Қожанасыр (хикаялар)



Түсініктеме : Сонау XIII ғасырдан бері ұмытылмай келе жатқан түрік халықтарының ғүлама ойшылы, әулие Насреддин Хожаның есімі қазақ елінде Қожанасыр деген атпен таныс. Қазіргі Түркияның Ескішехір қаласының Сиврихисар бөлігіндегі Хорту деген ауылда туған Қожа алғашқы сабақтарын ауыл имамы болған өз әкесінен алған екен. Содан кейін оқуын Кония медресесінде тәмәмдап, осы маңайда имам болған. Шамамен 1284-1285 жылдары Ақшехірде дүние салған. Мазары сол жерде. Қожанасырдың сөз қуаты халықтар арасындағы шекараны бұзып өтіп, оны әлемге танымал етті. Адам бойындағы ойсыздық, табансыздық, сараңдық, озбырлық сияқты нәпсі қасиеттерін әшкере етіп, дәл тауып айтылған қысқа, өтімді, шешен, сөздермен жеткізуі Қожекеңнің дүниетанымдық көзқарастарының хақ ілімі арнасында қалыптасқанын дәлелдейді. Оның рухани-интелектуалдық мағынасы терең әзілдері адамды тек күлдіріп қана қоймай, оның рухани толысуына жәрдем ететін, жақсы мен жаманды ажыратуға тәрбиелейтін баға жетпес ұстаз. Қожекең айтты деген әзілдердің мол болуына әр замандарда өмір сүрген әулиелер де өз үлестерін қосты. Өздері тауып айтқан, мағынасы терең әзілдер мен ғибратты сөздерді Қожекеңе телу арқылы, олар өз бойларындағы жалған "меннің" өсуінен сақтанып, нәпсілерін ауыздықтап отырған.
*****************

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қожанасыр

(хикаялар)
Түсініктеме : Сонау XIII ғасырдан бері ұмытылмай келе жатқан түрік
халықтарының ғүлама ойшылы, әулие Насреддин Хожаның есімі қазақ елінде
Қожанасыр деген атпен таныс. Қазіргі Түркияның Ескішехір қаласының
Сиврихисар бөлігіндегі Хорту деген ауылда туған Қожа алғашқы сабақтарын
ауыл имамы болған өз әкесінен алған екен. Содан кейін оқуын Кония
медресесінде тәмәмдап, осы маңайда имам болған. Шамамен 1284-1285 жылдары
Ақшехірде дүние салған. Мазары сол жерде. Қожанасырдың сөз қуаты халықтар
арасындағы шекараны бұзып өтіп, оны әлемге танымал етті. Адам бойындағы
ойсыздық, табансыздық, сараңдық, озбырлық сияқты нәпсі қасиеттерін әшкере
етіп, дәл тауып айтылған қысқа, өтімді, шешен, сөздермен жеткізуі
Қожекеңнің дүниетанымдық көзқарастарының хақ ілімі арнасында қалыптасқанын
дәлелдейді. Оның рухани-интелектуалдық мағынасы терең әзілдері адамды тек
күлдіріп қана қоймай, оның рухани толысуына жәрдем ететін, жақсы мен
жаманды ажыратуға тәрбиелейтін баға жетпес ұстаз. Қожекең айтты деген
әзілдердің мол болуына әр замандарда өмір сүрген әулиелер де өз үлестерін
қосты. Өздері тауып айтқан, мағынасы терең әзілдер мен ғибратты сөздерді
Қожекеңе телу арқылы, олар өз бойларындағы жалған "меннің" өсуінен
сақтанып, нәпсілерін ауыздықтап отырған.

*****************

Бір күні Қожанасырға танысы келіп, бір даулы іске жалған куәлік жаса
деп жалбарынады. Қожа жарайды деп амалсыз келіседі. Сотқа келгесін хәкім
Қожанасырдан :
- Сіз даушының мына бір адамға бір пұт бидай бергенін өз көзіңізбен
көрдіңіз бе ? — деп сұрайды.
* Даушы бұл кісіге бір пұт арпа берді,- дейді Қожанасыр.
* Бұл адам бидай даулап отыр, сіз арпа дейсіз. Бұл қалай?
* Жалған болған соң бидайы не, арпасы не бәрібір емес пе?- депті
Қожанасыр. (Әулиенің журегі бала сияқты өтірікті қаламайды.
Мысалға Шәкәрім (р.ғ) айтады:
Тазалыққа тағы жеттім, Балалықты қуып жеттім. Жоғары ғаршыдан
өттім,
Осыны шыңдаған көңіл !)

* * *
Бір адамға алыс жерден хат келіпті. Кімге көрсетсе де хаттың жазуын ешкім
танып оқып бере алмапты. Сол кездері Ақшехір қаласының қадиі ауырып,
Қожанасырды қади сайлаған екен. Қожанасыр үйінен шығып, қызметіне кетіп
бара жатса, әлгі адам қуып жетіп:
- Қожеке, мына хатты оқып бере қойыңызшы. Өзіңіз болмасаңыз ,
ешкім оқи алмады, - дейді.
Қожа хатты ашып қараса арабша жазылған екен, түсінбейді.
- Мына хат арабша жазылған екен, арабша білетін біреуге оқыт, -
дейді.
Бұл жауапқа әлгі адам ренжіп :
- Қап, бәрекелді-ай! Өзің Қожасың, оның үстіне сені қаланың қадиі
етіп сайлады. Өзіңнен ұялмасаң да ана басыңдағы бұлғар түбегіндей
болған сәлдеңнен ұялсаң етті. Бір хатты оқып бере алмадың- ау! — деп
кейиді.
Қожа да қызып кетіп, басындағы сәддесін шешіп, ана кісінің басына
кигізе қояды:
- Ал! - дейді.- Керемет осында тұрса өзің-ақ оқи ғой !
* * *

Бір күні Қожанасыр есекке мініп, ұлы жанында жаяу еріп базарға келе
жатады. Бұларды көрген біреулер :
- Ананы қара, үп-үлкен адам өзі есекке мініп, титтей баланы қинап
жаяу жүргізіп қойғанын, - дейді.
Мұны естіген Қожанасыр дереу есектен түсіп, баласын есекке отырғызады
да, өзі жаяу жүреді. Алдарынан таныстары шыға қалып :
- Әй, Қожам! Сіз бұл жасыңызға келгенде жаяу жүріп, мына
арыстандай ұлды есекке мінгізгеніңіз қалай ? Құдайдың құлына
жараспайтын іс бұл! — деп сөгеді.
Ұлы екеуі бірдей есекке мініп келе жатса алдарынан жолыққаң тағы біреу
:
- Ұяттан жұрдай болған екенсіңдер. Айтатын тілі жоқ
байқұс
хайуанның, әйтпесе екеуіңді бірдей алып жүру оңай ма? — деген екен.
Қожа есегінен өзі де түсіп, баласын да түсіреді.
Енді екеуі жаяу, есек бос келе жатады. Тағы біреу бұларды көріп,
басын шайқап :
- Алла, Алла ! Бұл дүниеде не қылған түсініксіз адамдар болады.
Есекке мінбек бар екен, не қылып ұлы да ,өзі де жаяу келеді? Ана
хайуан болса рахаттанып бос келеді., - дейді.
Бұл сөздерді естіген Қожа баласына :
- Көрдің бе, әркімнің сөзін тыңдасаң диуана боларсың. Ең жақсысы,
қашанда өз жүрегіңнің қалауын істе. Кел, есекке мінейік, - деп екеуі
есекке жайланып отырып, жүріп кетіпті. ( "Көптің сөзін тыңдаган күн
көре алмайды. " (халық даналыгы))

* * *

Қожанасыр баласына құмыра ұстатып:
* Бар, су алып кел, - дейді. — Байқа, құмыраны шағып алма, - деп
баласының арқасынан жұдырықпен түйіп жібереді. Бұны көрген
көршілері:
* Қожеке, баланы неге ұрасыз? Құмыраңызды сындырған жоқ қой,
* десе, Қожанасыр:
- Сындырған соң ұрғанның пайдасы қанша,- депті (Сабырға шақыратын
хикая)

* * *
Қожанасырдың үйіне ұры түсіпті. Бұл хабарды естіген дос -жарандары:
- Қожеке, кінә өзіңнен. Дуалынды биігірек қалап, есігіңді мықтап
құлыптамайсың ! — деп сөгіпті.
Бұндай айыпты күтпеген Қожа, оларға басқа сөз айтқызбай:
- Жә, жетер жарқындарым! Түсіндік. Кінә менен екен. Сонда ұрының
ешқандай күнәсі болмағаны ма?— депті.

* * *

Ертеден кеш ойын—күлкі, сауық-сайран, тегін тамақ іздеп жүретін біреу
Қожанасырға келіп :
* Қожеке, ана көшеде жүкші халуа әкетіп барады,- дейді.
* Оның маған келіп-кетері қанша?
* Халуаны сіздің үйге апара жатыр.
* Онда саған келіп- кетері қанша?

* * *
Қожанасыр қыста базарға зәйтүн жемісін сатуға шығады. Алғашқы алушы
болып қасына бір әйел келеді. Әйел зәйтүнді ұнатады, бірақ қымбат екен деп,
барды-жоқты айтып ұзақ тұрады. Қожа зәйтүнді мақтап:
- Арасында аштысы, не шірігені жоқ. Уақытында жиналып, жақсы
сақталған зәйтүн. Және бәрі біркелкі. Өзінің дәмі қандай! Сенбесең
дәмін татып көр.
Әйел әңгімені басқаға бұрады.
* Мені өзіңіз білесіз,- дейді ол. Сіздің бақшаға жанасатын үйде
тұрамын. Көршіміз. Бүгін неғып ақшасыз шыққанымды! Қарызға
берсеңіз алар едім.
* Жаным, саған ақшаны сөз қылған бар ма! Дәмін татып көр де,
керегінше ал. Кейін есептесе жатармыз.
* Жоқ, татпаймын,- дейді әйел. — Осыдан үш жыл бұрын рамазан
айында ауырып қап, бір апта оразам бұзылып еді. Қазір мына қыстың
қысқа күнін пайдаланып борышымды өтеп жүрмін.
Қожа жалма-жан әйелдің сөзін бөліп :
- Олай болса, жолың ашық! Құдайдың алдындағы борышын үш жыл
бойы қайтармай жүрген адамға қарыз бере алмаймын!- депті.

* * *
Қожанасыр көшеде келе жатса, біреу соңынан қуып жетіп, арқасынан
жұдырықпен бір қояды. Қожанасыр бұрылып қараса -танымайтын біреу. Әлгі адам
қатты сасып қап:
- Қүдай үшін, ғафу етіңіз! Мен сізді басқа біреумен шатастырып,
жаңылдым, - деп кешірім өтінеді.
Қожанасыр ашуланып, оны сүйрегендей боп қазыға әкеледі. Сөйтсе әлгі
адам қазының досы екен, досын ақтап қазы Қожанасырға:
- Қожеке, бұл сізді әдейі қастандықпен ұрған жоқ. Басқа біреумен
шатастырып алыпты. Тілесеңіз бұған да бір тоқпақ беріңіз, сонымен дау
бітсін, - дейді.
-Жоқ,- деп көнбейді Қожанасыр, - маған әділ шешім керек.
- Онда бұл кісі сізге бір алтын теңге берсін.
Әлгі кісінің қалтасында ақшасы жоқ екен, үйге барып алып келейін,
дейді. Қазы оған қайтып келмей-ақ қой деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ертегілерінің ішіндегі Түркі халықтарына ортақ кейіпкерлер - Алдар көсе , Қожанасыр және Тазша бала
Аңыз әңгімелерді оқыту әдістері
Аңыз-әңгімелердің танымдық және тәрбиелік мәні
Қазақ әдебиетінің тарихы
Аңыз-әпсаналардың жанрлық ерекшеліктері
Ауызша әңгіменің фольклорлық сипаты
Көпен Әмірбек
Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту
БАЛАЛАР ДРАМАТУРГИЯСЫНЫҢ БАСПАЛДАҚТАРЫ
Заманауи мультфильмдердің мектеп жасына дейінгі балалардың психикасына тигізетін әсері
Пәндер