Қазақстан Республикасының 2030 жылғы стратегиясы



1. ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
2. ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ТОПТАСУЫ
3. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ
4. ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН ӘЛ.АУҚАТЫ
5. ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАРЫ.
6. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ӘСІРЕСЕ КӨЛІК ЖӘНЕ БАИЛАНЫС
7. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ
Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды турде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің ұрпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырған ауыртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемалар үшін болашақ ұрпақ кешірер. Егер біз өз мемлекеттілігімізден айрылып, егемендігіміздің стратегиялық негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ. Әрине, болашақты бағамдаудың мұндай қисыны кез келген ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдығы болуға тиіс.
Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз. Бабаларымыздың өз мемлекетінің іргетасын қалауы мен дамытуын шолып қарағанда, олардың өз мемлекеттілігін сақтап қалу үшін тарихи ауыр және қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді. Осы стратегиялық міндеттің шешімін үнемі іздестіру қажеттігі бізден қалыптасып отырған жағдайды геостратегиялық күштермен және олардың өзгеру серпінімен теңдестіре байсалды әрі барабар бағалауды талап етеді.
Қазақстанның қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру және мемлекеттің аумақтық тұтастығына қатер төндіру сипатында болмайтынын біз түсінеміз. Ресейдің де, Қытайдың да, Батыстың да және мұсылман елдерінің де бізге шабуыл жасауға итермелейтін сылтауы жоқ екені айдан-анық. Бұл тыныштық пен тұрақтылықтың болжап білуге болатындай қашықтығы Қазақстанның экономикалық әлеуетін тиімді нығайту үшін пайдаланылуға тиіс, соның негізінде біз ұлттық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра аламыз.
Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз күшті мемлекет болуға және көршілерімізбен берік және достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз. Сондықтан ең жақын және тарихи достас көршіміз Ресеймен арадағы сенім мен теңқұқылы қарым-қатынасымызды дамытып, нығайта береміз. ҚХР-мен өзара тиімді негіздегі осындай сенім мен тату көршілік қатынастарымызды жалғастырамыз. Қазақстан Қытайдың гегемонизмге қарсы, көршілес елдермен достыққа бағытталған саясатын құптайды.
Біз Орталық Азия мемлекеттерімен байланыстарымыз бен интеграциялық процестерді күшейте береміз.
Таяу және Орта Шығыс елдерімен де қарым-қатынастарымыз тиісті деңгейде нығая береді.
Біздің стратегиямыздың екінші құраласы — Америка Құрама Штаттарын қоса алғанда, басты демократияшыл индустриясы дамыған мемлекеттермен байланысын күшейту. Бұл елдер және гүлденген Қазақстанды құрудың өздерінің ұлттық мүдделеріне сай келетінін ұғына бастады.
http://www.inform.kz/kz/kr-prezidentinin-kazakstan-2050-strategiyasy-kalyptaskan-memlekettin-zhana-sayasi-bagyty-atty-kazakstan-halkyna-zholdauy_a2518877

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының 2030 жылғы стратегиясы

.ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМ МАҚСАТТАР МЕН ОЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
Біздің еліміз мен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ
мерзімді жеті басымдықты іске асыру қажет: 
1. ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК. Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып,
Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.
2. ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ТОПТАСУЫ. Қазақстанға бүгін және
алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта
беру.
3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардық деңгейі жоғары ашық
нарықтық экономикаға негізделген ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ. Экономикалық өрлеудің
нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу.
4. ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ. Барлық
қазақстандықтардын, өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен
мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.
5. ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАРЫ. Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты
экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу
мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын
тиімді пайдалану.
6. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ӘСІРЕСЕ КӨЛІК ЖӘНЕ БАИЛАНЫС. Осы шешуші секторларды ұлттық
қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге
жәрдемдесетіндей етіп дамыту.
7. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ. Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол
жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік
қызметшілерінін, ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау.
Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін біз бір жылдық, үш, ал
кейіннен бес жылдық жоспарларда белгіленген нақты іс-қимылдарға күш-
жігерімізді жұмылдыра отырып, біз стратегиямызды талдап жасауға және оны
дәйекті түрде іске асыруға тиіспіз. 
Осы ұзақ мерзімді басымдықтар мемлекет пен біздін, азаматтарымыздың күш-
жігерін жұмылдыру үшін қызмет етуге, еліміздін, бюджеті мен кадр саясатын
қалыптастыру кезінде өлшемдер негізіне алынуға тиіс.
1- ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМДЫҚ: ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ
Халық даналығы
Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және
тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының
қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен
тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды турде қорғап, нығайтып,
ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің ұрпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырған
ауыртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемалар үшін болашақ ұрпақ кешірер.
Егер біз өз мемлекеттілігімізден айрылып, егемендігіміздің стратегиялық
негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ,
бізге кешірім жоқ. Әрине, болашақты бағамдаудың мұндай қисыны кез келген
ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстан
саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек.
Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдығы
болуға тиіс.
Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда
тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз.
Бабаларымыздың өз мемлекетінің іргетасын қалауы мен дамытуын шолып
қарағанда, олардың өз мемлекеттілігін сақтап қалу үшін тарихи ауыр және
қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді. Осы стратегиялық міндеттің шешімін
үнемі іздестіру қажеттігі бізден қалыптасып отырған жағдайды
геостратегиялық күштермен және олардың өзгеру серпінімен теңдестіре
байсалды әрі барабар бағалауды талап етеді.
Қазақстанның қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық қауіпсіздігіне
төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру және мемлекеттің аумақтық
тұтастығына қатер төндіру сипатында болмайтынын біз түсінеміз. Ресейдің де,
Қытайдың да, Батыстың да және мұсылман елдерінің де бізге шабуыл жасауға
итермелейтін сылтауы жоқ екені айдан-анық. Бұл тыныштық пен тұрақтылықтың
болжап білуге болатындай қашықтығы Қазақстанның экономикалық әлеуетін
тиімді нығайту үшін пайдаланылуға тиіс, соның негізінде біз ұлттық
қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра аламыз.
Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз
күшті мемлекет болуға және көршілерімізбен берік және достық қарым-
қатынаста болуға тиіспіз. Сондықтан ең жақын және тарихи достас көршіміз
Ресеймен арадағы сенім мен теңқұқылы қарым-қатынасымызды дамытып, нығайта
береміз. ҚХР-мен өзара тиімді негіздегі осындай сенім мен тату көршілік
қатынастарымызды жалғастырамыз. Қазақстан Қытайдың гегемонизмге қарсы,
көршілес елдермен достыққа бағытталған саясатын құптайды.
Біз Орталық Азия мемлекеттерімен байланыстарымыз бен интеграциялық
процестерді күшейте береміз.
Таяу және Орта Шығыс елдерімен де қарым-қатынастарымыз тиісті деңгейде
нығая береді.
Біздің стратегиямыздың екінші құраласы — Америка Құрама Штаттарын қоса
алғанда, басты демократияшыл индустриясы дамыған мемлекеттермен байланысын
күшейту. Бұл елдер және гүлденген Қазақстанды құрудың өздерінің ұлттық
мүдделеріне сай келетінін ұғына бастады.
Үшіншіден, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік, Азиялық, Еуропалык,
және Ислам даму банктері сияқты халықаралық институттар мен форумдардың
көмегі мен қолдауын барынша пайдаланамыз, бұл Қазақстанға халықаралық
қауымдастық тарапынан қолдау көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Біздің стратегиямыздың төртінші элементі — еліміздің ұлттық егемендігі мен
аумақтық тұтастығын қорғау үшін сенімді негіз бола алатын бай табиғи
ресурстарды игеру.
Бесіншіден — біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз
еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз. Халық пен мемлекет арасындағы
бұрынғы тығыз байланыс едәуір босаңсып кетті, ал жеке мен мемлекеттік мүдде
арасындағы жаңа байланыс әлі қалыптаса қойған жоқ. Бақытымызға орай,
бұқаралық санада адамдар мен мемлекет мүдделерінің ортақтығын түсіну пісіп-
жетіліп келеді. Адамдардың тұрмысының жақсаруына орай ол сезімнің нығая
беретініне күмәнім жоқ. Бұл әр азаматтың жақсы тұрмысының өзі ол тұрып
жатқан мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігіне байланысты екені сияқты,
бір қарағанға, қарапайым ақиқатты пайымдауды жеделдетеді.
Біздің ұжымдық қауіпсіздігіміз қамтамасыз етілгенде әрбір адам өзінің жеке
мүдделері ғана қамтамасыз етіліп, ал қоғам қауіпсіздігі қыл ұшында
тұрғандағыға қарағанда әлдеқайда көп нәрсе ұтады. Егер еліне қауіп төніп
тұрса, жеке адам қаншалықты сәтті өмір сүргенімен, ол бәрібір қорғансыздың
күнін кешеді. Қоғамдық мүдденің жекеменшік мүддеден басым екенін көрсете
отырып, мұны әсіресе біздің ұлттық капиталымыздың өкілдері терең пайымдауға
тиіс.
Бізге деген ниеті теріс күш иесі өзінің, оны қолданбақ әрекетіне немесе
қатер төндіруіне қарсылық көрсетілетінін алдын ала білуі үшін біз әлемге
бірлігіміз бен тәуелсіздікке деген ерік-жігерімізді, азаматтығымыз бен
отансүйгіштігімізді паш етуте тиіспіз. Айқын азаматтық тұғырымыз
болмайынша, стратегияның тәуелсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған басқа
элементтерін ойдағыдай іске асыру өте қиынға түседі.
Қорғаныс саясатымызға келетін болсақ, біздің бейбітшілік сүйгіш халық
екеніміз және ешкімнің жеріне, ресурстарына, байлығына көз тікпейтініміз
баршаға аян болуға тиіс. Жеріміз де, мол қазынамыз да өзімізде жеткілікті,
ал дәулетті өз еңбегімізбен еселей береміз.
Бірақ біз басқа елдермен өзіміз қандай қарым-қатынаста болсақ, Қазақстанға
қатысты дәл сондай қарым-қатынасты талап етеміз және кез келген тосын
жағдайларға әзір тұрамыз.
Біздің дәуірімізде, әлемнің әскери егестен алыстауына орай бәсекелестік
әскери саладан саяси және экономикалық салаға ойыса бастады. Біз бұл
үрдістің бел алатынына сенеміз және бейбітшілік орнап, тату көршіліктің
қалыптасуына бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Сонымен қатар, біз Қазақстанның
өзінің экономикалық дамуына орай, дуниежүзілік экономикаға дәйекті енуі
елді әскери-саяси, экономикалық және конфессионалдық сипаттағы әр түрлі
аймақтық қақтығыстардың тосын иірімдеріне тартып әкетуі мүмкін екенін де
түсінуге тиіспіз.
Міне, сондықтан да қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысында сөзсіз басымдық
біздің сыртқы саяси қызметімізге және Қазақстанның өз көршілерімен,
дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елдерімен өзара тиімді қарым-қатынасының берік
тұғырын қалыптастыруга беріледі.
Бүгін, жиырмасыншы ғасырдың аяқ шенінің өзінде, Екінші дүниежүзілік соғыс
пен қырғи қабақ соғыстан алынған сабақтан кейін де, әлемнің блоктар мен
одақтарға бөліну қаупі жойылған жоқ. Бірақ бұл жол Қазақстан үшін қолайлы
емес, біздің бес элементтен тұратын стратегиямыз осыған келіп саяды.
Еліміздің этникалық құрамы соншама алуан түрлі болып келеді, біздіқ
мүдделеріміз де өте маңызды, ал келешегіміз де өте зор, сондықтан да біз
қандай да бір елмен арадағы қарым-қатынасқа тәуелді болып қалуға немесе
соған ғана иек артуға жол бере алмаймыз.
Қазақстан халқы мен Қазақстан Үкіметі бар күш-жігерді ірі ұлтаралық капитал
үшін төзімді және оңтайлы экономикалык, өріс құруға жұмсауға, елімізге ұзақ
мерзімді инвестициялар тарту үшін „ықыласты рай" туғызуды көтермелеуге
тиіс. Біз қандай да бір тайталасты әскери жолмен шешуге барынша қарсы
тұрып, „жақсы араздықтан жаман татулық жақсы" дейтін қағиданы уағыздауға
тиіспіз. Жақын және алыс болашақтағы ұлттық мүдделерді қорғау мен күштердің
тендестігін қамтамасыз етудегі біздің мықты құралымыз, ынтымақтасу саясаты
ең алдымен Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы Орталық Азия
Одагын нығайтып дамыту, басқа мемлекеттердің ісіне араласпау, қарсы тұрудан
гөрі татулық ахуалын басым ұстау саясаты болуға тиіс. 

2 - ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМДЫҚ: ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ТОПТАСУЫ
БІРЛІК ЖОҚ ЖЕРДЕ — ТІРЛІК ЖОҚ
Төлеби
Тату көршілік бірінші кезектегі міндет, алайда елді ішкі алауыздық жайласа,
ол шешілмейді. Егер әр түрлі топтар оларды қандай мүдделердің — саяси,
идеология, діни, этникалық немесе таптық мүдделердің біріктіретініне
қарамастан, қарама-қарсылық күйде болса, бұл халықты ортақ игілікке қол
жеткізу мен өзінің ұлттық мүдделерін іске асыру мақсатынан жаңылыстыратын
қауіпті жағдайға әкеп соғады. Бұл жерде әңгіме тікелей қарсыластық немесе
соғыс жағдайы туралы да болып отырған жоқ. Солтүстік Ирландия, бүрынғы
Югославия, Перу, Ауғанстан, Камбоджа мен Руанда және басқа да елдер ешбір
өркениеттің, ешбір мәдениеттің алауыздықтың ауыр салдарынан
сақтандырылмағанын дәлелдеп отыр.
Бірлікке апаратын жолдағы бұрынғы кедергілерді жойып, әдетке, құштарлыққа,
ерекше мүдделерге, дінге, жас қарайластығына немесе басқа факторлардың
қайсысына негізделгеніне қарамастан, жаңа кедергілерді болдырмау — біздің
міндетіміз. Диалогтың ықтимал барлық нысандарын көтермелеу, сондай-ақ
адамдар арасындағы өзара байланыс пен қарым-қатынасты күшейту арқылы біз
біртіндеп ұлттық ынтымағымызды нығайтып, ұлттық әлеуетімізді ұлғайтамыз.
Қоғамның негізі болып табылатын бұл басымдықты жүзеге асырудағы біздің
стратегиямыздың мынадай құрамдас бөліктері бар: 
— еліміздің барлық азаматтары үшін мүмкіндіктердің теңдігіне негізделген
біріңғай азаматтығымызды дамытатынымызға кепілдік беру;
— этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуын, барлық этникалық топтар
құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету;
— қоғамымыздағы дәулеттілер мен жарлылардың арасындағы айырмашылықты азайту
және ауыл проблемасына үнемі ерекше көңіл бөлу;
— өтпелі және кейінгі кезеңдерде пайда болатын әлеуметтік проблемаларды
ұдайы шешіп отыру;
— ұзақ мерзімді болашақта саяси тұрақтылықты да, қоғамның топтасуын да
қамтамасыз ететін бай Қазақстанды барынша жігерлі түрде қалыптастыру;
— адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардын,
барлық нысандарын дамыту;
— әр түрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді
қарым-қатынастарды нығайту. Бүгін „Біздер — қазақстандықтар кімдерміз?"
деген сырттай қарағанда қарапайым сауалға кез келген адам бірден жауап бере
алмайды. Өзін-өзі бірегейлендіру проблемасын шешу үшін уақыт пен белгілі
бір тарихи даму кезеңі қажет болады.
Коммунистік режим 70 жылдан астам уақытта бірыңғай кеңес халқын ақыры
қалыптастыра алмады. Отарлықтан шыққан көп ұлтты елдердің көпшілігі ондаған
жылдар өткеннен кейін де бұл процесті аяқтай алмады. Бізде де бұл сезім
қалыптасып, орныққанға дейін бірнеше ондаған жылдар өтеді.
Бірақ қазірдің өзінде бізді біріктіретін бірқатар факторлар бар. Бұл — өз
шекарамыздың шегіндегі жеріміз, оны көркейткен ата-аналарымыз,
сәтсіздіктердін, ауыртпалығын бірге көтеріп, жетістіктеріміздің қуанышын
бірге бөліскен ортақ тарихымыз. Бұл — келешекте осы жерде бірге тұрып,
бірге жұмыс істейтін біздің балаларымыз. Сондықтан біздің әрқайсымызды өз
ата-анамыздың алдындағы борышымызды ұғыну мен балаларымыздың өмірін одан
әрі жақсарта түсуге деген ұмтылысымыз біріктіреді. Бүгінгі таңда осы айқын
мақсаттар бірлік пен топтасу үшін нақты тұғыр болып табылады.
Тәуелсіздік пен реформалардың алғашқы жылдарында біз коммунистік-ұжымдық
негіздерден жекеше-дарашылдыққа қарай ыға бастадық. Жекеменшік
дарашылдықтың жедел дамуы құндылықтар бағдарын ауыстыруға ғана көмектесіп
қоймай, этникааралық қарама-қайшылықтардың терең тамырларын қиып, олардың
әлеуетін кемітуге де ықпал етті.
Алайда шовинизм мен ұлтшылдық әлі толық ұмытыла қойған жоқ. Мүндай
процестерді қыздыра тусу әрекеттері халықтың көпшілігін қызықтырмайды,
керісінше олардың наразылығын тудырады. Русофобия күрт кеміп, қазақ
дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеу үдерісі табиғи құбылыс деп қабылданатын
болды. Қоғам этникалық проблемаларды бұрынғы жылдарға қарағанда анағұрлым
байыппен, сындарлы және ашық талқылайтын болды.
Біздің нарыққа қарай басқан космополиттік және интернационалдық қадамымыз
этникааралық қарама-қайшылықтарды әлсіретіп, зор қызмет атқарып отыр. Еркін
нарық та мемлекеттің бара-бар рөлінсіз кіршіксіз емес, ол маятник сияқты
құндылықтардың бір жүйесінен екінші жүйесіне ауысу жылдамдығын алғаннан
кейін бізге қажет тепе-тендік нүктесінен ендігі аттап кеткен тәрізді.
Бүгін қарсы тұрудың жаңа полюстері — кедейлер мен байлар арасындағы,
басқарылатындар мен басқарушылар арасындағы, село мен қала арасындағы
қарсылық полюстері ашылды.
Бұл алшақтық жалпы қабылданған шектен тыс деген түсінік қоғамда пісіп-
жетілді. Егер Қазақстан бай адамдардың шағын тобы бар мемлекет болса,
өмірге төзімділіктің төмендеуі мен ішкі-сыртқы тұрақсыздық салдарынан,
жақсы дегенде, әуре-сарсаңға түседі. Біз кедейлер мемлекеті болып көрдік.
Мемлекет ең алдымен орта таптың — фермерлердің, „ақ жаға-көк жағалылардың",
интеллигенцияның, ұсақ буржуазияның мүддесін білдіруге тиіс. Кезінде
большевиктердің осы топтардың барлығына шүйліккені тегін емес. Олар
капитализмнен коммунизмге өту үшін басты соққыны қайда бағыттау керек
екенін білді. Олар капиталистік мемлекеттің тірегіне соққы берді. Бізді
кулактарға, „шірік интеллигенцияға", жұмысшы ақсүйектеріне, ұсақ
саудагерлерге қарсы қалай тәрбиелегенін еске түсірейік. Көпшілігімізде жек
көрушіліктің орнығып қалуы осыдан емес пе екен? 
Ішкі саяси тұрақтылық пен даму үш тапқа да: байларға, орташаларға және
кедейлерге сүйенеді. Олардың барлығы да қазірше қоғамда болады, бірақ,
әрине, қалыпты өркениетті арақатынаста болуға тиіс.
Қала мен село арасындағы қарым-қатынаста жіктелу айқын көрінді. Мүнда
жіктелудің терең процесі жүріп жатыр және бұл ретте алшақтық үнемі ұлғая
тусуде. Село таяудағы он жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беру
және әлеуметтік проблемаларды шешуге ерекше көңіл бөлу, инфрақұрылымды
дамыту тұрғысынан басым сала болуға тиіс.
Біз селодағы жұмыс күшінің көптеп босауына, село тұрғындарының қалаға
көшудің ұлғайып, урбанизация процестерінің дамуына әзір болуға тиіспіз.
Село бүгін: жалақы, зейнетақы төлемеу, артта қалушылық, кедейлік пен
жұмыссыздық, әлсіз инфрақұрылым, білім беру мен денсаулық сақтау,
экологиялық апат сынды барлық негізгі әлеуметтік проблемалардын, өзегіне
айналды. Әйтсе де мұнда демографиялық әлеует өте жоғары.
Орталықтан қиындықпен „жиналған" қажетті ресурстар қалаларда қалып қойып,
селоға жетпейді. Мұндай „жайылыңқы" саясатты доғару керек. Қысқа мерзімде
селодағы барлық өзгерістерді аяғына жеткізу керек, олар қуатты және
нысаналы әлеуметтік саясатпен қатар жүргізілуге тиіс.
Мұндағы біздің мақсаттарымыз айқын — біз шаруалар мен село тұрғындарына өз
өмірін көбірек қадағалауға мүмкіндік беруге, сондай-ақ осындай бақылауды
жүзеге асыруы үшін оларды құралдармен қамтамасыз етуге тиіспіз.
Бұл проблемаларды стратегиялық тұрғыдан, негізінен экономикалық ілгерілеу
арқылы шешуге болады. Мейлінше бай Қазақстан әр адамға барынша көп
мүмкіндік береді. Әлемге әйгілі ұлы басшы айтқандай „судың көбеюі таяздан
барлық кемені көтереді". Біздің стратегиямыз ұлғайып келе жатқан ұлттық
байлықтың бір бөлігін әр адамның алуына мүмкіндік беретіндей болуға тиіс.
Ал қазіргі өтпелі кезенде адамдардың көпшілігіне оңай болмайды, Үкіметтің
де барлық адамға бірдей көмектесетіндей қаражаты жоқ. Бұл салада біздің
стратегиямыз мемлекеттік көмекті халықтың ең мұқтаж топтарына, тек соларға
ғана тікелей жіберу болып табылады. Бірак, бүгін біз өз қиындықтарын өзі
жеңе алатын адамдардың санын көбейтуге мұқтаж болып отырмыз.
Балаларымыздың болашағы мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың қандай
болатыны туралы сөз қозғағанда біз өзіміз құратын өркениеттің — біздің
болашақ қоғамымыздың моделін алдын ала білуге тиіспіз. Бүгін тоталитарлық
және либералды қоғам арасындағы дау жойылған кезде либералдық қоғам
моделдерінің өзі әр түрлі болатыны және әр елдің өзіндік ерекшеліктері
болатындығы анықталып отыр.
Негізгі айырмашылық моделдердің екі үлгісінің: ағылшын-саксон және „азиялық
жолбарыстар" көрсеткен азиялық үлгілерінің арасында болып отыр. Бірқатар
бағыттарда ортақ сипаты бола тұра, олардың арасында үлкен айырмашылықтар
байқалады. Бірінші модельге көбіне даралық, екіншісіне — коммунитаризм тән.
Бірінші жағдайда мемлекеттің шектеулі рөлі уағыздалса, екіншісінде
мемлекеттің жоспарлаумен белсенді түрде айналысып, жекеше сектор мен бүкіл
қоғамға жетекшілік етуге тиіс күшейтілген рөлі уағыздалады. Бірінші
модельде көңіл макроэкономикаға, екіншісінде — микроэкономикаға бөлінеді
және т. с. с.
Бұдан бұрын айтып өткенімдей, бұрынғы жылдары алдымызға жедел өзгерістерді
мақсат етіп қойып, белсенді түрде ағылшын-саксон нұсқасы бойынша жүрдік,
бірақ бүгін біз бұдан әрі қай жолмен жүру керек деген стратегиялық сауалға
жауап табуға тиіспіз. Қоғамда бұған қатысты консенсус жоқ. Қазақстан
Еуропаның кішкентай болса да бір бөлігі, тарихи тұрғыдан да біз Батыс
өркениетіне ұмтыламыз дейді біреулер. Біз көбінше азиялық елміз, сондықтан
„жолбарыстардың": Жапонияның, Кореяның тәжірибесін ұстануға тиіспіз дейді
екінші біреулер. Біз Ресейлік менталитет пен ұжымшылдық принциптерін терең
сіңірдік, сондықтан біздің таңдауымыз Ресейдің тандауына сай болуға тиіс
дейді үшіншілер. Төртінші біреулер біздегі халықтың басым көпшілігі
мұсылмандар, сондықтан біз жаңа түркі моделін негізге алуға тиіспіз деп
дауласады.
Ғажабы, бұлардың барлығының айтқаны ақиқат және сонымен бір мезгілде
олардың барлығы қателеседі. Біз — өзіміздің белгілі тарихымыз бен өзіндік
болашағымыз бар евразиялық елміз. Сондықтан біздің моделіміз басқа ешкімнің
моделіне ұқсамайтын болады. Ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің
жетістіктерін сіңіреді.
Алдымызға екінің бірін таңдап алу керек деген мәселені қоймаймыз. Біз
екеуін де, іс жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеген барлық өркениеттердің
ең соны жетістіктерін пайдаланып, диалектикалы боламыз.
Біздің моделіміз қоғам дамуының әр түрлі модельдерінің түйісуін бейнелеуге
тиіс. Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуеттік-нарықтық экономика
құрудамыз. Бұл — бізге қажеттінің нақ өзі.
іздің моделіміз басқа модельдердің элементтерін сабақтастыра отырып, бірақ
негізінен өзіміздің ерекшеліктерімізге, тарихымызға, жаңа азаматтығымызға
және даму кезеңдерінің нақтылығын еске ала отырып, ұмтылыстарымызға
сүйеніп, өзіміздің жеке даму жолымызды белгілейтін болады. 
3-ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМДЫҚ:
ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ, ДАМЫҒАН НАРЫҚТЫҚ 
ЭКОНОМИКАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ 
ЭКОНОМИКА НЕҒҰРЛЫМ ЕРКІН БОЛСА, СОҒҰРЛЫМ ӘЛЕУМЕТТІК БОЛАДЫ
Эрхард
Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық
экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел
инвестицияларын тартуға негізделеді. Ол мынадай 10 принциптен тұрады:
Мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі
болуы. Экономикалық реформалардың табысы мен олардың жекелеген учаскелерде
тежелуі мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды талап етеді.
Орталықтағы және жергілікті жерлердегі өкімет экономикаға араласудың барлық
түрімен, дән себу, егін жинау және басқалармен айналысуды тоқтатуға тиіс.
Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра
отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі рөл атқаруға тиіс. Яғни, меншік
құқықтарын ресімдеуге, бәсекелес рынок пен монополияға қарсы күресті
реттеудің сенімді құралдарын құруға, фискальды және монетарлық саясатты
қолдауға, әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфрақұрылымды, білім
беруді, денсаулық дамытуды қамтамасыз етуге және мықты экономикалық саясат
жүргізуге бағытталған құқықтық және нормативтік база жасауды аяқтау
көзделіп отыр.
Бірақ нарық дамымаған, нарықтық кеңістік әкімшілік жүйенің қалдықтарына
толған жерлерде мемлекет нарықты дамьту мен ол кеңістікті тазарту үшін
араласуға тиіс. Экономиканың өзі тұрақсыз дамудың аралық кезеңінде
тұрғанда, мемлекеттің реттеуші рөлі мен араласуы бара-бар болуға тиіс.
Жаңа әлемдік экономикалық үлгілерге сай болу үшін біз мемлекеттік
басқарудың тиімділігі мен сапасын едәуір көтеруге, жекеше сектор мен ұлттық
капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және олардың белсенділігін
арттыруға тиіспіз. 
Осымен бір мезгілде мемлекеттің өзі еркін экономиканың кепілі болуы керек.
Оның міндеті нарық ережелерін белгілеу, бұл ретте әділ әрі байыпты іс-қимыл
жасай отырып, ол ережелердің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Біз — саналы да жігерлі халықпыз. Егер ойын ережелері айқын белгіленіп,
олардың орындалуы объективті негізде қамтамасыз етілсе, онда Қазақстан
азаматтарының нарықтық экономикаға тез бейімделетініне менде күмән
болмайды.
Дамыған рыноктарда мемлекет рөлінің шектеулі болатынына қарап, ол еркі мен
қайратынан айырылып, енжар байқаушыға айналады деген түсінік тумауға тиіс.
Керісінше, ол заңдардың орындалуы үшін өте күштіг конъюнктураның
өзгерістеріне даяр болу үшін құзыретті, әлемдік және отандық рыноктарды
білетін, босаң және шашыраңқы болмау үшін өз жұмысын белсенді жоспарлайтын
болуға тиіс. Ол халықтың әр түрлі топтарының мүдделерін анықтауға, даму
басымдықтарын айқындауға, жекеше сектормен тығыз ынтымақтастықта болуға
және сол арқылы қоғамды біріктіре, беріктете түсуге тиіс.
Ал бүгін мемлекет қажетсіз жерлерде зор әкімшілік билікке ие болып,
керісінше, рөлі жоғары болуға тиісті жерлерде енжар қалып отыр. Алайда
істің мұндай күйі біздін, дамуымызға кедергі болып отырғаны барған сайын
айқын көрініп келеді.
Екінші жағынан алып қарағанда, салықтар мен баждарды толық ала алмай,
жалақы мен зейнетақыны уақытында төлемей отырып, зандар мен жарлықтар
көбінесе орындалмай отырғанда өзімізді күшті мемлекет деп санай аламыз ба?
Осыған байланысты саналы салық төлеушілер мен кәсіпорындардың адал иелері,
сондай-ақ халықтың аз қорғалған жіктері үнемі зиян шегіп отырады. Ал
кәсіпорындардын, оспадарсыз басшылары мен салық төлемейтіндер алшаң басуда.
Бұл проблемаларды шешудің стратегиясы белгілі. Біз: 
— Үкіметтің әлі де орын алып отырған сауда мен өндіріске әкімгершілік
араласуын жоюға;
— жылжымайтын мүлікті, қалған ұсақ және орта кәсіпорындар мен агроөнеркәсіп
кешенін қоса алғанда, жекешелендіру процесін аяқтауға;
— орталық Үкіметті және жергілікті өкімет орындарын парасатты ұйымдастыру
мен оңтайландыруға, олардың рөлін, өкілеттігі мен жауапкершілігін байсалды
ой елегінен өткізуге;
— сот билігі мен құқық қорғау органдарын реформалауды жандандыра түсуге;
— заңның шексіз үстемдігін белгілеуге және занды орындайтын азаматтарды
қылмыстан қорғауға тиіспіз. Бұған керісінше, билік пен заңның бар күшін
заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану керек.
Соңғы үш жылдың ішінде біздің экономикалық стратегиямыз макроэкономиканы
тұрақтандыру болды, бұл мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қысқарту мен қатал
монетарлық және несие саясатын дәйекті жүргізуді білдіреді. Бүгін біз осы
мәселені шешуге бұрынғыдан да жақын тұрмыз. Бірақ бүгінгі табыстарымыз
тоқмейілсуге негіз бола алмайды.
Егер елдегі инфляция шектен асып кетсе, ұлттық валютаның бағамы
экономиканың жалпы жағдайы мен біздің стратегиялық ұмтылыстарымызға сай
келмесе, ал өсім ставкалары нақты сектор үшін жоғары болып, оған қол
жеткізу мүмкін болмай қалса немесе нақты сипатында теріс болып отырса, біз
алға қойған мақсаттарды іске асыра алмаймыз.
Халықаралық тәжірибенің сабақтары айқын. Экономикалық жоғары табыстарға қол
жеткізген кез келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде
жоғары инфляцияны жою жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолданған
және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды
қатаң қадағалаған. Бұл жолдан ауытқығандар сәтсіздікке ұшырады.
Бірінші Азиялық Барыс болу үшін біздің басымдықтарымыздың қатарына
макроэкономикалық көрсеткіштер саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық
тәжірибе енгізілуге тиіс. Ол-инфляция мен бюджет тапшылығынын, төмен
болуын, ұлттық валютаның күшеюін, жинақтау нормасының жоғары болуын
көздейді. Бүл рецепт Жапонияда, Кореяда, Индонезияда, Тайвань мен Чилиде
іске асты. Қазақстанда да іске асады.
Біздің алдымызға не инфляция, не экономикалық өрлеу деген таңдау қойылған
жоқ және қойылмайды да. Түпкілікті мақсат экономикалық өрлеу екенін және
макротұрақтандыру осы мақсатқа жетудің құралы ғана екенін біз назарда
үстауға тиіспіз. Әрине, басқа процестерге қарағанда қаржылық тұрақтанудың
көптеген әлеуметтік топтардың жағдайын қиындатқаны белгілі. Бірақ жүйелі
және құрылымдық қайта құру жағдайында басқаша болуы мүмкін де емес еді.
Нарық — қатаң қаржылық жауапкершілікке толы демократия. Халықтың көпшілігі
мұны енді түсінді. Әрине, макротұрақтандыруға ауыр тоқырау мен ақшаның
жетіспеуі ілесе жүрді. Бірақ нақты секторды құрылымдық қайта құру жүріп
жатыр, енді таяу арада ақша және тауар массасы қажетті сәйкестікке жетеді.
Уақыты келгенде өмір мен жұмыстың қиын кезеңінде шыныққан адамдар да бұл
дағдарыстан шығады. „Таршылықты көрмеген кеңшіліктің парқын білмейді" дейді
қазақ мақалы.
Инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, біз стратегиялық күшті
экоиомикалық ілгерілеуге бағыттаймыз. Бірақ экономикалық, тіпті
жалпымемлекеттік стратегия монетарлық саясатқа сай келмейді, сондықтан біз
бүгін неғұрлым кең және бара-бар мүмкіндікке иеміз. Бұл орайда, таяудағы
жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға,
фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті
әлеуметтік саясатқа аударамыз.
Ұзақ мерзімді болашақтағы макротұрақтандыру туралы әңгіме болғанда біз осы
салада пайда болатын қауіпті болдырмауға әзір болуға тиіспіз. Пайдалы
қазбаларымызды игеруге және экономиканың жекелеген секторларындағы үміт
артып отырған экспорттың ұлғаюы біздің валютамыздың бағамын едәуір
қиындыққа ұшыратып, оны көтеріп жіберуі мүмкін. Ал мұның өзі басқа
салаларды, ең алдымен экпорт және қайта өңдеуші салаларды „жоғалту" қаупін
төндіреді.
Сондықтан валюталық нақты ақша ағымының бір бөлігін импортты кең
қолданбастан игере білуіміз керек. Бірақ адам санының аз болуына және
қазірше халықтың сатып алу қабілетінің төмен болуына байланысты
Қазақстанның ішкі рыногы өте шағын. Сондықтан дүниежүзілік тәжірибені және
инвестициялар нарығындағы жұмыс істеп тұрған тетіктерді мұқият зерттеп
алып, шетелдегі қаржы инвестицияларының стратегиясын алдын ала әзірлеу
керек.
Біз аяқтаған бағаны ырықтандыруға енді күмән келтірілмейді және өзгеріс
болмайды.
Жеке меншік институттары жерге деген құқықтың сондай-ақ меншік құқықтарын
және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен
нығайтылады.
Кәсіпорындарды жекешелендіру негізінен аяқталды. Енді оны, ең алдымен
аграрлық кешен мен әлеуметтік салада түпкілікті аяқтау және акциялардың
айналымы процесін дәл реттеу керек. Стратегиялық сипаттағы кәсіпорындардағы
акциялардың мемлекеттік пакеттері орынды пайдаланылатын болады.
Ырықтандыру жолында біз үлкен жетістіктерге жеттік, бірақ ауыл
шаруашылығында, өндірістің бірқатар салалар мен әлеуметтік секторда
нарықтық қатынастар төмен деңгейде қалып отыр. Өндірістік сектор бүтіндей
дерлік меншік иелері алдында есеп бермейіін немесе есеп бергенситін олақ
және жемқор басшылардың іс-әрекетінен туған төлем жүйесі дағдарысынан
зардап шегіп отыр.
Көптеген ірі рыноктар арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі біздің
жағдайымыз ашық экономика мен еркін сауда құруды талап етеді.
Тұйықтық пен өз рыногын оқшаулау әрекетінен гөрі мұндай саясат елдер мен
құрылықтар арасын әлдеқайда жылдам жалғайды. 
Біздің ұлттық капиталымыз кішкентайынан бастап шынығып, өз рыноктарында
күресуге даяр болуға тиіс. Бұл өте күрделі міндет, бірақ онсыз ол ертең
сыртқы рыноктарда жеңіп шыға алмайды. Бірақ қазір ол жас әрі әлсіз болып
тұрғанда, жаңадан тәй-тәй басып келе жатқанда қорғансыз жағдайда тұр,
мемлекет оны қанатының астына алып, жылдам аяғына нық тұруына көмектеседі.
Ішкі рыноктары шағын бола тұрып аса биік экономикалық нәтижелерге қол
жеткізген елдерді өзін-өзі оқшаулау жолын тандап алған елдермен салыстыру,
жабық рыноктары, шектен тыс мемлекеттік реттеу, сондай-ақ шаруашылық
жағынан даралануға қол жеткізу әрекеттері қысқа мерзімді экономикалық
табыстарға алып келгенмен, түбінде сәтсіздікке ұрындырары бізге мысал болып
отыр.
Өзіміздің энергетикалык, және өзге де табиғи ресурстарымызды игеру жалғаса
береді. Оның мақсаты — экспорттан экономикалық өрлеумен қатар елдің саяси
тұрақтылығына, сондай-ақ оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
жәрдемдесетін табыс алу.
Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу
мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында
ұсталады. Экономиканың бірнеше секторы бар: табиғи ресурстарды игеру,
инфрақұрылым, коммуникациялар және ақпарат, еліміз үшін бұлар тұрақты
маңызға ие. Осы салаларды дамыту экономикалық өрлеуте ғана емес, әлеуметтік
салаға да, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кірігуіне ықпал
етеді. Бұлар капиталды қажет ететін салалар, оларды дамыту үшін шетел
капиталымен қатар мемлекеттің қатаң стратегиялық бақылауы қажет. Бірақ
тіпті Адам Смиттің де мойындағанындай, жекеше секторды қызықтырмайтын
кейбір қоғамдық мұқтаждар да бар. Мұндай жағдайларда және осы мұқтаждарды
қамтамасыз етудегі соңғы шара ретінде мемлекет оны өз мойнына алады.
Аймақаралық ірі көлік орталығы ретіндегі біздің бағытымыз шетел
инвестицияларынын, неғұрлым бәтуагер режимін орнатуды талап етеді. Тек
осылайша ғана біз қаржы мен білімнің қажетті ағынын тартып, өз
мүмкіндіктерімізді және шетелдермен тұрақты сауда айырбасын дамыта аламыз.
Әділ әкімшілік бұлжытпай орындайтын, анық, тиімді және қатаң ұстанатын
заңдары бар ашық және бәтуагерлік инвестициялық саясат шетел
инвестицияларын тартудың барынша қуатты ынталандыру тетігі болып табылады.
Мұндай саясатты талдап жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болуға
тиіс, өйткені Қазақстанның шетел капиталынсыз, технологиясынсыз және
тәжірибесінсіз жедел экономикалық өрлеу мен жаңартуға қалай қол
жеткізетінін көз алдымызға келтіру қиын.
Біздің инвестициялық ахуалымыз неғұрлым қолайлы, ал Қазақстан тартылған
шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін
бізге саяси ерік-жігер мен нақты іс-қимыл қажет. Әлемге әйгілі
инвесторларды мумкіндігінше көптеп тарту үшін біз қажетті тетіктерді
пайдалануда асқан шеберлік танытуға да тиіспіз.
Сондықтан да мен өз Жарлығыммен Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік
комитетті құрып, оған тікелей инвестицияларды қорғаудағы саясатымызды іске
асыру құқығы бар Қазақстандағы бірден-бір мемлекеттік орган мәртебесін
бердім. 
Шетелдің күрделі қаржылары соңындағы қуғынның ұзаққа созылатынын әрі
ешқашан бітпейтінін есте ұстау керек. Бұл бәйгеде біздің артта қалуға
хақымыз жоқ.
Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру
қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Дамушы елдердің барлығы
дерлік еңбекті қажет ететін өндірістен капиталды, технология мен ғылымды
қажет ететін өндірістерге дейінгі жолдан өтті. Өндірістің инерциялық және
ауыр құрылымын құлашты бір сермеп тузетуге болмайды. Дүниежүзілік тәжірибе
жалпы ұлттық өнімде ауыл шаруашылығының, өндіруші өнеркәсіптің үлесін ұдайы
кеміту және керісінше, өңдеуші өндірістің ең алдымен — ғылымды қажет
ететін, қосылған құны жоғары өндірістерді, сондай-ақ қызмет көрсету
саласының үлесін ұлғайтуға саятын белгілі бір дәйектіліктің қажетгігін
көрсетіп отыр.
Қолайлы жағдай туғанда еліміздің тірек саласы болып табылатын мұнай-газ
өндіру саласының, сондай-ақ бүкіл өндіруші өнеркәсіптің көлемі айтарлықтай
артады деп санауға жеткілікті негізіміз бар. Бүл — өз құрылымдық
саясатымызды құруда басшылыққа алуымызға тиіс бағдар болады. Бұл ретте
біздің индустриялық стратегиямыз жекелеген кәсіпорындарды қозғамайды. Біз
мемлекеттік саясат тетіктерін Қазақстанға қолайлы салаларды дамытуға
жәрдемдесетіндей етіп пайдаланатын боламыз.
Тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ
өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай-
химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін
түпкілікті өндірістерді, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да
ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз.
Тұрақты өрлеуді қамтамасыз етуге бізге өндірісті диверсификациялау
көмектеседі. Қазірге бәтуәгер импорт кезіндегі қатаң бәсекелестік
жағдайында өндірістер мен бүтіндей салалардың нарыққа бейімделу процесі
жүріп жатқан кезде, біздің шикізаттан басқа өнімдеріміз бәсекеге түсе
алмайтын кезде біз өндірістің ауыр шикізаттық құрылымына қарай құлдырай
береміз, ал бүкіл өркениетті және дамушы әлем бұған тікелей қарама-қарсы
бағытта жүріп барады. Өндірістің қүлдырауы мен оның керітартпа құрылымы
бұдан былай есепке алмауға болмайтын екі есе қауіпті фактор болып табылады.
Егер еркін рынок шын мәнінде еркін болса, ол елде жаңа өндірістер туғызады.
Біздің міндетіміз Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастық алдында
инвестициялар үшін тартымды жер ретінде көрсетіп, неғұрлым маңызды
салаларға инвесторларды пәрменді тарту болып табылады.
Бірақ әзірге тек рыноктың күшіне ғана сенуге болмайды. Үкімет
диверсификацияның пәрменді индустриялық саясатына кірісіп, назарды
макродеңгейден микродеңгейге аударуға тиіс.
2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік
қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу
керек. Бұл, басымдық тәртібімен айтар болсақ — ауыл шаруашылығы, орман және
ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй
құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз
экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік
мәселелерін де шешеміз, бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе.
Экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін
баршамыз түсінеміз. Қарқынды экономика болмайынша біз мектептер мен
ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз, қоғамды жемқорлық пен қылмыскерліктен
қорғай алмаймыз. Сондықтан бұл басымдық бүгін де, ертең де және алдағы отыз
жылдың ішінде де ең маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді.
4-ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМДЫҚ: ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ
ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ
ТАЗАЛЫҚ — САУЛЫҚ НЕГІЗІ, САУЛЫҚ – БАЙЛЫҚ НЕПЗІ
Қазақтың халық мақалы
Экономикалық ілгерілеу біздід азаматтарымыздың игілігіне өздігінен кепілдік
бере алмайды. Гүлденген экономика жағдайында-ақ өз денсаулығын дұрыс
күтпеуінің және қоршаған ортаның ластануы салдарынан науқас адамдардың саны
жылдан-жылға өсіп отырғанын көзге елестету қиын емес. Қоғамымызды
құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және
оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек. Бул мақсатты
іске асырудағы біздің стратегиямыз мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:
Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру. Мемлекеттің, бір
жағынан, ауруды болдырмау, екінші жағынан, салауатты өмір салтын
ынталандыру жөніндегі қадамдары халықтың денсаулығына әсер ететін маңызды
фактор екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Аурулардың алдын алу
дегеніміз таза су мен кенеулі асты пайдалануды, тазарту жүйелерінің болуын,
қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтіретін объектілерді
қысқартуды, басқа да қауіпті факторларды төмендету жөніндегі осыған уқсас
шараларды білдіреді.
Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен
айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкоголді
тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т. с. с.
бағытталған. Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда ауруларға қарсы
күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды
салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. Салауатты өмір салты мен дұрыс
тамақтануды, тазалық пен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді
ақпараттық іс-шаралар жургізілуі қажет. Ол мыналарды қамтуға тиіс:
Нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес. Есірткіні әкелу мен таратуға
қолданылатын жазаны қатайту және осыған байланысты бірқатар елдердегідей,
оның ішінде Малайзия мен Сингапурдегідей өлім жазасын енгізу керек пе деген
мәселені қоғамның талқысына шығару керек. Есірткі — өте ерекше және түпке
жетегін сала, сондықтан бұл жерде адамгершілік принциптерінің қандай
дәрежеде қолданылуы улкен мәселе. Таразының бір басында оны әкеліп,
тарататын адамның өмірі тұрса, екінші басында соның „көмегімен" қор болған
есірткі тұтынушылардың ғұмыры тұр.
Темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту. Алкоголь мен темекінің адам
өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді. Халықаралық тәжірибе бұл
салада мемлекеттік саясатты жургізудің алкоголь мен темекіге салық енгізу,
сондай-ақ маскүнемдіктен емделуге арнайы салық салудан бастап, бірнеше
сабағын усынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуіміз керек.
Контрабанданың ағыны мен қылмыскерліктің өсуі сияқты кері нәтижеге душар
болмас үшін бұл арада барлығын салмақтап, бірнеше қайтара есептеп шығу
керек. Бастапқы кезде алкоголь мен темекіні жарнамалауға барлық жерде және
түпкілікті тыйым салынуға тиіс. Шылым шегу терең ойластырылып, асыра
сілтеушілікке ұрынбай, біртіндеп қоғамдық орындардан ығыстырылуы қажет.
Мұны басқаларға үлгі болу үшін мемлекеттік үйлер мен мекемелерден бастау
керек. Жалпы, адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға
төзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарықызды шылым шегушілерге ымырасыз
болуға шақырамын.
Қоғамдық сана мен мораль алкогольге барынша қарсы болуға тиіс. Мемлекет бұл
сезімді тәрбиелеуге тиіс. Кеңес өкіметі жылдарында арақ біздің
тұрмысымызға, әдетімізге, дәстүрімізге тереңдеп енді. Ол ауылдық жерлерде
де адам өмірінің ажырамас бөлігі болып алды. Бүгін көпшілік қиыншылыққа тап
боп, күйзеліске түскенде ішкілікке салыну артып отыр. 
Көптеген елдер бұл кеселге тыйым салганмен, табысқа жете алмады. Осыған
қарамастан кейбір елдер ұтымды ақпараттық және түсіндіру саясатын жүргізу,
мәдениет пен білім арқылы едәуір табыстарға қол жеткізді. Өнеркәсібі
дамыған елдерде ішімдікті пайдаланушылар мен темекі тартушылардың саны кеми
түсуде, өйткені кәсіпкерлік — денсаулығы мықты жандардың үлесі. Өмір салтын
теріс әдеттерден спортқа көшіру тиімді жолдардың бірі болып табылады.
Әйел мен баланың денсаулығын жақсарту. Ана мен баланың денсаулығын қорғау
біздін, мемлекетіміздің, денсаулық сақтау органдарының, жұртшылықтың
тікелей назарында болуға тиіс. Уақыт өтіп, қазына кірісі өскенде мемлекет
үшін де, отбасын қолдауға тиімді демографиялық саясат үшін де қолайлы
нысанда аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражат табамыз.
Біз бұрынғы уақыттан бері және қиындықтарға қарамастан бүгін де осындай
көмекті көрсетіп келеміз. Мен балалы болғысы келмейтіндерге салық енгізу
туралы ұсынысты көпшілік талқысына саламын. Одан түскен қаржыны көп балалы
отбасыларды қолдауға жұмсар едік.
Бізге жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды
тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын
нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғыз басты аналар проблемасын шешу
керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-
бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін
күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған
ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда
— еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына
қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау қажет. Жұртшылық
мұнда дұрыс шешімді көрсетіп, ол отбасы туралы заңда бейнеленуге тиіс.
Салауатты тұрмыс құрып, сол арқылы балаларына үлгі көрсетіп отырған ата-
аналарды айрықша атап көрсету қажет. Мен компаниялар мен жұмыс берушілерге
осы тұрғыдан көтермелеудің тиісті нысандарын іздестіруді ұсынар едім. 
Елімізде жыл сайын 200 мың аборт жасалады. Қоғамда абортқа тыйым салу керек
пе, жоқ па деген мәселе пікір таласына түсуі керек. Мұндай өте нәзік
мәселеде де, басқа мәселелерде де мен көпшілікті қолдаймын. Қандай жағдайда
да, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың
өркениетті жолына түсуіміз керек. 
Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа,
сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз.
Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.
Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 процентіне себеп болып
отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын. Отандастарымыздың үштен
бірі сапасыз ауызсуды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да
теріс демографиялық салдарға әкеп соғады.
Сондықтан біздің әрқайсымыз тамақтану мен ауызсуға ерекше көңіл бөлуге
тиіспіз. Біздің мамандарымыз қалай дұрыс тамақтану керек екенін, табыс
дәрежесіне қарай өз рационын қалай құру керек екенін, қазіргі заманғы жеке
басының тазалығы ережелерін орындауды, сапасы төмен ауызсудың зиянын қалай
тигізбеуді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіруден жалықпауы керек
Экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен стандарттау
органдары қойылған мақсаттардың басымдығына сәйкес жұмыс жүргізуге тиіс.
Кез келген сапасыз тамақ өнімдерін өткізушілер мен жасап шығарушыларға,
табиғи ор-аны ластаушылардың бәріне берік және қат-қабат тосқауыл қойылуы
қажет.
Мемлекеттік ведомстволардың басшылары осының бәрінде де үлгі көрсетуге
тиіс. Сонымен қатар дінбасылар мен қоғамның басқа да құрметті адамдарын осы
процеске қосылуға шақырамын. Бұл — маңызы зор мәселелер. Адамдардың
денсаулығы мен он мындаған отандастарымыздың өмірі осы шараларға тікелей
байланысты.
 
5-ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМДЫҚ: ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАРЫ
БАЙЛЫҚ — БАЙЛЫҚҚА ИЕ БОЛУДА ЕМЕС, ОНЫ ҰҚСАТА БІЛУДЕ
Сервантес
Қазақстан табиғи ресурстардың, әсіресе энергетика ресурстарының орасан зор
қорына ие. Біздің еліміздің аумағында, бағам бойынша мұнайлы алғашқы он
елдің қатарына қосарлық мұнай мен газ кен орындары бар. Сонымен қатар
Қазақстанда көмірдің, уранның, алтынның және басқа да бағалы минералдардың
мол қоры бар.
Соған қарамастан, біз көп жылдар бойы өзіміздің ішкі қажетімізді қамтамасыз
ете алмай келеміз. Бұл — кеңестер кезеңінде жасалған бөліс жүйесі, сондай-
ақ өзімізде қажетті инфрақұрылым болмауының салдары.
Сайып келгенде халықаралық рынокқа мұнай мен газ экспорттау үшін қажетті
коммуникациялардың болмауы дамуымыздың жоспарларын жүзеге асыруға керекті
қаражат алатын мүмкіндігімізді барынша шектеп отыр.
Энергетикалық ресурстарды пайдалану стратегиясы мынадай элементтерді
қамтиды:
Біріншісі, біз өз қорларымызды жедел әрі тиімді пайдалану үшін үздік
халықаралық технологиялар, ноу-хау, ірі капиталдар тарту мақсатымен басты
халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді әріптестікке барамыз. Біз
қазірдің өзінде бірсыпыра ірі контрактарға қол қойдық, ал басқа контрактар
әзірлену үстінде.
Біз ұзақ мерзімді келешекке өзімізге міндеттері сәйкес келетін әріптестер
іздейміз. Контрактарда біз Қазақстанның мүддесін, экологиясын, өз
адамдарымыздың жұмыспен қамтылуы мен даярлануын, әлеуметтік міндеттерді
шешу қажеттігін қатаң әрі парасат тұрғысынан көздестіретін боламыз.
Өзіміздің табиғи ресурстарды пайдалануда біз үздік әлемдік практикаға
сәйкес келетін және Қазақстанның мүдделеріне жауап беретін орнықты
келісімдерге мүдделіміз.
Біздің кірістеріміздің тұрақтылығы және контрактарымыздың әділеттілігі,
сондай-ақ әлемдік қауымдастықтың қолдауының кепілдігі, міне, осында жатыр.
Біздің стратегиямыздың екінші бөлігі — мұнай мен газ экспорты үшін құбыр
арналарының жүйесін құру. Тәуелсіз экспорт арналары көп болғанда ғана біз
көршіміздің біріне тәуелді болудан және келесі тұтынушыға баға жөнінен
кіріптар болудан қүлыламыз.
Үшіншісі. Отын ресурстарын пайдалану жөніндегі біздің стратегиямыз әлемдік
қауымдастықтың ірі елдерінің мүддесін Қазақстанға, оның әлемдік отын
өндіруші ретіндегі рөліне бағыттау. Бұл ретте біздің мұнай-газ бизнесімізді
инвестициялауга тиіс компаниялар мен елдер АҚШ-ты, Ресейді, Қытайды,
Жапонияны және Батыс Еуропаның мемлекеттерін қамтиды. Бұл елдер мен
компаниялардың біздің ресурстарымызды тұрақты және тұрлаулы негізде
экспорттауға деген экономикалық мүдделері Қазақстанның тәуелсіз және
қарыштап дамуына жәрдемдесетін болады.
Төртіншіден, шетел инвестицияларын тарту арқылы біз ішкі энергетика
инфрақұрылымын ұру мен дамытуды, ішкі қажеттілік пен тәуелсіз бәсекелестік
проблемаларын шешетін боламыз.
Ақыр соңында, бесіншіден, бүл стратегия осы ресурстардан түсетін келешек
кірістерді барынша үнемшілдікпен пайдалануды көздейді.
Біз өзіміздің стратегиялық ресурстарымызға қатаң бақылау қоюға, үнемшіл
болуға әрі қаражатты ұқыпты жұмсап, олардың бір бөлігін өзіміздің болашақ
ұрпақтарымыз үшін жинақтауға тиіспіз.
6-ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМДЫҚ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ӘСІРЕСЕ КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
АДАМҒА АБЫРОЙ ӘПЕРЕТІН ҮШ ІС БАР:
ҚҰМДА ҚАЗЫЛҒАН ҚҰДЫҚ, ӨЗЕНГЕ САЛЫНҒАН КӨПІР,
ЖОЛ ЖАҒАСЫНА ОТЫРҒЫЗЫЛҒАН САЯЛЫ АҒАШ
Шығыс мақалы
Тарихи тұрғыдан алғанда, еліміздің аумағы арқылы шығыстан батысқа және кері
қарай көлік легі тоқтаусыз өтіп жатты, ал олардың жылжу жиілігі бүгінгі
күні де саябырситын емес. Қазақстанның міндеті отандық көлік-коммуникация
кешенінің бәсекелестік қабілетін және аумағымыз арқылы өтетін сауда легінің
үлғайтылуын қамтамасыз етуде жатыр.
Белгілі бір дәрежеде бұл сала біршама дамыған, ал ұзақ мерзімдік келешекте
жан-жақты өсу стратегиясына ілесуге тиіс, мұның өзі ұлттық рынокты жан-
жақты жетілдіруге және біздің көлік және коммуникациялық қызметімізге ден
қоятын жаңа рыноктар іздеуге саяды. Бұл стратегия автомобиль жасау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканың өрлеуі
КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ
Қазақстан-2030 даму стратегиясы туралы ақпарат
Қазақстанның даму стратегиясын 2030 жылға дейін анықтау
Стратегиялық жоспарлаудың мәні
Қазақстандағы бастау алған стратегиялар
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатындағы Н. Назарбаевтің ролі
Қазақстанның экономикалық өсу мүкіндігі
Қазақстан Республикасында алғашқы стратегиялық жоспар
Стратегиялық жоспарлаудың мәні және құрылымы
Пәндер