КСРО-ның дағдарыс және құлдырау кезеніндегі Қазақстан (1985-1991ж.ж)



1.Қазақстандағы (1985.1991ж.ж.) саяси жағдайлар
2. 1985.1991 ж.ж. Қазақстан экономикасы жүйесінің дағдарысы.
1.Қазақстандағы (1985-1991ж.ж.) саяси жағдайлар. Президент Н.Ә.Назарбаев атап өткеніндей, бұрынғы жүйенің басты тарихи ағаттығы мынадай: тұтас бір халықтар тоталитарлык мемлекеттің прокруст төсегіне зорлап жатқызылып, мұның өзі ұлттық сана сезім серіппесінің әбден сығымдалуына апарып соқтырды. Тарих мынаны тағы бір көрсетті: қоғамданудың қандай жолын, капиталистік немесе социалистік жолын таңдамасын,ұлттык сана сезімді қорғау және дамыту институттарын орнықтырылмаса, мемлекеттік құрылыс сөз жоқ күйрейді.
Бүкіл Кеңес тарихы халықтар құқықтарының өрсекел бұзылуы мен тікелей геноцид фактілеріне толы.Бұл 20-30 жылдардың ашаршылығы. Ол тұста миллиондаға азаматтар қырылды. Қазақстардың саны жартысына дейін қысқарды, орыс халқы мен басқа халықтар миллиондаған адал еңбеккерлерінен, білімді де іскер адамдарынан айырылды. Көптеген ұлттардың гендік қыры бұлінді. Бұл ұлттық мәдениеттің,ғылымның, әдебиеттің және қоғамдық ойдың таңдаулы өкілдерінің жаппай жазалауға ұшырап, атылып кетуі.Бұл халықтардың жаппай депортацияланып, ұлттық құрылымдардың жойылуы.
Бүкіл кеңес тарихы халықтардың құқықтары сан рет бұзылғанын және тікелей геноцид фактілерінің орын алғанын көрсетеді. Бұл — миллиондаған азаматтар қаза тапқан 20-30-шы жылдардың ашаршылығы. Қазақтардың саны жартысына дейін кеміді, орыс және басқа халықтар миллионаған адал еңбеккерлерінен, білімді де кәсіпқой адамдарынан айрылды. Көптеген ұлттардың гендік қорына нұқсан келтірілді. Бұл — мәдениеттің, ғылымның, әдебиет пен қоғамық ойдың ең таңдаулы өкілдерін жаппай қуғынға салу мен ату. Бұл -халықтарды жаппай күштеп көшіру мен ұлттық құрылымдарды жою.
Ойластырылмаған экономикалық саясаттың және «ғасырлар жобаларын» жүзеге асырудың салдарынан шын мәнінде Қазақстанның бүкіл территориясын қамтыған елеулі экологиялық апаттар орын алды. Әскери ведомстволардың қызметі зор нұқсан келтірді. Мұның өзі біз үшін Семей полгонының проблемасына, Арал теңізінің, Возрождение аралындағы биополигонның, Батыс және Орталық Қазақстандағы полигондардың қасіретіне айналды. Мұндай саясат табиғи қарсылық туғызды. Ол кей жағдайда қоғамдық игілікті, ұлттық құндылықтарды қорғау жөніндегі ашық әрекеттерге де ұласты. Бұлардың түпкі мақсаты шынайы ұлттық теңдікке жету болатын.
80-ші жылдардың соңында елеулі дәрежеде шиеленіскен ұлттық қатынастардағы қарамақайшылықтар халықтардың сана-сезімін ұзақ жылдар бойы жаныштаудың салдарынан туған болатын. Нақ осы сала қоғамдағы толғағы жеткен проблемалардың бүкіл тереңдігін көрсеткен неғұрлым сезімтал барометр болып шықты. Мұның өзі бірқатар республикалардың тоталитарлық системаға ашық қарсы тұруына жағдай туғызды. Осы кезеңде халықтардың ұлттық-мемлекеттік теңсіздігі аса үлкен мемлекеттің саяси ыдырауының басты негізіне айналды. Ол халықтардың нақты мемлекеттік егемендікке қол жеткізуге деген табиғи ұмтылысына төтеп бере алмады.
Біз болған оқиғалардан тағылым алуымыз керек. Ұлт саясаттын жүргізе отырып, біз Қазақстан халқының ұлттық құрамын және жеңіл де оңай өте қоймаған оны құрудың процесін ескеруіміз керек. Сарапшылардың бағалауы бойынша, шаруалар отарлауы барысында революцияға дейінгі кезеңде Қазақстанға Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан 1 милли¬он 150 мың адам келген. Коллективтендіру көзінде КСРО-ның орталық аудандарынан Қазақстанға 250 мың конфискеленген шаруалар жер аударылды.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
КСРО-ның дағдарыс және құлдырау кезеніндегі Қазақстан (1985-1991ж.ж)

Жоспар:
1.Қазақстандағы (1985-1991ж.ж.) саяси жағдайлар
2. 1985-1991 ж.ж. Қазақстан экономикасы жүйесінің дағдарысы.
Лекция
1.Қазақстандағы (1985-1991ж.ж.) саяси жағдайлар. Президент Н.Ә.Назарбаев
атап өткеніндей, бұрынғы жүйенің басты тарихи ағаттығы мынадай: тұтас бір
халықтар тоталитарлык мемлекеттің прокруст төсегіне зорлап жатқызылып,
мұның өзі ұлттық сана сезім серіппесінің әбден сығымдалуына апарып
соқтырды. Тарих мынаны тағы бір көрсетті: қоғамданудың қандай жолын,
капиталистік немесе социалистік жолын таңдамасын,ұлттык сана сезімді қорғау
және дамыту институттарын орнықтырылмаса, мемлекеттік құрылыс сөз жоқ
күйрейді.
Бүкіл Кеңес тарихы халықтар құқықтарының өрсекел бұзылуы мен тікелей
геноцид фактілеріне толы.Бұл 20-30 жылдардың ашаршылығы. Ол тұста
миллиондаға азаматтар қырылды. Қазақстардың саны жартысына дейін қысқарды,
орыс халқы мен басқа халықтар миллиондаған адал еңбеккерлерінен, білімді де
іскер адамдарынан айырылды. Көптеген ұлттардың гендік қыры бұлінді. Бұл
ұлттық мәдениеттің,ғылымның, әдебиеттің және қоғамдық ойдың таңдаулы
өкілдерінің жаппай жазалауға ұшырап, атылып кетуі.Бұл халықтардың жаппай
депортацияланып, ұлттық құрылымдардың жойылуы.
Бүкіл кеңес тарихы халықтардың құқықтары сан рет бұзылғанын және
тікелей геноцид фактілерінің орын алғанын көрсетеді. Бұл — миллиондаған
азаматтар қаза тапқан 20-30-шы жылдардың ашаршылығы. Қазақтардың
саны жартысына дейін кеміді, орыс және басқа халықтар миллионаған адал
еңбеккерлерінен, білімді де кәсіпқой адамдарынан айрылды. Көптеген
ұлттардың гендік қорына нұқсан келтірілді. Бұл — мәдениеттің, ғылымның,
әдебиет пен қоғамық ойдың ең таңдаулы өкілдерін жаппай қуғынға салу мен
ату. Бұл -халықтарды жаппай күштеп көшіру мен ұлттық құрылымдарды жою.
Ойластырылмаған экономикалық саясаттың және ғасырлар жобаларын жүзеге
асырудың салдарынан шын мәнінде Қазақстанның бүкіл территориясын қамтыған
елеулі экологиялық апаттар орын алды. Әскери ведомстволардың қызметі зор
нұқсан келтірді. Мұның өзі біз үшін Семей полгонының проблемасына, Арал
теңізінің, Возрождение аралындағы биополигонның, Батыс және Орталық
Қазақстандағы полигондардың қасіретіне айналды. Мұндай саясат табиғи
қарсылық туғызды. Ол кей жағдайда қоғамдық игілікті, ұлттық құндылықтарды
қорғау жөніндегі ашық әрекеттерге де ұласты. Бұлардың түпкі мақсаты шынайы
ұлттық теңдікке жету болатын.
80-ші жылдардың соңында елеулі дәрежеде шиеленіскен ұлттық
қатынастардағы қарамақайшылықтар халықтардың сана-сезімін ұзақ жылдар бойы
жаныштаудың салдарынан туған болатын. Нақ осы сала қоғамдағы толғағы жеткен
проблемалардың бүкіл тереңдігін көрсеткен неғұрлым сезімтал барометр болып
шықты. Мұның өзі бірқатар республикалардың тоталитарлық системаға ашық
қарсы тұруына жағдай туғызды. Осы кезеңде халықтардың ұлттық-мемлекеттік
теңсіздігі аса үлкен мемлекеттің саяси ыдырауының басты негізіне айналды.
Ол халықтардың нақты мемлекеттік егемендікке қол жеткізуге деген табиғи
ұмтылысына төтеп бере алмады.
Біз болған оқиғалардан тағылым алуымыз керек. Ұлт саясаттын жүргізе
отырып, біз Қазақстан халқының ұлттық құрамын және жеңіл де оңай өте
қоймаған оны құрудың процесін ескеруіміз керек. Сарапшылардың бағалауы
бойынша, шаруалар отарлауы барысында революцияға дейінгі кезеңде
Қазақстанға Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан 1 миллион 150 мың адам
келген. Коллективтендіру көзінде КСРО-ның орталық аудандарынан Қазақстанға
250 мың конфискеленген шаруалар жер аударылды. Соғыс алдындағы жылдарда
өнеркәсіп құрылысы үшін елдің барлық түкпірлерінен, әсіресе еуропалық
бөлігінен 1 миллион 200 мың адам көшірілді.
Қазақстанға әр жылдарда 800 мыңға таяу немістер, 18,5 мың корейлердің
отбасы, 102 мың поляк, Солтүстік Кавказ ха-лықтарының 507 мың өкілдері
зорлықпен көшірілді. Қырым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар мен
басқа да халықтар Қазақстанға өз еркімен келген жоқ.
XX ғасыр қазақтарды өзінің Отанында азшылыққа айналдырған қайғылы
оқиғалардың ғасырына айналғаны үшін қазақтардың еш кінәсі жоқ. Сондықтан
бүгін таңда осы халықтың мемлекеттікке деген құқына күмән келтірушілер
оның қасіретінің тереңдігін білмейді немесе білгісі келмейді. Қазақ ұлты
басқа қай ұлтпен салыстырғанда да мемлекеттікке лайық екеніне сенімдіміз.
Мұны ол өзінің бүкіл тарихымен дәлелдеп отыр.
Біздің республикамызға өз еркінен тыс келгендер де кінәлі емес.
Сондықтан қазіргі көшіп-қонудың себебі экономикалық проблемаларда ғана
емес, сонымен бірге күштеп көшірілген орыстардың, украиндардың,
белорустардың, немістердің және басқа халықтардың ұрпақтарының тарихи
отанына оралуды қалайтынында, ұлттық мемлекеттік құрылысына қатысуға
деген ынтасында жатыр.
КСРО ыдыраған сәттен бастап едәуір шиеленісіп кеткен проблемелардың
бірі көші-қон проблемасы болды.Қазақстан Республикасы мемлекет комның
мәліметі бойынша 1992 жылы Қазақстан Ресейге 149,2 мың адам, 1993 жылы-2-
151,2 мың, 1994 жылы- 255,5 мың, 1995 жылы- 144,3 мың адам көшіп
кеткен.Сонымен бірге Ресейден Қазақстанға 1992 жылы- 71,8 мың, 1993 жылы-
49,1 мың, 1994 жылы-32,9 мың,1995 жылы-35,7 мың адам көшіп барған. Көшіп
кеткендер мен көшіп барғандар арасында орыстар да, қазақтар да бар.
Статистикалық мәліметтер талдағанда мынаны атап өту керек: алғашқы
кезеңде, 1992-1993 жылдары республикадан көшіп кеткендер көрсеткішінің
едәуір болуы ең алдымен көптеген әскери қалашықтардың жабылуына және
стратегиялық мақсаттағы әскери бөлімдердің Ресей аумағына ауыстырылуына
байланысты.
Орыстардың белгілі бір бөлігі Ресейге көшсек материалдық жағдайымыз
едәуір жақсарады деп үміттенеді. Көш-қонның тағы бір факторы, аздап болса
да, тұрмыстық ұлтшылдық дейтінің қылаң беруі еді, ол Қазақстанда да,
Ресейде де өздерін көрсетіп қалғысы келген өрескел ұлтшыл ұйымдардың
әрекеттеріне байланысты еді. Екі мемлекетте де аренаға шыққан, едәуір
байыпты саналатын ұлттық отаншыл күштердің өзінің белсенділігі де көші-кон
процестеріне ықпал еткенін атап көрсету қажет.
Тәуелсіздікке ие болған алғашқы күндерден бастап Президент, Үкімет
Қазақстанның басқа да мемлекеттік органдары азаматтық тыныштықты қамтамасыз
ететін ұлтаралық татулықтың ықтимал пошымдарын іздестірумен ұдайы айналасып
отырды.
1995 жылы казанда құрылған Республика үкіметтің құрамы көп нәрсені
аңғартады және кадр мәселесіндегі мемлекеттік ұлт саясатын бейнелейді.
Осы заманғы көптеген талдаушылар, шынтуайтына келгенде XX- ғасырда
әлемде болған және болып жатқан барлық процесстер, экономикалық процесстер
де ұлттық фактормен әйтеуір бір түрде байланысты деп санауға бейім.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің ғасырлар
тоғысындаң деген еңбегінде этностық, ұлттық сана-сезімін ғаламдық оянуы,
этнос ішіндегі күрделі процестер XX- ғасырдың екінші жартысының ең қиын
мәселесі болды деп атап өтті. КСРО одағы көзінде орын алған ұлттық
кайшылықтар мен жанжалдар түйіні тек КСРО шеңберінде ғана ұлғайып қойған
жоқ. Ұлттық фактор империялардың күйреуінде өз рөлін атқарды, ол Германия
мен Жапонияның соғыстан кейінгі қалпына келтірілуі сияқты өзінің салдарлары
жағынан ірі ауқымды құбылыстарды да Азия-Тынық мүхит аймағы елдерінің
экономикалық секірісінде де, Европаның бірігуінде де және кеңсе- кеңестік
дәуірден кейін, жаңа мемлекеттердің кұрылу прцестерінен де көрінді.
Ұлт мәселесін маркеттік тұрғыдан түсінудің таптық және ұлттық деген
Қоғамдардыңара қатынасының идеологияландырылған доктриналарының қалың
астарын қопармай-ақ, басты нәрсені бөліп алайык, бір ғана әлеуметтік-
экономикалық жүйе өсіріп шығарған, не нәрсенінің де мәнін бірдей түсіну
жағдайында өскен қоғам таптық діни ұғымды бірінші орынға қойды ды, ұлттық
жұмылу процестерінің төтенше тиімділігі мен өміршендігін ескермеді, бұл екі
арада қоғамның дами түсуіне орай ұлттык, этностық факторлардың рөлі арта
түскен еді.Ұлттык дәстүрлер мен ерекшкліктердің ықпалы, отбасы институтының
өзіндік ерекшеліктері, конфессиялар жиналымының сипаты, ой машығы мен
әлеуметтік құлықты секілді маңызды мәселелер ғылыми тұрғыда терең
талданған жоқ десе болғандай.
Қазақстанда өкілетті мемлекеттік органдардың және әлеуметтік ықпалы мен
мүмкіндіктерін пайдалана отырып, дәл осындай көзқарастарды жүзеге асыру
талабы бар.
Сондықтан көп этносты Қазақстан үшін ұлтаралық татулықты қамтамасыз ету
қазір басты міндет, демократияның аса маңызды құрамдас бөлігі.
Өзгерістердің ойдағыдай жүргізілуі де, адамдардың тұрмысын жақсарту да,
жалпы республиканың тұрақты дамуы да осыған байланысты. Өзінің ұлттық
саясатында мемлекет этностар арасындағы өзара қатынастың ұзақ мерзімді
принциптерінің іргесін қалауда.
Сонымен бірге республика басшылығы мынадай тұжырымға келді: мемлекет
жүргізіп келе жатқан ұлт саясаты оны күнделікті іске асыруға оның
объектілері-этностар өкілдері тікелей қатысса ғана тиімді бола алады.
Қазақстан қоғамының дамуындағы көпұлттық факторын есепке алу, саяси,
экономикалық салаларда жүргізіліп жатқан реформалар тұсында нақты ахуалды
талдау Қазақстан халықтарының форумын шақырудағы іргелі факторлар болып, ол
1992 жылы желтоқсанда, Тәуелсіздік күнін, егемен Қазақстанның өмір сүруінін
бір жылдығын мерекелеу қарсаңында Алматыда өтті. Оған республикада тұратын
барлық ұлттардың өкілдері қатысты. Бұл съезді шақыру идеясын Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған болатын.
Осындай бірегей сан ұлттығы бар (оның үстіне мұның негізінде көптеген
халықтардың қасіреті жатыр) Қазақстан бірін-бірі қырып жатқан ТМД
елдеріндегі біздің жақын көршілеріміздің қайғылы жағдайына жол берген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы туралы
Қазақстан қазіргі заман тарихы пәннің лекция сабақтарының әдістемелігі
Инфляция әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде. ҚР инфляцияға қарсы саясаты
Ресей Федерациясының тарихы
“Қайта құру” саясаты және Қазақстан
КСРО 80 жылдардың басында
Демократиялық қалыптасу кезеңі
Саяси - экономикалық реформалық бағыттың басталуы
Инфляция мен жұмыссыздық мәні, себептері мен әлеуметтік салдары
Пәндер