Аумақтық экономикалық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату (оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 141 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ 338. 43:502. 131. 3 (574. 5) Қолжазба құқығында

ӘБІЛҚАСЫМ АЙНҰР БҰҒЫБАЙҚЫЗЫ

Аумақтық экономикалық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату

(Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)

08. 00. 05 - Экономика және халық шаруашылығын басқару

(ауыл шаруашылығы)

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесiн алу үшін

дайындалған диссертация

Ғылыми жетекшiсі:

Т. И. Есполов, экономика ғылымдарының

докторы, профессор, ҰҒА академигі

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

М а з м ұ н ы

КІРІСПЕ . . . 3

1 Аумақтық экономикалық жүйелердің әрекет етуінің теориялық негіздері . . . 9

  1. Экономикалық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігін зерттеудің теориялық негіздері . . . 9

1. 2 Экономиканың тұрақты дамуы жағдайында бәсекеге қабілеттілікті зерттеудің институционалдық тұжырымдары . . . 21

1. 3 Аумақтық экономикалық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың алғы шарттары мен факторлары . . . 33

2 Облыс деңгейінде экономикалық жүйелерді талдау және олардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау . . . 49

  1. Экономикалық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудағы аумақтың экономикалық ортасын талдау . . . 49
  2. Аумақтық құрылымдардың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштер жүйесі және оны бағалау . . . 63
  3. Қазақстан аумақтарының бәсекеге қабілеттілігі рейтингін анықтаудың әдістемесі . . . 79

3 ОҚО экономикалық жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін дамыту . . . 94

3. 1 Инновациялық құрылымдарды ұйымдастыру негізінде аумақтың бәсекеге қабілеттілігін дамыту және қолдау . . . 94

3. 2 Аумақты корпоративтік басқару арқылы аумақтың бәсекелестік мүмкіндіктерін дамыту . . . 108

3. 3 Аумақтық экономикалық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдары . . . 120

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 135

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 140

КІРІСПЕ

Зерттелетін тақырыптың өзектілігі. Соңғы жылдары бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы маңызды орын алып, халықаралық, мемлекеттік және корпоративтік деңгейлерде көптеген пікірталастар туғызуда. Оған деген қызығушылықтың өсуі барлық өндірістік үрдіске қатысушылардың жаңа түрдегі экономиканы қалыптастыру салдарынан болатын өзгерістерді ескеру ұмтылысымен түсіндіріледі. Постиндустриалдық бағыттың кеңінен тарауы бәсекелестік қатынастар саласындағы құбылыстар мен үрдістерді қайта қарауды талап етеді.

Іскерлік әлем бүгінгі таңда бәсекеге қабілеттіліктің маңыздылығын мойындап, оны құруға ықпал ететін барлық факторларды анықтауға және зерттеуге көп күш салып отыр. Бұл ұлттық экономикаға, инновацияларды ынталандыратын кәсіпкерлікке қолдау көрсететін мемлекеттік саясатқа қатысты. Сонымен қатар ол жаңа қабілеттіліктерді, құзыреттерді қалыптастыратын фирмалар мен ұйымдарға да қатысты.

Бәсекеге қабілеттілік түсінігі аумақтық-ұйымдастырылған экономикалық жүйелерге қатысты, жиі аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын интегралды бағалаудың синонимы ретінде қолданылады, бұл түсініктің маңызына сәйкес келмейді, себебі әлеуметтік-экономикалық жағдайды бәсекеден тыс бағалауға болады. Сондықтан аумақтық-ұйымдастырылған экономикалық жүйелердің бәсекеге енудің саяси-экономикалық негіздерін талдау аумақтардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың институционалдық шарттарын және даму факторларын зерттеудің маңызды бөлігі болып табылады.

Қазақстандық экономика үшін бұл тақырыптың өзектілігі әлемдік қаржы дағдарысының әсері, аумақтық және салалық өндіріс құрылымының күрделенуі, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы бірігу үрдістерінің күшеюі, қоғам дамуының экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлар маңыздылығының артуы, басқару саласындағы шешімдерді қабылдаудың трансакциондық шығындарының өсуі сияқты құбылыстармен күшейіп отыр.

Жаһандану үрдістері ұлттық экономикадағы аумақтардың ролін түбегейлі өзгертіп отыр. Аумақ тек жеке экономикалық аумақ ғана емес, бірте-бірте әлемдік бәсекелестік үрдістерге қатысады. Аумақтық ұйымдастырылған жүйелердің жағдайы сол аумақтардың макроэкономикалық шарттары мен мүмкіндіктеріне ғана емес, сонымен қатар бәсекелестік күштердің орналасуына, аумақтардың басқа субъектілермен өзара әрекеттесу тетіктеріне де тәуелді. Сонымен қатар, аумақтық экономикалық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігіне институционалдық өзгерістер, инвестициялық белсенділік, қолда бар өндірістік, ғылыми-техникалық және кадрлық әлеует үлкен ықпал тигізеді.

Көптеген елдер сияқты, Қазақстан үшін аумақтық дифференциация, мамандану, өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігінің жеткілісіздігі үлкен мәселеге айналып отыр, бұл мемлекеттік құрылымдар және аумақтық билік органдары тарапынан белсенді іс-әрекеттерді талап етеді. Аумақтың экономикасы замануи даму бағыттарына сәйкес келетін әдістер мен басқару тетіктерін қолдана отырып, қарқынды дамуы мүмкін.

Осыған байланысты бүкіл экономиканың және оның аумақтарының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға ықпал ететін іс-шаралар кешенін дайындау мақсатында жүйелі зерттеулерді жүргізу қажеттілігі туындап отыр. Дәстүрлі аумақтық экономиканың тетіктері мұндай мәселелерді талдау үшін жеткіліксіз болып отыр, ал дәстүрлі бәсекелестік талдау аумақтарды бәсеке субъектісі ретінде қарастырмайды. Аумақтық экономикалық жүйелерді, олардың даму тиімділігін талдаудың, шаруашылықты аумақтық ұйымдастырудың тұтас тұжырымдамасын қалыптастырудың жаңа теориялық әдістемелерін қолдануды талап етеді, бұл зерттеудің өзектілігін негіздейді.

Зерттеудің әдістемелік негіздерін диалектикалық қағидаларды қамтитын танудың материалистік теориясы құрады, оған сәйкес «бәсекеге қабілеттілік» уақыт бойынша өзгеретін категория ретінде қарастырылды. Диссертациялық жұмыста аумақтық экономиканы оны құраушы бөліктердің жағдайына тәуелді жүйе ретінде түсінуді қамтамасыз ететін жүйелілік тұжырымы қолданылды. Танудың жалпы ғылыми әдістерімен қатар: талдау, топтастыру, салыстыру, қорытындылау, зерттеудің экономика-математикалық, тарихи әдістері де қолданылды. Аумақтың бәсекеге қабілеттілігінің өсіңкілігі мен факторларын зерттеудің кешенді талдау әдістемесі, аумақтық дамудың жоспарлау және болжамдау әдістемелері қолданылды.

Аумақтық дамуды басқару жергілікті қауымдастықтың шаруашылық даму мәселелеріне тікелей енгізу жағдайында аумақтың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету бағытында басқарудың ресурстық моделінен инвестициялыққа өту қажеттілігімен негізделген реформаларды қажет етеді. Нақ осындай басқару үнемі өзгеріп отырған саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, болашақтың айқындылығын арттырып, аумақтарға өздігінше даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Аумақтың тұрақты даму алғышарттары мен факторларын анықтау және оның мәселелерін шешу үшін бәсекелестік артықшылықтарды және оларды сапалы түрде іске асыру жолдарын анықтау қажет. Қазіргі жағдайда аумақтың экономикалық дамуы жергілікті жағдайлар мен тұрғындардың өмір сүру ерекшеліктері, өндірістің мамандануы мен бірігу үрдістері, аумақтың экономикалық қабілеттілігіне әсер ететін басқарудың нарықтық тетіктерінің дамуы ықпалымен басқарудың жаңа нысандары мен әдістерін белсенді іздеу жүріп жатыр.

Жаһанданудың нәтижесінде аумақтар өзара әрекет етіп, бір-бірімен мемлекетті араластырмай, тікелей қатынаста болады. Аумақтық деңгейде бұл қарқынды экономикалық өсуді, тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен сапасын жоғарылатуды ынталандырады. Әлемдік экономиканың түрлі деңгейлеріндегі бәсекелестік үрдістердің кеңінен таралуы жағдайында муниципалдық құрылым аумақаралық айырбаста және әлемдік нарықта бәсекелестік қатынастарға түсетін дербес субъект болып отыр. Сондықтан тез өзгеретін әлемде аумақтардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау және нығайту - олардың тұрақты даму бағытын қалыптастырудың маңызды шарты.

Муниципалдық сектор үшін бұл мәселе тек маңызды және инновациялық емес, сонымен қатар аз зерттелген болып табылады. Демек, тақырыптың өзектілігі аумақтың бәсекеге қабілеттілігі дәстүрлі түсінігін инновациялардың, жаңа технологиялардың, басқару үрдістерінің негізінде болатын өзгерістерге аумақты бейімдеуге мүмкіндік беретін стратегиялық тұжырымды пайдалану арқылы теориялық тұрғыдан қайта қарау қажеттілігімен негізделеді.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Ғылыми экономикалық ой бәсекеге қабілеттілікті реттеу бойынша теориялық зерттеулер мен тәжірибелік нұсқаулардың мол тәжірибесін жинақтады: осы мәселені зерттеуге Д. Курно, А. Маршаллдың, Дж. С. Милльдің, Д. Рикардоның, Дж. Робинсонның, П. Самуэльсонның, А. Смиттің, Ф. Хайектің еңбектері арналған. Бәсекеге қабілеттіліктің жалпы теориялық мәселелерін шешу ұмтылысы оны экономикалық жүйенің ажырамас құрамдас бөлігі, арнайы зерттеулерді талап ететін экономикалық өсудің факторы ретінде ұғынуға алып келді.

Аумақтық дамудың институционалдық тұжырымдарын зерттеу М. Блаугтың, Т. Вебленнің, Ф. Котлердің, Р. Коуздың, П. Мерленнің, Д. Нортаның, М. Портердің, О. Уильямсонның, Дж. Ходжсонның еңбектерінде көрініс тапты. Осы мәселенің зерттелуіне ресейлік ғалымдар А. И. Аксененко, В. Д. Андрианов, О. И. Бетин, С. Н. Блудова, И. Г. Вдовенко, М. И. Гельвановский, А. Г. Гранберг, А. Г. Дементьева, С. Г. Кирдина, Ю. В. Куренков, Ж. Мингалева, А. Нестеренко, А. В. Селезнев, Л. Шеховцова, А. А. Румянцев, И. И. Сигов және т. б. өз үлестерін қосты.

Қазақстанның экономикалық ойы бәсекені және бәсекеге қабілеттілікті зерттеуге Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларында, соңғы жылдары қабылданған стратегиялар, тұжырымдамалар және нарықтық қатынастарды қалыптастыру бағдарламаларында бет бұрды. Бәсекеге қабілеттіліктің факторлары мен шарттарын, критерийлерін зерттеуге және Қазақстан экономикасында алдыңғы қатарлы бәсекелестік орынды қамтамасыз етудің ұлттық моделін құруға келесі ғалымдардың еңбектері арналған: Т. И. Есполов, А. А. Абишев бәсекеге қабілеттіліктің технологиялық құрамына назар аударады; С. А. Абдильдин - бәсекенің әлеуметтік жағына; Г. А. Қалиев ғылымның экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың маңызды факторы ретіндегі ролін қарастырады; Н. К. Нурланова аумақтардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың бағыттары мен тетіктерін зерттейді; А. А. Сатыбалдин дамыған және бәсекеге қабілетті елдердің әлемдік рейтингісінде Қазақстанның орнын анықтау мақсатында бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың аса қолайлы көрсеткіштерін ұсынып отыр.

Дегенмен, бәсекеге қабілеттілікті қалыптастырудағы, аумақтық органдардың қызметін рейтингтік бағалаудағы, жаңа аумақтық құрылымдарды құрудағы, даму бағыттарын модельдеуде аумақтың экономикалық ортасын талдау мәселелері жете зерттелмеген. Атап айтқанда, аумақтың бәсекелестік артықшылықтарын жан-жақты көрсететін көрсеткіштер жүйесін, өндіріс факторлары көмегімен аумақтық менеджменттің тиімділігін бағалау жүйелерін құру мәселесі шешілмеген, бәсекеге қабілеттіліктің институционалдық мәселелерін зерттеуде ғылыми тұжырым жүзеге асырылмаған, аумақтың тұрақты даму көрсеткіштерін бағалаудың әдістемесін анықтау қажет. Құрылымның аумақтық даму тұжырымдамасын қалыптастыру туралы теориялық және әдістемелік білімді тереңдету керек.

Қолданып жүрген аумақтарды рейтингтік бағалау әдістемелерін зерттей отырып және оларды басқарудың базалық көрсеткіштеріне сәйкестігін тексере келе, олардың кемшліктерін атап өтуге болады. Яғни, формальды белгілер бойынша үрдісті бағалау - жұмыстардың реттілігі, процедураларды сақтау - басқару ықпалының нақты нәтижелерін бағалаумен жеткіліксіз үйлеседі. Аумақтық басқарудың ғылыми және тәжірибелік мәселелерінің шешілмеуі аумақтық құрылымдардың бәсекеге қабілеттілігінің маңыздылығымен жиынтықта диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтады.

Зерттеудің ғылыми гепотезасы келесіде, аумақтық экономика бәсекеге қабілеттілікті дамытудың жоғары әлеуетіне ие, Қазақстан аумақтырының қазіргі жағдайында бәсекелестік позицияларды жаңа аумақтық құрылымдар - кластерлер, ӘКК, корпоративтік экономиканы қалыптастыру арқылы жоғарылату тиімді болып отыр.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты - аумақтық құрылымдардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау жүйесін қалыптастыру, бәсекеге қабілетті аумақтық құрылымдарды құрудағы инновациялық тұжырымдарды пайдалану. Қойылған мақсатқа сәйкес жұмыста келесі мәселелер шешілді:

- ұлттық экономикалық жүйенің құрамдас бөлігі ретіндегі аумақтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің теориялық-әдістемелік негіздері мен факторларын зерттеу;

- аумақтық әкімшіліктердің жұмысын бағалаудың әдістемесін құру негізінде аумақтың бәсекеге қабілеттілігі көрсеткіштерін зерттеу;

- аумақтардың даму деңгейінің рейтингісімен индикаторларын анықтаудың, мониторингін жүргізудің әдістемелік тұстарын қарастыру;

- институционалдық қайта құруларды жүзеге асыру, аумақтық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу мақсатында шаруашылықты аумақтық ұйымдастырудың инновациялық нысандарын ендіру бойынша нұсқауларды енгізу;

- аумақтық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігі туралы модельдік түсінікті қалыптастыру, тиімділік факторлары негізінде аумақтың бәсекелестік позицияларын дамыту болжамын жасау;

- бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату мақсатында аумақтық жүйенің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің жолдарын анықтау.

Зерттеу пәні болып экономикалық қатынастардың бәсекенің бөлігі ретіндегі аумақтық жүйенің тұрақты дамуын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің факторлары мен тетіктері табылады.

Зерттеу нысаны ретінде тұрақты дамуды және бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыру бойынша аумақтық құрылымдар мен аумақтарды басқару органдарының қызметі алынды. Оңтүстік Қазақстан облысын ғылыми талдау нысаны ретінде таңдау бірқатар негізгі факторлармен расталып отыр. Біріншіден, облыста тұрғындар саны ең жоғары, мұнда машина жасау, металлургия, құрылыс материалдары өнеркәсіптері дамыған. Екіншіден, 90-шы жалдардың екінші жартысында ірі, инвестициялық тартымды кәсіпорындар жекешелендірудің және басқарушы компаниялар мен меншік иелері ауысымының теріс салдарын бастарынан өткізіп, нарықтық қатынастарға бейімделуге және тек өндірістік емес, сонымен қатар бастысы маркетингтік технологияларды игеруге мәжбүр болды. Үшіншіден, аумақтың аграрлық секторы үлесінің және оның еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ролінің жоғары болуы.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдiстемелiк негiздерiн аумақтық жүйенің бәсекеге қабілеттілігі бойынша шетелдік және қазақстандық ғалымдардың зерттеулері, Қазақстан Республикасы заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауы, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің жарлықтары, шешімдері және қаулылары, аумақтық органдардың материалдары мен есептері, статистикалық жинақтар, Интернет ақпарат жү йесінің ресурстары, ғылыми есептер, мерзімді басылымдар құрады. Зерттеу жалпылама ғылыми әдістердің негізінде жүргізілді: мәліметтерді жинау, топтастыру және қорытындылау, салыстырмалы және жүйелік талдау, эксперттік бағалау, экономика-математикалық модельдеу және т. б. әдістер.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы аумақтың дербес субъект ретінде орнығуының тұжырымдамасын негіздеу және жүзеге асыру болып табылады. Аумақтың бәсекеге қабілеттілігі әлеуетін қалыптастыру, дамыту мен жүзеге асырудың тиімді тәсілдерінің ерекшеліктері туралы замануи білімді байытатын және нақтылайтын өзіндік ғылыми нәтижелер алынды. Ғылыми жаңалығы және қорғауға ұсынылған ғылыми нәтижелер :

- Қазақстан аумақтарының экономикалық ортасына және даму факторларына ретроспективті талдау жасалып, салыстырмалы талдаудың әдістемелік қағидалары көрсетілген, бұл үлгі негізінде аумақтық құрылымның бәсекеге қабілеттілігін дамыту бағыттарын экстраполяциялауға мүмкіндік берді;

- аумақтық экономикалық жүйелердің тиімділігін бағалаудың рейтингтік жүйесі жасалды; аумақтық органдар мен менеджерлердің қызметін көрсететін (кәсіби біліктілігі, басқарушылық шеберлігі, білімі) индикаторлармен квалиметрикалық шкала ұсынылды;

- аумақтық бәсеке қабілеттілігін жоғарылату бойынша инновациялық қызметтің негізгі тұстары анықталды (инновациялық жобалар мен бағдарламалардың портфелін қалыптастыру; өнеркәсіптік стратегияның басымдықтарымен байланыстырылған аумақтық инновациялық бағдарлама құру; венчурлық капиталды белсенді пайдалану) ;

- бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату мақсатында аумақтық басқаруды реформалау басымдылықтары анықталды, бәсекелестік аумақтық құрылымдарды, атап айтқанда, кластерлік үлгіні, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды және т. б. құруда инновациялық ұсынымдар жасалды;

- муниципалдық басқарудағы корпоративтік құрылымдарды құру арқылы аумақтың бәсекеге қабілеттілігін дамыту тетіктері ұсынылды;

- аумақтың бәсекелестік мүмкіндіктерінің даму беталысын анықтаудың әдістері ұсынылды: бағдарламалау, болжау, ол үшін аумақтық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігі мәселелерін шешуде бағдарламалық-мақсатты тұжырымды жүзеге асыру және бәсекеге қабілеттіліктің болашақтағы көрсеткіштерін модельдеуді жүргізу қарастырылған.

Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы экономикалық ортаны, оның факторлары мен даму жағдайларын; бәсеке қабілеттілігін экономикалық категория ретінде зерттеуден; аумақтың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін рейтингтік бағалауды жасау және көрсеткіштерді модельдеуден тұрады. Жұмыстың негізгі тұстары мен нәтижелері аумақтың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің эмпирикалық ерекшеліктерін теориялық талдауды кеңейту және тереңдету үшін қолданылуы мүмкін. Автордың берген ұсыныстары аумақтық әкімшіліктердің қызметін рейтингтік бағалауда әдістемелік негізін құрап, бәсекелестік аумақтық құрылымдарды ендіруге қатысты жергілікті билік органдарының шешім қабылдауы және мониторингін жүргізу үрдісінде қолданылуы мүмкін. Ұсынылған экономика-математикалық талдау және модельдеу әдістемелері аумақтың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың даму беталысын анықтау үшін пайдалануға болады.

Диссертациялық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы оның нәтижелерінің жергілікті өзін-өзі басқару заңының жобасын жасауда, аумақтық саясат мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның жұмысында, облыс әкімшіліктерінің жұмысын бағалау әдістемесін әзірлеуде, ҚР 2015 жылға дейінгі Аумақтарды дамыту стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын құруда қолданылуында.

Жұмыстың мақұлдануы. Зерттеудің негізгі нәтижелері 4 халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалып талқыланды.

Зерттеу нәтижелерінің жариялануы. Диссертация жұмысының негiзгi нәтижелерi көлемi 4, 28 б. т. тұратын 13 ғылыми еңбектерде көрiнiс алды, оның 6-уі ҚР БҒМ білім және ғылым саласын бақылау бойынша комитетінің рұқсат берген ғылыми басылымдарда баспадан шықты.

Диссертацияның құрылымы мен көлемi. Құрылымы жағынан диссертациялық жұмыс кiрiспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

1. Аумақтық экономикалық жүйелердің әрекет етуінің теориялық негіздері

1. 1 Экономикалық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігін зерттеудің теориялық негіздері

2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында мазмұндалған Қазақстанның дамыған және бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіру Стратегиясын жүзеге асыру аумақтық бәсекелестік артықшылықтарды дамытудың қазіргі заманғы саясатын қалыптастыруды қарастырады [2] . Осыған Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық дамыту Стратегиясы да бағытталған, оның мақсаты «Еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, аумақтық және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілетті мамандануды қалыптастыру, экономикалық әлеуетті оңтайлы кеңістіктік ұйымдастыру негізінде тұрғындардың қолайлы өмір сүру шарттарын құру» [3] .

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі көптеген факторларға байланысты, сондықтан ол экономикалық жүйенің жалпы дамуымен анықталады. Бәсекеге қабілетті экономиканы құрудың мақсатты бағыттары мен басымдылықтары Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға өту Тұжырымдамасында қарастырылған [4] . Бүгінгі таңда нақты мақсаттар мен жоспарлар құрастырылған, олар да үкіметтің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасында көрсетілген [5] . Бағдарламада келесі мәселелер қарастырылған: еркін бәсекелестік ортаны және барлық нарық субъектілеріне тең шарттар құру; табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеудің тиімді жүйесін қалыптастыру, олардың қызмет сапасын ынталандыру; бәсекені қорғау жүйесін жетілдіру; тарифтік және техникалық реттеу қызметтерін үйлестіретін тәуелсіз салалық реттеуді құру жолымен реттеуші органдардың ролін, қызметтерін және құрылымын қайта қарау; монополияны және инфрақұрылым салаларындағы жағымсыз шоғырлануды жою; жаңа компаниялардың нарыққа шығуын тежейтін кедергілерді жою бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.

Бүкіл қоғамның және ұлттық экономиканың дамуы тек қана отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесін шешкен жағдайда ғана мүмкін болады. Дегенмен, М. Портердің келесі пікірімен келісуге тура келеді: « . . . бәсекеге қабілеттіліктің қандай анықтамасы қабылданғанына қарамастан, осы анықтаманы негіздеу үшін жалпы қабылданған теорияның болмауы мәселесі туындайды» [6. 162 б. ] . Бұл нарықтық экономиканың сайыстық сипатын айқындайтын бірқатар дефиницияларды нақтылауды талап етеді.

Ғылыми әдебиеттерде бәсеке, бәсекелестік қатынастар, бәсекелестік орта, бәсекелестік артықшылықтар сияқты түсініктер кездеседі. Сөз құраушы және тұжырымдамалық мағынада «бәсеке» сөзі бастапқы болғандықтан, осы түсінікті нақтылау қажеттілігі туындап отыр. Жалпы таным бойынша бәсеке нарық механизмінің және бүкіл нарықтық экономиканың әрекет етуінің негізгі буыны болып табылады.

Нарықтық экономиканың әрекет етуі үшін бәсекенің жетекші ролі ХVІІ ғасырда классикалық экономикалық теория шеңберінде А. Смитпен оның танымал «көрінбейтін қол» қағидасымен белгіленген [7] . Бәсекені бағалық реттеудің тиімді тетігі ретінде қарастыруда бірінші қадам жасай отырып, А. Смит оны нарықтық экономиканың тиімділігін, арақатынасын және өсіңкілігін қамтамасыз етудің аса маңызды тетігі деп қарастырған. Оның тұжырымдамасына сәйкес, кәсіпорын бәсекеге қабілетті тауарды өндіріп, экспортқа шығарады, егер өндіріс шығындары басқа елдермен салыстырғанда төмен болса. Нақты айтқанда, ол бәсекенің пайда нормаларын теңестіре отырып, еңбек пен капиталдың оңтайлы үлестірілуіне алып келетінін, жеке мүдделер мен экономикалық тиімділікті теңестіретінін алғаш рет дәлелдей келе, жетілген бәсеке үлгісін ұсынды.

Одан кейінгі бәсекенің көмегімен нарықты бағалық реттеу идеяларының дамуы жетілген бәсекенің теориялық үлгісін әзірлеген Д. Рикардоның еңбектерімен байланысты. Оны бейнелеу үшін автор ұзақ уақытта нарықтық бәсекелестік жүйе қалай әрекет ететініне назарын шоғырландырып, мемлекеттік реттеу, монополиялық билік, нарықтың географиялық орналасуы және т. б. шешуші роль атқармайтын «бөлшектермен» шектелді [8] .

Нарықтық шаруашылықты қалыптастырудың тұжырымдамалық негіздеріне Дж. С. Милль өз үлесін қосты, оның пікірінше: «Бәсеке бағаның, еңбек ақының, рентаның бірден-бір реттеушісі бола отырып, осы реттеудің ережелерін белгілейтін заң болып табылады» [9-73б. ] . Мұндай тұжырым Дж. С. Милльге бәсеке теориясына елеулі үлес қосуға мүмкіндік берді: ол халықаралық сұраныс теңдігін негіздеп, сұраныстың бағалық икемділігін жіктеп, масштабтағы, баламалы шығындардағы үнем түсінігін қалыптастырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіп салаларында сапаны қамтамасыз етудің теориялық негіздері
Теориялық тұрғыда қалыптасқан әр түрлі, әр бағыттағы ғылыми классикалық концепцияларға мән беріп, олардың өзектілігі мен артықшылықтарын анықтау
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару
Кәсіпорындaғы инвестицияның экономикалық негіздері ретінде
Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы
Қазақстанның шағын қалаларындағы әлеуметтік-экономикалық даму үдерістерін теориялық тұрғыдан зерттеп, оған әсер ететін факторларға тұжырымдама және талдау жасау негізінде олардың экономикалық дамуының негізгі бағыттарын жетілдіру үшін ұсыныстар жасау
Оңтүстік Қазақстан облысының мақта кластері
Сапа менеджменті
«Саясаттағы ұлттық қауіпсіздік, оның құрылымы»
Қазақстан экономикасын диверсификациялау бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz