Html-құжатының жалпы құрылымы



1. HTML.құжатының жалпы құрылымы
2. HTML.құжатының негізгі басқару элементтері, атрибуттары
3. HTML құжаттарының тегтері
HTML (ағылшын сөзі HyperText Markup Language «гипермәтінді белгілеу тілі»)- дүниежүзілік құжаттардың стандартты гипермәтіндік тілі. Web-парақшалардың көбі HTML (немесе XHTML) тілі арқылы құрылады. HTML тілі браузерлермен анықталады және ыңғайлы құжат ретінде көрсетіледі. HTML тiлi SGML-дiң (Standard Generalized Markup Language) қосымшасы болып табылады жəне əлемдiк ISO стандартына сəйкес келедi.
HTML тiлiнің негізін 1986-1991 жылдар аралығында британдық ғалым Tim Berners-Lee қалады. Бұл тiл web мамандары емес, адамдардың арасында ғылыми жəне техникалық құжаттарды алмасу үшiн құрылған. HTML арқылы қарапайым, бірақ әдемі өңделген құжатты құруға болады. құжаттың құрылымын жеңілдетумен қатар, HTML тілінде гипермәтінді қолдау енгізілген, кейіннен мультимедиялық мүмкіндіктер қосылды.
HTML құжаттарын жасау үшін мəтіндік редакторларды (мысалы, блокнот), мəтіндік процессорларды (Word) жəне визуалдық HTML редакторларын қолданады. Қарапайым блокнотта арнайы стандартты ұстана отырып, HTML кодты мəтіндік файлында жазып қойып, қатқыл дискіде .txt деген кеңейтуді .html немесе .htm құжат ретінде сақтаса, толық web-парақша алынады. Web-парақшаны ашу үшін желімен байланыста болу қажетті емес.
HTML тілі:
• мәтінді форматтауға;
• ол жердегі функционалдық элементтерді (батырмаларды, кестелерді және т.б.) ажыратуға;
• интернеттің басқа ресурстарына сілтемелер құруға (гипермәтіндер);
• бейнеленетін парақшаға әр түрлі сыртқы нысандарды (кескін, дыбыс жазу және т.б.) қоюға;
• парақшаға программалау (мысалы, JavaScript) тілінде жазылған программалық кодтарды қосуға мүмкіндік береді.
HTML құжаттарды форматтауға нақты және дәл атрибуттарды бермейді. Құжаттың нақты түрін тек қана Интернет пайдаланушының компьютерінде программа-браузері анықтайды.
HTML-дің негізгі компоненттері:
- Тег (tag). HTML тегі – бұл web-браузерге абзацты құру немесе кескінді қою сияқты белгілі бір есепті орындауға команда беретін компонент.
- Контейнер. Жұпталған тег контейнер деп аталады. Олар екі бөліктен тұрады: ашылатын және жабылатын тегтер.
- Атрибут (немесе аргумент). HTML атрибуты тегті өзгертеді. Мысалы, тегтің ішінде абзацты немесе кескінді тегістеуге болады.
- Мән. Мән атрибуттарға меншіктеледі және енгізілетін өзгерістерді анықтайды. Мысалы, егер тег үшін тегістеу атрибуты пайдаланылса, онда осы атрибуттың мәнін көрсетуге болады. Мәндер left немесе right мәтіндік типте бола алады, сонымен қатар мәні пиксельмен анықталатын кескіннің енін немесе биіктігін анықтайтын сандық типте де болуы мүмкін.

HTML-құжатының жалпы құрылымы

HTML (ағылшын сөзі HyperText Markup Language гипермәтінді
белгілеу тілі)- дүниежүзілік құжаттардың стандартты гипермәтіндік тілі.
Web-парақшалардың көбі HTML (немесе XHTML) тілі арқылы құрылады. HTML тілі
браузерлермен анықталады және ыңғайлы құжат ретінде көрсетіледі. HTML тiлi
SGML-дiң (Standard Generalized Markup Language) қосымшасы болып табылады
жəне əлемдiк ISO стандартына сəйкес келедi.
HTML тiлiнің негізін 1986-1991 жылдар аралығында британдық ғалым Tim
Berners-Lee қалады. Бұл тiл web мамандары емес, адамдардың арасында ғылыми
жəне техникалық құжаттарды алмасу үшiн құрылған. HTML арқылы қарапайым,
бірақ әдемі өңделген құжатты құруға болады. құжаттың құрылымын жеңілдетумен
қатар, HTML тілінде гипермәтінді қолдау енгізілген, кейіннен мультимедиялық
мүмкіндіктер қосылды.
HTML құжаттарын жасау үшін мəтіндік редакторларды (мысалы, блокнот),
мəтіндік процессорларды (Word) жəне визуалдық HTML редакторларын қолданады.
Қарапайым блокнотта арнайы стандартты ұстана отырып, HTML кодты мəтіндік
файлында жазып қойып, қатқыл дискіде .txt деген кеңейтуді .html немесе .htm
құжат ретінде сақтаса, толық web-парақша алынады. Web-парақшаны ашу үшін
желімен байланыста болу қажетті емес.
HTML тілі:
• мәтінді форматтауға;
• ол жердегі функционалдық элементтерді (батырмаларды, кестелерді және
т.б.) ажыратуға;
• интернеттің басқа ресурстарына сілтемелер құруға (гипермәтіндер);
• бейнеленетін парақшаға әр түрлі сыртқы нысандарды (кескін, дыбыс жазу
және т.б.) қоюға;
• парақшаға программалау (мысалы, JavaScript) тілінде жазылған
программалық кодтарды қосуға мүмкіндік береді.
HTML құжаттарды форматтауға нақты және дәл атрибуттарды бермейді.
Құжаттың нақты түрін тек қана Интернет пайдаланушының компьютерінде
программа-браузері анықтайды.
HTML-дің негізгі компоненттері:
- Тег (tag). HTML тегі – бұл web-браузерге абзацты құру немесе кескінді
қою сияқты белгілі бір есепті орындауға команда беретін компонент.
- Контейнер. Жұпталған тег контейнер деп аталады. Олар екі бөліктен
тұрады: ашылатын және жабылатын тегтер.
- Атрибут (немесе аргумент). HTML атрибуты тегті өзгертеді. Мысалы,
тегтің ішінде абзацты немесе кескінді тегістеуге болады.
- Мән. Мән атрибуттарға меншіктеледі және енгізілетін өзгерістерді
анықтайды. Мысалы, егер тег үшін тегістеу атрибуты пайдаланылса, онда
осы атрибуттың мәнін көрсетуге болады. Мәндер left немесе right
мәтіндік типте бола алады, сонымен қатар мәні пиксельмен анықталатын
кескіннің енін немесе биіктігін анықтайтын сандық типте де болуы
мүмкін.
Тегтер – мәтінді белгілеу құралы болып табылады. Тегтер бас əріппен де
кіші əріппен де жазыла береді. Барлық тегтер бірдей форматты: “” белгімен
басталады және “” белгімен аяқталады. Олар жұптарымен (html-ашылатын
және html-жабылатын тегтер) де, жалғыз да болады.
HTML программасы HTML тегімен басталып HTML тегімен аяқталады.
Аяқталу мен басталу тегтерінің айырмашылығы – аяқтау тегінде слэш
таңбасының қойылуында.
HTML
... .. (бұл жерде программаның басқа тегтері болады)
HTML

HTML – программасы екі негізгі бөлімнен тұрады: атауынан және
денесінен. Атауы HEAD және HEAD тегтер жұбымен шектеледі, ал денесі
BODY және BODY тегтер жұбымен шектеледі.
Нәтижесінде программа мына түрде жазылады:

HTML
HEAD
... (атауы)
HEAD
BODY
... (программа денесінің басқа тегтері)
BODY
HTML

Сонымен қатар, браузер терезесінің атауында орналасатын әрбір HTML-
программаның атауы болады. Браузер терезесінің атауы TITLE және TITLE
екі тегтің көмегімен құрылады және HEAD және HEAD тегтерінің арасында
орналасады.

HTML
HEAD
TITLE HTML негіздері TITLE ;
HEAD
BODY
... (программа денесінің басқа тегтері)
BODY
HTML

HTML-программаларды жазған кезде, браузердегі құжатты жүктегенде
көрінбейтін, мәтіндерді түсіндіретін – түсініктеме қою қажет болады. Осы
мақсатта ! тегі пайдаланылады. ! және символдарының арасында
орналасқанның бәрі түсініктеме болып есептеледі де браузерде бейнеленбейді.

Блокнот мәтіндік редакторына төмендегі файлды енгіземіз:

!DOCTYPE HTML PUBLIC "-W3CDTD HTML 4.01 TransitionalEN"
"http:www.w3.orgTRhtml4loose.d td"
html
head
title Менің бірінші парақшам! title
head
body
!—Алғашқы сөйлемді жазамын!--
Алғашқы парақшамды құрдым!!!
body
html

Осы программа мәтінін html құжаты ретінде сақтаймыз.
HTML тіліндегі форма – пайдаланушыға жүйемен кейіннен өңдеу үшін
ақпаратты енгізуге мүмкіндік беретін құжат бөлімі. HTML-дағы форма FORM
элементінің көмегімен беріледі және қарапайым элементтерді белгілеуге
қосымша басқару элементтері, таңба және т.б. белгілерді қамтиды.
Басқару элементтері пайдаланушының формамен өзара әрекеттесуі үшін
қызмет атқарады. NAME атрибуты берілген форманың ішіндегі басқару
элементінің атын анықтайды.
Форманың әрбір элементімен бастапқы және ағымдық мән байланысты.
Бастапқы мән value атрибутымен (textarea, object мәндерінен басқа) берілуі
мүмкін. Элементтерге сәйкес мәндер пайдаланушының немесе скрипттердің
формамен өзара әрекеттесуінде өзгеруі мүмкін. Форманы тазарту барысында
элементтер жаңа бастапқы мәнді қабылдайды.

HTML-құжатының негізгі басқару элементтері, атрибуттары

HTML-да келесі басқару элементтері анықталған:
• батырма: submit, image, reset, button типтеріндегі input элементі және
button элементі;
• чекбокс (жалауша): checkbox типі;
• радиобатырма: radio типі;
• мәзір: select элементі ішінде optgroup және option элементтерімен;
• мәтін жолы: text типі, сонымен қатар textarea элементі;
• пароль: password типі;
• жасырын өріс: hidden типі;
• файл: file типі;
• объект: object элементі;

Кейбір HTML нұсқаларында келесі
• datalist элементі – мәтін жолдарын автотолтыру нұсқасын бейнелейтін;
• output элементі – басқа өрістер негізінде есептеу нәтижелері үшін;
• keygen элементі – аутентификациялау механизмінде пайдаланылатын
кілттер жұбын генерациялау қосымша элементтер анықталады:.
Форма ішінде басқару элементтері орналасқан FORM элементінің көмегімен
беріледі. HTML-ге ортақ атрибуттардан өзге FORM элементінде келесі
атрибуттар болуы мүмкін:
• action (амал) — форма өңдеуші URI қамтитын міндетті атрибут;
• method (форманы жөнелту әдісі) – GET (үнсіздік бойынша) немесе POST
мәндерін қабылдайтын атрибут;
• enctype (ішіндегісі үшін кодтау типі) – үнсіздік бойынша applicationx-
www-form-urlencoded (барлық кезде GET әдісі үшін), бірақ негізінен
multipartform-data қолданылады;
• accept — файлдарды жүктеу үшін MIME-типіндегі тізімдер;
• name — форма аты;
• onsubmit — форма жіберілді оқиғасының өңдеушісі;
• onreset — форма тазартылды оқиғасының өңдеушісі;
• accept-charset қолданылатын символдар жиынының тізімі.
Формаларды жөнелтудің екі формасы бар: GET және POST. GET ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
WORLD WIDE WEB және HTML тілі туралы
Мәтінді пішімдеу
Қарапайым Internet - қосымшаларың жасау
Гипермәтіндік белгілеу принциптері. Құжаттар құрылымы
HTML синтаксисі
World Wide Web және HTML
HTML тілінің тегтері
Құжаттың HTML - HEAD бас контейнері
HTML тэгтер тобы
HTML – базалық технологиясы
Пәндер