Индекстер туралы жалпы түсінік



Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне талдау жасау кезінде нақты, қатысты, орташа шамалар немесе коэффициенттер мен проценттер сияқты түрлі қорытындылаушы көрсеткіштердің қолданылады. Осындай қорытындылаушы көрсеткіштердің ішінде ең көп тараған түріне жататыны индекстік эдіс болып табылады
Индекс деген сөздің түпнүсқасы латынның "іndіех" терминінеy шыққан, қазақшага аударганда "көрсеткіш, белгі тізім" деген мағынаны білдіреді. Статистикада біріне-бірін тікелей қосуга болмайтын белгілерден түратын күрделі әлеуметтік экономикалық қүбылыстардың жеке себептерінің үлесін анықтауға қолданылатын жөне уақытқа байланысты кеністітіктегі орташа өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың ерекше түрін индекстік әдіс деп айтады. Мысалы, өнеркәсіп орындарында табиғи-заттық негізде шыгарылған әр түрлі өнімдердің мөлшерін біріне-бірін тікелей қосуга болмайды. Оны есептеу және салыстырмалы түрге келтіру үшін ортақ өлшем белгілері қолданылады. Оған. өнімнің мөлшері, өзіндік құны, бағасы, жұмсалған жұмыс уақытының шамасы және т.б. жатқызылады. Бірақ, экономикалық мәні бірдей аттас көргсеткіштердің белгілі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы өзгерісін индекс арқылы есептеуге болады.
Индекстік әдісті қолдану арқылы төменде берілген негізгі мәселелерді шешуге болады:
1)салыстыруға келмейтін және қосуга болмайтьн күрделі экономикалық қүбылыстардың жеке бөліктерінің уақытқа қарай өзгеруін сипаттайды;
2) құблыстар құрылымының белгілеріне қарай өзгеруін анықтайды;
3) күрделі құбылыстар көрсеткіштеріне әсерін тигізетін себептерді жалпы жиынтық және жеке бөліктері бойынша қарастырады.
Олардың ішінде ең негізгісі- қоғамдық құбылыстарға әсерін тигізетін
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Ы. Әміреұлы «Статистиканың жалпы теориясы», 1998 ж. Алматы

2. А. М. Годин «Статистика» 2006 Москва

3. Минашин «Статистика» 2005 Москва

4. Мхитарян «Статистика» 2004 Москва

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Индекстер туралы жалпы түсінік
Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне
талдау жасау кезінде нақты, қатысты, орташа шамалар немесе коэффициенттер
мен проценттер сияқты түрлі қорытындылаушы көрсеткіштердің қолданылады.
Осындай қорытындылаушы көрсеткіштердің ішінде ең көп тараған түріне
жататыны индекстік эдіс болып табылады
Индекс деген сөздің түпнүсқасы латынның "іndіех" терминінеy шыққан,
қазақшага аударганда "көрсеткіш, белгі тізім" деген мағынаны білдіреді.
Статистикада біріне-бірін тікелей қосуга болмайтын белгілерден түратын
күрделі әлеуметтік экономикалық қүбылыстардың жеке себептерінің үлесін
анықтауға қолданылатын жөне уақытқа байланысты кеністітіктегі орташа
өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың ерекше түрін индекстік әдіс деп
айтады. Мысалы, өнеркәсіп орындарында табиғи-заттық негізде шыгарылған әр
түрлі өнімдердің мөлшерін біріне-бірін тікелей қосуга болмайды. Оны есептеу
және салыстырмалы түрге келтіру үшін ортақ өлшем белгілері қолданылады.
Оған. өнімнің мөлшері, өзіндік құны, бағасы, жұмсалған жұмыс уақытының
шамасы және т.б. жатқызылады. Бірақ, экономикалық мәні бірдей аттас
көргсеткіштердің белгілі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы өзгерісін
индекс арқылы есептеуге болады.
Индекстік әдісті қолдану арқылы төменде берілген негізгі мәселелерді
шешуге болады:
1)салыстыруға келмейтін және қосуга болмайтьн күрделі экономикалық
қүбылыстардың жеке бөліктерінің уақытқа қарай өзгеруін сипаттайды;
2) құблыстар құрылымының белгілеріне қарай өзгеруін анықтайды;
3) күрделі құбылыстар көрсеткіштеріне әсерін тигізетін себептерді
жалпы жиынтық және жеке бөліктері бойынша қарастырады.
Олардың ішінде ең негізгісі- қоғамдық құбылыстарға әсерін тигізетін
себептерді анықтау. Демек, қогамдық қүбылыстардың өзгеруіне қандай
себептердің қалай әсер ететіндігіне талдау жасай білуіміз қажет. Міне,
осыны анықтау үшін индекстік әдіс қолданылады.
Индекстік әдісті қолдану арқылы есеп жұмыстарын жүргізу үшін екі
уақыт кезеңінің нақты саңдық көрсеткіштері алынады. Оның біреуін, яғни
салыстырылатьн уақыт шамасын есепті немесе ағымдағы кезең деп айтады. Ол
статистикалық зерттеу зерзатының (объектісінің) негізгі көзі болып
саналады. Бүл көрсеткіштер әрқашанда индекстік қатынастын алымында беріледі
және "1" деген таңбамен белгіленеді.Ал онымен салыстыратын мезгілдің
шамасын өткен уақыт немесе базалық кезең дейді және оны 0 таңбамен
белгілейді.Бұл көрсеткіштер есепті уақытта немесе ағымдағы кезенде болған
экономикалық құбылыстардың өзгеруіне баға беру үшін қолданылады.
Сондықтан, бүл жерде ең бастысы – салыстыратын мезгілді ғылыми
негізде дүрыс ала білу. Себебі дұрыс алынбаған базалық уақыт ағымдағы
кезеңнің шамасын, яғни оның өскендігін немесе кемігендігін бұрмалауы
мүмкін.
Индекстік әдіспен есептелінген көрсеткіштер коэффициентпен, ал оны
100-ге көбейту арқылы процентпен өлшенеді; Егер индекстік көрсеткіштер 1-
ден немесе 100-ден көп балатын болса, онда құбылыстың өскенін, көбейгенін,
ал керсінше, 1-ден немесе 100-ден аз болатвн болса, онда оның кемігенін,
яғни азайғанын көрсетеді.
Халықаралық тәжірибеде индекстік әдістгі қолдану кезінде
көрсеткіштер төмендегі берілген латын әріптерімен белгіленеді:
"q;— сандық көрсеткіш, яғни өнімнің көлемі, мөлшері;
"р - бір дана өнімнің, заттың бағасы;
"z, - бір дана өнімнің, заттың өзіндік құны;
"t - бір дана өнімді, затты өндіруге жұмсалған жұмыс уақытынын,
шамасы;

"w - енбек өнімділігі және
т.с.с
Осы келтірілген белгілерді қолдану арқылы әлеуметтік-экономикалық
құбылыстар мен процестерді жекелеген белгілері бойынша немесе сол берілген
жалпы жиынтық бірліктерінің сандық және сапалық мәндерін қоса ала отырыпі,
уақыгқа қарай өзгеруін индекстік әдіс бойынша есептеуге болады. Бірақ,
зерттеу зерзатының көрсеткіштеріне байланысты негізгі екі топқа, яғни
көлемдік және сапалық индекстерге бөлінеді.
Бірінші топқа өнім көлемінің жалпы индекстері жатады; Мысалы,
өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, тауар айналымының және т.б. көлемі
алынады. Бірақ, осы көрсетілген индеқстердің бәрінде көлемдік көрсеткіштер
езгеріссіз түрақты баға бойынша бағаланады.
Екінші топқа – сапалық индекстер, яғни бағаның, өзіндік құнын, еңбек
өнімділігінің, түсімділіктің және т.б. индекстері жатқызылады.Бұл
индекстердің бәрінде көлемдік көрсеткіштер өзгеріссіз, тұрақты бір
ағымдағы кезең дәрежесімен алынады.
Индекстердің мұндай ,екі топқа бөлінуінің маңызы өте жоғары және
есептеу кезінде түрлі тәсілдерді қолдануға толық мұмкіндік туады. Осыған
орай, жиынтық бірліктерін қамту дәрежесіне байланысты индекстер жеке (дара)
және жалпы немесе жинақты болып екіге бөлінеді. Енді осы иидекстерді
есептеу тәсілдерін дұрыс ұғыну үшін, алдағы бөлімдерде осы мәселені жеке
қарастырамыз.

Жеке дара индекстерді есептеу

Біртектес құбылыстардың екі уақыт аралығындағы нақты көрсеткіш
шамаларының қатынасын жеке (дара) индекстер деп айтады. Мысалы, ағымдағы
және базалық уақыттағы өндірілген өнімнің көлемін, бағасын, өзіндік құнын
және т.с.с. салыстыру арқылы қаншаға өзгергендігін есептеуге болады.
Статистикада жеке (дара) индекстер латынның кіші i әрпімен
белгіленеді. Зерттеу зерзатының белгісіне қарай, яғни нені зерттейтіндігіне
байланысты индекстік белгінің оң жағына оның таңбасы (ір, іq, іz және
т.с.с.) қатар жазылады, Мәселен бағаның жеке (дара) индексін (ір) есептеу
үшін, сол заттьн тауардың есепті уақыттағы немесе ағымдағы кезендегі
бағасын (р1) өткен уақыттағы немесе базалық кезендегі бағасына (р0) бөлу-
керек, Демек, ол мына формуланы ір = p1p0 қолдану арқылы
есептелінеді, Сол сияқты басқа да жеке (дара) индекстер төменде берілген
формулалар бойынша есептеледі:
а) өнім көлемінің жеке (дара) индексі: іq = q1q0, мұнда q1 және q0
- өнімнің ағымдағы және базалық мезгілдегі көлемі;
ә) өнімнің өзіндік құнының жеке (дара) индексі: iz=z1z0,
мұнда z,, және z0 - өнімнің ағымдағы және базалық мезгілдегі өзіндік
құны;
б) еңбек өнімділігінің жеке (дара) индексі: іt = t0t1., мұнда t1
және tо - бір дана, өнімді, затты өндіруге жұмсалған уақыт мөлшері.
Жеке (дара) индекстер статистикалық қортындылаушы көрсеткіштер
ретінде іс жүзінде жиі қолданылады. Себебі жеке дара индекстер қатысты
шамалар сияқты біртектес құбылыстың екі кезендегі өзгеру дәрежесін
көрсететіндіктен, мұнда салыстырылатын уақыттың дәрежесін,онымен
салыстыратын уақытының мәніне бөлу керек.
Егер қатар дәрежелері уақытына байланысты бірнеше кезеңен тұрып, ал
олардың ағымдық мезгілдегі әрбір дәрежесі оның алдыңғы уақытта тұрған
шамасымен салыстырылған болса, онда оны өзгермелі немесе тізбекті индекстер
деп атайды және ол статистикада былай жазылады:
іq = q1q0; q2q1; q3q2; және т.с.с.
Егер қатардың әрбір дәрежесін белгілі бір тұрақты базалықткезеңнің
мәнімен салыстыратын болсақ,онда оны базалық индекстер деп атайды және оны
былай жазуға болады:
iq= q1q0; q2q0; q3q0;
Сонымен, жеке (дара) индекстер қоғамдық құбылыстардың уақытқа
байланысты өзгеруін зерттеу кезінде жиі қолданылады. Бірақ, сол құбылыстың
қандай себептерге байланысты өзгергенін ол анықтай алмайды. Сондықтан,
экономикалық құбылыстардың өзгерістеріне әсерін тигізетін себептерді анытау
үшін жеке (дара) индекстерге қарағанда жалпы индекстер көптеп қолданылады
және талдау жасау кезінде біршама мәселелерді шешуге көмектеседі.

ЖАЛПЫ ИНДЕКСТЕРДІ ЕСЕПТЕУ

Тікелей салыстыруға және қосуға келмейтін элементтерден тұратын,
күрделі қоғамдық құбылыстардың уақытқа байланысты өзгерісін жалпы индекстер
деп айтады. Осы қүбылыстардың өзгерістеріне талдау жасау үшін, өзара
қосуға болмайтын жекелеген белгілерін салыстыратын шама арқылы қосып, жалпы
жиынтығын есептеуге болады. Мысалы, ауыл шаруашылығының жалпы өнімін
есептеу үшін жиналған астықтың мөлшеріне апарып мал басын қосуға болмайды.
Оны есептеу үшін осы өнімдердің әр бөлігіне өздеріне тән бағаны немесе
өзіндік құнды қолдау арқылы олардың жалпы құндық көрсеткіштерін ақша
есебінде есептейміз. Сонымен, өңімнің жалпы мөлшерін есептеу үшін бағаны
немесе өзіндік құнды негіз етіп алып, барлық көрсеткіштер бір өлшем
бірлігіне келтіріледі және ақша түрінде көрсетіледі.
Статистикада жалпы индекстерді латынның үлкен "I" әрпімен белгілейді
және нені зерттейтіндігіне байланысты осы белгінің төменгі оң жағына оның
таңбасы бірге қосылып жазылады, яғни оны былай (Іq Іp, Iz, Іqp, Іqz және т.
с. с.) көрсетуге болады.
Егер жиынтық бірліктері жеке бөліктерден немесе жеке топтардан
тұратын болса, онда оларды топтық индекстер деп атайды. Мысалы, ауыл
шаруашылық өнімдері жалпы индекске, ал өсімдік және мал шаруашылықтарының
өнімдері топтық инкстерге жатады. Сондай-ақ топтық индекстерге халық
шаруашылық салаларының әрқайсысында өндірілген өнімдердің түрлері де
жатқызылады.
Статистикада жалпы және топтық индекстердің экономикалық талдау жасау
кезіндегі атқаратын рөлі өте жоғары. Бұл индекстер арқылы зерттеуге жататын
зерзаттардың өзара байланыстылығы мен оларга әсерін тигізетін түрлі
себептерді толық анықтауға болады. Сондықтан, индекстік әдіс топтау
тәсіліне тікелей байланысты. Ал жеке (дара) индекстерімен салыстырғанда
жалпы немесе топтық индекстерді есептеу күрделі болады.
Есептеу әдістемесіне байланысты жалпы немесе топтық индекстер
агрегаттық және орташа индекстерге бөлінеді.
Агрегатты индекстер. Агрегатты деген сөз латынның " аggrego
терминінен шыққан, қазақшаға аударғанда "қосамыз деген мағынаны білдіреді.
Мұнда қарастырылып отырған индекстсрдін алымы мен бөлімі екі көрсеткіштің,
яғни саңдық пен сапалық белгілерінің көбейтіндісінің қосындысына тең.Егер
, осы қосындыньң алымы мен бөлімі арасындағы айырмашылықты қарастыратын
болсақ, нақты (абсолютті) өзгерісті және оған әсерін тигізген себепті
аңықтауға толық мүмкіндік туады.
Егер, осы қосындының алымы мен бөлімі арасындағы айырмашылык теріс
сан болып шығатын болса, онда түрлі себептерге баланысты ақша
үнемдегеніміз, ал оң сан шыгатын болса, Онда артық жұмсағанымыз
көрсетіледі. Сонымен, агрегатты индекстер экономикалық жалпы индекстердің
негізгі және көп тараған түрі болып саналады.Жалпы құнның қалай
өзгергендігін және оған сатылған тауардың көлемі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орташа индекстерді есептеу
Экономикалық құбылыстардың индексі
Кейбір экономикалық құбылыстардың индексі
Индекстер туралы жалпы ұғым
Статистика туралы түсінік және ғылыми міндеттері мен мақсаттары. Сұрақ-жауап түрінде
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Статистиканың жалпы теориясы
Статистика пәнінен тезистік лекция конспектілері
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Статистикалық бақылау зерзаты
Пәндер