Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны



1. Қазақстанның геосаяси жағдайы
2. Қазақстан және халықаралық ұйымдар
3. Қазақстанның сыртқы саясаты
4. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
5. Халықаралық ұйымдар
Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат — елдің кауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-катынастардааймақтық, субрегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.
«Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаларына негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтык мемлекет ретінде танытты».
Бүгінгі әлем күрделі де жан-жақты. Бұрынғы кездегі идеологиялық қарама-қайшылық (социалистік жүйе — капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің экономикалық және саяси беделіне ауысты.
1993 жылдың 13 желтоқсанында Үкімет қаулысына сөйкес, ядросыз мемлекеттер қатарында Қазақстан «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге» қосылды. Республика аумағында бірнеше жылдар бойы ядролық қару болып келді. Бірақ оны Қазақстан өз бақылауында ұстай алған жоқ. Ендігі бірден-бір шешім — ядролық қарудан бас тарту еді. 1994 жылы үш мемлекеттің — Еуропадағы қауіпсіздік пен өзара достық қарым-қатынастар жөніндегі Будапештте өткен Кеңесінде Қазақстанның қауіпсіздігін сақтауға Ұлыбритания, АҚШ және Ресей мемлекеттері өз кепілдіктерін берді. 1995 жылы оларға Қытай мен Франция қосылды. Сөйтіп, Қазақстанның төуелсіздігі, дербестігі, шекара біртұтастығы мен қауіпсіздігі басты-басты ядролық державалар тарапынан кепілдікке алынды.
Ядролық қаруды өз жерінен көшіру үшін республика 84 млм доллар алды. 1995 жылдың 26 мамырында ядролық қарудың соңғы бөлшектері республика аумағынан әкетілді. 1995 жылдың 30 мамырында Семейсынақ алаңында қалған ең сонғы ядролық заряд жойылды.
90-жылдары әлемде бірқатар аса маңызды геосаяси және экономикалық өзгерістер болды. КСРО-ның ыдырауы, бұдан кейінгі Ресей жағдайын анықтау, бірігуге бет алған Еуропа мен реформадан кейінгі Қытайдың күшейе түсуі, бірқатар Азия аумағы мемлекеттерінің пайда болуы, жаңа халықаралық экономикалық жүйенің қалыптасуы, т.б. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан өзінің сыртқы саясатында мына төмендегі аймақтық саяси одақтарға сүйенеді:
• АӨСШК — Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес — 1992 жылдың қазан айында болды. БҰҰ Бас Ассамблеясында Н.Назарбаев бұл ұйымды қолдап сөз сөйледі.
• Еуразиялық Одақ 1994 жылдың наурыз айындавы Мәскеуге сапары кезінде Н. Назарбаев бұл одақты құру жөнінде мәселе көтерді.
• 1992 жылдан бері Қазақстан Экономикалық өзара қарым-қатынас ұйымына Иран, Пәкстан, Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Ауганстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Турікменстан, Өзбекстан мүше болды.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны.
Қазақстанның геосаяси жағдайы

Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын
қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат — елдің
кауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-катынастардааймақтық,
субрегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы
үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.

Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы,
экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты
Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы
елдермен қауіпсіздігін, егемендігін , аумақтық тұтастығын құрметтеу
қағидаларына негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтык
мемлекет ретінде танытты.

Бүгінгі әлем күрделі де жан-жақты. Бұрынғы кездегі идеологиялық қарама-
қайшылық (социалистік жүйе — капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің
экономикалық және саяси беделіне ауысты.

1993 жылдың 13 желтоқсанында Үкімет қаулысына сөйкес,
ядросыз мемлекеттер қатарында Қазақ стан Ядролық қаруды таратпау жөніндегі
Келісімге қосылды. Республика аума ғында бірнеше жылдар бойы ядролық
қару болып келді. Бірақ оны Қазақстан өз бақылауында ұстай алған жоқ.
Ендігі бірден-бір шешім — ядролық қарудан бас тарту еді. 1994 жылы үш
мемлекеттің — Еуропадағы қауіпсіздік пен өзара достық қарым-қатынастар
жөніндегі Будапештте өткен Кеңесінде Қазақстанның қауіпсіздігін
сақтауға Ұлыбритания, АҚШ және Ресе й мемлекеттері өз кепілдіктерін берді.
1995 жылы оларға Қытай мен Франция қосылды. Сөйтіп, Қазақстанның
төуелсіздігі, дербестігі, шекара біртұтастығы мен қауіпсіздігі басты-
басты ядролық державалар тарапынан кепілдікке алынды.

Ядролық қаруды өз жерінен көшіру үшін республика 84 млм доллар алды. 1995
жылдың 26 мамырында ядролық қарудың соңғы бөлшектері республика аумағынан
әкетілді. 1995 жылдың 30 мамырында Семейсынақ алаңында қалған ең
сонғы ядролық заряд жойылды.

90-жылдары әлемде бірқатар аса маңызды геосаяси және экономикалық
өзгерістер болды. КСРО-ның ыдырауы, бұдан кейінгі Ресей жағдайын анықтау,
бірігуге бет алған Еуропа мен реформадан кейінгі Қытайдың күшейе түсуі,
бірқатар Азия аумағы мемлекеттерінің пайда болуы, жаңа халықаралық
экономикалық жүйенің қалыптасуы, т.б. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан
өзінің сыртқы саясатында мына төмендегі аймақтық саяси одақтарға сүйенеді:

• АӨСШК — Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес
— 1992 жылдың қазан айында болды. БҰҰ Бас
Ассамблеясында Н.Назарбаев бұл ұйымды қолдап сөз сөйледі.
• Еуразиялық Одақ 1994 жылдың наурыз айындавы Мәскеуге сапары кезінде Н.
Назарбаев бұл одақты құру жөнінде мәселе көтерді.
• 1992 жылдан бері Қазақстан Экономикалық өзара қарым-қатынас
ұйымына Иран, Пәкстан, Түркия, Әзір байжан, Қазақстан, Ауганстан, Қырғы з
стан, Тәжікстан, Турікменстан, Өзбе кстан мүше болды.

Қазақстанның геостратегиялық басымдылығы үш бірдей әлеуметтік-
экономикалық және әлемдік қатынастардың саяси орталығына негізделеді.
Олар Солтүстік Америка, бірігу бағытындағы Еуропа және Тынық
мұхит аймағы. Орталық Азияда орын тепкен жас мемлекетке дүниежүзілік
экономикалық кеңістікке шығу әлдеқайда тиімді.

Қазақстанның геосаяси жағдайы, қазақстандық өнімдерді дүниежүзілік
рынокқа шығару жолдарын іздестіру қажеттігі жан-жақты халықаралық
байланыстар орнатуға қосымша негіз болды.

Қазақстан және халықаралық ұйымдар

Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси жаһандау үдерістері
халықаралық құқықтың басты-басты қағидаларын алға қойып отыр. Қазақстан
жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында халықаралық құқықтың
көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді.

Сондықтан да жас мемлекет үшін БҰҰ, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) — (Еуропадағы кауіпсіздік
және ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық Еуропалық даму және қайта құру
банктері, Халыкаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, т.б. сияқты ірі-ірі
халықаралық ұйымдарға мүше болуы аса маңызды жағдай.

1992 жылғы 2 наурыздағы БҰҰ Бас Ассамблеясыныц (БҰҰ БА) 46-сессиясында
Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке алу жәніндегі қаулыға қол
қойылды. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып,
Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікке бағытталған қызметіне белсенді түрде қолдау
көрсетті. 1996 жылы Қазақстан БҰҰ-ның, бейбітшілікті қолдайтын шараларына
қатыса алатын резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51 - мемлекетке
айналды.

1998 жылы 16 қарашада БҰҰ БА-ның 53-сессиясы Халықаралық ыңтымақтастық
және тұрғындарды сауықтыру Қазақстандағы Семей аумағының экологиясы мен
экономикалық дамуы мақсатындағы жұмыстарды үйлестіру деп аталган қарар
қабылдады. Қазақстан басқа да халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесіне
айналды. 1998 жылы республика БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік
кенесі (ЭӘК) жанындағы комиссия құрамына кірді. Қазақстанның БҰҰ-ның
балаларға көмек қорымен (БКҚ) ынтымақтастығы кең түрде даму үстінде.
Республикада Бала мен ана денсаулығы, Базалық білім беру, Сумен
қамтамасыз ету және санитария ісі және басқа да бағдарламалар бойынша
жұмыстар жүргізілді. 1997 жылы Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек
қорының Атқару Кеңесіне мүше болды.

1996 жылы мамырда ЮНЕСКО (БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет
мәселелерімен айналысатын ұйымы) делегациясының Алматыға сапары кезінде
үлкел ғаламдық ЮНЕСКО бағдарламаларын (Адам және биосфера, Халықаралық
гидрология) жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. 1997 жылғы
қарашада ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас конференциясында Қазақстан ЮНЕСКО-н ың
Атқару Кеңесінің мүшелігіне қабылданды. 1994—1995 жылдарда ЕҚЫҰ-ның
төмендегідей құрылымдарымен тұрақты ынтымақтастық байланыстар орнады: аз
санды ұлттар жөніндегі институты, демократиялық институттар мен адам
құқығы бюросы. 1999 жылдың қаңтарынан бастап Алматыда ЕҚЫҰ орталығы тұрақты
жұмыс істейді.

Қазақстанның сыртқы саясаты

Халыкаралық байланысты жүзеге асыруда Қазақстанның сыртқы саясаты дүние
жүзінде қалыптасқан жағдайға байланысты көпбағыттылығын ескеру принципінен
шығуы керек. Дүние жүзіндегі саяси және экономикалық үдерістердің ғаламдық
сипаты жағдайында, жекелеген елдер қауіпсіздігіне кепілдік ұжымдық күш-
жігермен ғана қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы өзімен шекаралас
елдердің бәрімен сенімге негізделген тату көршілік қатынас орнатуға
тырысады. Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстан қауіпсіздік жүйесін құруға
арналған және халықаралық ынтымақтастықтың барлық деңгейіндегі қарусыздану
ісіне міндетті түрде қатысады. Оның бірнеше деңгейі бар:

• Қазақстанның ТМД-дағы халықаралық кауіпсіздік және қарусыздану
саласындағы ықпалдастық саясаты;
• Қазақстанның Азияда бейбітшілікті және тұрақтылықты қолдау туралы ұйым
құру ұсынысы;
• Қазақстан халықаралық БҰҰ, ЕҚЫҰ және т.б. ұйымдарға
қатысып, қарусыздану және бейбітшіл ікті қолдау саясатын жүзеге
асырады.

Қауіпсіздікке кепілдік алуға қол жеткізу үшін Қазақстан бірқатар сыртқы
саясат әрекеттерін қарастырды. 1992
жылы Ташкентте Қазақстанның, Қырғыз стан, Тәжікстан, Белоруссия, Армени я, Әзі
рбайжан, Грузия мен Өзбекстанның ба сшылары бас қосып, Ұжымдық қауіпсіздік
туралы Келісімге кол қойды. Мемлекет басшылары жөнө ТМД Біріккен Қарулы күш
Бас қолбасшыларынан тұратын Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі құрылды. 1999 жылы
14 қыркүйекте Алматыда АӨСШК мүшелері — 15 мемлекеттіц Сыртқы істер
министрлерінің кездесуі өтті.

1995 жылы үш республика — Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызс тан басшылары
БҰҰ Бас хатшысына БҰҰ қарамағындн Біріккен ортаазиялық бейбітшілік сақтау
батальоның (ОртАзБат) құру туралы ұсыныс енгізді. 1997 жылы ОртАзБаттың
алғашқы оқу- жаттығулары өткізілді. 1996 жылы бес мемлекет
— Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Рес ей және Тәжікстан әскери салада және
шекаралық аудандарда сенім шараларын нығайту туралы Келісімге қол қойды.
1997 жылы шекаралық аудандардағы қарулы күштерді келісімді қысқарту туралы
Келісімге қол қойылды. Бұл келісімдер Қытаймен шекара жөніндегі дауды
реттеуге негіз болды. 2001 жылғы көктемде бұл Келісімге Өзбекстан
қосылып, Шанхай бестігі Шанхай ынтымақ тастық ұйымы (ШЫҰ) болып құрылды.

Республика ішінде жүргізіліп жатқан реформаларды қамтамасыз ету жөнінде
де бірқатар міндеттердің бар екені белгілі. Оларды атап айтсақ:

• Қазақстан экономикасы үшін дамыған мемлекеттер және
жекелеген қаржы ұйымдары тарапынан қаржы салымын тарту;
• экономикалық міндеттер, экологиялық мәселелер,
дүниежүзілік коммуникацияға шығу үшін қаржы тарту және практикалық
көмек көрсету;
• әр түрлі мәселелер бойынша халықаралық ақпараттармен алмасуға қатысу;
• Қазақстандық экономиканың, ғылым мен басқарудың әр түрлі салалары үшін
шетелдерде мамандар даярлау бағдарламасын жүзеге асыру;
• шетелдердегі Қазақстан азаматтарыны ң мүддесі мен құқықтарын қорғау;
• шетелдік серіктестермен еліміздің сауда-экономикалық байланыстарын
кеңейту.

Аталған бағыттар бойынша Қазақстанның дипломатиялық қызметін тұрақты
жүзеге асыру біздің еліміздің ұзақ мерзімдік басым бағытын іске қосуға
мүмкіндік береді.

Қазақстанның сыртқы саясаты 1991 жылдан 2001 жылға дейінгі 10 жыл ішінде
күрделі даму жолынан өтті. 1991—1993 жылдары Қазақстан халықаралык құқық
субъектісі ретінде әлемдік коғамдастыққа ену шараларын жүзеге асырды, дүние
жүзіндегі жетекші елдермен ынтымақтастықтың келісімдік-
құқықтық базасын қалыптастырды.

1994—1997 жылдары сыртқы саясат қызметінде мықты құкықтық база құру
жұмысы жалғастырылды, бірінші кезекке шет елдер стратегиялық ұлттық
мүдделерді қамтамасыз ету тетігін қалыптастыру міндеті шықты.

1997 жылдан бастап Қазақстанның сырткы саясатында үшінші даму кезеңі
басталды, ол ел алдында жаңа ғаламдық жағдайлар тууымен сипатталады.
Қазақстаниың сыртқы саясатындағы бағдары Қазақстан—2030 стратегиялық даму
бағдарламасында ашып көрсетілді.

2003 жылы Алматыда Бейбітшілік пен өзара келісім жөніндегі халықаралық
конференция мен Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің 1 съезі болып өтті.
2006 жылдың қыркүйек айында Астанада Бейбітшілік пен өзара келісім
Сарайында Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің II съезі болды.[1]

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік
сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге
талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді.
Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және
экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын
халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың
аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.
Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-
қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан
шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы
тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен
дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық
Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие.
Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық
корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл
түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi
мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің
мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму
мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық
сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия
аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-
қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш
мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел
мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет
басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брю ссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегера н, Таш
кент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми
сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша
мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi
арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық

Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және
экономикалық, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия
мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймақтың ең ipi
мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ
бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық
білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш
республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол
себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл
бірлестікке Қазақстаннан басқа
аймақтың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәж ікстан және Түрікменстан сияқты
мемлекеттері де кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия
мемлекеттері президенттерінің Астанаға іс-сапарл ары барысында және
Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары
барысында мемлекетаралық, саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-
қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер
қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын
нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай
серпін беріп отыр.

Ресей Федерациясымен ынтымақтастық

Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-
қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз
қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның
ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі
бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында
дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік
және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары
бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының біртұтас
спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты
қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және
экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді
әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық
Ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан
мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап
өтеді.

Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық

Біздің мемлекетіміздің тағы да бір көршілес елмен қарым-қатынасы серпінді
даму үстінде. Бұл - Қытай Халық Республикасы. Жыл сайын екі ел арасындағы
тауар айналымы өсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымактастық
салаларында көптеген ipi жобалар жүзеге асырылып отыр. Ұдайы қарым-қатынас
арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді.

Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық

Оған қоса Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен байланысы жылдан жылға
нығая түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылы
АҚШ-қа ресми сапары қазақстандық-американдық ара-қатынастың дамуына және
нығая түсуіне септік еткен маңызды шара болды. Сапар барысында екі ел
арасында болған сындарлы сұхбаттар кезінде қауіпсіздік, терроризммен күрес,
энергетикалық саладағы байланыстың дамуы және Қазақстан Республикасындағы
жоғарғы технологиялық, инновациялық өндірістерді дамыту процесіне
американдық компаниялардың ат салысуы талқыланды.

Мұсылман елдерімен ынтымақтастық

Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасының тереңдей түcyi турасында 2006-
2007 жылдар аралығында бұл байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап өтуге
болады. 2007 жылы ҚР Президенті
Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Катар, С ирия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми
сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті X.Мубарак және
Иордания королі Абдалла II келді. Бұның бәрі біздің еліміздің және ислам
мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгендігінің
бірден-бір белгісі болып табылады. Мысалға 2007 жылдың қараша айында
Елбасының Сирия Араб Республикасына ресми сапары елеулі оқиға болды. Бұл
біздің ел Президентінің араб және мұсылман әлемінде ықпалы зор Сирия
мемлекетіне деген алғашқы сапары болды. Бұл мемлекет территориясында
Қазақстанның тарихына тікелей байланысы бар ұлы ғұламалар жерленген. Олар
қазақ даласынан шыққан бүгінде Дамаскіде жерленген ұлы ғалым, ағартушы Әбу
Насыр Әл-Фараби мен аты аңызға айналған қолбасшы, әмірші Сұлтан Бейбарыс.
Осы ретте тарихи және мәдени мұраларды әрдайым сақтап, дәріптеген
Қазақстанның Дамаскідегі Әл-Фараби кесенесін салуға және Сұлтан Бейбарыстың
кесенесінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөліп отырғандығы да
кездейсоқтық емес. Бүгінгі күні республикамыз әлем ауқымындағы өзекті
Батыстың жетекші мемлекеттері мен ислам әлемі арасындағы Батыс — мұсылман
әлемі диалогын дамыту идеясын алға тартып отыр, әзірше бұл сыртқы істер
министрлері деңгейінде жүзеге асуда. Қазақстан аталмыш идеяны әлем діндерін
біріктірген және дінаралық сұхбат құруға мүмкіндік берген өзінің
халықаралық тәжірибесіне сүйене ортаға салуда. Бұған мысал мемлекетімізде
2003, 2006 және 2009 жылдарда үш рет өткен және халықаралық деңгейде жоғары
бағаға ие болған Әлем және дәстүрлі діндер басшыларының съезі. БҰҰ Бас
Ассамблеясының 62-i сессиясында сөйлеген сезінде ҚР Президенті Н.Ә.
Назарбаев болашақ съездің БҰҰ аясында өткізілуі туралы ұсыныс жасады.

Еуропа Одағымен ынтымақтастық

Соңғы жылдары Қазақстан Еуропа Одағына мүше елдер арасындағы қарым-қатынас
едәуір алға басты. Бұл ретте мемлекетіміздің ЕО-мен ЕО үштігі — Орталық
Азия елдері диалогы шеңберіндегі ара-қатынасын атап өту қажет. ЕО үштігі
— Орталық Азия елдері аясындағы соңғы кездесу 2007 жылдың көктемінде
Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласында өтті, оның барысында ЕО-
ның Орталық Азиядағы 2007-2013 жылдарға арналған стратегаясы талқыланды.
Сол жылдың 30 маусымында Берлин қаласында Еуроодақтың Орталық Азияға
қатысты Стратегиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Демократиялық реформалар
нәтижесінде қол жеткізілген Қазақстанның саяси, экономикалық жетістіктерін
халықаралық қауымдастықтың мойындауы және әлемдегі энергетикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің республиканың ықпалының өcyi
мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ТМД Төрағасы ретінде 2006 жылы Санкт-
Петербургте өткен G-8 саммитіне қатысуға мүмкіндік берді. Саммит аясында
Н.Ә. Назарбаев әлемдік және аймақтық державалардың басшыларымен кездесіп,
олармен болған сұхбат барысында екі жақты және көпсалалы ынтымақтастыққа
байланысты көптеген мәселелерді талқылады.

ТМД мемлекеттерімен интеграциялық процестері

Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде
болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет
бұрынғы КСРО республикаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда.
2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-
да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа
серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін
арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД
мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан
айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды.
2007 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше
мемлекеттер басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің
ұсынысы республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы
да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық
көшбасшылары жылына бip көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші
болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон тақырыбы
қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрағасы ретінде Қазақстан көлік және
коммуникация мәселесін талқылауды ұсынды. Бұрынғы кеңес кеңістігінде
экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық
Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға
Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан,
Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық
мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай
септік етуде.

Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық

Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және
оның халықаралық мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика
басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық
қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында
толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының
негізінде еліміз аймақтық, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында
халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде
Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ)
бұрынғы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге
2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары
Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты.
Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның
халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген
мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын
ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда
оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп
бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. Қазақстанның ЕҚЫҰ
төрағалық етуге ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша айында Мадрид
қаласында өткен ЕҚЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері
Кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бұл шешімнің нәтижесінде Қазақстан 2010
жылы ЕҚЫҰ төраға болуда. Мадрид құрылтайының шешімі халықаралық
қоғамдастықтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде соңғы 18 жылда қол
жеткізген жетістіктерінің маңыздылығын мойындағанының бірден бір дәлелі
болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның аталмыш халықаралық ұйымның төрағасы
ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті
мәселелерді шешу турасында бірталай ұсыныс жасай алатындығын айтып кету
керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның салмақты тәжірибесі
халықаралық деңгейде үлкен қызығушылыққа ие болып келеді және де ЕҚЫҰ
дамуына жағымды серпіліс беретіндігі анық. Өйткені ЕҚЫҰ-на төрағалық ету -
бұл Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне интеграциялануының,
ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы
тең құқықты сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады. Қазақстан
дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары
жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) жию идеясының жүзеге асқаны болып табылады.
Аталмыш идеяның Қазақстан басшысы 1992 жылдың қазанында айтқан болатын. Бұл
кезден бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер басшыларының саммитін 2002
және 2006 жылдары екі мәрте өткізіп үлгерді. Бұл басқосулар халықаралық
деңгейде үлкен бағаға ие болды. 2006 жылдың 17 маусымында Алматы қаласында
өткен АӨСШК II саммитінде Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік негізгі
мәселелерін форум қатысушылары біріге шешетіндігі сипатталған декларация
және де аталмыш ұйымның хатшылығы жайлы келісімге қол қойылды. Қазіргі
кезде АӨСШК-не азиялық 20 мемлекет мүше, 7 мемлекет және 3 халықаралық ұйым
бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш форумның жұмысы Азиядағы тұрақтылық пен
қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған, бұл ұйым бейбіт сұхбат және Азия
құрлығындағы күрделі геосаясаттық мәселелерді шешу алаңына айналды. ЭСКАТО-
ға мүше 62 мемлекеттен 400-ден астам делегат қатысқан Алматы қаласында
өткен Азия мен Тынық мұхиты мемлекеттерінің Экономикалық және әлеуметтік
комиссиясының (БҰҰ ЭСКАТО) 63-i сессиясы Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия
үшін маңызды шараға айналды. Бұндай дәрежедегі шара Орталық Азияда тұңғыш
рет өткенін атап өту қажет. Қалыптасып келе жатқан халықаралық жағдайда
халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға
ие болып келеді. Олардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты.
Осындай ұйымдардың бipi Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып табылады (ШЫҰ).
2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ)
құру бастамасына ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы
саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан,
Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал
бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан
кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалог арқасында Қазақстан саяси, сауда-
экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге
бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым
аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру
мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз
етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына
септік етті.

Жоғарыда айтып кеткен фактілер Қазақстанның тәуелсіздік жылдар ішінде
сыртқы саясатын белсенді жүргізетін нығайған, сенімді мемлекетке
айналғандығын көрсетіп отыр. Бұл мемлекет басшылығының сыртқы саясатты
дұрыс және тиімді жүргізуіне байланысты мүмкін болып отырғанын атап кету
керек. Экономикалық жетістіктеріміз де осыны аңғартады. Тәуелсіздік
жылдарында республикаға $50 млрд. көлемінде тікелей шетелдік инвестиция
құйылған. Мемлекеттің алтын валюта қоры тұрақты көбеюде. 1995 жылдан 2005
жылға дейін алтын валюта қорының көлемі 9 есеге көбейіп, ҚР Статистика
жөніндегі Агенттіктің мәліметі бойынша $15 085 млн. құраған. 2002 жылдың
наурызында АҚШ Қазақстанға нарықты экономикалы мемлекет деген дәрежені
берді. Бұл республика жүргізген нарықтық реформалар жемісінің белгісі.
Бүкіләлемдік экономикалық форум жария еткен 2006-2007 жж. әлемдік
бәсекелестік индексіне сәйкес Қазақстан Ресей, Түркия мемлекеттерін озып 56
орынды иемденді. Бұл тізім бойынша ҚР Орталық-Азия мемлекеттері арасында
көшбасшы. Кеңейген экономикалық мүмкіндіктер республика алдында жаңа сыртқы
саяси мақсаттар қойып отыр. Сарапшылар көзқарасы бойынша Қазақстанның
қарқынды дамып жатқан экономикасы тұрақтылық экспортері ретінде бүкіл
аймақ экономикасының дамуының катализаторы болуы мүмкін. Бұл ретте
қазақстандықтардың зияткерлік мүмкіндігі мен мемлекеттің табиғи байлықтары
негіз бола алады. Мұнай мен газдың үлкен қорлары бар республика болашақта
қалыптасып келе жатқан ғаламдық энергетикалық қауіпсіздік жүйесінде маңызды
рөл атқаратын әлемдік нарыққа көмірсутегін жеткізетін жетекші мемлекетке
айналуы әбден мүмкін.

Халықаралық ұйымдар
Халықаралық ұйымдар - мемлекеттердің немесе олардың құрылымдарының, сондай-
ақ қоғамдық ұйымдардың, ұлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы
қауымдастықтардың, әртүрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің
бірлесуі; қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік,
мәдени, ғылыми-техникалық және т.б.) салаларында ортақ мақсаттарға жету
үшін құрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып
табылады.Халықаралық ұйымдар XIX ғ. екінші жартысында пайда болды, ол
ұлттық мемлекет шеңберінен шыққан дамыған экономикалық және әлеуметтік-
саяси қатынастардың түбегейлі жаңа мәселелердің, трансұлттық міндеттердің
шешімін табуда бірлесудің, халықарaлық күшті жұмылдырудың объективті
қажеттілігінен туды. Алғашқы бұқаралық халықаралық ұйымдар - 1863 ж.
швейцарлық Анри Дюнан негізін қалаған Қызыл Крестжәне Бірінші интернационал
- 1864 ж. Лондонда К. Маркс пен Ф. Энгельс негізін қалаған Халықаралық
жұмысшылар жолдастығы. Алғашқы Халықаралық үкіметаралық ұйым -1874 ж.
қүрылған Жалпы пошталық одақ. Халықаралық ұйымдардың құрылуына түрткі
болған I және II дүниежүзілік соғыстар. Олар аяқталғаннан кейін әлем оның
зардабын талқылап, енді болдырмау үшін тиімді, оңтайлы халықаралық
қауіпсіздік жүйесін қүруға талпыныс жасады. Осылайша, 1919 ж. Ұлттар
Лигасы қүрылды. 1945 ж. Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы
қабылданды. XX ғасырдың екінші жартысында күрт күшейген жаһандану
процестері, оған сәйкес әртүрлі елдер мен халықтардың өзара қарым-
қатынасының дамуы жаңа халықаралық ұйымдардың қүрылуына септігін тигізді.
XXI ғ. басында әлемде қызметі, мақсат-міндеттері, бірлесу түрі, қатысушылар
саны, өкілеттігі алуан түрлі ондаған мың халықаралық ұйым бар. Бірлесу
түріне байланысты халықаралық ұйымдар үкіметаралық және үкіметтік емес
болып бөлінеді. Үкіметаралық халықаралық ұйымдар мемлекеттер арасындағы
келісімдер мен шарттардың негізінде құрылып, қызмет етеді.Олар:
• Біріккен Ұлттар Ұйымы (1945),
• Халықаралық валюта қоры (1945),
• Дүниежүзілік сауда ұйымы (1995),
• Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы (НАТО, 1949),
• 'Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК, 1960) және т.б.

Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар қоғамдық құрылымдар мен ғылыми
қауымдастықтарды, жеке компанияларды, мекемелерді, мемлекеттің атынан
кіретін жеке тұлғаларды біріктіреді, үкіметаралық ұйымдарға қарағанда,
халықаралық құқық субъектісі болып танылмайды. Олардың ішіндегі
ықпалдылары: *Парламент аралық одақ (1889),

• Халықаралық Олимпиада комитеті (1894),
• Рим клубы (1968),
• Гринпис (1971) және т.б.

Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы

Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 ж ылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен
Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас
Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес,
қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді
позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Мемлекет
басшысы Н.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі
маңызды ұсынысты алға тартты. Оның біріншісі – барлық үкіметтердің ізгі
ниет білдіру тәртібімен “бір+бір” формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік
күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің
қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып
отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он
есеге өседі. Екінші ұсынысы – Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім
Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) шақыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы
көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның
сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқарды.

1992 жылдан бері Қазақстан тек қана халықаралық қауымдастықтың мүшесі
ретінде қабылданып қоймай, сонымен бірге онда өзінің лайықты орнын таба
білді.

Қазақстанның БҰҰ жүйесі жұмысына қатысуы еліміздің көпжақты дипломатиясының
басты бағыттарының бірі, ол елдің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға
септігін тигізіп, әлеуметтік-саяси, экономикалық және қоғамның т.б.
салаларында қолайлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шешім қабылдаудың жаңа түрі
Жалпы экономикалық кеңістікті құруда жағдай жасау
Қазіргі заман тарихындағы даму көрсеткіштерін жылдар бойынша сараптау
Қазақстан Республикасының ортақ халықаралық қауымдастықтағы орны
Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі
Орталық азиядағы миграциялық үрдістер, соның ішінде Қазақстанның миграциялық статистикасына талдау
Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның халықаралық саясатта алатын орны
Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы
Әлеуметтік реформалар және білім беру жүйесіндегі өзгерістер
Кеден Одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары 2000 жылы қазанда
Пәндер