Қазақстандық демократия үлгісі


Қазақстандық демократия үлгісі
Елбасы Н. Назарбаев қазақстандық демократия туралы ерекше айтты. Мемлекеттің тәуелсіздігі, азаматтардың еркіндігі мен бостандығы, демократиялы ел болуы әркімнің ойына келгенін істеуді білдірмейді. Тәуелсіздік - бұл ең алдымен тәуелсіздік атты қасиетті ұғымды қадірлеу, тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтуға, бекемдеуге және қорғауға әркімнің үлес қосуы болса, ал демократия дегеніміз ең алдымен заңға тәуелді болу және тәртіптілік. Н. Бердяевтің сөзімен айтсақ, «Бостандық адамның құқығы емес, Құдай алдындағы міндеті», яғни демократияның шынайы міндеті - азаматтық тыныштықты, басқалардың қауіпсіздігін, құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету.
Бізге оңды-солды тарата беретін демократияның қажеті жоқ. «Демократия жарлықпен орнатылмайды» (Н. Назарбаев) . Бостандықты, демократияны иелену үшін оны шектей білу де керек. «Біздің мақсатымыз - мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет ету мен мемлекетті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс». Бұл «қазақстандықтық жолдың» одан әрі дамытылатынын білдіреді. Ізгілікті, қайырымды мемлекет туралы сөз қозғаған ойшылдардың барлығы да ең алдымен мемлекеттегі тәртіп пен әділдікке баса назар аударған. Тәртіп жоқ жерде шынайы демократия бола алмайды. Демократия осы екен деп бас-көзге қарамай, оған бірден сүңгіп кету жақсылық әкелмейді. Олай еткендердің жағалауға дейін жүзіп шығулары екіталай.
Қару иеленуге дейін жеңілдік берген Америка демократиясының не болғанын бүкіл әлем көрді. Осындай демократияның зардабынан бейкүнә балалар оққа ұшты, АҚШ төрт күн бойы қара жамылды. Мұндай оқиғалар әлемнің басқа да дамыған демократиялы елдерінен кездесуде. Бұл елдер де «демократиядан тым озық кеткенін» енді түсініп жатыр. Адам құқығы мен бостандығы туралы заңдарды қайта қарау керектігі де айтылуда, мұны жұртшылық та талап етуде. Уақыттың өзі көрсеткеніндей, Қазақстан ондай жолды таңдай алмайды. Біз өзімізге керегін ғана пайдаланамыз.
Демократия мен әсіре демократияның екі басқа ұғымдар екенін айтқан Қазақ елі басшысының бұл туралы ертерек қамданғандығына, ондай зардаптың болатынын болжағандығына қалай ғана тәнті болмасқа? Саяси реформалардың әрбір кезеңі экономика дамуының деңгейімен, халықтың саяси санасының өсуімен ұштасты. Қазақстан саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанды, оны кезең-кезеңімен жүргізді, біреудің «ақылына», «сынына» қарамады. Осылайша біздің ел өзінің әрбір басқан қадамымен демократияландыру мен адам құқықтары саласындағы ең жоғары талаптарға сәт сайын жақындап келеді.
Мемлекет басшысы жергілікті басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекітті. Ол ауылдық, селолық деңгейдегі басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтеді. Ауылдық әкімдіктерге қосымша өкілеттіктер берілуімен қатар, 2013 жылдан бастап мәслихат арқылы ауыл әкімдерінің сайланбалығы енгізіледі. Енді көп ұзамай азаматтарымыз жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді шешуге, жергілікті билік органдарының жұмысын бақылауға белсене араласатын болады. Қазақстандық демократия осылайша уақыт ырғағымен, ел дамуының деңгейімен бірге ілгерілей береді.
Мемлекеттілікті нығайту мен қазақстандық демократияны дамыту басқаруды орталықсыздандырудың сауатты жүргізілуін де қажет етеді. Яғни, шешім қабылдау үшін құқықтар мен қажетті ресурстарды орталықтан өңірлерге беру біртіндеп жалғасады, жергілікті жерлердегі билік органдарының өкілеттіліктері қаржылық және кадрлық әлеуетпен нығайтылады. Бірақ бұл жағдай жоғарыдан төмен қарай басқару билігінің әлсіреуіне, орындаушылық тәртіп ен реттіліктің нашарлауына апарып соқпауы тиіс.
Демократияны бір елден екінші елге айна қатесіз көшіре салуға болмайды. Қазіргі дүние, тіпті дамыған демократиялық елдердің жұртшылығы да демократияны қайта қарауды талап етуде. Әңгіме, демократияны кез келген жерге тықпалай беруде емес, оның құндылықтарын қадірлеп, жөнімен, рет-ретімен ғана пайдалана білуде. Демократияның құндылықтарын теріс пиғылдылар да өз мақсаттарына пайдаланып қалуға ұмтылатынын көпшілік те көріп жүр. Сондықтан да Қазақстанның басқа елдерге ұқсай бермейтін өз демократиясы және өзіндік басқару түрі болады.
Бірақ бұл Қазақстанның демократиядан ауытқуын білдірмейді. Бұл туралы Елбасы өз Жолдауында «Біздің мақсатымыз - мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарын жүзеге асыруға жауапты кәсіпқой басқарушылардың жаңа санаты - «А» корпусы құрылады. …ерекше назарды мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруға аудару қажет. Міндет - мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты-өктем қөзқарастардан арылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсетуге көшу», деп ерекше атап көрсетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz