Қызылорда обылысы Абай ауылы Рахымжанов жеке шаруашылығында күріш өндіруді механикаландыру және топырақты өңдейтін машинаның сұлбасын жобалау


"Қызылорда обылысы Абай ауылы Рахымжанов жеке шаруашылығында
күріш өндіруді механикаландыру және топырақты өңдейтін машинаның
сұлбасын жобалау" деген тақырыбындағы Абдигапбаров Ақылдың
дипломдық жобасына
АНОТАЦИЯСЫ
Күріш өндіруде механикадық құралдарға шолу жасап, топырақты өңдейтін машинаның сұлбасын жобалап, оған нақтылы конструкциялық анықтама берілді.
Бұл топырақты өңдейтін машина екі операция орындайды: топырақты қожытады және тырма сияқты кесектерді майдалайды - құрама агрегат қызметін орындайды.
Мұндай агрегат пайдалану еңбек өнімділігін 2, 0 есеге дейін өсіруге мүмкіндік береді. Ол жыл сайын 467000 тенге үнем жасап, 1, 5 жылда өз күнін ақтайды.
Қазақстан халқының әлеуметтік дамуымен тұрмыс жағдайын жақсартудың кең де жан-жақты программасы белгілей отырып, ауыл шаруашылық өндірісінің тұрақты өсуіне кол жеткізу, елімізді тағам өнімдерімен және ауыл шаруашылығын шикізатымен қамтамасыз ету шараларын белгілеп берді.
Еліміздің бүкіл территорияеында бүгінгі таңда жер жыртуға, культивациялауға, дәнді дақылдарды егуге, тыңайтқышпен енгізуде пішен дайындауға және сабан жинауға әр түрлі машиналар қолданып келеді.
Мол өнім жинауға механизация құралдарын қолдануға айрықша көңіл бөлінуі тиіс. Қазіргі кезде ауыл шаруашылық мекемелерде көптеген әр түрлі машиналар бар, бірақ олардың тиімді пайдалану әлі толық емес. Осыған орай шаруашылықтардың алдында тұрған негізгі міндет - барлық жерде құрама агрегаттардың пайдаланғаны жөн. Соның бірі, егістерді суландыруды мен суғаруды механикаландыру. Суарудың үш түрі бар - егістіктің беті қабатын суару, жаңбырлату, топырақтың астыңғы қабатын суару. Ең тиімді тәсіл-жаңбырлату. Ол суару шағын нормасын қолдануға мүмкіндік береді, топырақ
құрылығын жақсы сақтайды, топырақты, ауаны және өсімдіктерді жақсы ылғалдайды. Жаңбырлату суару еңбек шығының азайтады және қызмет ететін адамдырдың жұмыс жағдайыы жақсартады. Erie жаңбырлатуды минералды тыңайтқыш енгізу операциясымен біріктестірседі де болады. Мұндай агрегаттың өнімділігн арттыру үшік оларды дұрыс жұмыс істеу, күту сондай-ақ 1 жүйелі құра білу де аз маңыз атқармайды
К І Р І С П Е
Қазақстан Республикасы - ірі аграрлы - индустриялы мемлекет. Аграрлық өндіріс ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылығын өнімін ұқсату және өнім өндіруді материалдық-техникалық қамсыздандыру өндірісін қамтиды. Ауыл шаруашылығы егін және мал шаруашылығынан тұрады.
Оның мақсаты - еліміздің азық-түлікке деген мұқтажын толық өтерлік және шет елге сатуға (экспорт) жетрлік мөлшерде өзіндік құны төмен, сапасы жоғары өнім алу.
Ауыл шаруашылығының тиімділігі еңбек өнімділігімен сипатталады. Еңбек өнімділігін өсірудің дәйекті бір жолы - ауыл шаруашылық өндірісін жарақтандыру. Өндірісті жарақтандырудың екі түрлі шешімі бар. Біріншісі - шаруашылықты конструкциясы жетік, сенімділігі мол, жұмыс өнімділігі жоғары техникамен жеткілікті деңгейде жабдықтау да, екіншісі - сол техниканы ұтымды пайдалану. Осы екеуі бірігіп “машина пайдалану” деген ұғымды білдіреді.
Ауыл шаруашылық күллі аграрлық өндіріс негізінен егіншілік қалайды. Егіншілікке машина пайдалану бірнеше істен (элементтен) тұрады, машина таңдау және оны сатып (қабылдап) алу, машинаны қожалыққа жеткізіп, оны жиыстыру және ысылту (обкатка) одан агрегат түзу және баптау, агрегатты жұмысқа салу және жұмысын техникалық қамсыздандыру, яғни оған техникалық қызмет көрсету, диагноз қою, жөндеу, май құю, қысқа немесе ұзақ мерзімге сақтау, қосалқы бөлшекпен жабдықтау т. б.
Машина пайдаланудың түпкі мұраты - дақыл өсіру жұмысын агротехникалық мерзім ішінде түгелдей және сапалы атқарып, жарақталған жұмыстың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету. Жоғарыда атаған машина пайдалану ісінің әрқайсысы осы мақсатқа қызмет етеді. Олардың әрбіреуінің өзіндік атқару технологиясы, техникасы, инженерлік қызметі мен материалдық-техникалық қоры бар. Солардың бәрін түпкі мақсатқа жұмылдырудың ұтымды жолын машина пайдалану ғылымы зерттеп, оның технологиялық және ұйымдастыру шарасын белгілейді.
Ауыл шаруашылық техниканы дұрыс пайдалану агроинженердің біліктілігіне тікелей байланысты.
Машинаны ұтымды пайдалану түптеп келгенде машинаны дұрыс агрегаттауға, яғни оны таңдау, агрегат түзу және жұмысқа жегуге келіп тереледі. Оның басқа элементері (техникалық қызмет көрсету және жөндеу) агрегатқа қызмет көрсету кіші жүйе ролін атқарады. Оларды үйрену үшін лабораториялық сабақ жеткілікті. Сондықтан дәріс оқып, ауыл шаруашылық жағдайында машина агрегаттаудың жай -жапсарын теория мен практика тұрғысынан жан-жақты ашу арқылы оқытуға түбегейлі білім беруге болады. Соның арқасында техника жұмсаудың кез-келген мәселесін оқу орнында болсын, өндірісте болсын маман өз бетінше оқып- меңгере алады.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ "РАХЫМЖАНОВ" ЖЕКЕ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ӨНДІРІСТІК СИПАТТАМАСЫ
"Рахымжанов" жеке шаруашылығы 1993 жылы құрылған. Шаруашылық облыс орталығы Қызылордадан 20 км қашықтықта, Абайдан 40 км орналасқан. Бұл шаруашылық негізінен егін, мал шаруашылығымен айналысады.
Өндірістік кооператив үш еңбек сатыдан тұрады:
- Егін шаруашылығы
- Мал шаруашылығы
- Механизация
Бригада күріш, бидай, арпа өнімдерін өндірумен шұғылданады.
Мал шаруашылығында ірі қара қой малдары, жылқы өсірумен айналысады. Ірі қараға сауьш сиыр, бойдақ тана, бұзау малдарына бөлінеді.
Сауьш сиыр сүтін уақытында базарға апарыльш сүт және қаймақ өнімдері сатьшады, қазіргі жағдайға байланысты. Еркек таналары жұмысшыларға айлық есебіне беріледі, себебі қолма қол еңбек ақша берілмеген (есебі) соң жылқы малы да осы тэсілмен шешіледі. Малшыларға мал өсіру, мал азығын өндіру өте қиын жағдайда.
Механизация бөлімі.
- Орталық машина трактор жөндеу шеберханасы.
- Автокөлік бөлімшесі.
Өндірістік кооператив ауылшаруашылық техникамен жақсы қамтыған, жеке талдап айтқанда К - 701, К - 700, МТЗ - 80, 30; ДТ - 75, Т - 150, Т - 28, Т - 70 барлығы 33 дана. Бұл техникалар әр өнім өндіру саласыиа байланысты пайдаланады.
