Қазақстандағы жастар саясатының маңызы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстандағы жастар саясаты

Бүгінде жастарды саясатқа тарту арқылы республикалық және аймақтық деңгейде сараптама жүргізілген. Солардың нәтижесінде «Жас Отанның» аймақтық филиалдарының жұмысы бірінші кезекте жандануда. Қазіргі деректер бойынша 100-ге жуық аудандық филиалдар бар. «Жаңару туралы сөз қозғаған кезде, біз алдымызға жаңа мақсат қоямыз. Түрлі фокустық топтар мен алаңдардың жұмысы нәтижесінде біз мынадай пікірге келдік: «Жас Отан» бізге ең алдымен Мемлекет басшысы мен партияның жастар арасындағы жақтастарын көбейту үшін қажет», - деп баса айтты Н. Сыдықов.

Секциялық отырыста баяндама жасаған Асхат Акчурин «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ының еліміздің индустриялық инновациялық бағдарламасында жетекшілік рөл атқаруы темір жолдың кадр саясатында өзіндік қолтаңба қалдырады. Әсіресе, компанияның төрттен бірін құрайтын жігерлі жастармен жұмыс ерекше әсерлі.

2009 жылдан бастап ҚТЖ Жастар саясатын жүзеге асыру арқылы олардың таланты мен тәжірибелерінің шыңдала түсуіне барынша қолдау білдіріп келеді.

ҚТЖ президенті жанында барлық жол бөлімшелерінде Жастар ісі жөніндегі кеңес жұмыс істейді.

ҚТЖ -да жылма-жыл «Сен болмасаң, Кім?» атты жастар лагерінің сессиялары өткізіліп келеді. «Жастар-темір жол болашағы» атты республикалық, аймақтық форумдар өткізілуде. Соның нәтижесінде мыңдаған жастар жаңа бағдарламалармен танысты. Авторлық жобаларын қорғады. Бүгінде екі жеңімпаздың жобасы компанияда өндіріске енгізілді. Оларды жасаушыларға ҚТЖ президентінің магитратурада оқуын жалғастыру жөніндегі арнайы гранты берілді. Бақса да үздік жобалардың авторлары білімін жетілдіруге жолдама алса, белсенді төртеуі лауазымы жоғары қызметке көтерілді.

30 жас теміржолшы «TEMPUS IV» халықаралық жобасының магистрі дипломдарына ие болды.

Компанияда өзін-өзі жақыс қырынан көрсеткен 90 жас теміржолшы кадрлық резервке қойылды. Олар лауазымды жқызметтерге өсуде басымдыққа ие болады.

«НұрОтан» ХДП бастауыш ұйымы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты кеңесі ардагерлерге, тұрмысы төмен отбасыларға, жетім балаларға арналған түрлі акцияларда белсенділік көрсетіп келеді.

«ЖасОтан» Жастар Қанаты

Мақсатымыз бен тарихымыз

Максатымыз:

Жастар арасында мемлекет Басшысы және «Нұр Отан» партиясының саясатын қолдаушылар қатарын арттыру.

Тарихымыз:

«Жас Отан» Жастар қанатының тарихы «Нұр Отан» партиясының қызметімен тығыз байланысты. 2008 жылға дейін дербес заңды тұлға ретінде тіркелмеген «Жас Отан» ЖҚ партия басшылығымен бастау алған жобаларды жүзеге асыруға қатысты.

2008 жылдың 17 қаңтарында «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Осы отырыста Елбасы Н. Ә. Назарбаев Жастар қанатының съезін өткізу туралы ұсыныс жасаған болатын. «Жас Отан» Жастар қанатының алғашқы съезі осы жылдың көктем айына белгіленді.

2008 жылдың 14 мамырында еліміздің Астанасында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының І съезі өтті. Өзінің сөзінде Елбасы, Президент Н. Ә. Назарбаев «Жас Отан» ЖҚ алдына бірінші кезектегі тапсырмаларды қойды. Елбасы «Жас Отан» ЖҚ мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы рөлін атап, еліміздің әрбір жас азаматының өзінің әлеуетін дамыта алуға мүмкіндігі бар, бәсекелесуге қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін барлық жағдайды жасауға шақырды.

«Жас Отан» ЖҚ І съезіне дейін «Нұр Отан» партиясының бастамасымен жастардың негізгі заңдық құжаты Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы Заңын талқылау бойынша парламенттік тыңдаулар өткізілді. Осы тыңдаулар аясында еліміздің барлық аймақтарында жастар конференциялары өткізіліп, съезге 310 делегат таңдалған. Съезге Қазақстан Республикасы жастар ұйымдарының өкілдері, партия мүшелері және Саяси кеңес бюросының өкілдері, мемлекеттік органдардың жетекшілері, ҚР Парламентінің депутаттары, Үкімет өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, БАҚ, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері сонымен қатар шетелден келген жастар қатысты. «Жас Отан» ЖҚ қызметі І съезд делегаттары бекіткен жарғы және 2008-2011 жылдарға арналған қызмет стратегиясы бойынша жүргізілді. Осы съезде өткізілген сайлауда «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы болып Нұрлан Өтешев сайланды.

2012 жылдың 16 қарашасында «Жас Отан» ЖҚ «Арман. Еңбек. Сенім. » атты ұранымен II съезі өтті. Съезде еліміздің жастар саясатын жаңа деңгейге шығаруға бағытталған 2020 жылға дейінгі «Жастар - Отанға!» стратегиясы қабылданды.

«Жас Отан» ЖҚ стратегиясының жобасын еліміздің барлық аймақтарындағы жастар ұйымдарының өкілдері, студенттер, жұмысшы жастар, спортшылар, мәдениет қайраткерлері талқыға салды. Стратегияның 11 негізгі қызмет бағдары бар, олардың ішінде сапалы білім, еңбек, жастардың әлеуметтік бейімделуінің басты факторы, мәдени даму мен бірлік, жастардың кәсіпкерлігін дамыту, ғылымды дамыту, волонтерлік қозғалыс және тағы басқалары.

Съезге шетелден келген жастармен бірге 9 мыңнан астам делегат қатысты.

Съезде келесі 4 мәселе қарастырылды:
1. «Жас Отан» ЖҚ-ның 2020 жылға дейінгі Стратегиясы ұйым қызметі үшін жаңа бағытқа айналды.
2. «Жас Отан» ЖҚ Жарғысына жастар саясатын дамытуға байланысты жаңа өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
3. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Орталық кеңесі сайланды.
4. Нұрлан Сыдықов «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы болып сайланды

«ЖасОтан» Жастар Қанатының жүргізіп отырған жобалары:

«Жастар кадрлық резерві»

Табысты бол!

«Жастар кадрлық резерві» - бұл кәсіби жетілуге ұмтылған жас мамандардың республикалық деректер базасы.

Жобаның мақсаты - заман талабына сай басқарушыларды даярлау.

Жоба оқу орындарын бітірген жас мамандар арасынан басқарушы кадрларын анықтау, іріктеу, даярлау және тәрбиелеу, ел үшін аянбай еңбек етуге даяр Қазақстанның жастары арасынан кадрлық резервін қалыптастыруға бағытталған.

Жоба жайлы

«Жастар - Отанға!»

Жастар - келешегіміздің негізі

«Жастар - Отанға» жобасын іске асыру аясында бірнеше бағыттағы тұжырымдалар мен ірі жастар ұйымдары өз жұмысын жасауда.

Тұжырымдаманың бағыты әртүрлі: патриоттық құндылықтарады насихаттау, әлеуметтік жобаларды дамыту және жастар бастамаларының жас кәсіпкерлікке дамуына дейін қолдау.

Мақсаты: жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және ұлықтау.

Міндеттері:

  1. жастарды қоғамдық өмірге тарту тетігін жасап шығару;
  2. жастарды әлеуметтік бейімдеудің жолға қойылған жүйесін қамтамасыз ету;
  3. ақпараттық теңсіздік проблемасын шешу, жастардың жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік және өзге бағдарламаларға қолжетімділігін кеңейту;
  4. жас буынды рухани-адамгершілік және қоғамдық-құндылықтық тәрбиемен толыққанды қамту.

«Ұрпақтар сабақтастығы» - жастарды рухани, патриоттық тəрбиелеуде аға буын өкілдерің қатысуын қамтамасыз ету жəне ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру мақсатында ардагерлер кеңесімен бірге қызмет атқару.

«Ұлы дала ұландары» патриоттық кодексі - мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке баулу мақсатында «Жас Ұлан» ББЖҰ-мен бірге қызмет атқару. Қозғалысты жандандыру.

«Жастар саяси лагері» - жастар арасындағы қоғамдық пікір көшбасшыларын тарту мақсатында жастар саяси лагерін өткізу.

«Еріктілер мектебі» - неғұрлым ірі болып саналатын жастар ҮЕҰ-мен өзара əрекеттесу арқылы жастарды қоғамдық қызметтерге тарту.

Жоба жайлы

«Сәтті қадам»

Жастар үшін үлкен мүмкіндік

«Сәтті қадам» жобасы - ЖОО бітіруші түлектерге Қазақстанның жетекші ұйымдарынан іс-тәжірибеден өту арқылы қызмет сатысын бастауына мүмкіндік беріп, алған білімдерін тәжірибе жүзінде сынап көруіне қолғабыс етуге бағытталған. Жоба жастардың кәсіби біліктілігін сынап, тәжірибесін байқап көріп және алдағы уақытта жұмысқа орналаса алу мүмкіндігін шамалауға мүмкіндік береді. Жобаның соңғы мақсаты Жобаға қатысушының жұмысқа орналаса алуы болып табылады.

«Жас Отан» ЖҚ тәуелсіз сарапшылармен бірге жобада лайықты үміткерлерді іріктеп, іс-тәжірибе құжаттарын жинақтаудан бастап, қорытынды мінездеме алғанға дейін басы-қасында болады.

Аталмыш Ереже ұйым бойынша Жоба аясында іс-тәжірибеден өткізуге жетекші қызмет атқарады.

Жобаның мақсаты:

Жас мамандар мен ЖОО және ТқЖБ түлектерін еңбек ұжымында әлеуметтендіру.

Міндеттері:

  1. Астана мен Алматы қалаларындағы мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда жас мамандарға тағылымдама ұйымдастыру.
  2. ЖОО мен ТқЖБ түлектері болып табылатын жетім балаларды жұмысқа орналастыру.
  3. Жастарды жұмысқа орналастыру жөніндегі нақты жағдайға бақылауды және мониторингтеуді ұйымдастыру.

Тағылымда қай жерде өтеді?

Тағылымдамадан өтуші Мемлекеттік мекемелер мен бірлестіктердің тізімі өсуде, барлық ел бойынша бүгінгі таңда олардың саны 240- там астам.

«Сәтті қадам" жобасының қатысушылары еліміздің 240 ірі жұмыс берушілерінде тағылымдамадан өте алады, олардың ішінде:«НУХ «Бәйтерек», «ННТХ «Парасат», «KAZNEXInvest»АҚ, Холдинг «BI-Group», «Ұлтаралық бағдарламалар орталығы», «Астана Innovatio s», «НК «Қазақстан Ғарыш Сапары», «Қазақтелеком» АҚ, «КТЖ»АҚ, сонымен бірге министрлік және тағы да басқа мемлекеттік мекемелер.

ҚР Білім және ғылым Министрлігінің деректеріне сәйкес биылғы жылы 3600 жас маман қатарындағы жетім балалар, олардың ішінде Техникалық және кәсіптік білім беру орталығының 2441 түлегі және Жоғарғы оқу орындарының 1192 түлегі, білімдерін тәмамдап, жұмыс іздеуге кіріседі.

Жоба жайлы

Байқаудың мақсаты - еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау және ғылыми-инновациялық қызметке қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттілігін арттыру.

Жобаның ережелері

Байқауға қатысуға келесі тақырыптардағы инновациялық жобалар қабылданады:

  • жасыл энергетика (энергетика және энергияны үнемдеу) ;
  • химиялық технология, нано технология және биотехнология;
  • өнеркәсіптік және құрылыстық технология және өндіріс;
  • агроинновация (өнеркәсіптік технология және өндіріс) ;
  • IT технология және авиағарыш технологиясы;
  • медицина, медициналық техника және технология, фармация;
  • табиғатты тиімді пайдалану, ресурсты үнемдеу;
  • жол қозғалысының қауіпсіздігі;
  • үздік лайфхак;
  • 3D баспа және жаңа материалдар;
  • гаджеттерге арналған мобильдік қосымшалар;
  • экологиялық инновация;
  • наноимпульс - нанотехнологиядағы инновация;
  • білімдегі инновация.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар саясаты туралы
Қазақстандағы жастар саясаты
Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі
Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасуы
Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты
Қазақстан Республикасының жастар саясаты
Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасуы туралы
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Жастар саясаты
Бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудағы жастар саясаты басым бағыттарының баспасөзде берілу ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz