Қазіргі қазақ мемлекеттігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігін талдап көрсетіңіз



1. Қазіргі қазақ мемлекеттігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігін талдап көрсетіңіз.
2. Ғұндар
3. Түрік ру.тайпалары
Керей мен Жәнібек хандар бастаған Қазақ хандығы бір мезетте пайда болған жоқ, оның тамыры ғасырлар қатпарларында жатыр. Біздің мемлекеттілігіміздің тари¬хы осыдан 2,5 мың жыл бұрын өмір сүр¬ген көшпелі сақ қоғамынан бастау алады. Далалық аймақта мемлекеттіліктің қа¬лып¬та¬суында тарихи үрдістің жалпы заңдылық¬тарымен қатар, тек қана көшпелі қоғамға тән ерекшеліктер де көрініс тапты. Ұлы Даланың кез келген көшпелі қоғамында негізгі мал шаруашылығынан бастап, жер өң¬деу, қала¬лар мен қоныстар салу, т.б. мәдени-ша¬р¬уа¬шылықтың бірнеше түрлері болды. Негізінде, таза көшпелі қоғам болған емес, ол үнемі жартылай көшпелі және жартылай оты¬рықшы сипатта өтті. Сондықтан да, ғы¬лыми әдебиеттердегі қолданылып жүрген көш¬пелі қоғам мен көшпелі мемлекет деген ұғымдардағы «көшпелі» сөзі шартты мағы¬наға ие.
Ұлы Дала халықтары мен тайпаларының басым түрде мал шаруашылығымен шұғыл-дануы және жағрапиялық ортаның әсері дала өркениетінің дамуына, көшпелі мем-лекеттіліктің өзіндік ерекшеліктерінің қа¬лып¬тасуына, құрылуына алып келді.
Қазақстан территориясында ежелгі және орта ғасырлар дәуірінде мемлекеттілік үрдісі екі басты белгілермен сипатталады, олар – үздіксіздік және сабақтастық. Қазақ хан¬дығы құрылғанға дейін сабақтастық байланыста 18 көшпелі мемлекет өмір сүрді.
Қазақстан аумағында мемлекеттіліктің пайда болуы негізгі шаруашылығы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болған сақ қоғамымен (б.з.д. VІІІ-IІІ ғғ.) байланысты. Көшпелі өмір салтының арқасында сақ тайпалары Ұлы Даланы игере алды. Сақтарды көзімен көргендер олар ержүрек жауынгер, жылқы мен қой түліктеріне бай деп сипаттайды. Сақтар ат құлағында ойнап, садақ атуда мерген болған. Ежелгі грек тарихшысы Геродот оларды дүниежүзіндегі ең мерген халық деп бағалаған.
Сақтар ерте таптық қоғамның қалыптасу дәрежесінде болды. Оларда үш әлеуметтік топ ерекшеленеді: көсемдер, абыздар жә¬не қауым мүшелері (малшылар мен егіншілер). Жоғары дәрежелі көсемдер (патшалар) жауынгерлер қатарынан шыққан. Патшаны Құдай таңдайды, олар Жер мен Көктің арасындағы елші деп саналған. Сақтардың мәдени шығармашылығындағы ерекше құбылыстардың бірі «аңдық стилі» деп аталған бейнелеу өнері болды. Бұл стиль олардың дүниетанымының көрінісі мен мифологиясының бейнелеу өнерінде іске асуы және көшпелілер идеологиясын көр¬сетудің ерекше белгілік жүйесі ретінде қалып¬тасқан. Бұл олардың көркемдік ой-өрісінің дамығандығын және металдар технологияларын жоғары дәрежеде мең¬гергендігін білдіреді. Б.з.д. V-IV ғғ. сақтарда мемлекеттіліктің басты белгісі – жазу пайда болған. Осылайша, сақтарда мемлекеттің қалыптасуы мен жазудың пайда болуы өзара байланыстағы және бір мезеттегі үр¬діс болды.
Сақ қоғамында басталған мемлекеттің пайда болу үрдісі ішкі Азияда (б.з.д. ІІІ ғ.) алғашқы көшпелілер империясын құр¬ған ғұн қоғамының дамуында, одан әрі Орта¬лық Азиядағы түптүріктік мемлекеттік құры¬лымдарда жалғасын тапты. Сақ тайпаларының Жетісудағы мұра¬герлері үйсіндер, ал Сырдария бассейні мен Қазақстанның оңтүстігінде қаңлылар болды. Олар (б.з.д. ІІ ғ.) күшті мемлекеттер құрған еді. Үйсіндер мен қаңлылар көшпелі малшылар болды, олардың жекелеген топтары жер өңдеумен, қолөнермен шұғылданып қалалар мен қоныстарға иелік еткен. Билеушілердің жеке ұландары жоғары биліктің басты тірегі болған. Әскери-әкімшілік басқару жүйесіне сәйкес мемлекет жері үш бөлікке бөлінген: сол қанат, орталық және оң қанат. Көшпелі мемлекет орталығы ордада орналасты. Мұнда әскери-әкімшілік, саяси, шаруашылық және мәдени сипаттағы шешімдер қабылданып отырған.
Үйсіндер мен қаңлылардың билеушілері бір мезетте мыңдаған әскер шығарған. Көш¬пелі қоғамдарда әлеуметтік және мүліктік теңсіздіктер орын алған. Үйсіндердің әскери-тайпалық ақсүйектері бес мың жылқыға дейін иелік еткен, ал ол байлықтың басты көрсеткіші еді. Осы мемлекеттердің территориясы арқылы өткен Ұлы Жібек жолы үлкен пайда әкеліп отырды.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі қазақ мемлекеттігінің республика территориясындағы ежелгі
мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігін талдап көрсетіңіз.
Керей мен Жәнібек хандар бастаған Қазақ хандығы бір мезетте пайда
болған жоқ, оның тамыры ғасырлар қатпарларында жатыр. Біздің
мемлекеттілігіміздің тарихы осыдан 2,5 мың жыл бұрын өмір сүрген
көшпелі сақ қоғамынан бастау алады. Далалық аймақта мемлекеттіліктің
қалыптасуында тарихи үрдістің жалпы заңдылықтарымен қатар, тек қана
көшпелі қоғамға тән ерекшеліктер де көрініс тапты. Ұлы Даланың кез
келген көшпелі қоғамында негізгі мал шаруашылығынан бастап, жер өңдеу,
қалалар мен қоныстар салу, т.б. мәдени-шаруашылықтың бірнеше түрлері
болды. Негізінде, таза көшпелі қоғам болған емес, ол үнемі жартылай
көшпелі және жартылай отырықшы сипатта өтті. Сондықтан да, ғылыми
әдебиеттердегі қолданылып жүрген көшпелі қоғам мен көшпелі мемлекет
деген ұғымдардағы көшпелі сөзі шартты мағынаға ие.
Ұлы Дала халықтары мен тайпаларының басым түрде мал шаруашылығымен
шұғылдануы және жағрапиялық ортаның әсері дала өркениетінің дамуына,
көшпелі мемлекеттіліктің өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуына,
құрылуына алып келді.
Қазақстан территориясында ежелгі және орта ғасырлар дәуірінде
мемлекеттілік үрдісі екі басты белгілермен сипатталады, олар –
үздіксіздік және сабақтастық. Қазақ хандығы құрылғанға дейін
сабақтастық байланыста 18 көшпелі мемлекет өмір сүрді.
Қазақстан аумағында мемлекеттіліктің пайда болуы негізгі шаруашылығы
көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болған сақ қоғамымен
(б.з.д. VІІІ-IІІ ғғ.) байланысты. Көшпелі өмір салтының арқасында сақ
тайпалары Ұлы Даланы игере алды. Сақтарды көзімен көргендер олар
ержүрек жауынгер, жылқы мен қой түліктеріне бай деп сипаттайды. Сақтар
ат құлағында ойнап, садақ атуда мерген болған. Ежелгі грек тарихшысы
Геродот оларды дүниежүзіндегі ең мерген халық деп бағалаған.
Сақтар ерте таптық қоғамның қалыптасу дәрежесінде болды. Оларда үш
әлеуметтік топ ерекшеленеді: көсемдер, абыздар және қауым мүшелері
(малшылар мен егіншілер). Жоғары дәрежелі көсемдер (патшалар)
жауынгерлер қатарынан шыққан. Патшаны Құдай таңдайды, олар Жер мен
Көктің арасындағы елші деп саналған. Сақтардың мәдени
шығармашылығындағы ерекше құбылыстардың бірі аңдық стилі деп аталған
бейнелеу өнері болды. Бұл стиль олардың дүниетанымының көрінісі мен
мифологиясының бейнелеу өнерінде іске асуы және көшпелілер идеологиясын
көрсетудің ерекше белгілік жүйесі ретінде қалыптасқан. Бұл олардың
көркемдік ой-өрісінің дамығандығын және металдар технологияларын жоғары
дәрежеде меңгергендігін білдіреді. Б.з.д. V-IV ғғ. сақтарда
мемлекеттіліктің басты белгісі – жазу пайда болған. Осылайша, сақтарда
мемлекеттің қалыптасуы мен жазудың пайда болуы өзара байланыстағы және
бір мезеттегі үрдіс болды.
Сақ қоғамында басталған мемлекеттің пайда болу үрдісі ішкі Азияда
(б.з.д. ІІІ ғ.) алғашқы көшпелілер империясын құрған ғұн қоғамының
дамуында, одан әрі Орталық Азиядағы түптүріктік мемлекеттік
құрылымдарда жалғасын тапты. Сақ тайпаларының Жетісудағы мұрагерлері
үйсіндер, ал Сырдария бассейні мен Қазақстанның оңтүстігінде қаңлылар
болды. Олар (б.з.д. ІІ ғ.) күшті мемлекеттер құрған еді. Үйсіндер мен
қаңлылар көшпелі малшылар болды, олардың жекелеген топтары жер
өңдеумен, қолөнермен шұғылданып қалалар мен қоныстарға иелік еткен.
Билеушілердің жеке ұландары жоғары биліктің басты тірегі болған. Әскери-
әкімшілік басқару жүйесіне сәйкес мемлекет жері үш бөлікке бөлінген:
сол қанат, орталық және оң қанат. Көшпелі мемлекет орталығы ордада
орналасты. Мұнда әскери-әкімшілік, саяси, шаруашылық және мәдени
сипаттағы шешімдер қабылданып отырған.
Үйсіндер мен қаңлылардың билеушілері бір мезетте мыңдаған әскер
шығарған. Көшпелі қоғамдарда әлеуметтік және мүліктік теңсіздіктер орын
алған. Үйсіндердің әскери-тайпалық ақсүйектері бес мың жылқыға дейін
иелік еткен, ал ол байлықтың басты көрсеткіші еді. Осы мемлекеттердің
территориясы арқылы өткен Ұлы Жібек жолы үлкен пайда әкеліп отырды.
Аталған қоғамдарда жазу болған, сонымен қатар, мөрлерді қолданған.
Үйсіндер мен қаңлылар өздерімен шекаралас және алыс-жақын елдермен
тығыз әскери-саяси, сауда қатынастарында болған.
Қазақстанның территориясында ғұндардың саяси билігінің таралуынан
кейін, Тарбағатай таулары мен Каспий жағалауы аралығында, олар қытай
деректерінде (б.з.д. ІІ ғ.) кездесетін Юэбань деп аталған мемлекеттік
бірлестік құрды. Бұл мемлекеттік бірлестік V ғасырға дейін өмір сүрді.
Юэбань мемлекетінде ғұн империясының дәстүрлері жалғасын тапты. Төрт
ақсүйек тайпаларынан әскери-тайпалық шонжарлар шығып отырды. Жоғарғы
билеуші – шаньюй тек қана Люаньди әулетінен тағайындалған. Сонымен
бірге, Люаньди әулеті қалған үш тайпамен құдандалық байланыста болды.
Бұлар бетке ұстар ғұн ақсүйектері еді. Шаньюйдің басшылығымен бір
әулеттің мемлекетті басқаруы – көшпелі қоғамдағы жоғарғы биліктің
ерекшелігінің көрінісі. Ғұндардың өмірінде ру-тайпалардың иерархиясы
маңызды рөл атқарған. Қоғамдық сатының ең төменгі деңгейінде ғұндардың
тайпалық жүйесіне қосылған, жаулап алынған тайпалар тұрды.
Шаньюйдан кейін оң және сол жақта кемеңгер бекзадалар орналасқан.
Ережеге сай олар шаньюйдың ұлдары немесе жақын туыстарынан
тағайындалған. Олар мемлекеттің батыс және шығыс территорияларына
басшылық етіп, сонымен қатар, әскердің оң және сол қанаттарына өз
биліктерін жүргізген. Бұдан төменіректе 24 аймақтың басқарушылары
болды, олардың өздері әртүрлі мансаптарға иелік еткен әскербасылары
еді. Шаньюйдің билігі Көк Тәңірінің қолдауымен дәріптеліп, қатаң түрде
мұрагерлікпен беріліп отырған. Шаньюй билігінің табиғаты ғарыштық
кеңістіктің негізгі сипаттамасына сай келген. Аспан мен Жер өмір күші
ретінде, ал Ай мен Күн – жетілдіру күші ретінде сияпатталады. Яшмадан
жасалған мөр – шаньюй билігінің белгісі болған.
Ұйымдacтыpy мен санақ жүргізуге жеңіл болу үшін, әскер мен халық
ондыққа, жүздікке, мындыққа, он мыңдыққа топтастырылды. Б.з.д. II ғ.
бастап ғұндар адам мен мал санағын жүргізді, сол санақтың нәтижесіне
қарай салық салынып, мал басынан алым алынып отырды. Мемлекетте ic
қағаздар айналымы жүргізіліп, кұжаттар мен заңдар қолданылды. Ғұндарда
өз территорияларын қорғаған шекара қарауылдары болған. Шаруашылық
негізін көшпелі мал шаруашылығы құрады. Жылқы түлігін өcipyгe айрықша
көңіл бөлінді. Ғұндардың мыңдаған әскері аттарының түсіне қарай (күрең,
боз, қара, құла) төрт әскер құрады. Сарбаздар жақсы жаттықтырылған,
төзімді, мемлекеттің құдіретті күші болып саналды. Хуханье деген ғұн
шаньюйінің Ғұндар ат үстінде айқасып мемлекет құрды деген қанатты
сөзі де бар.
Ғұндар заманында тек қана тұтқынға түскендер құлдар санатына жатқан.
Ғұндардың өз саны 1,5 млн. болғанда, олар 190 мың құл ұстады, демек,
халықтың 101-і құлдар еді. Ғұндар қауымында мал мен құлға жеке меншік
қалыптасты. Соғыста ғұндардан жеңіліс тапқан халықтарға алым-салық
салынды. Ғұндардың мемлекеттілік дәстүрі Орталық Азиядағы көшпелі
мемлекеттерге нақты үлгі болды.
VI ғасырда алғашқы еуразиялық империя Түрік қағанаты дүниеге келді,
соның нәтижесінде Қазақстан территориясында мемлекеттіліктің жаңа
белесі басталды. Қытай тарихнамасы түрік тарихын ғұн мемлекетінің
ыдырауымен байланыстырады. VI ғасыр ортасында түріктер Қазақстан мен
Орта Азияны бағындырды. Кейінірек, қағанаттың шекарасы кеңейіп,
Солтүстік Кавказ бен Қара теңіз жағалауына жетті, Иран және Византия
елдерімен қарым-қатынас орнатты.
Түріктердің этногенезінің орталығы біртіндеп моңғол жерінен Қазақстан
территориясына жылжыды. VI-VII ғасырларда көне түріктердің әскери-
әкімшілік басқару жүйесі Қазақстанның түркітілдес этностарының ортасына
орнықты. Қазақстан аумағы Түрік қағанатының саяси және мәдени ықпалына
енді.
Түріктердің ұғымы бойынша қаған олардың мемлекеттілігінің тірегі мен
мемлекеттің бейнесі болған. Қағанның әулеттік руы Ашина болды. Аңыз
бойынша олар қасқырдан таралған. Түрік қағаны Көктің еркімен билік
еткен. Олар оны екі тұрғыда түсінген – Аспан ретінде және жоғары
құдірет Тәңір ретінде. Көне түріктер қағанды Көктің ерекше дарынына –
ерекше күш пен қасиетіне ие екендігіне сенген. Көне түрік жазбалары
бойынша қаған мен оның әулеті Көктің, Жер мен Судың және түрік жұртының
қолдауымен өмірге келіп отырған.
Қағанның ордасында әскердің бас қолбасшысының туы мен мемлекеттік
басқару ұйымдары болған. Әскери-әкімшілік басқармасында 29 билік
дәрежесі болды. Жоғары билік 5 дәрежеден тұрды: ябғу, шад, тегін,
елтебер және тұтұқ. Ал қалған 24-i төменгі дәрежеге жатты да,
қағанаттағы барлық дәрежелер мұрагерлікпен берілді. Қағанның жақын
ортасын бөрі ұландары құрады, олардың туында қасқырдың басы
бейнеленді. Қағанатты басқарудың дәстүрлі қалпына орталық, шығыс және
батыс қанаттары енді, олар басқарудың тұрақтылығы мен қорғанысын
қамтамасыз етті.
Түріктер әзірленген әдеттегі құқыққа ие болды. Олар өздеріне тәуелді ру-
тайпалардан алым-салық алып отырды. Әскери міндеткерлік те болды. Әр
территория мен оның халқы ондаған, жүздеген, мыңдаған және түмен әскер
шығара алды. Әлеуметтік тұрғысынан тайпалар өзара қатаң иерархиялық
қатынастармен шартталған ақсүйек, бағынышты және тәуелді топтарға
бөлінді.
Түрік ру-тайпаларының шаруашылығының негізі көшпелі мал шаруашылығы
болды. Халықтың кейбір топтары егіншілікпен айналысып, отырықшы өмір
сүрді. Қала мен дала біртұтас экономикалық тұрмыстың өзара байланыстағы
салаларына айналды. Түріктер қоғамында малға, құлдарға және басқа да
дүние-мүліктерге жекеменшік үстемдік етті. Малдарға әр рудың таңбасы
басылды.
Түріктердің идеологиялық негізі – Тәңірге (Көкке) және Жерге табыну.
Оларда мемлекеттік діни-сенім болды. Сонымен қатар, манихейлік те,
зароастризм де, буддизм де ішінара таралды. Дәуірдің ең жоғары
жетістіктерінің бірі – көне түрік жазуының кең таралуы еді. Жазудың
пайда болуы әкімшілік және дипломатиялық тәжірибенің, мемлекеттік
актілер мен дәстүрлерді тіркеу қажеттілігімен байланысты.
Батыс Түрік қағанатының ыдырауына байланысты Қазақстан территориясында
үш мемлекеттік бірлестік пайда болды, олар: Сырдария мен Арал маңында
Оғыз мемлекеті, Жетісуда Қарлұқ мемлекеті, ал Орталық, Солтүстік пен
Шығыс Қазақстанда Кимек қағанаты дүниеге келді. Осы аталған IХ-Х
ғасырлардағы этносаяси бірлестіктер Түрік қағанаттарының мемлекеттік-
әкімшілік, әскери және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерін жалғастырды.
Олардың қоғамдық құрылымы, саяси ұйымның ұқсастығы, этносаяси туыстығы,
өмір сүруінің уақыты далалық империяларды біршама толық тарихи-мәдени
кезең деп қарастыруға мүмкіндік береді.
ІХ-Х ғасырлардағы араб шығармаларында түрік тайпаларының алғашқы
мемлекеттік құрылымдары туралы мәліметтер кездеседі. Түрік халықтары
жайлы көптеген нақты мәліметтерге ие болған әл-Яқуби: Түркістан мен
түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге (мамаликтерге) бөлінеді... Әр
түрік халқы жеке мемлекет, олар бір-бірімен соғысып тұрады, деп жазды.
Араб географы Ибн әл-Факих: Түріктерде оғыздар, кимек және тоғыз
оғыздар құрметтеледі, олардың әрқайсысыларының патшалары бар деген
мәліметтер келтіреді. Кимек билеушісінің құдіреті жоғары болған. ІХ
ғасырлар соңынан бастап ол жоғарғы қаған лауазымын иеленген.
Мемлекеттегі билік қағандар шығып отырған әулеттік рудың қолында болды.
Саяси-әлеуметтік дамудың барысына карай, ру-тайпалық қауымнан
мемлекеттік құрылымға дейінгі сатыда олардың басшылары мансаптық
дәреженің төменгі сатысынан жоғарғы сатысына дейін өciп отырады.
Кимектердегі қаған, ябғу, шад, тұтұқ лауазамдарының көне түріктер
ортасында болғандығын дереккөздерден кездестіреміз. Мұның өзі өзара
сабақтастықты білдіреді. Көне түрік мемлекеттік құрылымдарындағы
дәстүрлі әкімшілік-территориялық жүйе – қанаттар жүйесі – Кимек
мемлекетінің басқару құрылымында көрініс тапты. Бірлестіктің шығыс жағы
Ертіс маңында болды, батыс жағы – Жайық пен Ембі өзендерінің аралығын
қамтыды.
Кимек мемлекетінің құрылу барысында ру-тайпалардың сандық құрамы
өзгерді. Худуд әл-алам (Х ғ.) мен әл-Идриси (ХІІ ғ.) мәліметтері
бойынша мемлекет негізі 12 тайпадан құралды. Қыпшақтар мен құмандар
мемлекет құрамындағы ірі тайпалық бірлестіктер болды. Бұл тайпалар
Кимек қағанатының құрамына кіре отырып, ХІ ғасыр басына дейін саяси
бағыныштылықта болды.
Қаған нақты билікке ие еді. Билеушілер мен тайпа шонжарларын тағайындап
отырды. Тайпалық ақсүйектер мен хан руында, қаған отбасының ішінде
мұрагерлік билік институты жұмыс істеді. Қағанның 11 билеушісінің
билігі мұрагерлікпен беріліп отырды. Олар негізінде кимек қағына
бағынды. Ірі тайпалық бірлестіктердің басында тұрған әскери-әкімшілік
аймақтардың билеуші-көсемдері өздерінің саяси салмақтарын нығайтуға
және жеке-дара билік етуге ұмтылды.
Кимектердің негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы еді. Кимек
ханзадасы Жанах бен әл-Кимектің еңбегіне сүйенген араб географы әл-
Идриси өзен-көлдердің жағалауларындағы, таулы аймақтардағы, кен
орындарының маңындағы, керуен жолдарының бойындағы кимек қалалары
туралы жазады. Ортағасырлық деректер мен археологиялық материалдар
кимек қоғамында әлеуметтік топтардың, алым-салықтың, көне түрік
жазуының болғандығын көрсетеді. Кимектерде көне түрік діни сенімдері
болған. Тәңір мен ата-баба аруағына сену маңызды орын алған. Халықтың
жекелеген топтары отқа, күнге, жұлдызға, өзен-сулар мен тауларға
табынған. Діннің ең көп тараған түрі шаманизм болды. Ақсүйектер
арасында ислам діні кең тарады, сонымен бірге, манихейлік дін де өріс
жайды.
Кимек қағандары жауынгер болған. Бірақ көршілес халықтардың бір-біріне
жасап отырған шабуылдары көп жағдайда бейбіт қатынаспен аяқталып
отырған. Бұған кимектердің жерінде Шығыс Еуропадан, Орталық Азиядан,
Шығыс Түркістаннан және Оңтүстік Сібірден келіп түйісіп жатқан көптеген
сауда-керуен жолдары дәлел бола алады. Ұлы Жібек жолының негізгі
тармақтақтарынан қаған ордасына бағытталған керуен жолдарының жүйесі
болған.
Х ғасыр ортасына қарай Қарлұқ қағанаты қоғамында мұсылман әлеміне бет
бұра бастаған топтар пайда бола бастады. Осылайша жаңа түрік
державасының – Қарахан мемлекетінің құрылуына негіз қаланды. Қарахан
түріктерінің мұсылмандануы миссионерлердің қысқа мерзімдегі әсерінен
болмаған. Бұл исламның түрік қоғамы ортасына біртіндеп ену үрдісіне
байланысты еді. Соның нәтижесінде, көне түрік жазуын араб жазуы
алмастырды. Қарахан мемлекеті түрік қағанаттарының дәстүрлерін
жалғастыра отырып, экономикаға және әлеуметтік жағдайға кейбір
өзгерістер енгізді. Қазақстан территориясындағы көшпелі қоғамдардың
саяси құрылымдарынан айырмашылығы, Қарахан мемлекетінде әскери басқарма
әкімшіліктен бөлек болды. Аталған құрылымдар да иерархиялық қағидатқа
негізделді. Мемлекет үлестерге бөлінді, оған билік еткен билеушілер өз
аттарынан тиын соқтыруға дейінгі үлкен құқықтарға ие болған.
Қарахан мемлекетінде әскери ру-тайпалық жүйе маңызды әлеуметтік-саяси
институт болды. Қарахандар өз жақындары мен туыстарына белгілі-бір
аймақ халықтарынан өз пайдаларына алым-салық жинап тұруға рұқсат берді.
Түрік тайпалары жер өңдеу мен қала мәдениетіне белсенді түрде ауыса
бастады. Осындай үрдістердің барысында бір тілді және жазу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени-тарихи мұрадағы, патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
ҚР мемлекет және құқық тарихы
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер
Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу
Қазақ мемлекеттігінің құрылуы
“Қазақ” этнонимінің қалыптасуы жайындағы мәселелер
Найман мен керейіт тайпалар одақтары
Демократиялық мемлекеттің құрылыс формасы мен режим
Қазақ мемлекеттігі дипломатиялық қарым-қатынасының тарихы
Қазақстан этностық ортақтығының БАҚ-тағы көрінісі тарихы, мәселелері, келешегі
Пәндер