Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуiнің жалпы сипаттамасы


КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының 1991 жылы тәуелсiз ел болғаннан кейiн, жас мемлекетiмiз үшiн күрделi тарихи кезең басталды. Нарықтық экономиқаға бейiмделу елiмiздегi қоғамдық қатынастардың жан-жақты сапалы және сапасыз, қолайлы және қолайсыз бағыттарда өзгерулерiмен сипатталады. Қолайсыз жақтарын алып қарайтын болсақ, 1991-2002 жж. аралығында экологиялық қылмыстар саны күрт өстi, нақтырақ алсақ бұл қылмыстардың сапалы сипаттамалары. Елiмiзде құқыққа қарсы әрекеттердiң жаңа түрлерi қалыптасуда, қылмыстылық ұйымдасқан сипатқа ие болды. Қылмыстық топтардың халықаралық байланыстары кең тарауда, оның iшiнде қылмыстық ұйымдардың лауазымды тұлғалармен сыбайластық қатынасқа түсу әрекеттерде орын алуда. ҚР-да экологиялық қылмыстардың жекелеген түрлерi бүгiнгi күнде ұйымдасқан қылмыстың негiзгi элементтерi ретiнде көрiнiс табуының қаупi төнiп отыр. Пайдаланбаған ресурстардың мол көлемде болуы мемлекетiмiздiң тұрақтану кезеңiнде қылмыстық iстерiнiң обьектсi болып табылуда тиiстi қылмыстық ұйымдарға қолайлы жағдайды қазiргi кезде елiмiзге қажеттi капиталды тартуға бағытталған лауазымды тұлғалардың асығыс қабылдаған шешiмдерi қалыптастырылуда. Оған мысалы: 1993 жылы Қазақстан Республикасының экология және биоресурстар министрлігі Республикамыздағы қызыл кiтапқа енген сұңқар құстарын аулауды көздейтiн 10 жыл мерзiмге жасалған екi жақты келiсiмiн алуға болады. Осы екi жақты келiсiмге сәйкес ауланған сұңқар құстары кеден арқылы салық салынбай өткiзiлуi жүйеге асты, сонымен қатар Сауд Арабиясынан келген шетелдiк азаматтар тарапы Қазақстан Республикасында «шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келiп-кету ережесiн» бұзылуы орын алды.
Жоғарда айтылған заңсыз аң аулау тек қана экология және биоресурстары минстрлiгi рұқсатымен ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының сыртқы iстер министрлiгi де айтарлықтай деңгейде көрiнiс тапты Қызыл кiтапқа енген құстарды заңсыз қудалағаны үшiн 2012-2013 жж. құқық қорғау органдырының 114 шетел азаматтар ұсталған болатын. Бүгiнгi күнде бұл көрсеткiш ұлғаюда десек қателеспеймiз.
Су жануарлырын заңсыз аулауда ұйымдасқан қылмыстың негiзгi элементтерi болып табылады. Балықтың құнды түрiнен заңсыз аулауды елiмiздiң аумағында ғана емес, сонымен қатар тұрақты халықаралық қылмыстық жолдарды меңгеруде. Интерпол (халықаралық полиция) мағлұматтары бойынша әлемдiк рынокқа әр жыл сайын конрабандалық жолдармен 200 тонна уылдырық айналысқа түсуде. Бұл көрсеткiш заңды түрде түсетiн уылдырық санынан 50 тонна артық.
Күрделi мәселе болып отырған жағдай ол Қазақстан Республикасы аумағының шет мемлекеттерден заңсыз түрде улы заттарды соның iшiнде радиоактивтi қалдықтарды көмуге алып келу қаупiнiң өсуiнде. Бүгiнгi күнде Қазақстан Республикасы мола деген атқа ие, өйткенi оның аумағында әлемнiң барлық атомдық державаларының радиоактивтiк қалдықтары көмiлген аумақтар орын алды. Тек қана дамыған Батыс елдер тарапынан ғана емес (Ұлыбритания, Канада, Германия, АҚШ т. б) сонымен қатар Ресей, Қытай тағы басқа мемлекеттер тарапынан да елiмiзге радиоактивтiк қалдықтарды заңсыз әкелу қаупi төнуде. Мысалы: Байқоңыр ғарыш айлағын келiсiм шарт негiзiнде пайдалану барысында көрiнiс табуы мүмкiн.
Осының бәрi табиғат қорғау органдарының өзара келiсiп жұмыс жасамайтындығын Қазақстан Республикасын өзге мемлекеттермен шекаралас жерлерiнде кедендiк бақылаудың тиiстi деңгейде болмауын көрсетедi. Шетелдiк iскерлерге радиоактивтiк қалдықтарды өз елiнде жоюға қарағанда Қазақстан Республикасы аумағында жерлеуге алып келуi өте тиiмдi болып, келетiндiгi баршаға мәлiм.
Экологиялық қылмыстар белгiлi себептер бойынша, прокуратура органдармен жалпы айтқанда барлық құқық қорғау органдарымен байқаусыз қалуда.
Осының бәрi құқық қорғау органдырының экологиялық қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасын одан әрi жетiлдiрудi қажет етуде. Соның iшiнде прокуратура тарапынан қоршаған ортаның қорғау саласында бақылауда ғана емес сонымен қатар қадағалауды ұйымдастыру. Табиғат қорғау прокуратура органдарының жүйесiн жетiлдiрiп дамыту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдар арасында координациялық орган ретiнде прокуратура органдарына көңiл бөлу.
1 ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТIНIҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУIНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Прокуратура органдарының экологиялық қызметін құқықтық ретеудің жалпы сипаттамасы
Прокуратура органдарынң экологиялық қызметiн құқықтық реттеу мәселесiне тоқталар алдында бiз жалпы құқық қорғау органдары түсiнiгiне тоқталып өтейiк. Әдетте оларға сот органдары, iшкi iстер министрлiгi және прокуратура органдары жатады. Бiрақ та, қазіргi кезде құқық қорғау органдары жүйесiнде өзгерiстер орын алуда. Сонымен қатар құқық қорғау ретiнде қандай органдарды түсiну кере деген мәселелер орын алуда. Осыған қатысты көрнектi авторлар көзқарастарын келтiрiп өтейiк:
«Құқық қорғау органдары - А. А. Шнитковский көзқарасы бойынша заңмен белгiленген құқық қорғау функцимяларыг жүзеген асыруға арнайы өкiлеттiлiк бар мемлекеттiк органдар, өз функцияларын соттан тыс мәжбүрлеу, бiр жақты билiктiлiк және әкiмшiлiк тәртiппен немесе қылмыстық процестік заңнамасы мен көзделген шарттарда».
Н. А. Бекбергеновтың айтуынша: «Құқық қорғау органдарын келесiдей түсiнемiз, құқық қорғау функциясы басты болып табылатын құқықтық нормаларды дұрыс қолдану мен сақталуының жағдайларын қамтамассыз ету бойынша арнайы құзірет пен бөлiнген органдар».
Сонымен, құқық қорғау органдарын сипаттайтын негiзгi болып ол -құқық қорғау функцияларын жүзеге асыру, құқық бұзушыларға қатысты арнайы заң шараларды қолдану қызметінің құқықтық регламентациясы болып табылады.
К. Ф. Гудценко және М. Аковальев оларға бiрiншi кезекте «сот органдарын, прокуратураны, әдiлет органдарын, iшкi iстер органдарын, жергілікті полицияны, адвокатураны т. б. жатқызады.
А. Н. Бекбергенов көзқарасы бойынша, құқық қорғау органданына конститутциялық кеңестi, сот, прокуратура, әдiлет органдары, адвокатура, қылмыстың iзге түсу органдарын енгiзуге болады.
А. А. Шнитовский өз кездерiнде құқық қорғау органдарына, полиция және арнайы қызмет органдарын жатқызады да соттар мен әдiлет органдарын бұл тiзбекке қоспайды.
Сонымен, құқық қорғау органдарының бiздiң ойымызша прокуратура органдарын, ұлттық, қауiпсiздiк органдарын, iшкi iстер органдарын, полицияны жатқызуға болады.
Осы органдар тiзбегiнен экологиялық функцияны прокуратура, ҰҚК, кеден комитетi, iшкi iстер органдарын жүзеге асырады. Экологиялық қызметтi жүзеге асыратын құқық қорғау органдары тiзбегiн анықтағаннан кейiн тиiстi қызметтiң құқықтың реттелуiне мән берейiк.
С. С. Алексеев құқықтық реттеудiң жүзеге асуын құқықтық құралдар жүйесi көмегiмен байланыстырады (заң нормалары құқықтық қатынастар жекелеген ұйғарымдар т. б) . Құқықтық реттеу қоғамдық талапқа сәйкес дамуын көздейтiн негiзде қоғамдық қатынастарға оларды реттеу, қорғау мақсатында нормативтiк ұйымдастырушылық әсер ету.
В. М. Корельскии және В. Д. Перевалов көзқарастарына жүгiнсек «құқықтық реттеу дегенiмiз - ол құқықтың (заңы) құралдар көмегiмен адамдардың жүрiс- тұрыстарымен қоғамдық қатынастарға бағытталған әсер ету. »
Құықтық реттеудiң ерекшелiктерi келесiдей болып келедi:
1. Құқықтық реттеу жалпыға мiндеттi нормалары арқылы жүзеге асады, құқықтық реттеу жалпы алғанда мемлекеттiк реттеу болып табылады.
2. Құқықтық реттеу әрқашанда мемлекеттiк мәжбүрлеу күшiне сүйенедi.
3. Құқықтық реттеу барлық заңмен құралдар жиынтығын қамтитын белгiлi бiр механизм әрекетiмен тығыз байланысты
Құқықтық органдардың эхологиялық қызметiн құқықтық реттеу түсiнiгiн толық дәрежеде ашып қарастыру үшiн, «құқық қорғау органдарының экологиялық қызметi» түсiнiгiне жүгiнiуiмiз қажет.
Экологиялық функция анықтамасы Б. А. Мұхаметжановпен берiлген-дi: «Мемлекеттiң экологиялық функциясы (ол мемлекет тарапынан мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылады) ».
«Қоғамның экологиялық қауiпсiздiгiн мемлекет қызметiмен қаматамасыз етуге байланысты жүзеге асырылуы қажеттi, нақты бағдарлы заңнамалық »негiзделген бағыт.
Яғни, сот органдарының, ҰҚК, прокуратура және кеден комитетiнiң экологиялық функциялары құқық қорғау органдарының экологиялық қызметiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Өйткенi, функция өз тұғырынан қызмет бағытын көрсетедi.
Сонымен, құқық қорғау органдарының экологиялық қызметi - ол сот, прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк камитетi, кеден камитетi және iшкi iстер органдармен экологиялық заңнамаларды қолдану бойынша экологиялық құқық бұзушылықтың себептерiн анықтау, оның ескертулерiнiң ашылуын қамтитын функциялар жиынтығы.
Құқық қорғау органдарының экологиялық қызметінің жүзеге асырудағы көмекшiлiк құқықтық құралдарының экология құқықтық нормалар болып табылады, олар өз көрiнiсiн экологиялық заңнамаларды табады.
Құқық қорғау органдары экологиялық қызметiнiң құқықтық негiзiн құрайды.
Қазақстан Республикасы Конститутциясы прокуратура органдарының қызметiмен ұйымдастырылуының негiзгi принциптерiн анықтайды, ҚР заңдары және ҚР президентiнiң заң күшi бар жарлықтары, қоршаған ортаны қорғауға қатысатын әрбiр құқық қорғау органдарының қызметiн толығымен реттейтiн ережелер тиiстi құқық қорғау органдарымен бөлiмшелерiне қатысты олардың қызметi негiзiн бекiтетiн оның iшiнде экологиялық тиiстi құқық қорғау органдары басшылары актiлерi (бұйрықтар өкiмдерi) . Заңдар және заңға сәйкес актiлер табиғат обьектiлерiн қорғауды реттейтiн және қоршаған ортаны толығымен алғанда өз мазмұнында құқық қорғау органдарының табиғат қорғау ережелерiн қамтиды.
1. 2 Прокуратура органдарының экологиялық қызметін реттеу саласындағы міндеттері
ҚР-ның конститутциясының 83-бабы прокуратура органдарының басты мақсаты анықталған - Республика аумағында заңдардың, ҚР-сы президентi жарлықтарының және де өзге де нормативтiк құқықтық актілердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолдауын, жедел iздестiру қызметiн, анықтау мен тергеудiң, әкiмшiлiк және орындаушылық iс жүргiзуде заңдылығын жоғарғы қадағалауды жүзеге асырады. ҚР-ның прокуратура туралы заңына сәйкес ҚР-сы прокуратурасы - ҚР президентiнiң есеп беру мемлекеттiк орган республика аумағында заңдарының ҚР-ның президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолдануына жедел-iздестiру қызметiнiң анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүгiзудiң заңдылығының жоғары қадағалауды жүзеге асырады.
Прокуратура кез-келген заң бұзушылықты анықтау және жою жөндеу жөнiнде шаралар қолданылады, республиканың конститутциясының заңдарына қайшы келетiн заңдары өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiппен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
ҚР-ның пркуратурасы қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбi және прокуратураның өкiлеттiктерi ҚР конститутциясы мен ҚР-ның прокуратура туралы заңдары мен хылықаралық шарттары, сонымен қатар Республика бас прокуратура бұйрықтарымен анықталады. ҚР 2009 жылғы 9 қаңтарда қабылданған Экологиялық кодекстің 13-20. 1 баптарында - қоршаған ортаны қорғау барлық минстрліктермен, ведомстволармен, кәсіпорындармен, ұйымдармен барлық бақылаушы органдармен жергілікті атқарушы органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, лауазымды тұлғалармен, жеке тұлғалармен біркелкі әрі нақты сақталуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асырады делінген. Прокуратура органдарының алдына қойған мiндеттерiнiң кең дәрежеде талқылаған, келесiде қортынды шығаруға болады. Прокуратура функциясына қоршаған ортаны қорғау қызметi ретiнде қамтылады. ҚР Бас прокурор 1-бұйрығында адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарынң заңды тұлғаларының мемлекет мүдделерiнiң сақталуына пркурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы айтылған. Адам мен азаматтық құқықтары мен бостандықтарының заңды тұлғалардың мемлекет мүдделерiнiң сақталуына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыруды басты болып қоршаған ортаны қорғау заңдылыған сақтайды, табиғи ресурстарды насананы қадағалауды жүргiзу болып табылады.
Прокуратура туралы заңы прокуратура органдары жүйесiнде мамандындырылған прокуратара көрсетiп өткен. Өз кезеңiнде тиiстi ереже заңнамалық деңгейде бекiнiс тапты, табиғатты қорғау прокуратураларын ұйымдастыруға рұқсаттың болуы.
Тиiстi прокуратуралардың қалыптасу негiзi ретiнде ҚР прокуратура туралы заңында көрiнiс тапқан, ол бойынша прокуратура органдарының бiртұтас жүйесiн ұйымдастыру, олардың дербестiгi мен тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету туралы 21 желтоқсан 1995 жылы қарастырылған. Ол жерде келесiдей жағдай айтылған, прокуратура органдарының жүйесiн ҚР Бас прокуратурасы, облыс прокуратуралары, Астана және облыстық маңызы бар қалалар прокуратурасы, қала және аудан пркуратуралары көлiктiк, табиғат қорғаудың, су және өзге де мамандандырған прокуратуралары прокуратура органдарының бiртұтас жүйесiн құрайды.
Алғашқылардың бiрi болып Шығыс Қазақстандық, Жамбыл, Қызылорда, Семей және Шымкент табиғат қорғау ауданаралық прокуратуралар ұйымдастырылды.
16 сәуiр 1992 ж. ҚР Бас прокурорымен «табиғат қорғау прокуратуралар жұмысын ұйымдастыруды одан әрi жетiлдiру бойынша қосымша шаруалар туралы» бұйрыққа қол қойылды, ол жерде ауданаралық табиғат қорғау прокуратуралары туралы Үлгiлi Ереже бекiтiлдi. Тиiстi бұйрыққа сәйкес Орал, Атырау және Маңғыстау су прокуратуралары, ауданаралық табиғат прокуратураларына қайта ұйымдастырылды, бұл тұрғыда оларға тиiсті облыстар территориясында табиғат қорғау заңнамасының орындауында қадағалауды жүзеге асыру мiндетiн жүктей отырып облыс пркуратураларына тiкелей бағыныштылыған бекiтiп отыр.
Жезқазған және Алматы облысы территорияларында қадағалауды жүзеге асыратын Балқаш қоршаған ортаны қорғау прокуратуралары туралы Ереже бекiнiсiн табады, Көкшетау мен Ақмола облысы территориясында қадағалауды жүзеге асыратын Боровстiк (Боровской) қоршаған ортаны қорғау прокуратурасы туралы сол заңнамада көзделген.
Бүгiнгi күнге дейiн ҚР-да 14 табиғат қорғау прокуратуралары қызмет еттi. Жоғарыда айтылғандармен қатар Қарағанды, Алматы ауданаралық қоршаған ортаны қорғау прокуратуралары жұмыс жасауда. Табиғат қорғау прокуратуралары қызметi ауданаралық табиғат қорғау прокуратуралары туралы Үлгiлi Ереже негiзiнде дайындалған ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Үлгi Ережеге сәйкес ауданаралық табиғат қорғау пркуратураларына бекiтiлген территорияларға халық шаруашылығы саласындағы, өндiрiстiк және өзге де шаруашылық аумақтағы нақты табиғи объектiлерге қатысты қоршаған орта мен табиғи ресурстардың нысаналы пайдалану туралы заңнамасының бiртұтас әрi нақты орындалуына жоғары қадағалауды жүргiзу жүктелдi. Сонымен қатар оларға өз құзiреттер шегiнде айтылып кеткен заңнамалар ережелерiнiң бұзылуына қатысты ескерту, анықтау, алдын - алу және уақтылы жою шараларын қолдану, заңмен белгiленген жауапкершiлiкке кiнәлi субъектiлердi тарту және зиян орнын толтыру мiндетi жүктелдi.
Табиғат қорғау прокуратуралары өз қызметiнде ҚР заң актiлерiн бұйрықтарды, қайыр бас прокуроры нұсқаулары мен инструкцияларын жергiлiктi органдарға тәуелсiз. Нақты табиғат қорғау прокуратурасы туралы ережесiн басшылыққа алады.
Ауданаралық табиғат қорғау прокуратуралары өздерiне жүктелген мiндеттерге сәйкес келесi бағыттарда қызмет жасады:
1) заңды және жеке тұлғалар тарапына табиғат қорғау заңнамасын орындалуын қадағалау.
2) табиғат қорғау прокуратураларымен қозғалған iстер немесе олармен тексеруге берiлген материалдар бойынша IIД-іне анықтама беру және алдын-ала тергеу барысында заңнаманың сақталуына қадағалау.
3) қоршаған ортаны қорғау прокуратуралармен сотқа жөнелтiлген қылмыстық, азаматтық және шаруашылық iстер бойынша соттардың үкiмдерiнiң шешiмдерiнiң, анықтамаларымен қаулылары негiздiлiгi заңдылығына қадағалау.
Қоршаған орта заңдарының орындалуына қоршаған ортаны қорғау прокуратуралары қадағалау бойынша жұмыстарын аудандық және транспорттық прокуратуралармен, өзге де құқық қорғау органдармен, жергiлiктi уәкілетті және атқарушы органдармен, табиғат қорғау органдармен және қоғаммен бiрiгiп жұмыс атқарады.
Ауданаралық қоршаған ортаны қорғау прокуратурасын ҚР Бас прокурорымен бес жыл мерзiмге тағайындалған прокурор басқарады. Ол коллектив жұмысын ұйымдастырады, қызметкерлер арасында мiндеттердi, iстердi, материалдарды бөлiп отырады, қызметте жұмыс әдiсiн жетiлдiруге белсендi қатысады, бағынышты қызметкерелердiң iскерлiк деңгейiн жетiлдiру жұмыстарын ұйымдастырады, прокуратураға жүктелген мiндеттердi орындау бойынша жеке жауапкершiлiкте болады.
Прокурор орынбасарлары, аға көмекшiлерiмен, көмекшiлердi қызметке алуға құқылы. Ережеде сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау прокуратуралар штатына аға тергеушiлерi мен тергеушiлер қызмет жасай алады, бiрақта прокурутура органдарын қайта ұйымдастыруға байланысты тиiстi лауазымдық шеңбер жойылды.
Жоғарыда айтылған ережеде қоршаған ортаны қорғау прокуратура қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi толық дәрежеде анықталған жоқ, соған байланысты Үлгi Ереже өзгертулердi енгiзудi талап еттi.
Табиғат қорғау прокуратуралары табиғат қорау iсiне айтарлықтай үлес қосты.
Өкiнiшке орай 11 ақпан 1999ж №5 Бас прокурор бұйрығы бойынша ҚР президентi жарлығының 22 қаңтар 1999 ж. «ҚР мемлекеттiк органдар жүйесiн одан әрi тұрақтандыру шаралары туралы» табиғат қорғау прокуратуралары тарқатылды.
2 ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТIНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДIҢ ӘДIСТЕРI
2. 1 Экологиялық қызметiнің құқықтық реттеу әдiстері
Құқық қорғау органдарының экологиялық қызметiн тереңiрек зерттеуде құқық қорғау органдарының өз құзiретiн жүзеге асырудағы құқықтық реттеу әдiстерi мен мәселесi басты орын алады
Заң әдебиеттерде құқықтық реттеу әдiсi түсiнiгiмен құрылысына арналған көптеген зерттеулер жүргiзiлдi. Терең әрi жан-жақты анализ Н. Б. Мұхитдиновпен жүргiзiлген деуге болады. Ол келесiдей негiздi дұрыс айтады : «құқық теориясында «құқықтық реттеу әдiсi» түсiнiгiнде жалпы қабылданған анықтама жоқ. Бiрiншiлерi оны жүрiс-тұрыс ережелерi құқықтық нормаларда белгiлеу немесе санкциялауда көредi, екiншiлер қоғамдық қатынас субьектiлерiнiң жағдайынан көредi, олардың қатынастар мен мазмұны заң қамтамассыз етiлу нысандарында көрініс табады».
Көптеген авторлар көзқарастары құқықтық реттеу әдiсi дегенiмiз - ол заң нормалар жиынтығы негiзiнде өзiне керек жүрiс-тұрысты қамтамасыз етуде қолданатын әдiс дегенге келiп тоқталды.
Құқықтық реттеу әдiсi ерекшелiгi жайлы сөз қозғалғанда оның екi немесе оданда көп аспектiлерiн ескерген жөн. Кейбiр актiлер құқықтық реттеудiң жалпы және салалық әдiстерiн көрсетiп өтедi.
Жалпы немесе құқық әдiсiн толығымен алғанда - ол қоғамдық қатынастарға құқықтың маңызды элементтерi болып табылатын оның спецификалық құқықтық құрамдас бөлігін қамтитын кешендi жинақталған түсiнiк.
Салалық әдiс - ол қоғамдық қатынастарға салалық құықтық әсер ету ерекшелiгiн бейнелейтiн заңды әдiстері, құралдары, жолдары, олардың тиiстi құқық саласымен реттелетiн қатынастары, субьектiлерiнiң жүрiс-тұрыстарына қажеттi және мiндеттi болуы сипатын қалыптастыруға бағытталған әдіс.
- Әр құқықтық институт өзге институттарда қайталанбайтын қатынастарға қарай ерекшеленедi.
Мысалға: экологиялық, құқық институттары әртүрлi - «қоршаған ортаны пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк басқару және жерлердi пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимi».
Бұл жерден бiрiншiде императивттiк нормалар басым орын алады, яғни құқықтық әдісте де өкiмдермен тыйым салу үлесi ерiктiлiкке қарағанда басым.
Құқық қорғау органдары экологиялық қызметiнiң құқықтық реттеу әдiстерiн, экологиялық қызметiн жүзеген асыру процесiнде құқық қорғау органдарымен қолданылған әдiстерден ажырата бiлу керек.
Өйткенi реттеу екi бөлек деңгейлерде жүзеге асады. Бiрiншiден заңды және жеке тұлғардың шаруашылық қызметiнде қалыптасатын экологиялық қатынастардың реттелуi. Екiншiден құқық қорғау органдары экологиялық қызметi барысында қалыптасатын қатынастар реттелуге жатады.
Бұл екi әлеуметтiк түрлердiң байланысы келесiден бейнеленедi: бiрiншiлерi «ұйымдастыратын» қатынастар төменгi әлеуметтiк байланыстар негiзiн бейнелейдi, екiншiлерi олардың үстiңгi «ұйымдастырушылық» қатынастар деңгейдегi туынды қосымша қатынастар.
Экологиялық қызметтi құқықтық реттеу әдiсi дегенiмiз - ол құқық қорғау органдары экологиялық қызметiн реттеу мақсатында тиiстi органдарға мемлекет тарапынан әсер етудiң құқықтық әдiстерi, тәсiлдерi, құралдары.
Бұл жерде басым орынды басқару әдiстерi - субординация және билiктi бұйрық, мiндеттi үкiмдер бекiту, келiсiмдiлiк әдістерi. Сонымен бiрге соңғы кезде координация әдiстерi жиi пайдалануда (негiзiнен қоршаған ортаны қорғау саласында құқық қорғау органдарының бiрлескен шараларын ұйымдастыруға байланысты) және де ұсынбалы әдiстер. Сонымен қатар ынталандыру әдiстерi де қолданыс табады.
Экологиялық қызмет әдiстерi құқықтық және құқықтық емес болуы мүмкiн. Соңғысына идеологиялық әдiстер мен тәсiлдердi жатқызуға болады әртүрлi нысандағы үгiт насихат және тәрбие.
Экологиялық қызметті құқықтық реттеу әдісі туралы мәселе елеулі ғылыми проблема болып табылады және ол жеке зерттелуі тиіс. Әдістің ерекшелігі құқық саласы мен реттеу мәні сипаттамасынан бастау алумен анықталады. Экологиялық құқықтың анықтауыш белгісі саланың кешенділігі ұғымынан, табиғат ресурстарын пайдаланудың ішкі салалық процесстерін ортақ мақсатқа - адамның тіршілігі үшін жарамды табиғат сапасын сақтаудан бастау алады. Ғалымдар мынаны дәлелдеп отыр. экологиялық құқық құрамына жататын жекелеген салалардың (жер, су, тау және т. б. ) өз жүйесі, өз мәні мен өз әдісі болады. Алайда экологиялық құқық әдісі - бұл неғұрлым күрделі құбылыс. Экологиялық құқықтың әдістеріне мыналар жатады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz