Сыныптан тыс жұмыстың манызы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Сыныптан тыс жұмыстың манызы

Сабақтан тыс жұмыс оқу программасымен тікелей байланысты және оқушылар үшін міндетті (мысалы, оқушылардың адам еңбегі мен табиғатты жүйелі бақылаулары, тірі табиғат мүсіндегі, мектеп учаскесіндегі жұмыс және т. б. Сыныптан

ж ұ м ы с барлық оқушылар үшін міндетті емес болып табылады. Ол төменгі жастағы оқушылардың өз еркіне, инициативасына, белсенділігіне негізделеді. Оның мазмұны оқу программасынан асып түсуі де мүмкін. Сыныптан тыс жұмыс көбіне сабақтан тыс жұмыстың тікелей жалғасы да болып кетеді, онда окушылардын, алған мәліметтерін тереңдетіп, кеңейтуге көмектеседі. Мысалы, мұғалімнің тапсырмасы бойынша балалар тірі табиғат бұрышында программалық бақылау өткізеді - бұл сабақтан тыс жұмыс. Сыныпта тыс жұмыста олар бұл бақылауды жалғастырулары мүмкін, бірақ енді оқу процесі үстінде алған білімдерін едәуір кеңітіп, тередететін программа бойынша жалғастырады.

Табиғттану бойьшша сыныптан тыс жұмыс балалардың көп қырлы танымдық әрекеті үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Ол қоршаған табиғатты тануда оқушылардың алуан түрлі ықыластары мен сұрақтарын қанағаттандырып, материалистік дүниетанымның бастамасын қалыптастырып, туған табиғатқа деген сүйіспеншілікті оятып, соларқылы патриотизмге тәрбиелеуге көмектеседі. Бұл жұмысқа қатысу процесінде оқушылардың тапсырылған іске ж уапкершілігі мен табандылығы тәрбиеленеді. Өз блімдерін пра тикада қолдана отырып балалар қоғамдық пайдалы жұмысқа бе лсене араласады.

Өзінің мазмұнына, ұйымдастыру формасы мен өткізетін әдісіне қарай табиғаттану бойынша сыныптан тыс жұмыс сан алуан. Мұғалім жұмыстың әр түрін таңдағанда оқушылардың дайындык деңгейін, дамуын, оның білімін, іскерлігі мен дағдысын ескереді

СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕҚЕ-ДАРА ФОРМАЛАРЫ

Оқушылардың сыныптан тыс жұмысқа ықыласы тікелей сабақ үстінде және сабақтан тыс жұмыстың әр түрлі формаларын өту кезінде пайда болады. Бұл ықыластың дамуына мұғалімнің жеке басының атқаратын ролі аз емес. Осы ықыластың тууы «Бақылау күнделігімен» жұмысты, оқушылардың өсімдік пен жануарларды бақылауын мұғалімнің қалай ұйымдастыруына байланысты. Ықы ласты дамыту - бұл адамның жеке басының әр түрлі жағын: ин теллектуалды, эмоционалды және ерік-жігерін қамтитын күрделі процесс. Ынта-ықылас тұрақты, тұрақсыз, ұзаққа созылған және қысқа болуы мүмкін. Мұғалімнің міндеті - табиғаттанудан сабақ беру процесінде бір нәрсеге деген ұзаққа созылған, тұрақты ықыл асты дамыту, соның нәтижесінде кейбір оқушылардың қоршаған'' табиғатты тануға бейімді болуы .

Қазіргі кезде бақша және үй өсімдіктері, үй жануарлары мен

Жабайы хайуанаттар, табиғаттың қызықты құбылыстары бейнеленген көптеген фотографиялар, маркалар мен сіріңке қорабының этикеткалары шығарылады. Балалар бұларды жинайды, бірақ көбіне жүйесіз, мақсатсыз істеледі. Мүғалімнің міндеті - балада пайда болған ықыласты қажетті арнасына бағыттау, оны тек жинау ғана емес, сол табиғат объектілері жөнінде білу, олар туралы

неғұрлым қызықты да кысқа мәліметтер жинау маңызды екенін

көрсету.

Көптеген оқушыларда пайда болған стихиялы ықыласты пай- далана отырып, мүғалім балаларды біртіндеп сыныптан тыс жұ-

мысқа ынталандыра отырып оны одан әрі дамыту жұмысын жүргізеді. Бұл жолдағы маңызды қадам арнайы кітаптарды сыныптан тыс оқуға үирету болып табылады. Оқушы өсімдіктермен және жануарлармен танысқан кезде, табиғатты бақылаған кезде кітапты басшылыққа алады.

Мұғалімнің міндеті - оқушыларды ғылыми-көпшілікке арналған кітаптарды өз бетінше оқуға үйрету. Бұл олардың қоршаған табиғатта болып жатқан әр түрлі құбылыстар туралы көп қызықты жаңа жайларды білуге мүмкіндік береді.

Оқушылармен жеке-дара жұмыс істеген бастауыш сыныптың мұғалімі алдымен олардың табиғатты зерттеу ықыла-сын, ал содан кейін балаларды сыныптан тыс жұмыстың топтық немесе көпшілік формаларына тартуға тырысуы керек.

Сыныптан тыс жұмыстын топтық формалары

Сыныптан тыс жұмыстың топтық формаларының ішіндегі негізгі ұйымдасқан формасы үйірме болып табылады. Бастауыш мектеп мұғалімдерінің практикасында жиі кездесетіні жас табиғат әуес қойларынын үйірмесі. Жас табиғат әуескойлары үйірмесінің негізгі мақсаты табиғаттану білімі мен іскерлігін кеңітіп, терендету, зерттеу жұмысының қарапайым дағдыларын үйрену және қоғамдық пайдалы еңбекке кеңінен қатысу ұйірме жетекшісі жоспар құра отырып бақылау үшін қандай объекті таңдап алу керек, қандай тәжірибе жасап, қандай көпшілік шараларын қалай дайындап, өткізуді ойлайды.

Үйірме құрамы 15-20 адамнан аспау керек, әйтпесе оны басқару қиынданды. Мұғалім оқушыларға олардың ықыласын ескере отырып жеке-дара өз бетінше жұмыстың тақырыбын таңдауға көмектеседі. Үйірмеде оқушылардың жеке-дара өз бетінше істейтін жұмыс жетекшінің түсіндіруімен және барлық қатысушылардың шығып сөйлеулерімен үштастырып отырғаны дұрыс.

Балаларды ықыластандырып, үйірмеге қатысу тілегін нығайту ұшін алғашқы сабақ өте мақызды болып табылады, оны тікелей табиғатта үйымдастырған жөн. Экскурсия кезінде мүғалім оқушылардың бәрі бірдей жауап бере алмайтын, бірак оларды одан бетер қызықтыратын сұрактар қоя алады, мысалы: жанғақ ағашы неге көктемде, ал жеке жазда гүлдейді. Неге құстар_құмырсқаның илеуіне шомылады? т, б. Бұндай қойылған сұрақтар балалардың көргендерінің көбін айтып беруі қиынға түсетінін түсіну қөмектеседі. Әрине осыдан барып балалардың білуге кұмарлығы артады. Осыдан соң жетекші жануарлар мен өсімдіктерді бақылайтын тікелей тапсырмалар береді. Үйірме мүшелері айына 2-3 рет жиналулары қажет. Мәжіліс кезінде жеке тақырыптарға, мысалы: «Күздегі өсімдіктер»; «Жануарларды қысқа дайындау», «Қар астындағы өмір», «Құстар қайда ушып барады», «Бөгеттегі өмір», «Табиғатты қорғау» және басқа хабарлама беріп отыруға болады. Бүл хабарларға үйірме мүшелері өз бақылауларының, тәжірибелерінің нәтижелерін жасап оқыған кітаптары, көрген ғылыми-көпшілікке арналған фильмдері телевизордан керген хабарлары туралы әңгімелейді (мысалы, «Бала ларға аңдар туралы», «Жануарлар дүниесінде» және басқа

Жьлдың аяғында үйірме мүшелері өз жұмыстарының көрмесін көркемдей алады: «Орманнан хабарлар, «Орман бюллетені» деген фотомонтаждар, тақырыптық альбомдар, «Бақылау күнделігі» табиғи материалдан істегендерін және т. б.

2 - сынып оқушыларының үйірме жұмысына «Табиғаттағы маусымдық өзгерістер» деген тақырыпты алуға болады, бірақ програмалық материалды қайталамай, табиғаттың таяз қаралған құбылыстары мен объектілерін таңдап алу керек. Басты міндет оқушыларға табиғатты даму кезінде көрсету, әр түрлі құбылыс оқушыларға өзара байланысын және олардың өсімдіктер мен жануарлар өміріне әсерін ашу, бұнда мұғалім жасаған программа бойынша оқушылардың өз бетімен бақылауларына көп орын беріп отыру Жұмыстың бағыты бірнеше болуы мүмкін: Сабақ өткізу әдістері алуан түрлі болуы мүмкін: 3 сыныпта Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді зерттеу жұмысы жалғастырылады,

Біздін. елдің табиғатымен танысу үйірме мүшелерінің табиғи байлық және оның әр түрлілігі туралы бүтіндей түсінік береді.

Үйірме жұмысының бұл кезеңі окушылардын неғұрлым көп кітап оқуы мен өз жергілікті жерінде бақылай майтын табиғат құбылыстары туралы ғылыми-көпшілікке арна ған фильмдерді көрумен сипатталады.

3 - сынып өлкетану үйірмесін ұйымдастыруға да болады, онын мүшелері өз өлкесін зерттеп үйренуге басты көңіл бөледі. Өлкетану үйірмесінде оқушылар мынадай тақырыптарды:

«Жергілті жердің аңдары, «Біздің орман мен даланын. құстары», «Жергілікті заводтар мен фабрикалар», «Дәрі-дәрмек шөптері», «Табиғатты қорғау» және т. с. с. талдаужасай алады.

Бастысы, үйірме мүшелері табиғатты сүйіп, қорғайтынын тек сөзбен ғана емес, іспен де дәлелдейтін болулары керек. Балалар өз көшелерін, аулаларын көгалдандыруды қамқорлығына алып, аудан, қаланы көгалдандыруда үлкендерге көмектесіп, қыста жануарларды күту және тамақтандыруы қажет және т. б.

Ірі қалалардағы мектеп үйірмелерінің өлкетану жұмысының

мазмұны қала тарихымен таныстыру, қала музейлеріне бару, мек

теп маңындағы көшелермен таныстыру, революцияға дейінгі

қаланы қазіргі кезімен салыстыру, иллюстрациялар таңдау »және альбом мен монтаждар жасау, қала тарихына арналған ертеңгіліктерде сөз сөйлеу, өлең және тақпақүйрену арқылы кеңейтіледі.

СЫНЫПТАН ТЫС ЖҮМЫСТЫҢ КӨПШІЛІК ФОРМАЛАРЫ

Сыныптан тыс жұмыстың көпшілік формаларынын, өте үлкен маңызы бар, олар оқушылардың бүкіл коллективін шараларға қатысуға тартуға мүмкіндік береді. Балалар әр алуан жұмыс түрлерін орындай алады: сурет салу, жапсыру, желімдеу, қолдан жасайтын құралдар істеу, жұмбақтар мен жұмбақ сөздер ойлау, немесе іздеп табу, тақырыптық кештерге арналған өлеңдер мен тақпақтар дайындау және т. б.

Осындай жұмыс формаларының бірі сыныптан тыс өлкетану экскурсиялары. Табиғатпен тікелей қатынас жасау оқушылардың табиғатты зерттеп білуге ықыластануларына жағдай жасалады және олардың эстетикалық тәрбиесіне көмектеседі. Экскурция жүргізетін орын-орман, орманды парк, . ботаникалық бақ өлкетану музейі, зоопарк, колхоз егісі, фабрика, завод және т. с. болуы мүмкін. Экскурсиялардың мақсаты да алуан түрлі табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылау (программамен салыстырғанда объектілер көбейіп, оларды зерттеу тереңдейді), өз

жері дәрі өсімдіктерімен, сирек кездесетін құстармен және аңдармен танысу, үй жануарларымен, оларды күту ережелерімен, олдардың адамдардың күнделікті өмірде пайдалануымен танысу. (мал қора, шошқа фермасына, ат қораға және т. с. с. экскурсия. жасау) .

Табиғаттану білімін жинақтауға жылдың кез келген мезгілінде өткізуге болатын туристік жорықтар да (ұзақтығы 1-2 күннен распайтын) жәрдемдеседі. Жорық кезінде оқушыларға кейбір мине ралдар мен тау кендерін жинау, кұстарды дауысынан ажырату, әрі өсімдіктерін жинау және т. с. с. тапсырмалар беріледі. Жорық жетекшісі алдын ала міндеттерді бөліп, табиғи жағдайда объектіні анықтаумен таныстырып, қысқаша нұсқау береді. Мұғалім осы мақсатпен құстардың даусы жазылған пластинкаларды дәріөсім діктерінің гербарийлерін, минералдар мен тау қендерінің қол сексияларын және т. б. пайдалануы мүмкін. Жорық үстінде жетекші балалардың ұғымын көркем образдармен байыта отырып сымбатты қайың», «сыршыл тал» «шапшаң жылға» және т. б. ) балалардың назарын пейзаж әдемілігіне, егістікте жаңа техника-ның қолданылуына, табиғатты қорғауға аудару керек.

Төменгі класс оқушыларымен жүргізетін кластан тыс жұмыс-тың маңызды формасы - табиғаттану кештерін, мерекелерді және КВН өткізу.

Әрбір мереке белгілі бір мақсатты көздейді. Мысалы, құстар мерекесі балалардың құстар туралы білімдерін тереңдетіп, кеңейтіп қана қоймай, табиғатты қорғау жөнінде шараларды іске асыруға мүмкіндік береді (құстарды асырау, құстарға ұя жасап ілу және т. б. ) Мұндай мерекені өткізудің үлгі жоспары мынадай үиірме мүшелеріне құстардың пайдасы туралы (жергілікті кездесетін құстың тұлыбын немесе суретін көрсету), құстарды бақылау туралы (түсін, кұрылыс ерекшелігін, мінез құлқын) айту, «Құстар - адамның досы» деген көрмені көру, көркем шығармалардан үзінділер оқу, викториналар, құс костюмдері карнапвалын өткізу, деген кинофилімді көру. «Құстар -- адамның досы» деген көрмеге құстардың тұлыбын, фотографияларын, суреттерін және үйірме мүшелерінің «Бақылау күнделігін» көрсетуге, ұялардың әр түрін іліп қоюға болады.

Мереке ұйымдастырушылар пионерлерге және мектеп оқушыларына арналып үндеу жазып, онда қыста ашығатын кезде құстарға көмектесуге балаларға кеңес беруге болады. Ал бұл үшін қарбыздың асқабақтың күнбағыстың, алманың тұқымдарын, жүзімнің, шабдалының, абрикостың дәндерін жинау; егіс даласында және бақшада қалған арам шөптердің: алаботаның, жол желкеннің, атқымыздығының, қара ерменнің, шоңайнаның туқымдарын жинау керек. Жиналған тұқымдық дәндерді кептіріп матадан жасалған кішкене . қалталарда немесе қағаз пакеттерде (полиэтиленнен жасаған пакеттерде тұқымдық дән тез бұзылады) сақтаған дұрыс. Жем беретін кішкене столдарды дайындап, терезелердің сыртына мектеп жанындағы учаскелерге, скверлерге, парктерге, орманның шетіне ілу керек. Осындай жұмыстарды жүргізу көптеген бақташымен ормандарды зиянкестерден сақтайды.

Осыған байланысты адам мен жануарлар арасындағы дост қатынас жасауға жәрдемдесетін ашық аспан астында тірімүиістер т жасау туралы болады. Мәселен, кейбір парктерде құстармен тиіндер адамдардың қолынан сенімді тамақтанады. Құрсауда тұрған жануарлардан гөрі бостандыкта жүрген жануарларды бақылау неғұрлым қызықты. Осы бағытта жүргізілетін сынып жұмыс оқушылардың өз жерінің қожасы екенін толық көмектеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының дүние танымдық білімдерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың тиімді түрлері мен әдістерін анықтау
Бастауыш сынып оқушыларының біліктерін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстардың педагогикалық мәні
Шетел тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстың міндеті
Қазақ тілінен сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Сыныптан тыс оқытудың маңызы
Бастауыш мектеп оқушыларының дүние танымдық білімдерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың тиімді түрлері мен әдістері
Сыныптан тыс оқыту
Сыныптан тыс жұмыстардың формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz