Ежелгі Кашмир мен Делидегі түркістан перзенттері
Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан даналар ішінде Әбу Нәсір әл-Фараби (870-950) – ғылымның барлық саласы, Әбу Райхан әл-Бируни (973-1048) – әсіресе география, Әбу Әли Ибн Сина (980-1037) – медицина, Ұлықбек (1394-1449) – астрономия, Әбу Ибраһим Исхақ әл-Фараби (951-?) мен Исмайл әл-Жауһари әл-Фараби (?-1002) араб тіл білімі ғылымына өзіндік үлес қосса, бұлармен қатар Исфиджаб-Сайрам, Ясы-Түркістаннан шыққан асыл перзенттеріміз де мұсылман заңы мен хадистану, тәпсір секілді ислами ілімдер саласына қалам тербеп, ислам мәдениеті мен ғылымынан өзіндік орын алды. Солардың арасынан күні бүгінге дейін біз Ясыдан шыққан, XІ-XІІ ғасырларда өмір сүріп “Диуан-и-Хикмет” – “Даналық кітабы” атты тамаша шығарма қалдырған ойшыл, кемеңгер, түркі халқының рухани атасы Қожа Ахмет Ясауиды (993-1167) ғана білеміз. Сол себепті Ясыдан өзге парасат иелері шыққан жоқ па деген сауалдардың қойылатыны да заңды.
Иә, Ясы тек Қожа Ахмет Ясауиды ғана емес, өзге де даналарды дүниеге келтірген. Олардың есімдерін атамас бұрын Ясы – Түркістан сөзіне тоқталалық.
Себебі бұл сол осы даналардың тегіне жал¬ғанып тұрған анықтауыш. Шынында осы Ясы деген сөз қайдан шыққан, қандай ма¬ғыналары бар? Түп төркіні неде? Ол туралы араб тілді рухани бұлақ көздері не дейді? Осы күнге дейін оның этимоло¬гиясын зерделегендер аз сияқты. “Ясы шаһары Имам ат-Табаридің (838-923) “Тарих ар-русул уа-л мулк” – “ Пайғам¬барлар мен патшалар тарихы”, Әл-Мұ¬қаддасидің (946-1000) “Ахсан ат-тақасим фи мағрифат әл-ақалим”– “Климатты білудің тиімді жол¬дары”, Әл-Истахридің (850-934) “Әл-Ма¬са¬лик уә-л мамалик” – “Жолдар мен мем¬л¬екеттер”, Әл-Бәкридің (?-1094) “Әл-Муғжам ма әл-мұстағжам” – “Түсініксіздің тыныс белгілері туралы”, Ас-Самъанидің (1113-1167) “Әл-Ансаб” – “Насабнаме”, Яқұт әл-Хамауи ар-Румидің (1179-1229) “Муғжам әл-булдан” – “Елдер жайлы (географиялық сөздік)”, Ибн Саид әл-Мағрибидің (1214-1286) “Китаб әл-жуғрафия” – “География жай¬лы кітап”, Ибн Фадл Алла Әл-Умаридің (1301-1349) “Әл-Масалик уа-л абсар фи мамалик әл-амсар” – “Мемлекеттердің ірі жол¬дарын сипаттау” атты еңбектерінде жай аталғаны болмаса, мән-мағынасы анық көрсетілмеген. Шаһардың неге бұлай аталатынына да түсінік берілмеген.

ЕЖЕЛГІ
Кашмир мен Делидегі Түркістан перзенттері
Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан даналар ішінде Әбу Нәсір әл-Фараби
(870-950) – ғылымның барлық саласы, Әбу Райхан әл-Бируни (973-1048) –
әсіресе география, Әбу Әли Ибн Сина (980-1037) – медицина, Ұлықбек (1394-
1449) – астрономия, Әбу Ибраһим Исхақ әл-Фараби (951-?) мен Исмайл әл-
Жауһари әл-Фараби (?-1002) араб тіл білімі ғылымына өзіндік үлес қосса,
бұлармен қатар Исфиджаб-Сайрам, Ясы-Түркістаннан шыққан асыл перзенттеріміз
де мұсылман заңы мен хадистану, тәпсір секілді ислами ілімдер саласына
қалам тербеп, ислам мәдениеті мен ғылымынан өзіндік орын алды. Солардың
арасынан күні бүгінге дейін біз Ясыдан шыққан, XІ-XІІ ғасырларда өмір сүріп
“Диуан-и-Хикмет” – “Даналық кітабы” атты тамаша шығарма қалдырған ойшыл,
кемеңгер, түркі халқының рухани атасы Қожа Ахмет Ясауиды (993-1167) ғана
білеміз. Сол себепті Ясыдан өзге парасат иелері шыққан жоқ па деген
сауалдардың қойылатыны да заңды.
Иә, Ясы тек Қожа Ахмет Ясауиды ғана емес, өзге де даналарды дүниеге
келтірген. Олардың есімдерін атамас бұрын Ясы – Түркістан сөзіне
тоқталалық.
Себебі бұл сол осы даналардың тегіне жалғанып тұрған анықтауыш.
Шынында осы Ясы деген сөз қайдан шыққан, қандай мағыналары бар? Түп төркіні
неде? Ол туралы араб тілді рухани бұлақ көздері не дейді? Осы күнге дейін
оның этимологиясын зерделегендер аз сияқты. “Ясы шаһары Имам ат-Табаридің
(838-923) “Тарих ар-русул уа-л мулк” – “ Пайғамбарлар мен патшалар тарихы”,
Әл-Мұқаддасидің (946-1000) “Ахсан ат-тақасим фи мағрифат әл-ақалим”–
“Климатты білудің тиімді жолдары”, Әл-Истахридің (850-934) “Әл-Масалик уә-л
мамалик” – “Жолдар мен мемлекеттер”, Әл-Бәкридің (?-1094) “Әл-Муғжам ма әл-
мұстағжам” – “Түсініксіздің тыныс белгілері туралы”, Ас-Самъанидің (1113-
1167) “Әл-Ансаб” – “Насабнаме”, Яқұт әл-Хамауи ар-Румидің (1179-1229)
“Муғжам әл-булдан” – “Елдер жайлы (географиялық сөздік)”, Ибн Саид әл-
Мағрибидің (1214-1286) “Китаб әл-жуғрафия” – “География жайлы кітап”, Ибн
Фадл Алла Әл-Умаридің (1301-1349) “Әл-Масалик уа-л абсар фи мамалик әл-
амсар” – “Мемлекеттердің ірі жолдарын сипаттау” атты еңбектерінде жай
аталғаны болмаса, мән-мағынасы анық көрсетілмеген. Шаһардың неге бұлай
аталатынына да түсінік берілмеген.
Ортағасырлық тарихшы Ибн Тагриберди (1411-1465) “Ясы” сөзінің көне
түркі тілінде “реттеу, тәртіпке келтіру” деген мағынаға саятындығын айтады.
“Бұл сөз әсіресе Мысыр мен Шамды мәмлүктер билеген кезде кең тарады, –
дейді. Сөйтеді де ол кітабының басқа бір жерінде, “Яса көне моғол сөзі”
дейді. Әйтсе де ғалым бұл моғол тілінің жеке-дара тіл немесе көне түркі
тілдерінің бір диалектісі екендігін ашып көрсетпеген.
Тағы бір рухани бұлақ көздерінде “Яса” қала емес, қыстақ деп
көрсетілген. Мысалы үнділік белгілі тарихшы Абд әл-Хайй ибн Фахр ад-Дин әл-
Хасани әл-Һинди (?-1922) “Нузһәт әл-хауатир уә бәһжәт әл-масамиғ уә-н
науазир” – “Ойша серуен және құлақ пен көз сұлулығы” деген еңбегінде Аш-
Шейх Маулана Абд Алла әл-Кашмири (?-1757) туралы әңгімелей отырып, оның
бабасының атын Мұхаммед Фадл әл-Ясауи деп көрсетеді, яғни ол тегі жағынан
ясылық деген сөз. Ол “Түркістан өңіріндегі Ясы қыстағынан еді” деп жазады.
Ас-Суюти Түркістанға қоса Ясыны да атайды. Көптеген араб тілді
кітаптар Ясы туралы айтқанда “бұл қасиетті қала – шығармашылығы исламның
рухани мұрасын байытқан атақты адамдарды дүниеге әкелді” деп оған жақсы
баға береді.
Жоғарыда мұсылман Шығысы қаламгерлерінің пікірін келтірдік. Ал енді
Ясы туралы отандық жазба деректер не дейді деген мәселеге келсек, еліміз
энциклопедияларының бірінде: “Ясы – Түркістан қаласының ежелгі атауы.
Қазақстандық археологтар ертедегі Ясының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес
келетінін дәлелдеп отыр. VІІ-ХІІ ғасырларда Түркістан Шауғар (сақ тілінде
ол Қаратау деген мағынаны білдіреді) атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына
қарады. ІХ ғ. қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-
819 жылдар аралығында Хорасан билеушісі әл-Мамун, Х ғ. соңында саманилік
билеуші Наср жаулаушылық жорық жасаған. ХІІ ғ. І-ширегінде қидандар
шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Ясы өлкенің орталығына айналды. Қожа
Ахмет Ясауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ-даңққа бөленді.
Ясы туралы алғашқы деректер мұсылман тарихшыларынан басқа ХІІІ ғ.
жарық көрген Киракос Гандзакенцидің “Армения тарихы” атты еңбегінде де
кездеседі. Онда Ясы қаласы Асан деген атаумен берілген. Ясы атауы ХІV ғ.
бастап тарихи шығармалардың беттерінде жиі көріне бастайды.
Ясы Шараф ад-Дин Әли Йаздидің (ХV ғ.) еңбегінде де ұшырасады. Бұл
шаһар орта ғасырларда Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша дамыды: қамал,
шаһристан, рабат қалыптасты. ХV ғ. І-жартысында Шараф ад-Дин Әли Йазди
Ясыны “шағын елді мекен болды” деп көрсетсе, ал ХVІ ғ. Рузбихан Исфаһани
“Михманнама-и Бұхара” – “Бұхара мейманының жазбаларында: “Ясы қаласы өрісі
кең әрі құнарлы жер, Түркістан аймағының орталығы. Ясы қаласына тауарлар
мен қымбат, бағалы заттар жеткізіледі де, сол жерде оларды сату басталады.
Сондықтан ол көпестердің тең-тең жүктерін шешіп, саяхатшылар тобын әр елге
аттандыратын орын болды”, – деп жазылған. [Түркістан. Халықаралық
энциклопедиясы. Алматы, 2000, 590-бет].
Абд ал-Хаий әл-Хасани әл-һинди аталмыш еңбегінде осы Ясы –
Түркістаннан шыққан бірқатар ойшылдардың аттарын атайды. Олар Әбу-л Аббас
Ахмед бин Мұхаммед әл-Ясауи, Аш-Шейх Шамс ад-Дин Ахмед бин Абд әл-Мумин ат-
Түркімани әл-Банипати, Шейх Мырза Камил бин аш-Шейх Ахмед бин Малик Әл-
Ясауи Ташқанди, Шейх Ахмед бин Мұстафа ибн әл-Муин әр-Рафиқи әл-Кашмири, Аш-
Шейх Мұхаммед бин Мұстафа бин әл-Муин әр-Рафиқи әл-Кашмири, Шейх Таййб бин
Ахмед ар-Рафиқи, Аш-Шейх Маулана Абд Алла әл-Кашмири, Маулана Нұр әл-һуда
бин Абд Алла бин Мұхаммед Фадл әл-Ясауи, Абд әл-Уәли ат-Тархани әл-Кашмири,
Мүфти Абд әл-Мумин әл-Кашмири, Имам Замини Түркістани.
Бұлардың түп-негізі Ясылық болғанымен, өмірлері мен қызметтері
Үндістан және оның уалаятының бірі Кашмирде өткен. Мұнда да кездейсоқтық
жоқ. 1998-1999 жылдары мен орта ғасырларда Кашмирдің әміршісі болған,
дулаттан шыққан Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің (1499-1551) қалай қаза
тапқаны, жерленген жерін анықтау үшін Кашмирге екі рет барғанымда осы ел
ғалымдары ислам дінінің Үндістанға, әсіресе Кашмирге біржола орнығуына,
Орта Азиядан шыққан түркілердің (біздің ата-бабаларымыздың) үлкен рөл
атқарғанын, сол кезеңде 700-ге жуық Мауараннаһр сопыларының Үндістанға
келгенін айтып еді. Мен ол сөздерге әуелде онша мән бере қойған жоқпын.
Енді оның ақиқаттығына көзім жетіп отыр.
Осы ретте бұдан 32 және 7-8 жыл бұрын болған екі оқиға ойға оралады.
Бірінші. 1975 жыл еді. Мәскеуде Шығыстану институтында оқып жүрген
кезім. Жазда елге келгем. Шымкент пединститутының әдебиетші ұстаздары
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шаян селосы төңірегіндегі бұзылған үйден арабша
жазылған кітаптың табылғанын айтып, қарап беруімді өтінді.
Кітап литографиялық тәсілмен басылыпты. Кейбір жерлері мүжіліп,
бірнеше беттері жыртылып та қалған. Жер астында бірнеше жыл жатқаны
байқалады. Кейбір парақтары өшуге айналған.
Еңбек Үндістанның Лакнау қаласында һижраның 1323 (1904) жылы шығыпты.
Парсы, урду тілдерінде жазылған. Діни-әдеби бірнеше трактаттардан тұрады.
Шаянға ол қалай тап болды екен деген ойға қалдық. Кейін білсем мұнда ХІХ ғ.
екінші жартысында (1884-1886) ашылған Аппақ ишан мешіт-медресесі болған.
Бұл кітаптың арғы тағдыры да сол медресе тағдырымен байланысты. ХХ ғ. 30-
жылдарында дінмен күрес кезінде ғибадат үйі жабылған кезде осындай
кітаптарды бір азамат үйлердің қуысына тықса керек.
Үндістанда шығып Шаяннан табылған бұл жәдігерліктің Ясы, Шаян, яғни
Түркістан аймағы шаһар, кенттерінің Үндістанның діни-рухани орталықтарымен
байланысы болғанын көрсетеді.
Екінші. 1998 жылы Мұхаммед Хайдар Дулатидің 500 жылдық тойынан бір жыл
бұрын жоғарыда айтылғандай Кашмирге барғанымда сондағы университет
кітапханасынан араб, парсы, урду тілдеріндегі қолжазбалар каталогын алып
қайттым. Кашмир кітапханасының қолжазба қорынан Әбу Нәсір әл-Фараби, Әбу
Әли ибн Сина, Низам ад-Дин Шаши (Ташкенти), Мырза Ұлықбек, Әли Құсши,
Мұхаммед Хайдар Дулати, Мырза Мүбарак Нақшбанди, Ходжа Хауанд Махмұд
Нақшбанди, Шейх Ахмед Фаруқи Нақшбанди, Саъд ад-Дин Нақшбанди, Қожа Муаййин
ад-Дин Нақшбанди, Ходжа шаһ Нияз Нақшбанди, Сайд Мұхаммед Мақбул Хорезми
Кашмири, Даулат шаһ Самарқанди, Масғуд бин Умар Тафтазани, Сағад ад-Дин
Масуд Тафтазани секілді тағы да басқа Орта Азиядан шыққан бірқатар парасат
иелері туындыларының қолжазбаларын көрдім. Оңтүстік Қазақстан облысындағы
Тұрбаттан шыққан Атаидың “Миғражийа” – “Миғражнаме” поэмасы да Кашмирде
тұр. Әлішер Науаиды олар “Науаи узбеки” деп көрсетіпті.
Әсіресе онда суфизмге және фиқһ мәселесіне арналған жәдігерліктер
молырақ боп шықты. Суфизм дегенде мұнда Нақшбанди тариқатының өкілдері көп
болғаны байқалады.
Міне, сопылық тариқаттар ішінен осы нақшбандияны ұстанған Орта Азиядан
шыққан даналар Үндістан және оның Кашмир өлкелерімен қатынастарын үзбеген,
сонда келіп тұрған. 1526 жылы Үндістанды атақты Мұхаммед Заһир ад-Дин Бабыр
(1426-1530) алып, ұрпақтары онда Моғол мемлекетін құрып үш ғасыр биледі.
Делидегі бас мешіттің бас имамы етіп кезінде Бабырдың өзі тек ата-жұртынан
шыққан діндарды ғана тағайындап отырған. Сол дәстүр әлі күнге дейін
сақталған. Қазіргі бас имамның ныспысы да Бұхари (бұхаралық).
Гималай таулары арасындағы сырт көзден таса Кашмир көпке дейін жұртқа
жұмбақ болып келсе, ал бабаларымыз оны жақсы білген.
Бұл өлке жан-жағын үлкен таулары қоршап жатқан, көлденеңі 30, ұзындығы
220 шақырымдық үлкен аңғар. Кашмирде орта және кіші шаһарлар мен кенттер
баршылық. Астанасы Сринагарды Желам өзені жарып ағып жатыр. Қала шетінде
аумағы атшаптырым Дал көлі бар. Сринагар және тау етегіндегі төбелердің
бәрі жалпақ жапырақты және шырша, қарағайлы орман. Олар өлкеге көрік беріп
тұр.
Делиде жаз айларында күн өте ыстық болса, Кашмирде 23-25 градустан
аспайды. Кешке қарай кейде қоңыр салқын жел есіп, тынысыңды кеңейтеді. Сол
себепті бірқатар үндістандықтар жаз айларында демалыстарын Кашмирде
өткізеді.
Осы өлкені Мұхаммед Хайдар Дулати 11 жыл (1540-1551) билеген. Ол
өзінің атақты “Тарих-и Рашиди ” атты еңбегінде Кашмирдің табиғаты, өзен-
көлдері, бау-бақшасы, халқы, қала-кенттері туралы сүйсіне жазған: “Кашмир –
әлемнің ең мәшһүр қалаларының бірі, – дейді ол. – Әртүрлі таңқаларлық әрі
сирек кездесетін жерлерімен мәлім... Бұл аймақта барлық жер төрт түрге
бөлінеді: 1) суармалы жерлер, 2) дақылдар суарылмай өсірілетін, яғни тәлім
жерлер, 3) бау-бақшалы жерлер және 4) тегіс алаңдар (жазықтар), өзендер мен
көлдердің жағалаулары, онда шабындық жоңышқа, қоғажай және әр түрлі гүлдер
алма-кезек өседі. Бұл жерде ылғалдың көптігіне байланысты егін жақсы
өспейді. Сондықтан ол жерлер егіске пайдаланылмаған. Оның өзі де Кашмирдің
әсем бір көрінісі болып табылады...
Ғажайыптардың тағы бірі – Кашмирде тұт өте көп өседі. Себебі оның
жапырағы жібек құртына беріліп, жібек өндіріледі. Сондықтан оны жеу дәстүр
емес, тіпті айып болып табылады. Тағы да бір ерекшелігі – жеміс-жидектер
піскен кезде алып-сату өте сирек. Бау-бақша иесі де, иесі емес те бірдей
пайдалана береді. Бақтың айналасы шарбақпен сирек қоршалады. Адамдардың
жемісті бақтан жұлуына шектеу әдеті мұнда жоқ”.
Міне осындай ғажайып мекенге ислам дінін таратып, орнықтыруды Орта
Азиядан келген бабаларымыз үлкен де сауапты іс санаған.
Жалпы ясылықтар мен Орта Азия сопыларының Үндістан мен Кіші Азияға
(қазіргі Түркияға) қоныс аудара бастауын ағылшын ғалымы Дж.С.Тримингем
(“Суфийские ордена в Исламе”. М.2002) ХІІІ ғасырдан, яғни елімізді моңғол
шапқыншылары жаулап алу кезінен бастайды. Соған қарағанда моңғолдар ислам
дініне оң қабақ таныта қоймаған.
Енді өмір-тағдырын Кашмирмен байланыстырған ясылық – түркістандық
даналарды Аллама аш-Шариф Абд әл-Хаий Фахр ад-Дин әл-Хасанидің аталмыш
еңбегі және басқа деректерге сүйеніп сөз етіп көрейік.
1. Әбу-л Аббас Ахмед бин Мухаммед әл-Ясауи (?-1004). Оның өз аты Әбу-л
Аббас Ахмед, ал әкесінің есімі Мұхаммед. Ал әл-Ясауи. Соңғы тіркес бұл
кісінің оның шығу тегі жағынан ясылық екенін білдіреді. Оның “ат-Табақат ас-
суфия” – “Сопылық топтары” атты кітабы бар. Әбу-л Аббас Х ғасырда дүниеге
келіп һижраның 396 яғни 1004 жылы бақилық болған. Оның есімі Осман
тарихшысы Хаджи Халифаның (1609-1657) “Кашф аз-зунун ан асами әл-кутуб уа-л
фунун” – “Кітаптар мен ғылымдар аттарынан күдікті сейілту” атты
шығармасында да аталады. Әбу-л Аббас өмір сүрген мерзіміне қарағанда Қожа
Ахмет Ясауиден 100 жылдай бұрын дүниеге келген жан сияқты. Өкінішке орай ол
жайлы бұдан өзге дерек жоқ.
2. Аш-Шейх Шамс ад-Дин ат-Түркімани әл-Банипати. Ол “үлкен шейх Қожа
Ахмед әл-Алауи әл-Ясауидің ұрпағы. Ныспысы бойынша Қожа Ахмед әл-Ясауи
Мұхаммед ибн Ханафия ибн әл-Имам Әли ибн Абу Талибке барып тіреледі” дейді
Абд әл-Хаий әл-Хасани әл-Һинди.
Ойшылдың өз ныспысы Шамс ад-Дин. Әкесінің аты Ахмед. Бабасының есімі
Абд әл-Мұмин ат-Түркімани. Бұл жерде көңіл аударатын екі мәселе бар. Олар
оның есім тізбегінде көрсетілген ат-Түркімани және әл-Бани Пати (Панипати)
деген атаулар. Әуелгі ат-Түркімани деген сөз бабамыздың түркі текті екенін
және түркімен тайпасынан шыққандығын да көрсете ме деген жәйтке келейік.
Түркімен деген этностық атауға байланысты Махмұд әл-Қашғаридің “Диуан лұғат
ат-түрік” – “Түркі тілдерінің жинағы” атты еңбегінде: “Түркіман гуз (оғыз)
тайпасына жатады. Зұл Қарнайн (Александр Македонский) түркілер елінен өтіп
бара жатып түркі тайпасының бір топ кісілерін көріп парсыша: “Түркман анд”
яғни “олар түркілерге ұқсайды” деген екен. Содан бері осы атау күні бүгінге
дейін (ХІІғ.) оларға таңылып, сақталып қалды” – делінген. (Махмұд әл-
Қашғари. Диван лугат ат-турк. Перевод и предисловие З.М.Ауэзовой. Алматы,
2005, 1051-1052 беттер).
Шамс ад-Диннің түркі текті және Қожа Ахмет Ясауидің зәузәті екендігін
Орта Азиядан шыққан тарихшы, шежіреші Абд әл-Қадыр (ХІХ ғ.) “Маджмаъа әл-
ансаб уа-л ашджар” – ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz