Гипоталамус-гипофиз- бүйрек үсті бездер жүйесі


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті
Білім алушының өзіндік жұмысы
Мамандығы: жалпы медицина
Дисциплина: Физиология
Курс: 2
Тақырыбы: Гипоталамус-гипофиз- бүйрек үсті бездер жүйесі
Орындау түрі: реферат
Ақтөбе- 2016
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1 . Бездер туралы жалпы түсінік
2. Гипоталамус-гипофиздік жүйе
3. Бүйрекүсті безі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Без , биологияда - адам мен жануарлар организмінде арнаулы заттар - секреттер бөліп шығаратын органдар. Без өзінің атқаратын қызметіне қарай: сыртқы секреция бездері (мысалы, бауыр, сілекей бездері) және ішкі секреция бездері (мысалы, қалқанша безі, гипофиз, эпифиз, бүйрек үсті безі) болып бөлінеді. Қалқанша безі (glandula thyroіdea) адамда кеңірдектің қалқанша шеміршегі мен 5-7-кеңірдек сақиналары аралығында орналасқан, организмнің өсуін, дамуын, ондағы зат алмасуды реттейтін, құрамында иоды бар гормон түзіп, оны өзіне жинайтын орган. Қалқанша безі адамда, сүтқоректілерде біреу, ал қосмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда, құстарда жұп болады. Пішіні таға тәрізді, екі бөліктен тұрады. Ересек адамдарда салмағы 25 - 30 г. Жас ұлғайған сайын кішірейе береді. Әйелдің қалқанша Б-і еркектің қалқанша Б-іне қарағанда үлкендеу және жүктілік кезінде оның көлемі ұлғаяды. Тағамда иодтың жетіспеуі адамды бұғақ (зоб) ауруына шалдықтырады. Гипофиз (грек. hypophysіs - өсінді) - мидың төменгі қосалқы бөлігі, организмге қажетті әр түрлі гормондар бөліп шығаратын орган. Адамда гипофиздің салмағы 0, 5 - 0, 6 г. Ол алдыңғы (безді), орта (аралық) және артқы (жүйкелі) бөліктен құралған. Гипофиздің қызметі шамадан тыс күшейіп немесе әлсіреп кетсе, ол организмге елеулі әсерін тигізеді. Мысалы, гипофиздің ішкі секрецияны өте көп шығаруы баланың бойын шамадан тыс өсіріп, акцелераттануға ұшыратады. Гипофиздің қызметі әлсіреген жағдайда баланың бойы өспей қалады, организмде зат алмасуы бұзылады, ал ересек адам шамадан тыс семіріп кетеді, басқа бездердің қызметі нашарлайды. Эпифиз ( грек. epіphysіs - төмпешік) - адам мен омыртқалы жануарлар миының төрт төмпешік бөлімі үстінде орналасқан орган. Эпифиздің салмағы адамда 0, 2 г, жылқыда 0, 44 г, шошқада 0, 04 г. Оның физиол. қызметі, активті заттары әлі толық зерттелмеген. Дегенмен эпифиз организмнің күн мезгілдері ауысуына орай өзгеріп, бейімделуіне мүмкіндік беретін орган деп есептелінеді. Жас балаларда эпифиздің қызметінің тежелуі олардың ерте жыныстық жетілуіне әкеледі. Бүйрек үсті безі (glandulae suprarenales) - екі бүйректің үстінде орналасқан, организмде белоктың көмірсуға айналуын және минералдық тұздардың алмасуын реттейтін жұп орган. Салм. 15 г, сыртқы және ішкі қабаттан тұрады. Бүйрек үсті безі 50-дей гормон (мыс., адреналин, альдостерон, кортикостерон, кортизон, т. б. ) бөліп шығарады. Оның жұмысын орталық жүйке жүйесі басқарады. Бүйрек үсті безінің сыртқы қабаты зақымданса, адам аддисон ауруына шалдығады. Адам мен жануарларда ішкі және сыртқы секреция бездерінің қызметін қоса атқаратын ұйқы безі болады. Ұйқы безі (pancreas) - организмде көмірсу, май, белок алмасуына, яғни, ас қорытуға қатысатын орган. Омыртқасыздарда ұйқы Б-і тек моллюскілерде ғана болады. Адамда қарынның артқы жағында 1-, 2-бел омыртқа тұсында орналасқан. Ұзындығы 15 - 25 см, ені 3 - 9 см, қалыңдығы 2 - 3 см., салмағы 70 - 80 г. Ол тәулігіне 1, 5 - 2 л сөл бөледі.
II. 1. Бездер туралы жалпы түсінік
Эндокриндік жүйе - ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз - қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.
Организмде бездерді үш топқа бөледі:
- Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері) ;
- Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері) ;
- Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі) .
- Ағзаның гуморальды реттелуіне қатысады және барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін бақылайды.
- Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды қамтамасыз етеді.
- Жүйке және иммундық жүйелермен қосыла отырып:өсуді; ағзаның дамуын; жыныстық жетілуін және репродуктивті қызметін; энергияны сақтауды бақылап қамтамасыз етеді.
- Жүйке жүйесімен бірігіп гормондар:эмоционалды реакциялардың; адамның психикалық мансабынның қамтамасыз етілуіне қатысады.
Гормондар - ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін биологиялық заттар. Әр гормон белгілі бір мүшеге әсер етеді. Гормондардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Гормондар химиялық құрамына қарай аминдер, нәруыздар, стероидтар және май қышқылдары болып келеді.
Гормондардың қасиеті:
- Гормондар дистантты түрде әсер етеді;
- Арнайы әсер;
- Био-физиологиялық белсенділік;
- Әр түрге арнайшылық;
- Тек тірі жасушаларға әсер ету.
Толық мақаласы: Ішкі секреция бездері
Эндокринді бездер (эндокринные железы) ; (glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon - ішкі, krino - бөлу) - инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді.
Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері) : орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді.
Орталық эндокринді бездерге:
гипоталамус, гипофиз және элифиз
Шеткі эндокринді бездерге:
қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады.
Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.
II. 2. Гипоталамус-гипофиздік жүйеГипоталамус және Гипофиз
Гипоталамус - аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. Әдеби тұрғыда айтатын болсақ: гипоталамус ішкі секреция бездерінің «композиторы».
Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп, Гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды
ы.
Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар нейрогормондар бөліп рефлекстік және гуморальдік реттеуді жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге әсер ететін статин (гипофиздың гормон түзуін тежейді) және либерин (гипофиздің гормон бөлу белсенділігін арттырады) гормондарын бөледі. Окситоцин және вазопрессин гормондары гипофиздың артқы бөлігінде жиналады.
Гипофиз және Эпифиз
Гипофиз - аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы. Әдеби тұрғыда бұл гормон ішкі секреция бездерінің «дирижері» болып саналады. Гипофиз - сопақша пішінді, салмағы 0, 5-0, 7 г. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды) . Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғы
II. 3. Бүйрекүсті безі
Бүйрекүсті безі (лат. glandula sup-rarenalis , лат. glandula - «без», лат. supra - «үсті» және ла. ren - «бүйрек») - бүйректің ішкі және жоғарғы (адамда - артқы) жағында орналасқан, пішіні бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі секреция (эндокринді) безі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz