Еңбекшілердің майдан вахтасындағы ерен еңбегі



Бүкіл Батыс Еуропаны дерлік басып алған фашисттік Германия анти кеңестік одақ құру жөнінде белсенді дипломатиялық әрекетін өрәстетті.1940 жылы қыркүйекте Берлинде Гермения , Жапония және Италия арасында үш жақты шартқа қол қойылды, жылдың аяғында оған Венгрия, Румыния және Финляндия Қосылды.
Жаулап алынған елдердің өнеркәсібі түгелдей Германияның әскери-экономикалық қуатына қосылды. Бермахтың әскери экономикасы бұрын болмаған деңгейге жетті, әсіресе танктер,ұшақтар мен соғыс кемелерін шығару қисапсыз өсті. Гитлер осыларды пайдаланып және тұтқиылдан шабуыл жасау арқылы КСРО- ның негізгі қарулы күштерін аса қысқа мерзімде күйретеміз, сөйтіп соғысты 1941 жылдың күзіне қарай аяқтаймыз деп есептеді.
КСРО –ға қарсы агрессияның «Барбаросса» деп аталған жоспары соғыс басталмастан бұрын дайындалды.Фашистік Германия басшыларының алдына қойған басты қойған міндеттерінің бірі Кеңес мемлекетін өздерінің басқарруына ыңғайлы болу үшін бөлшектеу.Бұл үшін Кеңес Одағын «Мәскеу» («Ресей») (Мәскеу, Тула, Ленинград, Горький, Вятка, Қазан, Уфа, Пермь), «Остландия»(Белоруссия мен Прибалтика), «Украина»(Украина, Ресейдің Волга өңірі,Воронеж), «Кавказ»(Армения,Әзірбайжан, Грузия, Солтүстік Кавказ) сияқты отар елдерді құруды жоспрладыү.Сонымен қатар фашистер кеңестік Азия жерінде «Түркістан», «Еділ-Жайық» деген буржуазиялық қуыршақ мұсылман мемлекеттерін құруды көздеді.Осыдан соң олар Баранцев теңізінен Қара теңізге дейінгі кеңістікте бір мезгілде шабуылға шықты.
Кеңес Одағының құрамында 2,9 млн. Адамы бар 170 дивизия оларға қарсы тұрды. Қызыл Армияның жауынгер техникасының жартысынан көбі, әсіресе танк, мотоатқыштар мен ұшқыштар құрамалары қайтадан немесе енді ғана құрылып жатқан болатын, оны 1941 жылдың соңы мен 1942 жылы аяқтау жоспарланған. Танкілер мен ұшақтардың жаңа түрлері енді ғана игеріле бастаған. Сондықтан да Сталин әр түрлі саяси және дипломатиялық амалмен соғыстың басталуын кешеуәлдетуге әрекет жасады.Ал Гитлер Кеңес Одағына шабуыл жасаудан бұрын өзінің қатерлі бәсекелесі Англияны күйретуді жоспарлады.Бірақ мұны іске асыру бір өзінің қолынан келмейтініне көзі жеткен соң ол 1940 жылы күзде Кеңес үкіметіне «Ось» блогына (Германия, Италия,Жапония) кіруге ұсыныс жасады.Ондағы мақсаты бірлесе отырып Англияны талқандап, оның отрларын өзара бөлісу еді,дәлірек айтқанда Кеңес Одағына АҚШ, Ангиия Франциядан оқшауламақболды.Сөйтіп Кеңес Одағының басшылығы бұл ұсынысты қабылдамады,
1937-1938 жылдары Сталиндік жаппай жазалаудан Қызыл Армия көп зардап шекті, ол ең таңлаулы білікті командирлерінен айырылды.1939 жылы әскери жоғары әскері білімі бар офицерлердің ара салмағы не бары 8 процент Қызыл армияның қазіргі кезде кең көлемде соғысуға даяр емес екенін көрсетті.Фюрер мен оның серіктері соғыс ашуға әзірленгенде осы осы факторларды есепке алды.Армияда орын алған ауыр жағдайдағы өзінің кінәсін жақсы білген Сталин соғыстың басталуын ең болмағанда бір жыл кешеуілдетуге бар күш-жігерін жұмсап бақты.Сонда армиядағы жүріп жатқан қайта құрулар мен

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Бүкіл Батыс Еуропаны дерлік басып алған фашисттік Германия анти
кеңестік одақ құру жөнінде белсенді дипломатиялық әрекетін өрәстетті.1940
жылы қыркүйекте Берлинде Гермения , Жапония және Италия арасында үш жақты
шартқа қол қойылды, жылдың аяғында оған Венгрия, Румыния және Финляндия
Қосылды.
Жаулап алынған елдердің өнеркәсібі түгелдей Германияның әскери-
экономикалық қуатына қосылды. Бермахтың әскери экономикасы бұрын болмаған
деңгейге жетті, әсіресе танктер,ұшақтар мен соғыс кемелерін шығару
қисапсыз өсті. Гитлер осыларды пайдаланып және тұтқиылдан шабуыл жасау
арқылы КСРО- ның негізгі қарулы күштерін аса қысқа мерзімде күйретеміз,
сөйтіп соғысты 1941 жылдың күзіне қарай аяқтаймыз деп есептеді.
КСРО –ға қарсы агрессияның Барбаросса деп аталған жоспары соғыс
басталмастан бұрын дайындалды.Фашистік Германия басшыларының алдына қойған
басты қойған міндеттерінің бірі Кеңес мемлекетін өздерінің басқарруына
ыңғайлы болу үшін бөлшектеу.Бұл үшін Кеңес Одағын Мәскеу (Ресей)
(Мәскеу, Тула, Ленинград, Горький, Вятка, Қазан, Уфа, Пермь),
Остландия(Белоруссия мен Прибалтика), Украина(Украина, Ресейдің Волга
өңірі,Воронеж), Кавказ(Армения,Әзірбайжан, Грузия, Солтүстік Кавказ)
сияқты отар елдерді құруды жоспрладыү.Сонымен қатар фашистер кеңестік Азия
жерінде Түркістан, Еділ-Жайық деген буржуазиялық қуыршақ мұсылман
мемлекеттерін құруды көздеді.Осыдан соң олар Баранцев теңізінен Қара
теңізге дейінгі кеңістікте бір мезгілде шабуылға шықты.
Кеңес Одағының құрамында 2,9 млн. Адамы бар 170 дивизия оларға
қарсы тұрды. Қызыл Армияның жауынгер техникасының жартысынан көбі,
әсіресе танк, мотоатқыштар мен ұшқыштар құрамалары қайтадан немесе енді
ғана құрылып жатқан болатын, оны 1941 жылдың соңы мен 1942 жылы аяқтау
жоспарланған. Танкілер мен ұшақтардың жаңа түрлері енді ғана игеріле
бастаған. Сондықтан да Сталин әр түрлі саяси және дипломатиялық амалмен
соғыстың басталуын кешеуәлдетуге әрекет жасады.Ал Гитлер Кеңес Одағына
шабуыл жасаудан бұрын өзінің қатерлі бәсекелесі Англияны күйретуді
жоспарлады.Бірақ мұны іске асыру бір өзінің қолынан келмейтініне көзі
жеткен соң ол 1940 жылы күзде Кеңес үкіметіне Ось блогына (Германия,
Италия,Жапония) кіруге ұсыныс жасады.Ондағы мақсаты бірлесе отырып
Англияны талқандап, оның отрларын өзара бөлісу еді,дәлірек айтқанда Кеңес
Одағына АҚШ, Ангиия Франциядан оқшауламақболды.Сөйтіп Кеңес Одағының
басшылығы бұл ұсынысты қабылдамады,
1937-1938 жылдары Сталиндік жаппай жазалаудан Қызыл Армия көп
зардап шекті, ол ең таңлаулы білікті командирлерінен айырылды.1939 жылы
әскери жоғары әскері білімі бар офицерлердің ара салмағы не бары 8 процент
Қызыл армияның қазіргі кезде кең көлемде соғысуға даяр емес екенін
көрсетті.Фюрер мен оның серіктері соғыс ашуға әзірленгенде осы осы
факторларды есепке алды.Армияда орын алған ауыр жағдайдағы өзінің кінәсін
жақсы білген Сталин соғыстың басталуын ең болмағанда бір жыл кешеуілдетуге
бар күш-жігерін жұмсап бақты.Сонда армиядағы жүріп жатқан қайта құрулар мен
жаіа әскери техникамен жарақтандыру аяқталатын еді.
Фашистік Германияның 3700 танк, 500 ұшақ, 47260 зеңбірік және
миноменттермен қаруланған 5,5млн. әскері бар 190 дивизиядан құрылған жойқын
күші 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4-те Кеңес Одағымен шабуыл жсау
туралы он жылға жасалған шартты опасыздығпен бүзып, тұтқиылдан ұрыс
қимылдарын жүргізді.Жау адам саны мен техникасы жағынан басым еді.Кеңес
халқының социолисттік Отанды қоғау жолындағы Ұлы Отан соғысы басталды.
Кеңес үкіметі сол күні халыққа үндеу тастап, неміс фашисттерімен
күреске көтерілуге шақырды. Ұндеу: Біздің ісіміз әділ.Жау қиратылады.Біз
жеңіске жетеміз!-деген сеніммен аяқталған.Әскерге жарамдыларды
мобилизациялау жарияланды, елдің батыс аудандарында әскери жағдай
енгізілді. 1941 жылғы 30 маусымдаКСРО Мемлекет Қорғаныс Комитеті құрылды.
Мемлекеттік және әскери билік соның қолында шоғырланды.
Барлық жерлердегідей, Қазақстанның еңбекшілері де митингілермен
жиналыстарда өздерінің Отанының бостандығы мен туелсіздігін қорғауға
әзір екенін мәлімдеді.Соғыстың әділетті сипатын,оынң азат етушілік
мақсаттарын айқын сезінудің кеңес адамдарының, армия мен флот
жауынгерлерінің патриоттық рухын көтеруде орасан зор маңызы болды.
Иыңдаған жігңттер мен қыздар және орта буын ұрпақтардың өкілдері Қызыл
армия қатарына өз ықтиярымен қосылғысы келетіні жайында тілек білдірген
өтініштер жазып жатты.1941 жылдың 1 шілдесіне қарай елдің қарулы
күштерінің саны 5,1млн. адамға жетті.
Қалалар мен селолардың еңбекшілері соғыстың алғашқы күндерінен
бастап жоғары ұйымшылдық көрсетті.Халық шаруашылығы әскери шаруашылық
жоспарға сәйкес әскери жолға көшіріле бастады.Әрбір ұжым, әрбір жұмысшы
мен колхозшы жаңаша, соғыс кезіндегіше жұмыс істуеді өзінің ең басты парызы
деп есептеді.Өнеркәсіптің негізгі салаларын қайта құру және осында
эвакуацияланған кәсіпорындарды республика аумағына орналастыру өнім өндіру
көлемін соғыстың бастапқы кезінде-ақ айтарлықтай арттыруға мүмкіндік
берді.
Республика ауыл шаруашылығы жұмысын соғысқа беймдеп қайта құру
маусымдық жұмыстардың қызған кезінде басталды: оңтүстік аудандарда егін
орағы басталып та кеткен еді. Әркім күш-жігерңн тиімді жұмсап мол өнім
алуға тырысты, жұмыс күнін толық пайдалану еңбек ресурстары мен техниканы
тиімді пайдалануды қамтамасыз етті.
Осындай қат-қабат жасмпаз еңбек майдан іргесінен эвакуацияланған
халықты, өнеркәсіп орындарының жабдықтарын және колхоз-совхоздар мен МТС
мал-мүлкін қабылдау және орналастырумен қабат жүргізілді. 1941-1942
жылдары барлығы 142 кәсіп-орын көшіріліп әкелінді. Алматының бір
өзінде 34 зауыттың, фабрикалар мен цехтардың жабдықтары
орналастырылды, олардың ішінде Луганск паровоз жасау зауытының бір
бөлігі, Харьков вагон жөндеу зауыты және басқалар бар. Сондай-ақ 26
жеңіл және 14 тоқыма өнеркәсіп орының жабдықтары келді. Украинадан
әкелінген үш фабрика негізінде Семей аяқ киім фабрикасы құрылды.
Кейбір көшіріліп әкелінген өндіріс объектілері біртектес
зауыттармен, цехтармен бірікті, жаңа салалар пайда болды, мұның өзі
республика халық шаруашылығына үлкен құрылымдық өзгерістер енгізді.
Көшіріліп әкелінген зауыттар 1941 жылғы қараша-желтоқсанда дайын өнім
бере бастады.Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар ұдайы ұлғатылып
жаңалары салынып жатты.
Батыс аудандардан ауыл шаруашылығының материалдық ресурстары тез
әкетілді. Қазақстанға барлығы 76,5 мың ірі қара, 50,5 мың қой және
5902 жылқы әкелінді.
1942 жылғы гитлершілердің жазғы шабуылдарының салдарынан
Ростов, Сталинград, Воронеж облыстарынан, Ставрополь өлкесі иен Қалмақ
АКСР-нан жыл аяғына дейін жалпы саны барлық түліктерінен 552,7 мың
бас мал жеткізілді.
1941 жылғы шілденің орта шенінде Қазақстанға эвакуацияланған
адамдардың алғашқы эшелондары келе бастады. Жылдың аяғына қарай
олардың жалпы саны 386,4 мыңға жетті, соның ішінде 135,5 мыңнан
астамы балалар. Эвакуацияланған жұрттың тасқыны 1942 жылы да
толастамады, ірі қалаларда арнайы қабылдау пунктттері құрылып жатты.
Жыл аяғына дейін тағы да 532,5 мың адам осында келді. Соғыс
жылдарында эвакуацияланғандардан өзге Поволжье мен Кавказдан жер
аударылған халықтар да Қазақстанға еріксіз көшіріліп әкелінді,
олардың жалпы саны 500 мың адамнан асты. Соғыс жылдарында осында
паналағандардың жалпы саны 1,1млн. адамнан асты.
КСРО ғылым академиясының жекелеген институттары, Украинаның
бірқатар ғылыми мекемелері мен оқу орындары да Қазақстанға
орналастырылды. 1941-1944 жылдары академиктер В.И.Вернадский,
Н.Д.Зелинский, С.Г.Струмилин және басқа атақты ғалымдар осында еңбек
етті. Олар қорғаныстық маңызы бар проблемаларды жеткізуді бір сәт
тоқтатпады, өздерінің ізденіс жүмыстары арқылы жауды жеңуді жақындату
үшін қолдан келгеннің бәрін істеді.

Еңбекшілердің майдан вахтасындағы
ерен еңбегі
Аса бай табиғи мүмкіншіліктері мен ұлан-ғайыр жері бар
Қазақстанның соғыс қарсаңында өз еңбек ресурстары біршама аз еді, мұнда не
бары 6 млн-ға жуық адам тұрды.Соғыс басталғаннан кейін халықтың сандық
құрамы айтарлықтай өзгерді: бір жағынан, соғыстың алғашқы күндерәнен бастап
ер-азаматтардың неғұрлым еңбекке жарамды бөлігі Қызыл Армия өатарына барып
қосылды, мұның өзі еңбек ресурстарын азайтты: екінші жағынан-республика
халық жер аударылған және эвакуацияланған азаматтар есебінен толықты.
Соғыстың тікелей салдары ретінде 1941-1942 жылдары өнеркәсіпте, сол сияөты
ауыл шаруашылығында істейтін әйелдердің саны күрт артты.Сондай-ақ қала және
село халқының арақатынасы да өзгерді.
Соғыс жағдайына сай жұмыс істей отырып, металлургтер 1941 жылы
шілдеде айлық тапсырмаларын асыра орындады, мұнайшылар отын шығару және
бұрғылау жөнінде қосымша бригадалар құрылды. Майданға сапалы ұрыс
техникасы, оқ-дәрі мен азық-түлік емес, сонымен біоге киім-кешек, жабдық та
қажет еді. 1941 жылдың екінші жартысында Қазақстанның тігіншілері
әскерлерге 116 мыңға жуық шинель, 329 мың гимнастика, 322,5 мың жазғы
шалбар , 160,6 мың жылы сырт киім тікті; 170 мың жұп пима және т.б өнім
шығарды.
Темір жол көлігінің рөлі мен маңызы арта түсті. 1941-1942 жылдары
бір миллионға жуық адам, аса зор көлемдегі өнеркәсіп жабдықтары тасылды. ОЛ
майданға қажеттінің бәрін жеткізіп қана қоймай, қорғаныс зауыттарына керек
стратегиялық шикі затты да барған сайын көп көлемде жеткізіп отырды.
Пойыздардың жүрісі айрықша әскери графигке көшірілді. Темір жол салу
құрылысы соғыс кезінде де тоқтамады. Жамбыл облысы колхозшыларының күшімен
фосфор рудалары өндірілетін жерге дейін 134,3 км жол төселді. Ағадыр-
Ақшатау, Састөбе-Келтемашат, Лепсі-Андреевка жолдары қатарға қосылды.
Егіншілік пен мал фермаларының қызметкерлері қажу-шаршау дегенді
білмей еңбек етті. 1941 жылы республика негізінен колхоздар есебінен
мемлекетке 100,2 мың пұт астық тапсырды. Мұның астықты аудандардың көбі
уақытша жау қолында қалған жағдайда үлкен маңызы болды. Шитті мақта, қант
қызылшасы, темекі тапсырудың жоспарлары асыра орындалды.
Қазақстан елдің аса ірі мал шаруашылық базасы еді. 1941 жылы мал
басы оның алдындағы жылға қарағанда 20,9 пайызға өскен. Бұл табыстар
майданға қажетті қнімдер мен шикізатты жөнелтудің кқлемін ұлғайтуға
мүмкіндік жасады. Мемлекетке 114,6 мың тоннадан астам ет (тірілей
салмағымен), 283,7 мың тонна сүт, 14,8 мың тонна жүн, 2,8 млн. данадан
астам түрлі мал терісі тапсырылды. Мал шаруашылығы өнімдерін және
өнеркәсіпке қажетті шикізат өндіру жөнінде Қазақстан тылдағы аудандардың
арасында жетекші орын алады.
Қазақстандықтардың майданға көмегі әсіресе 1942 және 1943 жылдары
күшейе түсті. Бұл еңбек ресурстарын өнеркәсіптің аса маңызды объектілеріне
барынша шоғырландыру және оларды пайдалануға беруді шапшаңдату арқасында
ғана мүмкін болды. Жүзден астам қоғаныс өнеркәсібі орындарының іске қосылуы
Қазақстанның әскери-өнеркәсіп потенциялын көтерді. 1943 жылғы қаңтарда
республика қара металлургиясының тұңғышы – Ақтһбе ферросплав зауытының
құрылысы мерзімнен бұрын аяқталды, химкомбинат селитра, бор және фосфор
қышқылын, сода, әскери өнеркәсіпке қажетті басқа да химиялық өнімдер
өндіруді өрістетті.
1943 жылы мамырда Қарағандыға жақын жерде метеллургия (қайта
өңдеу) зауытының құрылысы басталды.Оның қорғаныс өнеркәсібі үшін маңызы зор
болды, зауыт Атасу кен орны тобының негізінде құрылды. Оның құрылысын
тездету үшін республика қарашада 3мың адам жіберді.
Сол жылы Қарағандыды 28 жаңа горизонт пен 6 щахта пайдалануға
берілді. Көмір өндірі 1942 жылмен салыстырғанда 35,6% артты.
Алматы ауыр машина жасау зауыты өзінің өндірістік потенциялын
арттыра түсті.Шымкен пресс-автомат және Көкшетау механикалық зауытттары
өнім шығаруды анағұрлым ұлғайтты.
1943 жылы Петропавл жылу электор станциясы іске қосылды.жұмыс
істеп тқған қуаттарды ұлғайтумен қатар жаңадан кқптеген тоқыма және тамақ
кәсіпорындары салынды.1940 жылғы көбіне жартылай қолөнер үлгісіндегі 26
кәсіпорнының опнына 43 ірі фабрика іске қосылды.
Өнеркәсіптің жоғарғы қарқынмен дамуының нәтижесінде соғыс
жылдарында республикада халық шаруашылығындағы өнеркәсіптің жалпы өнімінің
үлес салмағы 1940жылғы 60%-тен 1941 жылы 66%-ке дейін өсті,ал жұмысшылардың
саны 1,5 еседен асты.
Тіпті құрғақшылық болған 1943 жылдың өзінде Ақтөбе облысы
Құрманколхозының звено жетекшісі Ш.Берсиев тарының гектарынан 202 центнер
өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады.Қызылорда облысы Аввнгард
колхозының звено жетекшісі Ы.Жақаев күріштің гектарынан 172ц. өнім
алдыҚаскелең ауданы ІІІ интернационал колхозының звено жетекшісі
М.Мүхамедиева қызылшаның гектарынан 600 ц.өнім алды.
Мал өсірущілер де күш-жігерін, білім-тәжірибесін аяған
жоқ.Жезқазған ауданы Амангелді атындағы колхоздың шопаны Ж.Мұқашев жыл
сайын 100 қойдан 180 қозыға дейін алып отырған.Атырау облысы жаңа талап
колхозының жылқышысы Ш.Шұғайпова бір мыңнан астам жылқыны шығынсыз баққан.
Қазақстан ауыл-село еңбеккерлері өздерінің патриоттық еңбек
парызын өтеді: 1941-1945 ж олар майдан мен елге 5829 мың т. Астық, 734 мың
т. Ет және басқа да азық-түлік,өнеркәсіп үшін шикізат берді.
Соғыс аяқталуы кезінде Қазақстан қуатты майдан арсеналдарының
біріне айналды.Елдің аумағынан гитлершіл басқыншыларды жаппай қуып шығудың
басталуына байланысты соғыс соңғы кезеңіне аяқ басты.Солтүстіктен
оңтүстікке қарай бінеше мың шақырымға созылып жатқан майдан аса көп
көлемде жауынгерлік техниканы,оқ-дәрі мен қару-жарақты, азық-түлік пен киім-
кешекті қажетсінді.
Колхоздар мен совхоздар, МТС-тер азат етілген аудандарға баға
жетпес көмек көрсетіп отырды.Гитлершіл жауыздар 1710 қала мен посекені,70
мыңнан астам село мен деревняны өртеп,қиратып кеткен,25млн.адам баспанасыз
қалды.1942 жылғы 26 наурызда Қазақстан Мәскеу облысының азат етілген
аудандары еңбекшілерінің алғашқы делегациясын қабылдады,оларға 1273 қой,142
сиыр,184 шошқа,35 жылқы,9тонна астық тұқымы және басқалар берілді.Фашисттік
басқыншылардан азат етілген аудандарға 1942 жылдың 1 маусымынан 1943 жылдың
маусымына дейін 3879 тракторшы,593 тракторшылар бригадирлері,106
механик,221 комбайншы,69 МТС директоры,115 агроном жіберілді.
Солтүстік Кавказ бен Украинаның азат етілген шаруашылықтарына 1943
жылдың өзінде ғана 4 мың трактор мен басқа да ауыл шаруашылық техникасы
жіберілді, сондай-ақ 700 трактор бригадирі,300 комбайншы,145 агроном, 100-
ден астам механик және т.б. сонда жіберілді.
Қазақстан Орел облысын қамқорлығына алды.
Тыл еңбеккерлері жаралылар мен жауынгерлер отбасыларына қамқорлық
көрсетіп отырды.
1941 жылғы жетоқсанның өзінде Қазақстанда 32100 төсегі бар 72
эвакуциялық госпиталь жұмыс істеді.Бұқаралық сипат алған донорлық қозғалыс
нағыз патриотизмнің және адамға деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісін
аңғартты.1941 жылғы 23 маусымда Алматының бір топ патриот-доноры республика
еңбекшілеріне: Өз қанымызды Отан қорғауға берейік!- деп үндеу арнады.
Соғыс жағдайында қажетті ең аз күш пен қаржы жұмсау арқылы
денсаулық сақтау,халыққа білім беру және мәдениет пен ғылым мекемелерінің
жүйесі сақталып одан әрі дамытылды.188 техникумнан 92-сі сақталды,бірақ
оқушылар саны 389 адамға қысқарды.Соғысқа дейінгі 20 жоғарғы оқу орнына
жаңадан 4 оқу орны қосылды.Мәдениет сарайлары мен клубтар азырақ
сақталды.Олардың көпшілігі өндірістік орындар немесе госпитальдарға
берілді.
Елімізжің халқы соғыста денсаулығынан айырылған,мүгедек болып
қалғандарды да қамқорлығына алды.Оларға арнап Алматыда қалпына келтіру
хирургия ауруханасы,Жаңақорғанда балшықпен емдеу,Семей облысында арнайы
курорт ашылды.
Майдан мен тыл батырлары туралы Ж.Жабаев, М.Әуезов, С.Мұқанов,
Д.Снегин, И.Шухов сияқты шеберлермен бірге Б.Бұлқышев, Қ.Жармағамбетов,
Ж.Молдағалиев, С.Мәуленов, С.Сейітов сияқты жас жазушылар өз шығармаларын
жазды.Олардың кейбіреулері майдангерлер еді.
Соғыс жылдарында Қазақстан ғылымы қарқынды дамыды.1942 жылғы
наурызға дейін-ақ олар халық шаруашылық және қорғаныстық маңызы бар 150
тақырып бойынша ұсыныстар мен тұжырымдар берді.Әсіресе геолог ғалымдар
жемісті жұмыс істеді.1941-1945 жылдары республикада 12 ғылыми институт және
олардың филиалдары ашылды,ғылыми қызметкерлердің саны 152-ден 864 адамға
дейін өсті.Мұның бәрі КСРО ғылым академиясының қазақ филиалын Қазақ
КСРҒылым академиясы етіп қайта құру үшін алғышарт жасады, бұл заң жүзінде
1946 жылы аяқталды.Оның тұңғыш президенті белгілі геолог,академик
Қ.И.Сәтбаев болды.1941 жылы патриоттардың қаржысына танктер, ұшақтар,
сүңгуір қайықтарын сатып алу науқаны басталды.Олар нақты жауынгерлерге
арналды.Сондай-ақ бүтіндей коллона мен эскадрилья сатып алынды.Қазақстанның
қару-жарақ жасауға өткізілген барлық соғыс заемдарының және ақшалай-заттай
лотореялардың құнын есептегенде республика халқының майдан қажетіне ерікті
үлесі 4700 млн. сом болды,бұл соғыстың екі жетілік тікелей әскери шығынын
өтеуге жететін еді.Халыққа білім беру.Жоғарғы мектеп.Соғыс кезінде
қиыншылықтарға қарамастан халыққа білім беру ісіне зор қамқорлық
жасалды.1943 жылғы қаңтардан бастап барлық мектептерде, техникумдар мен
жоғарғы оқу орындарында оқитын қазақтарды, басқа да шығыс халықтары
өкілдерін оқығаны үшін ақы төлеуден босату қамқорлықтың айқын белгілерінің
бірі болды.Жұмысшы жастардың кешкі мектептері жүйесін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жеріндегі еңбекшілердің тылдағы ерліктері
Қазақстандықтардың майдан мен тылдағы ерлігі
Шамамен олардың 410 мыңы қазақстандықтар
Орталық Қазақстандықтардың 1940-1945 жылдардағы шаруашылығы
Жеңісті еселеген мұнайшылар
Д.А. Қонаевтың өмірі мен қызметі
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы соғыс және еңбек майдандарындағы қазақстандықтар
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерлігі
Италия және Германиядағы фашизмге анализ жасаған арнайы әдебиеттер
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Шығыс Қазақстанның экономикалық даму үрдісінің тарихы
Пәндер