Ауыл шаруашылығы және орман ағаштарын дайындайтын тракторлардың, тiркемелер мен машиналардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентi
1. Қолданылу саласы
2. Терминдер мен анықтамалар
3. Машиналарды Қазақстан Республикасының нарығына орналастыру және оларды пайдалануға беру шарттары
4. Машиналарды жобалауға қойылатын қауiпсiздiк талаптары
5. Машиналарға қол жеткiзу құралдарының қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар
6. Машиналардың тежеу жүйелерiнiң қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар
7. Машиналардың электрлiк қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар
8. Машиналардың шуларға және дiрiлдер қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар
9. Машиналардың электромагниттiк сыйымдылығының
қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
10. Зиянды заттардың шығарындылары қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар
11. Машиналардың тұрақтылығына қойылатын талаптар
12. Машиналардың тораптары мен агрегаттарының
қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
13. Машиналардың шолу мүмкiндiгi мен жарықтандырылуына қойылатын қауiпсiздiк талаптары
14. Жұмыс орындарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
15. Машиналардың басқару жүйелерi мен органдарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
16. Машиналардың өрт қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
17. Тасымалдау кезiндегi машиналардың қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар
18. Машиналардың ескерту және сигнализациясын бақылаудың визуальды және дыбыстық құралдарының қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар
19. Жинау, монтаждау және техникалық қызмет көрсету кезiнде машиналардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
20. Себуге, егуге, тыңайтқыш шашуға және топырақты өңдеуге арналған машиналар қауiпсiздiгiне қойылатын қосымша талаптар
21. Өсiмдiк қорғауға арналған машиналардың қауiпсiздiгiне қойылатын қосымша талаптар

Осы "Ауыл шаруашылығы және орман ағаштарын дайындайтын тракторлардың, тiркемелер мен машиналардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламенттiң (бұдан әрi - Техникалық регламент) талаптары Қазақстан Республикасындағы жасалған және шетелден әкелiнетiн ауыл және орман шаруашылығына арналған жаңа және жаңғыртылған тракторларға, трактор тiркемелерiне, жартылай тiркемелерге және машиналарға (бұдан әрi - машиналар) қолданылады. Осы техникалық регламенттiң әрекетi қолданылатын машиналардың тiзбесi мен Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының (бұдан әрi - ҚР СЭҚ ТН) сыныптамасы бойынша оның кодтары осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетiлген.
2. Осы техникалық регламенттiң талаптары Қазақстан Республикасының аумағына кемiнде екi ай мерзiмге әкелiнетiн немесе оларды иелiктен айыру мүмкiндiгiн көздемейтiн кедендiк режiмдерге орналастырылатын машиналарға қолданылмайды.
3. Осы регламенттiң қауiпсiздiк талаптарын қолдануға қатысты пайдалану процесiнде адамдардың өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға машиналар әкелетiн қауiптердiң тiзбесi осы Техникалық регламентке 2-қосымшада көрсетiлген.
2. Терминдер мен анықтамалар
4. Осы Техникалық регламентте "Техникалық реттеу туралы және "Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында қолданылған негiзгi терминдер сондай-ақ мынадай терминдер және анықтамалар қолданылады:
аспалы машина - салмағы көлiк жағдайында толықтай энергетикалық құралға жалғанатын трактордың немесе энергетикалық құралдың үш нүктелi аспалы жүйесiне бекiтiлген машина;
болжамды дұрыс қолданбау - машинаны дайындаушы көздемеген, бiрақ адам мiнез-құлқының жалпы заңдылығы негiзiнде оңай болжанатын пайдалану;
жаңғыртылған машина - конструкциясына оны жақсарту мақсатында сериялық өндiрiс жағдайында өзгерiс енгiзiлген машина;
жартылай аспалы машина - салмағы көлiк жағдайында iшiнара тракторға немесе энергетикалық құралға жалғанатын және үлкен бөлiгi өз дөңгелегiмен жүретiн машина. Машина жұмыс жағдайынан көлiк жағдайына ауысқан кезде энергетикалық құралға жалғанатын шарнирлiк нүкте биiктiк бойынша жаңа жағдайға мәжбүрлi түрде ауысады;
жартылай тiркеме машина - салмағы көлiк жағдайында iшiнара тракторға немесе энергетикалық құралға жалғанатын және үлкен бөлiгi ез дөңгелегiмен жүретiн машина. Машина жұмыс жағдайынан көлiк жағдайына ауысқан кезде энергетикалық құралға жалғанатын шарнирлiк нүкте биiктiк бойынша өз жағдайын өзгертпейдi;
К нүктесi - орындықтың бақылау нүктесiне қатысты көрiнiс параметрлерi басталатын нүкте;
қорғаныс қоршауы - физикалық тосқауыл түрiнде қорғауды қамтамасыз етуге арнайы арналған машинаның бiр бөлiгi.
қорғау құрылғысы - жеке қолданылған кезде де қорғауға арналған қоршаумен бiрге де қауiптi төмендететiн қосымша жабдық (қорғаныс қоршауы болып табылмайтын);
мақсат бойынша қолдану - машинаны сол машинада және (немесе) пайдалану құжаттарында дайындаушы көрсеткен мақсатқа сәйкес пайдалану;
"масса" — электрлi әлеуетi базалық болып қабылданған өткiзгiш дене;
монтаждалған машина - трактордың немесе энергетикалық құралдың үш нүктелi аспалы жүйесiне және (немесе) басқа нүктелерiне бекiтiлген, жинамалы бiрлiктер қатарында қосымша монтаждалған, салмағы толықтай энергетикалық құралға жалғанатын машина;
мотоблок - ауыспалы аспалы және тiркеме машиналар мен құралдарды жегуге арналған бiр бiлiктi шағын трактор;
оператор - машинаны пайдалануға және оған техникалық қызмет көрсетуге жауапты тұлға (тұлғалар);
орындықтың бақылау нүктесi (бұдан әрi - ОБН) - оператордың жұмыс орнының параметрлерi басталатын базалық нүкте;
орындықты iлiп қоюдың серпiндi элементi - тербелiстi таратушы орындықты iлiп қоятын түйiн;
өздiгiнен жүретiн машиналар - ауыл немесе орман шаруашылығында пайдаланылатын, дөңгелекпен немесе шынжыр табанмен жүретiн, жұмыс iстеу процесi сыртқы энергетика құралдарының көмегiнсiз қозғалуды көздейтiн, ал энергия көзi қызметiн iштен жану қозғалтқышы атқаратын машиналар;
трактордың жартылай тiркемесi - өз дөңгелектерi арқылы тiк жүктеменiң бiр бөлiгiн үстiңгi таянышқа және бiр бөлiгiн сүйреу-тiркеу құрылғысы арқылы тракторға немесе энергетикалық құралға түсiретiн өздiгiнен жүрмейтiн көлiк құралы;
трактордың тiркемесi - өз дөңгелектерi арқылы барлық тiк жүктеменi үстiңгi таянышқа түсiретiн өздiгiнен жүрмейтiн көлiк құралы;
тракторлар - дөңгелекпен немесе шынжыр табанмен жүретiн, кемiнде екi осi бар, жұмыс iстеуi негiзiнен оның сүйреу күшiне байланысты және басты жағдайда сүйреп тарту, итеру, тасымалдау немесе ауыл немесе орман шаруашылығында пайдалануға арналған белгiлi бiр құрылғыларды, тетiктердi немесе тiркемелердi қозғалысқа келтiру үшiн құрастырылған механикалық көлiк құралдары;
тiркеме машина - тракторға немесе энергетикалық құралға тiркелетiн, салмағы көлiк жағдайында оның жүрiс жүйесiне жалғанатын машина;
ұтқыр машиналар - тракторлар, өздiгiнен жүретiн машиналар, сондай-ақ оларға жалғанатын тiркемелер, ауыл немесе орман шаруашылығында қолданылатын машиналар немесе құралдар;

"Ауыл шаруашылығы және орман ағаштарын дайындайтын тракторлардың, тiркемелер мен машиналардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi
1. Қолданылу саласы
1. Осы "Ауыл шаруашылығы және орман ағаштарын дайындайтын тракторлардың, тiркемелер мен машиналардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламенттiң (бұдан әрi - Техникалық регламент) талаптары Қазақстан Республикасындағы жасалған және шетелден әкелiнетiн ауыл және орман шаруашылығына арналған жаңа және жаңғыртылған тракторларға, трактор тiркемелерiне, жартылай тiркемелерге және машиналарға (бұдан әрi - машиналар) қолданылады. Осы техникалық регламенттiң әрекетi қолданылатын машиналардың тiзбесi мен Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының (бұдан әрi - ҚР СЭҚ ТН) сыныптамасы бойынша оның кодтары осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетiлген.

"масса" -- электрлi әлеуетi базалық болып қабылданған өткiзгiш дене;

шағын механикаландырылған ұтқыр құралдар - ауыл шаруашылығы агрегатын құрайтын шағын тракторлармен және мотоблоктармен агрегатталған аспалы, тiркемелi, жартылай аспалы және жартылай тiркемелi ауыл шаруашылығы машиналары мен құралдары, өздiгiнен жүретiн, қозғалыста жұмыс iстейтiн және қуаты 25 кВт дейiн iштен жану қозғалтқышы бар жанында жүретiн оператормен басқарылатын арнайы машиналар мен құралдар;
шағын трактор - қуаты 25 кВт аспайтын қозғалтқышы бар, алаңдарда, мөлдектерде, террасаларда, бақтарда, фермаларда, саябақ және коммуналдық шаруашылықтарда ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы жұмыстарын орындауға арналған трактор;
энергетикалық құрал (бұдан әрi - энергоқұрал) - өздiгiнен жүрмейтiн машиналарды сүйреуге (итеруге) және олардың жұмыс органдарын тартуға арналған қозғалтқыштар, трансмиссиялар мен жылжытқыштар жиынтығы.
3. Машиналарды Қазақстан Республикасының нарығына орналастыру және оларды пайдалануға беру шарттары
5. Машиналарды нарыққа орналастыру немесе пайдалануға берудiң
қажеттi шарты осы Техникалық регламентте белгiленген талаптарға сәйкес келтiру болып табылады.
6. Нарыққа келiп түскен және Қазақстан Республикасына пайдалануға әкелiнетiн машиналар тұтынушылар пайдалану құжатында белгiленген талаптарды орындаған кезде дайындаушы белгiлеген барлық қызмет ету мерзiмi iшiнде қауiпсiздiк талаптарына жауап беруi тиiс.
7. Машиналарды тұтынушыларға:
1) машинаның таңбасында және оның негiзгi жинамалы бiрлiктерiнде;
2) iлеспе құжатта келтiрiлген толық және дұрыс ақпарат берiледi.
8. Машиналарда мынадай ақпаратты қамтитын таңбалар мен жазбалар
жазылуы тиiс:
1) машинаның атауы;
2) дайындаушының атауы;
3) серия, үлгi, модель белгiлерi;
4) сериялық нөмiрi;
5) өздiгiнен жүретiн машиналардың паспортында көрсетiлген қозғалтқыш нөмiрi, рама нөмiрi, агрегат нөмiрi;
6) дайындалған күнi;
7) операторды жеке қорғау құралдарын пайдаланудың қажеттiлiгi туралы талаптар;
8) жүк көтеру құралдарын қосуға және домкрат орнатуға арналған орын белгiлерi;
9) қауiп туралы ескерту белгiлерi;
10) жұмыс органдары мен қорғау құрылғыларын реттеуге қатысты деректер;
11) өздiгiнен жүретiн машиналар үшiн - дөңгелекке түсетiн рұқсат етiлген жүктеме, остер бойынша салмақтың бөлiнуi.
Машиналарға тiкелей жазылған ақпарат оның белгiленген қызмет ету мерзiмi iшiнде оқылатындай болуға тиiс.
Таңбалар, белгiлер және ескерту жазбалары түсiнiктi болуы тиiс. Қозғалтқыштың, рама мен агрегаттың сериялық нөмiрлерi машинаның үстiңгi жағына қолдан жасауы мен жойылуы қиын тәсiлдермен жазылуы тиiс.
Егер таңба шетел тiлiнде толтырылған жағдайда оның мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармасы пайдалану құжаттарында келтiрiледi.
Машинаның қауiпсiздiгiне әсер ететiн оның конструкциялық ерекшелiктерi туралы операторлар мен қызмет көрсетушi персоналды ескерту немесе ақпараттандыру мақсатында машинаның сыртқы немесе iшкi жағына дайындаушы жазған мәтiн мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде берiледi.
9. Пайдалану құжаттары мынадай мәлiметтердi қамтуы тиiс:
1) машинаның мақсаты туралы;
2) оның техникалық сипаттамалары туралы;
3) машинаның комплектациясы туралы;
4) өздiгiнен жүретiн машинаның паспортында көрсетiлген сериялық
нөмiр мен агрегаттар нөмiрлерiнiң орналасқан жерi туралы;
5) құрылғы және жұмыс iстеуi туралы;
6) машинаны пайдалануға дайындауға қажеттi жұмыстар тiзбесi туралы;
7) машиналарды пайдаланудың қауiпсiздiк шарттары туралы;
8) әзiрлеушiлер көздеген қауiпсiздiк шараларының қажеттi деңгейiне дейiн төмендетiлмей қалған қатер туралы;
9) техникалық қызмет көрсету кезiндегi мiндеттi жұмыстардың тiзбесi туралы;
10) ағымдағы жөндеу жүргiзу кезiндегi мiндеттi жұмыстардың тiзбесi туралы;
11) қажет болған кезде - жеке қорғану құралдарын қолдану жөнiндегi және қызмет көрсетушi персоналды қауiпсiз жұмыс iстеуге оқыту жөнiндегi нұсқаулықтар;
12) сақтау және консервациялау тәртiбi туралы;
13) тасымалдау тәртiбi туралы;
14) пайдаланудан шығару және кәдеге жаратуға дайындау туралы;
15) машинаның қабылдау-тапсыру сынақтарын жүргiзу және оны
пайдалануға жарамды деп тану туралы.
Машиналардың пайдалану құжаттамасы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде толтырылуы тиiс.
Сәйкестiктi растау туралы тұтынушыға арналған ақпаратты дайындаушы (жеткiзушi, сатушы):
1) машинаға жазылатын сәйкестiк белгiсi;
2) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы
заңнамасына сәйкес сәйкестiк сертификаты (көшiрмесi) түрiнде беруге тиiс.
10. Дайындаушы, уәкiлеттi өкiл, импорттаушы және тұтынушы
машиналардың осы Техникалық регламентте белгiленген қауiпсiздiк
талаптарына сәйкессiздiгiн анықтаған сәттен бастап немесе мемлекеттiк
органның нұсқамасы негiзiнде дайындау, сату және айналымға шығару
процесiн тоқтатады.
4. Машиналарды жобалауға қойылатын қауiпсiздiк талаптары
11. Машина жасау процесiнде адам өмiрi мен денсаулығын және
қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қауiпсiздiк талаптарының
машиналарға қолданылуын анықтау мақсатында қатердi бағалауды жүргiзу
қажет.
12. Белгiленген қауiпсiздiк талаптарын орындау дайындаушы көздеген шарттарда машинаны пайдалану кезiнде және болжанатын дұрыс қолданбау кезiнде тиiстi қауiп туындағанда мiндеттi болып табылады.
13. Машина өзiне жүктелген функцияларды орындайтындай, ал оны пайдалану, баптау мен қызмет етуi кез келген болжамды дұрыс қолданбауды ескере отырып, дайындаушы көздеген шарттарда осы операцияларды орындау кезiнде адам мен қоршаған орта үшiн қатер тудырмай жүзеге асатындай болып құрастырылуы және дайындалуы тиiс.
14. Машиналар әзiрлеу және жасау процесiнде нарыққа келiп түсетiн машиналардың оларға арналған нормативтiк құжаттамалар мен осы Техникалық регламенттiң талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету үшiн сынақтың барлық қажеттi түрiнен өтуi тиiс.
5. Машиналарға қол жеткiзу құралдарының қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар
15. Машина жұмыс орнына және барлық қызмет көрсету орындарына жайлы және қауiпсiз қол жеткiзудi қамтамасыз ететiндей етiп құрастырылуы және жасалуы тиiс.
16. Жұмыс орнына және қызмет көрсету орнына қол жеткiзу құралы (тұтқалар, сатылар, басқыштар және тағы басқалары) қол жеткiзу құралы ретiнде машиналардың басқару органдарын пайдаланудың қажеттiлiгiнсiз, оларды операторлардың дұрыс қолдануы айқын болатындай етiп құрастырылуы, жасалуы және орналастырылуы тиiс.
17. Оператордың жұмыс орнына немесе қызмет көрсету орнына қол жеткiзу құралын пайдалануы жарақат алу, тайып кету, сүрiну және құлау қатерiн болдырмайтындай болуы тиiс. Осыған байланысты қол жеткiзу құралдары мынадай талаптарға жауап беруге тиiс:
1) үстiңгi тiреулер жазық, көлденең және тайғанауға қарсы болуы тиiс, ал сатылардың конструкциясы қоқыс, балшық, қар және тағы басқаларды жинауды болдырмайтындай болуы тиiс;
2) iлме баспалдақтар (басқыштар) тұтқалармен жабдықталуы тиiс;
3) биiктiгi 5м және одан жоғары болатын басқыштарда 3м бастап
оператордың құлауын болдырмау үшiн қоршау болуы тиiс;
4) баспалдақтар және (немесе) рампалар қанаттармен жабдықталуы тиiс;
5) қол жеткiзу құралдарының конструкциясы машинаға берiк және сенiмдi бекiтiлуi тиiс;
6) қол жеткiзу құралдарының параметрлерi нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келуi тиiс.
18. Аралық аспалдақ ретiнде машинаның конструктивтi элементтерiн пайдалануға рұқсат етiледi. Шынжыр табанмен жүретiн машиналар үшiн тiреу алаңы ретiнде шынжырдың үстiңгi тармағын пайдалануға рұқсат етiледi.
6. Машиналардың тежеу жүйелерiнiң қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар
19. Тракторлар, өздiгiнен жүретiн машиналар және оларға жалғанатын тiркемелер мен машиналар жылдамдықты төмендетудiң, тежеудiң, тоқтаудың және пайдаланудың барлық берiлген шарттары кезiнде қауiпсiздiкке кепiлдiк беру үшiн қозғалыссыз жағдайда ұстап тұрудың тиiмдiлiгiне ұсынылатын нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келуi тиiс.
20. Тежеуiш жүйелер пайдалану құжаттарында көзделген реттемелердi орындау шарттары кезiнде регламенттелетiн қызмет ету мерзiмi iшiнде жұмыстың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуi тиiс.
21. Тежеудiң гидравликалық жүйесiнде сұйықтық құюға арналған мойындарға қол жеткiзу жеңiл болуы тиiс. Бұдан басқа сұйықтық толтыру бағыттары оларды ашпай-ақ сұйықтық деңгейiн тексеруге мүмкiндiк беретiндей болуы тиiс. Егер осы соңғы шарт орындалмаса, онда қызыл ескерту сигналы тежеу жүйесiнiң iстен шығуының себебi болатын кез келген сұйықтық қоры деңгейiнiң төмендеуiне жүргiзушiнiң назарын аударуы тиiс.
22. Энергиялық аккумулятормен жұмыс iстейтiн тежеу жүйелерi жинақталған энергияны пайдаланбай тиiмдi тежеу мүмкiн болмаған жағдайда жүйенiң кез келген бөлiгiндегi энергия бақылау клапанына дейiн түсiп, қауiптi деңгейге дейiн төмендегенде дыбыстық немесе көрiнетiн сигналдар беретiн манометрге қосымша ескерту құрылғысымен жабдықталуы тиiс.
23. Дөңгелектi тiркемелер мен машиналарды сүйреуге арналған тракторлар мен өздiгiнен жүретiн машиналарда сол тiркемелер базасында сол тiркемелер мен машиналардың тежеуiшiн басқару жүйесi болуы тиiс.
24. Трактордың тiркемесiнде және жартылай тiркемесiнде жұмыс iстейтiн және тұрақты тежеу жүйесi, сондай-ақ сақтандыру шынжырлары (тростар) болуы тиiс.
25. Трактор тiркемесiнiң және жартылай тiркемесiнiң тежеу жүйелерi қозғалыс кезiнде тiркеуiштен ажырап қалған жағдайда тiркеменiң автоматты түрде тоқтауын қамтамасыз ету тиiс. Бұл талап тiркеуiшпен бiрге, басты тiркеуiш құрылғы ажырап қалған жағдайда жетектiң жерге тиюiне жол бермейтiн және тiркеменi басқаруды қамтамасыз ететiн қосымша тiркеуiшi (шынжыр, трос және тағы басқалары) бар тiркемелер жағдайында салмағы 1,5 тоннадан аспайтын тiркемелер мен жартылай тiркемелерге қатысты емес.
26. Қозғалысы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарында жүзеге асуы мүмкiн тiркемеде, жартылай тiркемеде және жартылай аспалы машиналарда жұмыс iстейтiн және тұрақты тежеу жүйесi болуы тиiс.
Жұмыс iстейтiн тежеуiштердiң конструкциясы энергетикалық құралдан машина апатты ажыраған жағдайда машинаны тежеудi қамтамасыз ету тиiс.
Трактордың тiркемесi немесе жартылай тiркемесi типiндегi машиналарды жұмыс iстейтiн және тұрақты тежеуiштермен және сақтандыру шынжырымен жабдықтау мiндеттi болып табылады.
Осы машиналарды пайдалануға салмағы энергетикалық құрал салмағының 50%-нан аспайтын машиналарды, сондай-ақ тек дала жағдайындағы жұмыстарға арналған және жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына шығуы қарастырылмаған машиналарды тежеуiштермен жабдықтамауға рұқсат етiледi.
7. Машиналардың электрлiк қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар
27. Электр энергиясымен қозғалысқа келтiрiлетiн машиналар электрге байланысты кез келген қауiптiң туындауын болдырмайтындай етiп құрастырылуы, дайындалуы және жабдықталуы тиiс.
Мұндай машиналарға қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған "Төменвольттi жабдықтар қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiнiң талаптары қолданылады.
28. Тракторлар мен өздiгiнен жүретiн машиналарда жалғанатын
тiркемелер мен машиналардың электрлiк тiзбелерiн қоректендiруге арналған штепселдi ажырамалар болуы тиiс.
"Массаға" жалғанғандардан басқа электрмен жабдықтаудың ашық клеммаларында резеңке қорғау қалпақшалары болуы тиiс. Сүйiр бұрыштар мен жиектер арқылы өтетiн орындардағы электр сымдары механикалық зақымданудан қосымша оқшаулануы тиiс.
Электр сымдарын монтаждау және бекiту оның оқшаулануының бұзылуын болдырмауы тиiс.
29. Электрмен жабдықтау жүйесi "массаның" оператордың жұмыс
орнынан және кабинадан тыс, көбiнесе жер бетiнен қосылуын қамтамасыз етуi тиiс.
30. Аккумуляторлы батареялар оларға жанғыш технологиялық өнiмдердiң тоқ өткiзгiш материалдарының тиюiн және газдардың жиналуын болдырмайтын орындарға кабинадан тыс орналастырылады.
Аккумуляторлы батареяларды орналастыруға арналған бөлiкте желдеткiш және құрғатқыш тесiктер болуы тиiс.
Аккумуляторлы батареялар қауiпсiз қызмет көрсететiндей етiп орналасқан болуы тиiс (шамамен топырақтың үстiнен).
31. Қысқа тұйықталу кезiнде энергия көздерiн - аккумуляторлы
батареялар мен генераторды кабинадан тыс орналасқан автоматты
ажыратқыштың көмегiмен ажыратудың мүмкiндiгi қарастырылған болуы тиiс. Мұндай ажырату қауiпсiздiк жүйесiне, мысалы өрт сөндiру жүйесiне әсер етпеуi тиiс.
32. Электр өткiзгiштердiң оң клеммалары оның "массаға" неғайбыл тоқ өткiзушi заттармен тұйықталуы мүмкiн жерлерде оңашаланған материалдармен қорғалуы тиiс. Стартерден, аккумулятор батарейiнен және генератордан шығатын клемалар дәл осылай қорғалуы тиiс.
33. Операторды жоғары кернеулi тiзбенiң бөлiктерiне неғайбыл тиiп кетуден қорғау қамтамасыз етiлуi тиiс. Жоғары кернеулi өткiзгiш сымдарды от алдыру бiлтесiнен ажырату құрал-сайман қолданбай-ақ жүзеге асырылуы тиiс.
34. Электр сымдары ширатылып жиналуы тиiс. Ширатылмалар
мүмкiндiгiнше қозғалмайтын бөлiктерге топталуы және бекiтiлуi тиiс. Отын бергiш аппаратура элементтерiмен (құбыр жолдармен, карбюраторлармен, отын багымен), пайдаланылған газды шығару жүйесiмен, қозғалмалы бөлiктермен, өткiр жиектермен түйiспеуi тиiс. Ширатылмалар зақымдалудан және қажалудан қорғалуы тиiс.
35. Жарылу қаупi бар қоспалар, шаңдардың жарылу қаупi бар
концентрациялары пайда болуы мүмкiн орындарда жұмыс iстеуге арналған
машиналар жарылыстан қорғалған электржетектермен және электр жабдықтарымен жасақталуы тиiс.
8. Машиналардың шуларға және дiрiлдер қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар
36. Сыртқы шулардың және жұмыс орнындағы шудың деңгейi
нормативтiк құжаттарда белгiленген мәндерден аспауы керек.
37. Орындықтағы (жұмыс алаңындағы) және басқару органдарындағы
дiрiлдердiң параметрi нормативтiк құжаттарда белгiленген мәндерден аспауы тиiс.
9. Машиналардың электромагниттiк сыйымдылығының
қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
38. Машиналар электромагниттiк сыйымдылық саласындағы нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
10. Зиянды заттардың шығарындылары қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар
39. Тракторлар мен өздiгiнен жүретiн машиналарға орнатылған сығылудан оталатын қозғалтқыштардан шығарылатын зиянды заттардың шығарындылары нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
11. Машиналардың тұрақтылығына қойылатын талаптар
40. Машиналар пайдаланудың берiлген шарттарын сақтаған кезде тұрақтылығы сақталатындай болып құрастырылуы және дайындалуы тиiс. Машиналар тұрақтылықтың нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарына сәйкес келуi тиiс.
Машиналардың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар пайдалану құжаттарын да жазылуы тиiс.
Стационарлы машиналарды негiзде мығым бекiтудi қамтамасыз ету үшiн жеткiзiлетiн жиынтықта тиiстi техникалық құрал көзделуi қажет.
41. Жолмен технологиялық материалды тасымалдауға арналмаған өздiгiнен жүретiн астық жинайтын және басқа да жинағыш машиналар технологиялық ыдыс бос болған кезде нақты моделге арналған нормативтiк құжаттарда анықталған бұрыштарда көлденең тұрақтылығын сақтауы тиiс.
42. Салмақ орталығының ығысуына байланысты (оның iшiнде технологиялық сұйықтықтардың салмағын қайта тарату және (немесе) дөңгелектер балансының өзгеруi есебiнен) қисаю кезiнде тұрақтылығын жоғалтуы мүмкiн машиналар осындай қауiптердi болдырмауға арналған құралдармен қамтамасыз етiлуi тиiс.
43. Өздiгiнен жүретiн машиналар мен тракторлардың басқарылатын дөңгелектерiне түсетiн салмақтың мәнi нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптардағы мәннен кем болмауы тиiс.
44. Ағаш артуға арналған манипуляторлармен жабдықталған өздiгiнен жүретiн машиналар барынша тұрақтылықты қамтамасыз ететiн құрылғылармен жабдықталуы тиiс.
Жұмыс iстеу режимiнде машинаның барынша тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған құрылғылар, мысалы аутригерлер, гидравликалық жүйе iстен шыққан жағдайда бiр орында ұстап тұра алатын құралдармен жабдықталуы тиiс.
45. Таулы жерлерде пайдалануға арналған машиналар қауiптi қисаю сигнализациясы құралымен жабдықталады.
46. Орманға арналған машинаның аударылуының алдын алу үшiн лебедканың конструкциясы лебедканың тежеушi жүйесiне тәуелсiз және тез операторға машинаның қауiптi жұмыс режимiне жеткен кезде лебедканы басқару органына тiкелей әсер етiп, оның жетегiн өшiруге мүмкiндiк беруi тиiс.
47. Капоттың конструкциясы немесе көтерiлетiн қоршаулар көтерiлген жағдайда өздiгiнен түсiп кету мүмкiндiгiн болдырмауы тиiс.
48. Машинаның жұмыс органдарын көтеру қондырғылары кiдiрiп қалуы және оларды көлiктiк қалыпта ұстап тұруы тиiс.
49. Операторды басып қалу қаупi машинаның жабдықтарымен және (немесе) жұмыс органдарын қызмет көрсету үшiн көтерiңкi немесе көлiктiк жағдайда ұстап тұра алатын механикаландырылған фиксаторлармен шектелуi тиiс. Шанақты өздiгiнен аударылатын машиналар шанақты көтерiлген қалыпқа (бiр жаққа немесе артқа) келтiруге арналған тетiктермен жабдықталуы тиiс.
50. Тiркемелер және жартылай тiркемелер техникалық қызмет көрсету кезiнде жүк артылмаған платформаны көтерiлген қалыпқа (екi жаққа және артқа немесе егер жанынан жүк түсiрiлмейтiн болса, онда тек қана артқа) келтiруге арналған тетiкпен (тiреумен) жабдықталуы тиiс.
51. Жартылай тiркеме машиналарда тiркеу құрылғысына реттелiнетiн негiз болуы тиiс.
12. Машиналардың тораптары мен агрегаттарының
қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
52. Машинаның барлық қол жететiн бөлiктерiнде жарақаттардың алдын алу үшiн өткiр бұрыштар мен шеттер, кедiр-бұдырлы беттер болмауы тиiс.
53. Машиналардың кескiш, майдалағыш, мөлшерлегiш және басқа жұмыс органдарына технологиялық материалдардың түсуi қосымша қолмен реттеусiз (тегiстеу, престеу, қосымша тиеу және басқалары) механикаландырылған немесе автоматтандырылған түрде берiлуi тиiс.
Сусымалы және ыдыссыз жүктердi жинауға және тасымалдауға арналған сыйымдылығы бар машиналар олардың қолмен тегiстеусiз артылуын қамтамасыз етуi тиiс.
54. Егер техникалық қызметтi орындау кезiнде оператордың жұмыс
аймағынан технологиялық материалдың қозғалысы мүмкiн болса, үйкелуден
жарақат алу қаупiн болдырмайтын қосымша қорғау құралымен қамтамасыз етiлуi тиiс.
55. Технологиялық ыдыстар деңгей өлшеуiштермен немесе толу деңгейiн бақылау құрылғысымен жабдықталуы тиiс.
56. Бункерлер, резервуарлар және басқа да технологиялық ыдыстарды оларға қол жеткiзбей тазалау мен жуу мүмкiндiгi көзделуi тиiс. Сынамаларды iрiктеу, толу деңгейiн бақылау, бiтелiп қалған жерлердi жою технологиялық ыдыстан тыс және қауiпсiз жағдайда жүзеге асырылуы тиiс.
57. Машина қозғалушы бөлiктердiң кездейсоқ оқшаулануының алдын алатындай етiп құрастырылуы және дайындалуы тиiс. Егер, барлық қауiпсiздiк шараларына қарамастан, оқшаулану ықтималдылығы әлi де бар болса, машинаның қозғалмалы және қозғалмайтын бөлiктерiнiң арасында қауiпсiз арақашықты, машинаның қозғалмалы бөлiктерiн қауiпсiз шешуге арналған арнаулы қорғаныс құралдары мен құралдардың болуын қарастыру қажет.
Технологиялық өнiмнiң толуы және оралып қалуға шалдыққан машиналардың бөлiктерi қауiпсiздiк пен оларды тазалау қолайлылығын қамтамасыз ететiн арнайы құрылғылармен жабдықталуы тиiс. Толып қалған жұмысшы органдарын қолмен тазалаған жағдайда, оларға қауiпсiз қол жеткiзу қамтамасыз етiлуi тиiс.
Пайдалану құжаттарында, егер де мүмкiн болса, машинаның тиiстi белгiлерiнде арнаулы құрылғылар, тетiктер, құрал-сайман және оларды қолдану тәртiбi көрсетiлген нұсқаулық болуы тиiс.
58. Машинаның қозғалмалы бөлiктерi қолайсыз жағдайлардың
туындауына әкелiп соғуы мүмкiн олармен жақындасу қатерiн
болдырмайтындай етiп құрастырылуы және дайындалуы тиiс немесе егер қатер бар болса, онда арнайы қорғаныс құрылғылары немесе қорғаныс қоршаулары болуы тиiс.
59. Трансмиссияның қозғалмалы элементтерiмен байланысты қауiптерден қорғауға бағытталған қорғаныс қоршаулары қозғалмайтын қорғаныс қоршаулары түрiнде болуы тиiс.
60. Қозғалмайтын қорғаныс қоршаулары оларды құрал-жабдықтар
қолдану кезiнде ғана шешiп алу мүмкiн болатын бекiту тетiктерi көмегiмен белгiленуi тиiс.
61. Қорғаныс қоршаулары мен қорғаныс құрылғылары:
1) мығым конструкцияға ие болуы тиiс;
2) орналасқан жерiнде мығым бекiтiлуi және ашық және жабық
жағдайларда тұрақтану құрылғысына ие болуы тиiс;
3) технологиялық процестiң орындалуына кедергi жасамауы тиiс;
4) қауiптi кезден қауiпсiз қашықтықта орналасуы тиiс;
5) және оларды орнықтыру және (немесе) тиiстi құралдардың көмегiмен алмастыру, сондай-ақ көрсетiлген жұмыстарды тiкелей атқару аймағында ғана қызмет ету еркiндiгiн қамтамасыз ете отырып, техникалық қызмет көрсетудi жүргiзу мүмкiндiгiне ие болуы тиiс және мүмкiндiгiнше, қорғаныс қоршауларын қайта жөндеудi немесе қорғаныс құрылғыларын ағытуды талап етпеуi тиiс.
Бұдан басқа, қорғаныс қоршаулары қандай да бiр заттың шығарылымы мен құлап түсуiнен, сондай-ақ машина шығарған зиянды заттар мен қалдықтардың шығарылымынан сақтауды қамтамасыз етуi тиiс.
62. Желдеткiштер, сораптың жетектегi құрылғылары, компрессорлар, генераторлар және тағы басқалары сияқты барлық айналма тораптар персоналдың киiмiн немесе денесiнiң бөлiктерiн белбеу, белбеу-тегермештi немесе осы құрылғылардың басқа да сыртқы айналмалы бөлiктерiмен қармап түсуiнен сақтау үшiн қоршаулармен жабылуы тиiс.
63. Егер пайдалану жөнiндегi басшылыққа сәйкес жылжымалы
элементтерге, мысалы реттеу немесе техникалық қызмет көрсетуге жеке қол жеткiзу қарастырылған болса, онда машинада тұрақты орнатылған, сайман көмегiмен (мысалы, iлмек көмегiмен) ашылатын және сайманды қолданбай автоматты түрде жабылатын қорғау қоршауы қолданылуы тиiс.
Егер қорғау қоршауының осындай типi қолданылмайтын болса, жылжымалы қорғау құрылғысы қолданылуы тиiс. Олар басқару жүйесiне:
1) олар ашық қалған жағдайда машинамен қауiптi әрекеттер мен операциялардың орындалу мүмкiндiгiн бодырмайтындай;
2) олар ашық қалған кезде "тоқта" командасы берiлетiндей етiп құрастырылуы және қойылуы тиiс.
64. Егер жылжымалы бөлшектiң функционалдық мақсаты қоршауды
қолдануға жол бермесе, онда машинаның конструкциясында машина мен
жабдықтың қосылуы және қауiпсiздiк белгiлерi туралы ескертетiн
сигнализациясы болуы тиiс.
Пайдалану құжаттарында қауiптi орындармен жұмыс iстеу және қызмет көрсетудiң сақтандыру шаралары жазылуы тиiс.
Бұдан басқа, персоналды кездейсоқ байланыста жарақат алу қаупiнен қорғау үшiн мұндай бөлшектерге жету конструкцияның жылжымайтын элементтерi қызмет ете алатын тосқауылдармен шектелуi тиiс. Көрсетiлген тосқауылдар немесе конструкцияның қозғалмайтын бөлшектерi жылжымалы бөлшектерге дейiнгi қауiпсiз аралықты қамтамасыз етуi тиiс.
65. Әлеуеттi энергияны жинай алатын серiппелердiң, рессорлардың және басқа механикалық құрылғылардың қалып фиксаторы немесе жиналған энергияны босататын құрылғылары болуы тиiс.
66. Кеңiстiк шектеулiлiгi персонал үшiн оның пайдаланылуы мен қызмет көрсету кезiнде жоғары немесе төмен қызудағы машина бөлшектерiне жанасу қаупiн тудыратын машиналарда тиiстi қоршауларды орнату талап етiледi.
67. Қысым арқылы жұмыс iстейтiн технологиялық ыдыстар (жабдықтар) "Қысым арқылы жұмыс iстейтiн жабдықтарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкес болуы тиiс.
68. Жарылыстың немесе жарылудың алдын алу үшiн қысым немесе вакуум арқылы жұмыс iстейтiн технологиялық ыдыстар (жабдықтар) қысымды бақылау құралдарымен және қорғау клапандарымен жабдықталуы тиiс. Қорғау құрылғысын орналастыру сұйықтықты немесе газды қауiпсiз бөлудi қамтамасыз етуi тиiс.
69. Айдамалау жүйесiнде көлемдi сорғылардың болуы кезiнде қорғау клапаны мен манометр көзделуi тиiс.
70. Оператор болуы мүмкiн жерлерiнде орналасқан 300 мм.-ден асатын мөлшердегi тиеу саңылауларының шешiп алынатын торлы қоршаулары болуы тиiс.
71. Жалғанатын машинаның алғашқы қатты тiреуiмен бiрге өздiгiнен жүретiн машиналарға (немесе тракторларға) жалғанатын қуаттылықты iрiктеудiң алынбалы механикалық құрылғылары iс-әрекетi кезiнде кез келген жылжымалы бөлшектiң өзiнiң аралығында қорғалатындай етiп құрастырылуы және дайындалуы тиiс.
72. Қуаттылықты iрiктеудiң алынбалы механикалық құрылғылары
жалғанатын өздiгiнен жүретiн машинаның (немесе трактордың) қуаттылықты iрiктеу бiлiгi өздiгiнен жүретiн машинаға (немесе тракторға) берiк бекiтiлген арнайы қорғау қоршауымен не қорғаудың баламалы деңгейiн қамтамасыз ететiн өзге де керек-жарақпен қорғалуы тиiс.
73. Қуаттылықты iрiктеудiң алынбалы құрылғыларына қол жеткiзудi
қамтамасыз етуге арналған қорғаныс қоршауының ашылу мүмкiндiгi болуы
тиiс. Жоғарыда көрсетiлген құрылғыны орнату кезiнде машинаның қозғалысы уақытында қорғаныс қоршауының айқартопса бiлiгiмен зақымдануына жол берiлмеуi үшiн қауiпсiз кеңiстiк қалуы тиiс. Сүйреткiш машина қуатын қабылдау бiлiгi оған тiркелген қорғаныш қабына бекiтiлуi тиiс.
74. Айналмалы сәттердi шектегiштер немесе озу муфталары айқартопса бiлiгiнiң әмбебап шарнирiне тек жетектегi машина тарапынан бекiтiле алады. Қуаттылықты iрiктеудiң алынбалы механикалық құрылғыларында тиiстi түрде жазылған таңбалары болуы тиiс.
75. Жұмыс үшiн өздiгiнен жүретiн машиналарды (немесе тракторларды) қуат алу алынбалы механикалық құрылғыларына бiрiктiруге қажет барлық сүйретiлетiн машиналарда машиналарды ажырату қажет болған жағдайда олардың жермен немесе қандай да бiр машина бөлшектерiмен жақындасуы нәтижесiнде туындайтын зақымданулардан құрылғының өзiн және оның қорғаныс қоршауын сақтайтын жүйе болуы тиiс.
76. Қорғаныс қоршауының сыртқы бөлiктерi қуат алу алынбалы
механикалық құрылғыларымен бiр мезгiлде айналмайтындай етiп құрылуы,
дайындалуы және орналасуы тиiс. Қорғаныс қоршауы айқартопса бiлiгiн iшкi шарнир ашаларының ақырына дейiн, жоқ дегенде кең бұрышты әмбебап
шарнирлер жағдайында сыртқы шарнирдiң (немесе шарнирдiң) ортасына дейiн жабуы тиiс.
77. Егер машинада жұмыс орындарына қол жеткiзу құралдары қуат алу алынбалы механикалық құрылғыларына жақын орналасса, онда конструкцияның өзiнде көзделген жағдайды қоспағанда, айқартопса бiлiгiнiң қорғау қоршауын саты ретiнде пайдалану мүмкiндiгiн болдырмайтындай етiп құрастырылуы және дайындалуы тиiс.
78. Отын багтары жұмыс қысымынан екi есе артық қысым кезiнде, бiрақ кез келген жағдайда кемiнде 0,3-105 Па дайындаушы жылысуға жүргiзген сынақты қанағаттандыруы тиiс. Жұмыс қысымынан асатын кез келген артық қысым немесе кез келген қысым тиiстi құрылғылармен (ауа, қорғау клапаны және тағы басқалары) автоматты түрде теңелтiлуi тиiс.
Отын багының ауа клапандарының конструкциясы өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуi тиiс. Отын багының қақпағы арқылы немесе бак толық төңкерiлiп жатқан жағдайда да, артық қысымды теңелтуге арналған құрылғылар арқылы ақпауы тиiс (тамшылауына рұқсат етiледi).
79. Машинаның гидравликалық жүйесiнiң түтiкшелерiне төрт есе жұмыс қысымына төзуi бойынша сыналғаны туралы сертификат берiлген болуы тиiс.
80. Гидроцилиндрлер немесе гидроцилиндрлердiң түтiкшелерi тұйықтау құрылғыларымен жарақталуы тиiс және пайдалану құжатында тұйықтау құрылғысын қолдану бойынша арнайы нұсқаулық келтiрiлуi тиiс.
81. Түтiкшелер және гидравликалық құрылғылар элементтерiнiң
конструкциясы отынның, улыхимикаттардың, майлайтын, салқындататын және басқа технологиялық сұйықтықтардың тамшылауын болдырмауы тиiс.
82. Түтiкшелер, қосылу элементтерiнiң ыдысы және саңылаусыздандыратын төсемдер өздерi арналған технологиялық
сұйықтықтардың, сондай-ақ санитарлық өңдеу құралдары мен температуралық режимдердiң әсерiне тұрақты болуы тиiс.
83. Шаңдатқыш технологиялық материалдарды тасымалдауға,
араластыруға және таратуға арналған машиналарда шаң бөлiнудi
болдырмайтын құрылғылар немесе құралдар болуы тиiс.
Машиналардың конструкциясы жұмыс аймағын ластамайтын тәсiлмен технологиялық материалдар мен сұйықтықтарды құюды және тиеудi жүргiзуге мүмкiндiк беруi тиiс.
Ерiтiндiлермен химиялық өңдеуге арналған технологиялық материалдар ерiтiндiлердiң шашырауын болдырмайтын тәсiлмен берiлуi тиiс.
13. Машиналардың шолу мүмкiндiгi мен жарықтандырылуына қойылатын қауiпсiздiк талаптары
84. Оператор орнынан шолу мүмкiндiгi машинаны және оның құрал-саймандарын мақсат бойынша қолдану кезiнде оператордың және қауiптi аймақтардағы адамдардың толық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуi тиiс.
85. Машиналардың конструкциясы жұмыс орнынан мыналар үшiн қажеттi шолу мүмкiндiгi аймағында және бақылау объектiлерiнде кеңiстiктiң көрiнуiн қамтамасыз етуi тиiс:
1) машина мақсатына тәуелдi технологиялық дайындаушымен көзделген операцияларды орындау;
2) жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары бойынша жүрудi қосқанда (егер машина осы мақсатқа арналған болса) көлiктiк жағдайда қауiпсiз қозғалысты қамтамасыз ету.
86. Қажет болған жағдайда шолу мүмкiндiгi деңгейiнiң жеткiлiксiздiгiнен туындаған қауiптi жою үшiн талап етiлетiн құралдармен қамтамасыз етiлген болуы тиiс.
87. Машиналар конструкциясы оператордың жұмыс орнынан жұмыста отыру жағдайында мынадай бақылау объектiлерiнiң:
1) жүргiзудiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi қозғалыстың нысаналарының және бағдарларының
2) технологиялық процесс ағымында көзбен шолып бақылауды талап ететiн жұмыс органдарының
3) көлiк құралына технологиялық өнiмдi тиеу аймағының
4) агрегатталатын машиналармен және жабдықтармен асу және тiркеу үшiн қызмет ететiн тракторлар мен машиналардың конструкциялық элементтерiнiң. Егер өздiгiнен жүретiн машиналардың аспалары мен басқа да органдары үшiн конструкция элементтерiнiң көрiнуiн қамтамасыз ету мүмкiн болмаса, онда асуды орындауды қамтамасыз ететiн нысаналар немесе құрылғылар қарастырылады;
5) ауыл шаруашылығы тракторлары мен өздiгiнен жүретiн машиналардың, оның iшiнде маркерлердiң, оларды басқару үшiн қажеттi габариттiк нүктелерiнiң көрiнуiн қамтамасыз етуi тиiс.
88. Тракторлар мен өздiгiнен жүретiн машиналар шолу мүмкiндiгiнiң параметрлерi нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
89. Тракторлар мен өздiгiнен жүретiн машиналар оператордың технологиялық операцияларды толық көлемде қауiпсiз орындауы, сондай-ақ көлiк жағдайында машина қозғалысын басқару мақсатында кеңiстiк пен бақылау объектiлерiнiң барлық көрсетiлген учаскелерiн тәулiктiң қараңғы уақытында жарықтандыруға мүмкiндiк беретiн сыртқы жарықтандыру жүйесiмен жабдықталуы тиiс.
90. Тракторлар мен өздiгiнен жүретiн машиналар фаралармен жабдықталуы тиiс. Тракторлар үшiн фаралар саны екi алдыңғы және екi артқыдан кем емес. Өздiгiнен жүретiн машиналар мен шағын тракторлар үшiн фаралар саны - нақты машина моделiнiң нормативтiк құжаттары бойынша болады.
91. Ауыл шаруашылығы тракторларында көлiктiк және жұмыстық, ал
өздiгiнен жүретiн машиналарда - жұмыстық немесе көлiктiк және жұмыстық сыртқы жарықтандыру жүйесi болуы тиiс. Көрсетiлген жарықтандыру жүйелерi тәуелсiз қосылуы тиiс. Жұмыстық жарықтандыру жүйесi технологиялық операцияларды орындауда егiстiк учаскесiнiң, ал көлiктiк - жолдың жарықтандырылуын қамтамасыз етуi тиiс.
92. Жұмыс фаралары операторға олардың жарығы артқы көрiнiс
айнасына шағылысу есебiнен және тракторлар мен өздiгiнен жүретiн
машиналардың басқа жарық шашыратқыш бетiнен тiкелей немесе жанама
кедергi келтiрмейтiндей етiп орнатылады.
93. Ағаш дайындайтын тракторлар мен машиналар фаралары механикалық бұзылудан қорғалған болуы тиiс.
94. Машиналардың жарықтандыру жүйесiмен жасалатын жұмыс аймағының жарықтандыру параметрлерi нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
95. Жалпы көлiк ағымында жүре алатын дөңгелектi машиналар кабинасы артын көрсететiн сол және оң жақ сыртқы айналарымен жабдықталады. Өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы машиналары кабинасы тек артқы көрiнiстi қамтамасыз ететiн сол жақ айнасымен жабдықталады. Қалған машиналар кабинасы артын көрсететiн айналармен жабдықталады.
96. Энергетикалық құралдармен агрегаттауға арналған машиналардың конструкция элементтерi оператордың жұмыс орнынан шолу үнемi бақыланатын объектiлердi шектемеуi тиiс.
97. Машиналардың шолу мүмкiншiлiгi параметрлерiнiң базалық нүктесi К нүктесi болып табылады. К шолу мүмкiншiлiгi параметрi басталатын нүктенiң орналасуы сынақ әдiсiне арналған қолданыстағы нормативтiк құжатқа сәйкес анықталады.
14. Жұмыс орындарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
98. Оператордың жұмыс орны берiлген пайдалану шарттарына
байланысты оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және барлық болжамды
қауiптерден қорғауға қызмет етуi тиiс.
99. Оператордың жұмыс орны оны шартты туындайтын немесе зиянды
заттарды (шығарындылар) қолданған кезде сонымен қатар қолайсыз ауа-райы жағдайларынан қорғайтындай етiп құрастырылуы тиiс.
100. Егер ұтқыр машиналарды пайдаланудың берiлген жағдайында оның iшiнде отырған операторға немесе басқа тұлғаға, оның аударылуына және (немесе) оған заттың құлауына қауiп-қатер бар болса, онда оператордың жұмыс орны қорғау құрылғысымен жабдықталуы тиiс. Осы құрылғы машинаның iшiнде отырған адамға (адамдарға) аударылудан және (немесе) заттың құлауынан зақымдануын шектеудiң тиiстi мөлшерiн қамтамасыз етуi тиiс.
101. Орманға арналған тракторлар мен өздiгiнен жүретiн машиналар машинаның iшiндегi адамға (адамдарға) аударылу кезiнде де, заттың құлауы кезiнде де зақымдануды шектеудiң тиiстi мөлшерiн қамтамасыз ететiн қорғау құрылғысымен жабдықталуы тиiс.
102. Ауыл шаруашылығы тракторлары машинаның iшiнде отырған адамға {адамдарға) аударылуы кезiнде зақымдануды шектеудiң тиiстi мөлшерiн қамтамасыз ететiн қорғау құрылғысымен жабдықталуы тиiс.
Шағын тракторлар аударылу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн қорғау кабиналарымен немесе қауiпсiздiк тiректерiмен (доғаларымен) жабдықталуы тиiс.
103. Орманға арналған тракторлар мен машиналардың операторлары жұмыс орнына жас шыбықтардың, ағаш бұтақтарының және үзiлген сүйреу арқанының кiруiмен байланысты қауiптерден, сондай-ақ үзiлген ара шынжырымен, олардың буындарымен немесе машинаның басқа ақаулы бөлшектерiнен туындайтын қауiптерден берiктiгi жоғары әйнектермен немесе жеңiл шығарылатын қорғау қоршауымен қорғалуы тиiс.
104. Қажет жағдайда ұтқыр машиналардағы оператордың жұмыс орны оларды топырақ пен балшықтың лақтырылуынан қорғайтын қоршаулармен жабдықталуы тиiс.
105. Мақсатты жағдайда ауыл шаруашылығы тракторлары мен өздiгiнен жүретiн машиналардағы оператордың жұмыс орны жоғарыда көрсетiлген талаптарға сәйкес құрастырылған, дайындалған және жабдықталған кабинамен жабдықталуы тиiс.
Орманға арналған тракторлар мен өздiгiнен жүретiн машиналар кабинамен жабдықталуы тиiс.
106. Өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы машиналарында кемiнде екi, ал басқа машиналарда кемiнде үш авариялық шығыс болуы тиiс, оларға есiк, терезе, люктер қызмет ете алады. Авариялық шығыс кабинаның әр түрлi жағында (қабырғасында, төбесiнде) орналасуы тиiс. Авариялық люктардың ең аз көлемi олардың көлденең қиылатын жерiнде 640 және 440 мм. басты осьпен эллипс жазылатындай болуы тиiс. Авариялық шығыстар құрал-саймандардың көмегiнсiз ашылуы тиiс. Егер шынылы терезелер авариялық шығыс болып табылатын болса, онда кабинада авариялық жағдайда авариялық шығыс әйнегiн сындыруға және шығаруға болатын құрал болуы тиiс.
107. Егер жұмыс орны кабинамен жабдықталған болса, онда оның
iшiндегi шаңдардың шоғырлануы мен көмiртегiнiң тотығуы нормативтiк
құжаттарда белгiленген нормалардан аспауы тиiс.
108. Ұтқыр машинада кабина болмаған жағдайда операторды
атмосфералық жауын-шашыннан және тура күн сәулесiнен қорғау қамтамасыз етiлуi тиiс.
109. Егер жұмыс орны кабинамен жабдықталған болса, онда ол
нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес жылдың суық және
жылы уақытында кабинаның iшiнен микроклимат параметрлерiн қамтамасыз
ететiн микроклиматтың тұрақтандыру құрылғысымен жабдықталуы тиiс.
110. Машиналардың кабинасы ауа ағысының бағытын және қозғалыс жылдамдығын реттеуге арналған құрылғылармен жабдықталуы тиiс.
111. Өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы машиналарының кабинасы алдыңғы, ал басқа машиналар - алдыңғы және артқы әйнек тазалағыштарымен жабдықталуы тиiс.
Әйнек тазалағыштардың саны нақты машиналарға арналған нормативтiк құжаттарда белгiленуi тиiс.
Әйнек тазалағыштар машинаның қозғалтқыш пен қозғалыс жылдамдығының жұмыс тәртiбiне тәуелсiз жұмыс iстеуi тиiс.
112. Ауыл шаруашылығы дөңгелектi тракторларының, сондай-ақ барлық орман ағаштарын дайындайтын тракторлардың және өздiгiнен жүретiн машиналардың кабинасы алдыңғы әйнек жуғышпен жарақтандырылуы тиiс.
113. Машиналардың кабинасы алдыңғы әйнектердiң әйнек тазалағышпен тазаланатын аймағында булану мен мұздануды жою құрылғыларымен жабдықталуы тиiс. Орман ағаштарын дайындайтын тракторлардың және өздiгiнен жүретiн машиналардың кабинасы үшiн артқы әйнектi үрлеу ескерiлуi тиiс.
114. Кабиналар дербес қосылатын iшкi жарықтандыру жүйесiмен жабдықталуы тиiс. Iшкi жарықтандыру жүйесiмен құрылатын жарықтандыру параметрлерi басқару пультi және құралдар панелi деңгейiнде нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
115. Машиналардың кабинасы оператордың бетiне тура түсетiн күн сәулелерiнен қорғайтын құрылғымен жабдықталуы тиiс.
116. Машина кабинасындағы бақылау құралдарында шағыстыруды болдырмайтын көмескi жарық болуы тиiс.
117. Отын және басқа да сұйықтықтар үшiн құю аузы оператор кабинасынан тыс жерде орналастырылуы тиiс. Олардың конструкциясы, саңылаусыздығы және орналасуы кабинаға сұйықтықтың ену мүмкiндiгiн болдырмайтындай болуы тиiс. Бактар оларды ашу алдында немесе ашу сәтiнде iшкi қысымның қауiпсiз шығуына арналған құрылғымен жабдықталуы тиiс.
118. Қысымда тұрған құбыржолшектерi және басқа да элементтер жарылған жағдайда сұйықтық жұмыс орнында отырған операторға тура түспейтiндей орнатылуы немесе қорғалуы тиiс.
119. Конструкцияда көзделген жұмыс орнындағы металл және металл емес материалдардың жиектерi мен бұрыштары операторды жаралаудың алдын алу үшiн дөңгелектенген болуы тиiс.
120. Кабинада алғашқы медициналық көмек көрсетудегi дәрi-дәрмек қобдишасы үшiн орын, ауыз суы бар ыдысты, жеке қорғау құралдарын, сыртқы киiмдi бекiту үшiн орындар көзделуi тиiс. Кабинада қажет болғанда құрал-саймандар, радиотелефон, пайдалану жөнiндегi басшылық, тамақ өнiмi бар ыдыс үшiн орындар көзделуi тиiс.
Жұмыс орны кабинамен жабдықталмаған тракторлар мен өздiгiнен жүретiн машиналарда алғашқы медициналық көмек көрсетудiң дәрi-дәрмек қобдишасын сақтауға арналған орын көзделуi тиiс.
121. Мақсат бойынша машинаны қолдану жағдайында қолайсыздық,
шаршағыштық, физикалық қалжырау, сондай-ақ оператордың психологиялық
стресi барынша азайтылуға тиiс. Осы мақсаттарда жұмыс орнының
конструкциясы мынадай:
1) әр түрлi физикалық тұлғадағы, күштегi және шыдамдылықтағы
операторлардың жұмысын көздеуi;
2) оператордың қозғалысы үшiн қажеттi кеңiстiктi қамтамасыз ететiндей болуы тиiс.
122. Оператордың жұмыс орны оператордың өз орындығында толық қауiпсiздiкте машинаны басқару үшiн оған барлық көзделген әрекеттердi iске асыруға мүмкiндiк беретiн, жұмыс орнында жылжымайтын элементтер арасындағы кеңiстiк аз болатындай құрастырылуы және дайындалуы тиiс.
123. Кабинаның есiк ойығының мөлшерi және орындықтан жұмыс орнындағы жылжымайтын элементтерге дейiнгi кеңiстiк операторға орындыққа қауiпсiз жетудi қамтамасыз етуi тиiс. Орындыққа өту оған жету процесiнде операторды жаралайтын заттардан бос болуы тиiс.
124. Жұмыс орнындағы жылжымайтын элементтердiң арасындағы ең аз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz