Қазақстанның ядролық энергетикасының болашағы қандай



1.ЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГИЯНЫҢ ҰТЫМДЫ ТҰСТАРЫ
2.ЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКАНЫҢ БОЛАШАҒЫ, БҮГІНІ ЖАЙЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР
3.ЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫН ЖАН.ЖАҚТЫ ТАЛДАУ
XXI ғасырдың өзекті мәселелерінің бірі-пайдалы қазбаларды қуат көзі ретінде тұтынудың көлемді түрде артуы салдарынан жаhандық проблемалардың туындауы. Мысалы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан 2050” стратегиясында тізіп берген “XXI ғасырдың 10 сын қатерінің” қатарынына енетін, әлем популяциясының болашақта прогрессивті жолмен өсуі нәтижесінде органикалық отын энергиясына деген сұраныстың интенсивті түрде артуы салдарынан, ғасырдың соңына жетпей, аталғантабиғи ресурстар резервтерінің сарқылу қаупі. Осы принцип негізінде дамушы елдерге альтернативті энергия көздеріне көшу мәселесі, ал дамыған мемлекеттерге ол сфераны одан әрмен жетілдіру мақсаты күн-тәртібіне қойылып отыр. Бәсекеге қабілетті мемлекеттермен терезесі тең Қазақстан- жел,күн энергиясының қолданысын-дамытуға жеткілікті потенциалы бар экономикалық аудандарында жандандырды.Әйтсе де,Елбасымыз өзінің 2007 жылғы Жолдауында “Он екінші бағыт – Электрэнергетикалық ресурстарды дамыту және атом энергетикасының негіздерін жасау” деп ерекше атап өткендей, ел өркендеуінің маңызды аспектілерінің бірі-ядролық энергия көздерін барлау болып отыр.
Эффективті қолданыстағы ядролық энергетиканың өзге баламалы энергиякөздеріненрелятивистік артықшылықтары біршама.Біріншіден,арзан түсетіндігі мен жаңа отын түрінде тасымалдау шығыныныңаздығында;екіншіден, көмірқышыл газдарының ешқандай эмиссиясын тудырмауының арқасында қышқыл жаңбырдың синтезіне алып келмейтіндігі;үшіншіден,ауа-райы жағдайына тәуелді емес, күн не жел энергияларына қарағанда “сенімді”.Төртіншіден, ядролық энергетиканың басты қайнар көзі болып табылатын уранның 1 кг-ның радиоактивті ыдырауы нәтижесінде бөлінетін энергия 3 млн кг тас көмірді жаққандағы алынатын энергиямен эквивалентті. Осылардан өзге оң тұстардың мириадасына ие ядролық энергетиканы-қазіргі таңда дамыған “G8” интеграциясының құрамындағы АҚШ,Франция,Жапония,Германия секілді қуатты елдер бірінші ретті энергия көзі ретінде тұтынуда[1].
Әлемдік аренадағы барша уран қорының 38%-ын өндіру арқылы осы өрістің күре тамыры саналатын-Қазақстанның ядролық энергетикасының болашағы зор деп айтуға толықтай негіз бар [2]. Дегенмен, бұл орайда да Қазақстан үшін атомдық энергетикадан келетін орасан зор пайдамен қоса оның зардаптары мен шығындары да назарда болуы міндетті.Елімізде аталған энергия типінің негізгі шикізаты қолжетімді болғандықтан, оның келешектегі қолданыс көкжиегінің қаншалықты кең болатындығы және оның еліміздің дамыған 30 елдің қатарына енуіне қандай үлес қоса алатындығын анықтау мені қызықтырды.Сол себепті де осы тақырып аясында зерттеу жұмысын жасау көзделді.
Ғалымдардың болжамдарына сәйкес алдағы 50 жыл ішінде еліміздегі экспорт пен энергияның басты шикізаты-мұнайдың және өзге де органикалық отын қорларының сарқылу қатерін есепке алар болсақ, Қазақстан үшін аса жылдам қарқында баламалы энергия көздерінің ең тиімді, сонымен қатар интенсивті түріне, яғни ядролық энергетикаға көшу мәселесі сондықтан да өзекті болып отыр.
Ал, курстық жұмыс барысынданазарға алынатын басты мақсат-Қазақстанның ядролық энергетикасының болашағы жөніндегі дифференцияцаланатын бағыттар мен перспективаларды зерттеу жұмысы масштабына сәйкес барынша қарастыру нәтижесінде оның жағымды және жағымсыз жақтарын қатар талдау арқылы аталған энергия түрінің Қазақстан үшін болашақта табысты,не болмаса,тиімсіз қадам екенін анықтап, табуға келіп саяды.
Осы негізде жұмыстың негізгі зерттеу сұрақтары келесідей болды:
1) Ядролық энергия саласын дамытуға Қазақстанның қандай мүмкіндіктері бар?
2) Неліктен халықтың ядролық энергетика жайлы ой-пікірлері әртүрлі?
3) Зерттеу нәтижелеріне сәйкес бастапқы гипотезалардың шынайылығын анықтау арқылы, қандай дәйекті шешімге келуге болады?
1) Ел-Барадей, М. (24 Қазан 2014 ). Ядролық қуат.Болашаққа қарау(Nuclear Power: Looking to the Future). https://www.iaea.org. ішінен алынды
2) Уран және Қазақстанның ядролық энергетикасы. (Қаңтар 2016 ж.). http://www.world-nuclear.org ішінен алынды
3) Сфеферд,В.Д.(2010).Ядролық отыннан электр қуатын өндіру(Nuclear Powered electricity generation)., Энергия зерттеулері(Enegy studies) (242-245 беттер). Лондон: Imperial College.
4) Тастенов, А. (2010). Қазақстанның атомдық өндірісі:Өсу перспективалары. http://www.kazenergy.com ішінен алынды.
5) Атомдық өндірістің артықшылықтары. (2010). 2010-2014 жж аралығында 2020 жылға дейінгі перспективамен Қазақстан Республикасында атомдық өндірістің дамуы, (18-бет).
6) Қазақстанның атомдық энергетикасы-реалисттік болашақ. (5 Қыркүйек 2014 ). http://newtimes.kz. ішінен алынды

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып:
"Қазақстанның ядролық энергетикасының болашағы қандай? "

КІРІСПЕ
XXI ғасырдың өзекті мәселелерінің бірі-пайдалы қазбаларды қуат көзі ретінде тұтынудың көлемді түрде артуы салдарынан жаhандық проблемалардың туындауы. Мысалы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан 2050" стратегиясында тізіп берген "XXI ғасырдың 10 сын қатерінің" қатарынына енетін, әлем популяциясының болашақта прогрессивті жолмен өсуі нәтижесінде органикалық отын энергиясына деген сұраныстың интенсивті түрде артуы салдарынан, ғасырдың соңына жетпей, аталған табиғи ресурстар резервтерінің сарқылу қаупі. Осы принцип негізінде дамушы елдерге альтернативті энергия көздеріне көшу мәселесі, ал дамыған мемлекеттерге ол сфераны одан әрмен жетілдіру мақсаты күн-тәртібіне қойылып отыр. Бәсекеге қабілетті мемлекеттермен терезесі тең Қазақстан- жел, күн энергиясының қолданысын-дамытуға жеткілікті потенциалы бар экономикалық аудандарында жандандырды.Әйтсе де, Елбасымыз өзінің 2007 жылғы Жолдауында "Он екінші бағыт - Электрэнергетикалық ресурстарды дамыту және атом энергетикасының негіздерін жасау" деп ерекше атап өткендей, ел өркендеуінің маңызды аспектілерінің бірі-ядролық энергия көздерін барлау болып отыр.
Эффективті қолданыстағы ядролық энергетиканың өзге баламалы энергия көздерінен релятивистік артықшылықтары біршама. Біріншіден, арзан түсетіндігі мен жаңа отын түрінде тасымалдау шығынының аздығында; екіншіден, көмірқышыл газдарының ешқандай эмиссиясын тудырмауының арқасында қышқыл жаңбырдың синтезіне алып келмейтіндігі; үшіншіден, ауа-райы жағдайына тәуелді емес, күн не жел энергияларына қарағанда "сенімді".Төртіншіден, ядролық энергетиканың басты қайнар көзі болып табылатын уранның 1 кг-ның радиоактивті ыдырауы нәтижесінде бөлінетін энергия 3 млн кг тас көмірді жаққандағы алынатын энергиямен эквивалентті. Осылардан өзге оң тұстардың мириадасына ие ядролық энергетиканы-қазіргі таңда дамыған "G8" интеграциясының құрамындағы АҚШ,Франция,Жапония,Германия секілді қуатты елдер бірінші ретті энергия көзі ретінде тұтынуда[1].
Әлемдік аренадағы барша уран қорының 38%-ын өндіру арқылы осы өрістің күре тамыры саналатын- Қазақстанның ядролық энергетикасының болашағы зор деп айтуға толықтай негіз бар [2]. Дегенмен, бұл орайда да Қазақстан үшін атомдық энергетикадан келетін орасан зор пайдамен қоса оның зардаптары мен шығындары да назарда болуы міндетті.Елімізде аталған энергия типінің негізгі шикізаты қолжетімді болғандықтан, оның келешектегі қолданыс көкжиегінің қаншалықты кең болатындығы және оның еліміздің дамыған 30 елдің қатарына енуіне қандай үлес қоса алатындығын анықтау мені қызықтырды.Сол себепті де осы тақырып аясында зерттеу жұмысын жасау көзделді.
Ғалымдардың болжамдарына сәйкес алдағы 50 жыл ішінде еліміздегі экспорт пен энергияның басты шикізаты-мұнайдың және өзге де органикалық отын қорларының сарқылу қатерін есепке алар болсақ, Қазақстан үшін аса жылдам қарқында баламалы энергия көздерінің ең тиімді, сонымен қатар интенсивті түріне, яғни ядролық энергетикаға көшу мәселесі сондықтан да өзекті болып отыр.
Ал, курстық жұмыс барысында назарға алынатын басты мақсат-Қазақстанның ядролық энергетикасының болашағы жөніндегі дифференцияцаланатын бағыттар мен перспективаларды зерттеу жұмысы масштабына сәйкес барынша қарастыру нәтижесінде оның жағымды және жағымсыз жақтарын қатар талдау арқылы аталған энергия түрінің Қазақстан үшін болашақта табысты,не болмаса,тиімсіз қадам екенін анықтап, табуға келіп саяды.
Осы негізде жұмыстың негізгі зерттеу сұрақтары келесідей болды:
1) Ядролық энергия саласын дамытуға Қазақстанның қандай мүмкіндіктері бар?
2) Неліктен халықтың ядролық энергетика жайлы ой-пікірлері әртүрлі?
3) Зерттеу нәтижелеріне сәйкес бастапқы гипотезалардың шынайылығын анықтау арқылы, қандай дәйекті шешімге келуге болады?

1.ЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГИЯНЫҢ ҰТЫМДЫ ТҰСТАРЫ
Әлемдік энергетикалық агенттіктердің дәлелдеулері бойынша өзге қуат көздерімен салыстырғанда, ядролық энергетика-қуатпен қамтамасыз ету қауіпсіздігін арттыруымен бірге энергияға деген күн сайын артып отырған сұранысты қанағаттандырып қана қоймай, атмосфераға бөлінетін көміртектің мөлшерін азайтуда да үлесі орасан зор. Себебі, дәстүрлі, яғни мұнай, тас көмір секілді органикалық отындарды пайдалану парник газдарының атмосферадағы концентрациясын арттырады.Ал, энергия өндірісінің ядролық технологиялары басқа энерготехнологияларға қарағанда келесіндей негізгі басымдықтарға ие:
1) Ядролық отын миллион есе үлкен энергия концентрациясына және іс-жүзінде сарқылмайтын ресурстарға ие;
2) Ядролық энергияның қалдықтары салыстырмалы түрде көлемі аз және нық түрде ауыздықтауға бейім келеді, ал ең қауіпті дегендерін ядролы реакторларда толығымен қолдануға болады;
3) Ядролы Отынды цикл (ЯТЦ) қалдықтардың радиоактивтілігі мен радиотокситтілігі уран барланатын руданың мөлшерінен аспайтындай етіп іске асырылады;
4) Өндірілген электр қуатының құны төмен және тұрақты;
5) Қоршаған ортаға зияны аз [3, 242-245б].
Өзінің беретін пайдасына пропорционалды түрде ядролық энергетиканы құру-даму қарқынынан тәуелсіз негізде кез-келген мемлекет үшін кең ауқымды, қымбатқа түсетін, әрі күрделі тапсырмалардың бірі болып табылары сөзсіз. Дегенмен, осындай қуат көзінің Қазақстанда қолданысқа енгізілуінің болашағы зор,себебі қазіргі таңда атомдық энергетиканы дамытуға еліміздің халықаралық стандарттарды қанағаттандыратындықтай потенциалы бар.Нақтырақ айтар болсақ, келесіндей негізгі алғышарттарға еліміз ие:
1) Аса көп мөлшердегі уран қоры барланған(2014жылы 22829 тоннаны құраған және уран рудасының ел аумағында 129 кен орны анықталған)[4];
2) Байытылған уран өндіретін және уран өңдейтін өндірістердің , ядролы реакторларға қажетті конструкциялық материалдар (Ұлттық Атомдық Компания "Казатомпроммен" ұсынылады);
3) Атомдық ғылым (Мысалы, осы саладағы ҚР Ұлттық ядролық орталығының базалы тәжірибелері. Соның ішінде ядролық энергетиканы дамыту мен оның қауіпсіз қолданысы негізіндегі әлемдік деңгейдегі мәселелерді шешуге бағытталған зерттеу реакторлары мен ядролық физиканы дамыту бағытында жүргізілген зерттеулері-осы саланы дамытуға үлес қосатын негізгі факторлар болып табылуда);
4) Жоғары кәсіби маман кадрлары(тіптен БН-350 энергетикалық реакторының эксплуатациясына қатысқан және ИВГ, ИГР және ВВР-К реакторларының эксплуатациясына әлі де қатысушы мамандар елімізде бар)[5,18б];
5) Атомдық энергияның қолданысына қатысты заңды түрде рәсімделген, МАГАТЭ талаптарына сәйкес келетін нормативті-құқықтық база(бірақ әлі де жетілдірілулерді қажет етеді және Елбасы "Атом энергиясын пайдалану туралы" заңнамаға өзгерістер мен толықтыруларды 2016ж енгізді) [5,18б];
6) Уран өндіретін және оны өңдейтін салаларда обьектілерді ликвидациялау мен рекультивациялау жөніндегі тәжірибе(Семей полигонындағы ядролық қару сынақтарынан кейінгі зардаптарды жою әрекеті).
Экономиканың барлық салаларының дамуымен байланысты, Қазақстандағы электр қуатын тұтыну деңгейі 2030 жылға қарай 173 млрд. кВтСағ болады деп күтілуде [5,18б].Сол себептен сарқылатын табиғи ресурстардың қорын сақтап қалу үшін еліміз ядролық энергетиканы кең қолданысқа енгізуге тиісті. Ядролық отын циклында(ЯТЦ) жетіспейтін элементтерді енгізу - елден жоғарытехнологиялы уран өнімінің шығарылуына,ал жоғарытехнологиялы уран өндірісін игеру-отандық АЭС-ның отынмен қамтамасыз етілу проблемасының шешілуіне,уран өндірісінің әлемдік нарығында Қазақстанның өзіндік позициясын иеленуіне жол ашар еді деген пікірдемін.
Сонымен қатар уранды барлау жөнінде бәсекеге ең қабілетті деген мемлекеттер қатарына кіретін Қазақстан үшін әлемдік Toshiba-Westinghouse-Areva-Mitsubis hi, General Electric-Hitachi, Росатом деген секілді альянстармен интеграцияда болудың - еліміздің әлем нарығындағы орнын белгілеп беруде және өз ядролық энергетикасын тиімді түрде қолдануына қосқан және қосар үлесі зор.
Тізілген артықшылықтар мен мүмкіндіктерді негізге ала отырып, Елбасымыз 2002 жылдың өзінде уран өнеркәсібі мен атомдық энергетиканың дамытудың онжылдық бағдарламасы мен "Қазақстан Республикасындағы атомдық саланың 2010-2014 жылдар аралығында 2020 жылға дейінгі өсу перспективасымен дамуы" атты стратегиялық құжат қабылдаған болатын [6].
Арзан энергия көзін дамытуға қажетті бірінші ретті талаптардың барлығына ие Қазақстан үшін ядролық энергетика саласын дамыту- пайдалы қазбалар қорын сақтау ғана емес, елдің экономикасына тікелей оң әсерін беретін саналы да оптималды шешім болмақ деп ойлаймын.Себебі, органикалық отын көздерінің Қазақстанды энергиямен қамтамасыз ету міндетінен алып тастап, ядролық энергетиканы қолданысқа енгізсек, онда әлбетте, сақталған пайдалы қазба қорының көптеп экспортталуына жол ашылады.

2.ЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКАНЫҢ БОЛАШАҒЫ, БҮГІНІ ЖАЙЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР
2.1
Курстық жұмысты жазу барысында-бірі екіншісінің деректілігі мен сенімділігін анықтау мақсатында бірнеше зерттеу әдістері қолданылды. Осыған байланысты әртүрлі әдіс-тәсілдер зерттеу жұмысында орын алуы мүмкін сыңаржақтықтың (bias) кездесуін төмендету мен мәліметтер дәлдігінің деңгейін жоғарылату үшін еселі түрде шебер пайдаланыла білінді.Осылайша, аталған тәсілдемелер жалпы курстық жұмыс сапасын арттыруға және қорытынды бөлімде берік дедукциялық ой түйініне келуге үлес қосты.
Әуелі, ғаламтор арқылы зерттеудің екінші ретті әдістері жасалды және ол кең ауқымды ақпарат табуға септігін тигізді. Осы мақсатта жиналған деректердің сенімділігі мен шынайылығына кепілдік беру үшін мемлекетіміздің ядролық энергетика сферасында жұмыс атқаратын ұйымдар мен компанияларының ресми сайттарындағы бағалы мәліметтер орынды пайдаланыла білінді.
Қазақстанның ядролық энергетикасының болашағы жайындағы халықтың ой-пікірін анықтау мақсатында деректерді жинаудың сандық және сапалық әдістері пайдаланылды. Алғашында, қолжетімділігі мен қолайлылығы секілді сапалық сипаттамаларын назарға ала отыра, әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнама 15-25 жас аралығындағы тұрғындар мен көбінше, мектеп оқушыларынан алынды (Диаграмма 1). Таңдама көлемі зерттеу жұмысының ізделініп отырған мақсатымен сәйкестікте таңдалды.Не бары 8 сұрақтан тұратын сауалнаманы 50 респондент толтырды және сол процесске кеткен орташа уақыт жұмсалу 2 минут болды. Жыныстық сыңаржақтықтың (gender bias) алдын алу мақсатында ер мен қыз балалардың бірдей санынан сауалнама алынды (25-25).Таңдама көлемі әртүрлі жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін өкілдерді қамтығандықтан,сауалнама нәтижелерін барша Қазақстандық тұрғындардың ой-пікіріне жалпылама деп қарастыруға мүмкіндік болды.Әлеуметтік сауалнаманы қатысушылардың көпшілігінің келісуіне байланысты қысқа уақыт аралығында жүргізіле алынды.Әйтсе де, бірен-саран дерек берушілер сауалнаманы толтыруда немқұрайлылық танытты және мұндай форматта алынған нәтиже - зерттеу әдісінің қорытындысына кері әсер етуі мүмкін.

Сапалық зерттеу әдісі, яғни құрылымданбаған сұхбат- әлеуметтік сауалнамадан алынған мәліметтің дәлдігін растау үшін және талқыланылып жатқан тақырып аясында халықтың пікірін көптеп білу мақсатында 3 жоғары кваликацияланған, әрі зерттеу жұмысы тақырыбына қатысты жеткілікті білімі бар мұғалімдерден және 3 жоғарғы сынып оқушыларынан алынды.Алайда, сұхбаттың барысында өзге де тосыннан пайда болған сұрақтар да қойылды.Әрбір интервью контенті 10-15 минутқа созылды.
Жалпы, болжалған нәтижелер - әлеуметтік сауалнамадан алынды және сұхбаттар барысында әрқилы деректер естілді.Аталған бірінші ретті зерттеу әдістерінің нәтижелері төменде жете сипатталған.
2.2 Зерттеу нәтижелері
Сауалнама қорытындыларына келер болсақ, бірдей жас ерекшелігіндегі дерек берушілердің берген ақпараттары да біртекті болды.Мысалы, 16-18 жастағы жауап берушілер ядролық энергетиканың оң және теріс жақтарына аналитикалық түрде баға бере алатындықтарын көрсетті.Керісінше, 11-15 жас аралығындағы дерек берушілер ядролық энергетиканың зиянының пайдасынан басым екендігін алға тартты,себебі олардың түсінігінде "Ядролық энергетика" сөзі тек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы атом энергетикасының бүгіні мен болашағы
Атомдық энергетика – энергия көзі ретінде
АЭС болашағы
Қазақстанның атом энергетикасы
Қазақстанда электр стансалардың даму болашағы
«Жасыл» экономика
Гидроэнергетиканы орта мектепте оқыту әдістемесі
Қазақстандағы энергия ресурстары
Энергетикадағы келешекті технологиялар
«Экспо - 2017» Энергия болашағы. Қазақстанда балама энергитаканың дамуы
Пәндер