Қазақ отбасында ер бала тәрбиесінің маңыздылығы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДА ЕР БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Тлеукенова Ж. С.

Қазмемқызпу Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер ғылыми зерттеу институтының

аға ғалыми қызметкері,

Бектурганова Г. К.

Қазмемқызпу Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер ғылыми зерттеу институтының

ғалым-хатшысы

Тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағы - жас ұрпақты елжандылыққа, өз Отанының адал ұлы болуға ұлттық, халықтық тұрғыда тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазақ ұлт болып қалыптасқаннан бергі ұзақ тарихында сан алуан кезеңдерді бастан өткізіп, тар жол тайғақ кешсе де, болашақ ұрпағының тәлім-тәрбиесіне өте зор көңіл бөле отырып, сонымен қатар елін, жерін сыртқы-ішкі жаулардан қорғайтын Ер бойына ұлы дала перзентіне тән - еркіндік пен тәуелсіздік, қайсарлық пен қайырымдылық, ақ ниеттілік пен парасаттылық, өрлік пен ерлік тәрізді асыл қасиеттерді дарыта білген. Осы аталған қасиеттерді өскелең ұрпақ ата-бабадан қалған өнеге деп қабылдаса, ертеңгі күннің жарқын болашағына сеніміміз арта түсері анық.

Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі - әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, құсбегі, ісмер, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған. Адам болам деген ер бала әке-шешесі осындай талаптар қоя отырып, сенім артса да, сеніп айтса да бұлжытпай орындап, олар күткен сенімнен асып түсуге тырысатын. Дәл осындай, өзінің қоғамдағы рөлін дұрыс түсінетін жаны жайсаң ер жігіттерді «жігіттің нары, жігіттің төресі» деп атаған.

Этностардың педагогика тарихына салыстырмалылықпен қарар болсақ, қандай ұлт немесе ұлыс болсын ер бала тағдырына, тәрбиесіне жүрдім-бардым қарамаған. Әйтсе де, бала тәрбиесінде ұлттық ерекшеліктеріне сай қалыптасқан өзіндік тәлімдік тәжірибелер болады. Мысалы, авар халқының бала тәрбиесінде әке маңызды рөл атқарады. Аварлық ұл балаға әкесі - пір. Бұл бір жағынан, әкеге берілген баға, екінші жағынан, авар халқында ұрпақтан ұрпаққа қалған мирас іспеттес әкеге артылған жауапкершілік. Отбасындағы әке беделі қашанда жоғары саналған және әке осы мәртебесін ақтауға тырысқан.

Осындай ұл бала тәрбиесіндегі өте жауапты міндет саха халқында да әкелерге жүктелген. Халық әкенің үлгі-өнегесіне көп назар аударған және әкенің көрсеткен жаман іс-әрекеттерін, тәрбиесін баланың бойынан табуға болады деп, оны мынандай нақыл сөздермен дәлелдеп отырған: «Жаман әкенің жазасы - жаман ұл», «Ылаңкес әкенің - ұлы төбелескіш». Ал, ұлағатты әкеден туып, оның жолын қуған ұлға бұл халық: «Әкесінен айнымай туған», немесе «Ұлы - әкесінің ескерткіші» -деп баға берген. Саха халқының тағы бір ерекшелігі баланы жынысына қарай бөлек-бөлек тәрбиелеген. Ұл баланы ерлерше киіндіріп, тек ер балалардың ойынын ойнатып, 5-6 жасында атқа отырғызып, сәл есейгесін қолына еңбек құралдарын беріп шөп шапқызып, отын бұтатып, аң аулатып, сол арқылы өз ұлтының дәстүрлі кәсіптеріне баулыған. Халықтық педагогиканың үздік әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, әкесі баласын өмірге кәсіби дайындайды. Баласынан аңшылық, малшылық, балық аулау сияқты еңбектің қай түрін болса да еркін меңгеруді жастайынан талап етеді. Өз ұрпаѓының бойына табиғат-ананың тылсым күштерін сезіну, шыдамдылық пен қайсарлық, ақылдылық пен ұқыптылық сапаларымен қатар, бастаған жұмысты соңына жеткізу, атқарған істің нәтижесінен қуана білу сияқты қасиеттерді дарыта отырып тәрбиелеген.

Өз халқымыз жігіттің балалық шағынан (12-15 жас аралығы) бастап, оның алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескере отырып, «Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық» деп намыстандыратын, «Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп таңдандыратын, «Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жастан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» деп армандайтын еді қазағым. Бұл халқымыздың тағылымын халық ауыз әдебиетінің мәйегі мақалмен түйіндей білген профессор М. Тілеужанов ағамыздың пікірі. Айтылған әр қағида жігіттіњ әр сипатына бір-бір тақырып болуға сұранып тұр.

Қазақтың ұлы ойшыл ғұламаларының бірі Ж. Баласағұни өзінің «Құтты білік» дастанында балаға тәрбиені от басында бер, «ақ маңдайлы ұл-қыз туса, үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма» деп келер ұрпаққа өсиет ете отырып, баланы жас кезінен білім мен өнерге, еңбекке баулу арқылы жаны мен тәні сабақтас жетілген парасатты ұрпақ өсіретінімізді атап көрсеткен. Ата-анасын аялай, құрметтей білген баладан жақсы азамат шығады. «Әкесін аман сақтап қалу үшін жанын қиған ұлдың өлімі - ең бақытты өлім болып табылады» - деген Баласағұнидың ұстазнамалық тұжырымдамасында осындай керемет ойлар жатыр.

Шығыстың басқа ұлт өкілдерінің отбасындағы сияқты қазақта дүниеге ұл келсе, тұқымымыздың жалғасы, шаңырақ иесі туды деп ұлан-асыр, ат шаптырып той жасау күні бүгінге дейін сақталған. Дүниеге ұл әкелу әсіресе, әке үшін зор бақыт, үлкен мақтаныш. Қазақта бір кісі қайтыс болса, артында қалған баласы бар ма еді деген сауалы болады. Бар деген жауап естісе, «орнында бар оңалар» деп бата береді.

Отбасындағы єр баланың өз орны бар. Мысалы, тұңғыш ұл - кейінгі іні-қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оған «Ағасы бардың - жағасы бар» деп арқа сүйенген. Кенже ұл - шаңырақ иесі. Басқа балалар енші алып, бөлек отау құрып жатса да кенже ұл әке-шешенің қолында қалады.

Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары. Халықтың дәстүрлі тєрбиесінде осы баға - «жігіт сыны» деп аталады. Қазақ халқының менің ұлым деп көкірек қағып, мақтаныш тұтар ұлының қандай болу керектігі туралы халықтың талғамына сай ұлттық түсініктер профессор К. Ж Қожахметованың еңбегінде төмендегіше бейнеленеді:

а) кескін-келбеті: «Еңсегей бойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы, торсық шекелі, қыр мұрынды, кең маңдайлы, кең иықты, апай төсті, өткір тісті, жуан білекті, қынай белді, қапсағай денелі, темірдей саусақты».

ә) қадір-қасиеті: «Қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, қабыландай сұсты, нардай төзімді, құландай сүйекті, жау жүректі, жылқыдай мінезді, бұландай алып, сауысқандай сақ».

б) қабілет-икемі: «Көсем жігіт» - ел басқаратын жігіт, «Шешен жігіт» - дау шешетін тұлға, «Батыр жігіт» - еліне қамқор, жауына алаберен жігіт, «Сері жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, қыранның қырағысын баптап, ат құлағына ойнап, ер қаруы - бес қаруды сайлап, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт, «Жомарт жігіт» - дастарқаны берекелі, пейілі кең, өзі жайдары, «Палуан жігіт» - мойыны жуан, жауырыны қақпақтай, бұлшық еті темірдей, қимылы шапшаң, иненің көзінен өтердей епті, алып күш иесі.

Осы аталған қадір-қасиеттерді бүгінгі ұландар бойына бойына дарыта білсек, онда зерделі де зейінді, өнерлі де талантты, жігерлі де қайратты, адал да парасатты елі-халқы сыйлайтын ер жігіттің келешегі жарқын, жолы ашық. Осы орайда ойға оларға берілетін тәрбиенің артықшылығы неде деген сұрақ оралды. Өйткені оларды бесік жырына құлағын қандырудан бастап, ауыз-әдебиеті мен ата-баба тарихына сусындатудан бірізділікпен ер балаларға негізделген тәрбиенің әдістемесінің жасалуы ер бала тәрбие маңыздылығын сезіндіріп қана қоймайды. Сондай-ақ, нәтиже де берері анық.

Ал, керісінше, жалқаулықты серік етіп, жанын өтірікпен бағып, біреуді алдап, біреуді арбап, шықан тегін білмейтін, отбасы түгілі өз басында асырай алмай жүрген ерлерімізден қандай ұрпақ жалғастығын күтуге болады? Осындай керағар тәрбиеленген ұрпақ өкілдерінің тәрбиесіне кімді кінәлаймыз? Қоғамды ма, әлде ата-ананы ма? «Атадан тағылым алмаған ұл жаман, анадан өнеге көрмеген қыз жаман», «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас», «Бала тәрбиесі - бесіктен» деп түйіндей отырып, ер бала тәрбиесінің отбасында және мектепте қыздармен қатар берілуіне ерекше мән беріп, арнайы тәрбие бағдарламалары жасалуға тиіс. Өйткені, ер баланың дұрыс тағылым-тәрбие алуы, дүниенің сырын танып білуі отбасындағы ата-аналардың ақыл-кеңесі мен үлгі өнеге көрсетумен байланысты. Қандай ата-ана болсын, баласының дұрыс адам болғанын, өзінен артық болғанын қалайды. Бұл - ниет қана. Тәрбие беру барысында қателіктерді болдырмау, жетістікті нәтиже алуда тәрбиенің түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануы қажеттігін ата-ана ұғына бермеуі мүмкін. Ұлттық тәрбиенің бұрынғы әдістерін бүгінгі күн талабымен жањаша қарастырған жөн. Отбасы жағдайында осындай тәрбиенің берілуіне педагогикалық тұрғыда көмек беру мектеп мұғалімдеріне де зор міндет жүктейді. Ата-бабамыз жасап, сомдап кеткен жігіттің моделін одан әрі, бүгінгі күннің талабына сай жетілдіріп өсіп келе жатқан өскелең ұрпағымыздың бойына дарыту, тағдырдың қандай тәлкегін көрсе де, қайсарлығы мен тектілігін жоғалтпаған дана халықтың ұрпағы екендігін ұғындыру, олардыњ бойына мақтаныш сезімін туғызу ата-ананың бірден бір міндеті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы тәрбиесінің функциялары
Отбасы тәрбиесі
Отбасы тәрбиесінің құралдары
Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны
Ұрпақ тәрбиесі - қоғамның болашақ мұрагерлерін тәрбиелеу ісі
Баланың отбасындағы тәрбиесі
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақ отбасында ер бала тәрбиесі
Қарым-қатынас мәдениеті
Отбасы тәрбиесінің негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz