Токсоплазмоз


Тақырыбы: Токсоплазмоз
Токсоплазмоз
Токсоплазмоз (toxoplasmosis) - туа немесе жүре пайда болатын паразиттік зооноз. Ол жасырын (латентті), созылмалы түрде жүріп, орталық жүйке жүйесін, лимфа бездерін, бауырды, көк бауырды, оның ішінде қаңқа бұлшықеттерін, миокард, көзді жиі зақымдайды.
Француз зерттеушілері Ш. Николь және Л. Монсо (1908) токсоплазмоз қоздырғышын кемірушілерден тапты. Чех Янку 1932 жылы токсоплазмоздарды өлген нәрестенің көзінен тауып, туа болатын токсоплазмозды ашты. Токсоплазмозды зерттеуде Д. Н. Засухин, А. Я. Лысенко, В. А. Казанцев және Қазақстандық Н. Галузо, С. Амреев, Г. К. Жұманбаева сияқты ғалымдар зор үлес қосты.
Этиологиясы . Токсоплазмоз қоздырғышы - токсоплазмалар (toxoplasma gondii), қарапайымдыларға, споровиктер класына, кокцидий отрядына жатады. Денесінің пішіні қоздырғыштың даму кезеңіне байланысты. Трофозоит кезеңінде ол жарты ай пішініне ұқсайды, ұзындығы 4-7мкм, көлденеңі 2-4мкм. Сыртқы денесі екі қабатты пелликуламен қапталған. Цитоплазмасы біркелкі ұсақ, түйіршіктерден тқрады. Романовский - Гимза тәсілі бойынша цитоплазмасы көк, ядросы қоңыр-қызыл түске боялады. Токсоплазма ылғи клетка ішінде болатын паразит, мононуклеарлық фагоциттік клеткаларында екіге бөліну арқылы көбейеді. Көбейген паразиттер өздері зақымдаған клетканың ішін толтырып, бір-біріне тығыз жанасып тұрады. Мұндай паразиттер жиналған клетка псевдоциста деп аталады. Псевдоцисталар жарылғанда, паразиттер сау клеткаға өтіп, тағы да псевдоцисталар құрайды.
Токсоплазмалардың жыныстық жолмен көбеюі мысықтың және мысық тұқымдастар ішегінің эпителиальдық клеткаларында өтеді. Соның нәтижесінде ооцисталар пайда болады. Нәжіспен сыртқа шыққан ооциста 1, 5 жылға дейін тірі сақталады. Қолайлы температурада және ылғалдықта, оттегі жеткілікті болған жағдайда ооциста бірнеше күннен кейін екі спороцистаға, одан төрт спорозоитке бөлінеді, мұндай ооцисталар инвазиялық қабілетке ие болады.
Нағыз цисталар созылмалы токсоплазмозда ішкі мүшелерде кездеседі. Олар не тас сияқты қатайып сақталады немесе сау клеткаларға өтіп, ауруды қайтадан қоздырады. Сондықтан токсоплазмалар штаммаларының вируленттігі және антигендік құрылысы жағынан айырмашылықтары әр түрлі. Токсоплазмалар патогендігі төмен паразиттерге жатады. Токсоплазмоз жүктіліктің алғашқы айларында жұққан кезде ұрықтың өте қауіпті зақымдануы 40%-ке жетеді. Токсоплазмалар трофозоит кезеңінде ауру қоздыруға және химиялық заттардың әсеріне өте сезімтал. Олар 55 градусқа қыздырғанда, 50% спирт әсерінен, 1% фенол, 2% хлорамин ерітіндісінде 5-10 минут өткенде өледі. Токсоплазмаларды зертханада тауық ұрығында өсіреді.
Эпидемиологиясы. Токсоплазмоз - зоонозды ауру, ол ыстық қанды үй жануарларында, жабайы сүтқоректілерде, құстарда, кемірушілерде кездеседі. Токсоплазманың антропургиялық және табиғи ошақтары бар.
Антропургиялық ошағында инфекцияның көзі - үй жануарлары мен кемірушілер. Аса зор мән мысыққа беріледі, өйткені оның организмінде қоздырғыш жынысты цикл арқылы көбейіп, сыртқы ортаға нәжісімен ооциста түрінде шығады. Олар сыртқы ортаның әсеріне өте төзімді. Үй мысықтары және мысық тұқымдастары токсоплазмоз қоздырғышының негізгі иелері. Мысықтың нәжісімен бөлінген ооциста құмда, топырақта көп айлар бойы тірі сақталады. Қазіргі уақытта ауру адамнан, токсоплазмалардың уақытша иелерінен (иттер, малдар, кемірушілер) аурудың жұқпайтындығы дәлелденген.
Ауру алиментарлық жолмен, яғни шикі немесе шала піскен етті, әсіресе қойдың, шошқаның етін жегенде жұғады. Сүт және сүт тағамдары арқылы жұқпайды. Адамдарға жұғудың екінші жолы ауру мысықпен ойнау, жанасу немесе олардың нәжісімен топыраққа, құмға түскен ооцисталардың кір қол арқылы асқорыту жолына түсуі. Зертханалық жұмыстарда жарақаттанған тері арқылы жұғуы мүмкін. Токсоплазмоз науқастан сау адамға жұқпайды. Бұл ауру жас балаларда жиі, ересектерде көбінесе латентті инфекция түрінде өтеді. ЖИТС кесапатында токсоплазмоз оппортунистік инфекция ретінде дамиды. Жүкті әйелдерден токсоплазмалар плацента арқылы ұрыққа жұғады. Әсіресе әйелдерге ауру жүктіліктің бас кезіңде жұқса қауіпті. Токсоплазмоз жер жүзінде көп тараған ауру, ауру жұққандардың саны 500 млн-ға жетеді. Ал, бұрынғы ССРО халқының 30% - не токсоплазмоз жұққаны анықталған.
Патогенезі. Асқорыту жүйесі - инфекцияның организмге түсу жолы болып саналады. Токсоплазмоз қоздырғышы ащы ішектің төменгі бөліміне түскеннен кейін, шашырқайдың лимфа бездерінде көбейеді де, онда инфекциялық гранулема қалыптасады. Ол өзінің клеткалық құрылысы жағынан туберкулез, бруцеллез гранулемасына ұқсайды, одан кейін паразиттер қанға өтіп, бүкіл организмге тарайды. Көкбауырды, лимфа жүйесін, миокардты, қаңқа бұлшықеттерін зақымдайды. Осы органдарда токсоплазмалар көбейіп, цисталарға айналуы мүмкін, олар организмде өмір бойы немесе ондаған жылдар сақталады
Инфекцияның патогенезінде организмдегі аллергия дамуының маңызы зор. Иммунитет пайда болып, күшейген сайын токсоплазманың өсіп-өнуі баяулайды, ұанда және ішкі органдарда вегетативтік түрі (эндоцит) жойылады да, циста пайда болады. Циста 95-99% жағдайда латентті инфекция береді. Токсоплазмоз негізінде латенттік инфекция ретінде жүреді. Тек ауру жұққандардың 1%-інде ғана созылмалы, кейде рецидивті жүретін түрлері кездеседі. Ауыр клиникамен жүретін жедел түрі (0, 2-0, 5%) кездеседі. Егер инфекция жүктіліктің бас кезінде жұқса, ұрыққа плацента арқылы тарап, бала өлі тууы немесе түсік түсуі мүмкін. Туа пайда болған токсоплазмоздан сәби эмбриопатиямен немесе дене кемістігімен тууы да мүмкін. Егер де іштегі балаға жүктіліктің ақырғы айларында ауру жұқса, онда бала токсоплазманың денеге таралған белгілерімен туады.
Жүре пайда болған токсоплазмозда ми қабатында елеулі өзгерістер (некроз, кальцификаттар) ; энцефалит, менингоэнцефалит көріністері болады. Бауырда ұсақ некроз түрінде гепатит белгілері білінеді. Көп жағдайда көкбауырдың ісінуі, клетка қабықтарының қызаруы, лимфа өзекшелерінің ісінуі, өкпенің және барлық ішкі органдарда қанның ұюымен, ұлпалардан некроз шіруінен пайда болған ошақтар кейде қатайып тасқа айналады.
Клиникалық көріністері. Жасырын кезең, зертхана жағдайында жұқтырғанда, екі аптаға созылады. Аурудың жұққанына қарай жүре және туа пайда болған токсоплазмоз болып бөлінеді.
Аурудың көрінісіне қарай жеңіл, орташа, ауыр болып бөлінеді. Жедел, созылмалы, латентті түрлері бар. Ауру көбінесе біртіндеп басталып, латентті немесе созылмалы түрде жүреді.
Токсоплазмоздың жіктелуі (Л. К. Коровицкий, 1967)
- Жедел - лимфогландулярлық немесе бездік түрі, бөртпелі түрі (экзантема), церебральдық немесе менингоэнцефалиттік түрі, көз ауруы, ішкі ағзалардың зақымдануы, өзгерген (атиптік), субклиникалық түрлері.
- Созылмалы - жүйкелік-психиялық және диенцефальдық-эндокриндік өзгерістер, ішкі органдардың, көздің лимфогландулярлық, субклиникалық түрлері, паразит сақтаушылық.
- Жедел - токсоплазмоз ұрыққа ауру ерте жұқса-ерте болатын түсік, өлі және кемістікпен туу (анэнцефалия, гидроцефалия, даму кемістіктері) ; ауру кейінірек жұқса-орталық жүйке жүйесінің, көздің, ішкі органдардың зақымдануы (пневмония, миокардит) .
- Созылмалы - орталық жүйке жүйесінің, көздің қайталап зақымдануы, лимфа бездерінің және ішкі органдардың зақымдануы.
Жүре пайда болатын токсоплазмоз
Жасырын мерзім 3-21 күнге, кейде одан да ұзаққа созылады. Жүре пайда болатын токсоплазмоздың жедел, созылмалы, латентті түрлері бар. Басынан латентті жүрген түрінің ешқандай ауру белгілері жоқ, оның өршуі иммунитет тапшылығы жағдайында дамиды.
Екіншілік ағымға ауысқан түрі бұрынғы ауырғаннан қалған көріністерімен білінеді (кальцификаттар, көру қабілетін төмендететін хориоретиниттен кейінгі тыртық және т. б. ) .
Жедел токсоплазмоз. Жедел токсоплазмоз бүкіл ағзаға тараған, аурудың ауыр түрі. Жедел басталып, дене қызуы көтеріліп, жалпы организмнің улануы айқын, бауыр мен көкбауырдың үлкеюімен сипатталады. Әр түрлі көп экзантема, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануы жиі байқалады. Жедел түрі энцефалит немесе менингоэнцефалит белгілерімен өтеді. бүкіл денеге тараған токсоплазмоздың басқа да белгілерімен бірге дене қызып, бауыр мен көкбауырдың үлкеюі, әрқашанда энцефалит байқалады. Ауру өте ауыр жағдайда өтеді немесе адамның қайтыс болуы мүмкін. Патологиялық процесс бәсеңдесе, токсоплазмоз қалдық көріністерімен екіншілік созылмалы түрге ауысады.
Созылмалы токсоплазмоз . Созылмалы токсоплазмоз ұзақ, баяу ағымды жүретін, субфебрилді температурамен, ұзақ улану, көптеген органдардың (жүйке жүйесі, миокард, көз, бұлшықеттердің және т. б. ) зақымдануымен сипатталады. Ауру біртіндеп басталады. Мұндай жағдайда жалпы әлсіздік, тәбеті жоқтық, ұйқы қашу, мазасыздық, бас ауруы, бұлшықеттердің зақымдануы, көздің көру төмендігі байқалады. Науқасты тексергенде барлығында ол көптеген айларға созылған апирексия кезеңдерімен алмасып жүретін субфебрилитет анықталады. Ең жиі кездесетін симптом - бүкіл денеге жайылған лимфаденопатия. Шеткі лимфа бездері (мойын, желке, қолтық астындағы, шаптағы) және шажырқайдың лимфа түйіндері үлкейеді. Кей кезде мезаденит өте айқын байқалады, оны туберкулездік мазаденит, аппендицит, аднексит және т. б. аурулармен шатастыруға болады. Лимфа түйіндері алғашқыда жұмсақ, сипағанда ауыратын, одан кейін көлемі кішірейіп, қатаяды, ауруы азаяды немесе ауырмайды. Аурулардың жартысынан көбінің бауыры ұлғаяды. Бауыр қызметінің бұзылуы шамалы. Кейде көкбауырдың үлкеюі байқалады. Миозит жиі кездеседі. Бұлшықеттер, кальцификаттар пайда болғандықтан, ісініп ауырады. Буындар қабынбаса да ауруы мүмкін.
Жүрек-тамыр жүйесі зақымданады; гипотония, кейде жүрек соғуының жиілеуі және ритмінің өзгеруі, миокардит белгілері, жүрек аумағының солға қарай үлкеюі, жүрек қағу үнінің бәсеңдеуі, жүрек қызметінің жетіспеушілік белгілері білінеді. тексеруде миокардтың ошақты немесе диффузды өзгерістері анықталады. Перикард және эндокард өзгеріске ұшырамайды.
Тыныс алу ағзасы токсоплазмозда сирек зақымданады, симптомдары пневмоцисті пневмонияға ұқсайды.
Асқорыту жүйесі жағынан тәбет төмендейді, науқастың аузы құрғап, лоқсып, асқазан тұсының ауыруы, іш кеуіп, нәжісі жүрмеуі, арықтауына шағымданады. Асқазан сөлін зерттегенде, секрециясының және қышқылының азайғаны анықталады. Рентгенологиялық зерттеуде тоқ ішектің қозғалу қызметінің бұзылуы байқалады.
Көптеген науқастарда жүйке жүйесінің өзгеруі білінеді. Олар әр түрлі. Шеткі жүйке жүйесінен көру жүйке жүйесі жиі зақымданады. Кейде шамалы симптоматика (невроздық), көңіл-күйінің тез өзгеруі, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі, тез тітіркенушілік, уайымшылдық, канцерофобия т. б. кездеседі. Кей жағдайда истерия тәрізді ауыр невроздар, диэнцефальдық бүліну байқалады және симптомдық эпилепсия да дамуы мүмкін. Барлық ауруларда қан тамырларының вегетативтік өзгерістері байқалады.
Көздің зақымдануы ауырғандардың 49, 2%-інде кездеседі. Хориоретинит, увеит ұлғая беретін жақыннан көрушілік жиі дамиды.
Эндокриндік органдардың функциялары бұзылады. Етеккірдің келу реті бұзылады. Импотенция, бүйрек үсті бездерінің функциялық әлсіреуі байқалады. Шеткі қанды тексергенде: лейкопения, нейтропения, салыстырмалы, эозинофилез анықталады, ЭТЖ өзгермейді.
Латентті (жасырын) токсоплазмоз. Біріншілік латенттік токсоплазмозда клиникалық өзгерістер жоқ. Екіншілік латенттік түрінде бұрынғы ауырғаннан қалған хореоретинит, кальцификаттар, лимфа түйіндерінің склерозы кездеседі.
Латенттік түріннің диагнозын тек серологиялық реакциялармен, токсоплазминді тері ішіне жіберетін сынама арқылы ғана қояды.
Туа пайда болатын токсоплазмоз.
Әйелдер токсоплазмозбен жүктіліктің 3-4 айлығында ауырса іштегі балалардың 40%, ал 6-8 айлығында ауырса 60% науқас болып туады. Іштен туа пайда болған токсоплазмоздың клиникалық түрлері:
- Жедел
- Созылмалы
- Латентті
- Резидуальді
Жедел түрі. Бұл іштен туа пайда болған токсоплазмоздың бүкіл денеге жайылған, өте ауыр тұрі. Ұлану өте жоғары, дененің қызуы, гепатоспленомегалия, макулопапулездік экзентемамен білінеді. Көп ауруларда осы кезде ауыр энцефалит дамып және көзі зақымдалады.
Туа пайда болған токсоплазмоздың жедел түрінен созылмалы түрге айналар кезінде энцефалиттен гидроцифалия, олигофрения, симптомдық эпилепсия пайда болады, көздің зақымдалуы микро және анофтальмға дейін өзгереді. Осыдан кейін инфекциялық процесстің белсенділігі төмендейді, тек қалдық өзгерістер ғана байқалады. Осы жағдайда іштен туа пайда болған резидуалды токсоплазмоз дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz