Дәлелдеу процесінің жалпы сипаттамасы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІНІҢ ЖАЛПЫСИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... .
1.1 Дәлелдеу процесінің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Дәлелдеу процесінің кезеңдері . дәлелдік әрекеттің элементтері ... ... .
2 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ШЫНДЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Дәлелдеу процесіндегі шындық ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Дәлелдеу процесіндегі шындықтың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Дәлелдеу процесі жинау, қорытындылау, зерттеу (тексеру) және іске қатысы бар нақты мәліметтерді іс жүргізу құжаттарында жазғандарды бағалау бойынша дәлелдеу субъектілерін қылмыстықпроцестік кодексімен реттеп отыруды көрсетеді.
М.С. Строгович дәлелдеу процесі дәлелдемелерді табу, оларды қарау және іс жүргізумен бекіту, тексеру мен бағалаудан тұратынын түсіндіреді. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесі – бұл төрт негізгі элементтен тұратын ойлау мен практикалық іс-әрекеттердің органикалық бірлігі: 1) дәлелдемелерді жинау мен бекіту; 2) дәлелдемелерді тексеру (зерттеу); 3) дәлелдемелерді бағалау.
Дәлелдеу процесінің барлық элементтері бір-бірінен ажырамайды. Дегенмен, дәлелдеудің жеке сатыларында осы немесе басқа элемент көп немесе аз деңгейде болуы мүмкін. Мысалы, дәлелдемелерді жинауға бағытталған негізгі іс-әрекет алдын ала тергеу сатысында өтеді, сот талдауында дәлелдемелерді зерттеуге ие болады. Басқа да сот сатыларында дәлелдемелерді бағалау ең басты болып жүзеге асады.
Дәлелдеу негізінде нақты мәліметтерді қабылдау, сондай-ақ жеке фактілер мен тікелей қабылданатын кездегі практикалық іс-әрекет жатыр. Мұның бәрі логикалы түрде талдану керек, рациональды ойлау нәтижесінде іс-әрекеттерде қайта тексерілетін тергеу болжамдары және т.б. пайда болады.
Өзінің өкілеттілігі шегінде дәлелдеуді алдын-ала әкімшілік тергеу жүргізген адам тергеуші, прокурор, төреші, сот жүзеге асырады. Дәлелдеуге қатысу құқығына күдікті, айыпталушы, қорғаушы, қоғамдық айыптаушы, сондай-ақ жәбірленуші, талап етуші азамат, жауап беруші азамат және олардың өкілдері ие.
Дәлелдемелерді жинау мен зерттеуге қатысуға мыналар тартылады: сарапшы, мамандар, бекітілген заң тәртібі бойынша белгілі бір іс жүргізу міндеттерін атқаратын түсінікті және өзге де адамдар. Дәлелдемелерді жинау мен тексеру жауапқа тарту, беттестіру, тану үшін алғандарды, тінтулерді, қарауларды, тәжірибелерді, сараптама өнімі және басқа да тергеу мен заңда қарастырылған сот әрекеттерін көрсету жолымен жүргізіледі.
Тергеуші қылмыс болды ма және кім қандай әрекеттер жасады, міне осыларды табу үшін дәлелдемелерді жинайды. Істі сотқа жіберуге дәлелдемелер толық жиналған, жиналмағанын тергеуші мен прокурор шешеді.
ме, және т.б. деген сауалдарға жауап беру үшін әрбір жақтан ұсынылған

Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы 30 тамыз // «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі // http://adilet.zan.kz/kaz
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ, 192-бап // «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік -құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі // http://adilet.zan.kz/kaz
3. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»» 2014 жыл 17 қаңтар // ҚР Президентінің ресми сайты // www.akorda.kz
Арнайы әдебиеттер
1. Арсеньев В.Д.Использование специальных знаний при установлении обстоятельств уголовного дела. - Красноярск, 1986. – 152 с.
2. Белкин Р.С., Корухов Ю.Г., Россинская Е.Р.. Криминалистика: учебник / Т. В. Аверьянова, 4-е изд., перераб. и доп. – М.: Юристь, 2015. - 928 с.
3. Белкин Р.С., Винберг А.И. Криминалистика и доказывание (методологические проблемы). - М.:Юридическая литература, 1999. – 215 с.
4. Ерешев Е. Қылмыстық іс жүргізу. Жалпы бөлім. –Алматы: Өлке, 2010. – 216 б
5. Капсалямов К.Ж. Уголовное преследование и способысобирания доказательств: Учеб.пособие.- Астана, Фолиант, 2001.- 109 с.
6. Кругликов М., Уголовный процесс. - М.: Статут, 2015. – 421 с.
7. Кириллов В.И., Старченко А.А. Логика: Учебник для юридических вузов. - Изд. 5-е, перераб. и доп. - М.: Юристъ, 1999. - 256 с.
8. Ларин А. М., Мельникова Э.Б., Савицкий В.М. Уголовный процесс в России: Лекции-очерки / Отв. ред. проф. В.М. Савицкий. - М.:БЕК, 1997. – 425 с.
9. Лазарева В.А. Уголовный процесс. – М.: Юстиция, 2015. – 471 с.
10. Нұрмашев Ү. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы: жалпы және ерекше бөлімдер. - Алматы : Жеті жарғы, 2008. - 368 б.
11. Орлов Ю.К. Проблемы теории доказательств в уголовном процессе. -- М.: Юристъ, 2009. – 175 с.
12. Строгович М.С. Избранные труды.т. 3. Теория судебных доказательств. – М.: Наука, 1992. – 300 с.
13. Төлеубекова Б.Қ. Қазақстан Республкасының қылмыстық іс жүргізу құқығы. – Алматы: Жеті жарғы, 2009. – 415 б.
14. Когамов М.Ч. Комментарий к Уголовно-процессуальному кодексу Республики Казахстан 2014 года. том 1. общая часть. - Алматы: Жеті Жарғы, 2015. – 648 с.
15. Трусов А. И. Основы теории судебных доказательств. - М.,1990. – 94 с.
Мерзімділік басылымдар
1. Алимкулов Е.Т. Дәлелдеу процесіндегі дәлелдемелер және дәлелдеу пәнінің мазмұны // pps.kaznu.kz/kz/Main/FileShow2/724/119/2/0/0/

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... .
1.1 Дәлелдеу процесінің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Дәлелдеу процесінің кезеңдері - дәлелдік әрекеттің элементтері ... ... .
2 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ШЫНДЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Дәлелдеу процесіндегі шындық ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .
2.1 Дәлелдеу процесіндегі шындықтың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
4
5
5
8
15
15
18
23
25
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуалы қажет. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс.
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік кодексі күшіне енді.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Адам құқықтары мен бостандықтары - маңызды ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылық, ал оның жүзеге асырылу деңгейі - мемлекеттегі қоғамдық құрылыстың алға басуы мен жариялығының негізгі көрсеткіші.
Сонымен бірге адам құқықтары нақты мемлекеттегі құқықтар мен бостандықтардың қорғалуы мен кепілдендірілуін белгілеп отырады. Осылайша, нақты саяси институт ретінде адам құқықтары нақты мемлекеттегі құқықтар мен бостандықтарды қорғайтын, осы мақсаттарды жүзеге асыруға қызмет ететін арнайы мекемелердің, конституциялық жəне заң нормаларының бар екендігіне куəлік етеді.
Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің мәні туралы жалпы түсінік шындықты тану процесімен өзара байланысқа түскен кезде дәлелдеме - қылмыстық процестік құқығының аса маңызды сипаттарының бірі болып табылады деп айта аламыз. Дәлелдеме сот әділдігінің басты сипаты. Сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын адамдар мен органдардың бүкіл қызметі іс бойынша шындықты анықтауға және осы арқылы істі әділетті шешуге бағытталған. Дәлелдемесіз нақты адамға үкім шығаруға кұқықтық негіз жоқ.
Дәлелдеу процесінің барлық элементтері бір-бірінен ажырамайды. Дегенмен, дәлелдеудің жеке сатыларында осы немесе басқа элемент көп немесе аз деңгейде болуы мүмкін. Мысалы, дәлелдемелерді жинауға бағытталған негізгі іс-әрекет алдын ала тергеу сатысында өтеді, сот талдауында дәлелдемелерді зерттеуге ие болады. Басқа да сот сатыларында дәлелдемелерді бағалау ең басты болып жүзеге асады.
Дәлелдеу процесі жинау, қорытындылау, зерттеу (тексеру) және іске қатысы бар нақты мәліметтерді іс жүргізу құжаттарында жазғандарды бағалау бойынша дәлелдеу субъектілерін қылмыстық процестік кодексімен реттеп отыруды көрсетеді.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Курсттық жұмысты жазу барысында ҚР Конституциясы, ҚР Қылмыстық кодексі, ҚР Қылмыстық процестік кодексі, Қылмыстық кодекске түсініктеме, ғылыми диссертациялар және қазіргі қолданыстағы басқа да нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан және Ресей ғалымдарының еңбектері және басқа да бірқатар материалдар қолданылды. Олар: Төлеубекова Б.Қ., Нұрмашев Ү.,Ерешев Е., Капсалямов К.Ж., Алимкулов Е.Т., Строгович М.С., Лазарева В.А., Ларин А. М., Кругликов М., Арсеньев В.Д., Белкин Р.С., Винберг А.И., Корухов Ю.Г., Россинская Е.Р., Кириллов В.И., Старченко А.А., Орлов Ю.К. және т.б.
Зерттеу объектісі болып, ҚР Қылмыстық процестік құқығы мен заңнамасында, крмининалистика ғылымында қарастырылған, дәлелдеу процесінің түсінігі, мазмұны, кезеңдері қатынасын реттеу болып табылады.
Жұмыстың мақсаты болып кешенді түрде ҚР Конституциясыны, қылмыстық процестік кодексті, ғылыми әдебиеттерді, құқықтық тәжірибелерді қолдана отырып, дәлелдеу процесінің түсінігі мен сатыларын, шындық ұғымы мен мазмұнын зерттеу мақсаты көзделіп отыр.
Сол мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:
- дәлелдеу процесінің түсінігіне құқықтық сипаттама беру;
- дәлелдеу процесінің кезеңдеріне талдау жасау;
- дәлелдеу процесіндегі шындық ұғымын айқындау;
- дәлелдеу процесіндегі шындықтың мазмұның қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 бөлімнен, 4 бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған қайнар көздер тізімінен тұрады.
1 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Дәлелдеу процесінің түсінігі

М.С. Строгович дәлелдеу процесі дәлелдемелерді табу, оларды қарау және іс жүргізумен бекіту, тексеру мен бағалаудан тұратынын түсіндіреді. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесі - бұл төрт негізгі элементтен тұратын ойлау мен практикалық іс-әрекеттердің органикалық бірлігі: 1) дәлелдемелерді жинау мен бекіту; 2) дәлелдемелерді тексеру (зерттеу); 3) дәлелдемелерді бағалау.
Дәлелдеу процесінің барлық элементтері бір-бірінен ажырамайды. Дегенмен, дәлелдеудің жеке сатыларында осы немесе басқа элемент көп немесе аз деңгейде болуы мүмкін. Мысалы, дәлелдемелерді жинауға бағытталған негізгі іс-әрекет алдын ала тергеу сатысында өтеді, сот талдауында дәлелдемелерді зерттеуге ие болады. Басқа да сот сатыларында дәлелдемелерді бағалау ең басты болып жүзеге асады.
Дәлелдеу негізінде нақты мәліметтерді қабылдау, сондай-ақ жеке фактілер мен тікелей қабылданатын кездегі практикалық іс-әрекет жатыр. Мұның бәрі логикалы түрде талдану керек, рациональды ойлау нәтижесінде іс-әрекеттерде қайта тексерілетін тергеу болжамдары және т.б. пайда болады.
Өзінің өкілеттілігі шегінде дәлелдеуді алдын-ала әкімшілік тергеу жүргізген адам тергеуші, прокурор, төреші, сот жүзеге асырады. Дәлелдеуге қатысу құқығына күдікті, айыпталушы, қорғаушы, қоғамдық айыптаушы, сондай-ақ жәбірленуші, талап етуші азамат, жауап беруші азамат және олардың өкілдері ие.
Дәлелдемелерді жинау мен зерттеуге қатысуға мыналар тартылады: сарапшы, мамандар, бекітілген заң тәртібі бойынша белгілі бір іс жүргізу міндеттерін атқаратын түсінікті және өзге де адамдар. Дәлелдемелерді жинау мен тексеру жауапқа тарту, беттестіру, тану үшін алғандарды, тінтулерді, қарауларды, тәжірибелерді, сараптама өнімі және басқа да тергеу мен заңда қарастырылған сот әрекеттерін көрсету жолымен жүргізіледі.
Тергеуші қылмыс болды ма және кім қандай әрекеттер жасады, міне осыларды табу үшін дәлелдемелерді жинайды. Істі сотқа жіберуге дәлелдемелер толық жиналған, жиналмағанын тергеуші мен прокурор шешеді.
Сотта қылмыс оқиғасы дәлелденді ме, айыпталушының кінәсі дәлелденді ме, және т.б. деген сауалдарға жауап беру үшін әрбір жақтан ұсынылған дәлелдемелерді тексеріледі. Сот әділеттілікті, әуестенбеушілікті сақтай отырып, екі жаққа да істі жан-жақты, толық тексеруге қажетті жағдайларды туғызады, сондай-ақ дәлелдемелерді тексеру барысында туындалған сұрақтарды шешеді. Судья сотта дәлелдеудің тиісті әрекетін қамтамасыз етеді, бірақ айыпталушының берген дәлелдемелерін толықтыруға шаралар, қолдануға немесе осы істі қосымша тергеуге қайта беруге міндетті емес.
Бірінші сатыдағы сот істі қарауда дәлелдемелерді тікелей тексеруге міндетті: айыпталушыдан, күдіктілерден, куәгерлерден жауап алуға, сарапшылардың қорытындыларын тыңдауға, заттай дәлелдемелерді қарауға, хаттамалар мен басқа да құжаттарды жариялауға міндетті (ҚР ҚПК 331-бабы).
Қылмыстық процестік кодексінде дәлелдеу мына баптарда көрсетілген: дәлелдемелерді жинау (ҚР ҚПК 122-бабы), бекітілген дәлелдемелерді (ҚР ҚПК 123-бап), дәлелдемелерді тексеру (ҚР ҚПК 124-бап), дәлелдемелерді бағалау (ҚР ҚПК 125-бап).
Дәлелдеу процесінде бекітілген заң тәртібімен дәлелдеме болып табылатын төмендегі нақты мәліметтер жинақталады, тексеріледі және бағаланады:
а) қылмыс оқиғасының өткен уақыты туралы мәліметтер;
ә) осы әрекетті жасаған кінәлінің қоғамдық қауіпті әрекеттерінің бары немесе жоғы және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар жағдайлар;
б) куәгердің жауабы, жәбірленушінің жауабы, күдіктінің жауабы, айыпталушының жауабы, сарапшы қорытындысын, заттай дәлелдемелер, тергеу мен сот іс-әрекеттерінің хаттамалары және өзге құжаттар.
Қылмыстық процестік заңы дәлелдеу процесін шектей отырып, істің нақты жағдайларын бекіту бойынша іс-әрекеттерді ретке келтіреді, дәлелдеуде екі жақтың құқықтарының сенімді кепілдікті туғызады.
Дәлелдеу заңды негіздеуге және істі әділ шешуге маңызы бар дәлелдемелерді жинаудан, тексеруден, бағалаудан тұрады.
Дәлелдеу қылмыстық сот істі аясында өтетін және оның міндеттерін шешуге бағытталған іс-әрекет ретінде қылмыстық процестік заңымен реттеледі.
Дәлелдік іс-әрекеттің барысында азаматтар мен заңды тұлғаларды құқықтарын қорғау қамтамасыз етілуі керек.
Дәлелдеу кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулықтарына қауіпті әрекеттер жасауға немесе олардың ар-намысын аяққа таптайтын, жауап беруге, түсіндіруге, қорытындылауға, құжаттарды немесе заттарды күш көрсету жолымен қорқытумен және заңсыз әрекеттермен тартып алуға тыйым салынады.
Дәлелдеудің осы және өзге де ережелері орнатылып, жеке тергеу әрекеттер қолданылады.
Процестің әрбір сатысында оның нақты міндеттеріне және іс жүргізу формаларына сәйкес дәлелдеу іс-әрекетінің өзіндік ерекшеліктері, сипаты болады. Дәлелдеу нәтижелері шешімнің тек берілген сатысына ғана қарастырылған болуы мүмкін. Нақты сатының міндеттері, оның іс жүргізу формасы дәлелдеуді жеке элементтерінің қарым-қатынасында да, дәлелдемелерді тексеру ғана өтетінінде де (тікелей немесе жазбаша материалдар бойынша), жеке дәләлдемелер бағалаудан осы және өзге сатыларда қандай тұжырымдар жасалуына мүмкін дегендерде көрінеді.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде дәлелдеу процесін құқыктық түсіндіру қаралып отырған қызмет саласының ерекшелігімен елеулі түрде кемелденуі және процессуалдық дәлелдеудің мәнісі туралы мынадай айқын ғылыми пайымдаулармен толықты.
А. М. Лариннің пікірі бойынша дәлелдеу қылмыстық сот ісін жүргізуде заң белгілеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатнында жасалған (немесе жорамалданған) қылмыстар және олармен байланысты жағдайлар туралы шындықты білу үшін фактілерді зерттеуден тұратын, ерекше, заң белгілеген нысандарда жүзеге асырылатын тергеушінің,прокурордың, соттың, сондай-ақ қылмыстық процеске тартылатын немесе жіберілетін баска да қатысушылардың (субъектілердің) күрделі қызметі.
М. С. Строгович Дәлелдеу - қылмыстық істі шешу үшін маңызы бар барлық фактілерді, жағдайларды, қылмыстыңжасалғандығын немесе жасалмағандығын, белгілі бір адамның қылмыс жасаудан кінәлілігін немесе кінәсіздігін және қылмыс жасаған адамның жауапкершілігін белгілейтін барлық өзге де жағдайларды дәлелдемелердің көмегімен анықтау.
Дәлелдеу мәнісінің анағұрлым терең анықтамасы А. Р. Ратиновқа тиесілі: Оқиға туралы мәліметтер алынуы мүмкін ақпарат көздерін табу, ол мәліметтерді жинау, оларды іс жүргізу түрінде бекіту, қылмыстық іс үшін маңызы бар мән-жайларды сенімді түрде анықтау мақсатында тексеру мен бағалау - қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінің мазмұнын құрайды.
Бұл мағынада Ю.К. Орловтың, пікірінше, сот дәләлдеуінде, танымның екі жолы дұрыс ерекшелінеді: біріншісі - ақпараттық және екіншісі логикалық. Дәлелдеудің логикалық жолы әдетте өзі мен байланыстың дәлелденген әртүрлі логикалық формалары тезистері мен байланысты дәлелдемелердің көптеген жүйелеріне жатады. Бұл техниканың, жалпылама әлеуметтік тәжірибенің, шамалас және жалпығы белгілі шындықтың (дұрыс мағынаны пайымдау) осы ғылым мәліметтері болатын негіздері дедуктивті ой қорытындысы формасындағы дәлелдеудің қарапайым актісі болуы мүмкін. Осындай ой қорытындыларынан тұжырым негіздеуден (егер...де) деген логикалы ізденуден шығады. Мысалы, шыныда күдіктінің саусақтарының іздерін табу фактісінен айыпталушының осы шыныға қол тиілді деген бір жақты шешім болады.
Дегенмен де бекітілген фактіден шыққан әрбір шешім іс жүгізу дәлелдемелерінде дәстүрлі, силлогизмаға сүйенетін екі мағыналы логика бойынша құрыла бермейді. Бұл әрдайым бекітілген фактілерден бір жақты шешімге келе беретін дәлелдеуге жататын жағдайларға қатысты осындай жан-жақты, жалпы негіздер жоқ екендігімен түсіндіріледі. Егер де ұрланған затты кұдіктіден тауып алса, арлық жағдайда осы затты оның ұрланғандығының ізі болса, онда әрбір нақты жағдайда осы затты оның ұрланғаны туралы қорытынды күдіктіден затты тауып алу фактісінің өзінен шыққан болар еді.
Сонымен, қорытындылай келе, іс бойынша тұжырымдар жасау үшін негіз болатын нақты мәліметтердің жиынтығына өзінің жаратылысына және тергеу мен сот жағдайларына қажетті мәліметтерді алу тәсіліне қарай әр түрлі бүкіл дәлелдік процестің сипатында және оны құрайтын элементтер де есепке алынуы керектігі кіреді.
1.2 Дәлелдеу процесінің кезеңдері - дәлелдік әрекеттің элементтері
Дәлелдемелерді жинау мен іс жүргізуге бекіту - бұл дәлелдеу процесінің бірінші кезеңі немесе элементі. Іс жүргізу құқықтық көзқарас тұрғысынан дәлелдемелерді жинау іс бойынша қажетті іс жүзіндегі деректерді анықтауға бағытталған іс-қимыл жиынтығынан көрінеді. ҚР ҚПК-нің 122-бабына сәйкес дәлелдемелерді жинау мынадай жолдармен жүргізілуі мүмкін: кез келген адамды куәгерлер, жәбірленушілер ретінде шақыру және жауап алу, сондай-ақ сарапшылар ретінде қорытынды беру үшін шақыру; кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан, сондай-ақ қызмет адамдары мен азаматтардан заттарды, құжаттарды және мәліметтерді талап ету. Бұған қоса дәлелдемелерді сезікті, айыпталушы, қорғаушы, жеке айыптаушы, жәбірленуші және оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сол сияқты кез келген азамат, кәсіпорын, мекеме және ұйым беруі мүмкін.
Сонымен, дәлелдемелерді жинау:
- сотқа дейінгі іс жүргізу процесінде;
- сот талқылауы процесінде жүзеге асырылады.
Дәлелдемелерді жинау тәсілі - ҚР ҚПК-де қаралған тергеу және сот іс-қимылдарын жүргізу. Дәлелдемелерді жинау кезендері мыналар болып табылады: а)табу; ә) бекіту; б) алу.
Сонымен, дәлелдемелерді жинау - іс бойынша шындыққа кол жеткізу мақсатында қылмыстық процестік құқығында көзделген процессуалдық шаралар мен ұйымдық іс-қимылдардың синтезі.
Жинау бірнеше сатыдан тұратын, күрделі процесс болып табылатын
дәлелдеу процесінің алғашқы сатысына жатады.
А.И. Винберг Табу, жазып алу, алып қою әрекеттерінің жиынтығы және әр түрлі дәлелдемелерді сақтау ретінде дәлелдемелерді жинау ұғымының мазмұнын анықтайды, - дейді.
Н.В. Терзиев дәлелдемелерді жинау ұғымына оларды табу мен қорытындылауды кіргізбеді және табуды, жинауды, қорытындылауды және дәлелдемелерді зерттеуді бірдей қарастырады.
Дәлелдемелерді жинау туралы ұғым оларды анықтау (табу) мен бекіту сияқты тараған. Дәлелдемелер азаматтардың қолдауымен де болатындықтан, кейде зерттеушілер тек жинау туралы ғана емес, дәлелдемелерді ұсыну туралы да айтады (Арсеньев В.Д.).
Ең басында дәлелдемелерді іздеу болады, мысалы, тінту, оқиға болған жерді қарау барысында. Дәлелдемелерді жинаудың бұл компоненті міндетті емес болып табылады. Ол тіпті мысалы, дәлелдемелерді ұсыну кезінде болмаса да болады немесе мысалы, оперативті жолмен оқиға куәгерлерді табу іс жүргізуінсіз немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа сөз тастау арқылы жүзеге асырылады. Дәлелдемелерді жинауда маңызды жағдай қылмыс туралы арызды, хабарды және басқа материалдарды тексеру болып табылады. Іс материалдардарындағы қылмыс белгілері туралы мәліметтерді тексеру, оларды дәлелдік негіз жеткілікті жиналғандықтан, әрқашан да қылмыстық іс қозғауға себеп бола бермейді. Алынған дәлелдемелер кейде қарама-қайшылық болады және қылмыстық қозғауға негіз бола алмайды. Өйткені түскен арыздар мен хабарлар бойынша қажетті материалдар мен түсініктемелер талап етіледі.
Демек, қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды тексеру қылмыстық іс қозғау немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту мәселелерін шешуде қажетті қосымша нақты мәліметтерді алу мақсатында жүргізіледі.
Тексеру барысында ең бастысы қылмыстың болғаны, болмағаны анық немесе растайтын мәліметтер жинақталуы керек. Бірқатар жағдайларда қылмыс субъектісі туралы мәліметтер айқындалуы мүмкін.
Дәлелдемелерді жинау қылмыстық іске қатысты нақты мәліметтерді заңды дерек көздерден іс жүргізу тәсілдерімен алуды білдіреді, яғни тергеу әрекеттері өндірісінің барысында. Кез келген тергеу іс-әрекеттің өндірісі туралы шешім қабылдау үшін жеткілікті негіз болуы керек. Мұндай негіздердің бірқатар жағдайларына жедел-іздестіру жолымен алынған мәліметтер жатуы мүмкін. Жедел-іздестіру жолымен алынған мәліметтер сондай-ақ кейбір тергеу әрекеттері өндірісінің барынша мақсатты, тактикалық әдістерін анықтайды. Мұндай мәліметтер тергеуші үшін қосымша маңызы бар, оларды пайдалану
қылмыстық іс бойынша дәлелдеудің элементі немесе бөлігі бомайды.
Сондықтан да дәлелдемелерді жинау - бұл табу, алу, сотқа дейінгі өндіріспен сот тергеуі процестеріндегі іске қатысы бар нақты мәліметтерді табу.
Бұл кезенде табылған дәлелдемелерді бағалаудың алдын ала сипаты болады.
Дәлелдемелерді іс жүргізуге бекіту (тіркеу) -- заң белгілеген тәртіппен жазып алудан көрінетін дәлелдемелерді жинаудың келесі кезеңі.
Дәлелдемелерді іс жүргізуге бекітудің нысандары мыналардан көрінеді: 1) жүргізілген іс-қимылдардың (жауап алудың, тінтудің, хаттамасы және т.б.) барысы және нәтижелері туралы хаттамалар; 2) дәлелдемені іске тікелей қосу, бұл туралы қаулымен белгіленеді; 3) суретке түсіру, жоспарлар мен кесте жасау; 4) видео түсіру, киноға түсіру; 5) дыбыс-бейне жазба; 6) модельдеу; 7) көшірмелерін әзірлеу; 8) сарапшылар қорытындыларын жасау.
Дәлелдеу жүйесіндегі дәлелдемелерді бекіту орны туралы сауалдар бойынша ғалымдарың көзқарасы әртүрлі. Р.С. Белкин: бекіту - дәлелдемелерді жинаудың бір бөлігі емес, ол дәлелдеудің өзіндік элементі, - деп есептейді.
Ал М.С. Строгович: қарама-қарсы көзқарас бекітудің дәлелдемелерді жинаудағы соңғы кезеңі екендігінен тұрады, - деп есептейді.
Бекітуге тек заттай дәлелдемелер ғана жатады. Мысалы, заттай дәлелдемелерді тінту процесінде алынғаннан кейін, олар қылмыстық процесте бола отырып, жеке тергеу әрекеттімен қаралып, арнайы қаулымен қылмыстық іске тартылуы керек.
Дәлелдемелерді алу - бұл дәлелдеу үшін оларды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету, оларды іске тігу, сондай-ақ тергеу мен сот үшін оларды сақтаудың тәсілі.
Дәлелдемелерді сақтау - бұл дәлелдемелердің өздерін не олардың дәлелдемелік қасиеттерін сақтау жөніндегі заңда көзделген шараларды қабылдау, сондай-ақ оларды кез келген қажетті сәтге сот пен тергеудің пайдалану мүмкіндігін камтамасыз ету үшін жағдайлар жасау.
Дәлелдемелерді сақтаудың шарттары мынадан көрінеді:
- төмендегідей заң талаптарын сақтау: а) дәлелдемелерді алудың заңда кәзделген тәсілдерін ғана пайдалану; ә) дәлелдемелерді жинаудың заңда көзделген тәсілдерін ҚПК-і белгілеген тәртіппен қолдану; б) дәлелдемелерді жинауға заң құқық берген адамдарға ғана рұқсат беру; в) объективті және алаламай жұмыс істеу;
- іс бойынша жиналған дәлелдемелік материалдың толықтығы;
- оларды жинау бойынша іс-қимылдың толықтығы;
- алынған іс жүзіндегі деректер туралы мәліметтердің сенімділігіне қажетті кепілдіктерді сақтау.
Дәлелдемелерді бағалау - бұл іс бойынша шындықты анықтауда жиналған дәлелдемелердің рөлін айқындауға бағытталған логикалық ой процесі. Дәлелдеу процесінің осы кезеңдегі (элементі) құқықтық негізі ретінде ҚР ҚПК-нің 128-бабы бой көрсетеді, онда былай деп жазылған: судья, прокурор, тергеуші және анықтаушы заңды және құқықтық танымды басшылыққа ала отырып істің барлық жағдайларын олардың жиынтығында жан-жақты толық және объективті түрде қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша дәлелдемелерді бағалаңды және қандай да болсын дәлелдеменің судья, прокурор, тергеуші және анықтаушы үшін күні бұрын белгіленген күші болмайды.
Сонымен, дәлелдемелерді бағалау - өзінің шектері мен шектеулері бар белгілі бір процессуалдық маңызды шарттарға негізделген қызмет.
Теориялық ғылым көзқарасы тұрғысынан дәлелдемелерді бағалау бір мәнді түсіндірілмейді. Бұл мәселеде анағұрлым көрнектілері мынадай айқыңдамалар болып табылады.
А.И. Трусовтың пікірі бойынша процесте дәлелдемелерді бағалауда әрбір дәлелдеменің күші туралы пайымдауға арналған арнайы формальды ережелерді күні бұрын белгілеу жолымен заң шығарушы емес, судьялар, прокурорлар, тергеушілер және анықтауды жүргізетін адамдар жұзеге асырады, олар үшін бірде б ір дәлелдеменің аддын ала белгіленген күші болмайды.
Қаралып отырған бөлікте ҚПК-нің алғышарттарын қарай келіп, А.И. Трусов бұл ережелердің мәні ең әуелі формальды дәлелдемелер жүйесін толық жоққа шығарудан тұрады деп есептейді.
Осы заманғы ғылыми үрдістерге П.Ф. Пашкевичтің көзқарасы әлдеқайда жақын, ол мынадан көрінеді: дәлелдемелерді бағалау дегеніміз - олардың әрқайсысы қаншалықты нақты айқындалғанын, ол іспенен және басқа да дәлелдемелермен қаншалықты байланыста тұрғанын, іс үшін маңызы бар қандай фактіні орнықтыратынын немесе жоққа шығаратынын және іс бойынша барлық жиналған дәлелдемелердің жиынтығы нені білдіретінін анықтау. Әрі қарай П.Ф. Пашкевич былай деп жазады: Барлық адамдар үшін олардың кәсіби, таптық, ұлттық немесе нәсілдік тегіне қарамастан белгілі бір ой кешу заңдары қолданылатынын ғылым әлдеқашан дәлелдеді, мұның өзі адамдарға олардың айырмашылықтарына қарамастан бір-бірін түсінуге мүмкіндік береді... Жалпы адамзаттық логика әрбір адамның оның ішінде судьяның танымдық ойлауының негізі болып табылады.
Дәлелдемелерді бағалау туралы заң ережелерінің мәнін тарылтып түсіндіру М.С. Строговичті судьялардың ішкі сенімі дәлелдемелерді бағалаудың бірден бір өлшемі деген ойға әкелді. Ішінара ол былай деп жазды: Істе бар дәлелдемелерді бағалау істің барлық жағдайларын олардың жиынтығында қарауға негізделген судьялардың, ішкі сенімі бойынша жүргізілетін болғандықтан, судьялардың ішкі сенімі қылмыстық процесте дәлелдемелерді бағалаудың өлшемі болып табылады. Бұл ережені былай түсіну керек, заң дәлелдемелерді бағалау кезінде судьялар басшылыққа алуға міндетті қандайда бір сыртқы өлшемдерді белгілемейді, судьялар белгілі бір дәлелдемені сенімді немесе сенімсіз деп тануға міндетті болатындай қандайда бір формальды белгілерді көрсетпейді. Заң судьяларға өздерін сендіретін дәлелдемені сенімді деп тануға және керісінше, өздері үшін сенімсіз дәлелдемені сенімсіз жеп жокқа шығаруға құқық береді.
Осы мағынада судьяның ішкі сенімі дәлелдемелерді бағалаудың өлшемі деп есептеледі. Бірақ судьялардың сенімі дұрыс, негізделген болуға тиіс, сондықтан судьяның ішкі сенімі үшін де өлшем қажет. Мұндай өлшем - судьяның сенімі істің іс жүзіндегі мән-жайларына сәйкес келуі.
Сонымен бірге М.С. Строгович судьяның ішкі сенімін қандай жағдайда да сот айқындайтын фактілердің шынайылылығының өлшемі ретінде қабылдауға болмайды деп дұрыс атап көрсетеді. Ол дәлелдемелерді бағалаудың өлшемі мен сот қорытындылары шынайылылығының өлшемі ұғымдарын ықтимал шатастырып алмауды ескертеді.
Б.Х. Төлеубекованың пікірінше, дәлелдемелерді бағалаудың мазмұнына төмендегілер жатады:
1) іс бойынша сот дәлелдемесі ретіндегі факт туралы берілген мәліметті пайдаланудың мүмкіндігін, заңдағы қайшылықтың барын немесе жоғын орнату;
2) берілген дәлелдеменің салыстырмалылығын немесе нақты іске жиынтықтығын орнату;
3) іс бойынша жиналған әртүрлі дәлелдемелердің арасындағы себепті - тергеу байланыстарын, осы байланыстардың сипаты мен маңыздылықтарын орнату;
4) шындықты табу үшін дәлелдің маңыздылығын немесе олардың жиынтығын анықтау;
5) істің тағдыры туралы сол немесе өзге іс жүргізу шешімі үшін дәлелдемелердің жеткіліктілігін белгілеу;
6) дәлелдемелердің сенімділігіне сенімді болу;
7) дәлелдемелерді алдағы сот тергеуі процесінде қолдану дәрежесі мен сипаты.
В.Д. Арсеньев жалпы түрде дәлелдемелерді бағалауды: әрбір дәлелдемені жеке алғанда және барлық дәлелдемелерді жиынтық күйінде алғанда күші мен маңызын айқындау деп анықтама береді. Сонымен бірге ол мұндай сипаттау аталған ұғымның көптеген елеулі элементтерін аша алмайды және дәлелдемелерді бағалау жөніндегі қызметті құрайтын элементтер призмасында егжей-тегжейлі қарастырылуы тиіс деп әділетті түрде атап өтеді. Осыны ескере отырып, В.Д. Арсеньев әрбір дәлелдемені бағалаудың мазмұнына мынадай мәселелердің шешілуін енгізуді ұсынады: а) дәлелдеменің көзі туралы (дәлелдеудің құралы); ә) дәлелдеменің қа тыстылығы және іске жіберілетіндігі туралы; б) дәлелдемелердің сенімділігі туралы.
Бұған коса ол жиынтық күйінде дәлелдемелерді бағалау-әрбір дәлелдеме жеке бағаланғаннан кейін жүргізіледі және әдетте, жеке бағалау қылмыстық процестің әрбір кезеңіндегі дәлелдеу қорытындысын құрайды деп атап өтеді.
Дәлелдемелерді бағалаушы субъектілердің тобы қылмыстық процесте өзінің немесе өкілі болып табылатын адамның (айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші және өзге де адамдар) мүддесін көздейтіндердің қылмыстық процеске қосылуы есебінен елеулі түрде ұлғая түседі. Сонымен бірге дәлелдемелерді бағалаушы адамдар мүдделерінің әр қилылығы бұл қызметке өз ерекшелігін енгізетіндігін атап көрсетеді.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде дәлелдемелердің мәнін толық ашу үшін келтірген көзқарасты категория ретінде бағалаудың философиялық анықтамасымен аяқтауды орынды деп санаймыз. Сонымен, бағалауды философиялық түсіндіру ...әлеуметтік құбылыстарға, адам қызметіне, оның мінез-құлқына қатысты, олардың маңызын, адамгершіліктің белгілі бір нормалары мен принциптеріне сәйкес келуін (мақұлдау және айыптау, келісу немесе сынау, ұнату немесе ұнатпау және т.т.) білдіреді. Адамның интеллектуалдық және адамгершілік дамуы оның әлеуметтік айқындамасымен, дүние танымымен, мәдени деңгейімен анықталады. Екінші жағынан, осы тұлғаның мінез-құлқы жүйесіндегі себептерді, іс-қимылдың құралдары мен мақсаттарын, оның шарттарын, орнын есепке алу - оны дұрыс бағалаудың қажетті шарты.
Біз жоғарыда М.С. Строговичтін, дәлелдемелерді бағалаудың мәнісін қалай түсінетінін айткан болатынбыз. Судьяның ішкі сенімі өлшем болады деген сөз естеріңізде болар. Мұндай көзкарас тергеушінің, аныктаушьшың және прокурордың сотқа дейінгі кезеңдерде орын алатын бағалау қызметтерінің маңызына нұксан келтіреді. Өйткені, ішкі сенім қылмыстық процестің бүкіл барысында дәлелдемелерді бағалаумен қатар жүріп отырады және алдын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz