Қазақстан Республикасы халқының арасындағы инфекциялық, паразиттік аурулар жағдайларын тіркеу, есепке алу, сондай-ақ олар бойынша есептілікті жүргізу ережесі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2009 жылғы 12 қарашадағы №706 бұйрығына

1- қосымша

Қазақстан Республикасы халқының арасындағы инфекциялық, паразиттік аурулар жағдайларын тіркеу, есепке алу, сондай-ақ олар бойынша есептілікті жүргізу ережесі

1. Халықтың арасында жұқпалы және паразиттік ауруларды есепке алу науқастың тұрақты тұрғылықты жеріне қарамастан науқасты тіркеу орны бойынша жүргізіледі.

2. Емдеу-алдын алу ұйымдары мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарында жеке есепке алуға Қазақстан Республикасында тіркеу мен есепке алуға жататын халқының арасындағы жұқпалы және паразиттік ауруларының тізбесіне сәйкес (осы бұйрыққа қосымша) барлық жұқпалы және паразиттік аурулар жатады.

Жеке есепке алынуға жататын әрбір ауру жағдайына (күдікті) шұғыл хабарлама толтырылады, ол 12 сағат ішінде аурудың тіркелген жері бойынша аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына жіберіледі. Бұдан басқа, жедел тәртіппен телефон арқылы ақпарат беріледі.

3. Карантиндік аурулар, алапес, тері аурулары мен жыныстық жолмен берілетін тері аурулары, туберкулез, АҚТҚ-дан туындайтын аурулар:

1) оба, тырысқақ, сары қызба аурулар мен оларға күдікті әрбір жағдай туралы науқасты анықтаған медицина қызметкері шұғыл хабарлама жасайды, оны 3 күнтізбелік күннің ішінде аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына жібереді. Бұдан басқа, телефон, телетайп, модем байланыстары арқылы кейіннен жазбаша түрде растай отырып, жоғарыда тұрған денсаулық сақтау органдарына (облыстық басқармалар, департаменттер, Денсаулық сақтау министрлігі) кезектен тыс хабарлама жібереді. Телефон, телетайп, модем байланыстары арқылы жіберілетін хабарламада аурудың тегі, аты, әкесінің аты көрсетілмейді;

2) өмірінде ең алғашқы рет қойылған алапес ауруының және алапес рецидивінің әрбір жағдайы туралы үш данада арнайы хабарлама жасайды. Бір данасы лепрозорийдің эпидемиология бөлімінде қалады, екіншісі - 3 күнтізбелік күннің ішінде облыстық тері-венерология диспансеріне беріледі, үшіншісі - 5 күнтізбелік күннің ішінде тері-венерология ғылыми-зерттеу институтына жіберіледі;

3) сифилис, гонорея, хламидий инфекциялары, трихофития, микроскопия, фавус, қышыма аурулардың әрбір жағдайына хабарлама толтырылады. Хабарлама 3 күнтізбелік күннің ішінде аудандық (қалалық) тері-венерология диспансеріне (бөлімшесі, кабинеті) жіберіледі.

Аудандық (қалалық) тері-венерология диспансері (бөлімшесі, кабинеті) ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 2 күнінде телефон арқылы алынған хабарлама негізінде сифилистің, гонореяның барлық түрлерімен, хламидий инфекциясымен ауыратыны алғашқы рет анықталған науқастардың саны туралы жиынтық мәліметтерді аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына хабарлайды.

Өмірінде алғашқы рет микроспориямен, трихофитиямен, фавуспен және қышымамен ауырады деген диагноз қойылған науқасқа (күдікті) диагнозды (күдіктену) қойған мезеттен бастап 24 сағат ішінде науқастың тұрғылықты жеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына №089/е нысаны бойынша жіберілетін хабарламаның екінші данасы толтырылады.

4) өмірінде алғашқы рет кез келген ағзаның белсенді туберкулезімен ауырады деген диагноз қойылған әрбір науқасқа хабарлама толтырылады, ол 3 күнтізбелік күннің ішінде аудандық (қалалық) туберкулезге қарсы күрес диспансеріне (бөлімшесіне, кабинетіне) және аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына жіберіледі.

Туберкулездің бациллалық түрімен ауыратын науқас анықталған кезде толтырылады, ол 24 сағат ішінде науқастың тұрғылықты жеріндегі аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына қайта жіберіледі. Хабарлама тек бациллалық туберкулезге алғашқы рет диагноз қою жағдайына ғана емес, сонымен қатар белсенді емес туберкулез нысанымен ауыратын науқаста бацилла шығарылымдары анықталғанда, сондай-ақ өмірінде есепке тұрмаған науқастың туберкулезден қайтыс болған кезінде де толтырылады.

Аудандық (қалалық) туберкулезге қарсы күрес диспансері науқастардың саны туралы деректерді салыстыру үшін ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 2 күнінде телефон арқылы алынған хабарлама негізінде белсенді туберкулезбен ауыратыны алғашқы рет анықталған науқастардың саны туралы жиынтық мәліметтерді облыстық, қалалық (Астана, Алматы қалалары) аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына хабарлайды.

5) АҚТҚ-ны тасымалдаушылар, АҚТҚ-дан туындайтын ауру (ЖҚТБ) .

Екінші қан сарысуы бойынша иммундық-ферменттік анализде әрбір алғашқы рет анықталған АҚТҚ-ға оң жағдайға аумақтық ЖҚТБ орталығы 3 күнтізбелік күннің ішінде аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына АҚТҚ инфекциясы жағдайына күдіктену туралы шұғыл хабарлама жібереді.

Республикалық ЖҚТБ орталығының референс-зертханасынан түпкілікті нәтиже алғаннан кейін аумақтық ЖҚТБ орталығы 3 күнтізбелік күннің ішінде аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына АҚТҚ инфекциясы диагнозын растау немесе жою туралы жаңа шұғыл хабарлама жібереді.

Диспансерлік есепте тұрған АҚТҚ-ны жұқтырған адамдарда "ЖҚТБ" диагнозы қойылған кезде ол туралы аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына шұғыл хабарлама жіберіледі.

Шұғыл хабарлама "қызметте пайдалану үшін" деген белгімен жабық түрде ғана жіберіледі. Қызметтік міндеттерін орындауға байланысты АҚТҚ-ны жұқтырған адамдар мен ЖҚТБ-мен ауыратын науқастар туралы мәліметтермен таныс болған медицина қызметкерлері мен басқа да адамдар бұл мәліметтерді құпия сақтауға тиіс.

Облыстық, қалалық (Астана және Алматы қалаларының) ЖҚТБ орталықтары ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 2 күнінде телефон арқылы салыстыру үшін облыстық, қалалық (Астана және Алматы қалаларының) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына АҚТҚ-ны тасымалдаушылар мен ЖҚТБ-мен ауыратын науқастардың пайда болу саны туралы жиынтық мәліметтерді хабарлайды.

4. Емдеу-алдын алу ұйымдарында жеке есепке және санитарлық-эпидемиологиялық қызметте жинақтық есепке тұмау, бірнеше жерде орналасқан немесе орналасуы нақтыланбаған жоғарғы тыныс алу жолдарының өткір инфекциялары, функционалды диарея жатады.

Осы жұқпалы аурулармен ауырған жағдайларға шұғыл хабарлама жіберілмейді, оларды есепке алу амбулаториялық-емханалық ұйымдарда жүргізіледі. Амбулаторлық-емханалық ұйымдар ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 2 күні телефон арқылы аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына науқастардың саны туралы жиынтық деректерді хабарлайды.

5. Шұғыл хабарламаны меншік нысаны және ведомcтволық бағыныстылығына қарамастан, мына емдеу-алдын алу ұйымдарында ауруды анықтаған немесе оған күдіктенген дәрігер немесе орта медицина қызметкері толтырады:

1) ауру анықталған жағдайға қарамастан, барлық ведомстволардың амбулаториялық-емханалық ұйымдарында (емханаға, науқастың үйіне барған кезде, профилактикалық тексеру кезінде және басқа да) ;

2) жұқпалы ауру диагнозы стационарда қойылған кезде барлық ведомстволардың стационарларында (науқас емхана ұйымының жолдауысыз түскенде, жұқпалы ауру диагнозы басқа ауру диагнозының орнына қойылғанда, ауруханаішілік инфекция секцияда анықталған жағдайда) ;

3) сот-медициналық сараптама ұйымдарында;

4) балалардың мектепке дейінгі ұйымдарының, мектептердің, жоғары оқу орындарының медицина кабинеттерінде;

5) бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында.

6. Денсаулық сақтау жүйесінің фельдшерлік-акушерлік пункттің медицина қызметкерлері № 058/е нысаны бойынша хабарламаны екі данада жасайды: бірінші дана аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына, екіншісі - қарауында осы фельдшерлік-акушерлік пункті бар емдеу-алдын алу ұйымына (учаскелік, аудандық, қалалық ауруханаға, амбулаторияға, емханаға және басқаға) салып жіберіледі.

7. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарына келетін балалар арасындағы ауруларды есепке алу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) мектепке дейінгі балалар ұйымдарына (ясли, ясли-балабақша, балалар балабақшасы, мектептер) қызмет көрсететін медицина қызметкері балаларды қараған немесе басқа да мән-жайлар кезінде ауруды осы ұйымдардың қызметкері алғашқы рет анықтаған жағдайда шұғыл хабарламаны аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына жібереді;

2) емдеу-алдын алу ұйымының (аурухананың, емхананың) медицина қызметкері балалар ұйымдарына баратын балаларда анықтаған жұқпалы аурулар туралы мәліметтерді аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына хабарлайды (телефон арқылы және шұғыл хабарламаны жіберу жолымен) ;

3) жазғы кезеңде қаладан тыс аймақта орналасқан балаларды сауықтыру ұйымдарына қызмет көрсететін медицина қызметкерлері сауықтыру ұйымының жазғы кезеңде уақытша орналасқан жері бойынша аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына шұғыл хабарлама жібереді.

8. Жедел медициналық көмек көрсету станциясының жұқпалы ауруды анықтаған немесе оған күдіктенген медицина қызметкерлері телефон арқылы анықталған науқас туралы аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына және емханаға (амбулаторияға), науқас тұратын қызмет көрсету ауданына хабарлайды. Бұл жағдайларда шұғыл хабарламаны стационар, ауруханаға жатқызу немесе емханаға барған жағдайда ауруды үйде қарайтын дәрігер жасайды.

9. Жұқпалы аурулармен ауыратын (жұқпалы ауруға күдікті) науқастардың стационарлық емдеуге келіп түсуі, жұқпалы ауру диагнозын нақтылау немесе өзгерту туралы ақпаратты ұсыну мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) жұқпалы аурулар ауруханасы (жұқпалы аурулар бөлімшесі бар аурухана) ауданында науқасты ауруханаға жатқызуға жіберген емдеу-алдын алу ұйымы орналасқан аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына ауру келіп түскен мезеттен бастап 12 сағат ішінде жұқпалы аурулармен ауырған науқастардың келіп түсуі туралы хабарлауға міндетті;

2) диагнозды нақтылаған немесе өзгерткен емдеу-алдын алу ұйымы шұғыл хабарламаны толтыруға және өзгертілген (нақтыланған) диагнозды, оны айқындаған күнін, бастапқы диагноз бен зертханалық зерттеу нәтижесін көрсете отырып, 12 сағат ішінде оны аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына салып жіберуге міндетті;

3) аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органы жедел тәртіппен ауру анықталған емдеу-алдын алу ұйымына ауруханаға жатқызу, диагнозды растау (өзгерту) туралы хабарлауға тиіс.

10. Меншік нысанына қарамастан, барлық емдеу-алдын алу ұйымдарында, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының, мектептердің, жоғары оқу орындарының медицина кабинеттерінде, сауықтыру және басқа да ұйымдарда науқас туралы мәліметтер енгізілетін жұқпалы ауруларды есепке алу журналы толтырылады.

11. Емдеу-алдын алу ұйымдарында жұқпалы және паразиттік ауруларды тіркеу, есепке алу үшін жауапты лауазымдық тұлғалар:

1) емдеу-алдын алу ұйымында - бас дәрігері;

2) мектепке дейінгі балалар ұйымдарында, мектептерде, балалар үйлерінде, сауықтыру ұйымдарында - осы мекеменің медицина қызметкері.

12. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарында жұқпалы және паразиттік ауруларды есепке алу бұдан әрі шұғыл хабарламамен расталатын жұқпалы ауруларды (күдіктенуді) анықтау туралы телефон арқылы берілген жедел хабарламаның негізінде жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялық ауруларды бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРЛЫҚ - ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Халыққа амбулаториялық көмек көрсету
Өндірістік бақылау бағдарламасына қойылатын талаптар
Жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы
«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу санитариялық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz