Үкімет — мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органы


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

  • Кіріспе . . . 3
  • Негізгі бөлім:
  1. Мемлекеттік биліктің орындаушы тармағы: түсінігі, қызметі . . . 4
  2. Орындаушы үкіметтің құрылымы, мақсаты және мәселелері туралы ҚР-ның Конституциясы . . . 8
  3. Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі орындаушы үкіметтің рөлі . . . 12
  • Қорытынды . . . 14
  • Пайдаланылған әдебиеттер . . . 15

Кіріспе

Демократиялық мемлекеттердің саяси өмірінде, ондағы сан-салалы қоғамдық процестерде парламенттердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Демократия жолына түскен елдердің оңды тәжірибесі көрсетіп отырғандай, парламент елдің үдемелі, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, сол арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және өркениетке лайықты өмір сүруінің кепілі болып табылады және соның негізін қалайды. Бұл демократиялық институттың маңызы мен қажеттелігі де осында жатыр.

Қазақстандағы басқару органдарының қалыптасып, дамуының феноменін теориялық зерделеу, талдау, біртұтас мемлекеттегі атқарушы органдарының қызметі ерекшеліктеріне, табиғаты мен қайшылықтарына, олардың атқарушы қызметінің өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге ықпалына, басқа елдерден өзгешеліктеріне саяси талдау - толғағы жеткен ғылыми проблемалар. Сондай-ақ, атқарушы билік, жергілікті атқарушы органдар қызметі мен тарихы оған әр қырынан жан-жақты талдау жасауға мол және нақты материал беріп отыр.

Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, оларды солай ұғымды топтастыру үшін жіктеу негізін табу керек. Бірінші жіктеу негізі-мемлекеттік органдардың құрылу тәртібімен алдына қойылған мақсаттары. Бұл бірінші белгімен мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдар және сот немесе құқық қорғау органдары. Ел Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс жасауын және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

Президент-мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғары лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.

Мемлекеттік биліктің орындаушы тармағы: түсінігі, қызметі

Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы. Қазақстан Республикасында заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілетті орган - қос палаталы Қазақстан Республикасының Парламенті. Оның заң шығарушы билікгі заң қабылдау жөніндегі өкілдіктері жиынтығын білдіреді. Сондай-ақ, заң шығарушы билікті халық (референдум жолымен), Конституцияда көзделген реттерде республика Президенті де жүзеге асыра алады.

Атқарушы билік - “биліктің тармақталуы” заңдарына сәйкес құқық қолданушы билік. Оған парламенттің яғни заң шығарушы биліктің қабылдаған заңдарын атқару міндеті жүктеледі. . ҚР Конституциясында республикасының Атқарушы биліктің Үкіметтің жүзеге асыратындығы, атқарушы органдар жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайтындығы көзделген. Үкімет өзінің бүкіл қызметі үшін ел Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Конституция бабында көзделген реттерде Парламентке есеп береді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституция заңмен белгіленеді (64-бап) . Атқарушы билік заң шығарушы бастаманың қайнар көзі ретінде, әрі парламенттің заң шығарушылық қызметіне нәтижелі әсер ете отырып, заң шығарушы биліктің өз уәкілеттерін ойдағыдай жүзеге асыруына тікелей ықпал етеді.

Атқарушы билік органдары жүйесі жоғары, орталық және жергілікті болып бөлінеді. Мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы-өкімдік етуші органы Үкімет болып табылады. Үкіметті Республика Президенті құрады және ол қаулылар шығарады. Республика Премьер-министрі өкімдер шығарады. Үкімет қызметі республиканың барлық аумағын қамтиды. Үкімет өзіне бағынышты өзге де барлық атқарушы билік органдарын біріктіреді және олардың жұмысына бағыт беріп отырады.

ҚР Конституциясының 64-бабына сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Кез келген мемлекетте Үкімет атқарушы биліктің жоғары алқалық органы болып табылады.

ҚР Үкіметінің құқықтық мәртебесі ҚР Конституциясының V бөлімінде “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” 1995 жылы 18. 10 Конституциялық заңда, ҚР 1997 жылы 24. 02 және 1999 ж. 06. 05, 2007 жылығы Конституциялық заңдарымен енгізілген өзгерутелер және толықтыруларымен бекітілген. Оларда ҚР Үкіметінің заңдарының табиғаты ашылды, оның мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орны айшықталды және оның қызметі сипатталады. Атқарушы биліктің жоғары алқалық органы ретінде Үкімет мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады, ол оның өкілеттіктерімен қамтамасыз етіледі.

Үкімет министрліктердің, атқарушы биліктің комитеттері және басқа да орталық органдардың жұмысының негізгі бағыттарын айқындайды және ұйымдастырады.

Атқарушы органдар жүйесін басқара отырып, ҚР Үкіметі оның жүргізуіне ҚР Конституциясымен, конституциялық заңдармен заңдық күші бар Президент жарлықтарымен жатқызылған мәселелерді өз алдына дербес шешеді. Ол өз құзыреті шеңберінде Конституцияның, республикалық заңдардың, ҚР Президенті жарлықтарының, ҚР халықаралық шарттарының орындалуын ұйымдастырады. Өзінің барлық қызметінде Үкімет Республика Президенті алдында жауап береді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі - Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.

Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Мәжіліс пен Парламенттің алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.

Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі.

Министрліктер тізімі:

  1. Ішкі істер министрлігі
  2. Сыртқы істер министрлігі
  3. Қорғаныс министрлігі
  4. Энергетика министрлігі
  5. Ұлттық экономика министрлігі
  6. Ауыл шаруашылығы министрлігі
  7. Қаржы министрлігі
  8. Әділет министрлігі
  9. Экономикалық ықпалдастыру істері министрлігі
  10. Мәдениет және спорт министрлігі Білім және ғылым министрлігі
  11. Инвестиция және даму жөніндегі министрлігі
  12. Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі

Өкiлеттiктері:

  • Үкiметке мынадай негiзгi конституциялық өкiлеттiктер берiлген:
  • Ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау;
  • Мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;
  • Әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, iске асыру;
  • Республика Президентi белгiлеген тәртiппен респ. бюджеттi және оған енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу, парламентке республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету;
  • ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру;
  • Мемлекеттік валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау;
  • Құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
  • Баға құралуының мемлекеттік саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру;
  • Мемлекет реттейтiн баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң номенклатурасын белгiлеу;
  • Мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз ету;
  • Еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесi мен шарттарын айқындау;
  • Мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске асыру;
  • Аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;
  • Ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi мемл. саясатты айқындап, iске асыру;
  • Табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру;
  • Құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
  • Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртiптi сақтау, ҚР-ның қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын күзету шараларын әзiрлеп, iске асыру;
  • Келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдау;
  • ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету;
  • Сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу;
  • Сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану;
  • Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
  • Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындау.

Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде конституцияда және үкiмет туралы конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентiнiң алдында жауапты.

ҚР-ның Премьер-Министрi үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық етедi, оның жұмысы үшiн жауап бередi, Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды, Олар өздерiне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшiн Премьер-Министрдiң алдында жауап бередi. Парламенттiң әрбiр палатасы үкiмет мүшелерiнiң қызметтерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға хақылы. Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнiнде Президентке мәлiмдей алады. Үкiмет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентiнiң нормативтiк жарлықтары негiзiнде және солардың орындалуы үшiн өз құзыретi шегiнде бүкiл мемлекеттік аумағында мiндеттi күшi бар Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығарады, олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi. Бұл қаулылар мен өкiмдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келмеуге тиiс.

Жаңадан құрылған Үкiмет өз қызметiнiң бағдарламасын жасап, бұл туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкiметтiң бағдарламасын қабылдамаса, Үкiмет екi ай iшiнде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3-сiнiң дауыс беруiмен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкiметке сенiмсiздiк вотумын бiлдiредi. Үкiмет заңдық ұсыныстар енгiзуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мәжiлiсiне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшiн жауапты болатын министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, агенттiктер, бiрiншi басшылар қатысады. Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi шегiнде қызмет етедi және жаңадан сайланып, қызметке кiрiскен ҚР Президентiне үкiмет мүшелерi жазбаша қол қойған өтiнiш беру арқылы өз өкiлеттiгiн доғарады.

ҚР-ның Конституциясында (70-бап) және ҚР-ның Үкiметi туралы констиуц. заңда республика Үкiметiнiң, оның мүшелерiнiң тиiстi өкiлеттi мерзiмiнен бұрын орындарынан түсу себептерi мен тәртiптерi қаралған. Егер Үкiмет, оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi орындау мүмкiн емес деп санайтын болса, онда олар республика Президентiне өз орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Конституцияда (53-бап, 7-тармақ, 61-бап, 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы ҚР Президентiне мәлiмдейдi. Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi ҚР Президентi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылды дегендi бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн Президенттiң қабылдауы немесе оны қызметiнен босатуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Сондай-ақ, президент өз бастамасымен де Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметтен босатуға хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн және оны жүргiзбей отырған үкiмет мүшелерi атқарып отырған қызметiнен босатылуға тиiс.

Орындаушы үкіметтің құрылымы, мақсаты және мәселелері туралы ҚР-ның Конституциясы.

“Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” Конституциялық заң Үкіметтің құрылу тәртібін, құрамын, өкілеттік мерзімін анықтайды және оның Президентпен, Парламентпен, жергілікті өкілді, сондай-ақ атқарушы органдармен қарым-қатынасын сипаттайды.

Үкіметті Республика Президенті құрады және Президент өкілеттігі шеңберінде қызмет етеді және жаңадан сайланған Республика Президенті алдында өз өкілеттігін доғарады (ҚР Конституциясы 70-б, 1-т) . Дегенмен, Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Республика Үкіметі өз міндеттерін атқара береді.

Президент Үкіметті Парламенттің қатысуымен құрады. Бұл Премьер-Министрді Парламенттің келісімімен тағайындаудан көрінеді. Егер Президент Парламент ұсынған Премьер-Синистрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде Парламентті тарата алады және жаңа сайлау тағайындайды. Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-министр тағайындалғаннан кейін 10 мерзімде Премьер-Министр Республика Президентіне енгізеді. Үкімет мынадай құрамда құрылады:

  • Республика Премьер-Министрі;
  • Премьер-Министрдің орынбасары;
  • Республика Үкіметі Аппаратының жетекшісі;
  • Министрлер;
  • Республиканың мемлекеттік комитеттерінің төрағалары.

ҚР Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.

Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейін он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.

Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербестікке ие, әрі өздеріне байланысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін ҚР Премьер-Министрінің алдында жеке-дара жауап береді. Үкіметтің жүргізіп отырған саясатымен келіспейтін немесе оны жүргізбейтін Үкімет мүшесі орнынан түсуге өтініш береді не ол лауазымынан босатылуға тиіс.

Үкімет мүшелерінің өкілді органның депутаттары болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқаруға, кәсіпкерлік іспен щұғылдануға, заңнамаға сәйкес өздерінің лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ.

Премьер-Министр өзі тағайындалғаннан кейін бір ай мерзім ішінде Парламентке Үкімет бағдарламасы туралы баяндама табыс етеді. Үкімет бағдарламасы қабылданбаған жағдайда Премьер-Министр екі ай ішінде бағдарлама жөнінде қайтадан баяндама табыс етеді. Республика Парламентінің Үкімет бағдарламасын қайта қабылдамауы әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен жүзеге асырылуы мүмкін және Үкіметке сенімсіздік вотумының білдірілгенін көрсетеді.

Заң егер өздеріне жүктелген функцияларды одан әрі жүзеге асыруы мүмкін емес деп санайтын болса, Үкімет толық құрамда немесе оның кез келген мүшесі Республика Президентіне өзінің орнынан түсуі туралы мәлімдеу мүмкіндігін қарастырады. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтіннемесе оны жүргізбей отырған Үкімет мүшелері де орнынан түседі.

Парламент Үкіметке сенімсіздік вотумын білдірген жағдайда Президентке өзінің орнынан түсетіні туралы Президентке мәлімдеуге тиіс. Президент орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің немесе оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғандығын білдіреді.

Үкімет өз қызметінде заңдылық, жариялылық, биліктерді бөлу және басқаркшылық кәсіпқойлық принциптерін басшылыққа алады.

Үкіметтің Президентпен қатынасы. Үкіметті Президент кұрады; ол Үкіметтің құрылымы мен құрамын бекітеді. Үкімет мүшелері Қазақстанның халқы мен Президентіне ант береді.

ҚР Конституциясы, 64-бап

Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асы- рады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.

Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.

Конституцияның 57-бабының 6) тармақшасында көзделген ретте Үкiмет мүшелерi Парламент палаталарына есеп бередi.

Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi консти- туциялық заңмен белгiленедi.

1. Өз құзыреті бойынша Үкімет мемлекеттік жоғарғы атқарушы орган болып табылады. Мұндай мәртебе Қазақстан Республикасының Конституциясында тікелей көзделмеген, алайда бұл Конституцияның 64-бабы 1-тармағынан туындайды, ол Үкіметтің атқарушы органы жүйесін басқарады және оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады.

Бұл ретте Үкіметтің конституциялық сипаты Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырушы ретінде билікті бөлу жағдайларында атқарушы билік органы ретінде оның құқықтық сипатын айқындайды.

Үкімет белгілі бір атқарушы функциясына ие болып ғана қоймай, ол Қазақстан жағдайында бірыңғай болып табылатын атқарушы органның жүйесін басқарады. Атқарушы билік жүйесінің біртұтастығы Конституцияның 87-бабымен расталады, атап айтқанда, «Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi».

Құрылым атқарушы органның бірыңғай жүйесі: Жоғарғы деңгейде - Үкіметтен алқа органы ретінде;

Орталық деңгейде - Үкіметтің құрылымына кіретін орталық атқарушы органы; Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдары; министрліктің құрылымына кірмейтін орталық орган болып табылатын ведомстволар;

Өңірлік деңгейде - жергілікті атқарушы органдар мен орталық атқарушы органдардың аумақтық құрылымдық бөлімшелері және ведомстволар.

Атқарушы билік органдары Президенттің, Үкіметтің заңдарын, актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін орындауды қамтамасыз етеді.

Билік бөлу жағдайында актілерді орындау атқарушы билік органдарының маңызды функциялары мен белгілері болып табылады, сонымен қатар, өзге де олардың белгілері мен құқықтары - бөлу екендігін ұмытпау керек. Функцияларды орындау мен бөлуде үйлесімділіктің арқасында бұл органдар мемлекеттік басқару органдары болып табылады, яғни мемлекет істерін басқаруды қамтамасыз етеді.

Сайланбалы билік органдарынан айырмашылығы (Республика Президенті, Парламент, мәслихаттар) атқарушы органдардың қызметі барынша өкілеттік сипатта. Бірақ мұнда да үкіметтің элементтері кездеседі, біріншіден Конституцияның 3-бабына сәйкес Үкімет және өзге де атқарушы органдар мемлекет атынан олардың өкілеттікттерді беру шегінде сөз сөйлейді. Екіншіден, атқарушы орган өз леги-митациясын халықпен сайланған өкілдер атынан алады. Атап айтқанда, Мәжіліс Президентпен Премьер-Министрді тағайындауға келісім береді. Үкімет мүшелері Мемлекет Басшысымен тағайындалады.

Үкімет өзінің бүкіл қызметінде республика Президентінің алдында жауапты болады. Үкімет өз бағдарламасының, Президент тапсырмаларының орындалуы туралы өз қызметінің басқа да бағыттары туралы Президентке үнемі хабарлап тұрады. Үкімет Президент актілерінің атқарылуын ұйымдастырады және ол актілерді министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қалай орындап жатқанын бақылап отырады. Үкімет Президенттің Парламент Мәжілісіне заң жобасын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындайды. Үкіметтің өзі де әлеуметтік-экономикалық және ғылыми -техникалық бағдарламалар жасап, оларды Президенттің бекітуіне ұсынады. Ол Президентпен заң шығару жұмыстарының жоспарларын келіседі. Президент Үкімет актілерінің қүшін түгелдей немесе ішінара тоқтатып қоя алады. Бұл жұмысты Президент өздігінен де, Бас прокурордың ұсынысымен де жүзеге асыруы мүмкін.

Министрліктерден, мемлекеттік комитеттерден және үкіметке кірмейтін орталық атқарушы органдардан басқа да республикалық органдар құрылады. Олар ведомстволар деп аталады. Үкімет ведомстволардың қызмет саласын, өкілеттігін және жауапкершілігін айқындайтын нормативтік актілер қабылдайды: ведомстволарды ұстауға республикалық бюджеттен бөлінетін каржьіның мөлшерін анықтайды; ведомстволардың басшыларын лауазымға тағайындайды және одан босатады.

Үкіметтің жергілікті атқарушы органдармен: аудаңдық, қалалық және облыстық әкімдермен белгілі бір қатынастары қалыптасады. Үкімет атқарушы биліктің жоғары буыны болып табылады, сол себептен де оның жергілікті атқарушы органдармен арадағы қатынастары «билік-бағыныш» деген принцип бойынша құрылады. Үкімет жергілікті атқарушы органдардын қызметіне басшылықты мына төмендегі мәселелер бойынша жүзеге асырады:

1) мемлекеттік басқару;

2) жергілікті атқарушы органдардың Президент пен Үкіметтің заңдарын, актілерін орындауы;

3) жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы Үкімет отырысында олардың есебін тындау;

4) жергілікті атқарушы органдардың қабылдаған актілерінің күшін түгелдей не ішінара жою немесе тоқтатып қою.

Конституцияға сәйкес Үкімет өкілеттігінің бірі Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөніндегі шараларды белгілеу болып табылады.

Үкімет өз қарауына жататын мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу және халықаралық шарттарға қол қою туралы шешімдер қабылдайды. Министрлер де мемлекеттік комитет төрағалары мен өзге орталық атқарушы органдардың басшылары да келіссөздер өткізуге және халықаралық шарттарға қол қоюға хақылы болады. Мұндай шарттар ведомство-аралық шарттар деп аталады.

Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі орындаушы үкіметтің рөлі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы үкіметтің құқықтық-конституциялық құзіреттілігі мен мәртебесі
ҚР – сы атқарушы органның бірі, министірлік қызметі
Атқарушы биліктің құрылымы
Атқарушы билік органдары
Заң шығарушы билік органдары
Атқарушы билік органы
Орталық атқарушы органдар әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы
Үкіметтің қызметінің ұйымдастыру
Орталық атқарушы органдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz