Шеміршек. Жасқа байланысты гистологиясы. Регенерациясы



I.Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Шеміршек ұлпасы туралы жалпы түсінік
2. Жасқа байланысты гистологиясы
3. Шеміршектің физиологиялық регенерациясы

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер
Шеміршек ұлпасы (хрящевая ұлпа); (textus cartilagineus, лат. textus — ұлпа; лат. cartilago - шеміршек) — қаңқа дәнекер ұлпасы Шеміршек ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттардан құралған.
Жасушааралық заттың құрылыс ерекшеліктеріне байланысты ол: гиалинді, эластинді және талшықты шеміршек ұлпалары болып үш түрге бөлінеді. Гиалинді шеміршек ұлпасының жасушааралық заты мөлдір біркелкі болып келеді. Эластинді шеміршек ұлпасының жасушааралық затында эластин талшықтары, ал талшықты шеміршек ұлпасында коллаген талшықтарының будалары болады. Шеміршек ұлпасы сыртынан шеміршекқаппен (перихондрий) қапталған. Шеміршек ұлпасының жасушаларына прехондробласттар, хондробласттар, хондроциттер жатады. Жасушааралық зат — шеміршек ұлпасының негізін құрайды. Оның құрғақ салмағының 50-70% коллагеннен тұрады. Жасушааралық заттың құрамына хондрин талшықтары мен хондромуконд (мукополисахарид) кіреді Шеміршек ұлпасы организмде тіректік, қорғаныс және механикалық қызметтер атқарады.[2]
Гиалинді шеміршек - ұлпаның ең көп тараған негізгі түрі. Сүтқоректілердің ересек организмінде олар буындардың үстін, қабырғалардың ұштарын, кеңірдекті және т.б. органдардың шеміршектерін құрайды. Гиалинді шеміршек тығыз, серпімді және түсі мөлдір болады. Шеміршектің жасушалары негізгі заттың ерекше қуыстарында орналасады. Көбінесе олар 3-4 жасушалардан тұратын топтар түзеді. Бұл топтар бір жасушаның бөлуінен пайда болатындықтан изогенді топтар деп аталады.
1. Гистология,эмбрология ,цитология ;оқулық/ред Ю.И.Афанасьев ред. Н.А.Юрина пер.ред Р.Ж.Есимова ,пер .ред К.Т.Нурсейтова -М.: ГЭОТАР-
Медиа, 2014.-896б
2. Гистологияның практикалық сабағына арналған әдістемелік оқу құралы/ Д.Ж. Бримов, А.А. Бурхард, Г.А. Адилова, А.С. Адилгереева, А
.И. Маннапова.-Ақтөбе, 2003.-50б.
3. Жункейра Л.К. Гистология. Атлас: учебное пособие/ Л.К. Жункейра, Ж.Карнейро; пер. с анг.под ред. В.Л. Быкова.-М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009.576с.
4. Қазымбет .П. Гистология цитология және эмбриология атласы оқу құралы П.Қазымбет –Алматы ;Эвро 2014-399б
5. Нуртазин С.Т. Жалпы гистология: оқу құралы/ С.Т. Нуртазин.-
Алматы: Эверо; Алматы: Қазақ университеті, 2011, 2010.-220, 238б.
6. Юй Р.И. Гистология, эмбриология және цитология бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған микросуреттер атласы/ Р.И. Юй, Р.Б. Абильдинов. –
Алматы: Эффект, 2010. -232 с.
7. Ажаев С.А. Гистология-1: оқулық, 2-ші бөлім: Жалпы гистология/С.А.Ажаев, Т.Ж. Үмбетов.-Түркістан,2010.-366 б.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті

Білім алушының өзіндік жұмысы

Мамандығы: жалпы медицина

Дисциплина: Гистология

Курс: II

Тақырыбы: Шеміршек . Жасқа байланысты гистологиясы. Регенерациясы

Орындау түрі: реферат

Ақтөбе- 2016

Жоспар

I.Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Шеміршек ұлпасы туралы жалпы түсінік
2. Жасқа байланысты гистологиясы
3. Шеміршектің физиологиялық регенерациясы

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Шеміршек ұлпасы (хрящевая ұлпа); (textus cartilagineus, лат. textus -- ұлпа; лат. cartilago - шеміршек) -- қаңқа дәнекер ұлпасы Шеміршек ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттардан құралған.
Жасушааралық заттың құрылыс ерекшеліктеріне байланысты ол: гиалинді, эластинді және талшықты шеміршек ұлпалары болып үш түрге бөлінеді. Гиалинді шеміршек ұлпасының жасушааралық заты мөлдір біркелкі болып келеді. Эластинді шеміршек ұлпасының жасушааралық затында эластин талшықтары, ал талшықты шеміршек ұлпасында коллаген талшықтарының будалары болады. Шеміршек ұлпасы сыртынан шеміршекқаппен (перихондрий) қапталған. Шеміршек ұлпасының жасушаларына прехондробласттар, хондробласттар, хондроциттер жатады. Жасушааралық зат -- шеміршек ұлпасының негізін құрайды. Оның құрғақ салмағының 50-70% коллагеннен тұрады. Жасушааралық заттың құрамына хондрин талшықтары мен хондромуконд (мукополисахарид) кіреді Шеміршек ұлпасы организмде тіректік, қорғаныс және механикалық қызметтер атқарады.[[2]]
Гиалинді шеміршек - ұлпаның ең көп тараған негізгі түрі. Сүтқоректілердің ересек организмінде олар буындардың үстін, қабырғалардың ұштарын, кеңірдекті және т.б. органдардың шеміршектерін құрайды. Гиалинді шеміршек тығыз, серпімді және түсі мөлдір болады. Шеміршектің жасушалары негізгі заттың ерекше қуыстарында орналасады. Көбінесе олар 3-4 жасушалардан тұратын топтар түзеді. Бұл топтар бір жасушаның бөлуінен пайда болатындықтан изогенді топтар деп аталады.

II.1. Шеміршек ұлпасы туралы жалпы түсінік

Шеміршектің дамуы-гиалинді шеміршек басқа дәнекер ұлпалары сияқты мезенхимадан дамиды. Дамуы мезенхиманың тығыздалуынан басталады. Қаңқалы бөлімдер пайда болады. Ұлпа сұйығының химиялық қасиеті өзгереді. Онда шеміршектің затына ұқсас заттар пайда болады. Кейін олардан каллоген талшықтары дамиды. Шеміршектің осыдан бастап екі бөлімі, аралық заты және жасушасы айқындала басталады және жасушалары көбейе бастайды. Негізгі заттың базофильдігі артады. Ұрықтың шеміршектің айырмашылығы олар изогенді топ құрамай жасушалары бір-бірінен бөлек орналасады.

Шеміршек жасушалары көбінесе бір ядролы кейде екі ядролы болады. Органоидтары жақсы жетілген. Шеміршектің жасуша аралық заты біркелкі болмайды. Микроскоппен қарағанда онда аморфты зат пен желімделген коллаген талшықтары да байқалады. Талшықтар өзара шырматылып тор түзеді.

Шеміршек ұлпасының басқа ұлпалардан айырмашылығы ондағы аморфты затының химиялық қасиетінде. Шеміршектің аморфты заты протеиндерден хондриотино күкірт қышқылынан және альбумоидтан тұрады. Протеиндердің бір бөлігі хондриотино күкірт қышқылымен күшті қосылып хондромукоид түзеді. Ол шеміршектің негізгі заты. Шеміршектің негізгі затында коллаген мен хондромукоид біркелкі орналаспайды ол жануарлар мен адамдардың жасына байланысты. Адам есейген сайын шеміршектің негізгі затының ерекшеленуі айқындала түседі. Онда тұздар көп жиналып, кәрі шеміршек опырылғыш келеді.

Шеміршектің бөлінуі:

Серпімді шеміршек негізінде гиалин шеміршегіне ұқсас, бұның да жасушалары капсуламен қоршалып изогенді топтар құрайды. Оның түсі сары болады. Серпімді шеміршектен құлақ қалқаны, кеңірдектің кейбір шеміршек сақиналары құралады.
Талшықты шеміршек мұның негізгі затында каллоген талшықтары жинақталған. Омыртқа аралығында кездеседі.
Гиалинді шеміршек ұлпасы -- адам мен жануарлар организмдерінде қабырға шеміршегін, төс бөліктері (стернебралар) аралықтарындағы шеміршектерді, сүйектердің буындық беттерін қаптайтын шеміршекті, мұрындағы, көмекейдегі, кеңірдектегі, ауатамырлардағы (бронхтардағы) шеміршектерді түзеді. Гиалинді шеміршек ұлпасы тіректік қызмет атқарады.
Гиалинді шеміршек ұлпасы (гиалиновая хрящевая ткань); (textus cartilagineus hyaUnus; лат. textus -- ұлпа; лат. cartilago -- шеміршек, гр. hyalinos -- мөлдір, шыны тәрізді) -- жасушааралық заты біртекті мөлдір шеміршек ұлпасы.
Гиалинді шеміршек ұлпасы жануарлар организмдеріндегі басқа тірек-трофикалық ұлпалар сияқты шеміршек жасушаларынан (хондроциттерден) және жасушааралық заттан тұрады.

Хондроттетер цитоплазмасында Гольджи кешені мен агранулалы және гранулалы эндоплазмалық торлар көптеп кездеседі. Аталған органеллалар шеміршек ұлпасының жасушааралық затын түзуге қатысады.
Гиалинді шеміршек жасушааралық затының 75%-ын су құрайды. Оның құрғақ затының 70%-ы диаметрі 10 нм-ден аспайтын жіңішке коллаген талшықтарынан, ал 30%-ы пішінсіз (ам орфты) заттан тұрады.

Аморфты зат гликозамингликандардан, протеогликандардан, липидтерден, талшықсыз протеиндерден құралған.

Шеміршекті дәнекер ұлпа жасушалары домалақ пішінді, әр жерде топтанып тұрады. Жасушааралық заттары мөлдір болады. Омыртқалардың бірімен - бірі байланысқан жері, көмей қақпағы, кеңірдек пен құлақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шеміршек. Жасқа байланысты гистологиясы
Цитология және гистология түсінігі
Гистологияның зерттеу пәні және бөлімдері
Гистологияның міндеттері
Шеміршектің жасқа байланысты өзгеруі
Шеміршек регенерациясы
Дәнекер тіндері
Қанның мөлшері мен құрамының жасқа байланысты өзігерістері
Эзофаготомия (oesophagotomy) — өңеш қабырғасын зерттеу, бөгде денелерді жою немесе қандай да бір құралдарды енгізу үшін таратудан тұратын хирургиялық операция
Каспий орыс бекіресінің көбею жүйесі мен бауырының гисто – функциональды жағдайы
Пәндер