 9 түрін өзі жасаған транскрипциямен
таңбалап, олардың айтылу, жасалу ерекшеліктері, сингармонизм заңдылығының
пайда болуы жайындағы тұжырымдары негізінен қазақ тілі дауыстыларының
табиғатына сай келеді. В.Радловтың руникалық жазуларды оқып, зерттеу,
оларды бастырып жариялау ісіндегі түркітануда айрықша бағаланып, оның есімі
бірінші аталады.
Қазақ тіл білімінің зерттелуінде Петербург университетінің
профессоры, көрнекті түрколог П.М.Мелиоранскийдің Краткая грамматика
киргиз-казахского языка деп аталатын 2 бөлімнен тұратын еңбегі ерекше орын
алады. Бұл екі томдық қазақ тілінің тұңғыш грамматикасы. П.М.Мелиоранский
түркі тілдерінің сипаттама грамматикасын жасаудың теориалық шарттарын
ұсынды. Памятник в честь Кюль-Тегина, Сказания о пророках Рабгузи т.б.
еңбектері бар. Ол Игорь полкінен түркі элементтері туралы құнды пікірлер
жазды. С.Е.Малов- Радлов пен Мелиоранскидің шәкірті, түркітанушы. Ұйғырдың
көне ескерткіші –Алтын яруқты ашады. Оның үлкен еңбегі – Орхон-Енисей
ескерткіштерінің текстологиясын зерттеуі. Мырза Мамед Әли-Қасым-оғлы Казем-
Бек- шығыст анушы, оның Түрік-татар тілдерінің жалпы грамматикасы атты
еңбегі дүние жүзілік түркі ғылымында аса жоғары бағаланды. Қазақ тілі
жөніндегі зерттеулерімен белгілі түркологтардың бірі – В.В.Катаринский.
Оның Грамматика киргизского языка. Фонетика, этимология, синтаксис деп
аталатын еңбегінде бірқатар мәселелер бұрынғы зерттеулерге қарағанда
толықтырылып, басқаша қаралған. Тіл заңдылықтары дұрыс көрсетілген. Белгілі
шығыс зерттеушісі, ғалым-миссионер, профессор Н.И.Ильминский. Материалы к
изучению киргизского наречия деп аталатын белгілі еңбегі. Бұл қазақ
тілінің грамматикалық жүйесін зерттеуге арналған алғашқы еңбек.
Салыстырмалы–тарихи тәсілді алғашқы қолданушылар негіз тілді
қалпына келтіруді мақсат тұтқан. Бірақ бұл әдіс зерттеушілердің ондай
үмітін ақтамады. Сондықтан да А.Мейе үнді-еуропа тілдерінің салыстырмалы
грамматикасы тілдердің алғашқы даму сатысынан дерек бере алмайды деген
қорытындыға келді. Дегенмен де, салыстырмалы-тарихи тәсіл негізінде
анықталған мәліметтер жүйелі болса, тілдің тарихын, оның басынан өткен даму
жолын дұрыс көрсету мүмкін.
Салыстырмалы-тарихи әдістің негізін салушы неміс ғалымы Ф.Бопп бұл
әдісті өзінің алғаш жарық көрген Система спряжения в санскрите в сравнении
с греческими языками деген еңбегінде қолдана бастады. Алғашқы жарық көрген
сөздіктердің өзінде туыстас түркі тілдерінің материалдары кесте түрінде
болса да салыстырылып берілді. Түркі тілдерінің материалдарын ғылыми
негізде салыстыру О.Бетлинг, В.Радлов, Н.Катановтардың еңбектерінде кеңінен
қолданылды. Ал шын мәнісінде салыстырмалы-тарихи тәсілдің түркі тілдер
негізіндегі алғашқы бастамасын ХІ ғасырдың энциклопедист-тілшісі Диуани
лұғат-ит түрк еңбегңнен кездестіреміз. ХІ-ХІҮ ғасырларда жазылған
еңбектердің біразында да түркі тілдерінің материалдары салыстырып берілді.
ХІІІ-ХҮ ғасырларда өмір сүріп, араб тіл білімі негізінде сөздіктер мен
грамматикалар жазған түркі тілін зерттеуші ғалымдар еңбектерінде де азды-
көпті түркі тілінің материалдарын салыстырып көрсету болған. Бұл еңбектер
салыстырмалы-тарихи зерттеулердің дамуына үлкен үлес қоспағанмен, түркітану
тарихында өзіндік орны бар. Солардың ішінде Махмуд ибн Умар Замахшари,
Асирудин Әбу Хайан ал-Андалуси, Жамаладдин Әбу Мухаммад Абдуллах Туркеш,
Джамил әд-Дин ибн Муханна еңбектері, сондай-ақ, авторы белгісіз Аттаухфат-
уз-закия фи-л-луғат-ит туркия еңбегі де бар.
Кеңес түркітанушыларынан салыстырмалы-тарихи зерттеулерге өз үлесін
қосқан А.Н.Кононов, В.А.Богородицкий, Н.К.Дмитриев, С.Е.Малов т.б. ғалымдар
салыстырмалы-тарихи тәсіл негізінде зерттеулер жүргізіп, оның бүгінгі
деңгейін көтеруге ат салысты [2,145].
Салыстырмалы-тарихи тәсілдің тілді зерттеудің басқа тәсілдерінен
ерекшелігі: ол генеологиялық не тарихи туыстығы бар тілдердің материалдарын
салыстырады. Сондықтан бұл әдіс тілдердегі кез келген ұқсастықты немесе
кездейсоқ сәйкестікті емес, туыстық тегі бар, бірақ әр түрлі жолмен
дамыған, өзгерген заңды түрдегі ұқсастықты қарастырады. Салыстырмалы-тарихи
тәсіл туыстық қарым-қатынасы бар бір топ, не бір семья құрамына енетін
тілдердің материалына негізделгенде ғана нәтиже береді. Дыбысқа еліктеуге
байланысты пайда болған сөздер көпшілік тілдерде бірдей болғандықтан оларды
өзара салыстыру тіл білімінде жаңалық бере алмайды. Сондай ақ, кірме
сөздерді салыстыру де нәтижелі бола бермейді. Осыған орай А.Мейе салыстыру
екі түрлі мақсатты- жалпы заңдылықтарды анықтау және тарихи мәліметтер
алуды көздейді дейді және осы мақсатқа жету үшін тілдердің туыстық
белгісін анықтап, ортақ заңдылықтарын белгілеу қажеттігін айтады.
Демек, тілдердің туыстық қатынастарын анықтау – тарихи-салыстырмалы
тәсілдің негізгі мәселелерінің бірі. Тіл біткеннің бәрінде де диалектілік
ерекшеліктер байқалады. Кейбір диалектілік ерекшеліктер көрші отырған
халықтар тілінің ықпалынан пайда болса, кейбіреулері жергілікті халықтың
құрамындағы этностық топтардың ру, тайпа кезіндегі тіл ерекшеліктерінің
ертеден келе жатқан қалдығы ретінде сақталады. Туыстас тілдерді анықтау,
олардың жақындық белгісін ашып беру – салыстырмалы-тарихи тәсілдің негізгі
мәселелерінің бірі.
Салыстырмалы-тарихи тәсілдің ең негізгі мақсаты – тілдің ең көне
формасын анықтау. Осы мақсат негізінде кез келген салыстыру қазіргі
қолданылып жүрген форма мен ең көне деп саналатын форманың арасындағы даму
процесін белгілеу болып саналады. Тіл материалын салыстырғанда оның қазіргі
жайын өткендегі тарихыменг байланыстырып қарау керек.
Түркі халықтарының көне тарихына қарағанда ертедегі түркі тілдес ру-
тайпалар белгілі бір жүйе бойынша орналасқан. Қыпшақ тілдес тайпалар
Каспийдің солтүстігі мен қазіргі Қазақстанның солтүстік аудандарын,
қарлұқтар Шығыс Қазақстан мен қазіргі Қытайдың Шыңжан-Ұйғұр автономиялық
ауданын алып жатқан өлкені мекендеген. М.Қашқаридің Диуани лұғат-ит түрк
еңбегінде осындай мәліметтер берілген. Сондықтан көне түркі тілінде
жазылған ескерткіштердің барлығы дерлік- қазіргі түркі тілдеріне ортақ
дүние [3.15]. Демек, қазіргі тілдердегі көне сөздерді Орхон-Енисей, Талас
жазуларынан, орта ғасыр ескерткіштерінен іздеуге де, өзара салыстыруға да
әбден болады.
Салыстырмалы-тарихи зерттеуде әр тілдің ішкі заңдылығы есепке
алынуы керек. Жеке-жеке тіл болып саналатын түркі тілдері өзара ортақ
заңдылықтармен астарласып, байланысып жатады.
Салыстырмалы-тарихи зерттеу хронологиялық заңдылықты қатаң сақтауы
қажет. Ең алдымен бар болса, сол тілге тікелей қатысы бар жазба
ескерткіштерді, содан кейін барып жалпы, жанама қатысы бар ескерткіштерді
салыстыруымыз керек. Салыстырмалы-тарихи зерттеулерде тілдердің
генеологиялық жақындығы есепке алынуы шарт. Тіл материалдарын салыстырғанда
алдымен туыстық жағынан жақын тілдердің материалдары қамтылуға тиіс. Түркі
тілдерін генеологиялық классификация жасағанда (Н.А.Баскаков) оларды үлкен
екі топқа: батыс және шығыс хун тілдеріне бөлеміз. Батыс хун тілдерін 4
топқа (бұлғар, оғыз, қыпшақ, қарлұқ) бөлеміз де, қазақ тілін қыпшақ тобына
енгіземіз. Оларды тағы үш топқа бөліп (қыпшақ-бұлғар, қыпшақ-құман, қыпшақ-
ноғай), қазақ тілін қыпшақ-ноғай тобына жатқызамыз. Демек, қазақ тіл
материалдарын салыстырғанда, оның өз ішіндегі говорларымен, одан кейін
ноғай, қарақалпақ тілдерінің материалдарымен салыстырған жөн.
Салыстырмалы-тарихи фонетика. Фонетиканы салыстырмалы-тарихи тұрғыдан
зерттеу ХІХ ғасырда О.Бетлинг пен В.Радловтан басталса, ХХ ғасырда оны
Е.Поливанов, Н.А.Баскаков т.б. ғалымдар құнды еңбектер жазды. Салыстырмалы-
тарихи зерттеулердің обьектісі болып келе жатқан түркі тілдері
фонетикасының талас мәселелеріне сөз басында келетін й, з, д, ж, ч, с
дауыссыз дыбыстарының және созылыңқы дыбыстардың табиғатын жатқызуға
болады [4.12].
Е.Д.Поливанов пен А.М.Щербак дауысты дыбыстарды созылыңқы, қысаң
деп екіге бөліп қараса, Г.Дерфер бұларды үшке бөледі: созылыңқы, қысқа,
орташа [5.14]. Кейбір созылыңқы дауыстылар сөз құрамындағы дауыссыз
дыбыстың түсіп қалуы нәтижесінде (гагауз тілінде: аач-ағаш, қырғызда:уул-
ұлт.б.) пайда болса, кейбір түркі тілдерінде (түркіменше:аат, якутша:аат)
бұрыннан бар құбылыстарға жатады. Осыған байланысты бұрыннан бар созылыңқы
және кейіннен пайда болған созылыңқы дауысты деп екіге бөледі.
Грамматикалық көрсеткіштердің қалыптасу, даму жолы мен қазіргі түркі
тілдеріндегі қалпы да салыстырмалы-тарихи зерттеудің обьектісіне жатады.
Сөз түрлену үлгісі көбірек зерттеліп, сөз тудырушы жұрнақтар қазір негізгі
зерттеу обьектісіне айналды. Түркі тілдерінің барлығында да септік
жалғаулары бар болғанымен мағына мен сан жағынан бірдей емес. Кейбір түркі
тілдерінде септік формасы сан жағынан сәйкес келгенімен өз ішінде
ерекшелігі болып отырады. (Көмектес септігі қазақ тілінде ғана кездессе,
құралдық септік хакас тілінде (-нақ), чуваш, татар тілінде кездеседі). Көне
түркі тілінде құралдық септік болған. Көне түркі тілінде құралдық септік
–ы, -ын, -ін қосымшасы арқылы жасалып, ол қазіргі қазақ тіліндегі көмектес
септігімен мағына жағынан сәйкес түсіп тұтастықты, біргелікті, қимылдың
орындалған уақытын білдірген. Бұл қосымша қазақ тілінде қысын, жазын сияқты
бір-екі сөздің құрамында ғана сақталған. Орхон-Енисей жазуындағы септік
жалғауларын қазіргі түркі тілдеріндегі септіктермен салыстырғанда: -ғару,
-геру, -ару,-еру қосымшасы қазір септік жалғауы ретінде
қолданылмайды. Жалпы септік жалғаулары көне жазбаларда көптеп кездеседі
(Орхон-Енисейде -11).
Көптік жалғаулардың тарихы мен қазіргі кездегі қолданылуы
салыстырмалы-тарихи зерттеулерге арқау болып жүр. Көне түркіде көптік
мағынасы –лар, -лер қосымшалары арқылы берілген және бірен-саран сөздерге
–т қосымшасының жалғануы арқылы көптік мағына берілген. Қазіргі түркі
тілдерінің барлығында –лар, -лер қосымшасы қолданылады, онымен қоса бірнеше
фонетикалық варианттармен айтылады. Қазіргі түркі тілдерінде шақ
категориясының барлық түрлері кездессе, көне түркі тілінде осы шақ пен
келер шақтың ара-жігі айқын болмаған. Ғ.Айдаров екі түрі: нақ осы шақ,
ауыспалы осы шақ деген түрлерін көрсетеді.
Тілдің дамуы сөйлем құрылысын жақсарта түсетіні белгілі. Сөйлем
құрылысын дамытып отыратын сөз тіркестері көне түркі тілдерінде
қолданылған, айырмашылық тек олардың жиілігінде. Изафеттің үш түрі де көне
және жаңа түркі тілдерінде кездеседі. Көне түркі тілінде жай сөйлемнің
түрлері көп қолданылып, құрмалас сөйлем сирек қолданысқа түскен. Дегенмен
құрмаластардың қазіргі түрлері, оның ішінде интонация,шылаулар арқылы жай
сөйлемдердің байланысы көне түркіде де, қазіргі түркі тілдерінде де
кездеседі. Бұл грамматикалық құрыстың баяу өзгеретіндігінен болса керек.
Салыстырмалы-тарихи лексиканың дамуына үлес қосқан еңбектердің
қатарына ең алдымен М.Қашқаридің Диуанын айтуға болады. Онда 29 түркі
тайпаларын атай отырып, олардың тілдеріндегі диалектілік ерекшеліктерді
көрсетеді. Оның ізімен Санкт-Петербург мектебінің өкілі – Л.Будагов. Ол
түркі тілдерін зерттеуде салыстырмалы-тарихи әдісті қолдана отырып, түркі
халықтарының тілдік ерекшелігін жаңа, тың материалдармен толықтырған.
Сондай-ақ, В.Радловтың Опыт словаря тюркских наречии еңбегінің маңызы зор
болды. Бұл еңбек толық түркі сөздерінің салыстырмалы үлгісі ретінде
жинақталған сөздердің қазынасы. Екінші томы толық салыстырмалы-тарихи
сөздік болып щыққан. Сөздіктің бірінші томында түркі тілдерінен мысалдар
келтірген. Сондй-ақ, тарихи жазба ескерткіштерден, Құтты білік пен ұйғыр
жазуынан материалдар берген. Кеңес дәуірінде де түркі тілдері салыстырылып,
ғылыми еңбектер мол болғандығы даусыз. Соның бір айғағы – Древнетюркский
словарь яғни, Көне түркі сөздігінің үлесі зор. Онда берілген материалдар
Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастап, орта түкі дәуіріндегі
ескерткіштер материалдары алынып, салыстырылып беріледі. ХХғ. В.Радловтың
сөздігінен үлкен, бірнеше тілдердің материалдарын салыстыра қараған көлемді
сөздіктер жасалмаса да, салыстырмалы-тарихи лексиканы зерттеу үшін тарихи-
салыстырмалы, түсіндірмелі сөздіктер шықты. Бұрынғы кеңес құрамында болған
түркі тілдерінің бірнеше тарихи сөздіктері жарық көрді. Түркі тілдеріндегі
сөздерді этимологиясы жағынан, тарихи жағынан тілдегі орнын анықтау,
лексикалық, стильдік ерекшелігін ғылыми негізде зерттегендер қатарында:
А.Н.Кононов, А.М.Щербак, К.М.Мұсаев, Ғ.Айдаров, А.Батманов т.б. бар.
Түркі халықтарының көне тарихына көз жіберсек, олар бірнеше
тайпалар мен тайпалар одағынан құрылған. Олар бірде жауласып, араларын
алшақтатып отырған. Алғашқы ру, тайпа, тайпалар одағының қосылуы тархи-
қоғамдық процесс болса, әрбір ру мен тайпалардың қалыптасуы да сондай
процесс. Кейбір тайпалар жеке рулардың бірлестігінен құрылады да, олардан
бірте-бірте қол үзіп кетеді. Осыған орай тайпалар одағы қолданға жалпы
тілде жеке рулар тіліндегі ерекшеліктің сақталуы да, сақталмауы да мүмкін.
Қазіргі түркі тілдерінің арасындағы сатылай байланыс, бір-біріне жақындығы
сақталған. Мысалы, қазақ тілі дыбыстар жүйесі жағынан да, грамматикалық
құрылымы жағынан да, сөздік құрамы жағынан да қарақалпақ пен ноғай
тілдеріне жақын. Сондықтан да А.Н.Баскаков осы үш тілді түркі тілінің ноғай
тобына қосқан. Бұл үш тіл басқа түркі тілдеріне қарағанда татар, башқұрт
тілдеріне жақынырақ. Татар, башқұрт тілдері де өзара жақын тілдер. Ал,
қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтары Ноғай Ордасынан бөлініп шығып, өз
алдарына ХІҮ-ХҮ ғасырларда халық болып қалыптасқаны белгілі. Сатылай
байланыс көне дәуірге жақындаған сайын бірнеше тайпалар одағын қамти
береді. Жеке түркі тілдерінің қалыптасу дәуірлері де әртүрлі. Олардың
кейбіреулері ерте қалыптасып, өз іргесін басқалардан бұрынырақ алыстатқан
болса, енді біреулері ортақ тіл қауымынан соңғы дәуірлерде (ХІҮ-ХҮІғғ.)
ғана бөлініп шыққан. Бұған түрлі оқиғалар, әсіресе,сол халықтың
экономикалық жағдайлары себеп болған. Қазақ тілінің қалыптасу, даму
кезеңдерін айқындау жалпы түркі тілдерінің даму жолдарымен тікелей
байланысты. Түркітанушы ғалымдар түркі тілдерінің даму кезеңдерін белгілі
кезеңдерге бөліп, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін анықтауға әрекет етіп
келеді. Олардың ішінде түркі тілдерінің даму процесін терең зерттеген
белгілі ғалымдар М.Кастерн, В.Бартольд, В.Радлов, П.М.Мелиоранский.
А.Н.Баскаков түркі тілдері дамуының негізгі алты кезеңін белгілейді:
1)Алтай дәуірі, 2) Ғұн дәуірі (б. З. Д. Хғ. Мен біз.з. Үғ.); 3) Көне түркі
дәуірі (Ү-Хғ.); 4) Орта түркі дәуірі (Х-ХҮғ.) 5) Жаңа түркі дәуірі (ХҮ-
ХХғ.); 6) Ең жаңа дәуір (ХХғ. 17ж. Бүгінгі дейін). Ал, профессор
Б.Сағындықұлы түркі тілдерінің тарихын былай жүйелейді: ежелгі түркі тілі
(Ү-Хғ.), көне түркі тілі (Х-ХҮғ.), ескі түркі тілі (Х-ХІІғ.), орта түркі
тілі (ХІІІ-ХҮғ.), Жаңа түркі тілдері (ХҮ-ХХғ.), Ең жаңа түркі тілдері
(ХХғ.).
ХІІ-ХІҮ ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштері Орта Азия мен
Қазақстандағы, Еділ бойындағы, Қырым түбегіндегі, Түркия топырағындағы
түркі тілдес халықтарға ортақ мұра екендігі анықталып отыр. Ол
ескерткіштер: Рабғузидің Қысас ул-анабиясы, Абу Хайанның Китаб ал-идрак
ли-лисан ал-атрак атты шығармасы, Ортаазиялық тефсир, Саиф Сараидың
Гүлстаны, Құтыбтың Хосрау уа Ширины, Хорезмидің Мухаббат-наме атты
поэмалары. Бұлар араб әрпімен жазылып сақталған жәдігерлер. Бұлардан да
ілгеріректе, ІХ-Хғасырларда дүниеге келген ескерткіштер де бар. Солардың
бірі – Оғұзнаме эпосын қазақ зерттеушілері, соның ішінде Қ.Өмірәлиев жан-
жақты зерттеп, қазақ тіліне аударып, мынадай түйінге келеді: Оғыз қаған
эпосы - әуелде ауызша тараған дүние, өте көне дәуірде жасалған, ХІІІ
ғасырдың аяғында ғана хатқа түскен. ҮІІІ-ХІ ғасыр түркілерінде эпостық жыр
туғызатын қоғамдық-әлеуметтік жағдай және эпосты жасай алатын рухани
мәдениет пен әдеби мектеп болған дей келіп, бұл эпостың жанрлық-стильдік
сипатын талдайды Өмірәлиев Қ. Оғұз қаған эпосының тілі. –А., 1988.
Диуани лұғат-ит түрк (Түркі тілдерінің сөздігі) сөздігі ХІғ. (1072-
1074) Қарахандықтар дәуірінде жазылған тарихи мұра, түпнұсқасы жоғалып
кеткен, бізге жеткен жалғыз көшірмесі 1266ж. жасалған. Авторы – Махмұд ибн
әл Құсайын ибн Мұхаммед әл-Қашқари. Бұл сөздік тұңғыш рет 1915-1917жж.
Түркияда үш том болып жарық көрді. Қазақ тіліне өте кеш аударылды. Бірақ
оның сөздігін, грамматикасын, көркемдік сипатын зерттеуге қазақ лингвистері
де ат салысып келеді. Бұл ескерткіш тек сөздік материалы бойынша емес,
ондағы келтірілген әдеби үлгілерге: 300-дей өлеңге, 300-ге тарта мақал-
мәтелге, көркем теңеулерге, қанатты сөздерге қарап, көркем тілдің бұдан
оншақты ғасыр бұрынғы, тіпті одан да арғы кезеңдердегі кейбір белгілерін,
ол белгілердің ары қарай ұластығын көруге болады. Өйткені бұл кітап –көне
түркі әдебиеті ескерткіштерінің қысқаша хрестоматиясы. Қолжазба үш томнан
тұрады. Оның ішінде сегіз тарау бар, әр тарауда бір кітап деп аталған. 1-
кітап әліп әрпінен басталатын сөздерді талдап, зерттеуге арналған. 2-кітап
дауысты дыбыстары (әліп, уау, йа әріптерімен берілетін дыбыстары) жоқ
сөздерді қарастырады. 3-кітап бір әрпі екі рет қайталанып келетін сөздерді
зерттейді. 4-кітап йа әрпінен басталатын сөздер туралы баяндайды. 5-кітап
үш әріптен тұратын сөздерді, 6-кітап төрт әріптен тұратын сөздерді, 7-кітап
мұрын жолымен айтылатын дыбыстарды, 8-кітап екі дауыссыз дыбысы бар
сөздерді талдауды ниет еткен. Әр кітапты есім сөздер және етістік
сөздер деп екі топқа бөлген. Әр сөз араб тіліне аударылып, сол сөздің
жұмсалуы жайында мысалдар келтірілген. Мысалдардың көбі – халық аузынан
жиналған ақыл-кеңес беретін, насихат айтатын, ғибрат алатын парасатты
сөздер, мақал-мәтелдер, қанатты да қанықты тіркестер, тұрақты сөз орамдары,
өлеңдер, әдеби үзінділер. Диуанның кіріспе бөлімінде автор араб графикасы
түркі тілдерінің дыбыстарын толық жеткізіп бере алмайтындығын айтып, өзінің
қосымша белгілер қосқандығын ескерткен. Автор өзге тілдерді көбіне оғыз
тілімен салыстырған. Диуанда 9 мыңға жуық түркі сөздеріне түсіндірме
берілген болса, оның 500-ден астамы түрлі ру, тайпалар тілінде бар
делінген. Сөздерді салыстыру үстінде түркі тайпаларының тілдерінде
байқалған дыбыстық өзгерістерді де көрсеткен. Мысалы, оғыздар біраз
сөздердің құрамындағы р дыбысының орнына з дыбысын қолданады. Сөз басындағы
м әрпін оғыздар, қыпшақтар б-ға айналдырады.
М.Қашқари түркі тілдеріне ең алғаш жіктеме жасаған ғалым. Ол түркі
тілдерін таза және аралас тілдер деп екіге бөледі: 1) басқа тілдердің
ықпалына түспеген, тек түркі тілдерінде ғана сөйлейтін елдердің тілдері.
Таза түркіше сөйлейтін тілдердің қатарына яғма, тухси, қырғыз, қыпшақ,
оғыз, шігі, ырғақ, парук тайпаларын жатқызады. Бұл тілдерде араб-парсы
қоспасы жоқтың қасы. Басқа тілдермен қарым-қатынасқа түсіп, бұзылған
тілдердің қатарына сұғдақ, қанжақ, арғу тайпалары мен Баласағұн, Тараз,
Мадинат-улбиза қалалары тұрғындарының тілін қосады. ХІғ. Түркі тілдерін
М.Қашқари фоно-морфологиялық ерекшеліктері мен сол тіл иелерінің орналасқан
жерлеріне қарай: 1) шігіл, яғма, тухси, ұйғырлардан бастап Қытайға дейінгі
аралықты алып жатқан тайпалар, яғни шығыста орналасқан түркі тайпаларының
тілі; 2) оғыз, қыпшақ, суварлардан Римге дейінгі аралықта жайғасқан, яғни
батыста орналасқан түркі тайпаларының тілі. Бұл екі топтың бір-бірінен
фонетикалық және морфологиялық ерекшеліктері де ашып көрсетілген. Мысалы,
түркі тілдерінің шығыс тобындағы тілдерде з дыбысы сақталса, батыс түркі
тобындағы тілдерде ол дыбысқа й және з сәйкес келеді.
М.Қашқари түркі тілдерінің фонетикалық жүйесін де, грамматикалық
құрылымын да жетік білген. Автор өз еңбегінде түркі тілдерінің морфологиясы
туралы сәл мәлімет беріп, синтаксисі туралы сөз қылмайды. Бұл әрекетін
екінші еңбегінде қарастырғанын айтады. (Түркі тілдері синтаксисіне тиісті
гауһарлар). М.Қашқаридің бұл еңбегінің болғандығын ХІҮғ. өмір сүрген Мысыр
тарихшысы Бадриддин Айни айтқан. Соңғысы бізге жеткен жоқ. Диуани лұғат
үш кітаптан тұрады. М.Қашқари оны 8 бөлікке бөліп жазған. Әр кітап сайын
берілген мысалдар есім, етістік болып бөлінген. Мазмұны жағынан Диуан сол
заманғы түркілер өмірінен, рухани дүниесінен әртүрлі мәлімет беретін
материалдарға толы. Бұл туынды – түркі халықтары тілінің тарихи
диалектологиясы бойынша баға жетпес еңбек. Немістің шығыс зерттеушісі
Г.Бергештрессер Махмудтың еңбегін Ибраһим Исқақ ибн Ибраһим ал-Фарагидің
Араб тілінде жазылған әдеби шығармалардың жинағы деп аталатын кітабының
ізімен түзілген болу керек деген тұжырым айтады. Бірақ А.Н.Кононов мынадай
пікір айтады: М.Қашқари – талай кітап оқыған, терең білім тоқыған, зердесі
жетік, эрудициясы мол адам болғандықтан кімнің де болса ізіне түспей, өз
бетімен жол салып, бағдар алған азамат. Ол өз әдістемесін жасап, түркі
тілдерінің өзіндік табиғатын тануға бейімдеп отырған.
Әбілқасым Махмуд ибн Омар Замахшари орта ғасыр түркітанушысы, ғалым
және панегерик. Ер жеткеннен кейін Бұқара, Хорасан, Бағдат, Мекке,
Дамаскілерде болады. Ол араб тілі, әдебиеті, философиясы, ислам дінінің
тарихына байланысты елуден астам ғылыми еңбек жазған, бірақ бізге дейін
барлығы жетпеген. Дүнижүзілік түркітануға әйгілі туындыларының бірі –
Мухамадит әл-адаб (Әдебиетке кіріспе, онда араб сөздері парсы, түркі
және монғол тілдеріне аударылып берілген) еңбегін Хорезм патшасы Атсызға
арнап жазған. Түркі, парсы сөздерін автордың өзі түзген, монғол сөздері
кейіннен (автор қайтыс болған соң) түзген болу керек. Түпнұсқаның өзі жоқ,
оның екі көшірмесі бар (Бұқарада сақтаулы, біреуін Х.Хафиз 1305ж. көшірген,
екіншісін Д.Мұхаммед 1492ж. көшіріп алған). Бұл көшірме кезінде өзбектің
белгілі ханы Абдулханның (1557-1598ж. билік құрған) көрнекті бегі Құл-Баба
Көкелташтың қолынан өткен. Шығарма төрт тілдік сөздік ретінде түзіліп, онда
тек жеке сөздер ғана емес, көптеген сөз тіркестері мен сөйлемдер, әрқилы
сөз оралымдары келтірілген. Еңбекті орыс тіліне аударып бастырушы ғалым
Н.Н.Поппе ондағы түркі және монғол сөздерін Түркі-араб сөздігінің
материалдарымен сабақтас қарастырады. Қолжазбада сөздер өзара семантикалық
топтарға бөлініп, белгілі бір тақырыптар бойынша берліген. Бұл арабша-
парсыша, түрікше-монғолша сөздік. Сөздіктің жазылу мерзімін Н.А.Баскаков
ХІІ ғасыр десе, В.В.Бартольд сөздіктегі сөздерді ХІІ-ХІІІ ғасырдағы Орта
Азия түріктерінің әдеби тіліне тән сөздер дегенді айтады. Сөздіктің алғашқы
авторлық варианты сақталмаған. Біздің заманға жеткені 1305, 1492 жылдары
жазылған көшірмесі болып табылады. Жұмыс бес тараудан тұрады. Бірінші
тарауда есімдер, екінші тарауда етістіктер, үшінші тарауда көмекші сөздер,
төртінші тарауда есімдердің қосымша қабылдап түрленуі, бесінші тарауда
етістіктердің жіктелуі туралы сөз болады. Кітаптың сөздік бөлімінде кей
араб сөздерінің түрікше, монғолша баламасы берілген. Академик В.В.Бартольд
Замахшаридің еңбегіндегі түркі сөздерін ХІІ-ХІІІ ғасырдағы Орта Азия түркі
халықтарының лексикасынан хабар береді деп көрсеткен.
Иүсүф Улуғ Хасс – Хажиб – бұл ақын шығарма жазған Қарахан әулеттерінің
жазба әдеби тілінде ж дыбысы қолданылмаған, ол й дыбысымен сөйлейтін
тілдердің негізінде қалыптасқан. Табғач Қара хақанның Баласұғыни кітабы
үшін сыйлаған құрметті атағы – улуғ хасс хажиб (Хан сарайының бас
билеушісі, осы күнгі тілмен Министрлер кеңесінің төрағасы) болған. Ол
қазіргі Жетісу өлкесінде, Шу өзенінің бойында, Баласағұн қаласында, осы
күнгі Бурана және Ақ-Пишин деп аталатын жерде туылған. Орта Азия
халықтарының ақыны, ойшылы, данасы, мемлекет қайраткері, жаратылыстану
ғылымдарынан үлкен мағлұматы бар, асқан білімдер адам болған. Өз кітабының
аты жайында былай дейді: Құт әкелер білімнің көр пайдасын, оқиғаның бақ
жұлдызы жайнасын. Екі өмірді сиғызатын уысқа, Жаздым кітап, айттым сөзді
туысқа. Кім сыпырса екі өмірдің ырысын. Сол бақытты, айтам сөздің дұрысын.
Жазылу уақыты-1069-1070жж. Бірі ұйғыр жазуымен 1439 жылы, екіншісі араб
жазуымен ХІҮ ғасырдың ІІ жартысында, үшіншісі араб жазуымен ХҮІІ ғасырдың
аяғында көшіріліп, хатқа түскен үш нұсқасы бар. Сақталған орындарына қарай
ол көшірмелерді Вена, Каир, Наманган варианттары деп атайды. Зерттеушілер
тарихта теңдесі жоқ бұл ескерткіштің әдеби мұра ретіндегі мәні мен орнын
зерттеп танытты және мәтінін түпнұсқасы бойынша да, транскрипциялап
жариялау, өзге тілдерге аудару жұмыстарын жүргізді. Профессор Р.Сыздықова
Ж.Баласағұнның Құтты білігін түркі жазба әдеби тілінде жазылған тұңғыш
көркем шығарма деп атайды Р.Сыздықова. 47б: Түркі тілі деп отырғанымыз
жалпы атау, ал бұл атаумен нақты қай тобын меңзейміз десек, бұл орайда
әрқилы пікірлер айтылып келеді. Бірқатар зерттеушілер оны көне ұйғыр тілі
деп таныса (С.Е.Малов), енді бірқатары қарлұқ-ұйғыр тілінде (Ә.Нәжіп),
қарлұқ-қыпшақ тілінде (Г.Ф.Благова), қараханидтер тілінде (А.Валидов) деп
таныса, қазақ зерттеушілері: Жүсіп Баласағұн өз дастанын сол кезде
Қашғардан бастап, сонау Амударияға дейінгі ұлан-ғайыр өлкелер мен
уәлаяттарды өзіне қаратқан Қарахан мемлекетінде өмір сүрген түркі
тайпаларының бәріне бірдей түсінікті ортақ, әдеби тілде жазылғаны даусыз
-деп санайды Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. –А.,1991. 158б..
ХІІ ғасырдың орта шені мен ХІІІ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген
Ахмед Иүгнекидің (Ахмед Махмудұлы Жүйнеки- Қарахан мемлекеті түркілеріне
мәшһүр болған ғұлама ғалым, Түркістан түбіндегі Иүгінеки (Жүйнекте)
қаласында туып өскен.) Һибат ул-хақайик (Ақиқат сыйы) атты дидактикалық
толғаулары сол кездегі түркі тілдес тайпалардың көбіне түсінікті болған
Қараханид түркілерінің тілінде жазылған, тек шығарманың аты арабша
қойылған. Ал Қараханидтер дәуірі –түркі тайпаларының тарихында әдебиет
өркендеп, мәдениет жанданған кезең болатын. Осы кезеңде ғалымдар, жазушылар
мен ақындар өсіп жетілді. Бұл кездегі жазба ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz