Технология сабақтарында жеткіншек қызбала киімін тігуде белсенді әдістерді қолдануы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ КАФЕДРАСЫ
Досбаева Алия
ТЕХНОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ЖЕТКІНШЕК ҚЫЗБАЛА КИІМІН ТІГУДЕ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС5В012000 «Кәсіптік оқыту» мамандығы
Түркістан 2015
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ КАФЕДРАСЫ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедрасының меңгерушісі
Ауелбеков Е. Б п. ғ. к., доцент м. а
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ:ТЕХНОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ЖЕТКІНШЕК ҚЫЗБАЛА КИІМІН ТІГУДЕ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУЫ.
5В012000 «Кәсіптік оқыту»мамандығы
Орындаған: Досбаева Ә.
Ғылыми жетекшісі:
п. ғ. д., профессор: Г. Ғ. Еркибаева
Түркістан 2015
Аннотация
Дипломная работа посвящена методике обучения учащихся 8 класса пошиву одежды подростка с помощью активных методов на уроках технологии.
В работе рассматриваются активные методы проектирования и моделирования одежды, и, в качестве примера, предлагается модель одежды подростка
Мазмұны
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 3
АНЫҚТАМАЛАР . . .
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .
КІРІСПЕ . . .
1 Технология сабақтарында жеткіншек қызбала киімін тігуде оқушыларды киімді көркем жобалауға үйретудің теориялық негіздері
1. 1 8-сынып оқушыларына киімді жобалау және модельдеуді үйрету мазмұны
1. 2»Жобалау» әдісіне сипаттама
1. 3Киім жиынтығын құру мақсаты және жобаланған киім жиынтығындағы функционалды ерекшеліктері
2 Технология сабақтарында жеткіншек қызбала киімін тігуде оқушыларды киімді көркем жобалауға үйретудің әдіс-тәсілдері
2. 1 Киімді жобалау және модельдеуді үйретудегі қолданылатын
белсенді әдістер туралы
2. 2Киімді жобалау және модельдеу әдістері
2. 3 Жеткіншектің киімін жобалау және модельдеуді белсенді әдістер арқылы үйретудің ерекшеліктері
3 Жеткіншектің киімін тігу технологиясы және экономикалық мәлімет
3. 1 Жеткіншектің киімін тігуге қажетті материалдар және мата түрлеріне сипаттама
3. 2 Жеткіншектің киімінің сызбасын сызу және модельдеу
3. 3 Жеткіншектің киімінің өзіндік құнын есептеу
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымша (киім үлгісі)
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында"
2. Қазақстан Республикасының жалпы және кәсіптік білім беретін мектептерге арналған тұжырымдамасы
3. Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдамасы
4. Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының тұжырымдамасы.
5. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері оқушыларының еңбекке окыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы.
АНЫҚТАМАЛАР
1. Әдіс - гректің «metodos» - белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары
2. Әдіс - білім беру, тәрбиелеу жэне дамыту барысында белгіленген мақсатка жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс - әрекетінің бір жолы.
3. Окыту әдістері деп оқу - тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты іс - әрекеттерінің тәсілдері.
4. Әдістеме - әдістер жиынтығы
5. Технология -грек тілінен аударғанда - іскерлік, шеберлік, білгірлік деген мағына береді.
6. Жобалау әдісі - «идеядан бұйымға дейін» түсінігінде оқушылар технология сабағынан алынған білімдерін шығармашыл қолданып және қайта өңдеу әдістерінің кешенін қолданып жеке ақырғы бұйым алу.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ЖОО -жоғары оқу орны
ХҚТУ - Халықаралық қазақ-түрік университеті
ІО - іскер ойын
БО -блиц ойын
ДЖ- дәріс жағдаят
РО- рөлді ойнау
МШ- миға шабуыл
ДС- дөңгелек стол
ПК- Пресс-конференция
ИД - интервью дәріс
ПС- пікір сайыс
ВД- визуальды дәріс
ДП- дәріс провакация
БОӘ -Белсенді оқыту әдісі
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда замана талабына сай, тәуелсіз мемлекетіміздегі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен халықтық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, орта және жоғары білім беру ошақтары мен барша халықтың міндеті. Бұл процестің стратегиялық негіздері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007) : »Білім беру жүйесінің басты мақсаты, ұлттық мәдениетіміз бен халық педагогикасының негіздерінде, әрбір жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау», - деп көрсетілген [1, 10 б. ] .
Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының тұжырымдамасында: «Білім беру ісіндегі рухани дәстүрлерді сақтап, жаңаша жетілдіріп дамыта беру керек. Бұл жүйедегі оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі үзіліп қалды. Сіздер мен біздер тек болашақ буындарды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мәні мен маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза білімді азаматтар тәрбиелеуге міндеттіміз. Олардың отаншылдық сезімдерін тәрбиелеуде, білім берудің мектепке дейінгі жүйесі мен жоғарғы оқу аралықтарын үндестіре ұйымдастыру, көкейтесті мәселе болып табылады», - деп атап көрсеткен [2, 5 б. ] .
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу - келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Ол мемелекеттік маңызы зор, аса жауапты іс. Дені сау, сезімі сергек, ақыл-ойы жетілген, Отанын шексіз сүйетін, «сегіз қырлы, бір сырлы» абзал азамат өсіру ісі халқымыздың ғасырлар бойғы ой-арманы. Осы арман дене, ақыл-ой, адамгершілік, кәсіптік және эстетикалық тәрбиенің дәстүрлі қазақ мәдениетінің түрлері арқылы ұрпақтан- ұрпаққа заманалар бойы халықтың салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарында марапатталып, сіңіріліп, іске асырылып отырды.
Қазіргі уақытта ұрпақ тәрбиесі туралы мәселеге, мүлдем жаңа психо-физиологиялық көзқараспен қарауды, замана сипаты ерекше талап етуде. Бүгінгі таңда жалпы адам тәрбиесіне де, халық педагогикасының тигізер әсерлерін, тіпті ештеңемен салыстыруға келмейді.
Қазақ халқының ұлттық мәдениетін сақтап, оны келер ұрпаққа жаңа көзқараспен жетілдіріп жеткізуде білім беру ісі басты құрал болып саналады. Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, оның қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты − білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматы - бүгінгі оқушы тұлғасын қалыптастыру.
Бүгінгі жағдайда оқушылардың санасында, ой-өрісінде, жалпы азаматтық, адамзаттық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оқушы тұлғасының даму барысын психологиялық жан-жақты және үздіксіз зерттеу, оның даралық ерекшеліктерін танып, дұрыс бағытта дамыту, әр түрлі әлеуметтік және моральдық психологиялық жағдайларда қолдау көрсету және қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында жаңа азаматты қазақтың ұлттық өнері арқылы қалыптастыру мәселесінің маңыздылығы мен көкейтестілігі күннен күнге артып отыр. Сондықтан, білім беру жүйесін реформалау саясаты ең біріншіден - еңбек, технология, кәсіптік білім беру сияқты өмір талабына қойылатын сұранысқа сәйкес жүргізу, екіншіден, оқу үрдісіндегі білім беру мен ұлттық тәрбие бірлігін сабақтастыра отырып, білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір оқушының дербес ерекшелігін ескеріп, қабілетіне, белсенділігіне сәйкес бағдар ұстау болып отыр. Бұдан ұлттық тәрбие мәселесіне бұрын соңды көңіл бөлінбеген деген ой туындамаса керек. Оған этнопедагогика саласындағы зерттеулер дәлел бола алады. Дегенмен де, қазіргі қоғамның ғылыми, әлеуметтік, практикалық талабына, тәрбие беру мақсатын жүзеге асыру қажеттілігіне сай, оқу-тәрбие үрдісінде жергілікті жердің экономикалық, экологиялық және этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, технология сабағында оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселелері әлі күнге дейін біржақты шешімін тапқан жоқ.
Өркениетті қоғам мен Қазақстан Республикасының гүлдене түсуі өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді.
Қай халықтың болса да рухани әлемі, ең алдымен оның дәстүрлі өнерінен көрінетіні мәлім. Сол себепті Қазақстан Республикасының білім беру мен тәрбиелеу саласының түбегейлі жаңаруы жағдайымен бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің негізіне - қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған, уақыт сынынан өтіп, сараланған ұлттық тәлім-тәрбиесінің, сәндік қолөнерінің бай қазынасы, мол тәжірибесі алынып отырғаны мәлім. Өйткені жастардың ұлттық мәдениет пен дәстүрлердің негіздерін меңгергенде ғана жалпы адамзаттық мұраларды игеріп дүниеге дұрыс көзқарасы, озық ойлау жүйесі қалыптасатыны анық.
Ұлттық мәдениеттің маңызы және оның жеке тұлғаның рухани дамуына тигізер әсері туралы ой-пікірлердің қалыптасуына қазақ ғалымдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтың қосқан үлесі зор [3; 4; 5; 6; 7; 8; 9] . Олардың еңбектерінде жас ұрпақтардың тәрбиесіне байланысты өзекті мәселелер бойынша өте құнды пікірлер айтылған.
Жас ұрпаққа ұлттық, патриоттық негізде эстетикалық тәрбие берудің негізгі құралдарының бірі - сәндік қолданбалы өнер. Ұлттық қолөнерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін С. Қасиманов, А. Тәжімұратов, Ә. Марғұлан, Х. Арғынбаев, Ө. Жәнібеков және т. б. зерттеушілердің еңбектерінен көреміз [10; 11; 12; 13; 14] .
Қазақстанда жалпы білім беретін мектептерде бейнелеу өнері мен қолөнерін оқытудың теориялық, әдістемелік, тәжірибелік мәселелері Ә. Қамақов, С. Ұзақбаева, Қ. Әмірғазин, Е. Асылханов, Б. Әлмұханбетов, Ж. Балкенов, Қ. Ералин, О. Сатқанов, С. Жолдасбекова, т. б. еңбектерінде қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің тарихы және бейнелеу өнері арқылы ұлттық, эстетикалық тәрбие беруде халықтық педагогиканы басшылыққа ала отырып жүргізудің жолдарын қарастырған [1-23] .
Белсенді әдістер мәселесі төменгі еңбектерде орын тапқан: А. Әлімов »Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану»; А. К. Мынбаева, З. М. Садвокасова «Инновационные методы обучения, или как интересно преподавать: учебное пособие»; А. П. Панфилова «Игровое моделирование в деятельности педагога» [24; 25; 26] .
Жоғары сынып оқушыларына белсенді әдістер арқылы киімді көркемдеп сәндеуге үйрету әдістері мәселесі төмендегі еңбектерде орын тапқан: «Тігін өндірісінің мататануы» (Мальцева Е. ) [27; 28] ; "Әйел және бала киімін конструкциялаудың негіздері"(Л. Н. Шершнева) [29] ; «Қазақ киімі». Альбом. «Қазақша киім табиғатына жүгінсек» (Жәнібеков Ө. ) [30] ; «Казахские национальные традиции в современной одежде» (Рассохина Э. ) [31] ; «Технология пошива» (Юдина Е. Н. ) [32] ; «Азбука вышивания» (Глинская Б. ) [33] ; «Практическая книга по моделированию женской одежды» (Бланк А. Ф., Фомина М. ) [34] ; «Костюм тарихы» (Жолдасбекова С. А. ) [35] және т. б.
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Осы тұрғыдан алып қарасақ оқушыларға білім, білік, дағдыны қалыптастыруда белсенді әдістердің маңызы зор.
Сондықтан оқушыларға белсенді әдістер арқылы жоғары сынып оқушыларына киімді жобалау және модельдеуді үйрету барысында біз окушылардың бойындағы әсемдікті түсіну және сезіну, эстетикалық көзқарасқа, ұқыптылыққа, сұлулыққа, іскерлікке, еңбек сүйгіштікке т. б. баулимыз. Сонымен қатар жан-жақты белсенді әдістер арқылы оқушылардың жобалау және модельдеу тұрғысынан танымын кеңейтіп, дағдысын қалыптастырамыз.
Сол себептен біз диплом жұмысымызды «Технология сабақтарында жеткіншек қызбала киімін тігуде белсенді әдістерді қолдануы » деп таңдадық.
Зерттеудің мақсаты: белсенді әдістер арқылы оқушыларға киімді көркемдеп сәндеуге үйретуде олардың қызығушылығын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және оның мазмұны мен әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
- Оқытудағы белсенді әдістерді зерделеу;
- Жоғары сынып оқушыларына белсенді әдістер арқылы әйел киімін көркемдеп сәндеуге үйретудің ерекшеліктерін айқындау;
- 8-сынып оқушыларына киімді көркемдеп сәндеудің мазмұнын анықтау;
- Белсенді әдістер арқылы 8- сынып оқушыларына жеткіншектер киімін тігудің барысын мазмұндау.
Зерттеудің нысаны:
Технология сабағында белсенді әдістер арқылы 8- сынып оқушыларына жеткіншектер киімін тігуді үйрету әдістемесі
Зерттеудің пәні: Белсенді әдістер арқылы технология сабағында жеткіншектер киімін тігуді барысында оқушылардың ептілігі мен дағдысын қалыптастыру жолдары.
Зерттеудің әдістері: теориялық (модельдеу, аналитикалық-синтетикалық, салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті талдау) ; қосымша білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірбиесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірбиелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу, математикалық статистикалық есептеу әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан, жасалған бұйымнан тұрады.
1 Технология сабақтарында жеткіншек қызбала киімін тігуде оқушыларды киімді көркем жобалауға үйретудің теориялық негіздері
1. 1 8-сынып оқушыларына киімді жобалау және модельдеуді үйрету мазмұны
Білім мазмұнын анықтайтын басты құжаттар стандарт пен типтік бағдарламадағы сипатталған оқу материалдары мен іс-әрекеттердің ғылыми негізінің ашылуы мен түсіндірулер, орындалу тәртібі оқулықтар мен оқу кұралдарында беріледі.
Мемлекеттік құжат - оқу жоспарларында 1) оқытылуға тиісті оқу пәндерінін тізімі белгіленеді, 2) әр оқу жылдары (сыныптар) бойынша осы оқу пәндерінің өту тәртібі және реті анықталады, 3) әр жетіде әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшері көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
46-қосымша
«Технология» пәнінен типтік оқу бағдарламасы 1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Пәннің оқыту бағыты оқушыларды материалдық құндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық үрдістерімен таныстыруға, кейінгі кәсіптік білім алуға және еңбек етуге қажетті дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген.
3. Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып белгіленген.
4. Бағдарлама мазмұнының материалдарын меңгеру үшін келесі білім беру бағытын қараттырып.
1) қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау;
2) ауыл шаруашылық өндірісінің техникасы мен технологиясы;
3) ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;
4) металды қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;
5) сәндік-қолданбалы өнер элементтерін қолдана отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы;
6) электротехника және электроника негіздері;
7) шығармашылық жобалау іс-әрекеті;
8) қазіргі заманғы өндіріс, техникалық және кәсіптік білім алу материалдарын оқытуды көздейді.
5. Оқу курсының мақсаты - техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білімі жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту болып табылады.
6. Оқыту міндеттері:
1) техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;
2) құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;
3) технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;
4) оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;
5) еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;
6) оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.
7. Оқыту барысында келесі пәндермен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады:
1) «Қазақ тілімен», «Орыс тілімен»: технологиялық терминдерді меңгеру арқылы сөздік қорларын байыту, технологиялық терминдерді меңгеру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу барысында ауызша және жазбаша тіл байлығын дамыту;
2) «Қазақстан тарихымен»: қазақ халқының мәдениетімен (салт-дәстүрлерімен, жол-жоралғыларымен және сәндік қолданбалы өнерімен) танысу;
3) «Математикамен»: технологиялық карта құрастыру кезінде әртүрлі математикалық өлшеулер мен есептеулерді пайдалану, бұйымдарды құрастыру кезінде математикалық формулаларды пайдалануда;
4) «Геометриямен»: кеңістіктік фигуралардың көлемі: тік бұрышты параллелепипед және тік призма, пирамида, цилиндр, конус және шар; кеңістіктік фигуралардың симметриялығы туралы;
5) «Физикамен»: еріксіз қозғалыс; кинематика туралы негізгі түсінік, механикалық жұмыс, кинетикалық энергия және потенциальды энергия;
6) «Химиямен»: азық-түліктерді сақтау үшін консерванттардың химиялық құрамы туралы білімін қалыптастыру;
7) «География»: әлемнің табиғи ресурстары, ғылыми-техникалық революция, экономика салаларының орналасу сипаттамасы және географиясы;
8) «Информатикамен»: компьютерлік графика, жеке жобаларды және практикалық жұмыстарды, сызбалар, үлгі, кесте, сурет, эскиздерді орындау кезінде ақпараттық технологияларды қолдануда;
9) «Денешынықтырумен»: қол жұмыстарына арналған құралдармен әр түрлі жұмыс жасау кезінде қол мен аяқтың бұлшық еттерін нығайтуда.
8. Пәннің сағат саны аптасына типтік оқу жоспарына сәйкестендірілген оқу жылында 34 сағат, аптасына 1 сағат:
1) 5 сыныпта аптасына - 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
2) 6 сыныпта аптасына - 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
3) 7 сыныпта аптасына - 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
4) 8 сыныпта аптасына - 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
5) 9 сыныпта аптасына - 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
9. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды оқуыту барысындағы нәтижелері, оқушылардың үлгерімдерін бағалауын, орта білімді сыныпты аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді.
10. Оқушылардың дайындық деңгейі үш түрлі аспекті ескеріле отырып: пәндік, тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелеріне қарай бағаланады.
«Технология» пәні бағдарламасы мазмұнындағы теориялық мағлұматтар мен практикалық іс-әрекеттер бағдарлама мазмұнында ғана қамтылып коймай, сондай-ақ, оқу үдерісінде оқыту технологиясына, әдістемесіне байланысты ашады [36] .
Оқушылардың табиғи бейімділіктеріне қарай оқыта тәрбиелеу келешекте мамандығын таңдай білуіне бағыт-бағдар беру Білім Министрлігінің 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасында көрсетілген кәсіптік бағдар беруінің негізі болып табылады.
Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұныКесте 1. -Тақырыптық жоспар
Машинатану элементтері - 1 сағат:
Тігін бұйымдарын жобалау және дайындау - 9 сағат:
1) сырып тігу, арнайы, жартылай автомат тігін машиналары. Тігін машинасына арналған құрылғылар;
2) машинамен жұмысты орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері, машина жұмыстарының терминологиясы;
3) ылғалдық-жылулық өңдеу жұмыстары, машина жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптар;
4) сарамандық жұмыс: шағын механикаландырылған құрылғыларды қолдану, бүктемелі тігісті орындау, түймелікті торлау;
5) белдемшені модельдеу және конструкциялау, киім және оған қойылатын талапта. Қазіргі белдемшенің түрлері және негізгі құрылымы (конструкциясы), белдемше-шорты, белдемше сызбасын құруға қажетті өлшемдер алу, белдемшенің өлшемдерін есептеуге қажетті формулалар, белдемше эскизін жасау, белдемше тігуге жұмсалатын мата мөлшерін есептеу, мата және өңдеу, әрлеу түрін таңдау, М 1:4 көлемінде тік, қиық және кең етекті белдемше сызбасын құрастыру, белден киілетін бұйым пішімін шынайы өлшемде дайындау, кең етекті белдемше моделін жасау. Белдемше-де, қиықты белдемшелерді модельдеу;
6) пішімді пішуге дайындау. Матадағы тік, қиық және кең етекті белдемше жайылмасының нұсқалары, пішу технологиясы, бұйымды өлшеуге дайындау (пішім бөлшектерін түйреу және көктеу, өлшеу, ақауларын жөндеу, белдемше дайындаудың технологиялық реттілігі. Белдемшені түйіндік өңдеу: бүйір тігісін, бүкпе, түймелеу, белдемшенің жоғарғы қиығын белдікпен немесе корсаж ызбамен, бұйым етегін өңдеу, түймелікті өңдеу және түйме қадау;
7) сарамандық жұмыс: белдемше моделінің эскизін жасау, тік, қиықты және кең белдемше құрылымы, пішімді шынайы өлшемде дайындау, тік белдемшені модельдеу, матаға пішімді жаю, бұйымды пішу, бұйымның белдігін және етегін өңдеу, бұйымды соңғы рет өңдеу;
8) құрал-жабдықтар мен материалдар: пішімдер, белдемше пішімінің бөлшектері, мата, сантиметрлік таспа, сызба құрастыруға және лекало дайындауға қажетті қағаз, қарындаштар, тігінші боры, оймақ, жіптер, инелер, қайшы, тігін машинасы, жиектеуші машина (оверлок), үтік;
9) көрсетілім: белдемше үлгілері, белдемшені түйіндік өңдеу үлгілері, дайын жоба.
Сабақта қыздар қолөнер бұйымдарын әзірлеуде қолданылатын еңбек операцияларын меңгереді. Мысалы, кестелеу, бастырмалау, тоқу, кесу, қию, пішу, көктеу, үтіктеу, желімдеу т. б. Көркем еңбек бұйымдарын дайындағанда оқушылар шығармашылық талғамын арттырады, заттың экологиялық және экономикалық қасиеті туралы білімдерін де қалыптастырады, сәндік - қолданбалы өнердің элементтерін қолдану арқылы бұйымды өрнектеп сәндейді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz