Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі нұсқаулық



1. Жалпы ережелер
2. Туберкулезді анықтау
3. Туберкулез үрдісін орнықтыруға сәйкес тіркеу жүргізу
4. Туберкулезді науқастардың түрлері бойынша тіркеу
5. Туберкулезді емдеу
6. Диспансерлiк есепке алуды ұйымдастыру
7. Туберкулезді бастан өткерген тұлғаларды жұмысқа және оқуға жіберу тәртібі
1. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары (бұдан әрі – БМСК) мен туберкулезге қарсы ұйымдардың (бұдан әрі – ТҚҰ) медицина қызметкерлерінің туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі жұмыстарының негізгі тәртібі мен көлемін анықтайды.
2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) қақырық микроскопиясының оң нәтижесімен өкпе туберкулезі (бактерия шығарушы) ем жүргізілгенге дейін қақырық жағындысының микроскопиясы кезінде туберкулез микобактериялары (бұдан әрі - ТМБ), тіпті бір рет болса да табылған науқаста анықталады.
2) қақырық микроскопиясының теріс нәтижесімен өкпе туберкулезі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және клиникалық практика стандарттарына сәйкес мынадай өлшемдердің негізінде анықталады:
қақырық жағындысын қышқылға көнбейтін бактерияларға (бұдан әрі – ҚКБ) микроскопия әдісімен зерттегенде кем дегенде 3 нәтиже теріс болса;
өкпедегі рентген әдісімен анықталған өзгерістер белсенді туберкулезге тән болса;
кең спектрлі антибактериялық дәрілермен жүргізілген ем тиімсіз болса;
дәрігер туберкулезге қарсы емнің толық курсын жүргізуге шешім қабылдаса.
3) қақырық жағындысының конверсиясы - ем барысында ТМБ жойылуы әр ай сайын жүргізілген микроскопия және тығыз қоректік ортада егу әдісінің қатарынан кем дегенде екі теріс нәтижесімен дәлелденген болса (науқас әлі де бактерия бөлуші болып саналады);
4) көптеген дәріге көнбейтін туберкулез (бұдан әрі -КДК ТБ) – бұл кем дегенде изониазид пен рифампицинге төзімді Mycobacterium tuberculosis штаммдары қоздырған, көптеген дәріге көнбейтін туберкулез;
5) кең көлемді дәрілерге көнбейтін туберкулез (ККДК ТБ) – бұл кемінде изониазид пен рифампицинге, сондай-ақ фторхинолондардың біреуіне және екінші қатардағы инъекциялық үш дәрінің біреуіне (капреомицин, канамицин немесе амикацинге) көнбейтін ТМБ туындаған штаммдары тұрақты туберкулез;
6) полирезистентті туберкулез (бұдан әрі – ПР ТБ) – бұл КДТ ТБ және ДККТ ТБ-ден өзгеше (айрықша), екі және одан да көп дәрілерге көнбейтін ТМБ штаммдары қоздырған туберкулез;
7) қарқынды кезең – аурудың клиникалық белгілерін жоюға және туберкулез микобактерияларының популяцияларына барынша әсер етуге бағытталған емнің бастапқы кезі (бактерия бөлудің тыйылуы және дәріге көнбейтін штаммдардың дамуының алдын алу).
8) жалғастыру кезеңі – әлі де сақталған микобактерия популяцияларына әсер етіп, қабыну өзгерістерінің әрі қарай азайып, туберкулезді үрдістің кері қайтуын және науқас ағзасының функционалдық мүмкіндіктерінің қайта қалыптасуын қамтамасыз ететін емнің жалғасу кезеңі.
9) микроскопиялық зерттеу – микобактерияларды бактериоскопиялық анықтау әдісі. Бактериоскопиялық әдіс науқаста туберкулезді анықтауға, сонымен қатар ем нәтижелігін бақылауға мүмкіндік береді.
10) егу әдісі – бактериологиялық зертхана жағдайында микобактерия дақылдарын қоректік ортада бөліп алу әдісі. Егу әдісіне кез-келген биологиялық материал жолданады.
11) дәріге сезімталдық тесті - туберкулез микобактерияларының туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерге сезімталдық спектрін анықтау, науқастарды емдеу тактикасын таңдауға мүмкіндік беріп, ем тиімділігін бақылау және ауру нәтижесін болжау үшін қолданылады

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінiң
2011 жылғы ___ ____________
№ ____ бұйрығына 1-қосымша

Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге
қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік
бақылау жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер
1. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге
қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және
диспансерлік бақылау жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі -
Нұсқаулық) бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары (бұдан
әрі – БМСК) мен туберкулезге қарсы ұйымдардың (бұдан әрі – ТҚҰ)
медицина қызметкерлерінің туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және
диспансерлік бақылау жөніндегі жұмыстарының негізгі тәртібі мен
көлемін анықтайды.
2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) қақырық микроскопиясының оң нәтижесімен өкпе туберкулезі (бактерия
шығарушы) ем жүргізілгенге дейін қақырық жағындысының микроскопиясы кезінде
туберкулез микобактериялары (бұдан әрі - ТМБ), тіпті бір рет болса да
табылған науқаста анықталады.
2) қақырық микроскопиясының теріс нәтижесімен өкпе туберкулезі
санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және клиникалық практика
стандарттарына сәйкес мынадай өлшемдердің негізінде анықталады:
қақырық жағындысын қышқылға көнбейтін бактерияларға (бұдан әрі – ҚКБ)
микроскопия әдісімен зерттегенде кем дегенде 3 нәтиже теріс болса;
өкпедегі рентген әдісімен анықталған өзгерістер белсенді туберкулезге
тән болса;
кең спектрлі антибактериялық дәрілермен жүргізілген ем тиімсіз болса;
дәрігер туберкулезге қарсы емнің толық курсын жүргізуге шешім
қабылдаса.
3) қақырық жағындысының конверсиясы - ем барысында ТМБ жойылуы әр ай
сайын жүргізілген микроскопия және тығыз қоректік ортада егу әдісінің
қатарынан кем дегенде екі теріс нәтижесімен дәлелденген болса (науқас әлі
де бактерия бөлуші болып саналады);
4) көптеген дәріге көнбейтін туберкулез (бұдан әрі -КДК ТБ) – бұл кем
дегенде изониазид пен рифампицинге төзімді Mycobacterium tuberculosis
штаммдары қоздырған, көптеген дәріге көнбейтін туберкулез;
5) кең көлемді дәрілерге көнбейтін туберкулез (ККДК ТБ) – бұл кемінде
изониазид пен рифампицинге, сондай-ақ фторхинолондардың біреуіне және
екінші қатардағы инъекциялық үш дәрінің біреуіне (капреомицин, канамицин
немесе амикацинге) көнбейтін ТМБ туындаған штаммдары тұрақты туберкулез;
6) полирезистентті туберкулез (бұдан әрі – ПР ТБ) – бұл КДТ ТБ және
ДККТ ТБ-ден өзгеше (айрықша), екі және одан да көп дәрілерге көнбейтін ТМБ
штаммдары қоздырған туберкулез;
7) қарқынды кезең – аурудың клиникалық белгілерін жоюға және
туберкулез микобактерияларының популяцияларына барынша әсер етуге
бағытталған емнің бастапқы кезі (бактерия бөлудің тыйылуы және дәріге
көнбейтін штаммдардың дамуының алдын алу).
8) жалғастыру кезеңі – әлі де сақталған микобактерия популяцияларына
әсер етіп, қабыну өзгерістерінің әрі қарай азайып, туберкулезді үрдістің
кері қайтуын және науқас ағзасының функционалдық мүмкіндіктерінің қайта
қалыптасуын қамтамасыз ететін емнің жалғасу кезеңі.
9) микроскопиялық зерттеу – микобактерияларды бактериоскопиялық
анықтау әдісі. Бактериоскопиялық әдіс науқаста туберкулезді анықтауға,
сонымен қатар ем нәтижелігін бақылауға мүмкіндік береді.
10) егу әдісі – бактериологиялық зертхана жағдайында микобактерия
дақылдарын қоректік ортада бөліп алу әдісі. Егу әдісіне кез-келген
биологиялық материал жолданады.
11) дәріге сезімталдық тесті - туберкулез микобактерияларының
туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерге сезімталдық спектрін анықтау,
науқастарды емдеу тактикасын таңдауға мүмкіндік беріп, ем тиімділігін
бақылау және ауру нәтижесін болжау үшін қолданылады.

2. Туберкулезді анықтау
3. БМСК ұйымдарының медицина қызметкерлеріне мынадай міндеттер
жүктеледі:
1) ауру белгілері бар науқастар арасында қақырық микроскопиясы әдісін
және туберкулезбен ауыру қаупі жоғары халық арасында (қауіп тобы)
флюорография әдісін қолдана отырып, туберкулезді ерте анықтау;
2) бақылау химиотерапиясын жүргізу;
3) халық арасында туберкулездің алғашқы белгілері және аурудың алдын
алу туралы санитариялық ағарту жұмысын кеңінен жүргізу.
4. БМСК ұйымының медицина қызметкері осы Нұсқаулықтың
1-қосымшасына сәйкес зерттеу үшін қақырықты сапалы түрде
жинап, оны зерттеу үшін зертханаға уақытылы жеткізуді жүзеге
асырады.
5. БМСК ұйымында қақырықты микроскопиялық зерттеу екі аптадан астам
уақыт жөтелі бар (жөтел - өкпе (жұқпалы) туберкулезінің негізгі
белгісі) және төменде аталған клиникалық белгілердің біреуі не
бірнешеуі байқалған науқастарға жүргізіледі:
1) салмақ жоғалту;
2) тершеңдік;
3) кеуде қуысындағы ауырсынуы;
4) қан түкіру;
5) ұзақ уақыт бойы дене қызуының жоғарлауы.
6. Науқаста жоғарыда аталған симптомдар болған жағдайда медицина
қызметкері осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында келтірілген
туберкулезге күдікті науқасты тексерудің диагностикалық
алгоритміне сәйкес толық зерттеу шараларын жүргізеді.
7. Туберкулезге рентгенологиялық әдіспен күдік туған, бірақ қақырық
жағындысының микроскопиясы теріс болған жағдайда кеуделік
шағымдары және интоксикация белгілері жоқ науқас диагнозды анықтау
үшін фтизиатрға диагностикалық алгоритмді жүргізбестен бірден
жолданады.
8. Туберкулезге шалдыққан науқаспен қарым-қатынаста болған адамда
туберкулез ауруына клиникалық-рентгенологиялық күдік туған
жағдайда диагнозды анықтау үшін фтизиатрға диагностикалық
алгоритмді жүргізбестен бірден жолдау керек.
9. Науқаста ТМБ анықталған жағдайда ол ТҚҰ жолданады, ол жерде
қосымша зертханалық зерттеулер жүргізіліп, туберкулезге қарсы ем
тағайындалады.
10. Қақырық микроскопиясының нәтижелері теріс болған және туберкулезге
тән ауру белгілері күшейген жағдайда науқас міндетті түрде
фтизиатр дәрігердің кеңесіне жіберіледі.
11. Халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізгенде нақты
жағдайларда туберкулез туралы барлық қолжетімді әдістер мен
ақпараттандыру құралдары пайдаланылады.
12. Ауруды флюорография әдісімен анықтау туберкулезбен ауыру қаупі
жоғары адамдардың арасында жүргізіледі.
13. Алғаш рет ауруға шалдыққан науқастардың туберкулезінің асқынған
түріне мынадай клиникалық нысандар жатады:
1) жеделдеу және созылмалы диссеминирлік туберкулез;
2) асқынған туберкулезді менингит;
3) казеозды пневмония;
4) фиброзды-кавернозды туберкулез;
5) асқынған өкпеден тыс туберкулез;
6) 0-15 жас аралығындағы балалардың өкпедегі деструктивтік өзгерістері
мен бактерия бөлудің болуы.
14. Туберкулездің кеш анықталған жағдайларына санитариялық-
эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары, ТҚҰ және БМСК
мекемелері бірлесіп отырып клиникалық талдау жасап, міндетті түрде
талдау Хаттамасын жүргізіп, іс-шаралар жоспарын құрастырады.
15. ТБ 01 науқастың амбулаториялық картасында және тиісті медициналық
құжаттарда мекенжайы бойынша бақыланатын амбулаториялық ем жүргізу
тәртібі нақты көрсетіледі.
16. БМСК ұйымында туберкулезді күдік тудырған науқастарды тіркеу Журналы
(ТБ 15) және туберкулезді шалдыққан науқастардың медициналық картасы
(ТБ 01) жүргізіледі.
17. БМСК ұйымында туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің (бұдан әрі
– ТҚД) бір айлық қоры болуы тиіс. Науқастарды амбулаториялық бақылау
емдеуге қажетті дәрілер ТҚД тіркеу журналында (ТБ 12) есепке алынып,
тіркеледі. Дәрілердің кіріс-шығысы туралы есеп ТҚҰ ай сайын
тапсырылады.
18. БМСК ұйымында ТҚД-мен туберкулезден басқа ауруларды емдеуге тыйым
салынады.

3. Туберкулез үрдісін орнықтыруға сәйкес тіркеу жүргізу
19. Орнығу орнына сәйкес туберкулезді мынадай түрлері бойынша ажыратады:
1) өкпе туберкулезі – патологиялық үрдіспен өкпе паренхимасы
зақымданған жағдайда;
2) өкпеден тыс туберкулез – барлық басқа ағзалар мен тіндердің
туберкулезі ( плевраның, лимфа түйіндерінің, іш қуысының, несеп-жыныс
жүйесінің, буындар мен сүйектердің, бас миы және жұлын қабықшаларының
туберкулезі);
20. Науқаста өкпелік және өкпеден тыс туберкулез бірдей кездескен
жағдайда ол өкпе туберкулезі бар науқас болып есептеледі. Милиарлы
туберкулез өкпелікке жатады, себебі өкпеде патологиялық өзгерістер
анықталады.
21. Өкпеден тыс туберкулез диагнозы бактериология, цитоморфологиялық
зерттеулерге негізделіп анықталады, немесе белсенді өкпеден тыс
туберкулезге нұсқайтын клиникалық-рентгенологиялық мәліметтерге
негізделеді. Бірнеше ағзасы зақымдалған өкпеден тыс туберкулезі бар
науқас үрдістің шоғырлануының ауырлығына сәйкес тіркеледі.
22. Қақырық микроскопиясының нәтижесі оң (бактерия бөлуші) өкпе
туберкулезі науқаста мынадай жағдайларда анықталады:
1) ем тағайындалғанға дейінгі қақырық микроскопиясы кезінде кем
дегенде екі рет ТМБ анықталса;
2) қақырық микроскопиясы кезінде бір рет ТМБ анықталса және де
рентгенологиялық зерттеу барысында анықталған патологиялық
өзгерістер фтизиатр дәрігердің қорытындысы бойынша өкпенің
белсенді туберкулезіне тән болса.
23. Қақырық микроскопиясының нәтижесі теріс өкпе туберкулезі қақырық
микроскопиясының нәтижесі оң өкпе туберкулезінің анықтамасына сәйкес
келмейтін науқасқа қойылады.
24. Қақырық микроскопиясының нәтижесі теріс болған науқаста егу
әдісінің нәтижесі оң болса, ол науқаста белсенді туберкулездің
болуын дәлелдеп, диагнозды растайды.
25. Қақырық микроскопиясының нәтижесі теріс өкпе туберкулезін анықтау
өлшемдері:
1) қақырық жағындысын ТМБ микроскопия әдісімен зерттегенде кем
дегенде 3 нәтиже теріс болу;
2) өкпедегі рентген әдісімен анықталған өзгерістер белсенді
туберкулезге тән болу;
3) ОДКК туберкулезге қарсы емнің толық курсын жүргізуге шешім
қабылдауы.

4. Туберкулезді науқастардың түрлері бойынша тіркеу

26. Туберкулезге шалдыққан науқастар 4 санат бойынша тіркеуге алынады:
1) I (бірінші) санат - өкпе туберкулезіне алғаш рет шалдыққан
бактерия бөлуші науқастар және өкпеден тыс туберкулезбен алғаш
рет ауырған науқастар; сонымен қатар өкпе туберкулезіне алғаш
рет шалдыққан 1 сегменттен аса зақымдануы бар бактерия бөлмейтін
науқастар; туберкулездіа алғаш рет шалдыққан өкпелік және
өкпеден тыс туберкулездің асқынған және жанасқан түрлерi бар
бактерия бөлмейтін науқастар.
2) II (екінші) санат - туберкулез ауруы қайталанған, емi сәтсiз
аяқталған, үзiлiстен кейiн емін жалғастырушы науқастар және
басқалар.
3) III (үшінші) санат – алғаш рет ауырған бактерия шығармайтын
шектелген (1 сегменттің көлемінде) асқынбаған өкпе туберкулезі
және өкпеден тыс туберкулез түрлеріне шалдыққан науқастар.
4) IV (төртінші) санат – зертханалық дәлелденген көптеген дәрілерге
төзімді (бұдан әрі – КДТ ТБ) және кең көлемді дәріге төзімді
туберкулезі бар (бұдан әрі – ККДТ ТБ), I, II, III және IV санат
кестелері бойынша ем нәтижесі сәтсіз ем болған
полирезистенттік (бұдан әрі – ПР ТБ) туберкулезі бар науқастар.
27. Туберкулезді шалдыққан науқастардың мынадай типтерін ажыратады:
1) аурудың жаңа жағдайы - бұрын ешқашан ТҚД қабылдамаған немесе
оларды 1 айдан кем уақыт қабылдаған науқас;
2) қайталап ауру – бұрын бірінші қатардағы ТҚД емнің толық
курсын қабылдап, сауықты немесе ем аяқталды деген ем
нәтижесі болған науқаста кейіннен бактерия бөлу байқалса;
3) сәтсіз ем – алғашқы ем курсы сәтсіз болуына байланысты
туберкулезге қарсы ем курсы қайта тағайындалған науқас;
4) үзілістен кейінгі ем – емін 2 ай және одан да астам уақытқа
үзгеннен кейін қайта бастаған, қақырық микроскопиясының
нәтижесі оң науқас;
5) ауыстырылды – басқа емдеу мекемесінде туберкулезге шалдыққан
науқас деп тіркелген, ем тағайындау не жалғастыру үшін осы
мекемеге ауысып келген науқас. Ем курсы аяқталғаннан кейін
осы науқастың ем нәтижесі туралы ақпарат ол алғаш рет
тіркелген ТҚКҰ жіберіледі;
6) басқалар – жоғарыда аталған анықтамаларға сәйкес келмейтін
барлық жағдайларды қамтиды. Бұл қайталанған бактерия бөлусіз
өкпе туберкулезі мен өкпеден тыс туберкулез жағдайлары.
Бұндай жағдайлар бірен-саран болуы тиіс және әрбір жағдайда
диагноз патоморфологиялық не бактериологиялық әдістермен
дәлелденуі керек.
7) Көптеген (КДК ТБ) және кең ауқымды дәріге көнбейтін (ДККТ
ТБ) туберкулезі бар науқастарды бақылау мақсатында IV санат
түрi бөлiніп көрсетiлген. Науқасты IV санатқа ауыстыру және
ем тәртібі туралы шешімді ОДКК қабылдайды.
28. IV санаттағы науқастарды тіркеу Көптеген дәрілерге және
дәрілерге кең көлемде төзімді туберкулезге шалдыққан науқастарды
туберкулезге қарсы күрес ұйымдарында қадағалау бойынша Нұсқауға
сәйкес жүргізіледі.

5. Туберкулезді емдеу

29. Туберкулезге шалдыққан науқастарды емдеу үзіліссіз екі кезеңде
жүргізіледі:
1) бірінші кезең – емнің қарқынды кезеңі негізінен стационарда
жүргізіледі, науқасты амбулаториялық емдеу мүмкіндігін
орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссия шешеді (бұдан
әрі – ОДКК);
2) екінші кезең – емнің жалғастыру кезеңі негізінен амбулаториялық
немесе шипажайда жүргізіледі. Емнің жалғастыру кезеңін стационарда
өткізу мүмкіндігін ОДКК шешеді (негізінен бұл – әлеуметтік жағдайы
қолайсыз, тұрмыстық жағдайы нашар науқастар).
30. Туберкулезді шалдыққан науқастарды емдеу медицина қызметкерінің
тікелей бақылауымен жүргізіледі (тағайындалған дәрілердің
барлығын бақылау түрде қабылдау). Емді бастамас бұрын науқаспен
тағайындалған ТҚД міндетті түрде қабылдау қажеттілігі туралы
сұхбат жүргізіліп, науқастың ақпарат алғаннан кейінгі ем
қабылдауға берген келісіміне қол қойылады (ТБ 14).
31. Туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу осы Нұсқаулықтың 36-38-
тармақтарына көрсетілген санаттарға сәйкес жүргізіледі.
32. I (бiрiншi) санатқа мынадай науқастар жатқызылуы тиіс: өкпе
туберкулезіне алғаш рет шалдыққан бактерия бөлуші науқастар және
өкпеден тыс туберкулезбен алғаш рет ауырған науқастар; сонымен
қатар өкпе туберкулезіне алғаш рет шалдыққан 1 сегменттен аса
зақымдануы бар бактерия бөлмейтін науқастар; туберкулезге алғаш
рет шалдыққан өкпелік және өкпеден тыс туберкулездің асқынған
және қосарланған түрлерi бар бактерия бөлмейтін науқастар.
33. II (екiншi) санатқа туберкулез ауруы қайталанған, емi сәтсiз
аяқталған, үзiлiстен кейiн емін жалғастырушы науқастар және
басқалар жатады.
34. III (үшiншi) санатқа алғаш рет ауырған бактерия шығармайтын
шектелген (1 сегменттің көлемінде) асқынбаған өкпе туберкулезі
және өкпеден тыс туберкулез түрлеріне шалдыққан науқастар
жатады.
35. Негізгі (бірінші) қатардағы ТҚД-дің түрлерi мен мөлшерлерi осы
Нұсқаудың 3-қосымшасында келтірілген.
36. I санаттағы науқастарды емдеу:
1) емнің қарқынды кезеңі туберкулез үрдiсiнiң ауырлығы мен жайылуына
сәйкес екi айдан төрт айға дейін жүргiзiледi. Емдi бастамас бұрын
туберкулез микобактерияларының ТҚД сезімталдығын (ДСТ) анықтау үшін
қақырықты егу әдісімен тексеру қажет;
2) ем науқастың салмағына сәйкес мөлшерде тағайындалған төрт дәрімен
жүргiзiледi: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол (Е)
немесе стрептомицин (S). Стрептомицин екi айдан артық қолданылмайды;
3) екi ай емдегеннен кейiн, ТМБ екi қайта зерттелген қақырық жағындысы
терiс нәтижелі болған жағдайда ғана науқасты емнің жалғастыру кезеңіне
ауыстыруға болады;
4) егер емнің екiншi айының соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi
болса, ДСТ-і қайталанып, емнің қарқынды кезеңі бiр айға созылады;
5) егер емнің үшiншi айының соңында қақырық жағындысы екi рет терiс
нәтижелі болса, науқас емнің жалғастыру кезеңіне ауыстырылады;
6) егер емнің үшiншi айының соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi
болып сақталса, емнің қарқынды кезеңі тағы бiр айға созылады;
7) емнің төртiншi айының соңында қақырық жағындысы екi рет терiс
нәтижелі болса, науқас емнің жалғастыру кезеңіне ауыстырылады;
8) егер емнің төртiншi айының соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi
болса немесе емнің жалғастыру кезеңінде бактерия бөлу пайда болса, науқасқа
сәтсiз ем деген нәтиже анықталады. ТМБ ТҚД сезiмталдығы сақталған
жағдайда, науқас қайта тiркелiп, оған II санат бойынша ем тағайындалады.
Полирезистенттiлік анықталған жағдайда науқас IV санатқа ауыстырылып, оған
екінші қатардағы ТҚД ем тағайындалады.
9) егер науқаста КДК ТБ анықталса, онда науқас I санат бойынша ем
тиімділігіне қарамастан, IV санатқа ауыстырылып, оған IV санатқа
ауыстырылды деген ем нәтижесі анықталады;
10) емнің жалғастыру кезеңі 4 ай бойы екi дәрі - изониазид (Н) және
рифампицинді (R) күнара (аптасына 3 рет) немесе күнделікті қабылдау
тәртібінде жүргізіледі;
11) ТБАИВ ко-жұқпасы бар науқастарға емнің жалғастыру кезеңі бес ай
бойы дәрілерді күнделікті қабылдау тәртібінде жүргізіледі;
12) аурудың ауыр жағдайларында емнің жалғастыру кезеңі дәрілерді күнде
немесе күнара қабылдау тәртібінде 7 айға дейін созылуы мүмкін.
37. II санаттағы науқастарды емдеу:
1) емнің қарқынды кезеңі туберкулез үрдiсiнiң ауырлығы мен
жайылуына сәйкес үш айдан бес айға дейін жүргiзiледi. Емдi
бастамас бұрын қақырықты егу әдісімен ДСТ жүргізу қажет;
2) алғашқы екi ай ішiнде ем науқастың салмақ мөлшерiне сәйкес
тағайындалған бес дәрімен жүргiзiледi: изониазид (Н),
рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол (Е), стрептомицин
(S). Кейiннен ем стрептомицинсiз, төрт дәрімен
жалғастырылады: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид
(Z) және этамбутол (Е);
3) үш ай емделгеннен кейiн, ТМБ екi қайта зерттелген қақырық
жағындысы терiс нәтижелі болған жағдайда ғана науқасты емнің
жалғастыру кезеңіне ауыстыруға болады;
4) егер үшінші айдың соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi
болса, ДСТ қайталанып, емнің қарқынды кезеңі тағы бiр айға
созылады;
5) егер төртiншi айдың соңында қақырық жағындысы екi рет теріс
нәтижелi болса, науқас емнің жалғастыру кезеңiне
ауыстырылады;
6) егер төртiншi айдың соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi
болса, емнің қарқынды кезеңi тағы бiр айға созылады;
7) бесiншi айдың соңында қақырық жағындысы екi рет теріс
нәтижелi болған жағдайда, науқас емнің жалғастыру кезеңіне
ауыстырылады;
8) егер бесiншi айдың аяғында қақырық жағындысы оң нәтижелi
болса, науқасқа сәтсiз ем деген ем нәтижесі анықталып, ол
IV санат бойынша тіркеледі;
9) қарқынды кезеңнің аяғына дейiн ДСТ нәтижесі бойынша КДК ТБ
анықталса, науқас II санат бойынша қабылдап жатқан емнiң
тиiмдiлiгiне қарамастан IV санатқа ауыстырылып, оған IV
санатқа ауыстырылды деген ем нәтижесі анықталады;
10) емнің жалғастыру кезеңі бес ай бойы күнара (аптасына 3 рет)
немесе күнде-күнде изониазид (Н), рифампицин (R) және
этамбутолды (Е) қабылдау арқылы жүргізіледі;
11) ТБАИВ ко-жұқпасы бар науқастарға емнің жалғастыру кезеңі
бес ай бойы дәрілерді күнделікті қабылдау тәртібінде
жүргізіледі.
38. III санаттағы науқастарды емдеу:
1) емнің қарқынды кезеңі екi ай бойы төрт дәрі: изионазид, рифампицин,
пиразинамид және этамбутолмен негізінен амбулаториялық, сирек жағдайда
стационарда жүргізіледі (балалар мен жасөспірімдерден басқа);
2) екi ай емдегеннен кейiн, ТМБ екi қайта зерттелген қақырық жағындысы
терiс нәтижелі болған жағдайда ғана науқасты емнің жалғастыру кезеңіне
ауыстыруға болады;
3) емнің қарқынды кезеңінің соңында немесе жалғастыру кезеңінде
науқаста бактерия бөлу анықталса, Сәтсiз ем деген ем
нәтижесі анықталып, науқас II санат бойынша ем алу үшін қайта
тіркеледі;
4) егер науқаста көптеген дәрілерге төзімділік дәлелденсе, III санат
бойынша ем тиімділігіне қарамастан, науқас IV санатқа ауыстырылып, оған IV
санатқа ауыстырылды деген ем нәтижесі анықталады;
5) III санат бойынша емнің жалғастыру кезеңі төрт ай бойы екi дәрі –
изониазид және рифампицинді күнара қабылдау арқылы жүргiзiледi;
6) ТБАИВ ко-жұқпасы бар науқастарға емнің жалғастыру кезеңі бес ай
бойы дәрілерді күнде-күнде қабылдау тәртібінде жүргізіледі.
39. Туберкулезбен алғаш рет ауырған науқастарда ем бастамас бұрын
жүргізілген ДСТ бойынша изониазид немесе рифампицинге
монорезистенттілік анықталған жағдайда емнің жалғастыру
кезеңінде косымша этамбутол тағайындалады.
40. I санат бойынша ем тағайындаған жағдайда 4-дәрі ретінде
этамбутолды қолданған жөн.
41. Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің ересектерге арналған
тәуліктік мөлшері осы Нұсқаудың 4-қосымшасына сәйкес анықталуы
тиіс.
42. ДСТ бойынша КДТ ТБ анықталған жағдайда науқасты IV санатқа
тіркеп, оған екінші қатардағы ТҚД тағайындау мәселесін шешу үшін
оның құжаттары 10 күн үшінде ОДКК ұсынылуы тиіс.
43. Туберкулезге шалдыққан АИВ жұққан не жұқпаған науқастарды қарап-
тексеру (анықтау, емдеу және бақылау) мен туберкулезге қарсы
емдеу тәртiбi бiрдей болуы керек.
44. Балалар мен жасөспiрiмдерде туберкулезді емдеу кестелері
ересектерді емдеу кестелерімен бірдей болады.
45. Балалардағы өкпе және кеуде ішілік лимфа түйіндерінің
туберкулезінің жайылған және асқынған түрлерін емдеудегі (I және
II санат) емнің қарқынды кезеңі ауруханада өткiзілуі қажет және
де емнің ұзақтылығын ОДКК стандартты кестелерге сәйкес шешедi.
Емнің жалғастыру кезеңі стационарда, шипажайда немесе
амбулаториялық жағдайда жүргізіледі.
46. Балалардағы туберкулезді емдеу үшін қолданылатын ТҚД тәулiктiк
мөлшерi осы Нұсқаудың 5-қосымшасына сәйкес анықталады.
47. Туберкулездiң бактерия бөлусіз түрiне шалдыққан балаларды емнің
жалғастыру кезеңіне ауыстыру үрдістің рентгендiк-томографиялық
өзгеруіне негiзделеді.
48. Туберкулезге қарсы ем үзiлген жағдайда осы Нұсқаудың 6-
қосымшасында келтірілген шараларды қолдану керек.
49. Патогенетикалық ем химиотерапияның негізгі курсының фонында
туберкулез үрдісінің фазасын, жеке көрсеткіштер мен қарсы
көрсеткіштерді қатаң ескере отырып жүргiзiлуi тиіс.
50. Туберкулезбен ауыратын науқастарға хирургиялық ем
фтизиохирургтың кеңесiнен кейiн қажеттілікке сәйкес жүргiзiледi.
51. Туберкулездіа шалдыққан науқастардың ем нәтижесі:
1) жазылды - емнiң соңындағы және кем дегенде оның алдындағы бір
зерттеу кезiнде қақырық микроскопиясы терiс нәтижелі болса;
2) ем аяқталды - науқас туберкулезге қарсы тағайындалған дәрілердің
бәрiн белгіленген мерзім ішінде қабылдады, бірақ жазылды немесе
сәтсiз ем нәтижелерінің өлшемдеріне сәйкес келмейді;
3) сәтсiз ем - егер науқаста:
емнің 5-ші айында және одан кейiн қақырық микроскопиясы оң нәтижелi
болып сақталса;
ем алдындағы теріс нәтижелі қақырық микроскопиясы, емнің қарқынды
кезеңінің соңында оң нәтижелі болса;
4) қайтыс болды – науқас ем алу барысында кез-келген себептен қайтыс
болса ;
5) ем тәртiбiн бұзды – науқас емін 2 ай және одан да ұзақ мерзімге
үзсе;
6) ауыстырылды – науқас ТҚҰ бақылауынан басқа ТҚҰ бақылауына ауысып,
емiнiң нәтижесі белгiсiз болса;
7) IV санатқа ауыстырылды – КДК ТБ бар науқас, ем нәтижесі сәтсiз ем
болған полирезистентiлiгі бар науқас, клиникалық резистенттілігі бар
науқас.
52. Өкпеден тыс туберкулезі бар науқастар мен бактерия бөлусіз өкпе
туберкулезi бар балаларда сәтсiз ем нәтижесі клиникалық-
рентгенологиялық зерттеулердің қорытындысына негізделеді.
53. Емнiң тиімділігі тіркелген жазылды және ем аяқталды деген
нәтижелері бар науқастар санының жиынтығымен анықталады.
54. ТБ 03 тiркеу журналына тiркелген әрбір науқастың ем нәтижесi
мерзіміне сәйкес анықталуы керек.
55. Туберкулез бойынша тiркеу-есеп беру құжаттары осы Нұсқаудың 7-
қосымшасына сәйкес толтырылуы керек.

6. Туберкулезбен ауыратын науқастарды стационарлық емдеу
56. Стационарлық (аудандық, ауданаралық, облыстық және
республикалық) емдеуге туберкулезбен ауыратын науқастарды
емдеуге жатқызу деңгейін ТҚҰ жұмыс істейтін құрылымына сәйкес
аумақтық денсаулық сақтау басқармалары эпидемиологиялық статусын
есепке ала отырып, инфекциялық бақылау шараларын сақтау арқылы
былайша белгілейді:
1) бактерия шығармайтын туберкулезбен ауыратын науқастарды;
2) бактерия шығаратын және ТҚП-ға сезімталдығы сақталған туберкулезбен
ауыратын науқастар;
3) ТҚП қабылдайтын КДК ТБ және КАДК ТБ бар науқастарды;
4) ауру белгілері бойынша ем қабылдайтын КДК ТБ және КАДК ТБ бар
науқастар;
5) мәжбүрлеп емдеудегі туберкулезбен ауыратын науқастар.
57. Бактерия шығаратын туберкулездің шектелген, асқынбаған түрлері,
сондай-ақ бактерия шығармайтын жәненемесе ауыр қосалқы
патологиясы бар туберкулездің таралған және асқынған түрлері
науқастарды аудандық деңгейде емдеуге жатқызу үшін басымдылық
болып табылады.
58. Бактерия шығаратын және бактерия шығармайтын туберкулездің
асқынған, таралған түрлері, сондай-ақ КДК ТБ және КАДК ТБ
науқастар облыстық және республикалық деңгейлерде емдеуге
жатқызу үшін басымдылық болып табылады.
59. Ауданаралық ТҚҰ-да (мұндай болса) емдеуге жатқызу патологияның
негізгі бейініне сәйкес жүргізіледі.
60. Туберкулезбен ауыратын науқастар, оның ішінде қосалқы
патологиясы бар (АИТВ инфекциясы, наркологиялық бұзылулары бар
және басқа) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған
науқастар ТҚҰ стационарларына емдеуге жатқызылады және
медициналық ұйымдардың бейінді мамандарының консультацияларымен
және бақылауымен қамтамасыз етіледі.

7. Диспансерлiк есепке алуды ұйымдастыру
61. Диспансерлiк есеп және бақылау төмендегi топтар бойынша
жүргізілед:
1) нөлдiк топ (0) – туберкулездіың белсенді күмәндi адамдардың;
2) бiрiншi топ (I) – белсенді туберкулезі бар науқастар;
3) екiншi топ (II) – туберкулездіың белседілігі жоқ адамдардың;
4) үшiншi топ (III) – туберкулезбен ауыру қаупi жоғары адамдардың;
62. 0 топта төмендегілер бақыланады:
1) БМСК жүйесі ұйымында жүргiзiлген стандартты диагностикалық
алгоритмнен кейiн өкпедегі немесе басқа ағзалардағы туберкулездің
белсенділігін жоққа шығару және анықтау мүмкiн болмаған
туберкулезге күмән туғызатын адамдардың. Бұл алғаш рет немесе
қайталап ауырған, туберкулездің белсенділігі күмәндi және ТҚҰ–да
диспансерлiк есепке алынбаған адамдардың болуы мүмкін;
2) туберкулинге сезiмталдық сипаттамасын нақтылап, ажырату
диагностикасын жүргізуді қажет ететiн, ТҚҰ-да диспансерлiк есепке
алынбаған балалар.
63. 0 тобында бақыланатын адамдардыңға зертханалық, клиникалық,
рентгенологиялық, аспаптармен қарап тексеру, туберкулинмен
диагноз қою және басқа да зерттеу әдістері жүргiзiледi. Өкпеден
тыс туберкулез түрлерi бар науқастарда туберкулездің
белсенділiгi басқа да клиникалық- зертханалық зерттеулермен
дәлелденеді.
64. 0 тобында бақыланатын адамдардыңға ТҚД қолдануға болмайды.
Бақылау мерзiмi – 4 айға дейін. Науқаста туберкулездiң белсенді
түрi анықталса, ол I топқа ауыстырылады. Туберкулиндi
сынамасының жұқпалы себепті оң нәтижесі анықталса, бала III Б
тобына ауыстырылады.
65. I топта кез келген ағзада шоғырланған белсендi туберкулезі бар
бактерия бөлетiн не бөлмейтiн барлық науқастар бақыланады:
1) I A - туберкулезге алғаш рет шалдыққандар (I және III санатлар);
2) I Б - туберкулездің қайталанған жағдайлары (II санат);
3) I В - бірінші, екінші не үшінші қатардағы туберкулезге қарсы
қолданылатын дәрілермен ем қабылдаушы туберкулездің дәрiге төзімді
жағдайлары (IV санат);
4) I Г – емнің тиімсіз болуына немесе науқастардың дәрілерді қабылдай
алмауына байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Туберкулезді диагностикалау және емдеу
Құрсақішілік туберкулез инфекциясы
Туберкулезге қарсы ұйымдарда көптеген және кең ауқымды дәріге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастарды режіммен тексеру жөніндегі нұсқаулық
Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы істер бойынша істер жүргізу
Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтері
Туберкулезбен ауыратын пациенттерге көрсетілетін мейіргерлік күтім ерекшеліктері
Алғашқы туберкулез кешені: анықтамасы, сатылары, рентгенологиялық сипаттамасы. Клиника. Диагностика. Асқынулар
Аумақтық орталықтардың функциялары
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Пәндер