Фразеологизмдер туралы түсінік


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Фразеологизмдер туралы түсінік

Тілдің лексикасында қаралатын лексикалық бірліктерден (жеке сөздерден) басқа тіл бірліктерінің тұрақты сөз тіркестері деп аталатын неғұрлым күрделі ерекше түрі қалыптасқан. Бұларды тіл білімнің фразеология саласы зерттейді. Фразеология термині (грек. phrasis сөйлемше және logos сөз, ілім сөздерінен шыққан) казіргі тіл білімінде екі мағынада қолданылады. Бірінші, тілдің фразеологиялық кұрамын зерттейтін саласы, екінші, белгілі бір тілдегі фразеологазмдердің жиынтығы дегенді білдіреді.

Осы күнгі тіл білімінде фразеологизм деген ұғым кең мағынада қолданылады. 1990 ж. шықкан "Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте" фразеологазмге мынадай анықтама берілген: "Фразеологазм дегеніміз формасы жағынан синтаксистік кұрылымдармен ұқсас, бірақ олардай жалпы заңдылыққа сай сөйлеу кезінде жасалмай, даяр калпыңда кайталап қолданылатын, семантикалық және лексика-грамматикалық құрамы тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелер. Осы анықтамаға қарағанда фразеологазмдерге кең мағынада тілдегі мағына бірлігін сақтаған тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрі де жатады. Олар тұ-рақгы сөз тіркестерінің түрлері мен сөйлемшелер, комммуникативтік түрақіы қодданыстағы әр түрлі номинативтік бірліктер, қос создер мен қосарлы тіркестер, ресми ісқұжаттарыңдағы даяр сөз орамдары т. б. түріңце болуы мүмкін.

Фразеологизмдердің осы айтылған түрлерінің құрылымдық, мағыналық, қолданымдық сипаты, лексикологияға қатысы бірың-ғай емес. Сондықтан тәжірибе жүзінде фразеологизмдер тар және кең мағынада қарастырылады. Бұлайша бөліп қарастырудың мәні фразеологизмнің лексикалық бірлік ретінде танылатын атауыштык, сөзбен мағыналық байланысына, сол арқьшы лексикологиямен жақыңдасатынына негізделген.

Тар мағынадағы фразеологизмдерге құрамы тұрақты, мағынасы біртұгас, даяр қалпында қолданылатын, лексикалық бірліктермен (атауыппық сөздермен) мағыналас, сырттай жай (еркін) сөздеріне ұқсас тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелер жатады. Шынында, фразеологизмдерді сақтай отырып, сөз мағынасына жақын не парапар мағынаны білдіреді. Мысалы: ұзақ, түнді көзбен атқызды фразеологизмі - ұйықтамады, дүние салды - өлді, бетінен оты шықты - үялды, мұрнына су жетпеді, мұрнынан шаншылды, мұршасы келмеді - жұмыс басты болды, ұзын арқан, кең тұсау - еркіндік, үн жоқ, түн жоқ - үндемеді дегеңді білдіріп, өзара мағыналас болып тұр.

Ал кең мағынадағы фразеологизмдерге жататын мақал-мәтелдер мен қанатты сөздердің, жаңылтпаштар мен жұмбақтардың, номинативтік (атауыштық) бірліктердің т. б. өздеріне тән лексика-грамматикалық, стильдік ерекшеліктері бар. Олар сөйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында қолданылатын, кұрылымның тұрақтылық жағынан ғана фразеологизмдерге жатқызылады, бірақ олардың мағынасы лексикалық бірлік ретінде сөздің беретін мағынасына балама, парапар емес, одан әлдекайда кең. Мысалы, макал-мәтелдер байымдау, түйіндеу, көбінесе бейнелі түрде астарлы мағынада жұмсалады. Мысалы: еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей, мың сіз-бізден бір шыж-быж, алыстан арқалағанша, жақыннан дорбала т. б. макал-мәтелдердің сипаты осындай.

Фразеологизмдердің басты белгілері

Фразеология туралы еңбектерде фразеологизмдердің негізгі үш белгісі болатыны көрсетіліп жүр: мағына тұтастығы, кұрылымының тұрақтылығы (I, Кеңесбаевта тіркес таянақтылығы) және қолданылу тиянақтылығы. Бұл белгілердің катарында фразеологизмдердің бейнелілігі көрсетілмеген. Фразеологизмдердің тұтастығы жай ғана тұтастық емес, бейнелі, мәнерлі тұтастық. Бейнелілік, мәнерлілік фразеологизмдердің басқа белгілері сияқты маңызды белгісі болып табылады. Сөйтіп, фразеологизмдер баска тіл бірліктерінен төрт түрлі белгі қасиетімен ерекшеленеді: 1) кұрылым тұрақтылығы, 2) мағына тұтастығы, 3) даяр калпында қолданылу тиянақтылығы, 4) бейнелілігі, мәнерлілігі. Осы белгілер фразеологизм атаулының бәріне тән, тек бірінде толық, бірінде солғын болуы мүмкін

Фразеологазмдердің жоғарыда көрсетілген белгілерін құрылымы немесе мағынасы жағынан оларға ұқсас басқа тіл бірліктерімен (еркін сөз тіркестері, күрделі сөздер, сөйлемдермен) салыстырғаңда айқын көруге болады.

Фразеологизмдердің еркін сөз тіркестерінен айырмашылығы. Бірінші айырмашылығы. Еркін сөз тіркестері сөйлеу кезінде сөздердің мағьшасы жағынан өзара үйлесе отырып, кем дегенде екі сөздің грамматикалық жолмен еркін тіркесуінен жасалады, бірақ еркін сөз тіркестерінің құрамы тұрақты болмайды. Олардың құрамыңдағы сөздерді мағынасы, айтылуы жағынан солармен үйлесетін басқа сөздермен айырбастауға, орнын ауыстыруға болады. Мысалы: зәулім үй дегендегі зәулім сөзін биік сөзімен, асықдай сөйледі дегендегі асықпай сөзін баптап, жайлап сөздерімен ауыстырғаннан тіркестің мағынасы өзгермейді. Сол сияқгы Асан мен Үсен тіркесін Үсен мен Асан деп құрамындағы сөздердің орнын ауыстырғаннан тіркестің мағынасы, грамматикалық сипаты өзгеріп кетпейді.

Ал фразеологизмдерге келсек. олар да кем дегенде екі сөздің тіркесуінен жасалады, бірақ олардың кұрамы тұрақты. Мысалы: қаншырдай қатқан, бықпырт тигендей, жігері кұм болды, нарттай жанды, ұзында өші, қысқада кегі сияқты тіркестердің кұрамын өзгертуге, басқа сөздермен айырбастауға болмайды. Олар өздерінің фразеологизмдік сипатын сақтау үшін, кұрамының бір тұтастығын, тұрақтылығын өзгертеуге тиіс. Ондай болмаған жағдайда фразеологизмдік касиетінен айырылады.

Екінші айырмашылығы - фразеологизмдердің мағына тұтастығыңда. Фразеологазмдер мағына тұтастығын сақтайды, фразеологизмдердің мағыналық тұтастығы құрамындағы сөздердің жеке мағыналарына тәуелсіз. Фразеологизмдердің мағыналары кұрамындағы сөздердің лексикалық мағыналарымен сәйкеспеңді, яғни лексикалық мағыналардың жиынтығы емес. Фразеологизмдік мағына дегеніміз - құрамыңцағы сөздердің не жеке бір сыңарының лексикалық мағыналарыньщ қайта жаңғыртылған жинақгы мағынасы. Сол себепті фразеологазмдер семантикалық жағынан біртұтас тіл бірлігі ретінде қолданылады. Мысалы: ит арқасы қиян (өте алыс), кой аузынан шөп алмайды (момын), қойдан қоңыр (жуас), түйе үстінен сирақ үйтеді (икемсіз, епсіз адам туралы) сияқты фразеологизмдердің беретін тұтас мағыналары, олардың құрамындағы сөздердің лексикалық мағыналарынан мүлде бөлек мағыналар болып табылады. Тіпті фразеологизмдердің кұрамындағы сөздердің лексикалық мағыналары анық байқалғанның өзінде, фразеологизмдердің мағыналары семантикалық біртұтастығынан айрырмайды. Мысалы: санын соғып қалды (өкінді), тамырына балта шапты (біржолата көзін жойды), ит өлген жер (өте алыс жер), жер жастанды (өлді), шай кайнатым уақыт (шай қайнайтын мезгіл), жауыр болды (мезі болды), жауырды жаба тоқыды (кемшілікті бүркеді, жасырды) сияқты фразеологизмдерде мағына тұтастығы сақталған.

Үшінші айырмашылығы - фразеологизмдердің даяр қалпында қолданылу тиянақтылығында. Оған негіз болған фразеологизмдердің жоғарыда айтылған құрылымдық тиянақтылығы мен мағына тұтастығы. Осы белгілердің сақталуы нәтижесінде фразеологизмдер даяр тұрақты тіркес сипатына ие болады. Фразеологизмдер сейлеу кезінде, карым-қатынас үстінде жасалынбайды, біртұтас тіл бірлігі ретінде даяр калпында жұмсалады. Мысалы: сағы сынды, қырғиқабақ болды, жаман атты болды, арқаны кеңге салды, кұлағын шулатты, кұлашна емеді, көкірек керді, жер жастанды т. б. Сөйлеуші бұларды сөйлеу үстінде өздерінше өзгерте алмайды, олар осы калпыңда адамдардың жадында сақталған, ұрпактан ұрпаққа жеткізілш, даяр қалпында кайталанып отырады.

Ал еркін тіркестер керісінше сөйлеу кезінде, қарым-қатынас үстіңде құрамындағы сөздердің өзара үйлесіп еркін тіркесуі арқылы жасалады. Еркін тіркестердің мағыналары құрамыңдағы сөздердің лексикалық мағыналарына тәуелді, яғни фразеологизмдердей кайта жаңғыртылған мағыналар емес. Мысалы: сулы жер, жалғыз бала, ауыл шаруашылығы, он мыңдаған, аталас рулар, шөп шапты, мал бақты, қызыға қарады, қайтып кетті, алқына бастады, сулығын шайнады, топ арасында т. б. еркін тіркестердің мағыналары құрамындағы сыңарларының лексикалық мағыналарынан туып тұр.

Төртінші айырмашылығы - фразеологизмдердің көпшілігіне мәнерлілік, айқындық, бейнелік касиет тән екендігінде. Бұл қасиет фразеологизмдердің стилистикалық мәнін аттырады. Мысалы: қабағы кірбің тартты деген фразеологизмді оның баламалары болып табылатын ренжіді, жабырқады сөздерінің мағыналарымен салыстырсак, фразеологазмдік тіркесте стилистикалық бояу, айшық, бейнелішк байқалады. Кара шаңырақ фразеологизмі нақты зат ұғымындағы шаңырақты, оның түсін білдіріп тұрған жоқ, одан әлдеқайда маңызды бір әулеттің үлкен үйі, тәрбие алып ұшқан ұясы" деген мағынаны білдіріп тұр. Ту көтерді, төсек жаңғыртты, төсек тартты, тұсауын кесті, соры қайнады, шошқа тазаладың ба?т. б. фразеологизмдерде де статистикалық айшық, бояу бар. Ал осы мысалдардың алғашқы екеуін "Солдат жерден кұлаған туды көтерді", "төсекгі кайта жаңғыртып салды" деген сөйлемдердегідей қолдансақ, онда олардың стилистикалық айшықгы, бейнелік мәні жоқ, жай еркін тіркестер екені байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нар түйеге байланысты тілімізде мадақтау сипатындағы фразеологизмдер баршылық
Мағыналас фразеологизмдер
М.О.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясының бірінші кітабындағы фразеологизмдер
Аударма фразеологизмдердің түрлері
Фразеологизм, тұрақты сөз тіркесі жайлы
БЕЙНЕ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
Тұрақты архетиптер фразеологиялық фразеологизмдер формалар
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі
Қазақ фразеологизмдері мәдени деректерінің тағы бір үлкен саласы ұлттың адамзат тарихында жасаған интеллектуалдық рухани мұрасы
Сан компанентті фразеологизмдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz