Жер қойнауын пайдаланудың құқықтық реттелуі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ... ..7

1.1 Жер қойнауының құқықтық режимі және оны қорғау ... ... ... ... ... ... 7
1.2Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуүшін экологиялық негіздеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ҮШІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ... ... ... ... ... ... ..15

2.1Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2Жер асты суларын барлау және (немесе) шығару кезіндегі экологиялық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі экологиялық талаптарды түсіну үшін ең алдымен жердiң нысаналы пайдаланылуы өзгерген және оны бiр санаттан екiншiсiне ауыстырған кездегi экологиялық талаптар; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; елдi мекендердiң жерiн аймақтарға бөлу мен пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн және сауықтыру мақсатындағы жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; орман қорының жерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; су қорының жерiн аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар.
Ал жалпы оңтайлы жер пайдалану жөнiндегi негізгі экологиялықталаптар мынандай болады:
1) ұсынылып отырған жердiң қайта түлетiлуi және жердi қайта бөлу салдарларын ғылыми негiздеу және болжау;
2) барлық санаттағы жердiң ұтымды пайдаланылуы мен қорғалуын жоспарлау мен ұйымдастыруда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты негiздеу және iске асыру;
3) жердiң нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi құнарлы жердi сақтау;
4) экологиялық негiзделген жинақы және алаңы жағынан оңтайлы жер учаскелерiн қалыптастыру және орналастыру;
5) ауыл шаруашылығы алқаптарын жақсарту, топырақтың құнарлылы-
ғын арттыру, тұрақты ландшафттарды күтiп ұстау және жердi қорғау жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеу;
6) жердi ұтымды пайдалану және қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiр-
леу;
7) жерге түгендеу жүргiзу және пайдаланылмайтын, ұтымды пайдала-
нылмайтын, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жердi анықтау;
8) жердiң өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында және адам денсаулығын сақ-
тау мүддесiне орай ормандардың орта құрау, су қорғау, қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, сауықтыру және өзге де пайдалы табиғи қасиеттерiн сақтау және күшейту;
9) биологиялық әралуандықты сақтау болып табылады.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар
1. ҚР Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл.
2. ҚР Экологиялық Кодексі 9 қаңтар 2007жыл.
3. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы ҚР-ның 2010 жылғы 24 маусымындағы № 291-4 заңы
4. ҚР Жер кодексі 2003 ж.
5. Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство Республики Казахстан. Алматы, Жеты –Жарғы,1995-186б
6.Мукашева А.А. Экологизация законодательства: адекватная необхо-
димость. Эколого- правовая и практика Казахстан: проблемы рационального использования и охраны природных ресурсов. Материалы межд.кон.-Астана, 2005-Библикотека земельного права. Выпуск6. С-83
7. Қазақстан Республикасының Су кодексі
8. Елюбаев Ж.С. Некоторые спорные вопросы в практике применения экологического законодательства в сфере недропользования.//Вестник КазНУ, Алматы, 2009.-№1 (49). С.39- 44
9. «ҚР экологиялық құқығы» Күлтелеуов С.
10.Қосанов Ж.Қ. «Прав собственности, право землепользования иные права на землю» Монография. Алматы 2002
11.Боголюбов С.А. «Экологическое право» учебник 2000 г.
12.Новикова Е.В Теоретические проблемы развития экологического законодательства в Республики Казахстан. Учебник. 1999
13. Мукашева, Анар Абайханкызы. Теоретические и методологические проблемы водного права Республики Казахстан в современных условиях [Текст] : автореф. дис. на соиск. учен. степ. д.-ра юрид. наук : 12. 00. 06 - экологическое право ; природоресурсное право ; аграрное право / А. А. Мукашева. - Астана : [б. и.], 2010. - 40 с.
14.Бекишева, С.Д. Правовые проблемы обеспечения экологической безопасности Республики Казахстан: дис. ... д-ра юрид. наук: защищена 29.11.10 / Сабигуль Джанабаевна Бекишева; науч. конс. Д. Л. Байдельдинов, И. Ш. Килясханов; КазНУ им. аль-Фараби.- Алматы: [б. и.], 2010.- 337 с.
15. Абдраимов Б.Ж «Земельное законодательство и судебная практика» Учебно-практическое пособие. Выпуск 2. Алматы 2002 г.
16.Рахметов, Е.Ш. Теоретико-правовые проблемы института реализации и защиты земельных прав в Республике Казахстан: дис. ... д-ра юрид. наук: защищена 25.12.10 / Есил Шарипбаевич Рахметов; науч. конс. А. Е. Бектурганов; КазНУ им. аль-Фараби.- Алматы: [б. и.], 2010.- 267 с
17.
18.Проблемы правового обеспечения экологической безопасности в Республики Казахстан.:мат.межд.науч.-практ.конф.посвящ 50 лет д.ю.н.,проф.Д.Л.Байдельдинова 16 апреля 2010г.-Алматы,2010.-456с
19.Аленов М.А. Экологический процесс: нормативное регулирование и проблемы правоприменения // монография.- Астана, 2007 (с. 412)
20. Волкова А.М. «Основы экологического права. Общая часть» Учебное пособие. 2003 г.
21. Стамқұлов Ә.С.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы;Оқу құралы. 1бӛлім.Тараз.:Тараз университеті,.2003.-400б
22. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортанықорғау. Оқу құралы. -Алматы: 2007 ж.
23. Кушумбаев А.А «Экологическое право Республики Казахстан» Учебное пособие 2001 г.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1 ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ... ..7

1.1 Жер қойнауының құқықтық режимі және оны қорғау ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін экологиялық негіздеме ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

2 ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ҮШІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

2.1 Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Жер асты суларын барлау және (немесе) шығару кезіндегі экологиялық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..27

КІРІСПЕ

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі экологиялық талаптарды түсіну үшін ең алдымен жердiң нысаналы пайдаланылуы өзгерген және оны бiр санаттан екiншiсiне ауыстырған кездегi экологиялық талаптар; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; елдi мекендердiң жерiн аймақтарға бөлу мен пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн және сауықтыру мақсатындағы жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; орман қорының жерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; су қорының жерiн аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар.
Ал жалпы оңтайлы жер пайдалану жөнiндегi негізгі экологиялық талаптар мынандай болады:
1) ұсынылып отырған жердiң қайта түлетiлуi және жердi қайта бөлу салдарларын ғылыми негiздеу және болжау;
2) барлық санаттағы жердiң ұтымды пайдаланылуы мен қорғалуын жоспарлау мен ұйымдастыруда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты негiздеу және iске асыру;
3) жердiң нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi құнарлы жердi сақтау;
4) экологиялық негiзделген жинақы және алаңы жағынан оңтайлы жер учаскелерiн қалыптастыру және орналастыру;
5) ауыл шаруашылығы алқаптарын жақсарту, топырақтың құнарлылы-
ғын арттыру, тұрақты ландшафттарды күтiп ұстау және жердi қорғау жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеу;
6) жердi ұтымды пайдалану және қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiр-
леу;
7) жерге түгендеу жүргiзу және пайдаланылмайтын, ұтымды пайдала-
нылмайтын, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жердi анықтау;
8) жердiң өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында және адам денсаулығын сақ-
тау мүддесiне орай ормандардың орта құрау, су қорғау, қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, сауықтыру және өзге де пайдалы табиғи қасиеттерiн сақтау және күшейту;
9) биологиялық әралуандықты сақтау болып табылады.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар шаруашылық қызметінің экологиялық жағынан қауіпті түрлері болып табылады және мынадай талаптар сақталған кезде орындалуға тиіс:
1) ұңғымалар мен тау-кен өндіру конструкциялары беріктігі, технологиялылығы және экологиялық қауіпсіздігі жағынан жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау шарттарын қамтамасыз етуге тиіс;
2) дизельді-генератор және дизельді жетегі бар қондырғыларды қолдана отырып, бұрғылау және жер қойнауын пайдалану жөніндегі басқа да операциялар кезінде атмосфераға осындай қондырғылардан тазартылмаған газдардың шығарылуы олардың техникалық сипаттамасына және экологиялық талаптарға сәйкес келуге тиіс;
3) құнарлы жерде және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерде жер қойнауын пайдалану жөніндегі құрылыстарды салу кезінде жабдықтарды монтаждауға дайындық жұмыстарын жүргізу процесінде аумақтың құнарлылығын кейіннен қалпына келтіру үшін құнарлы қабат алынады және жеке сақталады;
4) уытты заттардың табиғи объектілерге көшуін болғызбау үшін технологиялық алаңдарды гидрологиялық оқшаулай отырып, жер қойнауын пайдаланудың қалдықтарын ұйымдасқан түрде жинау мен сақтаудың инженерлік жүйесі көзделуге тиіс;
5) ұңғыма құрылысы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда салынған жағдайларда, тек қана ұрасыз технологияны қолдану қажет;
6) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар кезінде шламдарды кәдеге жарату және бұрғылау процесінде қайтадан пайдалану, қоршаған ортаға қайтару үшін, пайдаланылған бұрғылау ерітінділерін, бұрғылаудан, карьерлерден және шахтадан шыққан сарқынды суды бейтараптандыру жөніндегі жұмыстар белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілуге тиіс;
7) бұрғылау ерітінділерін көмірсутегі (әк-битум, инверт-эмульсия және басқалары) негізінде қолданған кезде ауаның газдануының алдын алу жөніндегі шаралар қолданылуға тиіс;
8) жану мүмкіндігін немесе адамдардың улану ықтималдығын болғызбау мақсатында пирофорлық шөгінділер, шлам мен керн жобаға сәйкес және қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органы мен жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша көміледі;
9) жер қойнауын пайдалану жөніндегі құрылыстарды пайдалануға беру жобада көзделген барлық экологиялық талаптар толық көлемде орындалған жағдайда жүргізіледі;
10) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар мен жабдықтарды бөлшектеу аяқталғаннан кейін жобалық шешімдерге сәйкес жер учаскесін қалпына келтіру (рекультивациялау) жөніндегі жұмыстар жүргізіледі;
11) жер қойнауын пайдаланушы бұрғылайтын, оның ішінде өздігінен ағып шығатын ұңғымаларды, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымаларды реттегіш құрылғылармен жабдықтауға, консервациялауға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоюға тиіс;
12) қызметі жер асты суы объектілерінің жай-күйіне зиянды әсер ететін немесе зиянды әсер етуі мүмкін жеке және заңды тұлғалар су объектілерінің ластануын және тартылуын болғызбайтын шаралар қабылдауға міндетті;
13) ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау мақсатында пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты суы объектілерінің су жинау алаңдарында қалдықтарды көмуге, қорымдар, өлген малды көметін орындар және жерасты суының жай-күйіне әсер ететін басқа да объектілер салуға жол берілмейді;
14) сіңірме ұңғымаларды бұрғылауға қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының осы ұңғымалар бұрғыланатын ауданда арнайы тексерулер жүргізілгеннен кейін беретін оң қорытындылары болған кезде жол беріледі;
15) өнеркәсіптік, емдік минералды суларды пайдаланғаннан кейін ағызып жіберу Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес жүргізілуге тиіс;
16) ұңғымаларды тоқтатып қою және жою келісімшарттық аумақтар шегінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
17) пайдаланудан шығарылған суды сіңірме ұңғымаларға айдау жүргізілетін ауданда жақын жердегі ұңғымалардағы, бұлақтардағы, құдықтардағы судың сапасына қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісілген жоспар бойынша су пайдаланушылардың күшімен жүйелі зертханалық байқаулар ұйымдастырылуға тиіс.

1 ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ

1.1 Жер қойнауының құқықтық режимі және оны қорғау.

Қазақстан Республикасының жер қойнауы мен оның құрамындағы пайдалы қазбалар мемлекет меншігінде болады.[1]
Жер қойнауы - топырақ қабатынан төмен орналасқан не пайдалы қазбалары жер бетіне шығып жатқан, ал топырақ қабаты жоқ болса - жер бетінен және теңіздердің, көлдердің, өзендердің және басқа да су айдындарының түбінен төмен орналасқан, ғылыми - техникалық прогресті ескере отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке дейін созылып жатқан жер қыртысының бөлігі;[2]
Жер қойнауына мемлекеттік меншік Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін құрайтын негіздердің бірі болып табылады. Мемлекет Заңда көзделген негіздерде, жағдайлар мен шектерде жер қойнауына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Заңда және келісімшартта өзгеше көзделмеген болса, минералдық шикізат жер қойнауын пайдаланушыға меншік құқығында (Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіпорнына - шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында) тиесілі болады.
Минералдық шикізат дегеніміз - жер қойнауының жер үстіне шығарылған, құрамында пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) бар бөлігі (тау - кен жынысы, кен шикізаты және басқалар);[2]
Техногендік минералдық түзілімдер жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
Техногендік минералдық түзілімдер дегеніміз - тау-кен өндіру және байыту, металлургиялық және басқа да түрлі өндірістерінің қалдықтары болып табылатын, пайдалы компоненттері бар минералдық түзі - лім - дердің, тау-кен жыныстарының, сұйықтар мен қоспалардың жиналымы;[2]
Техногендік минералдық түзілімдерді игеру кезінде жер қойнауын пайдаланушы не техногендік минералдық түзілімдерге меншік құқығы бар үшінші тұлға техногендік минералдық түзілімдер құрамында болатын және оларды алу, пайдалану (өткізу) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарында көзделмеген пайдалы қазбалардың қорына қатысты жер қойнауының мемлекеттік сараптамасын жүргізуге және құзыретті органмен келісімшарт жасасуға міндетті.
1992 жылғы 30 мамырға дейін қоймаға қойылған немесе минералдық ресурстардың мемлекеттік қорына қосылған техногендік минералдық түзілімдер мемлекет меншігі болып табылады.
Мемлекет меншігіндегі техногендік минералдық түзілімдерден алынған пайдалы қазбаларға меншік құқығы келісімшартта айқын - да - лады.
Пайдалы қазба дегеніміз - химиялық құрамы мен физикалық қасиеті оларды материалдық өндіру және (немесе) тұтыну саласында және (немесе) өзге мұқтаждықтарға тікелей немесе өңдеуден кейін пайдалануға мүмкіндік беретін жер қойнауындағы табиғи минералдық түзілім, көмірсутектер және жерасты сулары.[2]
Минералдық шикізат, техногендік минералдық түзілімдер немесе пайдалы қазбалар өзіне меншік құқығында тиесілі жер қойнауын пайдаланушы минералдық шикізатқа, техногендік минералдық түзілімдерге немесе пайдалы қазбаларға иелік етуге, оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген азаматтық - құқықтық мәмілелер жасасуға құқылы.
Геологиялық ақпарат - геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық, тектоникалық мәліметтерді, тау-кен қазбаларының, ұңғымалардың техникалық құжаттамасын, кен орнының, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін келісімшарттық аумақтағы жұмыс учаскесі мен объектілердің болжамды ресурстарын және баланстық қорларын қамтитын материалдар жиынтығы;
Геологиялық ақпарат, егер ол Қазақстан Республикасының бюджет қаражаты есебінен алынса - мемлекет меншігінде, ал жер қойнауын пайдаланушының жеке қаражаты есебінен алынса, жер қойнауын пайдаланушының меншігінде болады.
Қаржыландыру көзіне қарамастан, жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпарат жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға сақтау, жүйелеу және жинақтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сәйкес міндетті түрде ақысыз беруге жатады.
Геологиялық ақпарат ақылы немесе ақысыз негізде беріледі.
Геологиялық ақпарат мыналарға ақысыз негізде беріледі:
жер қойнауын геологиялық зерттеуге байланысты жұмыстарды мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізетін тұлғаларға;
ғылыми зерттеулер мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жағдайларда ғылыми мақсаттар үшін;
мемлекеттік, сондай-ақ аккредиттелген жеке оқу орындарына - оқу мақсаттарында;
мемлекеттік органдарға.
Жер қойнауы туралы ақпарат ақылы негізде беріледі. Жер қойнауы туралы ақпаратты беру талаптарына қарамастан, оны көшіру жөніндегі шығыстарды ақпарат алушы бөлек өтейді.
Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге әкету ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.[2]
Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігі ретінде айқындалады. Геологиялық ақпараттың құны Қазақстан Республикасының бюджетіне төленеді.
Тарихи шығындар - мемлекет келісімшарттық аумақты геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға жұмсаған, олар туралы геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне берілген бұрынғы жиынтық шығындар.
Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Келісімшарттың қолданысы тоқтатылған кезде барлық геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне өтеді. Жер қойнауын пайдаланушы барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттың өзге де материалдық жеткізгіштерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ақысыз тапсыруға міндетті.
Мемлекеттің жер қойнауын пайдалану саласындағы артықшылықты және басым құқықтары Қазақстан Республикасының, көліктік шығыстар мен өткізу шығындары шегеріле отырып, жер қойнауын пайдаланушы тиісті пайдалы қазбаларға қатысты мәмілелер жасасу кезінде қолданатын, мәмілені жасасу күніне қалыптасқан бағадан аспайтын бағалар бойынша жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларын сатып алуға басқа тұлғалар алдында артықшылықты құқығы бар.
Жер қойнауын пайдаланушы мәмілелер жасасу кезінде қолданатын пайдалы қазбалар бағалары туралы ақпарат болмаған жағдайда, әлемдік нарықта мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуы жөніндегі мәмілені жасасу күніне қалыптасқан бағалардан аспайтын бағалар қолданылады.[3]
Сатып алынатын пайдалы қазбалардың шекті көлемі және төлем түрі келісімшартпен айқындалады.
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға артықшылықты құқығын іске асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Жер қойнауын пайдалануды шектеу және тыйым салу 3 жағдайда болуы мүмкін:
- Ұлттық қауіпсіздікті
- Халықтың қауіпсіздігін
- Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша.
Елді мекендердің, қала маңы аймақтарының, өнеркәсіп, көлік және байланыс объектілерінің аумақтарында жер қойнауын пайдалануға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ішінара немесе толық тыйым салынуы мүмкін, егер мұндай пайдалану:
- адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі
- шаруашылық объектілеріне
- қоршаған ортаға нұқсан келтіруі мүмкін болса.
Пайдалы қазбаларды реквизициялау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі пайдалы қазбалардың бір бөлігін немесе барлығын реквизициялауға құқығы бар:
Төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайда.
Реквизициялау Қазақстан Республикасының мұқтаждығына қажет мөлшерде төтенше немесе соғыс жағдайының барлық қолданылу мерзімі ішінде жүргізілуі мүмкін. Пайдалы қазбаларды реквизициялау меншік нысанына қарамастан, кез келген жер қойнауын пайдаланушыға қатысты жүргізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы реквизицияланған пайдалы қазбалар үшін заттай нысанда немесе шетелдік жер қойнауын пайдаланушыға, олардың құнына еркін айналымдағы валютамен, ал ұлттық жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдаланушы тиісті пайдалы қазбаларға қатысты мәмілелер жасасу кезінде реквизициялау күніне қолданатын, көліктік шығыстар мен өткізу шығындары шегерімінен қалған бағадан аспайтын бағалар бойынша ұлттық валютамен өтемақы төлеуге кепілдік береді.[3]
Жер қойнауын пайдалану құқығы дегеніміз келісім шарттық аумақ шегінде, жер қойнауын иелену және пайдалану.
Келісімшарттық аумақ дегеніміз - жер қойнауын пайдаланушы келісімшартқа сәйкес онда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге құқылы болатын, геологиялық не тау-кендік бөлумен айқындалатын аумақ. геологиялық бөлу - барлауға, бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін схемалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын қосымша;
Жер қойнауын пайдалану құқығы келесі операцияларды жүзеге асыру үшін беріледі:
Мемлекеттік геологиялық зерттеу - жер қойнауы жай-күйінің мониторингімен, жер қойнауы учаскелерінің, сондай - ақ Қазақстан Республикасы аумағының жекелеген бөліктерінің және тұтастай бүкіл аумағының геологиялық құрылымын зерттеумен, оларда пайдалы қазбалардың болу перспективаларын іздеу және іздеу - бағалау жұмыстарын жүргізу арқылы айқындаумен, жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негізін құрайтын мемлекеттік геологиялық карталар жасаумен байланысты жұмыстар (операциялар);[2]
өндіру - минералдық шикізатты бастапқы өңдеуді және уақытша сақтауды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер бетіне шығаруға, сондай-ақ техногендік минералдық түзілімдерден алуға байланысты жұмыстардың (операциялардың) барлық кешені;
барлау - пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеумен және оларды бағалаумен байланысты жұмыстар (операциялар);
жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану - мұнай мен газды сақтау үшін жерасты немесе топырақ қабатынан төмен тереңдіктегі құрылыстар, тоннельдер, метрополитендер, қорларды жасанды толтыру үшін жер қойнауына жерасты суларын айдауға арналған құрылыстар, қатты, сұйық және радиоактивті қалдықтарды, зиянды улы заттарды көму мен жиып қою және сарқынды әрі өнеркәсіптік суларды жер қойнауына ағызу үшін өңделген қазба қалдықтарының қоймаларын, шөгінді қоймаларын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;
Жер қойнауын пайдалануға байланысты кейбір операциялардың түрлерін минералды шикізат ресурстарының түрлеріне байланысты жіктеуге болады, мысалы:
- қатты күйдегі, жер асты суларын, кең таралған пайдалы қазбаларды және көмірсутекті шикізатты барлау
қатты күйдегі, жер асты суларын, кең таралған пайдалы қазбаларды және көмірсутекті шикізатты өндіру
Минералды шикізат ресурстарын сақтау үшін жер асты құрылыстарын салу, мысалы, мұнай, газ, су.
Аталған құрылыстарды пайдалану
Жер қойнауын пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтемді немесе өтеусіз болуы мүмкін.
Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншік немесе жер пайдалану құқығында тиесілі жер учаскелерінде кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру тұрақты және өтеусіз жер қойнауын пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың барлық қалған түрлері уақытша және өтемді жер қойнауын пайдалану негізінде жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері[4]:
Қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғалар жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері болуы мүмкін.
Жер қойнауын пайдалану құқығының туындау негіздері:
Жер қойнауын пайдалану құқығы:
1) беру;
2) табыс ету;
3) құқық мирасқорлығы тәртібімен ауысу жолымен туындайды.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға тікелей мемлекеттің беруін білдіреді.
Жер қойнауын пайдалану құқығын табыс ету жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға басқа жер қойнауын пайдаланушының беруін білдіреді.
Жер қойнауын пайдалану құқығының құқық мирасқорлығы тәртібімен ауысуы заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде және жер қойнауын пайдалану құқығына ие жеке тұлға қайтыс болған кезде құқық мирасқорында жер қойнауын пайдалану құқығының туындауын білдіреді.
Жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер болмаса, ешкім жер қойнауын пайдалану құқығынан айырылмайды.
Жер қойнауын пайдалану құқығы:
1)келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған;
2)барлаумен немесе өндірумен байланысты емес және радиоактивті қалдықтарды, зиянды заттарды көмуге және сарқынды суларға арналған жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге, сондай-ақ Заңның 35-бабының 6-тармағына сәйкес өндірістік-техникалық жерасты суларын тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемде барлауға немесе өндіруге арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі өткен немесе ол кері қайтарып алынған;
3)Қазақстан Республикасының Үкіметі Заңның 14-бабына сәйкес жер қойнауы учаскесін пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдаған;
4)жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлға таратылған жағдайларда тоқтатылады.
Жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату жер қойнауын пайдалану мақсатында берілген жер учаскесіне жер пайдалану құқығын тоқтатудың сөзсіз негізі болып табылады.
Жер қойнауымен және жер қойнауын пайдаланумен байланысты құқықтық қатынастар мынадай қағидаларға негiзделедi:
1)жер қойнауын ұтымды (шығын болуына жол бермеу), кешендi (өндірілетін пайдалы қазбаларды таңдамай, оларды мүмкіндігінше игеру немесе болашақ ҒТП қалдыру) және қауiпсiз пайдалануды(арнайы білімі, дайындығы бар мамандарды тарту; арнайы киім жарақтармен қамтамсыз ету; жарылғыш заттардың қатаң есептілігі және қауіпсіз пайдаланылуы; техникалық құжаттарды сақтау және т.б.) қамтамасыз ету;
2)жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды (табиғи күйінде қорғау, геологиялық зерттеу немесе ө және б кезінде қорғау) қамтамасыз ету; Қорғау дегеніміз аталған операциялардың ғылыми негізделген, терең зерттелген негізді болуын қамтамасыз ету, жаңа технологияларды пайдалану.
3)республикалық және аймақтық мүдделердiң үйлесуiн қамтамасыз ету;
4)минералдық шикiзат базасын толықтыруды қамтамасыз ету;
5)жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жариялы түрде жүргiзу;
6)жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы;
7)жер қойнауын пайдалану жөнiнде операцияларды жүргiзуге инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар туғызу.

1.2 Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін экологиялық негіздеме

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға, жобалау құжаттамаларына мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары және экологиялық рұқсат жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін экологиялық негіздеме болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға жоспарланған қызметтің қоршаған ортаға тигізетін әсеріне баға беру кірген және "Қоршаған ортаны қорғау" бөлімі бар барлық жобалау алдындағы және жобалау құжаттарын ұсынуға міндетті.
Жер қойнауын пайдалану кезіндегі жалпы экологиялық талаптар
1. Жер қойнауын пайдалану кезіндегі жалпы экологиялық талаптар:
1) жер қойнауын Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы-
ның талаптарына сәйкес пайдалану;
2) кен орнын игерудің арнаулы әдістерін қолдану есебінен жердің үстің
гі қабатын сақтау;
3) жердің техногендік шөлейттенуін болғызбау;
4) барлау, өндіру кезінде, сондай-ақ барлаумен және өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу мен пайдалануға беру кезінде қауіпті техногендік процестердің пайда болуынан сақтандыру шараларын қолдану;
5) жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орындарын пайдалану мен қазуды қиындататын басқа да дүлей факторлардан қорғау;
6) жер қойнауының, әсіресе мұнайды, газды немесе өзге де заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезінде ластануын болғызбау;
7) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды, тоқтату, тоқтатып қою, кен орнын игеру объектілерін консервациялау мен жою жөніндегі белгіленген тәртіпті сақтау;
8) қалдықтарды жинап қою мен орналастыру кезінде экологиялық және санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету;
9) автомобиль жолдарын салу жұмыстары басталмас бұрын ұтымды схема бойынша, сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылауда тармақты тәсілді қоса алғанда басқа да әдістерді пайдалану, ішкі үйінділер жасау технологиясын қолдану, минералдық шикізатты өндіру мен өңдеудің қалдықтарын пайдалану арқылы бұзылатын және бүлінетін жердің аумағын азайту;
10) топырақтың жел эрозиясына ұшырауын, аршу жыныстары және өндіріс қалдықтарының құлауын, олардың тотықтануы мен өздігінен жануын болғызбау;
11) сіңірме және тұщы су қабаттарының ластануын болғызбау үшін оларды оқшаулау;
12) жер асты суларының сарқылуын және ластануын болғызбау, оның ішінде жуғыш сұйықтарды дайындағанда уытсыз реагенттерді қолдану;
13) бұрғылау ерітінділерін тазалау және қайталап пайдалану;
14) бұрғылау және жанар-жағармай материалдарының қалдықтарын экологиялық қауіпсіз тәсілмен жою;
15) мұнай кен орындарында қабатаралық қысымды сақтау жүйесінде мұнай кәсіпшілігі сарқынды суларын тазалау және қайтадан пайдалану негізгі экологиялық талаптар болып табылады.
2. Нормативтік көрсеткішке дейін тазартылмаған сарқынды суды жер қойнауына ағызуға тыйым салынады, бұл ретте пайдалы қазбалармен бірге шыққан суды қайтадан айдау, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптаманың және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалар мен технологиялық регламенттерде көзделген пайдалы қазбаларды өндіруге арналған технологиялық ерітінділерді жер қойнауына айдау сарқынды суды ағызу болып табылмайды.
3. Жер қойнауын пайдаланушы:
1) жұмыстарды жүргізудің халықаралық практикада қабылданған стандарттарға негізделген неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға;
2) жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын, қызметкерлердің, халықтың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыстарды жүргізуге арналған технологиялық схемалар мен жобаларды сақтауға міндетті.

2 ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ҮШІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

2. 1 Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезін -
дегі экологиялық талаптар

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар шаруашылық қызметінің экологиялық жағынан қауіпті түрлері болып табылады және мынадай талаптар сақталған кезде орындалуға тиіс:
1) ұңғымалар мен тау-кен өндіру конструкциялары беріктігі, технологиялылығы және экологиялық қауіпсіздігі жағынан жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау шарттарын қамтамасыз етуге тиіс;
2) дизельді-генератор және дизельді жетегі бар қондырғыларды қолдана отырып, бұрғылау және жер қойнауын пайдалану жөніндегі басқа да операциялар кезінде атмосфераға осындай қондырғылардан тазартылмаған газдардың шығарылуы олардың техникалық сипаттамасына және экологиялық талаптарға сәйкес келуге тиіс;
3) құнарлы жерде және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерде жер қойнауын пайдалану жөніндегі құрылыстарды салу кезінде жабдықтарды монтаждауға дайындық жұмыстарын жүргізу процесінде аумақтың құнарлылығын кейіннен қалпына келтіру үшін құнарлы қабат алынады және жеке сақталады;
4) уытты заттардың табиғи объектілерге көшуін болғызбау үшін технологиялық алаңдарды гидрологиялық оқшаулай отырып, жер қойнауын пайдаланудың қалдықтарын ұйымдасқан түрде жинау мен сақтаудың инженерлік жүйесі көзделуге тиіс;
5) ұңғыма құрылысы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда салынған жағдайларда, тек қана ұрасыз технологияны қолдану қажет;
6) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар кезінде шламдарды кәдеге жарату және бұрғылау процесінде қайтадан пайдалану, қоршаған ортаға қайтару үшін, пайдаланылған бұрғылау ерітінділерін, бұрғылаудан, карьерлерден және шахтадан шыққан сарқынды суды бейтараптандыру жөніндегі жұмыстар белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілуге тиіс;
7) бұрғылау ерітінділерін көмірсутегі (әк-битум, инверт-эмульсия және басқалары) негізінде қолданған кезде ауаның газдануының алдын алу жөніндегі шаралар қолданылуға тиіс;
8) жану мүмкіндігін немесе адамдардың улану ықтималдығын болғызбау мақсатында пирофорлық шөгінділер, шлам мен керн жобаға сәйкес және қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органы мен жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша көміледі;
9) жер қойнауын пайдалану жөніндегі құрылыстарды пайдалануға беру жобада көзделген барлық экологиялық талаптар толық көлемде орындалған жағдайда жүргізіледі;
10) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар мен жабдықтарды бөлшектеу аяқталғаннан кейін жобалық шешімдерге сәйкес жер учаскесін қалпына келтіру (рекультивациялау) жөніндегі жұмыстар жүргізіледі;
11) жер қойнауын пайдаланушы бұрғылайтын, оның ішінде өздігінен ағып шығатын ұңғымаларды, сондай-ақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«мұнай және газ саласындағы азаматтық-құқықтық шарттар»
Жер қойнауы жерлерін құқықтық қорғау
Экологиялық қылмыстардың өзекті мәселелері
Табиғатты пайдалану құқығы түсінігі
Сервитут заттық құқық ретінде
Қоршаған ортаға келтірілген экологиялық зиянды жою саласындағы халықаралық және ұлттық заңнама
Су ресурстарын бірігіп басқару (СРББ) жайлы түсінік
«Экологиялық – құқықтық реттеудің түсінігі, мәні. Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы.»
Экологиялық бақылауды ұйымдастыру
ҚР экология құқығы пәнінен лекция сабақтарының мазмұны
Пәндер