Қазақстан тарихынан дәрістер



1.лекция тақырыбы: Кіріспе. Ерте замандағы Қазақстан.
2.лекция. Тақырыбы: Қазақстан территориясындағы ерте дәуір. Модуль 2. Қазақстан орта ғасырларда.
3.лекция. Тақырыбы: Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде
4.лекция. Тақырыбы: ХІV.ХVғғ. ортағасырлық мемлекеттер
5.лекция. Тақырыбы: Қазақ халқының құрылуы
6.лекция. Тақырыбы: ХV.ХVІІІ ғғ. Қазақ хандығы.
7.лекция. Тақырыбы: ХVІІ ғ. және ХVІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығы
6.лекция. Тақырыбы: Жаңа замандағы Қазақстан (ХVІІІ .ХХ ғғ.). Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында
7.лекция. Тақырыбы: Қазақ халқының ұлт.азаттық қозғалысының бірінші кезеңі (1731.1837 жж.)
8.лекция. Тақырыбы: Қазақ халқының ұлт.азаттық қозғалысының екінші (1837.1870 ж.ж.) кезеңі
9.лекция. Тақырыбы: Қазақстанның Ресей империясына біржола бағынуы
10.лекция. Тақырыбы: Қазақстандағы ұлт.азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХғ. соңғы ширегі . ХХғ. басы)
11.лекция. Тақырыбы: 1917 ж. Қазақстан
12.лекция. Тақырыбы: Қазақстан кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде (1920.1939 жж.)
13.лекция. Тақырыбы: Қазақстан 1941.1945 жж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде
14.лекция. Тақырыбы: 1946.1960 жж. Қазақстан
15.лекция. Тақырыбы: Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы . 1991 ж.
16.лекция. Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы
17.лекция. Тақырыбы: ҚР нарық жолында
18.лекция. Тақырыбы: ҚР қоғамдық саяси даму және сыртқы саясаты
11.лекция. Тақырыбы: 1917 ж. Қазақстан
12.лекция. Тақырыбы: Қазақстан кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде (1920.1939 жж.)
13.лекция. Тақырыбы: Қазақстан 1941.1945 жж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде
14.лекция. Тақырыбы: 1946.1960 жж. Қазақстан
15.лекция. Тақырыбы: Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы . 1991 ж.
16.лекция. Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы
17.лекция. Тақырыбы: ҚР нарық жолында
18.лекция. Тақырыбы: ҚР қоғамдық саяси даму және сыртқы саясаты
XXI ғасырдың азаматы, өзін Қазақ мемлекетінің өкілімін деп санайтын адам қазақ ұлтының тарихын білуге тиіс. Еліміздегі барлық жоғарғы оқу орындарында барлық мамандықтарға міндетті пәндер қатарында Қазақстан тарихы іргелі пәндердің бірі болып табылады. Сондықтан осы мәселені студенттердерге жеткізу оны ұғыну үшін лекция сабағы арнайы сағатқа бағытталады. Тарихтағы уақыт өлшемімен студенттерге белгілі кеңістіктегі аумақ пен көлемді өлшеу арасындағы жыл санау тәсілін пайдалану. ¤ткен тарихи оқиғалардың кейбірінің өте ертеде, ал екіншілерінің беріде, біздің заманымызға жақынырақ болғандығын сезіндіру. Ертедегі егін жинау, қажетті өсімдіктерді өсіріп, дәнін жинап алу терімшілікке қарағанда әлдеқайда тиімді болғанын студенттерге баяндау. Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау сенімдеріне ықпал жасау - сабақтың негізгі мақсаты.
Лекция мәтіні:
1. Қазақстан тарихы бүкіл адамзат тарихының толық мықты бір бөлімі, өйткені ол дүниежүзі тарихы, Евразия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі халықтары тарихы, Орталық Азия елдерімен ұштасып жатады. Қазақстан тарихы - Қазақстаннын территориясында ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейін болған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, процестерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, тұтас қарастыратын ғылым.
Пәннің мақсаты. Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезеңдері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру. Қазақ халқы тәуелсіздікке қол жеткізіп, халықтың рухани өмірінде сан алуан көптеген жаңалықтар пайда болып, оның ұлттық сезімі оянып бүгінгі таңда тарихи тәжірибені зерттеу, оны оқу өз халқы, Отан үшін аянбай еңбек ететін, отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеудің ең тиімді жолдарының бірі болып табылады.
Пәннің міндеттері.
• Егеменді Қазақстан мемлекетінің қалыптасып, нығаю міндеттеріне жауап бере алатын тарих білімінің теориялық және әдіснамалык базасын жасау;
• Қазақстан халықтарының ортақ тарихы негізінде Қазақстандық қоғамның бірігуі үшін идеологиялық база дайындау;
• Батыс пен Шығыстың ғаламдық тарихы құрамында өзара байланыста қарастырылатын Қазақстан тарихының өзіндік қайталанбас орнын, сондай-ақ дүниежүзілік тарих пен адамзат өркениетінің тасқынында қарастыруды көздеуі;
• Тұтас қабылдауға негізделген Отан тарихының бірыңғай логикалық стержінін құру, олар мемлекет құрушы ұлттар - қазақтар мен Қазақстан халықтарының этногенезі; Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің эволюциясы; тарихи фактілер мен оқиғалардың жиынтығы; тарихтың сабақтары;
• Тәуелсіздіктің орнығуы жылдарындағы Қазақстандық даму моделінің мазмұнын, ақиқаттың ғылыми-тарихи біліммен толықтырып, осы арқылы Қазақстанның империялықтан
кейінгі кезеңінен ойдағыдай шығуына әсер еткен басты себептер мен факторларды анықтау,
сөйтіп оның XX - XXI ғасырлар аралығында шаруашылық және идеялық - мәдени даңғылы
шығып, өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жеткенін көрсету.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 131 бет
Таңдаулыға:   
ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
1-лекция тақырыбы: Кіріспе. Ерте замандағы Қазақстан.
Жоспары:
Қазақстан тарихы курсының пәні, мақсаты, міндеттері
Қазақстан тарихын дәуірлерге бөлу
Қазақстан тарихын зерттеудегі негізгі әдістері.
Қазақстанның ежелгі тарихы:
а) Палеолит (ерте тас ғасыры); ә) Мезолит (орта тас ғасыры; б) Неолит (жаңа
тас ғасыры); в) Энеолит (мыстытас ғасыры).
Лекция мақсаты: XXI ғасырдың азаматы, өзін Қазақ мемлекетінің өкілімін
деп санайтын адам қазақ ұлтының тарихын білуге тиіс. Еліміздегі барлық
жоғарғы оқу орындарында барлық мамандықтарға міндетті пәндер қатарында
Қазақстан тарихы іргелі пәндердің бірі болып табылады. Сондықтан осы
мәселені студенттердерге жеткізу оны ұғыну үшін лекция сабағы арнайы
сағатқа бағытталады. Тарихтағы уақыт өлшемімен студенттерге белгілі
кеңістіктегі аумақ пен көлемді өлшеу арасындағы жыл санау тәсілін
пайдалану. ¤ткен тарихи оқиғалардың кейбірінің өте ертеде, ал екіншілерінің
беріде, біздің заманымызға жақынырақ болғандығын сезіндіру. Ертедегі егін
жинау, қажетті өсімдіктерді өсіріп, дәнін жинап алу терімшілікке қарағанда
әлдеқайда тиімді болғанын студенттерге баяндау. Ұлттық сананы қалыптастыру,
өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау сенімдеріне ықпал жасау
- сабақтың негізгі мақсаты.
Лекция мәтіні:
1. Қазақстан тарихы бүкіл адамзат тарихының толық мықты бір бөлімі,
өйткені ол дүниежүзі тарихы, Евразия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі
халықтары тарихы, Орталық Азия елдерімен ұштасып жатады. Қазақстан тарихы -
Қазақстаннын территориясында ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейін болған
тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, процестерді, тарихи заңдар мен
заңдылықтарды аша отырып, тұтас қарастыратын ғылым.
Пәннің мақсаты. Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге
дейін негізгі кезеңдері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы
мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы
объективтік тарихи білім беру. Қазақ халқы тәуелсіздікке қол жеткізіп,
халықтың рухани өмірінде сан алуан көптеген жаңалықтар пайда болып, оның
ұлттық сезімі оянып бүгінгі таңда тарихи тәжірибені зерттеу, оны оқу өз
халқы, Отан үшін аянбай еңбек ететін, отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеудің
ең тиімді жолдарының бірі болып табылады.
Пәннің міндеттері.
Егеменді Қазақстан мемлекетінің қалыптасып, нығаю міндеттеріне жауап бере
алатын тарих білімінің теориялық және әдіснамалык базасын жасау;
Қазақстан халықтарының ортақ тарихы негізінде Қазақстандық қоғамның бірігуі
үшін идеологиялық база дайындау;
Батыс пен Шығыстың ғаламдық тарихы құрамында өзара байланыста
қарастырылатын Қазақстан тарихының өзіндік қайталанбас орнын, сондай-ақ
дүниежүзілік тарих пен адамзат өркениетінің тасқынында қарастыруды көздеуі;
Тұтас қабылдауға негізделген Отан тарихының бірыңғай логикалық стержінін
құру, олар мемлекет құрушы ұлттар - қазақтар мен Қазақстан халықтарының
этногенезі; Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің эволюциясы;
тарихи фактілер мен оқиғалардың жиынтығы; тарихтың сабақтары;
• Тәуелсіздіктің орнығуы жылдарындағы Қазақстандық даму моделінің
мазмұнын, ақиқаттың ғылыми-тарихи біліммен толықтырып, осы арқылы
Қазақстанның империялықтан
кейінгі кезеңінен ойдағыдай шығуына әсер еткен басты себептер мен
факторларды анықтау,
сөйтіп оның XX - XXI ғасырлар аралығында шаруашылық және идеялық - мәдени
даңғылы
шығып, өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жеткенін көрсету.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында Біз Қазақстанның барлық
азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға
тиіспіз. Халық пен мемлекет арасындағы бұрынғы тығыз байланыс едәуір
босаңсып кетті, ал жеке мен мемлекеттік мүдде арасындағы жаңа байланыс әлі
қалыптаса қойған жоқ... деп отаншылдық сезім мен өз еліне деген
сүйіспеншілікті дамыту, оны қалыптастыру - басты міндеттеріміздің бірі
екенін көрсетеді. Қазақстан - түрлі тарихи аласапырандарды басынан өткізіп
барып тәуелсіздікке қолын жеткізген, көп ұлтты республика. Сондықтан оның
берік негізі патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қоя білуіне байланысты болмақ.
Ұлтының тарихын білу арқылы өзіңнің орныңды, ортаңды біліп, өзіңді-өзің
тани алатындай жағдайға келгенде ған толық қанды XXI ғасырдың азаматы бола
аласың. Сондықтан Қазақ тарихын білу арқылы барлық азаматтарға шарт.
2. Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихының ажырамыс бір бөлігі ретінде
келесі тарихи кезеңдер бойынша қарастырылады:
Ежелгі Қазақстан тарихы (2,6 млн ж.б.- б.э. Ү ғ.)
Ортағасырлардағы Қазақстан. (552- 1731 ж. дейін.)
Қазақстанның жаңа тарихы. (1731- 1917 ж.дейін)
Қазақстанның қазіргі заман тарихы. (1917- қазіргі күнге дейін)
3. Қазақстан тарихын зерттеудегі негізгі әдістер: тарихилық, шынайылық,
объективтілік, салыстырма-сараптау. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен
ғылыми айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне байланысты, бір тарихи
оқиғаның, құбылыстың не процестің әр түрлі дәрежеде, тіптен кейде қарама-
қайшы дәрежеде бейнелейтіні көріне бастады. Сондықтан ол деректерді
зерттеу, бір-бірімен салыстыру, сол арқылы шындықты іздеу қажеттілігі пайда
болды. Ұзақ жылдағы зерттеу тәжірибесі барысында қолданылған әртүрлі
тәсілдер негізінде деректерді зерттеу әдістемесі қалыптасты.
4. Қазақстанның ежелгі тарихы:
а) Палеолит.
Тас ғасыры мынадай ірі үш кезеңге бөлінеді: 1. Палеолит (2,6 млн-12-
10 мың) 2. Мезолит (12 мың-5 мың) 3. Неолит (5 мың-3 мың). Палеолит кезеңі
ежелгі және кейінгі палеолитті құрайды. Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге
(мәдениетке): олдувэй (2.6 млн жыл-700 мың жыл), ашель (700 мың-150-120 мың
жыл) және мустье (150-120 мың – 35-30 мың жыл) кезеңдеріне бөлінеді.
Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында ұзақ-ұзақ кезеңдерге
бөлінеді. Ол тас дәуірі, мыс (қола) дәуірі және темір дәуірі болып үш
кезеңге бөлінеді. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды
кезеңдердің бірі. Бұл кезде адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың
еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес
тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді.
Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең үзаққа созылған тас
дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды.
Батыс Еуропаның материалдары негізінде қүралған классикалық схема
бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошеллъ, шелль, ашелъ болып бөлінеді.
Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және
мадлен болып айырылады.
Соңғы жылдары бүл схемаға кейбір өзгерістер енгізілді. Бірқатар
авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге - ежелгі дәуір мен
соңғы дәуірге бөліп, мустье мен сонғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе
Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошелльді
қамтитын, ежелгі дәуір бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталалы. Ол б.з.ж. 2,5
млн. жылдан басталады. Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі - шелль
мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды.
Көптеген зерттеушілер орта палеолитті соңғы ашель мен мустьені
біздің заманымыздан бүрынғы 140-40 мың жылдыктарға жатқызады. Соңғы
палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді.
Алғашқы адам тақылеттес тіршілік иелері мен оның қарапайым
шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш
күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің
мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп
тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың
етімен қоректенді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың
теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделді.
Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда
презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс
Африкадан табылған. Ғылымда "Ното Habilis" "шебер адам" деп аталып кеткен
ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бүрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652
см3, яғни ертедегі маймылдың миынан әжептеуір көлемді де салмақты болған.
“Шебер адамның” еңбек құралы малта тастың сындырылған түрлерінің қырлары
пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланылған.
Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезендеріне сәйкес
келетін "Ното erectus " "түрегелген немесе бойын жазған" питекантроп
"маймыл адам" және синантроп "адам" болып екіге бөлінеді. Оның
алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетілудің оң өзгерістері
болғанын, сонымен бірге олардың дамуында сабақтастық барын байқатады.
Бірінші питекантроп 1891 жылы Индонезиядағы Ява аралында табылды.
Питекантроп бүдан бір миллиондай жыл бүрын өмір сүрген. Ол "Ноmо һаbilis"-
пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге үшыраған. Ми көлемі
үлкейіп (959 см3 ), бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейген, аяқ пен қолдың
пропорциясы өзгерген.
"Ното erectus"-тің екінші бір түрі синантроп болды. Синантроп 1927
жылы Қытай жерінде Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды. Одан синантроптың
сүйектерімен бірге әр түрлі формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан
тастар және төменгі антропоген геологиялык жер қыртысы тарихындағы
ширектік дәуір фаунасы жануарларының көп сүйектері табылғаи. Бұдан
синантроптар сол кездің өзінде-ақ от жағуды білген деген қорытынды жасауға
болады. Бұл кезде піскен етті, өсімдікті тамақ ету адамның дамуына әрине,
өзінің игі әсерін тигізбей қойған жоқ.. Б.з.б. 300 мың жыл бұрын “Ноmо
erectus” қазіргі кезеңдегі адам түріне немесе "Ноmо sapience" "ақылды
адам" айналды. “Ақылды адамның” қалдықтары Еуропада, соның ішінде
Германиядағы Неандерталь жотасында табылған. Сондықтан ол тарихта
неандерталь адамы деген атпен белгілі. Ал б.з.б. 45-35 мың жылдықта
Франциядағы Креманьон жотасында қазіргі адамдарға ең жақын ертедегі
адамдардың қалдығы табылды.
Қазақстан жерінде, ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе
қоймағанына қарамастан, олардың мекен еткен аудандарының бірі - Қаратау
жотасы болғаны анықталып отыр. Арыс өзені жағасындағы Кіші Қаратау
жотасынын солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба
жұмыстары кезінде ертедегі адамдардың еңбек құралдары болып табылатын ірілі-
уақты шақпақ тастардың табылуы осыған айқын дәлел бола алады.
Қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген.
Олар аңдар аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған.
Орталык Қазақстан жеріндегі қазбаларға қарағанда, осы маңда орналаскан
ежелгі адамдар еңбекке тас кұралдарын кеңінен пайдаланған. Олар тастарды
үшкірлеп, үлкен-үлкен қырғыштар, әр түрлі дөнгелек тас құралдар жасап,
қажеттеріне жарата білген.
Сонғы палеолит дәуірінде адамдардың рулық қауымы мен топтық үжымдары
қалыптаса бастады. Рулық қауымдар көп жерде алдымен отбасының қамқоршысы,
бала өсіруші ананың төңірегінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашкы
қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық-матриархаттык дәуір деп аталды.

ә) Мезолит.
Тас дәуірінің тарихында мезолит пен неолит біздің заманымыздан бұрынғы
12-5 және 5-3 мың жылдықтардың арасын камтиды мезолит-орта тас дәуірі,
неолит-соңғы тас дәуірі. Ол кезде табиғат осы заманғы бейнеде болды.
Жануарлар дүниесінің құрамы өзгеріп, енді аңшылардың аулайтыны көбінесе
бизон мен жылкы, жабайы ешкі мен киік, қоян, үйрек болды. Мезолит
заманындағы адамдардың садақ пен жебені ойлап шығаруы үлкен жетістік еді
және осы тұста микролиттер - үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент -тәрізді ұсақ
қалақтар шықты.
Палеолиттен мезолитке көшу климаттағы өзгерістермен ерекше болды.
Бірінші кезекте бұл мұздықтардың еруімен байланысты. Бұл кезде қазіргісіне
жақын гидрографиялық желі орнығып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің
қазіргісіне жақын құрамы қалыптасады. Мамонттық жануарлар түрлерінің
жойылуы тамақ табудың бұрынғы әдістерін жарамсыз етіп, тіршілік құралдарын
қамтамасыз етудің жаңа әдістерін жедел іздестіру қажеттігін туғызды.
Мейлінше елеулі фауналық өзгерістер болған бір аймақтарда егіншілік және
мал шарушылығы элементтері пайда болып, басқаларында балық аулау және жинау
– аңшылық кәсібі қалыптасады. Әдебиетте мезолиттің мейлінше әр түрлі
хронологиялық шеңберлері мен оның ерекше сипаттамалары бар. Қазақстан
аумағының далалық өңірі үшін ең қолайлысы мезолиттің б. з. б. 10 – 7
мыңжылдықтар бойы болуын мойындау керек. Садақ пен жебенің кеңінен
қолданылуын, еңбек құралдарын дайындауда сына техникасының таралуын,
халықтың орын ауыстыруының артуын мезолиттің ең жалпы ерекше белгілері деп
санауға болады. Мәдени-шаруашылық үлгілердің және еңбек құралдарын дайындау
технологиясы сипатының аймақтық ерекшеліктері археологиялық мәдениетті
бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Алғашқы аңшылар жоғарғы палеолиттің өзінде – ақ жайғасқан жерлерінен
аңды қамап алуға тиімді орындарға қоныс аударды. Бұл табиғат аймақтарының
ауысуына ғана емес, халық санының ұлғаюына да байланысты: аң аулайтын жер
таршылық етіп, тұрғындардың бір бөлігі алыс солтүстікке, Ертіс, Есіл,
Тобыл, Торғай, Орал өзендерінің аңғарларына қоныс аударады. Мезолиттік
тұрақтар осы кезге дейін палеолиттік орындар табылмаған жерлерде пайда
болды. Сонымен бірге бүкіл Қазақстан аумағында осы кезге дейін жиырма шақты
ғана мезолиттік тұрақтар мәлім және солар ғана жақсы зерттелген, ал
палеолиттік тұрақтардың қазірдің өзінде тіркелгені жүзден астам. Бұл
тұрғындар санының кемігенін білдірмейді. Ежелгі адамның өмір салты өзгерді,
олар неғұрлым жиі қозғалып, аң аулауға қолайлы алаптарды іздестіріп жиі
қоныс аударып отырды. Сондықтан бүгінгі күні ортаңғы тас ғасырының
тұрақтарын табуға байланысты қиындықтар туып отыр: өйткені олар көбінесе
небәрі бір маусым ішінде ғана болып, олардың орнында материлдық қалдықтар
қалмады деуге болады. Сонымен бірге б. з. б. 8 мыңжылдыққа қарай
қазіргісінен әлдеқайда жұмсақ болған жылы климат ұзақ мерзімді, жылы және
басқа тұрғын жайлар салуды қажет етпеді, сондықтан аңшылар өз тұрақтарының
орнын оңай әрі тез ауыстырып отырды. Қызылжар қаласына жақын Есіл бойынан
Мичурин, Боголюбов – 2, Явленко – 2 тұрақтары табылды. Сәл оңтүстікте,
Атбасар маңында – Тельман – 7, -8а, - 9а, -14а, одан оңтүстікте, Қарағанды
маңында Әкімбек және Қарағанды –15 тұрақтары бар. Көкшетау маңындағы
далалық Шағалалы жағалауындағы Виноградовка –2а, -12 тұрақтары мәлім.
Торғай ойпаңы ауданында – Дүзбай – 6, Қостанай қаласы маңында Дачная және
Евгеньевка тұрақтары орналасқан.
Әлбетте тұрақтар өзендер мен көлдердің жағасында орналасатын.
Жоғарыда айтылғанындай, тұрғын үй құрылыстарының қалдықтары сақталмаған.
Есіл өзені аңғарында көлемі 40 – 60 шаршы метр, қаңқасының, қабырғаларының
бөренелері терең көмілмеген жеңіл, тік бұрышты құрылыстар болған деп
жорамалдауға ғана болады. Сондай-ақ, лашық тәрізді тұрғын жайлар салынған,
олардың орындарында шағын шұңқырлар ғана қалған.
Мезолит дәуірінің ең маңызды өнер табысы – садақ. Шынына келгенде
адамға ол жоғарғы палеолитте мәлім болған, бірақ оның кең таралуы жеке аң
аулауға көшуге байланысты ғана мейлінше қажет болды. Садақ пен жебенің
ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Садақ пен
жебе барлық жерге дерлік тез таралды. Ол он мың жылдан астам уақыт бойы ең
тез атылатын және ең жаңа қару болды. Оның найза мен шанышқыдан артықшылығы
нысананы алыстан атуында ғана емес, сонымен қатар ату әдістерінің алуан
түрлі: тұрып та, жатып та, отырып та атуға болатындығында еді. Мезолиттер
еңбек құралдарын дайындау техникасында да одан әрі принципті өзгерістер
болды: олардың мөлшері тастың мөлшеріне байланысты болған жоқ. Бұл қыстырма
техникасының арқасында мүмкін болды. Оның мәні мынада еді: заттың
(пышақтың, қанжардың, жебе мен найза ұшының ) негізі сүйектен немесе
ағаштан жасалды.
Қазақстан мезолиті ескерткіштерінен табылған материалдық қалдықтар
кешенінің Оңтүстік Орал, Батыс Сібір, Шығыс Каспий маңы өңірі
ескерткіштерінен елеулі айырмашылықтары жоқ. Жебелер ұштарының түріндегі
және бейімделген нұсқаны қосымша өңдеу әдістеріндегі болмашы
айырмашылықтарды ғана атап өтуге болады. Мысалы, Мичурин, Дүзбай – 6,
Дачная тұрақтарындағы геометриялық нысанда қыстырмалар жоқ. Сонымен бірге
бұлардағы қыстырма қалақшалар тым шағындығымен ерекшеленеді, сондықтан
микролиттер деп аталған. Бұл ерекшкліктер аумақтық та, хронологиялық та
бола алатын еді. Маңғыстау түбегінің мезолиттік мәдениетінің қалыптасуы
туралы мәселе адамның Арал – Каспий су айырығын игеру тарихымен өзара тығыз
байланысты. Маңғыстаудың мезолиттік тұрағы (Қызылсу – 1 және басқалар) мен
Солтүстік – Батыс (Айдабол тобы) және Оңтүстік – Батыс (Дефе - Шығанақ)
үстірттің соларға жақын ескерткіштері ұшты қырғыштардың үлкен тобымен,
жиектері ұсақ оймалы және иілген қырғылармен, ассиметриялы және сирек болса
да симметриялы трапециялармен, шағын кескіштермен, кескіштермен, сабынан
суарылатын жапырақ сияқты жебе ұштарымен, қыстырмалармен, ұшы қиғаш өткір
бізімен, қалақшалармен және қабаттары өңделген ұшы бар сынық тастармен
сипатталады.

б) Неолит.
Неолит дәуірінің басы шамамен б. з. б. 7 мыңжылдықтың екінші жартысы
мен 6 мыңжылдықтың басына тұстас келеді. Бұл тас өңдеуде техника гүлденген
кез болды. Еңбек құралдарын өндіру барған сайын мамандандырылды. Қыспа
ретушь техникасының жетілдіруімен қатар тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау,
арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты. Тас балталар,
кетпендер, дәнүккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Нефриттен,
яшмадан, серпентениттен, басқа да тастардан әшекейлер, білезіктер, алқалар
жасалды.
Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін
икемдену орнына – жиын – терін мен аң аулаудың орнына келген өндіруші
шарушылыққа негіз болған мал шарушылығы мен егіншіліктің тууы болып
табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің шығуының адамзат қоғамының дамуы
үшін орасан зор маңызы болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті,
сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Адамның экономикалық
қызметінің одан кейін талай мың жылдарға созылған бүкіл тарихы едәуір
дәрежеде осы екі шаруашылықтың даму, жетілу тарихы болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600 – ден аса неолиттік және
энеолиттік ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай –
бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді. Әдетте
өзендік тұрақтарда, сондай – ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп
заттар табылады; мұның өзі бұл жерлерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт
тұрғанын көрсетеді. Мұндай тұрақтардағы негізгі құрал – саймандар – пышақ
тәрізді қалақтар және солардан жасалған заттар.
Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшелігі
сол, олардың көпшілігі – ашық үлгідегі тұрақтар.
Барлық тұрақтарда жергілікті материалдардан жасалған тас құралдар –
жебелер мен найзалардың ұштары, балталар, қашаулар, пышақтар, қырғыштар
табылды. Белгілі бір құралдарды жасау үшін тастардың түрлері сараланып,
іріктеліп алынатын болды. Шикізаттың алуан түрлі болуы оны ұқсатудың әр
түрлі техникалық тәсілдерін дамытып, жетілдіруге себеп болды. Қазақстанның
неолиттік ескерткіштері бірнеше аумақтық топ құрайды, бұл топтардың
мәдениеті жағынан бір – біріне жақын, туыс тайпалардың мекендеген
аудандарына сай келуі ықтимал. Дала неолитін Ежелгі Шығыс елдерінің
мәдениеті дамуының ұқсас кезеңдерімен салыстырған кезде мезолит дәуіріне
қарағанда бұл уақытқа қарай түрлі аумақтарда тарихи дамудың біркелкі
болмауы бұрынғыдан да айқын аңғарылатынын есте сақтау керек. Егер далада
неолиттің хронологиялық шеңбері б. з. б. 6- 4 мыңжылдықтың орта шені
шегінде белгіленсе, Алдыңғы Азия үшін ол б. з. б. 8 – 6 мыңжылдықтарды
қамтиды. ¤ндіруші шаруашылықтың негіздері де нақ сонда қалыптасады.
Әдебиетте алғашқы тайпалар шаруашылығындағы түбірлі өзгерістер неолиттік
өзгерістер деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді,
әсіресе дәнді өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға
үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу
өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды. Ол
адамның өз бақылауында болып, оған шексіз дерлік мүмкіндік беретін және
одан мұны талап ететін неғұрлым бай және сенімді тамақ көзін пайдалануға
мүмкіндік берді.
Неолитте Ежелгі Шығыста дәнді дақылдардың барлық түрлері,
көкөністердің, жеміс – жидектердің едәуір түрлері өсіріліп қазіргі үй
малының барлық түрлері қолға үйретілді деуге болады. Ал жылқы энеолитте
Евразия далаларында қолға үйретілді – бұл оқиғаны неолиттік революцияның
маңызды компоненттерінің бірі деп атауға және оның аяқталуы деп қарастыруға
болады. Бірақ далалық аймақтың неолиттік қоғамының шаруашылығында ерекше
өзгерістер әлі де бола қойған жоқ – мұнда бұрынғысынша тамақ табудың
негізгі көзі аң және балық аулау болды. Сірә, континенттік климат халық
санының артуына қолайлы болмаған. Сөйтіп, неолитте ежелгі Қазақстан жеріне
шаруашылықтың өндіруші түрлері әлі тарала қойған жоқ. Табиғи орта өлке
тұрғындарына қиыншылықтарды жеңіп шығып дамуына қолайлы жағдай жасады.
Қазақстан аумағы қарама – қарсы табиғи аумақтарды қамтымады және табиғи
шептерге бөлінбеді, ал мұндай жағдайларда біртекті материалдық мәдениет
қалыптасады. Сондықтан Қазақстан неолиті үшін бөлінетін азын – аулақ
археологиялық мәдениеттердің түбегейлі айырмашылықтары жоқ және олардың
таралу аймағы өте кең. Бұл орайда картада өзінше бір археологиялық шағын
аудандарды - ежелгі тұрақтар шоғырланған орындарды белгілеуге болады.
Әдетте тұрақтар адамдардың тіршілігін қамтамасыз ететін жерлерге жақын –
балық және құс аулайтын, жануарлар су ішуге келетін өзендердің (Есіл,
Тобыл, Торғай, Терісаққан, Обаған өзендері мен тайыз дала тайыз дала
жылғаларының; көптеген көлдердің) жағаларына орналасқан. Сондай – ақ неолит
халқының тығыздығы құралдар дайындау үшін қажетті тас қорының жеткілікті
болуына байланысты екені аңғарылған. Мұндай тастың негізгі түрі шақпақ тас,
оның кварцты және яшмалы түрлері болып қала берді. Солтүстік Қазақстан және
Қостанай – Торғай археологиялық экспедициялары жүргізген көптеген
зерттеулердің нәтижесінде Солтүстік Қазақстан аумағынан жақсы құжатталған,
салмақты материал алынды. 300 – ден астам тұрақтың материалдарына талдау
жасаған зерттеушілер Есіл өңіріндегі – Атбасар мен Торғай үстіртіндегі
маханжар неолиттік мәдениетін бөліп көрсетті. Мейлінше ортақ белгілері
бойынша бұл мәдениеттер кельтеминар және Оңтүстік Орал неолитіне ұқсас.
Қараүңгір үңгірінің неолиттік тұрағы Оңтүстік Қазақстан облысындағы
Түлкібас ауданының Қараүңгір ауылынан солтүстікке қарай 1,5 шақырым жерде,
өзі аттас өзеннің оң жағасына орналасқан. үңгірдің өзі өзен арнасынан 7 м
биікте жатыр. Кіреберісінің ені 20 – 25 м, биіктігі 2 – 16 метрге жуық.
үңгір екі залдан тұрады : алдыңғысының ұзындығы – 20 м және төргісі – 9 м.
Қазу барысында мәдени - тұрмыстық қалдықтардың мол жиынтығы ежелгі
қырғыштар, бүйірі ойық қалақшалар, бұрғылар, жиектері мұқалған қалақшалар,
жүздері ретушьпен өңделген және өңделмеген қалақшалар, жебелердің ұштары,
нуклеустер, шот – балталар, келсаптар, қырғыш пышақтар және көптеген
өндіріс қалдықтары алынды. Шақпақ таспен жасалған құралдармен қатар көп
мөлшерде сүйек бұйымдар – көзі бар инелер, біз, тескіштер, тегістегіш –
жонғыштар және т. б. табылды.

в) Энеолит
Археологиялық кезеңдерге бөлу өлшемдеріне сәйкес, Адам өміріне мыс
құрылдар енген дәуірді энеолит деп атайды. Әдетте, бұл жалпы алғанда,
шақпақ тас индустриясының құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне әкеп
соқты. Энеолит (лат. мыс және грекше тас) тас ғасыры мен қола дәуірінің
аралығындағы археологиялық өтпелі кезең (б.з.б. 4-3 м.ж.) яғни, тас мыс
кезеңі. Бұл кезеңде тастан жасалған еңбек құралдары басым болғанымен,
мыстан жасалғандары да пайда бола бастады. Археологиялық үлгілердің
материалдық мәдениетке жататын жаңа жиынтықтыры: жалпақ түпті, өрнегі бай
керамика, ұсақ қылықша, тұрғын үйлер айқын көрінеді.
Энеолиттік дәуір мал шаруашылығының басым дамыған далалық өңірде де
маңызды рөл атқарды. Қазақстан даласындағы энеолит мүлде басқаша көрінеді.
Бұл жолда тас индустриясы жоғары деңгейге көтерілді. Климат ылғал болды.
Аңшылық ұжымдары бірге бір жерде ұзақ уақыт бойы шоғырланды.
Халықтың басты кәсібі-егіншілік пен аңшылық, мал шаруашылығы болды.
Қоғамдық қатынас-рулық құрылыс. Қазақстан жерінен табылған энеолит
ескерткіштер әзірге көп емес. Оларға Иманбұлақ, Сексеуілді -1, -2,
қоныстарының қабаттарын Павлодарға жақын жерде Ертіс өзенінің жағасына
орналасқан Железинка поселкесінің маңынан табылған обаны жатқызуға болады.
Энеолит немесе мыс заманында (б.з.б. 3-2 м.ж.) адамдар өмірге қажет
құралдарды алғаш реет мыстан жасай бастады. Мыс кең орындары жер бетінде
ерекше көз тартарлық жасыл (малахит минералы) және көк (азурит) түсті
бояулы тастарымен адамдардың назарына іліккен. Мыстың сульфид минералдары
жер бетіне шыққанда оттегімен тотығу нәтижесінде, ерекше тотықты белдем
пайда болды.
Жалпы, кең тараған қазіргі Көктас, Көктасты деген атаулар негізінен
мыс Кен орындарына байланысты шыққан.
Бірақ Қазақстандағы мысты тас дәуірінің ескерткіштері осы уақытқа
дейін жеткілікті зерттеле қойған жоқ.
Бақылау сұрақтары:
1. Палеолит және оның тұрақтары
2. Мезолит және оның кезеңдері
3. Неолит және оның тұрақтары
4. Энеолит және оның кезеңдері
Әдебиеттер тізімі:
Қазақстан тарихы. 5 томдық. I, II, III, ІV, V. т. А., 2002ж.
Қазақстан тарихы очерктер. А., 1994ж.
Аманжолов Қ. Қазақстан тарихы дәрістер курсы. I, II т. А., 2004ж.
Рысбайүлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. А., 200һк.
Әбдіәкімүлы К. Қазақстан тарихы. А., 1997ж.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2003ж.

2-лекция. Тақырыбы: Қазақстан территориясындағы ерте дәуір. Модуль 2.
Қазақстан орта ғасырларда.
Жоспары:
1. Қола дәуірі (б.з.б. XVIII-VIII ғғ.)
2. Сақтар (б.з.б. VII-III ғғ.)
3. Үйсіндер және қаңлылар (б.з.б. ІІ ғ. – б.з. V ғ.)
4. Ғұндар (б.з.б. ІІІ – б.з. І ғ.)
5. а) Түрік қағанаты, ә) Түркеш қағанаты, б) Қарлұқ мемлекеті, в) Оғыздар;
г) Қимақ қағанаты; д) Қарахан мемлекеті; е) Қарақытай мемлекеті; ж) Найман
мен кереит ұлыстары; з) Қыпшақ хандығы
Лекция мақсаты:
Қазақ халқының құрылуына негіз болған сақтардың, олардың тарихи-мәдени
мұрасын жалғастырған үйсіндер мен қаңлылар, савраматтар-сарматтар және
тұңғыш көшпелі империя Ғұн державасының саяси тарихын қарастыру. Ерте
ортағасырларда және дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер туралы, олардың
жер аймағы, тарихи шеңбері, шаруашылығы, кәсібі, қоғамдық құрылысы және
мәдениеті туралы толық мағлұмат беру. Студенттерді қосымша деректермен,
ақпарат құралдарымен таныстыру.
Лекция мәтіні
1. Қола дәуірі
Біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жылдықта мал және егіншілік
шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның өзі Қазақстан
жеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды өзгертуге жол ашты. Мал
өсіруші тайпалар ірі жөне қуатты бірлестіктер құрды. Бұлардың арасында әр
түрлі себептермен келіспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстар да орын алды.
Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың
соқтығыстарында да жиі қолданылды, қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің
дербес саласына айналды. Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан
тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола - әр түрлі өлшемдегі мыс
пен қалайынын, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы. Мыспен
салыстырғанда қола өте қатты және балқу температурасы төмен, түсі алтын
сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшін
қолданылатын негізгі шикізат болып табылады. Қазақстан жерінде түсті
металдар өндеуге, өсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Сөйтіп, б.з.б.
2 мың жылдықтың аяғында — 1 мың жылдықтың басында дала халықтары
шаруашылықтың жана түрі - көшпелі мал шаруашылығына ауысады. Қола
дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен
металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет
етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшеюіне әкелді. Сөйтіп, аналық
рудың орнына аталық ру патриархат пайда болды. Қоғамдық өмірдегі ірі
өзгерістер өндірістік күштердің өсуіне, қоғамдық енбектің мамандануына,
патриархаттық қатынастың дамуына байланысты еді. Жеке отбасылар бөлініп
оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі
көрініс бере бастады. Қола дәуірінде Сібірдің, Қазакстанның жөне Орта
Азияның кең-байтақ далаларын тегі жене тарихи тағдырының ортақтығы жағынан
туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас
мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі
Ачинск маңындағы Андронов селосының атымен ғылымда шартты түрде "Андронов
мөдениеті" деп аталды. Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі —
Қазақстан жері. Археологиялық деректерге қарағанда, Андронов мәдениеті
дәуірінде халықтың басым көпшілігі отырықшылықта өмір сүрген. Өзендердің,
көлдердің жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан рулық-патриархаттық
отбасылардың үйлері мен үлкен жертөлелері болған. Олардың жанынан әр түрлі
шаруашылық жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткені, бүл кезде мал
бағу кесібі басымырақ еді. Тайпалар малшылық- егіншілікпен аралас
шүғылданды.
Андронов мөдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек кұралдарын,
қарулар жөне сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы
балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен
жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі
ілмешектер, егін оратын орақ, пішен шабатын шалғы сияқты құралдарды өздері
жасап, күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды.
Андронов мәдениетінің алғашкы ескерткіштерін 1914 жылы А. Я. Тугаринов
ашты. Содан бері өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге Қазакстанда
бүл мәдениетке қатысты орасан көп археологиялық материалдар жиналды.
Андронов мәдениеті қола дөуірінің алғашқы кезеңін б.з.б. ХVПІ-ХVІ
ғасырлар және орта кезеңін б.з.б. ХУ-Х ғасырлар түгелдей қамтиды.
Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде б.з.б. Х-VІІІ ғасырлар
Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағүрлым жоғары Дәндібай-Беғазы
мәдениеті болғанын білеміз. Ол Қарағанды қаласы маңындағы Дәндібай ауылында
және Балқаштың солтүстік төңірегіндегі Беғазы қойнауында қола
ескерткіштерінің алғашқы қазылған жеріне қарай аталған. Дәндібай-Беғазы
мәдениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген
ескерткіштерімен сипатталынады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2,
Байбала-2, Бесоба, Бүғылы-3 кешендері жатады. Бұл ескерткіштерге тән нәрсе,
бір жағынан, Андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің
жаңа элементтерінің, тұрпаты ерекше бәйіттік тамдардың, жатаған, домалақ
ыдыстардың пайда болуы. Жерлеу ғұрпы да Андронов мәдениетіне тән емес.
Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған
қаңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі ерте темір дәуірінде
Қазақстан жерінде тұрған малшы тайпаларда қеңінен тараған.
Қола дәуірінде Қазақстан жерінде мекен еткен тайпалардың қоныс
жайларын анықтау мақсатында бірнеше қазба жұмыстары жүргізілді. Көшпелілер,
әдетте қоныс өзендердің жағасында, жайылымы мол мүйісте, көлдің маңына
орналасқанын археологиялық қазбалардың нәтижелері көрсетіп отыр. Қоныстар 6-
10 үйден, үлкендері 20 үйден тұрған. Өзен жағасында олар бір немесе екі
қатар болып тізілген. Мүйістегі үйлердің ортасынан кең алан-қотан
қалдырылған. Тұрғын үйлердің аумағы кең 100 шаршы метрден 300-400 метрге
дейін жеткен.
Қола дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалардың өмірге керекті және үй-
тұрмысына қажетті заттарды істеп шығара бастағанын байқаймыз. Мал
шаруашылығы адамдарды тек тамақтандырып қана қойған жоқ, сонымен қатар киім-
кешекпен жене аяқ киіммен де қамтамасыз етті. Сойған малдың жүнін түтіп,
оны иіріп киім етіп кию үшін жаңадан ұршык және қарапайым тоқыма станогі
пайда болды. Бұлар бірнеше қазбалардан табылды. Мұның өзі сол тұста қазақ
даласындағы үлкен жетістік еді. Адамдар малдың терісін өндеп, үстіне тон,
басына тымақ, аяғына киім етіп киеді. Қойдың биязы жүні мен ешкінің
түбітінен жүн киімдер тоқылған. Қоныстарды мекендеушілерде керамика
ыдыстарын жасау кеңінен дамыған. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста
пайдалануға арналды. Бұл тұстағы құмыра жасаушылардың көбі әйелдер еді.
Күйдірген балшыктан ыдыс-аяқтардың бірнеше түрі жасалған. Ыдыстарға
әшекейлеп өрнек салынған. Соңғы қола дәуіріндегі құмыралардың дені иіні
дөңгелек, бүйірі шығыңқы болып жасалынды. Қола дәуіріндегі тайпалар
жауынгерлік қару жасап, оларды үнемі жетілдіріп отырған. Ол кездегі негізгі
карулар: найза, күрзі, дүмі шығыңқы балта, балға, шот. Кейбір
жауынгерлердің канжары болған. Қоғамда азық-түліктің көбеюіне байланысты
артық заттарды айырбастау, осындай айырбас сауда барысында байлықтың
қорлануы етек ала бастайды. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы қоғамдық
алғашқы ірі еңбек бөлісін туғызды, басқалардан өз алдына бақташылар бөлініп
шықты. Сол сияқты егіншілік кәсіпте біраз өзгерістер болды. Өнделіп егілген
жерлердің көлемі өседі. Бұл өзгерістер қоғамдық еңбекте үлкен бөлінуді
туғызьш, матриархаттық қатынастар патриархаттық-рулық қатынастармен ауыса
бастады. Патриархаттық отбасылык, қауымның бірнеше сатыдан өткенін айту
керек. Ерте кезде мұндай қауымдар әке жағынан туыс адамдардың төрт-бес
ұрпағынан құралады және аумағы 200 шаршы метрдей немесе одан да кең үлкен
үйлерде бірге өмір сүрді. Әрбір патриархаттық-рулық қоныс-мекен осындай
бірнеше үйлерден тұрды. Отбасылық қауым отбасылық-өндірістік ұжым болды, ал
ұжымдық еңбек тұсында өндіріс  құрал-жабдықтары мен өндірілген өнім ортақ
меншікке айналды. Кейін, әсіресе, соңғы қола дәуірінде кейбір материалдық
жағынан күшейіп алған патриархаттық қауымдар барған сайын оқшаулана түсті, 
мұның өзі  алғашқы  қауымдық күрылыстың  ыдырауына,   отбасылық  
меншіктің   пайда   болуына   әкелді. Мәселен, айналасы дуалдармен,
қоршалып салынған қоныстардың Солтүстік   Қазақстанда   көп   кездесуі,  
бұлардың қорғаныс, бекініс ретінде салынғанын, қола дәуірінің орта кезінде
тайпалар арасында наразылық пен қақтығыстардың күшті болғандығын
көрсетеді.  Сондай-ақ, коныстар мен қорымдардан табылған жебелердің қола
және сүйек ұштары да тайпалар арасында жиі-жиі қақтығыстар болып тұрғанын
байқатады.  Жебе  ұшы бір  жолы Шығыс  Қазақстанда тізенің ұршығына, тағы
бір жолы Орталық Қазақстанда адам қаңқасынын, жамбас сүйегіне қадалып
тұрған жерінен табылды. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде рудың ыдырауы және
одан жеке  отбасылар шаруашылығының  бөлініп  шығуы нәтижесінде үйлердің
пошымы өзгерген. Кейбір үйлер жеке дербес   отбасыға   арналып   екі-үш  
бөлмеден   салынған, оларрдың тамақ пісіретін жер ошақтары бөлек болған.
Рулық құрылыстың ыдырағанын және мүлік теңсіздігінің шыққанын  қорымдардың 
қалдықтарынан да көруге  болады.
Кедейлердін қабірлері карапайым және жерлеу саймандары да қарапайым.
Ал байлардын кабірлерінен алтын және қола заттар мен шебер өрнектелінген
балшык ыдыстары табылған. Отбасы иесінің ру мен тайпа көсемдерінің молалары
үстіне биік етіп топырак оба үйілген немесе үлкен-үлкен гранит тастардан
қоршау жасалынған. Қола дәуіріндегі тайпалардың діни нанымдары мен
сенімдеріне келетін болсак, ол тұстағы адамдардын тұрмысы мен әл-ауқаты
түгелдей табиғатқа тәуелді болғандықтан, олар табиғат күшін киелі рух деп
білген. Бұл күштер ең алдымен су, күн, от, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі
еді. Қүн мен от жарық жылылықты береді, мұнын бәрі қайырымды құдіретті
рухтармен байланыстырылды. Адам мен жануарларға сусыз өмір жок, сондықтан
суға да, сол сияқты, ай мен жұлдызға да табыну сиякты наным күшті болды.
Қола дәуірінің тайпалары ата-бабаларына сыйынған және о дүниеге сенген.
Ауру адамдарды емдеу жөне оларды елімнен сақтап қалу әрекеттері де болып
отырған. Ол әрекетгер нәтиже бермеген жағдайда өлген адамды о дүниеге қажет
деп санаушылық, о дүниеде тамақ керек деп, тамақ пен киіммен, құралдарымен,
қару-жарағымен, сәндік заттарымен барынша жақсылап көму - қола
дәуіріндегілерге тән рәсім. Қола дәуірінде күнге, отқа, суға, айға,
жұлдыздарға және қорғаушы рухтарға арнап құрбан шалу ғадеті де болған.
Кейін келе адамның ой-өрісінің өсуі нәтижесінде, оның өзі туралы жөне
табиғат жөнінде ұғымы күрделілене түсті, сөйтіп, діни дүниетаным келіп
шықты. Қорытып айтқанда,  қола дәуірінін соңғы кезінде өндірістік
жабдықтарға жөне өндірістік өніміне ортақ меншіктің пайда болуына
байланысты қоғамда қауымдық кұрылыс ыдырап, отбасылық меншік пайда болды.

2. Сақтар
Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-шы жылдар аяғында грек
тарихшысы Геродоттың "Тарих" деп аталатын еңбегінде және басқа да қол
жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта азия
мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер
одағы болғаны айтылады. Бұл одақ массагеттер, каспийшілер, есседондар,
квйініректе аландар, сарматтардан тұрған. Персия патшасы I Дарийдің
Накширустамдағы Персополға жақың тас жазуларында Сақ тайпалары үш топқа:
Сақ-хаумаваргаларға хаома сусынын дайындайтын сақтар, Сақ-тиграхаудаларға
төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар, Сақ-парадараяндарға теңіздің арғы
бетіндегі сақтар бөлінеді. делінген. Бірінші топтағы сақтар Ферғана
жерінде мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта аймағы және Жетісу жерін
жайлап, үшіншілері-еуропалық скифтер немесе Арал теңізі жөне Сырдарияның
арғы бетіне орналаскан.
Геродоттың айтуынша, сақтар, скиф тайпалары, бастарына тік тұратын
төбесі шошақ тыгыз киізден істелінген бөрік жөне шалбар киген. Олар садақ,
кысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған.
Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып,
әйелдер ерекше жағдайда болған. Мәселен, олардың көсемдерінің бірі - тамаша
сұлу, әрі жігерлі, елге әйгілі патша ханым Заррине ел билеп, қалаларды
салуға және әскери жорықтарға өзі қатысқан. Персия мемлекетінін патшасы Кир
- Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқан кезде - сақтармен одақ
жасасып, олардан әжептеуір көмек алған. Кейін Кир сақтар мен массагеттерді
өзіне бағындыруды ұйғарады. Сөйтіп, Мидия патшалығын жеңгеннен кейін Кирдің
әскерлері сақтардың жеріне басып кіреді. Сақтар парсылардың басқыншылық
әрекетіне қарсы қайсарлықпен қарсылық көрсетеді. Кирдің әскерлері өздерінің
жеңісін тойлап жатқан кезде, сақтардың жауынгерлері тұтқиылдан лап қойып,
парсыларды қырып салады. Осы шайқаста олар Кирдің өзін де өлтіреді. Осыған
байланысты Геродот жазбаларында мынадай аңыз бар: Парсыларды жеңгеннен
кейін Сақтардың әйел патшасы Томирис: “Сен қанға құмартып едің, енді шөлің
кансын”,— деп үлкен торсыққа толтырып қан кұйғызып, оған Кирдің басын
салдырады.
Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын I Дарий б.з.б. 521-486
жылдар жалғастырады. Жеке-жеке отырған Сақ тайпаларын бір-бірлеп
бағындырған ол аз уақыт болса да, оларды басып алды. Сақ тайпаларының біраз
болігі оларға салық төледі жөне парсы патшасына жасаққа жігіттер беріп
тұрды. Тіпті  сақтардың біразы парсы патшасының  “өлмейтін он мың” деп
аталатын ұланының кұрамына кіріп қызмет етті. Б.з.б. VI ғасырдың аяғы V
ғасырдың басында 500-449 жж. ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ
тайпалары парсылар жағында болды. Мәселен, б.з.б. 490 жылғы грек-парсы
әскерлерінің Марафон жеріндегі болған соғыста  сақтар парсылар жағында
болып, гректерге қарсы соғысты.  
Б.з.б. IV ғасырдың 30-шы жылдарында македониялық гректер Александр
Македонский басшылығымен соңғы Ахеменид, III Дарий Кодоманның әскерлерін
талқандап, Орта Азияға баса көктеп кірді. Олар Маракандты Самарқандты
алып, Сырдарияға бет алды. Сырдария бойына бекініп алу үшін кішігірім
“Александр Крайный” немесе “Шеткі Александр” деген қала салдырды.
Александр Македонскийдің басқыншылық әрекетіне қарсы көшпелі Сақ
тайпалары асқан ерлікпен, табан тіресе соғысты, кескілескен ұрыстарда
катапультпен қаруланған гректер оқтың күшімен сақтарды кейін шегіндірді.
Соғыста сақтар мыңдаған адамынан айрылды. Гректер сақтардың біраз жерін
басып алды. Бірақ Александр Македонскийдің әскерлері сақтардың жерінде көп
тұра алмады. Ыстық күн, жолсыз шөл дала, ержүрек сақтардың, тынымсыз
шабуылы, Александр Македонскийдің сырқаттанып қалуы гректерді қашуға мәжбүр
етті. Олар Сыр бойындағы “Шеткі Александрді” тастап, Самарқанд қаласына
шегінді. Сөйтіп, Сырдария сыртындағы Сақ тайпалары грек басқыншылығына
қарсы күресте өз тәуелсіздігін сақтап қалды. Александр Македонский б.з.б.
323 жылы сүзектен қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін, оның ұлан-байтақ
империясы ыдырай бастады. Өйткені ол берік экономикалык және саяси байланыс
бірлігі жоқ әр түрлі тайпалар мен халыктардан құрылған  мемлекет еді.
Сақ тайпалары көшпелі және жартылай мал шаруашығымен айналысты. Оның
себебі, біріншіден, бұл тұста климат жағдайы өзгеріп, құрғақшылық болып,
күн ысып, өзен, көл сулары тартылып, шөп шықпайтын шөлейт жерлер пайда бола
бастаған еді. Екіншіден, бұл жерлер бұрынғы теңіздің табаны болғандықтан,
оның біраз бөлігі құнарсыз, сусыз, сортаң болып келді. Мұндай жерлерге
өсімдік, шөп шықпайды, егін егуге де жағдай болмады. Сондықтан бұл жердегі
адамдар мал өсірумен шұғылданып, оны өзінің тұрақты кәсібіне айналдырды.
Малдың жайылымына қарай олар көшіп-қонып жүрді.
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысу далалы және шөлді жерлерді
мекендейтін тайпалардың өміріндегі ірі жетістік еді, мұның өзі алғашқы
қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын ілгері бастырған қадам. Мал өсіруге
маманданған адам еңбегі неғұрлым өнімді бола түсті де ет, май, тері, жүн
т.б. өнімдерді көп өндіруге мүмкіндік берді. Мал шаруашылығы өнімдері
неғұрлым көп өндірілген сайын олардың құны артып, мал өсірушілер мен
егіншілер арасындағы айырбастың дамуына жағдай жасады. Сақтардың мал
шаруашылығының негізгі бағыты қой өсіру еді. Оның еті мен сүті ғана емес,
сонымен бірге киіз басу, арқан есу үшін жүні де іске асты. Б.з.б. I мың
жылдықтың орта шеніндегі грек авторы Харил Сақ тайпаларын қойшылар тайпасы
деп атаған. Сақтардың тұрмысында жылқы да үлкен рөл атқарады, өйткені ол
мінсе -көлік, жесе - тамақ, ішсе - сүті сусын қымыз. Сақтардың заманында
жылжымалы арба да болған. Гиппократ скифтердің тұрмысын суреттей келіп,
былай деп көрсетеді: “Арбалар өте шағын, төрт доңғалакты. Басқа бір алты
доңғалақты арбалар киізбен жабылатын үйге ұқсас екі жөне үш қабат киіз
жабылған арбалар жасалып, олар жаңбыр мен желден пана болды... бұл
арбаларда балаларымен әйелдер отырып, ал ерлер қашанда ат үстінде жүретін".
Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Сырдария аңғары, Арыс, Келес т.б.
өзендер бойы сақ тайпалары егіншілікпен де айналысқан. Олар тары, арпа,
бидай еккен. Кейбір жерлерде Сырдария суармалы егін шаруашылығы дамыған.
Сақ тайпалары мал шаруашылығы мен егіншіліктен басқа аңшылықпен, балық
аулау кәсіптерімен де шүғылданған. Олар тау теке, арқар, қабан, бұғы,
бұлан, дуадақ аулайтын. Жартастағы суреттер таулы-далалық тайпалардың аңды
салт атпен қоршап аулайтыны бейнеленген. Б.з.б. I мың  жылдықтың орта
шенінде, яғни сақ заманында  өндірістің  мамандандырылған  түрлері  болды.
Бұлар руданы өндіру және өндеу, темір ұсталығы, темірді құю және зергерлік
істер еді. Бірак сақтардың кол енер кәсібі влі жетілмеген болатын.
Б.з.б. I мың жылдыктың басында Қазакстан жерінің ежелгі тайпалары
қызыл жөне қоңыр темір тасты, магнитті, темір жылтыры сияқты тез балқитын
рудаларды жақсы білген. Мүны Қарқаралы қаласына жакын Суықбұлақ қоныс
жүртын қазу кезінде табылған онды сұрыпталған темір рудасының үйіндісіне
кдрап білуге болады. Орталық Қазақстан мен Жетісу обаларынан б.з.б. VII-VI
ғасырларда темірден соғылған заттар - темір қанжарлар, пышақтар, жүген
өшекейлері табылған.
Ежелгі Қазақстанда мыс-қалайы өндіру басым болды. Сақ заманында кен
ісі мен руданы алғашқы ендеу техникасы Андронов дәуірімен салыстырғаңда
едәуір ілгеріледі. Сақ шеберлері, өсіресе, қола құю ісінде елеулі
табыстарға жеткен. Шаруашылыктың жаңа түрлері өздеріне лайықты еңбек
құралдарын жасауды қажет етті. Осыған байланысты ертедегі шеберлер ат
тұрманын, қару-жарақ, ауыздық жасауды үйретіп, соғыс құралдарын, қару-
жарақтарды, жебенің ұштарын, кысқа семсерлер (ақинақ), қанжар, ұзын
семсерлер, найза, түрлі балталар жасады.
Метал өңдеумен бірге қолөнердің түрмыстық ыдыс-аяқ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдерді 12-жылдық мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруге дайындау тұжырымдамасы
Зерттеу жұмысын жазу барысында соңғы жылдары Отандық тарих ғылымында болып жатқан түбегейлі өзгерістерді негізге алдық
Идея және материя
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстау ата - аналар үшін ақысыз
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ - ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАРШЫСЫ
Сауда мен тауарлары
Әзиз хан медресесі
Қайым Мұхаметхановты зерттеген ғалымдар
Қазақстан Республикасының геологиялық мұражайлары
Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағаты
Пәндер