Техниканы тиімді пайдалану мен еңбек өнімдерін артуы көбінесе механизатордың дәрежесіне байланысты.
Рахымжанов атындағы өндірістік кооперативтегі ауьшшаруашылық тракторлармен ауыл шаруашылық, машиналарының саны.
1. К-701 2 дана
2. К-700 Здана
З. Т-150 2 дана
- ДТ - 75 3 дана
- МТЗ - 80 21 дана
- Т - 70 2 дана
Ауылшаруашылық машиналары
- Соқа ПЛН-8-35 4 дана
- КультиваторКГІШ- 9 2 дана
- Соқа ПЛН 4-35 4 дана
- Сока ПЛН 3-35 З дана
- Тырмалар 130 дана
- Тіркемелер С - 11 5 дана
КҮРІШ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОҒАН АРНАЛҒАН МЕХАНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРҒА ШОЛУ
Жер жырту
Агротехникалық талаптар. Жырту қабаты қолайлы болатын жағдайларда жерді белгіленген мерзімде, кемінде 22 см тереңдікте немесе бүкіл қажетті тереңдікте жырту керек.
Жер жыртуда мынадай талаптар орындалуы тиіс: бүкіл таланты біркелкі тереңдікте жырту; жыртудың берілген шамадан ауытқуы ± 2 см; топырақ қабатын толық аудару; уату және арамшөптерді жою, өсімдіктердің сабағын, тыңайтқыштарды толық сіңіріп, бос қуыс қалдырмау; жер бетін біртегіс, ал сүдігерді біршама жалды етіп жырту; бүкіл танап бойында топырақ қабаты көлденең қимасының біркелкі өлшемін сақтау; агрегатты түзу сызық бойымен жүргізіп, жерді атжал қалдырмай жырту; жыртылған жердегі жал қабатының биіктігін 7 см - ден, ал борозданың тереңдігін - жыртылған жер қабаты тереңдігінің жартысы мөлшерінен асырмау.
Беткейлі танаптарда жерді беткейге қөлденең бағытта ғана жырту керек. Жер жырту аяқталған соң бұрылатын жолақтарды араластыра жырту қажет.
Шым аударғыштарды парды қайта жырту және органикалық тыңайтқыштар қосып жырту жұмысында ғана пайдаланбайды.
Жер жырту агрегатының құрамы. К - 700 және К - 701 тракторларын ПТК - 9 - 35 жартылай аспалы плугымен комплектілейді, бұл плугтың соңғы екі корпусы суырмалы. Топырақ тереңдеткішпен жұмыс істегенде Т - 100М және Т - 130 тракторларын ПЛП - 6 - 35 плугтарының жұп ілінісімен комплектілейді. Т - 4А тракторын ПЛП - 6 - 35 жартылай аспалы плугымен агрегаттайды. Т - 150 және Т - 150К тракторларын ПЛП - 6 - 35 жартылай аспалы плугымен немесе ПЛП - 5 - 35 аспалы плугымен агрегаттайды. Оларға ПЛЖ - 31 жүрдек корпус тар орнатылған, бұл корпустардың меншікті тарту кедергісі аз және олар 8, 5 - 13 км/сағ жоғары жылдамдықпен жұмыс істеуге арналған. ПЛП - 6 - 35 плугының соңғы екі корпусы және
ПЛП - 5 - 35 плугының бір корпусы суырмалы, сондықтан жерді терең жыртуда оларды төрт корпусты вариантта пайдалануға болады.
Жеңіл және орташа салмақты топырақты жыртуда МТЗ - 80 және МТЗ - 82 тракторларын алым ені 105 немесе 90 см үш корпусты ПЛН - 3 - 35 аспалы плугымен бірге пайдаланады. Т - 70С тракторын ПН - 3 - 35 немесе ПН - 3 - 40 плугымен агрегаттайды. ПН - 3 - 40 плугын жеңіл топырақтарда, егістікті қант қызылшасына арнап 32 см тереңдікке дейін жыртуда пайдаланады. Жер жырту агрегаттарының ұсынылатын құрамы 4 - таблицада келтірілген.
Танапты дайындау. Танаптың ластануы мен онда алғаш қандай дақылдар өсірілгеніне қарай оны тазартудың әр түрлі әдістерін қолданады: шөмелерді әкету, аңыздағы қалдықтарды тырмамен жинап, сыртқа шығару, биік сабақты дақылдардың қалдықтарын ұсақтап, егістікке шашу. Көлденең өлшемі шағын кедергілердің (байланыс линияларының немесе электр берілістерінің тіреуіштері, ірі қойтастар) айналасына 1 м қорғаныш аймағын қалдырады. Алыстан нашар байқалатын кедергілерді кадалармен немесе басқа белгілермен белгілейді. Танапты алдын ала шағын қойтастардан, металл немесе басқа да бөгде заттардан тазартады. Қажет болған жағдайда танаптағы бұталарды жұлып, шұңқырларды көмеді. Жыраларды, орларды, батпақты жерлерді, ескі сүрлем шұңқырларды, басқа да жоюға болмайтын кедергілерді және агрегаттардың жұмыс істеуіне қауіпті жерлерді анық белгілейді немесе қоршайды. Олардың айналасын ені кемінде 4 м болатын қорғаныш аймағын қалдырады, оған агрегаттардың енуіне болмайды.
Жер жырту сапасын тексеру. Жерді жырту сапасын жұмыс барысында, сондай-ақ ол аяқталған соң тракторшы - машинист және шаруашылық агрономы қадағалайды. Жырту тереңдігін ашық борозда арқылы сменасына кемінде үш - төрт рет тексереді. Ол үшін әрбір жолы учаскенің басында, ортасында және соңында борозда өлшегішпен немесе масштабты сызықпен кемінде 15 - 25 рет өлшейді. Белгіленген жырту тереңдігінен ауытқу ± 1, 5 - 2см - ден артпауы тиіс. Іс жүзіндегі орташа жырту тереңдігін анықтау үшін жыртылған танапта 15 - 25 рет өлшеу жүргізеді. Бұдан кейін есептеп шығарылған орташа жырту тереңдігін 20 процентке (топырақтың қопсу шамасына) кемітеді. Жерді жырту тереңдігімен қатар, барлық корпустардың жер қыртысын аудару, өсімдік қалдықтарын жою сапасын, атжалдар қалдырмауын, жыртылған учаскенің тегістігін, жал - жал болып жатуын және тоңкесектілігін тексереді. Жыртылған жердің жал - жал болып жатуы 5 - 7 см - ден артпауы тиіс (сызғышпен немесе планкамен 10 -12 рет өлшеу жүргзеді) . Метірлік рамканың ішіндегі тоңкесектің көлемін алты - жеті рет өлшеу арқылы танаптың тоңкесектілігін тексереді. Тоңкесек алып жатқан аудан 5 проценттен аспауы тиіс.
Сыдыра жырту
Агротехникалық талаптар. Жерді сыдыра жыртуды егін орағы аяқталысымен одан екі күн өткен соң және жер жыртудан 15 күн бұрын жүргүзу керек. Сыдыра жырту тереңдігі біркелкі болуы тиіс: 5 - 14 см (оны топырақ - климат жағдайлары мен ластану сипатына қарай белгілейді) ; белгіленген тереңдіктен ауытқу дискілі сыдыра жыртқыш үшін 1, 5 см - ден, түренді сыдыра жыртқыш үшін 1 см - ден артпауы тиіс.
Топырақты аңыз қалдықтармен жақсылап араластыру арқылы өңделетін жер қабатын біркелкі қопсыту керек. Сыдыра жыртылған танапта арамшөптерді толық жойып, атжал қалдырмау қажет. Агрегаттың конструкциялық алым енінің ауытқуы 10-15 пайыздан артпауы тиіс. Топырақтың тозаңдануы шамалы болуы керек.
Сыдыра жырту мерзімі бұл технологиялық операциячның тиімділігіне, әсіресе топырақта көлеңке ылғалы (топрықта шөп шабу кезінде болатын ылғал) қорының сақталуына әсер етеді және ол ең алдымен климат жағдайларына байланысты. Ылғал қоры шектеулі, қуаңшылықты аймақтарда оны мүмкіндігінше ертерек жүргізу керек. Едәуір солтүстік аймақтарда сыдыра жырту мерзімін арам шөптердің тұқымы өнуі үшін қажетті топрырақ температурасын ескере отырып анықтайды.
Жерді сыдыра жырту сапасын тексеру . Сыдыра жырту сапасын жұмыс барысында (күнделікті), сондай-ақ жұмыс аяқталған соң (қабылдау) тексереді. Жұмыс барысында тракторшы-машинист аңыз қалдықтарының туралу сапасын, өңдеу тереңдігін, атжалдардың бар-жоқтығын тексереді. Арамшөптердің туралуын танаптың диагналы бойынан 4-5 жерден тексереді. Өңдеу тереңдігін смена ішінде 3-4 рет агрегаттың (сыдыра жыртқыштың) алым ені бойынан үш-бес жерден бақылайды. Өңдеу тереңдігінен ауытқу 1-2 см-ден артпауы тиіс. Сыдыра жыртудан кейін өңделген танап бетінің тегіс болмауы, өсімдік сабақтарының туралмауы және арамшөптердің кездесуі шабуыл бұрышы мен өңдеу тереңдігін арттыру қажеттігін көрсетеді.
Тырмалау. Топырақ бетіндегі қабыршақтарды бұзу, оның аэрациясын жақсарту, кесектерін уату, бетін тегістеу және топырақтың беткі булануынан болатынылғал шығынын кеміту, ұйысқан өскіндерді сирету, арамшөптерді тұқым жарнағы және “сүйрікшелер” кезеңінде жою, топырақтан арамшөптердің тамыр сабақтары мен әр түрлі тамыр қалдықтарын теріп алу, тыңайтқыштарды, кейде ұсақ тұқымдарды сіңіру үшін жерді тырмалайды.
Агротехникалық талаптар. Жұмыстың басталуы мен ұзақтығын топырақтың агротехникалық мерзімдері мен күйіне қарай белгілейді. Топырақтың тырмалауға жарамдылығын танаптың сыртқы түрі (күйі) бойынша анықтауға болады: топырақ қыртысының жалдары күңгірт тартады және олардың арасындағы ойпаңдардың ылғалы булана бастайды. Тырма топырақ бетін 5-8 см тереңдікте біркелкі қопсытып тоңкесектерін уату тиіс. Топырақтың қалыпты ылғалдылығы жағдайында тырма жүріп өткеннен кейін қалған кесектердің өлшемі 3-5 см-ден артпауы тиіс. Тырма жүріп өткен топырақ беті біртегіс болуы қажет. Топырақ жалдары мен бороздалардың биіктігі 3-4 см-ден артпауы керек.
Ылғалы жеткіліксіз аймақтарда сүдігер мен қара парды ерте көктемгі тырмалауды барынша қысқа мерзімде (әрі кеткенде екі күн ішінде) жүргізу керек, өйткені топырақта қыс бойы жиналған ылғал қорын сақтау осы жағдайда байланысты. Ерте көктемгі тырмалау кезеңінде топырақтың ылғалдылығы 25-30 пайызға жетеді, сондықтан тырмалауды шынжыр табанды тракторлар тартқышпен жүргізу орынды.
Жұмыс сапасын тексеру. Тырмалау жұмысының сапасын жұмыс барысында тракторшы-машинист, ал оны қабылдап алушы жұмыс барысында да, жұмыс соңында да тексереді. Топырақтың үстіңгі қабатының борпылдақтығын танап бетінің тегістігін, онда тоңкесектер мен атжалдардың жоқтығын тексереді. Мұндай тексеруді өңделген учаскені диагональ сызық бойымен қарап шығу арқылы жүргізеді. Атжалдар байқалса, оларды дереу жояды.
Топырақты дискілеу. Егістік жер дәнді дақылдар себу алдында тоң кесектерді ұсақтап, көп жылдық және бір жылдық шөптердің шым қабатын уату үшін дискіленеді. Топырақты БД-10, БДТ-7, 0, БДН-3, 0 дискілі тырмалармен дискілейді. Дискілі құралдар топырақты өте ұсақтап, шаңдайтын болғандықтан оларды жел эрозиясына ұшырайтын аймақтарда қолдануға болмайды. Дискілі батареялардың тырмаға екі ізді орналасуы дискіліі сыдыра жыртқыштарға қарағанда топырақты неғұрлым жақсы өңдеп, тапаптың бетін жақсы тегістейді. Алдыңғы дискілі батареялар ортаға қарай, ал кейінгілері шетке қарай дискілейді.
Агротехникалық талаптар. Дискілеу кезінде жердің және оның жоғары қабатын бірқалыпты қопсытылып, тереңдігін 10 ссантиматр болуы, ал топырақ үйірлерінің диаметрі 2-3 сантиметрден аспауы қажет. Өңдеутереңдігі агрегаттың алымына қарай біркелкі болып, ауытқу мөлшер ±2 сантиметрден аспауы тиіс, танаптағы топырақтың ылғалды қабатын аудармай өңдеу керек. Арамшөптер мен өсімдік қалдықтарын түгел құртқан дұрыс. Өңделгеннен кейін топырақтың жоғарғы беті ұсақ түйіршікті, ал дискіленген танап.
ККН-2, 8 шығыршықт-өкше темірлі (пышақты) катогы тіркелмелі, алым ені 2, 8м. Кесектерді ұсатуға, танаптың бетін тегістеуге, топырақтың жоғары қабатын тығыздап, кант қызылшасын себер алдында, сепкеннен кейін де топырақты ұсатып, өңдеуге арналған. Шахмат тәртібімен орнатылған әрқайсысының алымы 0, 94м үш буыннан тұрады. Каток өз алдына жеке құрал ретінде де немесе қант қызылшасын себетін сеялкалармен де жұмыс істейді. Бір секциялы, үш буынды ККН-2, 8 катогы Т-25А тракторымен агрегатталады. Екі (2ККН-4, 8) және үш (ЗККН-2, 8) секция СП-11тіркеуішімен МТЗ-82, Т-70С тракторларына тіркеледі. Агрегаттың жұмыс барысында жүру жылдамдығы 5-7, 5 км/сағ.
3КВГ-1, 4 үш буынды су құятын тіркемелі жұмыс каток көктемде егілген көп жылдық шөптің түптенуіне қарсы күресу кезінде оны шығарып тастау үшін және көк шөп тыңайтқыштарды (сидерация) аударып жырту алдында, сол сияқты ұсақ тұқымдас дақылдарды себу алдында немесе сепкеннен кейін тапауға арналған. Каток металдан жасалған диаметрі 700 мм және әрқайсысының ұзындығы 1400 мм іші бос үш барабаннан тұрады. Барабанның су толтыру сиымдылығы 500 л. Барабан жабысқан топырақты түсіріп отыратын қайырылмалы метал тазартқыштармен қамтамасыз етілген. Құйылатын су мөлшерін өзгерте отырып катоктың топыраққа түсіретін қысымын реттеуге болады. ЗКВГ-1, 4 бос катоктың 1 см алым еніне түсіретін қысымы 0, 02кН, су толтырылғанда 0, 6кН. Т-75А, Т-40М, МТЗ-80, ЮМЗ-6АЛ, МТЗ-82, ДТ-75М, Т-150, Т-150К тракторларымен агрегатталады. Агрегаттың жұмыстағы жүру жылдамдығы 7-12 км/сағ.
Топырақты таптау . Топырақты тапау тек агротехникалық үлкен мәні бар жұмыс қана емес, сондай-ақ технологиялық әдіс те. Топырақты көбіне ауылшаруашылық дақылдарын сеуіп болғаннан кейін тапайды. Бұл кезде топырақтың жоғарғы қабаты кеуіп кетеді де құрғақ топырақта тұқымның
өсіп-өнуі баяулайды. Егістікке жеңіл каток жібергенде топырақтың жоғарғы қабаты тығыздалып, тұқымның топыраққа кіруін жақсартады топырақтың төменгі қабатынан шығатын ылғалды көбейтуге жағдай жасайды, соның нәтижесінде тұқым тезірек өсіп-өнеді.
Агротехникалық талаптар. Ылғалы мол жерді катокпен тым тығыздауға және кеуіп кеткен топырақ түйіршіктерін уатуға болмайды. Қалыпты ылғалды топырақ түйірінің көлемі 3, 5 см-ден аспауы тиіс. Топырақты ала-құла етіп немесе шала тығыздауға болмайды. Ылғалы мол топырақты тығыздаса, ылғал ысырабының молаюына қолайлы және топырақ бетіне қабыршақ құрылуына жағдай жасайды, ал құрғақ топырақтың бұрқырауы жел эрозиясының бүлдіру әсерін күшейтеді.
Жұмыстың сапассын бақылау. Топырақ тапау сапасын жұмыс процесінде тракторшы-машинист, ал бригадир немесе агроногм жұмыс кезінде де, жұмыс біткен соң да бақылайды. Жердің бірқалыпты нығарлануын және атжалдардың жоқтығын тексереді. Атжалдардың жоқтығын, бұрылу жолақтары мен барлық танаптың өңделу сапасын, өңделген учаскелердің диагоналі бойынша анықтайды
Тыңайтқыштар дайындау және енгізу. Ауыл шаруашылығы өндірісінде қолданылатын тыңайтқыштар органикалық, минералдық және бактериялық болып бөлінеді.
Органикалық тыңайтқыштарға қи, қи садырасы, құс саңғырығы, шымтезек, фекалий, қорда, көк тыңайтқыштар жатады. Минералды тыңайтқыштар тікелей әсер ететін: азот, фосфор, калий және микротыңайтқыштар (темір, хлор, молибден т. б. ) тікелей өсімдіктердің қорегіне айналады; жанама әсер етеін (әк, гипс) топырақтағы микроорганизмдердің тіршілігін, топырақтың қасиетін жақсартады.
Бактериялық тыңайтқыштар (нитрогин, азотобактерин және фосфоробактерин) топырақта азоттың жиналуына және фосфор тыңайтқыштарының сіңбейтін формаларын сіңіруге жағдай жасайды. Бұл тыңайтқыштармен тұқымдысебу алдында өңдейді, олар топыраққа тұқыммен бірге түседі.
Тыңайтқыштарды өндіру әдісіне қарай өнеркәсіптік және жергілікті деп екіге бөледі. Өнеркәсіп шығаратын бүкіл минералды тыңайтқыштар мен бактериялық препараттар, өнеркәсіптік тыңайтқыштарға жатады. Жергілікті тыңайтқыштарды әдетте шаруашылықтардан алады (қи, қи садырасы, шымтезек, қорда, ағаш күлі, құс саңғырығы т. б. ) .
Тыңайтқыштарды енгізудің үш әдісі бар: жаппай (негізгі), жергілікті (егу кезінде) және үстеп қоректендіру. Органикалық және минералды тыңайтқыштарды тыңайтқыш сеялкалармен және себелеуіштермен енгізгенде танаптың бетіне түсіп, содан кейін ізінше плугтармен, культиваторлармен және басқа да жер өңдейтін құралдармен топыраққа сіңіріледі.
Жергілікті тыңайтқыштарды (егу кезінде) ауыл шаруашылық дақылдарынқатарларға немесе ұяларға сепкенде және отырғызғанда бірге енгізеді. Өсімдіктердің өсуі кезеңінде оларды үстеп қоректендіреді. Күздік бидайды үстеп қоректендіру үшін тыңайтқыштарды егістік учаскесінің үстіне шашып тастайды (тамырдан тыс үстеп қоректендіру) . Отамалы дақылдарды үстеп қоректендіру өсімдікті күту кезінде мәдени дақылдар қатарын бойлай тыңайтқышты топыраққа сіңіре отырып (тамырдан қоректендіру) жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz