Саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтардың биологиясы. Саңырауқұлақтардың негізгі топтары


Дәріс құрылысы
3 Тақырып: Саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтардың биологиясы. Саңырауқұлақтардың негізгі топтары.
Мақсаты: саңырауқұлақтардың биологиясын, саңырауқұлақтардың көбею түрлері, саңырауқұлақтардың жіктелуі, саңырауқұлақтардың патогенді әсерлерін оқу.
Дәріс жоспары:
1. Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы
2 Саңырауқұлақтардың жасушаларының құрылысы
3 Саңырауқұлақтардың көбею жолдары
4 Саңырауқұлақтардың экологиялық топтары.
Дәріс тезистері
Қазіргі уақытта саңырауқұлақтар тірі ағзалардың арасындағы жеке патшалық. Саңырауқұлақтардың өзіндік ерекшеліктері оларда өсімдіктерге де, жануарларға да тән белгілер бар. Саңырақұлақтың өсімдікпен жақындығы вегетативті стадиясының қозғалыссыз болуы, дәрумендерді синтездеуге бейім.
Саңырауқұлақтардың вегетативті денесі гифаларден құралған мицелиден тұрады. Гифалардың жуандығы 1-10 кейде, 20 микронға дейін жетеді. Жасуша қабырғасы 80% меланин, хинон пигменті, полифасфат, липид және ақуыздармен күрделі комплекс түзетін, полисахаридтерден құралған. Сонымен қатар иондар және тұздар енеді
Саңырауқұлақтар вегетативті, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Мицелийдің жеке бөліктерге және жасушалардың бөлінуі арқылы вегетативі көбейеді. Ащытқы саңырауқұлақтары жасушаның бүршіктенуі арқылы, ал басқа саңырауқұлақтар артроспора (оидия) арқылы және хламидоспора арқылы да вегетативті көбейеді.
Саңырауқұлақтардың жынысты көбеюі әртүрлі типті болады. Екі жыныс гаметаларының қосылуымен жүреді аталық және аналық немесе жыныс жасушасы ретінде қызмет атқаратын вегетативті талломдар бірігеді нәтижесінде зигота пайда болады.
Саңырауқұлақтардың табиғаты және адам өміріндегі маңызы. Саңырауқұлақтар табиғаттағы зат алмасу процесинде ерекше орын алады. Олар органикалық заттарды ыдыратын минеральды заттарға айландырады. Әсерісе өсімдіктердің қалдықтарын шірітіп, топырақта қарашіріндінің түзілуін қамтамасыз етеді туғызатын саңырауқұлақтар, нан жабуда, спирт алуда, шарап, сыра, квас, ашытуда кеңінен пайдаланылады. Сонымен бірге ашытқы саңырауқұлақтары тамаққа, малға азық ретінде және емдік өнім ретінде пайдаланылады. Қалпақты саңырауқұлақтар тамаққа жиі пайдаланылады. Антибиотик ретінде де қолданылады
Қоректенуі. Мицелий субстратқа бекініп, қоректі бойына сіңіреді. Саңырауқұлақтар - гетеротрофты ағзалар. Олардың көбісі- сапрофиттер - өлі өсімдік қалдықтарымен қоректенеді. Олар жасушаның целлюлозды қабатын және лигнинді бұзатын ферменттер түзеді. Сапрофиттердің аз ғана бөлігі жануар қалдықтарымен қоректенеді. Саңырауқұлақтардың көбісі жеуге жарамды. Саңырауқұлақтардың арасында жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен селбесіп тіршілік ететін түрлері де бар, ол микориза деп аталады. Мыс: ақ саңырауқұлақ. Сонымен қатар паразит саңырауқұлақтар да бар. Олар тірі ағзалардың есебінен қоректенеді, олар балдыр, жоғары сатыдағы өсімдіктерде және жануарларда тіршілік етеді.
Паразиттер қоректік заттарын тірі ағза жасушаларынан алады. Паразиттер саңырауқұлақтардың арасында саны10 мың. жоғары өсімдіктерде, 1 мың. төмен жануар және адамдарда кездеседі
Қырыққабат ольпидийі (Olpidium brassicae) - қырыққабатта паразиттейді. Қырыққабат, «қара түбір»ауруымен ауырады. Бұл аурумен ауырғанда тамыр мойынының айналасы қарайып, сабағы жіңішкеріп көшет қурайды
Оомицеттер класы - Oomycetes. 300 түрі белгілі. Гифалары көлденең перделерге бөлінбеген және көп ядролы мицелийдің болуымен сипатталады Гифалардың қабығы целлюлозалы және глюканды болып келеді, хитин болмайды.
Фитофтора (Phytophthora infestans) -ол өсімдікте «картоп зілі» деп аталатын ауру туғызады. Бұл аурумен зиянданған картоп, гүлденгеннен кейін жапырақтары солып қарая бастайды. Саңырауқұлақтың мицелийі жапырақтың мезофилінде орналасады да гаусториялар құрайды. Клетка заттарымен қоректеніп онда қарайған дақтар пайда болады. Егер қатты зақымдалса жапырақтар жойылады.
Зигомицеттер класы - Zygomycetes. Саны-400. Мицелийі жасушадан тыс болады. Гифаларының қабырғасында хитин болады. Жыныссыз көбеюі спорангиоспора немесе конидий арқылы болады, зооспоралары жоқ. Барлық зигомициттер құрлықта тіршілік етеді. Мукор (Mucor mucedo) - кәдімгі сапрофит, нанда, жеміс-жидектерде, көңде, тұрып қалған тағамдар да тіршілік етеді. Гифалары жасушадан тыс, қатты тарамдалған, көп ядролы.
Жыныссыз көбеюі спорангиоспоралар арқылы болады. Аскомицеттер класы - Ascomycetes. 30 мыңдай түрі белгілі. Мицелийлері тармақталған, бір сирек көп ядролы. Жасуша қабықшасы хитин араласқан глюканды. Көптеген түрлері- сапрофиттер. Олар топырақта, тамақ өнімдерінде кездеседі. Ащытқылар пекарские (Saccharomyces) . Нан ашытуда, спирт, сыра өндіруде пайдаланылады.
Ащытқылар спиртті ашуды тудырады, глюкоза спиртке айналады және көмірқышқыл газын бөледі. Ащытқылардың талломы біржасушалы. Вегетативті көбеюі бүршіктену жолымен жүреді. Қолайлы жағдайда ол жылдам жүреді, тіпті жасушалар бөлінуге үлгермейді. Бір тәуліктен кейін бір жасушадан миллиндаған ұрпақ алуға болады. Пеницилл (род Penicillium) . Бұл туыстың түрлері топырақта мекендейді, бұл саңырауқұлақты пеницилин антибиотигін және сырлардың кейбір түрлерін алу мақсатында арнайы өсіреді. Пенициллин көптеген ауру туғызатын бактериялардың тіршілігін тежейді немесе оларды жояды. Мысалы өкпеге, ортаңғы құлаққа, тамаққа суық тигенде және басқада ауруларға оны жиі пайдаланады. Пеницилдің гифалары бірнеше бөліктерге бөлініп тарамдалған жіпшелерден тұрады, олардың әрқайсысының ішнде бір-бірден ядросы болады. Жыныссыз көбеюі конидийлері арқылы жүзеге асады. Бөлініп шыққан конидийлері ауаның ағынымен өсуге қолайлы жерге барып түседі де жаңа мицелй түзеді. Пеницилл жыныстық жолмен өте сирек көбейеді.
Аспергилл (Aspergillus) - адам және жануарларда (аспергиллёз) ауруын тудырады. Аэробты, әртүрлі субстратта жақсы өседі. Колония құрады, ол басында ақ түсті болады, одан кейін түрге байланысты басқада түске боялады. Склероций топырақта қыстайды, денесінде улы зат- эрготин жиналады.
Фармакологиялық қасиеті. Маңызды алкалоидтары эрготоксин, эрготамин және эргометрин.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz