Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945 ж.ж.)


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып 8: Екінші д‰ние ж‰зілік соѓыс (1939-1945 ж. ж. )

Жоспары:

1. ІІ-ші д‰ние ж‰зілік соѓыстыњ себептері, сипаты мен кезењдері.

2. Германияныњ ольшаѓа шабуылы. Соѓыстыњ басталуы

3. Фашистік Германияныњ Данияѓа, Норвегияѓа, Голландияѓа жєне Бельгияѓа шабуылы.

4. Германияныњ КСРО-ѓа басып кіруі.

5. Соѓыс барысындаѓы бетб±рыс кезењі. Тегеран конференциясы.

  1. ІІ-ші Д‰ниеж‰зілік соѓыстыњ Еуропа халыќтары ‰шін ќорытындысы. Потсдам конференциясы.

Лекцияның мақсаты: Екінші дүниежүізілік соғыс адамзат тарихыныдағы ең қанды соғыстарының бірі болып саналады. Ұлы державалар жаңа даму кезеңге қадам басып, идеологиялық соғыспен қатар әлем ±стемдігіне таласудан бас тартпаған еді. Онда қазақ халқы КСРО-ның құрамында соғысты. Сондықтан соғыстың себептері мен оның барысын және соғыстан алынған сабақты қарастыру лекцияның басты өзегі болып табылады.

Лекцияның мазмұны: 1939 жылғы дағдарыс. 15 наурыз 1939 жылы Чехия мен Моравияны оккупациялады, Словакия территориясында тәуелсiз мемлекет құрылды. Гитлер осылайша өзi қол қойған Мюнхен келiсiмiн бұзды. Бiрақ бұләлi бастамасы едi. 21 наурызда Германия Польшадан өзiне Данциктi (Гданьск) беруге келiсiм берудi талап еттi. 22 наурызда немiс әскерлерi Мемельдi (Клайпеда) алды. Италия сәуiрде Албанияны оккупациялады. Ымыраласу саясаты күйредi. 20-30-шы жылдары КСРО-ның сыртқы саясатында ешқандай өзгерiс болған жоқ. Дүниежүзiлiк революция жоспарының күйрегенiн сезiнiп, Кеңестiк Ресей сыртқы саясат оқшаулануынан шығу жолдарын iздедi. Экономиканың дағдарыс жылдарында Батыс елдерi мен КСРО арасында қайшылықтардың шиеленiсуiн антисоветтiк блок құрылуына кедергi келтiретiн қолайлы жағдай деп бағаланды. Алайда көп ұзамай-ақ КСРО-ның бұлқайшылықтар дүниежүзiлiк революция жеңiсi мен КСРО-да социалистiк қайта құруларды аяқтауға мұмкiндiк бередi деген ұмiтi ақталмай, Германия мен Жапонияның агрессиясы КСРО-ның өзiне қауiп төндiрдi. Осы жағдай кеңес басшылығының бұрынғы саясатты өзгертуiне мәжбұр еттi.

Германиямен екi принципте қатынас жасауға болатын едi: бiрi Гитлермен келiсiмге келу, екiншiсi оған қарсы күресу керек. Екi саясатта КСРО-ның дүниежүзiлiк iстерде ықпалының күшейгенде ғана мұмкiн едi. Гитлердiң антикоммунизм саясаты, оның немiс коммунистерiн аяусыздықпен жазалауы кеңес басшылығына таңдау қалдырған жоқ. 1933 жылдан бастап КСРО француз сыртқы iстер министрi Луи Барту ұсынған коллективтiк қауiпсiздiк саясатын барынша қолдады. Бұл саясат Европада статус-квоны сақтауға, яғни бұрын анықталған шекараларды өзгертпеуге бағытталған. Осыған мүдделi мемлекеттер өзара көмек көрсету туралы келiсiмдер жасауға тиiс болды. Барту осы жүйеге КСРО-ның қатысуын ерекше бағалады. КСРО-да бұлсаясатты жүргiзушi КСРО сыртқы iстер наркомы М. М. Литвинов едi. Осы бағытты жүзеге асыру барысында Кеңес Одағы өз жағдайын нығайта алды. 1933 жылы АҚШ-пен дипломатиялық қатынас орнады. КСРО 1934 жылы оның Кеңесiнiң мүшесi ретiнде µлттар Лигасына қабылданды. Бұл оны ұлы держава деп танығандық болатын. Алайда коллективтiк қауiпсiздiк жүйесiн құру жолындағы жалғыз табыс 1935 жылы (хорват усташы Югославия королi Александрмен бiрге Бартуды өлтiрген соң) өзара көмек туралы совет-француз келiсiмiне қол қойылуы едi. Бiрақ оған әскери баптар кiргiзiлмесе де, агрессорларға қарсы бiрiгiп әрекет етуге жол ашылды. Сол жылы Чехословакиямен де осындай келiсiм жасады. КСРО-ның саясатының өзгеруi Коминтерннiң стратегиясына да әсер еттi. Коминтерн 1935 жылы өзiнiң ҮII конгрессiнен бастап, антифашистiк күрестi жандандырды.

Алайда КСРО-ның осы бағыттағы табыстарын онша айтарлықтай емес едi. Франция совет-француз келiсiмiн онша қалаған жоқ, француз парламентi оны бiр жылдан кейiн ғана ратификациялады. Қол қойылған келiсiмдер нақты iске асуына КСРО-ның Германиямен ортақ шекарасының болмауы да әсерiн тигiздi. ґзiнiң келiсiм бойынша мiндетiн орындау үшiн КСРО әскерi Польша және Румыния территориясы арқылы өтуге тиiс болатын. Польшаның да, Румынияның да үкiметi КСРО-дан Германияға қарағанда қатты қорықты, сөйтiп өткiзуге ешқандай уәде бере алмады. Оның ±стiне Қызыл Армияның басшылық құрамында жаппай репрессия жүргiзiлгендiктен, КСРО-ның потенциалы төмендедi деп есептелiндi. Онымен одақтасуға онша мән берiлмедi. Нәтижесiнде Франция коллективтiк қауiпсiздiк саясатынан бас тартып, ымырашылдық британ саясатына iлестi.

Мюнхен келiсiмiне қол қойылғаннан кейiн, совет басшылығы коллективтiк қауiпсiздiк саясаты жүйесiн құрудың жүзеге аспайтынын тұсiндi. КСРО Мюнхен конференциясына шақырылмады да. Совет-француз және совет-чехословак келiсiмдерi қағаз бетiнде ғана қалды. Бұлсовет басшылығын европалық iстерден алшақтатудың белгiсi едi. Көп Үзамай Франция Германиямен бiр-бiрiне соғыс ашпайтындығын бiлдiретiн келiсiм жасалынды. Мұны Москва Германия агрессиясын Шығысқа, КСРО-ға бағыттау деп бағалады. ”Империалистiк мемлекеттер” арасындағы қайшылықтар КСРО араласуымен ғана шешiледi деп есептейтiн совет басшылығының ойына күдiк туды. Жапониямен қайшылықтың шиеленiсуi бұлкүдiктi дәлелдей тұстi, өйткенi 1938 жылы жазда жапон әскерi Хасан көл ауданында КСРО территориясына ендi. Бұлқақтығыс кең аймақты шарпымаса да, Жапонияның мүддесiн ашық көрсеттi. Совет басшылығы сыртқы саясат бағытын қайта қарудың қажеттiгi туралы ойлана бастады.

Германияға коллективтiк тойтарыс беру мұмкiндiгiнен күдер үзген соң, Англия мен Францияның саясатына сенуге болмайтындығына көзi жеткен совет басшылығы Германиямен жақындасудың жолын iздедi. 1939 жылы мамырда М. М. Литвиновтың орнына сыртқы iстер наркомы болып В. М. Молотов тағайындалды. Сыртқы саясаттағы өзгерiс әдейi жасалғандай КСРО-ның жағдайы жақсара бастаған тұсқа сәйкес келдi. Англия мен Францияның Польша мен Румынияға берген гарантиясы Оталық Европада жаңа саяси жағдай туғызды. Ендi Германия осы мемлекеттердiң суверенитетiн бұзбай және Англия, Франциямен соғыс жағдайында болмай, КСРО-ға басып кiре алмайтын едi. Осылайша КСРО коллективтiк қауiпсiздiк саясатынан Англия мен Франция КСРО-мен жақындасу жолын қайтадан iздей бастаған тұста ауытқыды.

1939 жылдың наурызында Англия КСРО-ға Франция және Польшамен бiрге өзара әрекет ету туралы жалпы декларацияға қол қоюды ұсынды. Сәуiрде Англия мен Франция Германиямен соғысқа кiрген елге қолдау кепiлi көрсетiлген хат алмасу жөнiнде жаңа идея ±сынды. КСРО Германия агрессиясына тойтарыс беру үшiн Польша мен Румыния территориясына өз әскерiн өткiзу құқын берудi талап еттi. БұлКСРО-ның Германияға қарсы соғысқа қатысқаны Шығыс Европада өз бақылауын орнатуға қойған шарты болатын. Польша мен Румыния Оған қарсы шықты. Осы себептен 12 тамыз 1939 жылы Мәскеудебасталған ағылшын-француз-совет әскери келiссөздерi тҮйыққа тiрелдi. Совет жағы Польша мен Румынияның бұлпозициясын келiссөздердi соза беруге сылтау ғана деп қарады және Англия мен Франция КСРО-мен одақтасқысы келмейтiнiнiң дәлелi деп санады және олар бұлкелiссөздердi Гитлерге қысым көрсету құралы ретiнде пайдаланып, онымен келiсуге ұмтылуы деп ойлады. 1939 жылдың жазында жапон армиясы Халкин-Гол ауданы және КСРО-мен соғыс келiсiмiмен байланысты Моңғолияда тағы да соғыс қақтығысын тұтандырды.

Осының бәрi КСРО-ның Германиямен жақындасуының қажет екендiгiн нығайта бердi. Германия да өз тарапынан КСРО-мен жақындасудың жолын iздеуде едi. Чехия мен Моравияны басып алған соң Германия Польшаға көз тiктi. Гитлер мұнда да Мюнхен сценарийiн қайталағысы келдi, алайда Англия мен Франция оның ойын талқылаудан бас тартып, Полшаға қорған болды. Оны басып алып, Германия Англия және Франциямен соғысуға тәуекел ете алмады. Гитлер Польшаға қауiптi қарсылас ретiнде қараған жоқ, бiрақ оны басып алса КСРО шекарасына шыға алатын едi. Берлин былай ойлады: егер КСРО антигермандық саясат жүгiзе берсе, онда Германия басталғаннан-ақ екi майданда соғысуына тура келедi, оның ±стiне жағдай 1914 жылға қарағанда да тиiмсiз. Сондықтанда Англия мен Францияның бұлжолы мiндiттемесiн орындауға кепiл бергенiн естiгенде Гитлердiң жынданғанын тұсiнуге болатын едi. Ол Англияны қуырып жеуге уәде бердi. Артынша КСРО-мен жақындасты. КСРО-ны дипломатииялық шабуылдау жоспарымен қатар Польшаға қарсы соғыс кампаниясы жоспары да талқыланды. Оны бастау 26 тамызға белгiлендi. 1939 жылдың тамызының ортасында КСРО дүниежүзiлiк саясат назарында болды.

21 тамызда Сталин Гитлерден КСРО-мен өзара соғыс ашпау туралы пактi жасауға Ұмтылатынын және даулы мәселелердiң барлығын реттейтiн кез-келген қосымша келiсiмдерге қол қоюға дайын екенiн бiлдiрткен жеделхат алды. Гитлер Германияның сыртқы iстер министрi И. Риббентропты осыған сай құжаттарға қол қою үшiн 23 тамызға дейiн қабылдауды өтiндi. Сталинге КСРО соғысқа қатыспағандығы үшiн Шығыс Европада көптен көксеп жүрген бақылауын орната алатындығы анық болды. 21 тамызда Сталин Англия және Франциямен жүргiзiлiп жатқан соғыс келiссөздерiн белгiсiз мерзiмге үзу туралы қарар қабылдады. Ол Гитлерге совет-герман қатынастарында елеулi бетбұрыс болатындығына ұмiттенетiнiн және 23 тамызда Риббентропты қабылдауға келiсiм берген жеделхат жiбердi. Риббентроп пен Молотов 1939 жылы 23 тамызда Кремльде өзара соғыс ашпау туралы договоры мен оған құпия хаттамаға қол қойды. Хаттамада екi жақ Шығыс Европада “мүдделi аймақ” шекарасын анықтау туралы келiстi. Германия КСРО-ның Ресей империясының құрамына кiрген Финляндия, Латвия, Эстония және Биссерабия территориясындағы ықпалын мойындады. КСРО Литваны Германия ықпалындағы аймақ деп таныды. Хаттамада Польшаның бөлшектенуi мұмкiн деп көрсетiлдi, ол кезде шекара шебi Германия мен КСРО арасында “Керзон шебiнен” батысырақ Нарев, Висла, Сан өзендерi бойынша өтiлетiн болды. Мәскеудеқұжаттарға қол қойылуы КСРО-ның сыртқы саясаты бағытының өзгергендiгiн тұжырымдады.

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл қанды соғыс. Бұлсоғысқа жер шары халқының 80 пайызы тұратын дүниежүзiнiң 61 мемлекетi қатысты. Соғыс қимылдары барлық мұхиттарда, Евразияда да, Африкада да, Океанияда да жүрдi. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс 4 жылдан сәл ғана асса, екiншiсi - 6 жылға созылды. Ол барлық соғыстардың iшiнде бәрiн жайпаған, қиратқан соғыс. ґлгендердiң саны соншалықты, толық анықтау мұмкiн болмағандықтан шамамен ғана анықталды. Соңғы деректер бойынша КСРО-дан өлгендер саны-65-67 млн. адам. Оның жартысы бомбылаудан, жаппай атудан және депортацияда өлгендер; осының өзi соғыстың ерекше аяусыз болғандығын көрсетедi. Соғыстын барысында орасан зор материалдық байлықтар, мәдениет ескерткiштерi жойылды, б±лiндi.

Соған қарамастан соғыс барысында соғыстан кейiнгi дүниенiң бейнесiн өзгерткен процесстер тез дамыды. ±ылым мен техника саласында үлкен табыстарға қол жеттi, атом энергиясы игерiлдi, . Капиталистiк елдерде мемлекеттiк - монополистiк капитализм жүйесi едәуiр кеңейдi. Империализмнiң отарлық жүйесi ыдырай бастады. Кейбiр елдерде социалистiк революция әсерiмен революциялар болып өтiп, социализм жеңiсiне әкелдi. Демократиялық және социалистiк күштердiң ықпалы өстi. Фашизмдi жеңу нәтижесiнде дүниенiң саяси картасы өзгердi, саяси және тап күштерiнiң жаңа ара қатынасы қалыптасты.

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс Бiрiншiден соғыс операцияларын жүргiзу сипатынан да өзгеше болды. Егерде Бiрiншi көбiнде позициялық соғыс болып, қорғаныс атакадан күштi болса, екiншiсi кезiнде танк, авиация, моторланған армия кеңiнен қолданылып жаудың қорғанысын бұзып, тылға екпiндей шығуға мұмкiндiк бердi. Соғыс барысында қарудың қирату күшi ұлғая бердi: оның соңында ракеталық және ядролық қару - ХХ ғасырдың ең қорқынышты қару пайдаланылды.

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс әлем қауымдастығы ауыздықтауға шамасы келмеген соғысқҰмар мемлекеттердiң азғантай тобының мақсатты әрекетiнiң жемiсi едi. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс сияқты, Екiншi дүниежүзiлiк соғыс та империализмнiң экономикалық және саяси дамуының әркелкiлiгiнiң салдарынан капиталистiк елдер арасында күрт шиленiскен қайшылықтардың нәтижесi мен империалистiк державалардың бiр-бiрiне қарсы күресушi екi коалициясы құрылуынан туындаған едi. Бұлелдер мен олардың басшылары дүние жүзi халқына демократияны жоюды, нәсiлдiк және ±лттық езгiнi, халықаралық қатынаста күштiнiң құқын орнатуды әкелдi. Олардың осындай мақсатта жүргiзген шаралары дүниежүзiлiк тарихты артқа тартты. Олардың жеңiсi адамзатты әлеуметтiк, саяси және мәдени жұтаңшылыққа, тоқырауға ұшыратты. Сондықтан агрессорларға қарсы кiм және қандай мақсатта соғысса да әдiлеттi соғыс жүргiздi. Атап айтқанда, антигитлерлiк коалиция елдерiнiң арасында тоталитарлық мемлекет - КСРО болды. Кеңес халықтары үшiн азаттық антифашистiк соғыс демократияға қарай қозғалыс болған жоқ. Керiсiнше соғыс тоталитаризмдi нығайтты. Солай бола тұрса да, бұлКСРО-ның фашизмдi талқандауға қосқан үлесiне нұқсан келтiре алмайды.

Германия, Италия, Жапония бастаған фашистiк және милитаристiк мемлекеттер Версаль-Вашингтон жүйесiне наразы болып, дүниенi қайта бөлуге, негiзiнен Англия, Франция, АҚШ және олармен байланысты елдер бақылауында болған отар, шикiзат көздерi мен өткiзу рыноктарын басып алуға жанталасты. Германия өз көршiлерiн табанына салуды, КСРО-ны талқандауды, Африка мен Таяу Шығыста жаңа отарлық империя құруды көздедi. Италия Жерорта теңiзiн “Итальян көлiне” айналдыруды, Балкан түбегi мен Таяу Шығыс елдерi, Африканың Шығыс және Солтұстiгiнiң бiр бөлiгiн өзiне бағындыруды жоспарлады. Жапония Қытай және Кеңес Одағының Азиялық бөлiгiн, сондай-ақ Бирма (Мьянма), Индонезия, Филиппины мен басқа “оңтұстiк теңiз” елдерiн өзiне қаратуды көздедi. Ең iрi фашистiк-милитаристiк мемлекеттер-Германия мен Жапония-дүниежүзiлiк ±стемдiкке Ұмтылды. Жапонияның басқарушы топтары өз мақсаты - “дүниенiң сегiз бұрышын бiр шаңырақ астына, яғни Жапония қол астына бiрiктiру” деп ашық жариялады. Фашистiк Германия үкiметiнiң басшысы Гитлер 10 ақпан 1939 жылы немiс әскери қолбасшылығының құпия мәжiлiсiнде сөйлеген сөзiнде өз саясатының мақсатын а) Европада ±стемдiк, ә) жүзжылдық дүниежүзiлiк ±стемдiк деп айқын айқындады.

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс басталмай тұрып-ақ Италия, Германия және Жапонияның басқарушы топтары агрессиялық жолға тұстi. Италия Эфиопия (Абиссиния) мен Албанияны, Германия Австрия мен Чехословакияны басып алды. Жапония 1931 жылы Маньчжурияны (Солтұстiк-Шығыс Қытай) оккупациялады, ал 1937 жылы Орталық Қытайда соғыс қимылдарын бастап, Пекин, Шанхай, Нанкин сияқты қытайдың iрi қалаларын қоса үлкен территорияларын өзiне қаратты. 1938 жылы жапон милитаристерi Хасан көлi ауданында Кеңес Одағына, ал 1939 жылы - Халкин-Гол өзенi алқабында Моңғол Халық республикасының территориясына ендi. Кеңес және моңғол әскерлерi басыпалушылардың шабуылына тойтарыс бердi.

Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың кезеңдерi. Кеңес тарихшылары екiншi дүниежүзiлiк соғысты бес кезеңге бөледi. Бiрiншi кезең - екiншi дүниежүзiлiк соғыстың басталуы: гитлерлiк Германияның Польшаны басып алуы мен Кеңес Одағына қарсы агрессияға дейiн (1 қыркүйек 1939 жыл - 22 маусым 1941 жыл) . Екiншi кезең - фашистiк агрессияның кеңеюi: гитлерлiк Германия мен оның одақтастарының Кеңес Одағына шабуылы мен Кеңес Армиясының Сталинград түбiндегi қарсы шабуылына дейiн (22 маусым 1941 жыл - қараша 1942 жыл) . Үшiншi кезең - екiншi дүниежүзiлiк соғыс барысындағы түбiрлi бетбұрыс: кеңес әскерлерiнiң Сталинград түбiндегi қарсы шабуылынан Украина мен майданның орталық бөлiгiндегi шабуылға дейiн (қараша 1942 жыл - желтоқсан 1943 жыл) . Төртiншi кезең - Европада фашизмдi талқандау: Кеңес Армиясының Ленинград түбiндегi шабуылынан Францияда екiншi майдан ашылуы мен фашистiк Германияның жеңiлуiне дейiн (қаңтар 1944 жыл - 9 мамыр 1945 жыл) . Бесiншi кезең - милитаристiк Жапонияның талқандалуы: Германияның капитуляциялануынан Жапонияның капитуляциялануына дейiн (9 мамыр - 2 қыркүйек 1945 жыл) .

КСРО құлағаннан кейiн тарих ғылымында жасалынған жаңа тұжырымдарға байланысты екiншi дүниежүзiлiк соғыс тарихы үш iрi кезеңге бөлiнедi. Бiрiншi кезең - 1 қыркүйек 1939 жылдан - маусым 1942 жылға дейiн. Бұлкезең агрессорлар күшiнiң басымдығымен соғыс аймағының кеңеюiмен сипатталады. Екiншi кезең - маусым 1942 жыл - қаңтар 1944 жыл - соғыстың барысында түбiрлi бетбұрыс, басымдылық та, күш те антигитлерлiк коалиция елдерiнiң қолына көшкен кезең. Үшiншi кезең - қаңтар 1944 жыл 1945 жылдың 2 қыркүйегiне дейiн - соғыстың қорытынды кезеңi, оның барысында антигитлерлiк коалиция елдерiнiң басымдылығы шегiне жеттi, ол агрессор-мемлекеттердiң басқару режимдерiнiң дағдарысы бiлiнгенде және олардың күйреуi басталған сәтте жау әскерiн талқандауға қолданылды.

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс. Польшаның басып алынуы. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс Германияның 1 қыркүйек 1939 жылы Польшаға шабуылымен басталды. Герман әскерiнiң соғыс жоспары Англия мен Францияның соғысқа кiру мұмкiндiгiн есепке алды. Сондықтан Польшаны “қауырт соғыс” барысында талқандап, сонан соң әскердi батысқа әкетiлу жоспарланды. Осы үшiн вермахтың жаяу әскерiнiң үштен екiсi Польшаға қарай шоғырландырылды, бұлполяк әскерiнен едәуiр көп едi. Немiс авиациясы әуеде ±стем болды: қалаларды, транспортарды және жолдарды бомбылап, бейбiт халық арасында үрей туғызды, поляк әскерiне мобилизациялауды және оның шекараға жылжуын тежедi. 16 қыркүйекте Польша астанасы - Варшава - қоршалды. Қоршалған Варшава ғана 28 қыркүйекке дейiн күрестi. 17 қыркүйек 1939 жылы поляк үкiметi елдi тастап кеттi. Дәл сол күнi кеңес әскерi Польшаға ендi.

28 қыркүйек 1939 жылы достық және шекара туралы кеңес-герман келiсiмiне қол қойылды. Бұлкелiсiм Польшаның бөлшектенуiн тiркедi және кеңес-герман шекарасы сызығын нақтылады. Ендi шекара 1939 жылғы 23 тамыздағы құпия хаттама шарттарымен салыстырғанда шығысқа қарай жылжыды және “Керзон сызығы” бойынша жүрдi, яғни бiр жағынан поляктар, екiншi жағынан украиндер, белорустар тұратын этнографиялық шекара бойынша анықталды. Поляк халқы тұратын жер Германияның құрамында қалды, КСРО-ға Литва берiлдi. Бұлөзгерiстер Кеңес Одағына Польшаны бөлшектеудi Батыс Украина мен Батыс Белоруссияны қайта қосу үшiн жасалған азаттық жорығы деп атауға мұмкiндiк бердi. Сондай-ақ кеңес басшылығы мұны Англия мен Францияға КСРО-ны агрессор деп жариялауға сылтау бермейдi дедi, өйткенi Қызыл Армия ағылшындар 1920 жылы кеңес-поляк шекарасы деп белгiлеген “Керзон сызығынан” өткен жоқ. 2 қазанда поляк әскерiнiң соңғы бөлiмдерi берiлдi. Польша Германияның қарулы агрессиясының, сондай-ақ нацистердiң нәсiлдiң теориясының алғашқы құрбаны болды. Поляк интеллигенциясын, еврейлердi жаппай қыру басталды. Еңбек мiндеттiлiгi енгiзiлдi, жүзмыңдаған поляктар ерiксiз Германияға жұмысқа айдалды.

Империалистiк держвалар екi топқа бөлiндi: бiр жағынан гитлерлiк Германия бастаған фашистiк мемлекеттер, екiншi жағынан µлыбритания, Франция, АҚШ және олардың одақтастарының коалициясы. Фашистiк мемлекеттер үкiметi өз елдерiнде толық демократиялық бостандықтарды жойды, коммунистiк партияларға тиым салды, кәсiподақтарға бақылау орнатты, ашық саяси террор жүргiздi. Фашистiк мемлекеттер сыртқы саясатта агрессиялық жолға тұстi. Фашизм бүкiл прогресс, демократия, бостандық сүйгiш күштердiң басты қаупi, ал гитлерлiк Германия дүниежүзiлiк реакцияның соққы берушi күшi болды.

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс империалистердiң саясатынан туындаған және халықтардың фашизмге қарсы, ±лттық тәуелсiздiк, бостандық пен демократия үшiн күресiмен байланысты антифашистiк, ±лт-азаттық тенденциялар ретiнде көрiнiс тапты. Фашистiк агрессия құрбанына айналған халықтар мен елдердiң соғысы азаттық және антифашистiк сипатта болды. Милитаристiк Жапония мен фашистiк Германия жаулап алған Қытай мен Польша халықтары агрессорларға қарсы бiрiншi болып соғыс бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші дүниежүзілік соғыс
Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары
Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс
Екінші дүниежүзілік соғыс: алғышарттары және басталуы
Ұлыбритания, АҚШ, кеңес одағының мемлекет басшыларының тегеран конференциясы
Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы
Екінші дүниежүзілік соғыс басындағы еңес-ағылшын қатынастары
Үшінші Рейх
АҚШ-тың әлемнің ең қуатты еліне айналуы
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz