Түйе малын күш-көлік ретінде пайдалану


Тасжанова Әлия ізденуші
Қазақстан Халықтар Достығы
Университеті, Шымкент қаласы
Түйе малын күш-көлік ретінде пайдалану
Түйе - халқымызды қастерлейтін киелі және қадірлі түлігіңің бірі, ел ырысы, тіршіліктің, тірегі. Сонау замандан халқымыз ішсе-асы, кисе-киімі, мінсе-көлігі болған түйені төрт түліктің төресіне теңеп, түйе-байлық, жылқы-салтанат, кой-мырзалық деп тегін айтпаган.
Түйе шаруашылығы - мал шаруашылығының ежелден келе жаткан саласы. Жер бетінде түйе малы алғашқылардың бірі болып біздің ғасырымыздан 5 мың жылдай бұрын қолга ұстауга үйретілген. Түйенің басқа түліктермен салыстырғанда жайылым талғамайтын, яғни шөптің кез келген түрімен азықтана алатын ерекшелігі бар.
Түйеге салт мінеді, жүк тасуға, тіпгі кейде соғыска да пайдаланды. Бірінші Петрдің өзі шведтердің атты әскерін үркіту үшін түйені пайдаланғаң екен.
1919 жылы ағылшындар 35000 - дық түйе корпусын Мысырды түріктерден қорғауда пайдаланды [ 1] .
1926 жылы КСРО Әскери революциялық комитетінің арнайы бұйрығымен түйені әскери-көлік жануар ретінде бекіткен [2] . Түйені пайдалану және күтімі туралы арнайы ережемен бекітілген ветнадзор құзырына тапсырады.
Салт мінген түйе сағатына 10-15 километр жер жүріп, күніне аялдамастаң 100 шакырым жер жүріп өтеді екен.
Сонау ерте дәуірден бері араб бәдәуилері түйе жарысын ұйымдастырып келеді. Қазіргі күнде Сауд Аравиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері дәстүрлі түйе жарысын өткізіліп тұрады.
Сонымен қатар түйені күш-көлік ретінде зерттеу экспедицияларында және түрлі саяхатшылар көп пайдаланған. Зерттеуші Н. М. Пржевальский Орталық Азияға төрт саяхат жасаған кезде 22000 шақырымды түйе үстінде өтті. «Один только верблюд - корабль пустыни способен выполнить долгую и надежную службу для путешественника» - деп таңданады саяхатшы [3] .
Түйенің көлік ретіндегі ролі бұрын зор болған. Мәселен, талай керуен осымен көшті, талай кіре тартылды. ХХ ғ. басында Орынбор-Ташкент темір жолының салуына байланысты түйе малын жүк тасуда пайдалану көлемі азая бастаған. Оған дейін сауда-саттықта түйе малы жүк таситын бірде-бір көлік түрі болғаны орны да бар. Солтүстік Африка мен Орта Азиядағы шөл далалары арқылы Қытайдың шәйы Сібір жеріне 20-25 күнде жеткізілген. Мақта маталарын Хиуадан Орынборға дейін осы түйе арқылы тасымалданды [4] .
Тіпті кешегі жетпісінші жылдарға дейін малшылардың өзі осы түйемен көшті. Ерекше жершілдік қасиеті үшін көлік етті. Тұрмысымызға техника әбден кіріккен сон, кейінгі жиырма-шақты жылдың ішінде шаруашылыққа түйені пайдалану ісі бірте-бірте сирей берді. Дегенмен ішкі шаруашылық жұмыстарға куатты техника кумай, жанар-жағар май шығынына беталды жол бермей, түйе пайдаланып отырған кейбір қожалықтарды да кердік. Әйтсе де олардың қатары әлі де болса сирек. Алдағы уақытта жеңіл-желпі жұмыстар түйемен атқарылса ішкі резервтін, бір көзі осы емес пе деген ой келеді.
Төрт түлік мал көшпелі халықтардың күн көрісінің басты белгісі болып табылады. Көне кезден бастап мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ өмірінде төрт түлік малды өсіріп, басын көбейту шешуші рөл атқарды. ХІХ ғ. соңындағы орыс зерттеушілер түйе малын күш-көлік ретінде жүк тасымалдауда таптырмайды дейді: «Для перевозки как клади при перекочевках, так и товаров по песчаным пустыням верблюд совершенно незаменим» [5] .
Қазіргі кезде Қазакстандағы барлык категориялы шаруашылыктарда 100 мыңдай түйе бар. Республикамызда, әсіресе оңтүстік, батыс облыстарда және Алматы, Жамбыл, Талдықорган облыстарының оңтүстік өңірінде түйе шаруашылығын қой және үйірлі жылқы шаруашылығына нұқсан келтірмей дамытуға болатын ұлан байтақ жерлер баршылық.
Республикамыздың шөл және шөлейт аймақтарында ет, сүт және жүн өндірудің негізгі резервтерінің бірі түйе шаруашылығы болуы қажет. Бұған басты себеп түйе түлігінің бүкіл жыл бойы дерлік жайылымда жайылуға бейімділігі мен ауа-райының қандай жағдайына да көнбістілігі. Ол жаздың ыстығына да, қыстын суығына да төзімді, арнайы қора-жай жөне мол жемшөп дайындауды қажет етпейді. Түйелер шөлге де шыдамды, судың ащы-түщысын да талғамайды.
Қазақтың жылқымен қатар ұстаған малы - түйе көне заманнан бері саяхатшылар мұны да көп атайды Қазақта «Түйелі бай қонады сортаңды алып» басталатын өлең бар. Бұлай деудің себебі, ертедегі түйелі байлар суы тұзды көлдердің, теңіздердің, өзендердің бойларына өсімдігі ащы сортаң жерлерге қонады. Мысалы қазіргі Ақтөбе обылысының сортаңды, шақатты жерлерінде, өткен ғасырда Қара есімді бай болып, оған «отыз соқыр» аталған түйе табыны біткен. «Соқыр» дейтіні есебінен жаңылмау үшін, әрбір жүзінші түйенің екі жақ көзін шығарады екен. Сондай соқырлар Қарада отыз болған, яғни үш мың түйесі болған.
Көшпелілердің, олардың ішінде қазақтың ғасырлар бойы көбінесе жүгін көтерген мал осы түйе Оның ішінде ең төзімдісі, әрі мықтысы жалғыз өркешті - нар. Қазақтың «Нар жолында жүк қалмас» деуі содан.
Сенімді көлік болып келетін түйе, кеңестік дәуірде қазақ даласына алғаш орнаған заводтардың, фабрикалар мен шахталардың бөлшектерін тасыды. Соның бір эпизоды - «Түйемен тасылған завод» деген атпен «Өмір мектебінің» екінші кітабына кірді. «Түріксиб» темір жолының шпалдары мен рельстерін, басқада саймандарын құрылыс бойынша алғаш түйе жеткізді Сол түйе әліде шаруашылықтың архивіне тапсырылмай, құмайтты, шөлейтті өлкелердің сенімді көлігі болып келеді [6] .
Түйе сүт, ет, сондай-ақ жүн өнімін берумен катар оны мініс, жүк көлігі ретінде де пайдалануға болады. Түйелер 40-45 жылға дейін тіршілік ететіндігіне карамастан, тістері түсіп, өнімділік касиеттерінің төмендейтігіне байланысты негізінен 20-22 жасқа дейін ғана ұсталады. ХХ ғ. басында түйе шаруашылығын зерттеген Б. Скаловтың мәліметтері біздің зертеулерімізге сәйкес келеді: «Верблюд работоспособен в течении 25-30 лет. Около 30 -летнего возраста верблюда обыкновенно режут на мясо» [7] .
Бірак соңғы кездері техника дәуірінің жетілуіне байланысты түйенің күш-көліктік касиеті төмендеп кетті. Осының салдарынан ауыл шаруашылығы орындарында жемшөп тасу және ұсак-түйек жүмыстарға машина-тракторлар пайдаланып, шаруашылыкта алынатын өнімнің құнын кымбатқа түсіруде. Қазіргі өзін-өзі қаржыландыру және нарықтык экономика жағдайында көлік шығындары тіптен шырқап тұрған кезеңде ішкі шаруашылык жүмыстарына түйені күш көлік ретінде пайдалану - арзан, әрі ыңғайлы көлік құралы болып табылады.
Түйе алыс жолға шыдамды. бірнеше күнгі шөлге де төзімді болғандыктан алыс аудандардан жүк тасу үшін пайдалануға болады.
Түйе сағатына 4-5 км жол жүреді, 8-10 сағаттық жұмыс мезгілінде 30 - 40 км жол жүргенде, оған артылатын - жүк салмағы оның тірілей салмағының жартысынан аспауы қажет. Әрбір 5-6 шакырым жол жүрген сайын түйені тынықтырып отырған жөн. Түйе бір ай бойы жүре алады. Бір күнде 40 шақырымға дейін жүріп өтуге мүмкіндігі бар.
Түйені күш көлігі ретінде пайдаланғанда оған арнайы құрал-сайман дайындайды. Мысалы, оған жүк артатын болса, алдымен жазы салады. Бекжанов Абілқайыр, Қызылорда облысы Жанақорған ауданының түйекеші «Түйені адам жоқ жерге ауыздандырады, - дейді. «Жазы» құралын «жады» деп атайды, оны - отыруға ыңғайлы жүк артатын зат дейді. Мұрындық ағаштан тықырлығы көннен ұстайтын болады.
Шылбыр - жылқының құйрық жалынынан жасайды онымен түйені байлап тұсап қояды.
Шілдер - алдыңғы артқы аяғын байлап сауған кезде байлайды осы жіпті шілдер дейді.
Қазақстанда қос өркешті түйелер мен будандарға салынатъш жазы - косарланып тігілген екі көпшік пен үш терліктен түрады. Көпшіктер түйенін өркештерін жауып, аркасының үстіңгі жағын түгелдей қамтиды.
Бұл көпшіктерді қатты әрі қалың жүннен тігілген қапшыктардан жасайды және оның ішін кдмыспен немесе сабанмен толтырады. Көпшіктің үзындығы 105 - 110 см, ал ені 35 - 40 см болады. Көпшіктін үстіңгі және төменгі жақ шеттеріне жіңішке бау тігіледі. Ол көпшіктерді тартып, бекіту және олардың формаларын түзеу үшін қолданылады. Көпшіктің екі жағынан үзындығы 120 - 125 см таякша байлайды. Бұл таяқшалар көпшіктерді тартып, түйе денесіне қозғалмайтындай етіп бекіту үшін қажет. Таяқшаларға іартпа және жалпак жіптен өрілген шап айылы бекітіледі.
Қос өркешті түйеге жазы саларда екі өркештің ортасына бір терлік салынып, калған екеуімен екі өркеш оралады.
Бір өркешті түйеге жазы саларда өркешті жан-жағынан жауып түратын қалпақ тәрізді иілген терлік салынады.
Атақты ақын Ыбырай Сандыбаев өзінің қартайған кезінде шығарған әні деп айтылатын өлеңде «қара бура қартайып жар басына шөккен күн» деп сипаттайды. «Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң» деген өлеңде нар түйенің жүктілігін көрсетеді. Түйе жолға шыдамды. Оның жейтін ащыларының ішінде тұзда бар. Шөлге жолаушылаған қазақ түйесіне бір қоржын тұз артса, түйе оны бір айда азық қып, содан басқа түк татпауға шыдайды деседі. Ащы шөптен түйенің ең тәуір көретіні сасыр мен жантақ. Сасыр қоймалжың тұз сияқты удай ащы өсімдік, соны аузымен орып ап көбігін бұрқырата шәйнағанда қалайша ашырқанбайтын хайуан екеніне қайранқаласың.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz