Сот жүйесіндегі судьяның тәуелсіздігі және оның маңызы



КІРІСПЕ
1 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СУДЬЯНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ
1.1 Судьяның тәуелсіздігі қағидатының түсінігі және оның маңызы
1.2Судьяның тәуелсіздігі қағидатының сот билігінің басқа қағидаттарымен ара қатынасы
2 АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ СУДЬЯЛАРДЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ҚАҒИДАТЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Судьяның тәуелсіздігі, сот билігінің өзекті және ерекше маңызды мәселелерінің қатарына жатқызылатындықтан, оған ең жоғарғы заң күшінің дәрежесі беріліп, еліміздің Ата Заңының 77-бабында баянды етілген басты бір қағидаты ретінде қарастырылады[1].
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы судьяларының VІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Біз «Қазақстан - 2050» стратегиясын темірқазық ете отырып, сот жүйесін жетілдіруді жалғастыра беруіміз қажет. ХХI ғасырдағы ұлттың дамуының маңызды өлшемі - мінсіз және тиімді ұлттық сот төрелігі жүйесі. Тәуелсіз және әділетті сот - құқықтық мемлекеттің негізі. Онсыз әлемнің бірде-бір елінде, тіпті ең дамыған мемлекеттерде қолайлы инвестициялық ахуалдың да, азаматтардың әл-ауқатының жоғары деңгейінің де, қоғамның табысты дамуының да болуы мүмкін емес» - деген болатын[2].
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады.
Сот жүйесі сот билігін жүзеге асыратын лауазымды тұлға - судьялардың бiрыңғай мәртебесiмен және қызметінің ерекше режимімен ерекшеленеді. Сот билігінің ерекше белгісі оның қызметін бақылаудың ерекше жүйесі болып табылады. Сот билігі сонымен бірге бекітілген іс жүргізушілік нысандарын қатаң сақтай отырып оның құзіретіне кіретін іс жүргізушілікпен қатар материалдық заңдарды да қолдану жолы арқылы соттармен жүзеге асырылатын биліктік өкілеттіліктер жиынтығын құрайды.
Сот билігінің негізгі мақсаты - қоғамның мүшелерін кез келген бассыздық-тан қорғау, яғни басқа азаматтардың бассыздығынан, мемлекеттің, оның орган-дары мен лауазымды тұлғалардың теріс әрекеттерінен қорғау болып табылады.
Жұмыста судьяның тәуелсіздігі туралы жазылғанда соттың тәуелсіздігі деп те қарастырылатын себебі, іс жүргізу туралы заңдарға сәйкес, (ҚПК, АПК) соттарда қаралуға тиісті істердің көпшілік басымын судья жеке дара қарайды, ал кейбір жағдайларда, мысалы өлім жазасын тағайындау мүмкіндігі қарастырылған істер бойынша алқалы құрамда (үш судья болып) қарайды, яғни сот құрамы қарайды. Сондықтанда сот тәуедсіздігі деп сот құрамына кіретін барлық судьялардың тәуелсіздігі жөнінде айтылады.
Осыған сәйкес, судья сот әділдігін іске асыру кезінде тәуелсіз және
Конституция мен заңға ғана бағынады.
ҚР АПК-нің 12 бабына сәйкес, судья сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады. Судьялар мен соттар азаматтық істерді өздеріне сырттан ықпал ету болмайтын жағдайларда шешеді. Соттың сот төрелігін атқару жөніндегі қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы 30 тамыз // «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі // http://adilet.zan.kz/kaz
2. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде сөйлеген сөзі, 20.11.2013 / Ұлттық сот жүйесінің «Қазақстан - 2050» стратегиясы аясындағы міндеттері // http://sud.gov.kz //
3. Халиков К.Х. Проблемы судебной власти в Республике Казахстан (теоретические и уголовно-процессуальные исследования): Дисс.док.юрид. наук. – Алматы,1998. – 201 с.
4. Мами К.А. Становление и развитие судебной власти в Республике Казахстан. – Астана: Елорда, 2001. – 198 с.
5. Сапарғалиев Ғ.С. (ауд. С.Бақтыгерейұлы) Қазақстан Республикасының Конституциясы. Түсініктеме. - Алматы: ЖетіЖарғы, 1999. – 211 б.
6. Халиков К.Х. Судебная власть на переходном этапе развития государства // Тураби. – 2001. - №3. – С.29
7. Сулейменова Г. Ж. Суд и судебная власть В Республике Казахстан. – Алматы: Изд. КазГЮА, 1994. – 236 с.
8. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132 Конституциялық заңы // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z000000132_
9. Қаржаубаев Е.Қ. Қазақстан Республикасы сот билігінің құқықтық мәртебесі. Оқу құралы. - Алматы: HAS, 2006. – 240 с.
10. Сулейменова Г. Ж. Суд и судебная власть В Республике Казахстан. – Алматы: Изд. КазГЮА, 1994. – 236 с.
11. Щвецов В.И. Судоустройство и правоохранительные органы в Российской Федерации. - М.: Инфра-М, 2007. – 302 с.
12. Сапаргалиев Г., Мухамеджанов Э., Жанузакова Л., Сакиева Р. Правовые проблемы унитаризма в Республике Казахстан. - Алматы: Жетіжарғы, 2000. – 309 с.
13. Нұрмашев Ү., Нұрмашева Ф.. Азаматтық іс жүргізу құқығы. - Алматы: Жеті жарғы, 2009. – 400 б.
14. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі // Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ //«Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000377
15. Егембердиев Е.О. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы. - Астана : Фолиант, 2006. – 388 б.
16. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан. – А.: Жеті Жарғы, 2006. – 468 с.
17. 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында республика соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары туралы талдамалық анықтама(2013 жылдың 1-жартыжылдығымен салыстырғанда) http://sud.gov.kz/sites/default/files

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Судьяның тәуелсіздігі, сот билігінің өзекті және ерекше маңызды мәселелерінің қатарына жатқызылатындықтан, оған ең жоғарғы заң күшінің дәрежесі беріліп, еліміздің Ата Заңының 77-бабында баянды етілген басты бір қағидаты ретінде қарастырылады[1].
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы судьяларының VІ съезінде сөйлеген сөзінде: Біз Қазақстан - 2050 стратегиясын темірқазық ете отырып, сот жүйесін жетілдіруді жалғастыра беруіміз қажет. ХХI ғасырдағы ұлттың дамуының маңызды өлшемі - мінсіз және тиімді ұлттық сот төрелігі жүйесі. Тәуелсіз және әділетті сот - құқықтық мемлекеттің негізі. Онсыз әлемнің бірде-бір елінде, тіпті ең дамыған мемлекеттерде қолайлы инвестициялық ахуалдың да, азаматтардың әл-ауқатының жоғары деңгейінің де, қоғамның табысты дамуының да болуы мүмкін емес - деген болатын[2].
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады.
Сот жүйесі сот билігін жүзеге асыратын лауазымды тұлға - судьялардың бiрыңғай мәртебесiмен және қызметінің ерекше режимімен ерекшеленеді. Сот билігінің ерекше белгісі оның қызметін бақылаудың ерекше жүйесі болып табылады. Сот билігі сонымен бірге бекітілген іс жүргізушілік нысандарын қатаң сақтай отырып оның құзіретіне кіретін іс жүргізушілікпен қатар материалдық заңдарды да қолдану жолы арқылы соттармен жүзеге асырылатын биліктік өкілеттіліктер жиынтығын құрайды.
Сот билігінің негізгі мақсаты - қоғамның мүшелерін кез келген бассыздық-тан қорғау, яғни басқа азаматтардың бассыздығынан, мемлекеттің, оның орган-дары мен лауазымды тұлғалардың теріс әрекеттерінен қорғау болып табылады.
Жұмыста судьяның тәуелсіздігі туралы жазылғанда соттың тәуелсіздігі деп те қарастырылатын себебі, іс жүргізу туралы заңдарға сәйкес, (ҚПК, АПК) соттарда қаралуға тиісті істердің көпшілік басымын судья жеке дара қарайды, ал кейбір жағдайларда, мысалы өлім жазасын тағайындау мүмкіндігі қарастырылған істер бойынша алқалы құрамда (үш судья болып) қарайды, яғни сот құрамы қарайды. Сондықтанда сот тәуедсіздігі деп сот құрамына кіретін барлық судьялардың тәуелсіздігі жөнінде айтылады.
Осыған сәйкес, судья сот әділдігін іске асыру кезінде тәуелсіз және
Конституция мен заңға ғана бағынады.
ҚР АПК-нің 12 бабына сәйкес, судья сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады. Судьялар мен соттар азаматтық істерді өздеріне сырттан ықпал ету болмайтын жағдайларда шешеді. Соттың сот төрелігін атқару жөніндегі қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Курстық жұмысты жазу барысында ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық процестік кодексін, ҚР Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық заңы, ҚР Жоғарғы Сот Бюллетені, ғылыми диссертациялар және қазіргі қолданыстағы басқа да нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан және Ресей ғалымдарының еңбектері, Сапарғалиев Ғ.С., Қаржаубаев Е.Қ., Мами К.А., Халиков К.Х., Баймолдина З.Х., Нұрмашев Ү., Нұрмашева Ф., Сулейменова Г. Ж., Егембердиев Е.О., Щвецов В.И., Шакарян И.С., Треушников М.К. және өзге де ғалымдар мен авторлардың ерекше ерен еңбектерін және басқа да монография мен жариялымдар деңгейінде көңіл бөлінгенін айтуға болады.
Жұмыстың мақсаты: ҚР Азаматтық процестік кодексін, ҚР Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық заңды, халықаралық және қазақстандық нормативтік құқықтық актілер арқылы азаматтық сот ісін жүргізудегі судьялардың тәуелсіздігі қағидаты зерттеу.
Сол мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:
- судьяның тәуелсіздігі қағидатының түсінігі және оның маңызына құқықтық тұрғысынан сипаттама беру;
- судьяның тәуелсіздігі қағидатының сот билігінің басқа қағидаттарымен ара қатынасын айқындау;
- азаматтық сот ісін жүргізудегі судьялардың тәуелсіздігі қағидатын қарастыру.
Курстық жұмысының құрылымы кіріспеден, 2 тараудан, 2 параграфтан, қорытынды және пайдаланылған қайнар көздері тізімінен тұрады.

1 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СУДЬЯНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ

1.1 Судьяның тәуелсіздігі қағидатының түсінігі және оның маңызы

Латын сөзінен аударғанда принцип - негіз, бастапқы негіз, бастама, ереже ұғымдарын білдіреді. Сондықтан, сот билігінің қағидаттарын заң әдебиеттерінде басқаша, сот әділдігінің негіздері деп те атайды.
Сот әділдігі сот билігінен туындалатын, онымен сабақтас ұғым болғандықтан қағидаттарды сот билігінің немесе сот әділдігінің деп атау өзгешелікті білдірмейді, керісінше, бұл екеуі бір мағыналы ұғымдар.
Қазақстандық ғалым Халиков Қ.Х. оның елеулі және негізгі маңыздылығы сот-әділдік-демократия формуласында екендігі, яғни сот билігің барлық көріністерімен, атрибуттарымен нақты шынайы ортаға көшіру деп көрсетеді[3].
Алайда Қайрат Мәми дұрыс ажырата білген сот билігі ұғымының мазмұны мен мәнін неғұрлым айқын және толық ашу үшін, оның барлық белгілерің, яғни мемлекет тетігіндегі оның рөлі мен орнын, биліктің басқа тармақтарынан айырмашылығын көрсететін қырлары мен ерекшеліктерін анықтау қажет[4].
Сот билігінің түсінігі сот әділдігі ұғымынан әлдеқашан кең және көлемді. Бұған, тіпті, сот әділігі сот билігінің бір (басты да, әрі негізгі) нысаны деп көрсетудің өзі дәлел. Сондықтан кең мағынасында қарастыра келе, тақырыпты судьяның тәуелсіздігі - сот билігінің демократиялық қағидаты деп атау сот әділігі - сот билігі түсінігінен туындайтындығымен, екіншіден оны жүргізуші басты тұлға судья болғандықтан, судьяның тәуелсіздігі деп қарастырумен байланыстырып, уөж етуге болады. Демек, дәстүрлі терминологиялық атаудан аса бір ауытқу болмайды деген сөз.
Осымен қатар, судьяның тәуелсіздігі қағидатын біз азаматтық процестік құқығының басты әрі негізгі қағидаттарының біреуі ретінде қарастырамыз. Әрине, бұл қағидаттың азаматтық іс жүргізу саласында да орасан зор рөлі мен орны бар екендігінде сөз жоқ. Бір сөзбен айтқаңда, сотта іс жүргізу мәселелеріне байланысты судьяның тәуелсіздігінің өзектілігі мен қажеттілігін қарастыруды мақсат етеміз.
Қазақстан Республикасының Конституциясында (оның 75, 77-баптарында) сот төрелігі деп аталады[5]. Осыған орай, бұған дейін және жалпы осы жұмысымызда сот төрелігі, сот әділдігі, сот билігі ұғымдарын алма-кезек, немесе қабаттастырып айтуымыздың себебіне тоқталатын болсақ, өкінішке орай, әлі де заңдарымызда, пайдалануға ұсынылған құқық әдебиеттерінде кездесетін заң терминдерінің айтынуының (жазылуының да) кемшіліктері мен жетіспеушіліктеріне сілтеген болар едік. Бұл басты себеп болса, одан тыс аталмыш терминдердің біркелкілендірілмеуі, яғни, әр түрлі (синонимдес сөздер) аударылуының да салдары бар.
Бұл екі сөздің (сот төрелігі, сот әділдігі) синоним дестігінде дау жоқ. Бірақ, құқық (заң) саласына тиімділігі сот әділдігі болуы керек. Төрелік деп айтқанда, бұл сөздің үстемдік (билік) мағынасына тартатыны керініс табады. Ал сотты халық әділдік, әділеттілік түсініктерімен үғынады. Былайынша айтқан-да, әділ сот, әділ сот шешімі деп түсінумен ұштасады.
Орыс тілінен аудару жағына келсек, правосудие -правильно судить, с правом судить - деген мағыналарын білдірсе, қазақ тілінде дұрыс соттау, соттау құқығы мағыналарын берген болар еді. Сондықтанда заң терминологиясында дұрысы сот әділдігі деп қолдануды ұсынған болар едік.
Сот билігінің қағидаттарының мазмұны мен мәні заңдарда көрінісін табады.
Қағидаттар зерттеудің бастаушы нысанасы емес, оны қорытындылайтын нәтижесі болып саналады. Бұл түсінік ғылымның барша саласында қолданылады.
Сот билігіне қатысты қағидаттар деп Конституция мен Конституциялық заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітілген соттың ұйымдасуының және сот әділдігі мен басқа да өкілеттіктерін жүзеге асыратын қызметінің мәні мен маңызын белгілейтін негізгі ережелер (қағидалар) мен басқарушы идеяларды айтуға болады.
Бұл қағидаттар азаматтық процестік құқығына да тән және осы салада кеңінен қолданылады.
Сот әділдігі қағидаттарының нормативтік мазмұны объективтік тұрғыдан олардың құқықтық норма екендігін білдіреді.
Осыған байланысты, профессор К.Х. Халиқов оларды (қағидаттарды) соттың ұйымдастырылуы мен қызметін тікелей реттеп отыратын құқықтық норма болып табылады - деп әділ есептейді[6].
Оған дәлел, конституциялық қағидаттардың ең жоғарғы заң күші болады. Осыған байланысты құқықтардың түрлі салалық қағидаттары конституциялық негіздерден туындалады. Сот қызметіндегі, әсіресе, сот әділдігін іске асыру барысында бұлжытпай басшылыққа алып, орындауды міндеттейтін бұл негіздердің құқықтық мақсаты бүкіл басқа заң нормаларының өздерімен сәйкес болуын талап етуінде. Конституциялық нормалардың бұзылуы сот әділдігіне жатпайтын сот актілерін шығарута әкеп соғады, ал олардың күшін жоғарғы тұрған сот сөзсіз жоюға тиіс болады.
Демек, қағидаттар - норма, құқық шығармашылық қызметте заң базасын
реттеуші, оның төңірегінде құқық жүйесінің басқа да элементтері шоғырланатын конструкция (каркас) ретінде танылуға жатады.
Сот әділдігінің конституциялық қағидаттары соттың құрылысы мен қызметін реттейтін құқық салаларының қағидаттары мен бүкіл мазмұнында - сот құрылысында, азаматтық процестік құқығында өз көрінісін тауып, дамытылған. Сот құрылысы мен процестік құқығы нормаларында сот әділдігі қағидаты заңдардың нақты баптарының тұжырымдары түрінде берілуі мүмкін. Алайда, бұл мұндай қағидаттардың бүкіл мазмұны осы тұжырымдармен шекгеледі деген сөз емес. Кез келген қағидаттардың мәні сол құқық саласының көптеген нормалары мен институттарында көрінеді, әйтпесе қағидаттар белгілі бір құқық саласы үшін өзінің негізгі мәнін жоғалтар еді.
Кейбір қағидаттар салалық заңдарда жекелеген нормалар немесе заңдардың баптары түрінде тұжырымдалған. Бұл ретте олардың мазмұны құқық саласының түрлі ережелерінде ашылады, ал мұндай қағидаттың ұғымы ғылыми зерттеу процесінде және тиісті саланың көптеген құқықтық нормалары мен институттарын іс жүзіне асыру барысында айқындалады. Сот билігі қағидаттарының ерекшелігі мынада: олардың бәрі Конституцияда және салалық заңдарда сот құрылысы мен азаматтық процестік құқығының нақты нормалары түрінде берілген.
Қағидаттар мынадай екі бағыт бойынша жүйеленеді: ең алдымен конституциялық, яғни Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітіліп, баяндалған қағидаттар және Конституцияда тікелей көрсетілмеген, алайда оның ережелерінен туындайтын қағидаттар[7].
Сонымен бірге, сот әділдігінің конституциялық қағидаттары (негіздерін) бөлу қажет болатын себебі, олар салалық заңдарда баяндалған басқа да барлық қағидаттардың дамуы мен жетілдірілуін анықтап береді, өйткені Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық құқық салаларын, оның барлық қағидаттарын дамытудың заң жүзіндегі негізі болып табылады.
Судьяның тәуелсіздігі, сот билігінің өзекті және ерекше маңызды мәселелерінің қатарына жатқызылатындықтан, оған ең жоғарғы заң күшінің дәрежесі беріліп, еліміздің Ата Заңының 77-бабында баянды етілген басты бір қағидаты ретінде қарастырылады.
Жұмыста судьяның тәуелсіздігі туралы жазылғанда соттың тәуелсіздігі деп те қарастырылатын себебі, іс жүргізу туралы заңдарға сәйкес, (ҚПК, АПК) соттарда қаралуға тиісті істердің көпшілік басымын судья жеке дара қарайды, ал кейбір жағдайларда, мысалы өлім жазасын тағайындау мүмкіндігі қарастырылған істер бойынша алқалы құрамда (үш судья болып) қарайды, яғни сот құрамы қарайды. Сондықтанда сот тәуедсіздігі деп сот құрамына кіретін
барлық судьялардың тәуелсіздігі жөнінде айтылады.
Осыған сәйкес, судья сот әділдігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.
Демек, ол заңнан басқасының ешқайсысына мойынсынбауға, бағынбауға тиісті.
Сондықтаң, конституциялық ереже сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынща жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді деп бекітеді.
Ал, судьяның (соттың) сот әділдігін іске асыру кезінде Конституция мен заңға бағынышты болуы, басқаша айтқанда, тек заңға ғана тәуелді болуы сот әділдігінің шынайы көрінісін айқындайды.
Заңды қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс:
1. Адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
2. Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
3. Өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;
4. Сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
5. Жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса, немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;
6. Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
7. Ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;
8. Адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез-келген күдік айыпталуышының пайдасына қарастырылады;
9. Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындау негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
10. Қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол бермейді.
Осы аталғандарға қысқаша тоқталып өтсек:
1) Адамның кiнәлi екендiгi заңды күшiне енген сот үкiмiмен танылғанша ол жасалған қылмысқа кiнәлi емес деп есептеледi. Бұл Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактте жарияланған негізге алынатын принциптердің бірі:
қылмыстық iс бойынша айыпталған әрбiр адам, кiнәсi заң бойынша дәлелденгенге дейiн, кiнәсiз деп есептелуге құқылы.
Кінәсіздік презумпциясы (кінәсіздікті болжау) принципі әрбір адам, оның қылмыс жасағанының кінәсі қарастырылған тәртіппен дәлелденіп, заң күшіне енген сот үкімімен белгіленгенше кінәсіз болып есептелетінін білдіреді. Адамның қылмыс жасағанының кінәсі сотта дәлелденіп, тиісті үкім заң күшіне енгенге дейін адамның кінәлілігі туралы ойлар мен пікірлерді, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында да айтуға жол берілмейді.
Сот ісін жүргізудің осы принципінің ерекшелігі оның соттық құқық қолдануының өзге де: айыпталушы өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес және адамның кiнәлi екендiгi жөнiндегi кез келген күдiк айыпталушының пайдасына қарастырылады деген сияқты конституциялық принциптермен өзара байланысы болып табылады.
Айыптау үкімі болжауларға негізделе алмайды және егер сот талқылауы барысында сотталушының қылмыс жасағанының кінәсі дәлелденген кезде қабылданады. Кінәсіздік презумпциясы айыптау бағытын оның көрінуінің барлық нысандарында қабылдамай, айыптыны кінәсіздігін дәлелдеуден босатады. Адамның қылмыс жасағандығының кінәсін дәлелдеу міндеті заңда айыптаушыға жүктелген.
Кінәсіздік презумпциясын қолдану сот төрелігі саласымен шектелмей, қылмыстық іс жүргізудің барлық сатыларына және оның барлық қатысушыларына таралатынын атап өткен жөн.
2) Бiр құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де қайтадан қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартуға болмайды деген конституциялық ереже салалық заңнама- да қисынды дамуын тапты.
Ешкiм де, егер жасаған қылмысы үшiн әрбiр елдiң заңы мен қылмыстық iс жүргiзу құқығына сәйкес кезiнде үзiлдi-кесiлдi сотталып немесе ақталған бол- са, онда осы қылмысы үшiн екiншi рет сотталуға немесе жазалануға тиiс емес - Азаматтық және саяси құқықтар туралы пактте осылай мәлімделген (14-баптың 7-тармағы).
3) Өзiне заңмен көзделген соттылығын оның келiсiмiнсiз ешкiмнiң өзгертуiне болмайды. Соттылық (белгілі бір соттың қарауына жатқызылған істердің тобы), сондай-ақ соттылықты белгілеу ережелері іс жүргізу заңнамасында белгіленеді, алайда ісін сот қарап жатқан адамның келісімі болғанда оны өзгертуге болады.
Конституциялық Кеңестің 1999 жылғы 6 наурыздағы №3 қаулысында көр- сетілгендей, іс жүргізу заңнамасында істердің түрлі санаттары үшін соттылықты белгілеу істердің спецификалық ерекшелігін, қиындығын, қоғамдық маңыздылығын, оларды жылдам әрі тиімді шешімдердің қамтамасыз ету қажеттілігін ескереді. Азаматтық процестік кодексінде көзделген істердің соттылығын өзгертуге осы конституциялық ереженің негізінде іс бойынша тараптардың келісімінсіз жол берілмейді. Бұл жағдай конституциялық нормаларды тікелей қолдануды және олардың басымдығын белгілейтін Конституцияның мазмұнынан туындайды, демек, адамға және оның ісіне ол үшін заңда қарастырылғанға сәйкес келмейтін соттылықты оған оның келісімі болмағанда белгілеуді конституциялық норманы бұзу деп қарау қажет.
Ісін соттылығы заңда белгіленген сотта қарауға адамның құқығын тану сотта қорғау мен сот төрелігіне кедергісіз қол жеткізу құқығын ғана білдірмейді, сонымен бірге әркімнің заң мен сот алдындағы теңдігінің бір көрінісі болып табылады.
4) Сотта әркiмнің өз сөзiн тыңдатуға құқығының болуы олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың қажетті кепілдігі болып табылады.
Сотта әркiмнің өз сөзiн тыңдатуға құқығы сот ісін жүргізуде іс бойынша шындықты анықтау және, соңында, негізді сот шешімін қабылдау үшін оған қатысушыларға тең мүмкіндіктер беру негізінде тиімді жағдайлар жасалатындықтан, сот ісін жүргізуді тараптардың жарыспалылығы мен теңдігі негізінде жүзеге асырумен белгіленген.
Іс жүргізу заңнамасы істің мән-жайларын толық және объективті зерделеуге тараптардың құқықтары мен міндеттерін іске асыру үшін қажетті жағдайларды жасауға, іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге, іс жүргізу әрекеттерін жасау салдары туралы ескертуге, ал заңда көзделген жекелеген жағдайларда оларға құқықтарын жүзеге асыруға көмек көрсетуге сотты міндеттейді.
Осы конститтуциялық норманы іске асыруға, атап айтқанда, сот ісін жүргізу тілін қамтамасыз ету туралы заң талабы бағытталған, ол бойынша іс жүргізуге қа- тысатын адамдардың ана тілінде немесе басқа тілде сөйлеуіне, істің материалдарын тегін аударуға және аудармашының қызметін ақысыз пайдалануға құқығы бар.
Сот ісін жүргізуге қатысушыларға өздерінің ұстанымдарын қорғауға тең мүмкіндіктер берілген, ал сот шешімі зерделеуге тараптардың әрқайсысы тең негізде қатысқан дәлелдемелерге ғана негізделуге тиіс.
5) Жауапкершiлiктi белгiлейтiн немесе күшейтетiн, азаматтарға жаңа мiндеттемелер жүктейтiн немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың керi күшi болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейiн ол үшiн жауапкершiлiк заңмен алынып тасталса немесе жеңiлдетiлсе, жаңа заң қолданылады.
Осы конституциялық норманың мазмұны Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактке (15-бап) сәйкес келеді. Оның мағынасын түсіндіруді Конституциялық Кеңес 1999 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясы 14-бабының 1 және 2-тармақтарына, 24-бабының 2-тармағына, 77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына ресми түсіндірме беру туралы № 22 қаулысында түсіндірген. Азаматтардың құқық бұзушылықтар үшін заңдық жауапкершілігін реттейтін және жауапкершіліктің жаңа түрлерін не жаңа санкциялар енгізу арқылы оны күшейтетін заңдардың кері күші болмайды. Керісінше, жауапкершіліктің күшін жоятын немесе оны жеңілдететін заңның кері күші болады. Заңдарды қабылдау кезінде Парламент кері күші болатын құқықтық нормаларды белгілеуге құқылы.
Нормативтік құқықтық актілер туралы Заңға сәйкес, нормативтiк құқықтық актiнiң күшi оны күшiне енгiзгенге дейiн пайда болған қатынастарға қолданылмайды (37-бап). Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң керi күшi оның өзiнде немесе нормативтiк құқықтық актiнi күшiне енгiзу туралы актiде көзделген, сондай-ақ кейiнгiсi бұрын көзделген құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiктi жоя- тын немесе жұмсартатын жағдайлар оған кiрмейдi.
6) Айыпталушы өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес деген конституциялық ережені іске асыру кепілдіктері, біріншіден, тағылған айыпты дәлелдеу міндеті айыптаушыға жүктелетіндігі болып табылады. Сот іс жүргізуінде әрбір қылмыстық істі қарау кезінде айыптау тарабы мемлекеттік немесе жеке айыптаушы түрінде болуға міндетті.
Екіншіден, істі қараушы сот объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, айыптау мен қорғау тараптарына істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерделеуге өздерінің құқықтарын іске асыру үшін оңтайлы жағдайлар жасауға тиіс. Сонымен бірге сот көрсетілген тараптардың пікіріне тәуелді болмайды және өзінің бастамасымен іс бойынша шындықты анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауға құқылы.
7) Ешкiм өзiне-өзi, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгiленген шектегi жақын туыстарына қарсы айғақ беруге мiндеттi емес. Осы норма әрбiр адамның өзiне тағылған кез келген қылмыстық айыптауды қарау кезiнде өз-өзiне қарсы көрсетпе беруге немесе өзiн-өзi кiнәлi деп мойындауға мәжбүрленбеуiне құқығын белгілейтін Азаматтық және саяси құқықтар туралы пактке сәйкес келеді.
Жақын туыстарға жататын адамдар тобына келетін болсақ, оларға қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, тікелей туыстар: ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асыралып алынғандар, бір әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-інілері мен апа-қарындастары (сіңілілері), атасы, әжесі, немересі жатады.
Дiни қызметшiлер өздерiне сенiп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға мiндеттi емес деген конституциялық норма діни тиесілігі бойынша діни қызметшілерге сенім білдіріп, сырын ашуда қылмыс (құқық бұзушылық) жасағаны немесе соған қатыстылығы туралы айтқан адамдардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
Діни қызметішінің оған сырын ашып, сенім білдірген адамға қарсы куә ретінде жауап беруден бас тарту мүмкіндігі діни қағидаларда мазмұндалған қоғамдық мораль мен жалпы адамгершілік құндылық нормаларының мызғымас беріктігін заң шығарушының тануының куәлігі болып табылады.
8) Айыптау үкімі болжауларға негізделмеуге және шынайы дәлелдемелердің жиынтығымен расталуға тиіс. Бұл ретте айыпталушының кінәлілігіне жойылмайтын күдіктер оның пайдасына түсіндірілуге тиіс.
9) Заңсыз тәсiлмен алынған айғақтардың заңды күшi болмайды. Егер дәлелдемелерді жинау кезінде Конституциямен кепілдік берілген адам мен азаматтың құқықтары немесе іс жүргізу заңымен белгіленген оларды жинау мен бекітудің тәртібі, сондай-ақ егер дәлелдемелерді жинау мен бекітуді тиесілі емес орган (немесе адам) жүзеге асырса, не олар іс жүргізу нормаларымен қарастырылмаған іс- әрекеттер нәтижесінде алынса, олардың заңдық күші болмайды.
Заңды тәсілмен алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады, олардың негізінде сот істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлардың бар-жоғын анықтайды (толығырақ АІЖК-нің 64-бабының 1-тармағында, ҚІЖК-нің 115-бабының 1-тармағында, ӘҚБтК-нің 604-бабының 1 - 2-тармақтарында). Нақты деректер жол берілмейтін дәлелдемелер ретінде танылатын жағдайлардың тізбесі іс жүргізу заңдарында белгіленеді (АІЖК-нің 69-бабы, ҚІЖК-нің 116-бабы, ӘҚБтК- нің 604-бабының 3-тармағы).
Ешкiм өзiнiң жеке мойындауы негiзiнде ғана сотталуға тиiс емес деген конституциялық норма, егер адамның өзінің кінәсін жеке мойындауы іс бойынша жиналған дәлелдемелердің жиынтығымен расталатын қылмысты жасаудың нақты мән-жайлары туралы мәліметтерді қамтымаса, оның өзінің кінәсін жеке мойындауы соттың айыптау үкімінің негізі бола алмайтындығын білдіреді.
10)Қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берiлмейдi деген сот төрелігінің конституциялық принципіне түсініктеме бере отырып, заң ұқсастығы - бұл мазмұны бойынша ұқсас құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын құқық қолдану процесінде анықталған құқықтағы кемістіктерді еңсеру тәсілдерінің бірі болып табылатындығын еске түсіру қажет.
Заң ұқсастығы, құқық ұқсастығы сияқты қоғамдық қатынастардың азаматтық-құқықтық салаларында болуы мүмкін. Даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған кезде, сот ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал осындай нормалар болмаған кезде оларды азаматтық заңнаманың жалпы бастаулары мен мағынасына сүйеніп шешеді (АІЖК-нің 6-бабының 5-тармағы).
Құқықтық мемлекетті орнықтыруға бет алған қоғамның көздейтіні мемлекеттің құқықпен санасуын талан ету болса, соттың да тек қана заңға бағындырылуы мұндай мақсатты іске асыруға жетелейтін басқарушы норма болып саналуға тиісті.
Аталған қағидат - норманың мәні судьяның (соттың) сот әділдігін іске асыру қызметіне, әсіресе оны қорытындылап, жауапты әрі билікті шешім қабылдар кезінде ешкімнің араласпауы, қандай да болмасын ықпал етпеуі мәселелерін қамтып, оның нақты тәуелсіз болуына мүмкіндіктер туғызу мен оларды іске асыру болып табылады,
Жоғарыда айтылғандай, сот әділдігінің тәуелсіздігі оны жүзеге асырудың басты шарты болып танылады. Бұл үшін ең бастысы сот әділдігін іске асырушы - судьяны Конституция мен заңдарға ғана бағындырып, оның жеке тәуелсіздігін қамтамасыз ету қажет.
Бұл қағидаттың маңызын түсіндіретін тағы бір мәселе, сот билігінің дербестігін баяндайтын конституциялық ережемен байланысты. Сот билігінің маңызды нысаны сот әділдігі ешкімге есеп бермейтін, сот істерін қарап шешетін судьяның тәуелсіздігінің бастамасында іске асырылуы қажет.
Судьяның тәуелсіздігі бұған дейін айтылғандай, конституциялық деңгейде баяндалған мәртебесімен салалық қағидаттың алдыңғы қатарында тұрып, салалық ереже ретінде де қарастырылатыны сөзсіз.
Тәуелсіздік мәселесі судьяға (сотқа) байланысты айтылған соң, өз кезегінде судьяның түсінігін, яғни онын мәртебесін анықтамай мағыналы болмаса керек.
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының конституциялық заңның 23-бабына сәйкес[8], Республика Конституциясында және Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен судьяға сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер беріледі, ол өз міндеттерін тұрақты негізде орындайды және сот билігін жүргізуші болып танылады. Ал, осы Конституциялық заңның судьяның тәуелсіздігіне тікелей бағышталған 25-бабына сай, судьяның тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады.
Демек, судья тәуелсіз, тек қана заңға бағынышты, мемлекет атынан жеке өзі немесе алқа құрамында, процессуалдық тәртіпте, құқықты қолданып, қажетті жағдайларда заңда қарастырылған мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын пайдаланып, сот істерін қарап шешетін биліктің өкілі.
Сот билігін атқарушы судьяға қатысты берілген осы анықтаумен толық келісуге болады.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, төмендегідей тұжырым жасауға болады:
1. Принцип сөзінің этимологиясы негіз, бастама, ереже ұғымдарын білдіреді, бірақ ол зерттеудің бастаушы нысанасы болмай, керісінше, оны қорытындылайтын нәтижесі болып саналады.
2. Қағидаттар Конституция мен заңдарда көрінісін тауып, олардың нормаларымен бекіп, қағидаттар - норма деген атауға ие болады.
3. Айтылғандардың негізінде, сот билігінің (әділдігінің) қағидаттары соттың өзінің ұйымдасуы мен қызметінің мәні мен маңызын белгілейтін Конституция мен заңдарда, әрине, құқықты норма ретінде негізгі ережелері мен идеялары тұрғысында түсінуге болады.
4. Судьяның тәуелсіздігі қағидатының конституциялық дәрежесі бар, сондықтанда оның басқа салалық қағидаттардан өзгешелігі оның ең жоғарғы заң күшінің болуында. Оның мұндай мәртебеге ие болуы, бұл мәселенің яғни, судьяның тәуелсіздігінің елеулі, өзекті және ерекше маңызыдылығында. Сот саясатын іске асыруда оның орасан зор орны бар екендігін де атаған жөн.
5. Аталған мәртебесімен судьяның тәуелсіздігі қағидаты әрине конституциялық бола тұра, осы дәрежесін жоғалтпай, салалық ретінде де қарастырылады.
6. Бұл қағидатың ішкі құрылысын талдау нәтижесімен, оның элементтері бір-бірінен ажырамайтындығын, яғни бір-біріне сіңіп кеткенін көрсету қажет. Мұны келесідегі кесте түсіндіреді: судья тәуелсіз, ол тек заңға бағынады, ал заң судьяның тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, корғайды және сақтайды.
7. Судьяның сот билігінің өкілі екендігі мен тәуелсіздігі мәселелері, оған заң тарапыңан елеулі, жауапты талагггарды қоюымен ұштасады. Ондай талаптар заңның шеңберінде ғана белгіленіп қоймай, судьялар қауымдастығының өздеріне сот әділдігін іске асыруға байланысты ете жауапты міндеттерді жүктеуін сезіне отырып, кабылдаған судья әдебінің Кодексінде де жетілдірілген.
Осылайша, судьяның, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы сот билігі. Судьяның тәуелсіздігі
Судьяның тәуелсіздігі қағидатының сот билігінің басқа қағидаттарымен ара қатынасын айқындау
Судьяның тәуелсіздігі және оның тек қана заңға бағынуы
Сот жүйесіндегі судьяның тәуелсіздігі
Сот билігі және әділ сот
Шет мемлекеттерде сот билігін ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі
Істерді алқалы түрде қарау принципінің сот қызметін ұйымдастыру принциптерінің арасында алатын орны мен мәні
Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларының жүйесі
Қазақстан Республикасында судьялар сотын құру перспективаларын қарастыру
Пәндер