«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары



1. Жалпы ережелер
2. Күйдіргінің алдын алу бойынша санитариялық.эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс.шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық.эпидемиологиялық талаптар
3.Туляремияның алдын алу бойынша санитариялық.
эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс.шараларды
ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық.эпидемиологиялық талаптар
4. Қырым.Конго геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша
санитариялық.эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс.шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық.эпидемиологиялық талаптар
1. Осы «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алуға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және ветеринариялық-санитариялық бақылау органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
3. Осы Санитариялық қағидадалар мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) аса қауіпті инфекциялар – халық арасында өлім-жітімді көбейтіп, жаппай белең алатын, үлкен аумақтарға тез таралатын және адамдардың көпшілігін зақымдайтын, адамнан адамға берілуге қабілетті аурулар (эпидемиялық белең алулар мен эпидемиялар);
2) мәжбүрлеп сою – қырылуды болдырмау мақсатында немесе емдеудің экономикалық жағынан тиімсіздігіне байланысты ауру малды сою;
3) инфекциялық ауру қоздырғышының резервуары – патогенді микроорганизмдердің биологиялық иелері;
4) инфекция тасымалдаушылар – табиғатта ауру қоздырғыштары болып табылатын жылы қанды жануарлар, ең алдымен кеміргіштер және басқа да ұсақ сүт қоректілер (сирек жағдайда құстар);
5) инфекция таратушылар – негізінен салқын қанды омыртқасыз жануарлар, атап айтқанда қан соратын жәндіктер, кенелер;
6) инсектоакарицидтік қасиет – құралдың (препараттың) жәндіктерді ғана емес, кенелерді де жоятын қасиеті;
7) импрегнация – адамға қан сорушыларды жақындатпау мақсатында сыртқы киімді инсектицидтермен немесе репеллентермен өңдеу;
8) контаминация (жанасу) – қоршаған ортадағы заттарда микроорганизмдердің табылуы;
9) қауіп төндіретін аумақ – күйдіргі бойынша қолайсыз елді мекенмен тікелей шекараласатын аумақ немесе адамдар мен жануарлардың ауруға шалдығу қаупі бар аумақ;
10) қорғаныш аймағы – инфекция тасымалдаушылары және/немесе таратушылары жойылған елді мекеннің айналасындағы аумақ;
11) резистенттілік – пестицидтердің, улы химикаттардың және басқа да агенттердің әсеріне шыдамдылық;

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
№ исх: 1476 от: 06.12.2011
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 06 желтоқсан
№ 1476 қаулысына
қосымша

Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша
санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
санитариялық қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша
санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды
ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидалар (бұдан әрі –
Санитариялық қағидалар) аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын
алуға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы
(профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге
қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды Қазақстан
Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау және ветеринариялық-санитариялық бақылау органдары өз
құзыреті шегінде жүзеге асырады.
3. Осы Санитариялық қағидадалар мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) аса қауіпті инфекциялар – халық арасында өлім-жітімді көбейтіп,
жаппай белең алатын, үлкен аумақтарға тез таралатын және адамдардың
көпшілігін зақымдайтын, адамнан адамға берілуге қабілетті аурулар
(эпидемиялық белең алулар мен эпидемиялар);
2) мәжбүрлеп сою – қырылуды болдырмау мақсатында немесе емдеудің
экономикалық жағынан тиімсіздігіне байланысты ауру малды сою;
3) инфекциялық ауру қоздырғышының резервуары – патогенді
микроорганизмдердің биологиялық иелері;
4) инфекция тасымалдаушылар – табиғатта ауру қоздырғыштары болып
табылатын жылы қанды жануарлар, ең алдымен кеміргіштер және басқа да ұсақ
сүт қоректілер (сирек жағдайда құстар);
5) инфекция таратушылар – негізінен салқын қанды омыртқасыз жануарлар,
атап айтқанда қан соратын жәндіктер, кенелер;
6) инсектоакарицидтік қасиет – құралдың (препараттың) жәндіктерді ғана
емес, кенелерді де жоятын қасиеті;
7) импрегнация – адамға қан сорушыларды жақындатпау мақсатында сыртқы
киімді инсектицидтермен немесе репеллентермен өңдеу;
8) контаминация (жанасу) – қоршаған ортадағы заттарда
микроорганизмдердің табылуы;
9) қауіп төндіретін аумақ – күйдіргі бойынша қолайсыз елді мекенмен
тікелей шекараласатын аумақ немесе адамдар мен жануарлардың ауруға шалдығу
қаупі бар аумақ;
10) қорғаныш аймағы – инфекция тасымалдаушылары жәненемесе
таратушылары жойылған елді мекеннің айналасындағы аумақ;
11) резистенттілік – пестицидтердің, улы химикаттардың және басқа да
агенттердің әсеріне шыдамдылық;
12) күйдіргі бойынша стационарлық-қолайсыз пункт (СҚП) – топырақты
ошақ немесе адамның немесе жануардың күйдіргіге шалдығу жағдайы тіркелген
аумақтағы пункт;
13) табиғи ошақ – белгісіз ұзақ уақыт бойы сырттан әкелместен ауру
қоздырғышының айналымы жүзеге асырылатын жер бетінің учаскесі;
14) топырақты ошақтар – күйдіргіден қырылған малдың өлген, сойылған,
мүшеленген және өлекселерінің заңсыз көмілген жерлері;
15) физикалық күресу әдісі – пестицидтерді (улы химикаттарды)
қолданбастан, кеміргіштерді немесе буын аяқтыларды жоюдың агротехникалық іс-
шараларын, механикалық құрылғыларды, жабысқақ массаларды және басқа да
әдістерді қолдану;
16) химиялық күресу әдісі – инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын
таратушыларды және тасымалдаушыларды пестицидтер мен улы химикаттарды
пайдалана отырып жою;
17) эпидемиялық ошақ – науқас адамның тұратын жері;
18) эпизоотиялық ошақ – инфекция қоздырғышының көзі, берілу факторлары
және сезімтал жануарлар орналасқан, шектелген орын.

2. Күйдіргінің алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы
(профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

4. СҚП-да және күйдіргі бойынша қауіп төндіретін аумақтарда
санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) және эпизоотияға
қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
талаптар ветеринария саласындағы мемлекеттік органдардың
аумақтық бөлімшелерінің мынадай шараларды сақтауы болып
табылады:
1) күйдіргінің эпизоотиялық ошақтарын, күйдіргінің топырақты
ошақтарының координаттары мен шекараларын белгілеу арқылы СҚП
анықтау және тіркеу;
2) топырақты ошақтарды бүкіл периметрі бойынша ормен және
қоршаулармен қоршау, күйдіргі деген жазуы бар тақтайшаларды
ілу;
3) ішкі сауда, малдан алынатын шикізат пен өнімді дайындау, сақтау
және өңдеу объектілерінде мал топтасатын жерлердің
ветеринариялық-санитариялық жағдайын бақылау;
4) мал қорымдарының, мал айдайтын трассалардың, мал шаруашылығы
объектілерінің жағдайын бақылау;
5) СҚП-да, мал шаруашылығы қожалықтарында, мал сою пункттерінде,
малдан алынатын шикізат пен өнімді дайындайтын және сақтайтын
жерлерде, мал таситын барлық көлік құралдарында, мал өнімін
қайта өңдейтін кәсіпорындардағы өндірістік үй-жайларда
профилактикалық дезинфекция жүргізу.
5. СҚП-да және күйдіргі бойынша қауіп төндіретін аумақтарда
санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру
және жүргізу кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері мынадай талаптарды
сақтауы қажет:
1) күйдіргінің эпидемиялық ошақтарын анықтау және тіркеу,
күйдіргінің топырақты ошақтарының координаттары мен шекараларын
белгілей отырып СҚП-ны картаға түсіру;
2) халықпен, сондай-ақ күйдіргінің инфекция көздерін, факторларын
және оның таралу жолдары мен профилактика шараларын көрсете
отырып, малдан алынатын шикізатты дайындау, жинау, сақтау,
тасымалдау, қайта өңдеу және өткізумен айналысатын адамдар
арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу;
3) эпидемиялық ошақтарда профилактикалық, ағымдағы және қорытынды
дезинфекция жұмыстарын жүргізу.
6. СҚП-да және қауіп төндіретін аумақтарда:
1) тиісті аумақтағы ветеринариялық-санитариялық инспектордың
рұқсатынсыз еріксіз түрде мал союға;
2) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз және ветеринария
саласындағы аумақтық органның келісімінсіз топырақ алуға және
ауыстыруға байланысты агромелиоративтік, құрылыс және басқа да
жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
7. Қазақстан Республикасының аумағында ветеринариялық-санитариялық
сараптамасыз ет және ет өнімін өткізуге тыйым салынады.
8. Топырақты ошақтардың санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемін
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы және
ветеринария саласындағы уәкілетті органдар бірлесіп белгілейді.
9. Санитариялық-қорғаныш аймағында топырақты қазуға және ауыстыруға,
оның су басуына байланысты қазу, гидромелиоративтік, құрылыс және
басқа да жұмыстар үшін, сондай-ақ жалға беруге, жеке меншікке
сатуға, бау-бақша немесе өзге де мақсатта пайдалану үшін жер
учаскелерін бөлуге жол берілмейді.
10. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің мемлекеттік ветеринариялық
қызмет органдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы
уәкілетті органның келісімі бойынша күйдіргіге қарсы вакцинаны
қолдану жөніндегі нұсқаулықта көзделген тәртіппен және мерзімдерде
ауыл шаруашылығы малдарына профилактикалық вакцинациялау жүргізеді.
Вакцинация өткеннен кейін 14 күн бойы вакцинацияланған барлық
малдарға бақылау жүргізіледі.
11. Күйдіргіге қарсы вакцинациялау жүргізу вакцинацияланған малдың
(түрлері бойынша) санын, вакцинаның, дайындаушы кәсіпорынның толық
атауын, сериясы мен бақылау нөмірлерін, дайындау күні мен
қолданылған вакцина санын көрсете отырып, актімен ресімделеді.
Актіге мал иелерінің қолы қойылған вакцинацияланған малдың тізімі
қоса беріледі.
12. Вакцинациядан кейін 14 тәулік ішінде күйдіргіге қарсы
вакцинацияланған малды етке союға және вакцинациядан кейін 14
тәулік өткенше өлген малдың терісін алуға жол берілмейді.
13. Мал өнімдерін және шикізатын дайындау, қайта өңдеу, өткізу
ұйымдарында меншік түріне қарамастан, мынадай талаптарды сақтауы
қажет:
1) тұтас еттерге және малдың ішкі ағзаларына ветеринариялық тексеру және
ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу, зертханалық
зерттеулерді жүзеге асыру;
2) ет пен басқа да өнімді зарасыздандыру, пайдалануға жарамсыз болған
жағдайда оны кәдеге жарату;
3) ет өнімін арнайы оқшауланған және сүргі салынған камераларда,
тоңазытқыштарда сақтауды және ветеринариялық зертханалық зерттеулер
жүргізу кезеңінде күйдіргі қоздырғыштарын жұқтыруға күдікті еттің
сақталуын қамтамасыз ету.
14. Мал өнімі мен шикізатын дайындау, қайта өңдеу және өткізу
ұйымдарында жыл сайын және жұмысқа қабылдау кезінде өндірістік
қызметі малды күтуге, ұстауға және бағуға, мал өнімі мен шикізатын
сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және сатуға байланысты
жұмыскерлерді күйдіргінің алдын алу қағидаларына оқытуды
жүргізеді.
15. Адамдарды күйдіргіге қарсы профилактикалық вакцинациялауды (ерекше
профилактика) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30
желтоқсандағы № 2295 қаулысымен бекітілген Қарсы профилактикалық
егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және
халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарына сәйкес аумақтық
денсаулық сақтау органы жүргізеді.

16. Күйдіргіге қарсы жоспарлы вакцинацияны мемлекеттік денсаулық
сақтау ұйымдары халықтың мынадай контингентіне жүргізіледі:
1) күйдіргі қоздырғышының болуына зерттеу жүргізетін зертханалардың
қызметкерлері;
2) ет комбинаттарының, мал сою пункттерінің және мал шаруашылығының
ішкі сауда өнімі объектілерінің жұмыскерлері;
3) малдан алынатын шикізатты жинау, сақтау, тасымалдау және
бастапқы өңдеумен айналысатын адамдар.
17. Өлген малдың тұтас етін ашу және бөлшектеу барысында күйдіргіге
күдіктенген жағдайда жұмыс тоқтатылады.
18. Малдардың күйдіргімен сырқаттану және күйдіргіге күдікті малдардың
өлу жағдайлары тіркелгені туралы ақпаратты алған кезде тиісті
аумақтың Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы ауру
және өлген малдарға тексеру жүргізеді.
19. Күйдіргіге күдік туындаған кезде малдың өлексесінен патологиялық
материалдың мынадай үлгілері алынады және ветеринариялық
зертханаға жіберіледі:
1) құлақ тілігінің, перифериялық тамырлардың қаны немесе құлақ
жарғағы кесіп алынады және жіберіледі (алдын ала өлексе жатқан
жақтан екі лигатура қояды, тіліктің шеттерін күйдіреді);
2) қан аралас сұйықтықтар болған жағдайда ауыз және мұрын
қуыстарынан алынған шайындылар.
20. Жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметі сараптама
нәтижелерін алғанға дейін күйдіргінің болуына күдікті малдың
өлекселерін осы Санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес қажетті
биологиялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жояды.
21. Патологиялық материал биологиялық қауіпсіздік шаралары сақтала
отырып, ветеринариялық зертханаға қолма-қол жіберіледі.
Ветеринариялық зертханада материал микроскопиялық (материал түскен
күні), бактериологиялық (үш тәулік ішінде), биологиялық (10 тәулік
ішінде) әдістермен зерттелуі тиіс.
22. Микроскопиялық зерттеулердің алдын ала оң қорытындысын алған кезде
ветеринариялық қызмет тиісті аумақтың бас мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторын хабардар етеді.
23. Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
инспекторы аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органына
шұғыл хабарлама жібереді және санитариялық-эпидемиологиялық
қызметтің өкілімен бірлесе отырып, эпизоотиялық-эпидемиологиялық
тексеру жүргізеді, күйдіргі қоздырғышын жұқтырды деп күдік
тудырған өнімді (сүт, ет, тері) өткізуге және әкетуге жол
бермейді.
24. Ветеринариялық зертхана түпкілікті оң нәтижені растаған кезде
жергілікті атқарушы орган тиісті аумақтың бас мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынымы бойынша карантин
енгізеді, бұл кезде:
1) малдың барлық түрлерін кіргізуге және әкелуге, шығаруға және әкетуге;
2) малдан алынатын шикізат пен өнімді дайындауға және әкетуге, шаруашылық
ішінде малды айдауға;
3) ауру малдың сүтін пайдалануға;
4) малдарды етке союға;
5) өлген малдарды ашуға және олардың терісін алуға;
6) кезек күттірмейтіннен басқа ветеринариялық хирургиялық операцияларды
жүргізуге;
7) СҚП аумағына бөгде адамдардың кіруіне, оның аумағына объектіге қызмет
көрсетуге байланысты емес көліктің кіруіне;
8) табиғи су қоймаларынан малдарды суаруға;
9) малдарды және малдан алынған өнімдерді сатуға, ауыл шаруашылығы
жәрмеңкелерін, көрмелерін (аукциондар) және адамдар мен малдар
жиналатын басқа да қоғамдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
25. Карантин өлім-жітім болған соңғы жағдай тіркелген күнінен бастап
15 күн өткеннен соң алынады.
26. Тиісті аумақтағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
инспектор, сондай-ақ аумақтық ветеринариялық-санитариялық бақылау
органдары санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен
бірлесіп, эпизоотиялық ошақты жою бойынша іс-шаралар жоспарын
құрады.
27. Күйдіргінің эпизоотиялық ошағында ветеринариялық қызмет мамандары
күйдіргі аллергені бар тері-аллергиялық сынамамен зерттелетін
шошқалардан басқа, барлық мал басына клиникалық тексеру жүргізеді.

28. Жергілікті атқарушы органдар ветеринария саласындағы уәкілетті
органның ұйымымен бірлесіп күйдіргі ауруымен ауырған және одан
өлген малдар болған аумақтар мен үй-жайларды тазалауды және
дезинфекциялауды ұйымдастырады, малдарды өңдеуді Қазақстан
Республикасында қолдануға рұқсат етілген инсектицидтермен және
дезинфекциялаушы құралдармен жүргізеді.
29. Күйдіргі ауруымен ауырған немесе одан өлген малдар болған
учаскелерден дақылдар, қатты және жұмсақ жемдер шығарылмайды, олар
сол жерде жойылады немесе оларды күйдіргіге қарсы вакцинациялау
жүргізілген малға береді.
30. Күйдіргі бойынша қолайсыз малдан алынған шикізат және өнім
анықталған кезде оны дайындау, сақтау және өңдеу жөніндегі
ұйымдарда Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі
Ветеринария туралы № 339-ІІ Заңына (бұдан әрі – Қазақстан
Республикасының Ветеринария туралы Заңы) сәйкес карантин
енгізіледі. Малдан алынған өнімдер және шикізат жойылады.
31. Күйдіргі бациллаларымен контаминацияланған малдан алынған шикізат
және өнімдерді дайындау, сақтау және өңдеуді жүзеге асыратын үй-
жайларда Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген
құралдармен дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіледі.
32. Күйдіргі ауруымен ауыратын немесе оған күдікті науқасты немесе
пациентті анықтаған денсаулық сақтаудың мемлекеттік және
мемлекеттік емес секторындағы медициналық ұйымдар оны инфекциялық
стационарға, ол болмаған жағдайда оқшауланған жеке терапевтік
палатаға (боксқа) жатқызады, ол жерде оған биологиялық қауіпсіздік
қағидалары сақтала отырып, білікті терапевтік көмек көрсетіледі.
33. Күйдіргі ауруымен ауыратын науқас немесе оған күдікті анықталған
жағдайда оларды ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына
қарамастан, медициналық ұйымдар 3 сағат ішінде аумақтық
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына шұғыл
хабарлама жібереді.
34. Диагнозды анықтаған немесе өзгерткен медициналық ұйым 12 сағат
ішінде ауру анықталған жердегі аумақтық мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық қадағалау органына өзгертілген диагнозды, оны
белгілеу күні мен бастапқы диагнозды көрсете отырып, жаңа шұғыл
хабарлама жібереді.
35. Күйдіргімен ауыратын науқас немесе оған күдікті анықталған кезде
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органы
ветеринария саласындағы аумақтық уәкілетті органға хабарлайды.
36. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органының
мамандары ветеринария саласындағы аумақтық органның өкілімен
бірлесіп, эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізеді.
37. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары күйдіргінің
эпидемиялық ошағында мыналарды қамтамасыз етеді:
1) науқас адамдарды анықтау және ауруханаға жатқызу;
2) қорытынды дезинфекция жүргізу;
3) ошақты оқшаулау және жою бойынша іс-шаралар жоспарын құру.
38. Медициналық ұйымдар эпидемиялық ошақта үй-үйді аралауды, инфекция
көзімен байланыста болған адамдарды бақылауды, шұғыл
профилактиканы және санитариялық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
39. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары мен науқас
емге жатқызылған инфекциялық стационарлар және обаға қарсы
станциялардың зертханалары науқастардан немесе күйдіргіге күдікті
адамдардан материал алуды және оны зерттеуді жүргізеді.
40. Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары және
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар күйдіргімен
ауыратын науқас немесе оған күдікті анықталған жағдайда ет және ет
өнімінен, сыртқы орта объектілерінен (топырақ, заттардан алынған
шайындылар) сынама алады және оларға зерттеу жүргізеді.

3. Туляремияның алдын алу бойынша санитариялық-
эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды
ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

41. Туляремияның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы
(профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге
қойылатын талаптар мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қызметтің аумақтық органдары мен ұйымдарының табиғи ошақтардың
(туляремияның белең алулары бұрын болған және қоздырғыштарының
өсірінділері оқшауланған аудандардан бастап) ландшафтылы типтеріне
байланысты эпизоотологиялық тексеру (көктемде және күзде) жүргізуі
болып табылады.
42. Туляремияның табиғи ошақтарын эпизоотологиялық тексеру негізінде
аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау
органдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, санитариялық-
эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың кешенді
бағдарламасын жасайды, онда мыналар көзделеді:
1) кейіннен тиімділікті бағалау арқылы іс-шараларды жүргізу көлемін және
мерзімдерін негіздей отырып, туляремияның табиғи ошақтарын сауықтыру
(дезинфекция, дератизация, кенелерді жою);
2) жаңа аумаққа инфекцияның әкелінуінің алдын алу;
3) медициналық қызметкерлерді даярлау;
4) халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу.
43. Аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау
органдары туляремияға қарсы профилактикалық вакцинациялау
қажеттілігін және жүргізу көлемдерін анықтайды.
44. Вакцинациялауға жататын контингентті жоспарлау және іріктеу табиғи
ошақтардың эпидемиялық белсенділік дәрежесін есепке ала отырып,
сарапталып жүзеге асырылады.
45. Адамдарды туляремияға қарсы профилактикалық вакцинациялауды
(ерекше вакцинация) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
30 желтоқсандағы № 2295 қаулысымен бекітілген Қарсы
профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесіне, және оларды
жүргізу ережесіне халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарына
сәйкес аумақтық денсаулық сақтау органы жүргізуі тиіс.
46. Жайылмалы-батпақты, тау етегіндегі-өзен типіндегі табиғи ошақтарда
және тұрақты резервация аймағының аумағында 7 жасқа дейінгі
балаларды, 55 жастан асқан және қарсы
көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, барлық тұрғындар жоспарлы
вакцинацияланады.
47. Оқшау ошақтар аймағы аумағындағы табиғи ошақтарда жоспарлы екпелер
туляремияның оқшау, нақты шектелген ошақтары бар жекелеген
аудандар аумақтарында орналасқан елді мекендерде жүргізіледі.
48. Тоғайлы, далалық типтегі табиғи ошақтарда және тәуекел, шығару
және салауаттылық аймағы аумағында мынадай тәуекел топтарына
кіретін адамдар вакцинацияланады: аңшылар, балықшылар, олардың
отбасы мүшелері, бақташылар, диқандар, мелиораторлар, сондай-ақ
маусымдық және вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдар.
49. Әрбір 5 жыл сайын қайта вакцинациялау жүргізіледі.
50. Туляремияға қарсы вакцинациялаудың уақтылы және сапалы өткізілуін
бақылауды аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау органдары жүзеге асырады.
51. Туляремиямен ауыратын науқас анықталған немесе оған күдік
туындаған кезде ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына
қарамастан, медициналық ұйымдар 12 сағат ішінде аумақтық
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына шұғыл
хабарлама жібереді.
52. Диагнозды нақтылаған немесе өзгерткен медициналық ұйым да
12 сағат ішінде ауру анықталған жердегі аумақтық
санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органына өзгертілген
диагнозды, оның қойылған күнін және алғашқы диагнозды көрсете
отырып, жаңа шұғыл хабарлама жібереді.
53. Эндемиялық аудандарда бес күннен астам уақытта қызбамен ауыратын
науқастардың, лимфадениттер, конъюктивиттер, этиологиясы белгісіз
паротиттер мен баспамен ауыратын науқастардың қан сарысуын
туляремияға серологиялық зерттеу жүргізіледі.
54. Туляремияның абдоминалдық, өкпелік, конъюнктивалық-бубонды,
ангиноздық-бубондық, ойық жаралы-бубондық және бубондық түрлері
бар науқастар ауру орташа және ауыр өткен жағдайда стационарлардың
инфекциялық бөлімшелеріне жатқызылады.
55. Ауру жеңіл өтетін терілік-бубондық және бубондық түрлері, қалыпты
лимфаденит пен 37,5ºС-дан аспайтын қызбалы реакция болған кезде
амбулаториялық жағдайларда емдеуге жол беріледі.
56. Туляремиямен ауырған адаммен байланыста болған адамдарға
антибиотиктермен профилактика және медициналық бақылау
жүргізіледі.
57. Адамның туляремиямен ауыруы жағдайларын аумақтық мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары эпизоотологиялық-
эпидемиологиялық тұрғыдан тексереді.
58. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша шұғыл эпизоотологиялық
тексеру және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен
туляремияның қоздырғышын тасымалдаушыларды және таратушыларды жою
бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
59. Туляремиямен жаппай сырқаттану туындаған жағдайда аумақтық
медициналық ұйымдар тұрғындарға медициналық қадағалау
ұйымдастырады және жүргізеді.
60. Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары белең
алу типіне немесе аурудың жағдайына байланысты:
1) суға, дайындалған теріге, ауланған жануарлардың тұтас еттеріне
(аурудың кәсіпшілік типі кезінде);
2) қансорғыш буын аяқтыларға (трансмиссивті типі кезінде);
3) ауру жұқтыруы мүмкін шөпке, астыққа және басқа да өнімдерге
(ауыл шаруашылығы типі кезінде);
4) тамақ өнімдеріне, ауыз суға, үйде тіршілік ететін кеміргіштерге
(тұрмыстық типінде);
5) шикізатқа, малдан алынған кенелерге (өндірістік типінде)
бактериологиялық зерттеулер жүргізеді.
61. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар аурудың
типіне қарай жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізіледі:

1) туляремияның суда белең алуы кезінде – шаруашылық-ауыз сумен
жабдықтау көздерін тексеру, тазалау және дезинфекциялау,
шомылуға арналған жұқпалы су айдындарын пайдалануға тыйым
салынады, ішу үшін тек қайнаған су ғана пайдаланылады;
2) трансмиссивті белең алу кезінде – қолайсыз аумақтарға
туляремияға қарсы егілмеген адамдардың баруына шек қойылады,
жәндіктердің, соның ішінде кенелердің санын азайту және оларды
жою жөніндегі іс-шаралар (дезинсекция), қорғаныш киімі мен
репеленттер пайдаланылады;
3) ауыл шаруашылығы жұмыстарымен байланысты белең алулар кезінде –
дератизация, астық пен өңделмеген жемдерді залалсыздандыру,
малдардағы иксодты кенелерді жою (кене басқан малды өңдеу
(жоспарлы, шұғыл), ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізаттарға
жұқтырылуының алдын алу;
4) тұрмыстық белең алулар кезінде – кеміргіштерді жою, аулаларды,
көшелерді, алаңдарды қоқыстан, сабаннан, шаруашылық қалдықтардан
тазалау. Тұрғын үйлер мен басқа да үй-жайларда дезинфекциялаушы
құралдарды пайдалана отырып, кеміргіштерге тосқауыл, сумен
тазалау қамтамасыз етіледі;
5) өндірістік жұқтыру кезінде – ауру жұқтырылған шикізат пен
өнімдерді термиялық өңдеу жолымен залалсыздандыру жүзеге
асырылады, ет комбинаттарында союға келіп түскен малдардағы
кенелер жойылады;
6) аң аулаған кезде – қоянның, су тышқанының, көртышқанның және су
егеуқұйрығының терісін сыпырып, денесін бөлшектегеннен кейін
адамның қолы дезинфекцияланады, сыпырылған терілер
залалсыздандырылады.

4. Қырым-Конго геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша
санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға
және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

62. Қырым-Конго геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша
санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды
ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар Қырым-Конго
геморрагиялық қызбасы (бұдан әрі – ҚКГҚ) бойынша эндемиялық
аумақта шағын топтардың жылына кемінде екі рет (сәуірде-маусымда
және қыркүйекте-қазанда) зоологиялық-паразитологиялық тексеру
жүргізу болып табылады; ерте және жылы көктем болатын жылдары
тексеру наурызда басталады.
63. Шағын зоологиялық-паразитологиялық топтар санитариялық-
эпидемиологиялық қызмет ұйымдары мен органдарының және обаға қарсы
күрес ұйымдарының бейінді мамандарынан құралады.
64. Шағын зоологиялық-паразитологиялық топтар:
1) түрлері және биотоптары бойынша кенелер санын есепке алуды (көп
болу, басымдылық және кездесу-кездеспеу индексін анықтау);
2) бақылау табындарында 5-10 мал басын тексеру жолымен олардың
жұқтыру деңгейін бағалау үшін ауыл шаруашылығы жануарларынан
кенелерді жинауды;
3) кенелердің түрлік құрамын анықтауды;
4) кенелердің әртүрлі даму кезеңдерінде олардың негізгі және жанама
қоректендірушілерін айқындауды;
5) кенелер популяциясының санына табиғи, антропогенді және
шаруашылық факторларының әсерін талдауды;
6) кенелердің тіршілік әрекеті цикліне фенологиялық бақылауды;
7) зертханалық зерттеу үшін ашық жерлерде және көбейетін орындарда
(үй-жайлар, індер) кенелердің әртүрлі даму кезеңдерінде оларды
жинауды;
8) кенелердің өте көп пайда болуы және олардың адамдарға белсенді
шабуылы кезінде үй-жайларды тексеруді;
9) ҚКГҚ-мен ауыратын науқастар тіркелген кезде елді мекендерді
тексеруді;
10) жаздық жайылымға көшкен кезде мал шаруашылығы үй-жайларын, ашық
қораларды және уақытша орындарда кенелердің бар-жоғын тексеруді
(айына кемінде 1 рет);
11) кенелерге қарсы іс-шаралар жүргізілгеннен кейін табиғи ошақ
аумағында сауықтыру дәрежесін бағалауды жүзеге асырады.
65. ҚКГҚ-ның табиғи ошақ аймағындағы жергілікті атқарушы органдар жыл
сайын:
1) кенелерге қарсы дәрілеу іс-шараларын жүргізу үшін
дезинсекциялық құралдарды (препараттарды) қаңтардан кешіктірмей
сатып алуды;
2) денсаулық сақтау, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау, ветеринариялық-санитариялық бақылау органдарының
және өзге де ұйымдардың кенелерге қарсы іс-шараларды жүргізуін
үйлестіруді;
3) мал шаруашылығы үй-жайларын, ҚКГҚ табиғи ошағы аймағында
орналасқан елді мекендердегі жеке үй-жайларды тазалауды (қидан,
қоқыстан) ұйымдастыруды;
4) малдарды жаздық жайылымға айдаған кезде уақытша орындарды, ашық
қораларды және қоршаған аумақты тазалауды ұйымдастыруды жүзеге
асырады.
66. ҚКГҚ бойынша эндемиялық аумаққа жыл сайын кемінде екі рет (көктем,
күз) кенеге қарсы жоспарлы іс-шаралар жүргізіледі.
67. Кенелерге қарсы іс-шаралар алдын ала немесе шұғыл профилактика
типі бойынша жүргізіледі.
68. Алдын ала профилактикалық жұмыстар алдыңғы өңдеу жылына алдын ала
белгіленеді және жоспарлы тәртіппен орындалады; науқастар
тіркелген жерлерде соңғы сырқаттану тіркелген кезден бастап
кемінде екі жыл жүргізіледі.
69. Шұғыл алдын алу типі бойынша іс-шаралар өңдеу жоспарланбаған
учаскелерде:
1) адамның ҚКГҚ-мен сырқаттануы тіркелген жағдайларда;
2) ҚКГҚ вирусының болуына кенелерді зерттеудің оң нәтижелері кезінде;
3) кенелердің саны көп болған кезде жүргізіледі.
70. Кенелерге қарсы іс-шаралар мына бағыттарда жүргізіледі:
1) ауыл шаруашылығы малдарындағы энзоотикалық ауруларды
тасымалдаушы кенелерді және мал шаруашылығы қора үй-жайларындағы
кенелерді жою – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге
асыратын жергілікті атқарушы органның бөлімшелері ұйымдастырады;
2) аула құрылыстарына кенеге қарсы өңдеу жүргізуді қоса алғанда,
елді мекендердің жеке үйлеріндегі және мұнда ұсталатын
малдардағы, оның ішінде үй құстарындағы кенелерді жою – үй және
мал иелері жүргізеді;
3) кеміргіштерді терең дустациялау немесе аэрозоляциялау әдісімен
кедергілік өңдеу (тұрақты немесе уақытша елді мекен айналасына
қорғаныш аймағын құру) – аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау ұйымдары мен обаға қарсы күрес ұйымдары жүргізеді;
4) тұрақты немесе уақытша елді мекендерде үй жануарлары болатын
бұталарды, суаттарды және басқа жерлерді инсектоакарицидті
препараттармен өңдеу – жергілікті атқарушы органдар мен
жергілікті атқарушы органның ветеринария саласындағы қызметті
жүзеге асыратын бөлімшелері ұйымдастырады;
5) агротехникалық және жалпы санитариялық іс-шаралар (үй-жайларды
және аумақтарды қи мен қоқыстан, бұталардан механикалық тазарту,
жарықтарды жөндеу, ойықтарды, індерді алдын ала мазутпен,
автолмен, керолинмен және көрсетілген заттар сіңірілген балшық
құя отырып) - үй иелері мен шаруашылық субъектілері жүзеге
асырады.
Барлық көрсетілген іс-шаралар бір уақытта жүргізіледі.
71. Кенелерге қарсы іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан
Республикасында қолдануға рұқсат етілген инсектоакарицидті
құралдар пайдаланылады.
72. Қолдану түрі препараттарды тиімді және қауіпсіз пайдалануды
қамтамасыз етуге тиіс.
73. Hyalomma asiaticum asiaticum кенелері басым аудандарда кенелерге
қарсы іс-шаралар наурыз-шілдеде және қыркүйек-қазанда, Hyalomma
anatolicum кенелері басым орындарда шілде-тамызда жүргізіледі.
Ошақтың паразиттік жүйесінде аталған түрлерден басқа Dermacentor
niveus кенелері болған кезде кенелерге қарсы іс-шаралар жылдың
барлық жылы мезгілде жүргізіледі.
74. Кенелердің ерте белсенділігі кезінде кенелерге қарсы іс-шараларды
бастау бір айға жылжытылады: кенелерге қарсы іс-шаралардың бірінші
туры наурызда басталады және сәуірдің басынан кешіктірмей
аяқталады. Өңдеулердің біреуін мал қырқу алдында 1-2 апта бұрын
жүргізеді.
75. Өңдеулер еселігі қолданылатын акарицидтердің қалдық әсерінің
ұзақтығына байланысты айқындалады; осыған байланысты өңдеулердің
жиілігі жылдың барлық жылы мезгілінде айына 2-3-тен 2-3-ке дейін
өзгеруі мүмкін.
76. Hyalomma тұқымдас кенелермен күресу үшін кез келген
инсектоакаридті заттарды жұмсау нормасын Ixodes тұқымдас
кенелерге ұсынылғанмен салыстырғанда 2,5-3 есе көбейтіледі.
77. Жайылымдарды инсектоакарицидті заттармен өңдеуді мал көп жайылатын
жерлерде жүргізуге болмайды. Эндемиялық аймақта олар ретті (КҚГҚ
қоздырғышы анықталған жылдан кейінгі келесі 1-2 жылға ошақтық
учаскелерді айналымнан алып тастау) пайдаланылады.
78. Науқас адамдарды анықтауды ведомстволық тиесілігіне және меншік
нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының медицина
қызметкерлері, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын медицина
қызметкерлері жүзеге асырады.
79. КҚГҚ-ның белгілері бар адам медициналық көмекке жүгінген кезде
медицина қызметкерлері биологиялық қауіпсіздік (медицина
қызметкерінің өзіне, науқасқа және барлық айналасында адамдарға
қатысты) қағидаларын сақтай отырып, науқасты тез арада инфекциялық
бөлімшеге емге жатқызады және эпидемиологиялық анамнез жинайды.
80. Этиологиясы белгісіз қызбаға байланысты амбулаториялық емделіп
жүрген науқастар геморрагиялық синдром қосылған жағдайда, алғашқы
тексеру кезіндегі аурудың ауырлық дәрежесіне қарамастан,
биологиялық қауіпсіздік қағидаларын сақтай отырып, инфекциялық
бөлімшеге шұғыл емге жатқызылады.
81. КҚГҚ-ге күдіктену немесе онымен ауыратын науқас анықталған кезде
медициналық ұйым 3 сағат ішінде аумақтық мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық қадағалау органына шұғыл хабарлама жібереді.
82. Сырттан келген адам КҚГҚ-мен сырқаттанған жағдайда, науқастың
тіркелген орны бойынша аумақтық мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық қадағалау органы 3 сағат ішінде оның тұрып жатқан
орны бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау
органына хабарлайды.
83. Эндемиялық аумақта жоқ дегенде бір науқас бар бүкіл елді мекен
КҚГҚ эндемиялық ошағы болып есептеледі; эндемиялық аймақтан тыс
орналасқан қалаларда және кенттерде науқастың болған орны (бөлек
үй, пәтер немесе медициналық мекеме) эндемиялық ошақ болып
есептеледі.
84. КҚГҚ ошағындағы барлық жұмыстар арнайы қорғаныш костюмінде (бұдан
әрі – қорғаныш костюмі), арнайы аяқ киіммен (етік немесе қонышы
ұзын бәтеңке) және резеңке қолғаптармен жүргізіледі.
85. Қорғаныш костюмдері болмаған жағдайда, комбинезон немесе басқа да
қорғаныш киім пайдаланылады; бұл ретте оның жоғарғы бөлігін
шалбарға, ал шалбарды шұлыққа салады.
86. КҚГҚ ошақтарындағы жұмыс кезінде әр сағат сайын киімге түскен
кенелерді уақытында анықтау үшін өзін-өзі тексеруді және бірін-
бірі тексеруді жүргізу қажет.
87. Шағын зоологиялық-паразитологиялық топтардың персоналы қорғаныш
киімінің импрегнациясы үшін аэрозольды акарорепелленттерді немесе
ұнтақ тәрізді инсектоакарицидті заттарды пайдаланады. Импрегнация
аптасына кемінде бір рет және әрбір кір жуған сайын жүргізіледі.
88. Ауыл шаруашылығы малдарын қырқу және жүндерді өңдеу қорғаныш киімі
мен қолғаптарды киіп орындалады.

5. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызбаның алдын
алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

89. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызбаның (бұдан әрі - БСГҚ)
алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар
жергілікті атқарушы органдар үшін БСГҚ бойынша қолайсыз аумақтарда
мынадай шараларды сақтау болып табылады:
1) орман және орманды-паркті алқаптарды, елді мекендердің шегіндегі
және оған іргелес аумақтардағы бақтарды тазалау;
2) күз мезгілінде (қазан-желтоқсан) БСГҚ-ның белсенді табиғи
ошақтарында орналасқан елді мекендерде, рекреациялық аймақтарда
және дәнді-дақыл шаруашылығы аймақтарында жаппай кенттік
дератизациялауды ұйымдастыру;
3) БСГҚ бойынша энзоотиялық жердегі саяжай учаскелеріне,
кәсіпорындардың құрылысына, сауықтыру және балалар мекемелеріне
берілетін аумақтарға жаппай дератизациялау жүргізу.
90. Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен
ұйымдары және обаға қарсы күрес ұйымдары БСГҚ бойынша ошағы табылған
аумақта жылына екі рет мыналарды қамтитын эпизоотологиялық тексеруді
жүргізеді:
1) кеміргіштердің санын есепке алу (сәуір-мамыр айларының
аяғында және қазанда);
2) кеміргіштердің көбею қарқындылығын бағалау және олардың
санының өзгеруін қысқа мерзімді болжау;
3) хантавирустық антигеннің болуына зертханалық зерттеу үшін
кеміргіштерді аулау;
4) ұсақ сүт қоректілер – вирусты тасымалдаушылардың хантавирусты
жұқтыру деңгейін және адамдарға жұқтыру көзін анықтау;
5) ошақтық аумақты ландшафтылы-географиялық аудандастыру және
БСГҚ белсенді табиғи ошақтарын анықтау.
91. Аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау
органдары мыналарды жүргізеді:
1) сырқаттанушылықтың динамикасын ретроспективті және жедел талдау;
2) БСГҚ-мен ауыратын науқастарды ерте анықтау және оларды тексерудің
әдістемелік дұрыстығын бақылау;
3) тұрғындардың табиғи иммунитетінің деңгейін оқып зерделеу;
4) БСГҚ-ны жұқтыру қаупінің жоғарғы тобын анықтау;
5) БСГҚ-мен сырқаттанушылықтың көтерілуін және төмендеуін қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді болжау;
6) БСГҚ эпидемиологиясы және алдын алу мәселелері бойынша медицина
қызметкерлерін даярлау.
92. БСГҚ эпизоотологиялық үдеріс өршіген және онымен сырқаттанушылық
өскен жағдайда аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау
органы:
1) денсаулық сақтау ұйымдарының, ветеринариялық және коммуналдық
қызметтердің, орман шаруашылығының, сауда, қоғамдық тамақтану,
сауықтыру ұйымдарының БСГҚ-ның алдын алуға бағытталған іс-шараларды
жүргізуін үйлестіреді;
2) БСГҚ ошақтарының өршіген орындарына эпизоотологиялық тексеру
жүргізу;
3) елдімекендердің, сауықтыру, балалар, сауда және басқа да ұйымдардың
санитариялық жағдайын рейдтік тексеруді ұйымдастыру;
4) адамдардың жұқтырған орындарын және жағдайларын анықтай отырып,
аурулардың көп болуы жағдайларын эпизоотологиялық-эпидемиологиялық
зерттеу;
5) елдімекендерге және басқа да тұрғындардың шоғырланған орындарына
жалғасқан орманды алқаптардың бес жүз метрлік жолағына кедергілік
дератизациялау жүргізу;
6) БСГҚ-мен ауыратын науқастарды және соларға ұқсас жағдайда болған
адамдарды анықтау мақсатында үй-үйлерді аралауды ұйымдастыру;
7) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ел аумағына карантиндік және басқа да аса қауіпті инфекциялардың келуі мен таралуының санитарлық қорғаудағы нормативтік құқықтық құжаттар
Жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі
«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Аса қауіпті инфекциялық ауру қоздырғыштары тараған кезде халықтың іс-әрекеті
ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРЛЫҚ - ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Паразиттік жұқпалар кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері
Аурухана мен емханалардағы бөлімшелерде жүргізілетін санитарлық эпидемияға қарсы іс-шаралар тәртібі
Дәрігер бейнесі-дәрігер мамандығының адамгершілік принциптері. Кәсіби этика жәнe деонтология
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау
Өндірістік бақылау бағдарламасына қойылатын талаптар
Пәндер